Материалдар / Орманның пайдасы және оны қорғау. Сарамандық жұмыс.

Орманның пайдасы және оны қорғау. Сарамандық жұмыс.

Материал туралы қысқаша түсінік
Орман – ең алдымен адамның денсаулығына пайдалы. Демалыс үйлері, тынығу орындары ағаш арасына салынады. Ол жердің ауасы таза, әрі шипалы. Ормандар болмаса, ғаламшарымыздағы оттегі адамдардың тыныс алуына жетпес еді. Шаруашылықта орман өнімін пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ. Орман –жомарт табиғаттың адамға тартқан сыйы, ол байлықтың қасиетті қоймасы. Орман-тоғай – баға жетпес табиғат қазынасы, халық байлығы. Сондықтан мемлекет ормандарды, тоғайларды қорғайды. Орманды жерлерде қорықтар ұйымдастырылып, оларды ағаш кесуге, жануарларды аулауға қатаң тыйым салынған.
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Сынып: 4

Пән: Дүниетану

Сабақтың тақырыбы: Орманның пайдасы және оны қорғау. Сарамандық жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: - Орманның пайдасы және оны қорғау туралы түсіндіру;

Дамытушылық: - Ойлау қабілеттерін, сөйлеу тілін дамыту;

Тәрбиелік: - Орманды жерлерде тазалық сақтауға, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ, сарамандық жұмыс жүргізу

Сабақтың әдісі: түсіндіру, СТО элементі

Көрнекілігі: тақырыптық суреттер, сөзжұмбақ

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Табиғат ол - анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

II. Өткенді қайталау.

- Балалар, орман дегеніміз не?

- Еліміздің қай жерлерінде ормандар кездеседі?

- Орман мен тоғайдың қандай айырмашылығы бар?

- Орман мен тоғайда өсімдіктердің өсуіне, жануарларға жағдай бар ма?

- Ормандар қандай болып бөлінеді? (шыршалы, қарағайлы)

- Орманда қандай ағаштар өседі? (қайың, көктерек)

- Қайың қандай ағаш?

- Қандай жануарлар кездеседі? (тиін, борша тышқан, сілеусін)

- Орманда қандай құстар кездеседі? (тоқылдақ, шымшық, жапалақ)

III. Жаңа сабақ.

  • Балалар, біз бүгін «Орманның пайдасы және оны қорғау» тақырыбын өтеміз.

Орман – ең алдымен адамның денсаулығына пайдалы. Демалыс үйлері, тынығу орындары ағаш арасына салынады. Ол жердің ауасы таза, әрі шипалы. Ормандар болмаса, ғаламшарымыздағы оттегі адамдардың тыныс алуына жетпес еді. Шаруашылықта орман өнімін пайдаланбайтын бірде-бір сала жоқ. Орман –жомарт табиғаттың адамға тартқан сыйы, ол байлықтың қасиетті қоймасы. Орман-тоғай – баға жетпес табиғат қазынасы, халық байлығы. Сондықтан мемлекет ормандарды, тоғайларды қорғайды. Орманды жерлерде қорықтар ұйымдастырылып, оларды ағаш кесуге, жануарларды аулауға қатаң тыйым салынған. Қазақстан жерінде он шақты қорық бар. Өсімдіктер мен жануарлар қорғауға алынып, азайып кеткен түрлері Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген. Егер қорғау шараларын жүргізбесе, олар мүлде жойылып кетуі мүмкін. «Қызыл кітап» міне, осындай өсімдіктер мен жануарларды қорғауға шақырады.

Орманды қорғауға берілген ережені оқып, есте сақтауларын айту.

IV. Пысықтау.

Оқулықпен жұмыс.

(Оқушыларға тақырыпты тізбектеп оқыту)

Тақырып бойынша сұрақтарға жауап алу

Сөзжұмбақ шешу (ауызша)




Т

о

ғ

а

й


қ

а

р

а

ғ

а

й

А

л

м

а

т

ы



б

а

р

ы

с

т

и

і

н







1. Шөл мен шөлейттегі өзен аңғарларында не өседі?

2. Ормандағы алып ағаш

3. Қазақстандағы қорықтардың бірі

4. «Қызыл кітапқа» енген жануар

5. Қарағай бүрімен қоректенетін жануар

  • Балалар, мен сендерге «Орманда» мәтінін таратамын. Қазір осы мәтін бойынша орманды көз алдарына елестете отырып, түсіңгендеріңді сурет түрінде салыңдар.

Есіңе сақта!

Демалыс еді. Біз орманға серуендеуге шықтық. Орман ауасы таза. Мұнда әр түрлі ағаштар жайқалып өсіп тұр. Құстардың сайраған дауыстары, бұлақтың сыбдыры естіледі. Мұнда саңырауқұлақ, жайқалған гүлдер көп, орман шөптері жап – жасыл. Мынау - тиін. Ол ағаштан ағашқа секіріп, жаңғақ теріп жүр. Орман іші қандай тамаша!

  • Балалар, айтыңдаршы, біз орманда өзімізді қалай ұстауымыз керек? (оқушылардың жауабы тыңдалады: қатты сөйлемеу керек, ластамау керек, от жақпауымыз керек)

Сарамандық жұмыс

Орман мен тоғайдың айырмашылығы, ормандағы ағаштар, өсетін өсімдіктер, мекендейтін жануарлар мен құстар

Орман: жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір - біріне жақын өскен ағаштың бір немесе бірнеше түрлері бар табиғи кешен. Жарық түсетін қарағайлы орман сияқты жерлерде, топырағы құнарлы, ылғалы мол жерлерде қойбүлдірген, таңқурай, тошала, қарақат, долана, мүкжидек, сиырбүлдірген, мойыл, балшытыр, айдаршөп, қоғажай көктерек. қарағай, шырша, қайың сияқты өсімдіктер көп. Кауфман көкгүлі «Қызыл кітапқа» енген. Орман өсімдіктері адамға пайдалы, дәрілік қасиеті бар. Оларды емдік шөптер дейді.

Тоғай: Шөлейт пен шөлдегі өзен аңғарында, кішігірім көл жағалауында ну тоғайлар өседі. Шағын тоғайлар ылғалы бар сайларда кездеседі. Тоғайда жидек көп. Өзен аңғарларында шабындықтар жайқалады. Тоғайда терек, тораңғы, бұталардан шеңгел, ұшқат өседі. Жануарлары да ағашты, бұталы жердің тіршілік жағдайына бейімделген. Көпшілігінің түсі ағаш діңіне ұқсас қызғылт, қоңыр, сұр немесе жапырақ тәрізді теңбіл, жасылдау болады. Сілеусін, борша тышқан, тиін — жануарлары, тоқылдақ, көкқарға, шымшық, жапалақ — орман қамқоршылары. Тоғай жануарлары бартоғай бұғысы, елік, қасқыр, түлкі. Қалың тоғайларда қырғауыл, мысықторғай, жамансары кездеседі.

Ағаштар: тораңғы, қарағай, қайың, терек т.б.

Өсімдіктер: саңырауқұлақ, долана, айдаршөп, қойбүлдірген т.б.

Жануарлар: суыр, құндыз, арыстан, тиін, қасқыр т.б.

Құстар: жапалақ, үкі, тоқылдақ т.б.

V. Қорытынды

- + ? V бойынша сабаққа қорытынды жасау.

- Балалар, біз бүгін не туралы өттік?

- Орманның қандай пайдасы бар?

- Біз оны қалай қорғауымыз керек?

- Орманды, тоғайды қорғамасақ қандай күйге ұшырайды?

- «Қызыл кітап» деген не?

- Оған қандай жануарлар мен өсімдіктер енген?

- Қазақстан жерінде қанша қорық бар?

- Қорықтарды ұйымдастырудың қандай маңызы бар?

VI. Үйге тапсырма: 85 – 86 бетті оқу, әңгімелеу.

VII. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды атап өту.






















ЖИ арқылы жасау
23 Желтоқсан 2018
8656
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі