Материалдар / Оқыту процесінде оқушылардың мотивациясын қалыптастыру маңыздылығы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Оқыту процесінде оқушылардың мотивациясын қалыптастыру маңыздылығы.

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушылардың сабаққа, мектепке қызығушылығын анықтау мақсатында, балалардың көпшілігі сабаққа қызығушылығы төмен екені анықталған. Баланың таным, ес, зейінін қалыптастыруға сабақтың қызықты өтуіде әсер ететіні сөзсіз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Наурыз 2018
2923
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқыту процесінде оқушылардың мотивациясын қалыптастыру маңыздылығы.

68 МИББ кешенінің педагог-психологі

Әзімхан Алуа Идеятқызы



Ұлы ғалым Д.И.Менделеев: «Ғылымды сүйген жəне жақсы меңгере білген мұғалім ғана оқушыларына терең де мағыналы білім бере алады» деген.

Сол секілді әрбір елдің басты капиталы-үздік технология мен қазіргі заманға сай білімді адамдар,өзін-өзі дамыта алатын және шығармашылықты жүзеге асыра алатын тұлғаларды қалыптастыру.

Білім беру және оқыту теориясының әдіснамалық негізі-таным теориясы,оқушының тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Білім беру және оқыту теориясының процесіндегі талаптарының бірі-мотив және мотивация.

Мотив ролінде сұраныстары, қызығушылықтары, талпыныстары, эмоциялары, бағытталғандығы және мұраттары болып табылады. Бала мектепке келгенде мектепте болуға деген қызығушылықпен байланысты және қоғамдық өмірге белсенді қатыстырылу мотивтері онда басым болады. Өсе келе бұл мотивтер өзгеріске түседі: бір жағдайларда жақсы баға алуға деген қызығушылық пайда болады, екіншілерде білімнің өзіндік мазмұнына қызығушылық туады.

Мектеп оқушылар үшін мотив- жай ғана оқу,үшінші,төртінші сынып оқушылары үшін бағаның рөлі жоғарылайды. Алтыншы,жетінші сыныптарда оқушылар үшін басты. мотив-болашаққа дайындық болады.

Мотивтердің дамуы жайлы қарастырар болсақ,төмендегідей кезеңдерге бөліп қарауымыз керек.

I-кезең-оқу әрекеті кезінде таныс болған мотивтер,яғни баланың әрекетінің алғаш бағаланған және қоғам арқылы пайдалы,құнды деп табылған кезеңдегі мотивтер жүйесі.

II-кезең-мектеп өмірінде сынып ұжымында болатын өзара қарым-қатынастар негізінде туындайтын мотивтер.

III-кезең-қоршаған өмірде алдағы мамандықпен,өмірлік мақсат-міндеттермен тығыз байланысты болатын мотивтер жүйесінің кезеңі.[1]

Оқушының оқу мотивтері – борыш сезімі, мұғалімнен мақтау алу ниеті, жазалаудан қорқуы, ересектердің талабын орындау әдеті, танымдық қызығушылық, сыныпта өз орнын табуға деген ұмтылысы, ата-аналарды қуантуға ниеті, «бестік» бағасын алуға талпынысы, сыйлық алуға деген ұмтылысы.

Оқушылардың оқуға мотивациясын қалыптастыру дегеніміз бұл мектепте оқуға деген ішкі ұмтылысты (мотив, мақсат, эмоция) қалыптастыру, оларды оқушылардың саналы сезінуі, өздерінің мотивациялық сферасын одан әрі дамытуы. Мұғалім бұл жағдайда оқушыладың мотивациялық сферасы стихиялы түрде қалай дамитынын және қалыптасатынын салқынқанды бақылаушы позициясын ұстанбай, керісінше психологиялық тәсілдер жүйесінің көмегімен оқу мотивациясының артуына дем беріп отыруы қажет.

А.К.Маркова атап өткендей мотивация баланың жаңа әлеуметтік рөлін анықтай отырып,(бұл «жәй ғана бала» ал енді оқушы болды) ол енді ұзақ уақыт бойы оқу процесін қолданып және өзінің мәнін бірте-бірте жоғалта бастайды. Сондықтан мотивті бастауыш сыныпта қалыптастыру,оқыту процесінің мағынасын ашып,баланың өмірлік мақсатына ұмтылуы,мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Мотив іліміне стихиялықтың қажеті жоқ,ол өзінен-өзі пайда болады деп түсіндірді. А.К.Маркова айтқандай оқыту процесін жүзеге асыру барысында оқу-танымдық мотивтер қалыптасады,осы қызметтердің жүзеге асуы өте маңызды.

Негізгі факторларға оқыту процесінде тұрақты мотивациясын қалыптастыруға оң әсері болып табылады:

  • Оқу материалының мазмұны;

  • Оқыту процесі бойынша жұмыстар ұйымдастыру;

  • Оқыту процесінде ұжымдық формалары;

  • Оқыту процесін бағалау;

Мұғалімнің педагогикалық стилінің процесі.[2] Яғни оқуға жағымды мотивацияны қалыптастыруға, тәрбиелеуге сынып және мектеп ішіндегі психологиялық атмосфера ықпалын тигізеді. Оқушылардың іс-әрекетінің түрлерін ұйымдастырудың ұжымдық формаларының ықпалы зор. Мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекетіндегі қарым-қатынасы тапсырманы орындауға тікелей араласу түрінде емес, дұрыс шешім табуға итермелейтін ақыл-кеңес беру түріндегі мұғалімнің көмегі болуы тиіс. Сонымен бірге жағымды мотивацияны қалыптастыруда мұғалім оқу материалын қызықты жеткізе білуі, эмоционалдылығы, танымдық ойындар, пікірталас жағдаяттар, өмірлік жағдаяттарды талдау, болашақтағы өмірде мектепте алатын білімді қолдану мен оқудың қоғамдық және тұлғалық маңызын түсіндіру; мадақтау мен жазалау әдістерін шеберлікпен қолдана білуі тиіс. Сонымен қатар мұнда оқушының оқу әрекетінде өз бетімен жұмыс істей алуы мен өзін-өзі бақылауы, ортақ оқу іс-әрекеттеріне қосылуының маңызы зор. Оқуға мотивацияны қалыптастырудың түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мұғалім мотивацияға әсер ететін сыртқы, тіпті жағымды шарттардың өзі тікелей әсер етпейтінін, оқушылардың өзінің ішкі позициясы, қатынасы арқылы қабылдайтынын есте сақтаған жөн. Сондықтан міндетті түрде мұғалімнің ықпалына оқушылардың саналы, тұрақты қатынасы, ішкі позициясының кейбір астарларын қалыптастыруға бағытталған белгілі жүйелерді (жағдаяттар, тапсырмалар, жаттығулар) алдын-ала қарастырған дұрыс

Мотивацияны қалыптастыру бағдарламаларының жалпы мәні мұғалімнің оқушыларды оқуға деген саналы, жағымды, жауапкершілікпен қарау қатынасының деңгейіне көшіру, яғни оқушылардың берілген білімнің өмірде пайдалылығына саналы түсінуі деген дұрыс.

А.К.Маркова оқушылардың оқуға мотивациясын мақсатты түрде қалыптастыру жұмыстарын былайша бөліп көрсетеді:

  • Оқуға мотивацияны қалыптастыруға жағдай жасайтын мұғалім іс- әрекетінің тәсілдері.

  • Мотивацияның кейбір жақтарын бекітуге бағытталған арнайы жаттығулар.

  • Сабақ кезеңдерінде және үлгерімі төмен оқушылардың оқуға жағымды мотивациясын қалыптастыру және арттыру.

  • Оқушылардың оқу мотивациясын қалыптастырудың және оны зерттеу кезеңдерінің бірізділігі.

  • Оқушылардың оқу мотивациясының жағдайы мен қалыптасу барысының мәлімет картасы.[3]

Қорыта келе, білім мазмұнын жекелік бағытталған қызықты материалдармен байыту,барлық оқушыларға ізгілікті қатынас,танымдық сұраныстарын қанағаттандыру,ойлауды сезіммен байыту,білуге деген құштарлықты дамыту,белсенді өзін-өзі бағалау,өзін-өзі дамытуға ұмтылыс,балалардың бастамашылығын қолдау,оқу еңбегіне жауапкершілікті қарым-қатынас осылар арқылы оқу процесінде оқушының мотивациясын қалыптастыра аламыз.


Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Байбекова М.М. Мотивация және белсенді оқыту әдістері-танымдық іс-әрекет арқылы оқытудағы бағалаудың негізі. Вестник университета «Қайнар»,2005,№2/1.

2.Ильин Е.П. Мотивация и мотивы.Санкт-Петербург.2002.-261с.

3.Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации учения. М.,1990


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!