Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Оқушылардың спорттық шеберліктерін арттырудағы қозғалмалы ойындар" шығармашылық есеп

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы білім беретін мектептердің дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне өзімнің іс-тәжірибеммен бөлісу
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мен еш уақытта өз оқушыларыма

еш нәрсе үйретпеймін –

тек қана олардың оқуы

үшін жағдай жаратамын»


Альберт Эйнштейн



«Оқушылардың спорттық шеберліктерін арттырудағы қозғалмалы ойындар» тақырыбы бойынша дене шынықтыру пәні мұғалімі Баймуканов Азамат Танатовичтің шығармашылық есебі

Менің еңбек өтілімім 30 жыл. Ұстаздық жолымның бірінші сәтінен мен, дене шынықтыру сабағы басқа пәндермен қатар оқушынының пәнге деген қызығушылығын арттыруда , қозғалыс элементтерін үйретуде, спорттық ойындарға еліктетуде жеке жұмыс жасауды талап ететін пән екенін түсіне білдім. Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың бейімділігін анықтап, қалыптастыру мақсатында  оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің  қазіргі заманға сай педагогикалық технологиялар мен әдіс-тәсілдерді  зерттеп, кәсіби әрекетінде қолдандым. Бүгінде,Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Сондықтан мектепте жүргізілетін қозғалыс ойындары жиі қолданылған кезде, оқушының сабаққа деген қызығушылығын тудырып, барлық ағзасына әсер етеді. Сабақ кезінде жаңа тақырыпты терең меңгеруге де ықпалын тигізеді. Дене шынықтыру сабақтарында бекітілген бағдарламаға сәйкес және оқушылардың жас мөлшерін ескере отырып қозғалыс ойындарын, спорттық ойындардың элементін, кіші спорттық инвентарды қолдана отырып, жаттығуларды орындауға болады. Қозғалыс ойындары негізінде оқушылардың төмендегідей дене қасиеттері дамиды.

  • Иілгіштік.  «Иілгіштік» ұғымы тірек - қимыл аппаратының морфоқызметтік қасиеттерін бейнелейді, ол оның топтарының қозғалғыштық деңгейін анықтайды.

  • Күш. Оқушының сыртқы қарсылықтарға қарсы тұру әрекеті-күш деп аталады. Ойын әрекетінде осы дене сапалары қозғалыс ойынының дұрыс әдістеріне лайық белгілі бірқимыл дағдысы шеңберінде, қимыл шапшандығымен үйлестіріліп көрінеді.

  • Шапшаңдық. (жылдамдық қабілеті) Шапшандық дене сапасы ретінде оқушының қимылды өте аз уақыт аралығында орындау қабілеті болып табылады. Шапшаңдыкты көрсетудің қарапайым және кешенді түрлерін бөліп қарастыруға болады. Қарапайым түріне мыналар жатады: жай және күрделі реакциялар уақыты, жеке қимыл мен қимыл жиілігі уақыты. Оқушының жай реакциясы - бұл алдын ала белгілі, бірақ күтпеген белгіге белгіленген қимылмен жауап беру (мысалы, жүгірудегі сөре тартысты допты ойнатқандағы секіру)

  • Төзімділік. Оқушы ағзасының дене жаттығулары ұзақ уақыт орындай алу және шаршауға қарсы әрекет жасай алу қабілеті. Төзімділікті дамытуда екі жолды мақсаттайды. Олар: жалпы және арнайы. Жалпы төзімділік белгілі бір дәрежеде оқушы ағзасының жұмыс істеу қабілетін арттыра отырып, арнайы дайындық, оның ішінде арнайы төзімділіктің негізін құрайды. Арнайы төзімділік үйірмеде оқушылардың барлық мүшелері мен жүйелерінің дайындығымен анықталады. Және ол ұзаққа созылатын ойын әрекеттерінде тәсілдік-тактикалық амалдарды тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етеді.

Сондай-ақ білім беру мазмұнын жаңарту аясында ,оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалауда  дене шынықтыру сабақтарында  құзыреттілікке бағытталған  тапсырмаларды  құрастырып, енгізе бастауым сабақта барлық сыныппен және де жеке жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Сабақтарда жеке, жұптық топтық жұмыстар арқылы белсенді тәсілдер қолданылады. Жеке жұмыс әр баланың дамуына максимальды мүмкіндік береді. Әр оқушы үшін табыс критериилерін негіздеу, мадақтау, қолдау арқылы қателерін тауып, түзете отырып , баланың спорт ойындарына деген көзқарасын оңтайлы қалыптастыру, жақсы спорттық нәтижеге қол жеткізу мүмкіндігіне бағыттау арқылы мұғалім оқушыға сабақтардың қажеттілігін түсіндіре алады. Сол себепті сабақта және сабақтан тыс спортпен шұғылдана отыра әр оқушы салауатты өмір салтын сақтау, бос уақытын тиімді пайдалану, денсаулығын нығайту негіздерін ұғады. Мақсатым оқыту мен тәрбиелеуде оқушылардың спорттық щеберліктерін қозғалмалы ойындар барысында жеке жұмыс жасай отыра арттыру. Міндеттерім: оқушылардың денсаулықтарын нығайту; әр оқушы үшін мақсимальды даму мүмкіндіктерін дамыту; дене шынықтыру сабақтары , спортпен жаппай қатысуға еліктету;

Негізгі идеям оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отыра, жан-жақты спортпен айналысуға мүмкіндік жасау, сабақта және сабақтан тыс жеке жұмыс жасау барысында аудандық, облыстық іс-шараларда қатысып, физикалық дайындық деңгейлерінің нәтижесін көтеру.

«Мемлекет басшысы халыққа жолдауларында кезекті рет салауатты өмір салтын ұстанудың қажеттігі мен маңыздылын атап өтті. Денсаулығы мықты ұлт қана 21 ғасырда бәсекеге қабілетті бола алады» ,«Еліміздің әрбір азаматының денсаулығы – бұл республикамыздың жетістігі» деген. Сондай- ақ «Қазақстан-2030» бағдарламасында Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатына баса назар аударылып, ерекше аталып өтілгені біздің азаматтарымыздың ертеңі бүгіннен басталатынын көрсетсе керек. Салауатты өмір салты негіздері, жеке тұлғаның әлеуметтік рухани құндылықтар санасы мектепте оқу кезінде қалыптаса бастайды. Мектеп қабырғасында әр оқушыға жоғары жетістіктерге жетуге жол ашу, жақсы қойылған, жоспарланған жұмыс нәтижесінде деп айтар едім. Мен үшін оқушымен жұмыс ол ең алдымен: - оқушы тұлғасын зерттеу; -барлық оқушылардың физикалық дамуына жағдай жасау; - әр оқушының қабілетіне сай спорт түрін таңдау; - дайындық деңгейіне сәйкес әдістемелік тұрғыдан сабақтарды әзірлеу; Бүгінгі таңда мектебімізде спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған: спортзал, тренажер залы, спорт алаңы, қысқы уақытта мұзайдын. Бұның бәрі дене шынықтыру сабақтарын, спорттық секцияларды түрлендіріп өткізуге, дайындық жаттығуларын шығармашылықпен қарастыруға, жеке жұмысты әр оқушының қажеттілігіне сай ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Дене тәрбиесін медицинадан бөлек қарау мүмкін емес, сондықтан мен әр оқушының медициналық карточкасын, жеке қабілеттерін, дәрігерлердің ұсынысын мұқият зерттей отыра дайындық жаттығуларының жүктемесін әзірлеймін. Босатылған, уақытша босатылған оқушыларға көңіл бөлемін. Жүктемелерді дұрыс бөлу -оқушылармен жүргізілетін жеке жұмыс, саралап оқытуда балаларға тапсырмаларды қиындығымен және көлемі жағынан деңгейлеп әзірлеу болып келеді. Кей жағдайда оқушылар өздері тапсырмаларды өз қажеттіліктерімен, дайындық деңгейлеріне, мүмкіндіктеріне сай таңдайды. Әр оқушыны өз мүмкіндігіне сай үйретуге тырысамын. Бұл оқу процесін тиімді етеді. Оқушылардың дайындығын бағалауда негізге жоғарғы көрсеткішті ескере отыра, олардың өсу динамикасына аса көңіл бөлу қажет деп білемін. Жеке жетістіктердің маңыздылығын атап өтемін. Өз іс-тәжірбиемнің нәтижесін бірнеше жылғы мониторингтен байқауға болады. Менің оқушыларым дене шынықтыру, спорттық іс-шараларға белсене қатыса отыра көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Облыстық «Ақбозат-2017» шахмат турнирінен мектеп командасы 1-орын, «Тоғызқұмалақ» , «Бестас» қыздар командасы аудан бойынша 1-орын.









О блыстық «Мен -жеңімпаз» спорттық ойынынан аудан бойынша 1-орын, облыста қатысушылар.









« Баскетбол» ойынынан ұлдар командасы аудан бойынша чемпион атанды.

« Волейбол» спорттық ойынынан қыздар командасы аймақтық ойында жеңімпаз атанды.







« Футбол» спорттық ойынынан аудандық Кубок «Колоса» жарысында мектептің ұлдар командасы 1-орын иеленді.











Мектеп оқушылары аудан құрама командасына кіріп, облыс көлемінде ұйымдастырылған жарыстардың қатысушылары. Оқушылардың спорттық ойындарға қызығушылығын арттыру мақсатында жылда мектеп бойынша турияда ұйымдастырылады.

Бұның бәрі тынымсыз еңбектің, әр оқушының қажеттілігін, қызығушылығын ескерудің, мүмкіндіктерді толыққанды пайдаланудың нәтижесі деп білемін. Қорыта келгенде, қозғалмалы ойындар барысында әр баламен жүргізілген жеке жұмыс, оқушы тұлғасының жан-жақты дамуына, өзіндік ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал жеке жұмыс жоғары нәтижеге қол жеткізуге, әр баланың табысына, жетістіктеріне негізделіп ұйымдастырылса , онда сөзсіз баланың спорттық шеберліктерінің артуы болады. Әр балада қабілет бар, мұғалім тек соны анықтап, әрі дамыта білуі тиіс. Егер оқушымен жеке жұмыс істей отыра мұғалім, оқушымен сенімді қарым-қатынас құрып, қиыншылықтарды жеңу жолдарын іздеуде , жеке мүмкіндігімен қабілетін ескеретіп, баланың жан дүниесіне үңіліп, ішкі сырын, ойын, өмірге көзқарасын байқап, оқушыларды биіктен корсету жолында аянбай тер төгетін болса, міндетті түрде жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізеді деп білемін . Қозғалмалы ойындар дене тәрбиесі және спорт тәрбиесін компонентті түрде қолдану арқылы оқушылардың денсаулығын нығайтуға, қызықты демалысына, күнделікті түрде дене тәрбиесімен шұғылдануына әсер етеді дей отыра, осы тақырып бойынша әдістемелік құрал әзірледім.






Мектеп директоры м.а А.Б.Бекмурзенова







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.10.2020
575
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12