Материалдар / Оқушының сапалы білім алуына сергіту сәттерінің әсері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқушының сапалы білім алуына сергіту сәттерінің әсері.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сергіту сәті- оқушылардың дене бітімін, ой өрісін, миын тынықтыру, мүсінін қалыптастыру, сымбаттау, шаршағандықты басу т.б, экологиялық адам ағзасына жайсыз әсерінің алу құралы ретінде әр түрлі физиологиялық жаттығулар және ол әсерлердің зардаптарын болдырмау, жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімдеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қараша 2021
337
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мырзабекова Гульхат Камилжановна- орыс тілі пәні мұғалімі

Оқушының сапалы білім алуына сергіту сәттерінің әсері.



Мектеп оқушыларына заман талабына сай білім беру - әрбір педагогтың міндеті. Оқу бағдарламасы бойынша берілген білімді білімалушының бойына дұрыс сіңіру педагогтың шығармашылық қабілетіне байланысты.

Оқушының сапалы білім алуына дұрыс ұйымдастырылған сергіту сәттерінің де әсері мол. Сергіту сәті оқушылардың шаршағандығы байқалған, эмоциялық көңіл-күйлері төмендеген жағдайда олардың белсенділігін арттыру үшін қолданылады. Сергіту жаттығуларының алуан түрлі болуы оқушының көңіл- күйін көтеріп , іс - әрекетке белсенділігін арттырады.

Сергіту сәттеріің маңыздылығы.

Ұрпақ тәрбиесі адамзат баласының асыл мұрасы. Үшінші мыңжылдықта жастар қандай болу керек деген жанды сұрақ әрбір саналы адамды ойландыратыны сөзсіз. Оқушының өнегелі, тәрбиелі болуы алдымен отбасына байланысты болса, содан кейін оған ықпал жасайтын ортаға байланысты екені белгілі. Сергіту сәттері білімалушының жұмысқа қабілеттігін арттырып, шаршауды ысырады. Қимыл- қозғалыс арқылы оқығанын ойында тез жатталып, көпке дейін естерінде сақтайды.

Сергіту сәті- оқушылардың дене бітімін, ой өрісін, миын тынықтыру, мүсінін қалыптастыру, сымбаттау, шаршағандықты басу т.б, экологиялық адам ағзасына жайсыз әсерінің алу құралы ретінде әр түрлі физиологиялық жаттығулар және ол әсерлердің зардаптарын болдырмау, жаңа әлеуметтік жағдайларға бейімдеу.





Сергіту сәттерінің басты міндеттері:

  • Дене жаттығуларымен шұғылданудың мәдени-тарихи, физиологиялық негіздері туралы оқушылардың білімдерін қалыптастыру.

  • Саналы түрде қимыл- қозғалыстар орындауға, оларды дене мүшелеріне нақтылы ықпал ету жолдарына үйрету.

  • Таныс жаттығуларды күрделендіріп, жаңа жаттығуларды үйрету арқылы қимыл-қозғалыс тәжірибесін жинақтап, қимыл әрекетін дамыту.

  • Дене жаттығуларын орындау біліктілігін арттыру арқылы дене бітімін қалыптастырып, қимыл -қозғалыс мәдениетін, қабілетін жетілдіру.

  • Дене жаттығулармен өз беттерімен еркін шұғылдандыру жағдай жасап, ұйымдастырушылық біліктілігін қалыптстыру.

Сергіту сәті.

Қырау қатып жағаға, Shape1

Аяз беттен өбеді.

Бірі мініп шанаға,

Бірі шаңғы тебеді. /қатты тоңады/

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай ағаштар ,

Біп-биік боп өседі. /тербеледі, отырады, тұрады/

Жел улейді: у-у

Құйын келіп зулейді: зу-зу

Қатты- қатты жел соқты: гу-гу,

Жапырақтар қол соқты: ду-ду. /қолмен оңға, солға шапалақтау/

Таң атты, күн шықты,

Аспанды бұлт жапты.

Жел тұрды, жаңбыр жауды,

Найзағай сарт-сұрт етті

Біз бұға қалдық. /қолмен, саусақпен соғу, отыра

қалу/

Қар астында сығалап,

Күлімдейді жауқазын.

Қар шытса қабақ, бұға тап

Дірілдейді жауқазын. /жауқазын дірілдейді/

Жел соқты ағаштар теңселді,

Күн бұлттанып жаңбыр жуды.

Жаңбыр басылды күн ашылды. /қолмен күнді

көрсету/

Жеткілдеген желменен

Жерде егін тербелген

Өсірген диқандар,

Тамшылаған терменен. /қолмен көрсету/

Тербеледі ағаштар,

Жылы-жылы жел соқты.

Күлімдеген балалар,

Шуылдасып қол соқты. /қол соғу/

Қыста келіп қатты аяз

Екі бетті мұздатты.

Шаңғы теуіп бар бала,

Қыр үстінен заулатты.

/екі қолмен бетті уқалау, шаңғы тебу, таудан түсу/




Қоюланып тағы бұлт

Жаңбыр жауды себелеп?.

Жапырақты жамылып,

Бұға қалды көбелек. /Саусақты тарсылдату, бұға

қалу, көрсету/

Жаңбыр-жаңбыр себелесе,

Тырс-тырс етіп төбеме.

Найзағай, жарқылда,

Сырт-сырт етіп сыртылда. /саусақпен соғу, тарсылдату/

Таң атқанда күн шығып,

Гүл ашады қауызын.

Желмен бірге тербеліп,

Теңселеді ақырын. /гүл ашады, тербеледі, оңға, солға қозғалады/

Торғай, торғай, торғайсың,

Таяу келіп қонғайсың.

Жжем шашайын, тойып ал,

Сонда аязға тоңбайсың. /торғайдың бейнесін көрсету/

Тырна келді тыраулап,

Тіліп өтіп аспанды.

Қыздар көлде жүр ойнап,

Көктем айы басталды. /қимылмен көрсету/

Тас төбеден күн күлді,

Қошеметтеп оларды.

Қараторғай былтырғы,

Ұясына оралды. /қимылмен күн көрсету/

Бері келші, кең дала ,

Гүліңді мен терейін.

Жапырағыңмен жасыршы,

Құшағыңа енейін. /гүл теруді көрсету/

Аппақ болып таң атты,

Түтін тікке шығады.

Қарлығаштар қанатын,

Самғап биік ұшады./түтінді, құсты, желді көрсету/

Күміс қанат шағала,

Ұшып жүрсің жағада.

Қармағың жоқ, ауың жоқ,

Шабақ алдың бағана. /құс боп ұшу/

Отырайық, жүрелеп,

Гүлді үзіп алайық.

Орнымыздан түрегеп,

Басқа гүлге барайық /отыру, гүлді үзу, тұру/

Біз кшкентай балдырған,

Сескенбейміз жаңбырдан.

Төбемізге қол шатыр,

Алдымызда жол жатыр.

/ дөңгелеп тұру, қолды жоғары созу/

Бүгін ерте тұрайық,

Сауық сайран құрайық.

Зообаққа барайық

Тамашалап қайтайық. /қимылмен жаттығу/

Төбемнен қар жауады,

Боран бетке соғады.

Ойнап жүрген балалар,

Қызарып беті тоңады.

/қардың жаууы, алақанмен қимыл, тоңғанын

көрсету/

 Тұрмайды бұл құс бұл жақта,

Тұрады ол тек мұз жақта.

Тонуды сірә білмейді,

Талтаңдап мұзда билейді. /сол жақты көрсету, мұзда билеу/

Қолды созып алдыңа,

Қайшылашы беріліп.

Ұста мұны жадыңда,

Кеудең тұрсын керіліп. /қолды созып, қайшылау, керілу/

Бүйір таян сол қолмен,

Көтер қанат оң жақтан.

Қайталашы сол жолмен,

Иіліп тез, сол сақтан. /бүйір таяну, оңды, солды

иілу/

Алмастырып қолыңды,

Серме енді қаттырақ.

Қимылдатар жаныңды,

Қозға иықты, сақ бірақ. /иықты қозғау, қимылдау/

Тірей бүйір тағы да,

Қолың тұрсын оңаша.

Алды-артына жаныңа,

Керілші кең доғаша. /керілу, доға жасау/

Қозғалт қолды иықтан,

Әрі-бері сермелеп.

Жауырыныңа ұйып қан.

Қалмас үшін, терлеп кеп. /қолды артқа қою, алды-артқа айнал/

Шалқай артқа барынша,

Қос құлашты керіп кеп.

Қинағаны бармұнша

Деме, жаса, сергек тек./артқа шалқаю, қолды керу/

Тіп-тіке ғып бойыңды

Мықыныңнан ұсташы

Күтірлетіп мойныңды

Айналдыршы, қысқасы. /қолды мықынға қойып, мойныңды айналдыру/

Еңкей төмен тізеден,

Бостау ұстап беліңді.

Серпіл, қайта үзе дем,

Көтер қолды сенімді. /демалу, қол көтер/

Қимылдасаң дұрыстап,

Күш өседі еселеп.

Бойың жүрмей құрыстап,

Жуымайды кесел тек. /қимылмен көрсету/

Бірін тіреп біреуін,

Серпіп аяқ қиғаштап.

Бүйірдегі тіреуің,

«Ф» әрпі тұрған тап. /ф-әрпін көрсету/

Ішке тартып ауаны,

Деміңді алшы тереңнен.

Денсаулықтың жауабы,

Қайталасаң, сенем мен. /терең дем алу/

Күнде жасап жаттығу,

Қан жүгіртіп алалық.

Керек мұны қатты ұғу,

Жасап биік саналық. /қимылмен көрсету/

Тік ұстап денеңді, Сапқа тұр, сен, енді.

Жанға сен шынығу,

Жаттығып тынығу.

Сымбатты болу да,

Өзіңнің қолында. /сөзіне қарай қимыл/

Орманның біз елшісіміз,

Тоқ-тоқ-тоқ.

Құрт біткенді жоқ етеміз,

Жоқ-жоқ-жоқ.

Тоқ-тоқ-тоқ,

Жоқ-жоқ-жоқ. /тоқылдақша қимыл/

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салады,

Желге ырғалып шайқалған. /гүлше қимыл жасау/

Топ-топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса, жарқын күн,

Жаса-жаса, алтын күн. /күнді бейнелеу/

Жаңбыр неге жауасың?

Гүлді шайып сүртемін.

Қайдан сабын аласың?

Күннің нұрын бүркемін.

Суды неге шашасың?

Настың бетін жуамын.

Кірін қалай ашасың?

Суға малып тұрамын.

Бұлт қайда көшеді?

Жер іздейді шөлдеген.

Самал неге еседі?

Табысқаны елменен.

Ана от не жалт еткен?

Найзағайдың шақпағы.

Кім ұшқынын ап кеткен?

Бұлт қойнына сақтады.

Мекенің бе көк аспан?

Туған үйіне іргелі.

Қайтамысың, таң ассаң?

Күтсең келем, шын мені.

Кеше қайда түнедің?

Жатпай, тұрмай жүремін.

Тынып, талар қанатың?

Жерлерім көп баратын. /кезекпен айту/

Желкілдеген терекпіз,

Біз саямыз, керекпіз,

Өзен бойлап өсеміз.

Өзен біздің көшеміз.

Көшемізге қараймыз,

Кемелерді санаймыз. /екі қолды көтеру, ырғау, беске дейін санау/




Кейде өсеміз сайда біз,

Сайдың суы айнамыз.

Айналамызға қараймыз,

Шашымызды тараймыз.

/шашты тарау, жан-жаққа қарау/




Тыныстайық тереңнен,

Жүгірдің де қарғыдың.

Жардыңдар барлығың,

Шаршадыңдар, дегенмен,

Тыныстаңдар тереңнен.

Қане «У-п» деп айтайық,

Демді ішке тартайық.

Енді «У-п» деп айтайық,

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!