"Органикалық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Органикалық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Органикалық заттардың жіктелуі мен номенклатурасын меңгеру кезінде жаңа тәсілдер ұсыну арқылы талдау жасауға бейімделеді; оқушыларға кеңес беруарқылы сенімділікті нығайтады; жеке тапсырмаларды орындау кезінде өзіндік ұстанымдарды қалыптастырады. Изомерия және изомерия туралы ұғымның мәнің түсінеді.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сыныбы

9

5сабақ

Күні:

Сабақтың тақырыбы:

Органикалық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы. Изомерия және изомерия туралы түсініктер.

Сілтеме

Білім стандарты,   пән бағдарламасы,  «Химия» оқулығы ,Б.А.Мансұров 11сынып оқулығы, Алматы «Атамұра» 2011жыл.

Жалпымақсаты

Органикалық заттардың жіктелуі мен номенклатурасын меңгеру кезінде жаңа тәсілдер ұсыну арқылы талдау жасауға бейімделеді; оқушыларға кеңес беруарқылы сенімділікті нығайтады; жеке тапсырмаларды орындау кезінде өзіндік ұстанымдарды қалыптастырады. Изомерия және изомерия туралы ұғымның мәнің түсінеді.

Күтілетіннәтиже

Оқушылар әр алуан кластарға жататын органикалық заттардың атауларына сәйкес жіктелуін және номенклатурасын меңгереді.Изомерия құбылысымен танысады, бір- бірлерінің пікірін тыңдауды, құрметтеуді үйренеді.

Негізгіидеялар

Изомерлер- молекулаларының құрамы бірдей, бірақ химиялық құрылыстары әр түрлі болғандықтан, қасиеттері де өзгеше болатын заттар

Құрал-жабдықтар:

Интерактивтітақта, интерактивтіктақтаарқылыPowerPoint, флипчарт, маркер, қарындаш, слайдтар, кестелер, презентециялар

Сабақтың түрі

Жаңа білімді игеру сабағы.

Әдіс-тәсілдер

топтық жұмыс, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай сұрақтар мен тапсырмалар, Жигсо әдісі

Сабақ бойынша мұғалім жазбалары

Мұғалім іс-әрекеті

І.Ұйымдастыру кезеңі

 Сергіту сәті. «Жорға» биі . Оқушылар 3 топқа отырғызылады.«Қант» тобы, «Тұздар» тобы, «қышқылдар» тобы.

ІІкезең

Фронтальды сұрақтар:

  1. Органикалық қосылыстардың ерекшеліктері неде?

  2. Органикалық химия нені зерттейді?

  3. Органикалық заттарға химиялық байланыстың қандай түрлері тән?

  4. Сигма және пи байланыстар қалай түзіледі?

  5. Коваленттік байланыстың қандай сипаттамалары бар? Байланыстың полюстігі молекуланың қандай қасиеттеріне әсер етеді?

  6. Гомолитті және гетеролитті үзілу деген не?

  7. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясын ашқан ғалым кім?

  8. Органикалық қосылыстардың химиялық құрылыс теориясының қағидаларын атандар.

  9. Көміртек атомының гибридтенуі деген не?

  10. Гибридтенудің қандай түрлерін білесіндер?

Жеке жұмыс

1)Құрамы С5Н12 молекуладағы атомдардың байланысу тәртібін көрсетіндер.

2) Құрамы С4Н12 молекуладағы атомдардың байланысу тәртібін көрсетіндер.

3) Метан СН4, этан С2Н6, пропан С3Н8, гексан С6Н12, метил спирті СН3ОН, пропил спирті С3Н7ОН, С4Н8, С6Н6 молекулаларындағы көміртек атомдарының валенттіліктерін , тотығу дәрежелерін анықтандар.Осы заттардың құрылысын химиялық құрылыс теориясы қалай түсіндіреді?

ІІІ кезең Негізгі кезең Жаңа сабақ. «Органикалық қосылыстардың жіктелуі мен номенклатурасы. Изомерия және изомерия туралы түсініктер.»

Көміртек қанқасының құрылысы бойынша органикалық қосылыстар алифатты, циклді; құрамына қарай көмірсутектер мен оның туындылары болып жіктеледі. Қосылыста гомологтық қатарлары жұрнақпен (ан,ен,ин, диен, ол, аль, он) белгіленеді.

  1. Топтық жұмыс: Жигсо әдісі . І топқа: Алифатты көмірсутектер; ІІ топқа Циклді көмірсутектер; ІІІ топқа Оттекті қосылыстар. Бұлай бөліну себептерін топта талдайды.

  2. Жеке тапсырма : С4Н10 5Н12 қосылыстарда атомдардың әртүрлі тәртіпте орналасуы мүмкін бе? С4Н10 үшін екі құрылымды, ал С5Н12 үшін 3 құрылымды көрсетіндер.

Сұрақ: Бұл заттар қалай аталады? Изомерия дегеніміз не? Изомерияның қандай түрлері болуы мүмкін?

ІҮ кезеңҚорытынды.

Химиялық құрылыс теориясының мына ережелерімен толықтырады:

  1. Құрамы мен салыстырмалы молекулалық массасы бірдей жағдайда құрылысы әртүрлі болуы изомерия құбылысын туындайды.Демек, қасиеттері бойынша айырмашылықтары бар екі немесе одан да көп заттардың бола алатының көрсететін құбылыс.

Үйге тапсырма: §2.3 ,40 бет. №13 тапсырма ,43 бет

БағалауТоптық бағалау

Рефлексия

Оқушы іс-әрекеті

Оқушылар 3 топқа бөлінеді

Мұғалім өтілген тақырып бойынша қосымша сұрақтар қояды . Әрбір сұрақтың дұрыс жауабына бір ұпайдан беріледі.Оқушының жинаған ұпай саны топқа жазылады.















Оқушылар оқулықпен танысып, топта талдайды, сосын қайтадан жаңадан топ құрылып, топта талқыланады.Оқушылар жеке дәптерге орындайды .











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
13.02.2019
6858
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі