Оқушының музыкалық қабілетін жетілдіру жолдары.
Адамзаттың рухани байлығын жетілдіру проблемасы музыка педагогының ең бірінші кезекте тұратын ісі.
Ақын әрі педагог М.Жұмабаевтың айтуы бойынша «Адамды рухани азықтандырмайынша, оның жан дүниесін байыту,дамыту мүмкін емес». Жалпы ортаның жағдайы әрбір адамның өмірге деген көзқарасымен рухани бағамынан тұрады.
Бұдан үлкен тәрбие арқылы берілген білімнің ұтымдылығын ұғамыз. Оқушыларға жоғары тәрбие беру жолында білімді және эстетикалық талғамының жоғары болуы да мектеп пен қосымша білім беру ұйымдарының атқарар рөлі ерекше.
Музыка мен көркемдеу мектептерінің табалдырығын аттаушылардың алғашқы шығармашылық деңгейі мен рухани қызығушылығының дамуы, музыкалық қабілетінің қалыптасу жолдарының көбі осы Оқушылар сарайынан бастама алады
В.С.Сухомлинский музыканы үйрету жолын қарастыра отырып мынадай тоқтамға келген «Бала қайырымды болуға, бала кезінен тәрбиеленбесе, онда оны ешқашан тәрбиелі ете алмайсың», ал музыка бізге «жан дүниемізді дұрыс қалыптастыру үшін қажет» .
Әр заманның ыңғайына қарай жазылған әртүрлі музыканы ести келе, дыбыс әлемі-бұл «өткеннің тарихы» жалпы адамзат тарихы, біздің есту, ойлау, эмоциямыз арқылы бейнеленетін «сурет әлемі», оны көркемдеп қимыл қозғалыспен көрсете білуіміз «әртістік әлемі» болып саналады. Бізге дейінгі бұрын айтылып кеткен тарихтың жаңғырығын терең түсініп, әдемі бояумен кейіпін тануға көмектесетін – ол тек қана музыка.
Оқушылардың музыканы үйренуге деген ынтасын, сүйіспеншілігін тәрбиелеу бірлесе ұжымдық аспаптарда ойнау, ән айта білу олардың музыканы түсінуі мен қабылдау қабілетін (есте ақтау,есту, ырғақты езіну т.б) қалыптатырумен бірге, ортақ жеңіске қуана білу, эстетикалық талғам- сезімдерін дамытуға тәрбиелейді.
Ән салудың бағытын жүйелі дамыту үшін оқушы дауысының бапталуын, дыбыс аппаратының дұрыс дамуын, музыкалық аспапты меңгеруін,оның шеберліктерін игеруін, педагогикалық, пихологиялық тұрғыда дайындығын, әдістемелік шеберлік пен жаңа технологияларды енгізу қажет
Оы тұста жұмыс барысына кедергі келтіретін мәселелерді ескере кетсек.
-
Жеткіншектің ағзасының толық жетілмеуі, сабақта бір орнынан қозғалыссыз отыруынан және мұғалімнің сабақты бір сарынды түіндіруінен оқушының тез шаршауы.
-
Нақты бағытты сезіне алмау, шығарманы тани білу, түсіну, қабылдау қабілеті, ойлау қасиеттерінің нашар болуы.
-
Өз бетінше жұмысты меңгере алмау, әр нәрсеге алаңдаушылық, ой-өрісінің таяздығы, ерік- жігерінің босаңдығы, ынтаның басқа обьектіге ауысу жолы ұдайы белсенділікті қажет етеді.
-
Белгілі бейнені елетете білу, оны дамыту, нақтылығын білуде мұғалім музыкалық дыбыстарды дұрыс қалыптастыруға ұмтылуы қажет.
Төменгі сынып оқушылары өте ұғымтал болып келеді әрі музыкаға деген қызығушылығы тез дамып жетіледі. Сондықтан оқушылардың эмоциялық әсерін, музыканы есту, қабылдау қабілетін, лад пен ырғақты сезіну, есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін дамыту қажет. Ән салу кезінде, нотаны таза айтуды үйрену үшін алдымен естіген дыбысты есте мұқият сақтау, қабылдау, сонан соң дыбысты анық, ашық түрде жеткізіп,оны дәл елестете сезіне білу керек.
10-12 жаста жас жеткіншекте тез өсу өзгерістері басталуының салдарынан ағза тез шаршап, мінез құлық өзгереді. Бұл тұрғыда бала үлкендерге еліктеп өзімен санасса,оны байқаса дейді.
Дауыс жетілдірудің әдістері мынадай жағдайларды қамтиды.
-
Балалардың жас ерекшеліктеріне қарай дауыстарына үнемі бағыт беріп отыру
-
Әнді айтарда қысылмай, еркін айту, онымен бірге ән салу өнерінің ережелерін қатаң сақтау
-
Тыныс алу мен оны біртіндеп сыртқа шығару
-
Көмекейдің тұрақты қалпы
-
Дауысты дыбыстың дұрыс пайда болуы, дауысыз дыбысты анық,қысқы айту
-
Музыкалық шығармаларды терең түсініп, өз мәнерінде айту
-
Сабақ барысында дауыстың үйлесімді болуына бағыттау, ал ортасында бірыңғай немесе жеке көркемдік нәтиже болуы қажет.
-
Оқушының жас ерекшеліктеріне қарай музыкалық шығармаларды таңдай білу.
Жеке қадағалау формалары.
-
Фониатрлық бақылау
-
Ән айтуын жеке тексеру
-
Ән шығармаларын немесе музыкалық материалды күйтабақтан тыңдау.
-
Әрбір топпен қосымша сабақтар өту т.б
Олболсун Нурлыбаева
МҚКК «Оқушы» орталығы «Ән салу»
үйірмесінің қосымша білім педагогы
Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы
2016 жыл
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз