ӘОК 37.034
Молдажанова. А.Ж., педагогика жоғары мектебінің студенті
Ә. Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университеті, Павлодар қ.
«ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ АҚЫЛ ОЙЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ.»
Аннотация. Бұл жобада қазіргі бағдарлама бойынша қарастырылған мәселе, балаларға дидактикалық ойынның балалардың алған білімдері түсініктерін баянды етіп қана қоймайды, сонымен бірге өзінше бір белсенді танымдық іс-әрекет формасы болып табылады. Сондықтан оқу-тәрбие процесіне ойынды дұрыс кірістіріп, оның барлық тиімді мүмкіндіктерін пайдаланудың маңызы зор. Дидактикалық ойындардың көмегімен балалар өз бетінше ойлауға, алған білімдерін берілген тапсырмаға сәйкес әртүрлі жағдайда пайдалана білуге үйренеді. Мектеп жасына дейінгі бала ойын әрекетін қажет етеді, бұл ойынды тәрбиелік міндет ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Кілт сөздер: дидактикалық ойын, ақыл ой тәрбиесі, ғалымдар, психикалық даму, математика, адамгершілік тәрбиесі, дене тәрбиесі.
Аннотация. Проблема, рассматриваемая в данном проекте по действующей программе, заключается в том, что дидактическая игра для детей не только способствует пониманию полученных детьми знаний, но и сама по себе является формой активной познавательной деятельности. Поэтому очень важно правильно включать игру в образовательный процесс и использовать все ее эффективные возможности. С помощью дидактических игр дети учатся самостоятельно мыслить, использовать полученные знания в разных ситуациях согласно поставленной задаче. Ребенку дошкольного возраста необходима игровая деятельность, позволяющая использовать игру как учебную задачу.
Ключевые слова: дидактические игры, интеллектуальное воспитание, ученые, психическое развитие, математика, нравственное воспитание, физическое воспитание.
Annotation.The problem considered in this project according to the current program is that the didactic game for children not only informs the understanding of the knowledge acquired by children, but is also a form of active cognitive activity in its own right. Therefore, it is very important to properly include the game in the educational process and use all its effective features. With the help of didactic games, children learn to think independently, to use the acquired knowledge in different situations according to the given task. A child of preschool age needs play activity, which makes it possible to use the game as an educational task.
Keywords: didactic games, intellectual education, scientists, mental development, mathematics, moral education, physical education.
Кіріспе. Ғылыми мақаланың өзектілігі: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы еліміздегі жас ұрпаққа жан-жақты білім мен тәрбие беруде жетілдірудегі толғауы терең қайталанбас дүние. Елбасы Жолдауы өмірдің баға жетпес құндылығы балаға, бала тәрбиесіне, ел болашағына айрықша көңіл бөліп отыр. Отбасы, әке мен бала, бала мен ана мәселесіне қатысты «Бала тәрбиелеу-болашаққа үлкен инвестиция» деуінде үлкен мән жатыр. Мұның барлығы – ұлттық құндылықтарды сақтап, дамытуға бағытталған жоғары мемлекеттік деңгейдегі әрекет.
Ойынның бір түрі – дидактикалық ойын. Дидактикалық ойындардың көмегімен балалар өз бетінше ойлауға, алған білімдерін берілген тапсырмаға сәйкес әртүрлі жағдайда пайдалана білуге үйренеді. Мектеп жасына дейінгі бала ойын әрекетін қажет етеді, бұл ойынды тәрбиелік міндет ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Ғылыми мақаланың мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ой тәрбиесінің құралы ретіндегі дидактикалық ойындардың маңыздылығын теориялық тұрғыдан анықтау. Оқыту процесінде дидактикалық ойынның маңыздылығын байқау.
Ғылыми мақаланың міндеттері:
-Ғылымилық, ғылыми әдістемелердің әдебиеттеріне талдау жасау;
-Мектеп жасына дейінгі баланың танымдық іс-әрекетін дамыту және қолдау құралы ретінде дидактикалық ойындарды пайдалану мәселесі бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерделеу және талдау
-Мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық даму ерекшеліктерін зерттеу, ақыл-ой тәрбиесінде дидактикалық ойындарды қолданудың тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеу объектісі – мектеп жасына дейінгі балалар.
Зерттеу болжамы: Егер дамытушы дидактикалық ойындарды ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде пайдаланса, сабақтың тиімді өтуі ықтимал.
Зерттеудің жаңашылығы: Қарапайым дидактикалық ойындардан қарағанда,дамытушы ойындарды сабақта қолдан тиімді болып келеді.
Негізгі бөлім: Психикалық даму - бұл мектеп жасына дейінгі баланың болашақ өміріндегі жалпы психикалық дамуының орталық бөлігі болып табылатын іргелі білім. Өз кезегінде психикалық даму – танымдық қызығушылықты, білім мен дағдыны қалыптастыруға бағытталған күрделі процесс. Ойын, атап айтқанда дидактикалық ойын балалардың қоғамдық өмір құбылыстарына, табиғатқа, қоршаған дүние заттарына дұрыс көзқарасын қалыптастырады және Отан туралы, әр түрлі кәсіп пен ұлт өкілдері туралы білімдерін жүйелейді және тереңдетеді. Дидактика туралы ұғым. Дидактика - бұл ежелгі грек сөзі, яғни didaktikos - үйретуші, didaskalos- мұғалім деген ұғымды білдіреді. Дидактика - білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негiздерiн зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Дидактика білім беру мен оқытудың мазмұнын, оқыту принциптерін, оқытуды ұйымдастыру әдістерін және формаларын қарастырады[1,15б]. Дидактиканың негiзiнде жеке пәндердi оқыту ерекшеліктері де зерттеледі. Дидактиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос Каменский (1592-1670). Оның «Ұлы дидактика» кітабында (1632) оқытудың мақсаты, әдістері мен принциптері және сынып сабақ жүйесі баяндалған. XVII ғ. швейцар педагогы Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827) дамытып оқыту принциптерінің жүйесін дәлелдеді, бастауыш білім беру әдістерінің негізін жасады[2, 61б]. XIX ғ. неміс педагогы Фридрих Вильгельм Адольф Дистервек (1790 -1966) дамытып оқыту дидактикасын баяндады. Оқыту процесінде 4 түрлi ережелердi қолдана білудi атап көрсетті: көрнектілік, еліктіргіштік, жігерлілік, оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескеру, жақыннан қашыққа, оңайдан күрделiлiкке көшу т.б.[3,62б].
К.Д. Ушинский Ресейде орыс дидактикасының дамуына игі әсерін тигізді, ал кеңес өкіметі жылдарында Н.К.Крупская, П.П. Блонский, С.Т.Шацкий т.б. үлкен үлес қосты[4, 64б]. Белгiлi педагог ғалымдардың Б.П.Есипов. М.А.Данилов, Л.В.Занков, М.Н. Скаткин т.б. оқыту мәселелері жөніндегі еңбектері жарияланды. Олар оқыту принциптерінің жүйесін, оқытуды ұйымдастырудың әдістері мен формаларын дәлелдеді. Педагогика ғылымының «Дидактика» саласында белгілі қазақ педагог-ғалымдары, ағарту ісінің кайраткерлері Ыбырай Алтынсарин, Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов, Мыржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Шарапи Әльжанов т.б. өз уақыттарында шығармашылықпен еңбектеніп, бірсыпыра үлестерін қосты [5,89б].
Ғалым А.Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6 жастағы балалар заттарды түріне, түсіне, көлеміне қарап ажырата бастап, олардың құрлысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді[6,81б]. Күнделікті өмір барысында бала шындық дүниенің құбылыстарымен заттарын анықтай білуге, адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады[7,112б].
Дидактикалық ойындар оның аты айтып тұрғандай, баланың ақыл ойын дамытып, таным түсініктерді ажыратудағы әдістердің бірі. Дидактикалық ойындар дегеніміз оқыту мақсатын жүзеге асыруға арналған ойындар. Дидактикалық ойындар оқушының байқампаздық, елестету, есте сақтау, сөйлеу, ойлау қабілеттерін, сенсорлық бағдарын дамытады. Ойын барысында балалар да жаңа білім мен әдістерді үйрену керек екенін түсінеді. А.Құнанбаев айтқан: «Балалар өздігінен кішкентай кезінен оқуға ұмтылмайды. Балаларды білімге деген құштарлығы артқанша оларды күштеп тарту арқылы үйрету керек деп» Ойын барысына қызыққан бала, ол өзі де үйреніп жатқанын байқамай да қалады,бірақ та бала іс-қимылдарды қайта құрылымдаған кезінде қиналады (автодидактизм құбылысы). Ойын барысында бала өзінің қолынан келетінін жасауға ұмтылады. Дидактикалық ойын - бұл оқу құралдарымен немесе оқу іс-әрекеті барысында қолданылатын әдіс емес. Дидактикалық ойын көп жоспарлы, қиын педагогикалық құбылыстар, ол балаларды ойын әдісі арқылы үйрету болып табылады, білім беру нысаны және өзіндік ойын ойнау,балаларды жан-жақты дамыту болып табылады. Дидактикалық ойын, ойын әдісі ретінде екі жақты қарастырады. Ойын-оқу іс-әрекеттері. Бұл ойында басты рөлді педагог басқарады, педагог әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып , ойын жағдайын туғызады, жарыс элементтерін қолданады. Педагог ойын барысында тек қана ойнатып қоймайды балаларға белгілі бір білімді береді, ойнау дағдыларын қалыптастырады. Дидактикалық ойындар математикада, тіл дамытуда, қоршаған ортамен таныстыруда, сенсорлық мәдениетін дамытуда қолданылады. Педагог бұл жерде оқытушы да, ойын ойнаушы ретінде де болады. Ол ойнауды үйретеді ,ал балалар ойнай жүріп үйренеді. Егер де оқу барысында қоршаған орта туралы білімдерін дамыту тереңдетілсе, дидактикалық ойында балаларға тапсырмалар жұмбақ ретінде, ұсыныстар, сұрақтар ретінде қолдануға болады. Дидактикалық ойын жеке ойын қызметі осы ойын әрекетін сезіну ретінде қарастырылады[8,78б].
Дидактикалық ойын дербес ойын әрекеті ретінде осы процесті сезінуге негізделген. Балалар ойынға, ережелерге қызығушылық танытса, осы ережелерді олар меңгерсе ғана дербес ойын әрекеті жүзеге асады. Ойынның мазмұны оған жақсы таныс болса, бала қашанға дейін оған қызығушылық таныта алады? Бұл жұмыс процесінде тікелей дерлік шешуді қажет ететін мәселе. Балалар ойындарды жақсы көреді, олар рахаттанып ойнайды. Мұны балаларға ережелері белгілі халық ойындары дәлелдей алады: «Бояулар», «Жасырынбақ», т.б.
Әрбір мұндай ойынның әрекетке деген қызығушылығы бар. Мысалы, «Бояулар» ойынында түсті таңдау керек. Әдетте балалар өздерінің сүйікті және ертегі түстерін таңдайды: алтын, күміс. Түсті таңдаған бала жүргізушіге жақындап, құлағына бояудың атын сыбырлайды. «Бір аяқпен жол бойымен жүр», - дейді жүргізуші ойыншылардың арасында жоқ бояуды атаған адамға. Мұнда балаларға арналған қаншама қызықты ойын әрекеттері бар! Сондықтан балалар үнемі осындай ойындарды ойнайды. Оқу процесінің мәселесі – балалардың өз бетінше ойнауында, олар дамып келе жатқанда өздері ұйымдастыра алуы, қатысушылар мен жанкүйерлер ғана емес, сонымен қатар әділ қазылар болуы. Оқыту процесінде ары қарай жылжи отырып, ойындарды тек техникалық бағытты ғана емес, эстетиканың жаңа бояуын қосатын, адамгершіліктің бейнелі ұғымдарын ашатын және басқа да ережелерді қамтитын ережелердің санымен толықтыру арқылы күрделендіру қажет.
Дидактикалық ойындар – тұлғаны жан-жақты дамыту құралдарының бірі. Дидактикалық ойындардың көмегімен балалар өз бетінше ойлауға, алған білімдерін берілген тапсырмаға сәйкес әртүрлі жағдайда пайдалана білуге үйренеді. Көптеген дидактикалық ойындар балаларды ақыл-ой операцияларында бар білімді ұтымды пайдалануға шақырады: қоршаған дүниенің заттары мен құбылыстарынан өзіне тән белгілерді табу, салыстыру, топтау, белгілі бір критерийлер бойынша заттарды жіктеу, дұрыс қорытындылар, жалпылау. Балалардың ойлау белсенділігі – берік, терең білім алуға, ұжымда саналы қарым-қатынас орнатуға саналы қатынастың басты алғышарты.
Дидактикалық ойындар балалардың сөйлеуін дамытады: сөздік қорлары толығады және белсендіріледі, дыбыстарды дұрыс айту қалыптасады, байланыстырып сөйлеу дамиды, өз ойын дұрыс жеткізе білуге дағдыланады. Көптеген ойындардың дидактикалық тапсырмалары балаларды өз бетінше қарапайым әңгіме құрастыруға үйрететіндей етіп құрастырылған. Көптеген ойындар процесінде ойлау мен сөйлеуді дамыту ажырамас байланыста жүзеге асады. Балалар ойында, даулы мәселелерді шеше отырып, сөйлескенде сөйлеу белсендіріледі.
Кішкентай балалармен жұмыс жасауда дидактикалық ойындардың негізгі мазмұны балалардың мәдени-гигиеналық дағдыларды, мінез-құлық мәдениетін сіңіру болып табылады. Бұл белгілі практикалық ойындар: «Қуыршақты ұйықтат», «Қуыршақтың таңғы ас», «Қуыршақты серуендеуге киіндірейік» және т.б. гигиеналық дағдылар, мінез-құлық нормалары, осылайша оларда жағымды ойын қарым-қатынастары қалыптасады. Ойын кезіндегі балалардың мінез-құлқын бақылай отырып, біз баланы оның іс-әрекеті арқылы аша аламыз.
Кеңес үкіметі психологтары Л.С. Выготский және А.В. Запорожецтер үлкен мектепке дейінгі жаста баланың ситуациялық мінез-құлықтан әлеуметтік нормалар мен талаптарға бағынатын әрекеттерге ауысатынын және соңғысына өте эмоционалды болатынын бірнеше рет атап өтті. Бұл кезеңде бала мен ересек адам арасындағы қарым-қатынастың когнитивті түрінің орнына тұлғалық тип алдыңғы орынға шығады, оның ортасында адами қарым-қатынасқа қызығушылық тұрады. Үлкен жастағы мектеп жасына дейінгі бала өзінің мінез-құлқында ересектерге нені ұнататынын және нені ұнатпайтынын жалпы дұрыс біледі және оның іс-әрекетінің сапасын және оның жеке қасиеттерін жеткілікті түрде адекватты түрде бағалайды[9,32б].
Мектеп оқушылары дидактикалық ойындарға материал жасау кезінде кейбір еңбек дағдыларын меңгереді. Егер балалар ойынға атрибуттарды өздері дайындаса, онда олар оларға мұқият қарайды. Сонымен, балалармен дайын (зауыттық) ойындармен қатар жұмысқа пайдалы материалдарды пайдалануға болады. Сонымен қатар, алғашқы еңбексүйгіштікке, еңбек өнімін құрметтеуге тәрбиелеудің жақсы жолы.
Дене тәрбиесі. Ойын жағымды эмоционалдық көтерілуді тудырады, сізді жақсы сезінеді және сонымен бірге жүйке жүйесінде белгілі бір кернеуді қажет етеді. Ойын кезіндегі балалардың физикалық белсенділігі баланың миын дамытады. Әсіресе, дидактикалық ойыншықтары бар ойындар маңызды болып табылады, олардың барысында қолдың ұсақ бұлшықеттері дамып, күшейеді, бұл балалардың психикалық дамуына, баланың қолын жазуға, бейнелеу әрекетіне дайындауға, яғни болашақ мектептегі оқуға дайындайды.
Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезіліп отырған бүгінгі таңда оқу – тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдалануды көздейді. Дегенмен оқу – тәрбие үрдісінің барлық мүмкіндіктері толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі - ойын.
Мектеп жасына дейінгі балалардың белсенділігін арттырудағы ойынның мектепке дейінгі негізгі әрекеті – ойын десек, оқу – тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланылатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге асырылады. Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және нақтылау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және педагогтардың тәжірибесінде пайдаланылып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда, олардың барлығы бірдей бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай – ақ балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан ғылыми тұрғыда негізделген дидактикалық ойындар түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ойындар жүйесін және оларды пайдалану әдістемесін ұсыну – бүгінгі таңдағы қажеттіліктердің біріне саналады.
Қорытынды: Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда дидактикалқық ойындарды қолдану оқу процесінің нәтижесі өз деңгейіне жетпей отыр. Себебі мектеп алды даярлық топта жас ерекшелігіне сай балалардың ойынға қанағаттанарлық деңгейінің төмен болуы. Яғни, бала үшін ойын оның - ең бірінші жұмысы. Сол себепті баламен жұмыс жасаудың ең тиімдісі – ойын. Ойын арқылы балалардың қабілеттерін, ой-өрісін, танымын дамытуға болады. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда ойындарды математикаға қызығушылығын арттыру мақсатында, математикалық білімдер беру жолын дидактикалық ойындар арқылы дамытуды тиімді деп таптық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы. – Астана, 17 қаңтар. 2014. 15б.
2. ҚР мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының оқу тәрбие үдерісіне М.Монтессоридің педагогиалық жүйесін енгізу бойынша әдістемелік нұсқаулық. Тәрбие құралы. 4/2013. 61бет
3. Столяр А.А. «Теории и технологии математического развития для детей дошкольного возраста». - М.:Детство-Пресс,2008. 62 бет
4. Щербакова Е.И. Теория и методика математического развития дошколников:-М,:Издательство Московского психолого-социального института; Воронеж:Издательство НПО «МОДЭК»,2005. 64 бет
5. Амонашвили Ш.А. Здравствуйте, дети! - М., 1990. 89 бет
6. Аванесова В. Н. Дидактическая игра как форма организации обучения в детском саду. Умственное воспитание дошкольника / В.Н Аванесова. – Москва : Просвещение, 2015.81б.
7. Едігенова А.Ж. Отбасы қатынасының этикасы: Ата-аналарға арналған әдістемелік құрал, Семей 2007. 112б
8. Қазақ педагогикалық энциклопедия сөздігі. - Алматы: Республикалық Баспа кабинеті, 1995. 78б.
9. Выготский Л. С. Психология развития ребенка / Л. С. Выготский. – Москва : ЭКСМО, 2004. – 32 б.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ АҚЫЛ ОЙЫН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

шағым қалдыра аласыз