400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Оралхан Бөкей “Атау-Кере”

Материал туралы қысқаша түсінік
Шығармаға композициялық талдау
Материалдың қысқаша нұсқасы
АТАУ КЕРЕ
РОМАНЫ
Композициялық талдау

ОҚИҒАНЫҢ БАСТАЛУЫ: АТАУ КЕРЕ
РОМАНЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕРМЕН
ТАНЫСУ
Шығармада негізгі 4 кейіпкер бар. Олар: Ерік, Таған, Айна, және Нүрке.Ерік:
Бар арманы ақша, байлыққа мастану, аң аулау, қиялдағы қызға ғашық
болу.Таған: Аспирант ғылым жолына түскенімен, жолы болмай, өмірден баз
кешкен адам.Айна:жылқышының қызы , табиғаты момын, адамгершілігі,
мейірім-шапағаты мол адам .Ал Нүрке кемпір осы үш адамға қосалқы әсер
ететін төртінші кейіпкер ретінде сюжет желісін бір-бірімен байланыстырып,
дамытып отырады.

ОҚИҒАНЫҢ БАЙЛАНЫСЫ: ЕРІКТІҢ
ҚАЗАҚТАР БЕК-АЛҚА, ОРЫСТАР ФАДИХА
ДЕП АТАП КЕТКЕН ЖЕРГЕ БАРУЫ.
Анығырақ айтқанда, бір жыл жинаған ара балын Бекзат деген сатушы
әйелге өткізіп болған Ерік, қайтар жолында мектепте бірге оқыған
“Таған” деген сыныптасын “Әй, Қарабура” деген сөзімен кездестіреді.
Бомждыққа салынып кеткенін көрген Ерік, мен бұған мол тамақ пен
ішімдік берсем артымнан қалмайды, ал содан соң өз құлым қылып
алмаймын ба деп ойлап, екеуі бірге жол тартады.

ОҚИҒАНЫҢ ДАМУЫ: КЕЛІНІ
МЕН ЕНЕСІНІҢ ДИАЛОГЫ
Нюра енесінің “Қандауыр” (күйеуі) туралы сөз сөйлеуімен басталады.
Содан кейін Нюраның әулеті мен Қандауырдың әулеті арасында
түсініспеушіліктің өршігені туралы және Сарқыт атты көршісі туралы
әңгіме жүреді. Айта келе, Нүрке өз анасы мен әкесінің тағдыры туралы
сөз сөйлейді.Соңында анасы өз баласы туралы ойын білдіруімен
оқиғаның дамуы аяқталады.

ОҚИҒАНЫҢ ШИЕЛЕНІСУІ: ЕРІКТІҢ
АФРИКАЛЫҚ БУДАН АРАЛАРЫНА ДЕГЕН
ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫ.
Ақшаны меңзейтін Ерік, африкалық бал арасының еңбекқор, балды көп
беретінін естігенде, тікұшақ арқылы оны алдыртып, өзінің омартасында
өсірмекші болды. Бірақ, бұл жағдайды анасы естігенде “бүгін балын
берсе, ертең уын ұсынады” деп өзінің наразылығын білдіреді. Шынымен
де ара өте қауіпті еді, өйткені оның кесірінен Африкада 1969 жылы 200
адам өлген.

ШАРЫҚТАУ ШЕГІ: НҮРКЕНІҢ
СОНАДАН ҚАЙТЫС БОЛУЫ
Нүркен былай айтқанда , өз баласының қолынан өлім іздеп тапты деп айтсақ
та болады. Жауыз, мал өлтіретін сона есік алдында отырған Нүркені
шағуымен оқиғаның шарықтау шегі басталады. Асықпай дәрет алып, шалқая
жатып, Алладан кешірім сұраған Нүрке, кенеттен шоқынып “ О господи,
прости своего грешнего” деп көзін жұмған кезде осының бәріне қарап
отырған Айна “ апатайым-ау мынауың не?! ” деп талып қалады.

ОҚИҒАНЫҢ ШЕШІМІ: ЕРІКТІҢ
ДҮНИЕҚОҢЫЗДЫЛЫҒЫ

Аяқатала келе, Ерік басын жоғалтардай қатты ғашық болған
қызды көру үшін, өзінің тарихи өзеніне барады. Ақ аттан түсе
келген арман сұлуын көргенде “А, Құдай, араға айналсам екен,
ара болып, арғы бетке ұшсам екен” деп армандайды. Кенеттен,
арманы орындалады.Бірақ та Ерік бал арасына емес , көкбас
сонаға айналады. Ұшып өз ғашығының иығына барып қонған
сәтте, сұлу қатты қорыққанынан қолындағы қамшымен
иығындағы араны өлтіреді. Жаңа азат жолында автор Еріктің
араға айналуының себебін “дүниеқоңыз адам тек сонаға ғана
айналады” деп әзілмен жеткізуімен аяқталады.
Материалды PDF форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
26 ұстаз жүктеп алған
26.09.2023
6199
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі