Оқытудың белсенді әдіс-тәсілдері
Қазіргі заман талабы, бүгінгі өскелең өмір қарқыны мұғалімдердің алдына ерекше маңызды, әрі жауапты талаптар қоюда. Бүгінгі таңдағы мұғалімнің ең басты мақсаттарының бірі - әр ғылым саласынан терең білім беру, жан-жақты жетілген, тәрбиелі, қоғамның белсенді, еңбекке икемді, саналы азаматтарын тәрбиелеу. Білім беру жүйесінің реформасында әрбір пәнді оқытудың ғылыми дәрежесінің жоғары болуымен қатар, ғылыми негіздерінің берік игерілуін қамтамасыз ету, оқыту әдістерін жетілдіріп, сабақта оқытудың белсенді түрлерін кеңінен қолдануға ерекше назар аударған. Оқушының білім алуына бағытталған оқыту ортасын ұйымдастыру мұғалімнің кәсіби шеберлігінің дәлелі екендігін анық. Оқытудың түрлері мен әдістерін жетілдіру арқылы оқушыға тәжірибелік бағыт беріледі. Белгілі әдіскер С.Жиенбаев: «Мұғалім үнемі өзі айтып түсіндіргеннен гөрі, жетекші сұрақ арқылы баланың өзін ойландырып, өз жауабын өзіне тексертіп отырған артығырақ»,-деп тұжырым жасайды. Егер оқушылардың білімі, түсінігі нашар болса, онда диалогті оқыту тәсілін пайдалану тиімді. Бұл тәсілді пайдалануда мұғалімнің қойған сұрақтары оқушыларды сыни тұрғыдан ойландыруы тиіс. Сонымен қатар, сыныптағы диалог барысында оқушылардың сабаққа белсене қатысып, тақырыпты түсіну әрекеттеріне мұғалім мұқият бақылау жасау қажет.
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ
САБАҚҚА ЕНДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
Жалпы мұғалімнің оқыту тәжірибесіне қарай сабақта қолданылатын әдістерді екі топқа бөлуге болады:
-
Мұғалімнің оқыту әдістері;
-
Оқушылардың білімді үйренуіне бағытталған әдістері.
Оқушылардыңдүниетанымы менқабілетін дамытуға, оларға білім, білік және дағдықалыптастыруға бағытталған әдістерді сабақта қолданудың мақсаты мен барысынсипатталады.
«
Бұл жұптық жұмыс жылдам орындауға бағытталған тиімді әдіс. Қызметтің бұл түрі қысқа уақыт ішінде оқушыларға аса маңызды сәттерін есте сақтауға, пысықтауға мүмкіндік береді, сұрақ қою, қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастырады және дамытады.
Алгоритм:
1. Оқушылар екі топқа бірігеді. Әр-бір оқушы А4 парағын алып, өткен тақырыптың мазмұнына байланысты 2-3 сұрақтан дайындайды.
2. Екі топтың оқушылары бір-біріне қарап тұрады. Бірінші топтағы оқушы сұрақ қояды да, екінші топқа ауысады. Бірінші сұрақ қойған оқушы қайта өз орнына барғаны осылай қайталанады. Сонан кейін екінші топ сұрақ қояды және оқушылар алдыңғы топ оқушылары сияқты ауысып отырады.
3. Оқушылар өз еріктерімен жаттығу барысында туындаған сезімдерімен бөліседі.
4. Оқушылар жаттығу барысындағы есте қалған тақырыптарын айтады.
Сұхбат (Интервью)әдісі
Мақсаты:Бұл стратегия оқу мазмұнын терең меңгеруге, оны түсінуге көмектеседі. Оқылған мәтін бойынша оқушылардың сұрақ құрастыру және сұрақ қою дағдысы дамиды, бірін-бірі тыңдау қабілеті қалыптасады.
Барысы:
1. Оқушылар өз еріктерімен жұбын табады және алдағы интервьюге кім сұрақ қоятынын, кім жауап беретінін анықтайды.
2. Оқушылар оқулықтан мақаланы оқиды, бір бөлігі интервьюге сұрақтар (10 сұрақтан көп емес) құрастырады, оқушылардың екінші бөлігі сұрақтарға жауап беруге дайындалады.
3. Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Сұрақ құрастырған оқушы өзінің жұбына сұрақ қояды және жауабын тыңдайды. Қажет жағдайда дұрыс жауап беруіне көмектеседі.
4. Топ кеңесшінің көмегімен берілген тапсырманы орындайды.
5. Көмекші және мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын бақылайды.
«Желпуіш» (Веер)әдісі
Мақсаты:Бұл әдіс өткен тақырыптан алған білімін пысықтау, оқушылардың шығармашылығын, әр оқушының белсенділік қабілеттерін арттырады. Жұмысты орындау барысында жауапкершілік сезімдері, оқушылардың өзіне, біліміне деген сенімділігі артады, топтық жұмысты ұйымдастырады, өз іс-тәжірибесімен бөлісу дағдысы қалыптасады, өзін және өзгені тыңдау қабілеті артып, жолдасының ой-пікіріне жүгіну икемділігі артады.
Барысы:
1. Оқушылар түске байланысты үш топқа бірігеді.
2. Әр топта кеңесші таңдалады.
3. Кеңесші тапсырмалар жазылған карточканы алады..
4. Топ кеңесшінің көмегімен алынған тапсырманы орындайды.
5. Кеңесші мен мұғалім тапсырманың дұрыс орындалуын бақылайды.
6. Орындалған жұмыстың дұрыстығына салыстырмалы тексеру жүргізіп (карточканың артқы жағына) қатесін түзету.
7. Бірінші топтың оқушыларын бір-бірден басқа топтарға бөледі. Олар өз тапсырмаларын қалай орындағаны туралы айтады және көрсетеді, сосын әр топта осы жұмысты қайта орындайды.
8. Екінші топтың оқушылары да осылай топтарға бөлініп, бірінші топтың әрекектін қайталайды.
9. Үшінші топ та осы әрекетке түседі
«Венн диаграммасы»
Мақсаты:Венн диаграммасы нысандар,фактілер, құбылыстардың, оқиғалардың, идеялардың ұқсастығы менайырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді.
Барысы:Диаграмма екі немесе бірнеше қиылысатын шеңберден құрылады. Әр шеңбердегі бос орындарға айырмашылықтарын,ортадағы қиылысқан жеріне ұқсастықтарын жазуға пайдаланылады.Бұл әдіс ағылшын ойшылы Джон Веннің атымен аталған.
1. Оқушылар жұптасып шеңбердегі бос орындарды толтырады.
2. Оқушылар 4 адамнан тұратын шағын топқа бірігіп, өз диаграммаларын салыстырады және толықтырады.
3. Шағын топта оқушылар өздерінің ортақ көзқарасы бойынша сипаттамалар мен тұжырымдамалар тізімін жасайды.
Диаграмма талдау және жинақтау дағдыларын дамытуға және бақылауға мүмкіндік береді.
Бұл объектілер мен санаттарды салыстыруда өте тиімді құралдарының бірі болып табылады.
Бұл жүйе бойынша жұмыс жасау қисынды ой түзу, өз талқылауы бойынша дәлелді қорытынды шығару қабілетін дамытады .
«Венн диаграммасының» сызбасы
![]()
«Айналмалы бекет»(Карусель)әдісі
Мақсаты:Бұл әдіс оқушылардың есте (жады) сақтауын, ойлау қабілетін, бірлесіп жұмыс жасауын, математикалық сауаттылығын дамытады және уақытты тиімді пайдалану оны бағалай білу дағдысын қалыптастырады.
Барысы:
1. Сыныптағы оқушылар 4 топқа бірігеді.
2. Әр топ С4 ватманына жазылған тапсырманы алады.
3. Әр топтағы оқушылар өз парақтарындағы тек бірінші сұраққа ғана жауап береді.
4. Мұғалімнің берген белгісі бойынша ватман келесі топтарға шеңбер бойымен көшеді.
5. Нәтижесінде бір парақта (ватманда) 4 топ 4 тапсырманы орындайды. Әр топ өзінің бастапқы парағын алып, жіберілген қателіктерін анықтап, түзету жұмыстарын жүргізеді.
6. Барлық парақтар (4 топтың 4 ватманы) тақтаға ілінеді және әр топтың спикерлері жіберілген қателіктерді түсіндіреді.
«Кластер»әдісі
«Кластер» әдісі – қандай да бір белгілі тақырыпты оқушылардың еркін және ашық ойлауына көмектесетін педагогикалық стратегия.
Мақсаты:Өткен тақырыпты қорытындылауға, мұқият оқып, білуде пайдалануға болады. Тек қана кейбір құрылымдарды, сипаттамаларды, бағыттардың бөлінуін талап етеді, ал олар идеялар арасындағы ойларды байланыстыруға мүмкіндік береді. Тез ұмытылатын ойларды есте сақтауға және оларды қағазға графикалық бейне түрінде түсіруге көмектеседі. Сондықтан да кластерді графикалық ұйымдастырушы деп атайды. Кластердің мысалында көрсетілім (демонстрация) үлгісі қолданылады. Ол, біздің логикалық ойлау жүйемізбен тығыз байланысты.
Барысы:
1. Флипчарт ортасына кілтсөз жазылады.
2. Ойлау үдерісінде берілген тақырыпқа байланысты топ мүшелерінің пайымдауы бойынша туындаған сөз, түсінік, сөйлем, пікірлері талдаусыз, сынаусыз жазылады.
3. Олардың арасындағы байланыстар орнықтырылады (мұны жазу кезінде де жасауға болады, себебі байланыстарды орнықтыру кезінде жаңадан қауымдастық пайда болады).
4. Жұмыс жұмысқа бөлінген уақыт ішінде барлық бастапқы идеялар талқыланғанға дейін жүргізіледі.
5. Қатысушылар өздері жеке құрған кластерді жұп болып талқылауға болады, сонан соңбүкіл топқа жариялайды.
Кластерді қолданудың негізгі ережелері:
• Сіз тақырып аясында ойыңызға келгеннің бәрін жазыңыз. Бұл ойлардың сапасына мән бермеңіз, тек жазыңыз.
• Хатты тежейтін орфографиясына және басқа да факторларға көңіл аудармаңыз.
• Уақыт біткенше жазуды тоқтатпаңыз. Егер Сіздің ойыңызға идеялар келу бірден тоқтап қалған жағдайда жаңа идеялар туындағанша қағазға сурет салыңыз.
• Мүмкіндігінше, байланыстарды көбірек құруға тырысыңыз. Идеялар санына, легіне және олардың өзара байланысына шек қоймаңыз.
. • Сіз бірінші рет кластерге бөлуді енгізгенде, таңдалған тақырып бүкіл топқа таныс болуы керек.
«Жаңғақ» әдісі
Мақсаты: Оқушының оқыған мәтінді түсіну деңгейін тексеруге, сұрақтар құру және олардың жауаптарын табу дағдысын пысықтауға, оқушылардың сөз сөйлеу шеберлігі мен бірін-бірі тыңдай білу мәдениетін тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Барысы:
1. Оқушылар өз қалауымен 6 адамнан топқа бірігеді .
2. Топтағы әрбір оқушыға қиылған қағаз беріледі, ал топтың ортасына сұрақтар салатын ыдыс қойылады (себет, қапшық, қорап т.с.с).
3. Әрбір оқушы кесілген қағазға өткен тақырыптың мазмұны бойынша 1 сұрақтан жазады, сонан соң кесілген қағазды жаңғақтың формасына ұқсатып бүктеп, ортадағы қорапқа салады немесе тастайды.
4. Топтағы әрбір оқушы кезегімен ыдыстан сұрақтар жазылған «жаңғақты»ашып, оқып және оған жауап береді. Егер оқушы сұраққа жауап берсе, онда сұрақ жазылған қағаз өзінде қалады. Егероқушы сұраққа жауап бере алмаса, онда басқа оқушылар жауап береді.
«Жаңғақ» бір оқушыдан екінші оқушыға ретімен домалау қажет. «Жаңғақты» қораптан алар кезде де осы реттілік сақталуы тиіс.
5. Сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, қай оқушыда «жаңғақ» саны көп болса, сол оқушыға баға қойылады.
«Нүкте» әдісі
Мақсаты: Оқушылардың сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдерін қайталауға, пысықтауға көмектеседі. Оқушылар топта ынтымақтастықпен бірлесіп жұмыс жасаудың нәтижесінде оның сапалы болып шығатынына сенімді.
Барысы:
Әрбір оқушының төсіне (көкірегіне) сөздер жазылған жасыл, көк, қызыл карточка жапсырылады.
2. Түске сәйкес оқушылар (қызыл, көк, жасыл) 3 топқа бірігеді.
3. Топтың ішінде (бір түсті карточкалар) оқушылар тобы басқа топтарға берілген тапсырмалардың негізінде шағын топтарға бөлінеді
4. Содан соң 3 негізгі топтың оқушылары (карточка түстеріне қарай), карточкаға жазылған сөздерді пайдаланып, өздерінің білімдерін қоса отырып, берілген тақырып бойынша дидактикалық ертегілерді түзеді немесе құрайды, оларды қағазға жазып, суреттер салады.
Тұжырымдамалық карта
Мақсаты:Оқушылар өздерінің білімдерін жүйелендіруге және үлгілеуге оқуды үйренеді.Осыған байланысты теориялық материал есте жақсы сақталынады.
Барысы:
1. Оқушылар түрлі-түсті квадраттар көмегімен 5 топқа 6 адамнан бірігеді, квадраттарды төстеріне тағады.
2. Бір түстегі оқушылар бір топқа бірігеді. Әр топтың өзінің тақырыпшасы болады.
3. Оқушылар өзінің парақ қағаздарына нақты берілгенсабақтың тақырыбы (мысалы, етістіктің морфологиялық белгілері) бойынша сұрақтарды жазады, өз орындарына отырып ережелерді естеріне түсіреді, оқиды.
4. Әр топтың бір өкілі шығып, тақырып бойынша дайындаған постерді тақтаға іледі және қорғайды.
«Өрмекшінің өрнегі»әдісі
Бұл әдіс, балалардың бірін-бірі жақсы білуіне көмектеседі, топқа бірігуіне ықпал етеді. Оқушылар пайдалану дағдыларын бекітеді, мысалы, терминдерді немесе пәннің теориясын ендіруде көңілді және жағымды қарым-қатынас орнатуды нығайтады.
Алгоритм:
1. Оқушылар мен мұғалім үлкен бір шеңберге отырады.
2. Мұғалім қолына оралған жіпті алады, жіптің бос ұшын өзіне ұстап, оралған жіпті алдында қарсы отырған оқушыға берілген тақырып бойынша сұрақ қояды.
3. Шеңберде отырған оқушылар толық қамтылғанша сұрақ қойып, жауап беріп, оралған жіпті әрі-бері бір-біріне лақтырады, осылайша өрмекшінің торы түзіледі.
4. Оқушылар жіпті қайта орайды
«Фишбoyн» («Бaлықсүйегi») әдiсi
Мақсаты: Өзекті мәселелерді игеру мен меңгерудің теориялық мәселелерін қарастырту. Тақырып аясындағы өзекті мәселелерді айқындата отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойлануына мүмкіндік беру. Сын тұрғысынан ойлау үдерісінің бастапқы деңгейінде жұмыс жасату.
Барысы:Тақырып бойыншаөзекті мәселелер мен олардың шешу жорлдарын балық қаңқасына жаздыртады.Бaлықтың бaсынa тaқырыпты,жoғaрғы сүйектерiне –тaқырыптың негiзгi сұрaқтaры,төменгi сүйектерiне жayaп,құйрығынa қoрытынды oй жaзылaды. Oқyшылaр бұл тaпсырмaны белсендi oрындaды.
1. Балықтың қаңқасы сызылады.
2. Қаңқаның жоғарғы жағына проблемалар, ал, төменгі жағына сол проблемаларды айқындайтын фактілер келтіріледі.
3. Аяқталған схемаларын көрсетудің тұсаукесері маңызды болып саналады. Себебі, туындаған жағдаяттар мен оларды шешу жолдарының арасында байланысын көрсете білуі керек.
4. Сіз алдағы жұмыстың барысын өзбетіңізше анықтай аласыз. Бұл Сізге келесі зерттеу жұмысын жүргізуге немесе мәселені шешуге жол таба білуге көмектеседі.
Өзекті
мәселелер
Шешу жолдары мен дәлелдемелері
SWOT-талдау
Бүгінгі таңда бұл әдіс өте танымал әдіс. Мұның атауы ағылшын сөзінің алғашқы әріптерінен құралған:
«Strengtns» (күшті тарап, ұйымның қолда бар ішкі ресурстарын білдіреді),
«Weaknesses» (ішкі мәселелері бар немесе әлсіз жақтары), «Opportunities» (мүмкіндіктер, ұйымнан тыс оның дамуы) және «Threats» (мекеменің табыстылығын арттыруға қоршаған ортадан келетін қауіп, қатерлер)
Бұл әдіс өте жиі қолданылады, оның атауын орыс тіліне аударудың қажеті жоқ, ол көпшілігіне SWOT-талдау деген атпен белгілі.
Алгоритм:
1. Сыныптағы оқушылар 4 шағын топтарға бірігеді, оның әрқайсысынатөмендекөрсетілгендей 4 бөлімнен тұратын кесте беріледі.
2. Шағын топтағы қатысушылар әр тармақтағы мәселелі сұрақты талдайды, бірмезгілде кестенің сәйкес келетін тиісті торкөзін толтырады.
3. Талдаудың қорытындысы жалпы SWOT-кестесіне енгізіледі.
4. Жалпы кестенің талдауынан кейін нақты ұсыныстар мен жобалар пайда болады.
1 кесте. SWOT-талдау сипаттамасы.
|
S |
Басым жақтары (мекеменің ішкі ресурстары) |
• тұрақты даму механизмдерінің негізімен қызмет етеді; • жаңа жобалардың іргетасы болып табылады; • кедергілерден өту тәсілі болуы мүмкін. |
|
W |
Әлсіз тұстары (мекеме ішіндегі проблемалыр) |
• мекеменің ішіндегі мәселені жоюға бағытталған қызметі; • жаңа жобалардыңміндеттерін іске асырудағы басымдық болып табылады; • даму стратегиясын әзірлеуде міндеттері ескерілуі тиіс. |
|
O |
Мүмкіндіктер |
• қолдау мен қаржыландырударесурстар немесе сыртқы қосымша көздері қызмет етеді; • мақсаттарға қаншалықты сәйкес екендігін есепке алу қажет; • жаңа жобаларды немесе бастапқы серіктестердің негізі болып табылады. |
|
T |
Қауіп |
• әрбір жаңа жобада міндеттері ескерілуі тиіс; • оларды еңсеруде немесе бейтараптандыруда дамыған әдістерді әзірлеу қажет; • кейде «қарсыластарының» «одақтастарына» айналудың қарсы нұсқасының болуы мүмкін. |
«515» әдісі
Бұл әдіс нақты берілген уақытта ең көп сұраққа жауап берген және уақыттылы жауап берген топқа белгі ретінде «нүкте» қойылады.Тапсырма топта орындалады, ойлау қабілеттерініңартуына және бірлескен іс-әрекетті оңтайландыруға көмектеседі.
Алгоритм:
Мұғалімнің ұсынған тақырыбы бойынша 5 минутта 15 идеяны ұсыну қажет: 1-ші топ – дәлелі «соған жақ» және 2-ші топ – дәлелі «оған қарсы».
2. Талқылау картасы: «соған» (пайдалы) – «қарсы» (зиян) түзіледі. Мысалы, «Интернет» пайдалы ма, зиян ба? деген тақырып.
Ия Жоқ
1.
2.
3.
3. Оқушылар талқылауының қорытындысынан жалпы қорытынды жасайды.
ИДЕЯЛАР СЕБЕТІ
Себетке оқушылар өтілген тақырыптар бойынша не білетіні жинақталады.
Алгоритм:
1. Оқушыларға белгілі мәселе (проблема) бойынша сұрақтар қойылады.
2. Әрбір оқушы естеріне түсіре отырып, не білетінін дәптерлеріне жазады (1-2 минут қатаң жеке жұмыс жасайды).
3. Сосын, жұппен немесе топпен ақпарат ауысады.
4. Сосын, әрбір топ шеңбер бойыменқандайда бірқайталанбайтынанықтама айтады немесе дәлел келтіреді.
5. Мұғалім барлық ақпаратты олар қателессе де тезистер түрінде жазып (ешқандай пікір айтпай) идеялар «себетіне» салады.
6. Барлық қателіктер жаңа ақпаратты меңгергенде ғана түзетіледі.
ПОПС-формуласы
Бұл интербелсенді әдіс оқушылардың рефлексиясына бағытталған. Ол ағылшынша былай жазылады: PRES-formula (Position-Reason-Explanation or Example-Summary). Аударманың нәтижесінде,ПОПС аббревиатура пайда болады. Бұл технологиялық әдістің құндылығы сонда, оқушыларға қысқаша және жан-жақты өтілген тақырып бойынша өзінің жеке ұстанымын айтуға мүмкіндік береді. Мұғалім міндетті түрде жаңадан өтілген материалды оқушылар қаншалықты меңгергендігі жөнінде білуі керек. Сауалнамалар, өзіндік жұмыстар, тестер көп уақыт алады, үнемі бағалауға мүмкіндік береді, оқушы материалды қаншалықты еркін игергендігін, қаншалықты саналы түрде қабылдағанын анықтай алады.
Мазмұны:
Оқушыларға ПОПС-формуласы негізінде 4 (төрт) сөйлем жазу ұсынылады:
П – позиция
О – (объяснение)түсіндіру
П – (пример) мысал
С – (следствие) тергеу немесе талқылау
Сөйлемнің біріншісі мына сөздерден басталады:
«Мен есептеймін,…».
Екінші сөйлем - позицияны түсіндіру немесе негіздеуден басталуы керек:
«Себебі …».
Үшінші сөйлем– іс жүзінде өзінің позициясының оң екендігін дәлелдеп, көзін жеткізуден басталады.
«Мен іс жүзінде дәлелдей аламын, мысалы…».
Төртінші сөйлем (тергеу, талқылау, қорытынды) мына сөздерден басталады:
«Осыдан шығатыны, менің қорытындылауым бойынша…».
«Сұрақтар телпегі»
Кез-келген оқу мәтіні бойынша жүргізілетін жұмыс түрі. Әр оқушы параққа мәтін бойынша сұрақ жазып, телпекке салады.Сұрақтар мазмұны 3 тақырыпта болады:
А) мәтінді оқығанын тексеруге арналған сұрақтар;
Ә) сұрақтың жауабын білмеймін, бірақ білгім келеді;
Б) мәтін түралы басқа оқушының пікірін білу және оны өз пікірімен салыстыруға арналған сұрақтар.
Сұрақтар араластырылған соң әр оқушы сұрақты алып, жауап береді.Телпекке оқушы бір сұрақ салса да болады.
КЕРІ БАЙЛАНЫС
ТҮРЛЕРІ
«Алма ағашы»
әдісі
Оқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.
«Бір сөзбен» әдісі
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу, Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.
«Табыс сатысы» әдісі:кәдімгі сатының суреті, сатының
1 - баспалдағы Мен.............. БІЛЕМІН
2 - баспалдағы Мен.................. ТҮСІНЕМІН*
3 - баспалдағы Мен............. ЖАСАЙ АЛАМЫН
«Таңдау» әдісі
1. Мен сабақ қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікірсайыстарға жиі ______________ сирек қатыстым.
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін.
Бұл карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына«+» белгісін қою тапсырылады.
«Тазалық» ойыны
Қатысушыларға бір парақ беріледі. Онда мыналар салынған:
1. Чемодан(суреті)
2. қоқыс жәшігі (суреті)
3. еттартқыш (Суреті)
- Құрметті әріптестер, бүгінгі тақырып бойынша алған керекті ақпараттарыңызды чемоданға салыңыздар (жазыңыздар), бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар (жазыңыздар). Ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқышқа салыңыздар (жазыңыздар).
"Мадақтау сэндвичі" әдісі
Ү
ш бөліктен
тұрады:
1 бөлік – позитивті комментарий, не ұнады; 2 бөлік – сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;
3 бөлік – келешекке (маған ұнады, бірақ келесі жолы) психологиялық жаттығулар мен жадыны дамытуға арналған жаттығулар жиынтығын бағалағанда қолдандым.
«Плюс-минус-қызықты» әдісі
Уақытқа қарай бұл жаттығуды ауызша да, жазбаша да орындауға болады. Жазбаша орындағанда үш бағанды кестені толтыру ұсынылады:Төмендегі кестені оқушыларға ұсыну арқылы түйінді ойларын жаздыртамыз.

«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған,
білімдері жайлы жаза
алады;
«
Минус» -
«қолымнан келмей жатыр» немесе «түсініксіз
болып
т
ұр» деген
ойларын жазады.
«Қызықты»- деген бағанға өздеріне не қызықты болды немесе не
жайында көбірек білгісі келетінін сұрақ түрінде де жасса болады.
«Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі»
Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемоданның тұсына жазса, ал бүгіні ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыштың тұсына жаза алады. Сонымен қатар бүгіні сабақтағы керек емес болған, артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазса болады. Осылайша, қатысушы мұғалімдер тақырыптан немесе жаттығудан не білім алғандарын көрсетеді.

11
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ САБАҚҚА ЕНДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ

шағым қалдыра аласыз