2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / ӨРНЕК МОТИВТЕРІН ДИЗАЙН САЛАСЫНДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ӨРНЕК МОТИВТЕРІН ДИЗАЙН САЛАСЫНДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлттық ою-өрнектерді пайдалану мен үйрету шарттарын анықтау, халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық мәдениетке баулу, ою-өрнектерді пайдалана отырып ұлттық тәрбие беру.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қазақ-Орыс халықаралық университеті







Суниятова Гүлсезім Азаматқызы







ӨРНЕК МОТИВТЕРІН ДИЗАЙН САЛАСЫНДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ




МАГИСТРЛІК ЖОБА

академиялық зерттеу дәрежесі: Өнертану ғылымының магистрі

мамандығы: «6М042100- Дизайн» (ғылыми-педагогикалық)














Ақтөбе

2020


Мазмұны



Кіріспе

3

І

Қазақ қолөнерінің даму тарихына теориялық негіздеме

13

1.1.

Ою-өрнек мотивтерінің құрылымы, шығу және тарихи даму кезеңдері

13

1.2

Ою-өрнектің қазақ мәдениетіндегі алатын орны

18

ІІ

Өрнек мотивтеріндегі композиция заңдылығы

24

2.1

2.1. Композицияның орындалу әдіс – тәсілдері және құрылымы

24

2.2

2.2. Ою – өрнектердегі реңдік және түстік қарым-қатынастар. Түс туралы түсінік

42

ІІІ

Ою – өрнек мотивтерінің практикалық тұрғыда безендіру мәнділігі және нәтижесі

54

3.1

Ою-өрнек және синтез компоненті ретінде

54

3.2

Заманауи дизайндағы ою-өрнек арқылы іске асырылған қолөнер бұйымдары

80


Қорытынды

92


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

101


Қосымшалар

106


Қосымша 1

106


Қосымша 2

107

























Кіріспе


Қазақстанның білім сапасын көтеру – Елбасының Жолдауында айқындалған басымдықтардың бірі. Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне енуі елімізде қоғамның дамуы, жоғары мектептен студенттерді жоғары сапалық деңгейде оқытуды, осы арқылы жаңа нарықтық жағдайларда болашақ мамандарды кәсіби қызметке даярлауды талап етеді. Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы мен 2050 жылға дейінгі дамыту бағдарламасы, әлемдік білім стандарты талаптарына сай маман даярлауды күн тәртібіне қойып отыр. Сондықтан жоғары мектептегі оқу үрдісі қазіргі қоғамның сұранысына сай, бәсекеге қабылетті болашақ маманның шығармашылық потенциялын дамытуға жол ашу қажет. Қазіргі өндірістік – технологиялық және ақпараттық қарым – қатынас салаларының қарқынды дамуы жағдайында адам болмысы жүйесіндегі өнердің маңыздылығы арта түсуде. Жеке тұлғаның жалпы адамзаттық идеалдарға ұмтылысының, мәдени – тарихи жетістіктерге қатыстырылуының маңызды факторының бірі дизайн өнері даму үстінде, оның ішінде әлемдік мәдениеттен өзіндік ұлттық болмысты айқындап көрсететін этнодизайн өнері болып табылады. Себебі ол эстетикалық, практикалық және өндірістік мәнге ие.

Қазақстанның қоғамдық, әлеуметтік-экономикасында болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесінің жаңарып, жетілуіне елеулі ықпал етуде. «Білім беруді дамытудың 2005-2020жж. арналған мемлекеттік бағдарламасы» білім беру жүйесін қоғамның білікті мамандарға деген қажеттіліктерімен тығыз бірлікте дамытуды қарастырады. Мұның өзі кәсіби мамандыққа оқытуды кеңейтуден және жекелеген пәндерді тереңдете оқыту бағдарламаларының ашылуынан көрініс табуда. Бұл бағытта шығармашылық, көркемдік білім беру пәндер циклін оқыту ерекше мәнге ие болып отыр. Бүгінгі ақпараттық қарқынды даму жағдайында түрлі көркем-шығармашылықтың ерекшеліктерін меңгерген адам өте қажет, өйткені ол қоғамдағы материалдық және рухани мәдениеттің бірлікте дамуын шешуші тұлға болып табылады. Адамдардың рухани, өндірістік қажеттіліктерін қанағаттандыратын көркемдік технологиялардың, жасанды өнер түрлері мен шынайы нәрсені көркемдеп қайта өңдеп жасайтын жаңа техникалық қондырғылардың мәдени-көркем үйлесімдердің пайда болуымен көркемдік мамандықтардың саны артып, беделі жоғарылады, оны меңгерудің шарттары күрделенді.

Қазіргі әрекеттегі материалдық және рухани өндіріс салаларының бәрі қоғамдық мәні бар құндылықтарды жасай алатын, эстетикалық тұрғыда жетілген мамандарды талап етеді. Өйткені, өндірілетін отандық әрбір тауар өзінің көркемдігімен, форма үйлесімділігімен, адам сезіміне беретін әсерімен тартымды болуы керек. Осындай талап тұрғысында бейнелеу өнері мұғалімдерінің көркемдік білім беруге даярлығы қоғамның әлем нарығында елеулі орын алатындай өзіндік үлес қосуы тиіс.Бүгінгі күн практикасында этнодизайнның мазмұны мен ұғымдарының тұрақты, нақтылы болмауы және оны зерттеу қажеттігі арасында қайшылықтарды көрсетуде. Осыған сәйкес, ғасырлар бойы қалыптасқан мұраның бүгінгі күнге жетуіне халық шеберлерінің қосқан үлесі айтарлықтай. Шеберлер қолынан шыққан көз тартарлық өнер туындыларының эстетикалық маңызы, тәрбиелік мәні зор.

Сонымен қатар, ол ата-бабаларымыздың тұрмыс тіршілігінің табиғатпен байланысын, салт-дәстүрін көрсетеді. Қолөнер халықтың тұрмыс тіршілігімен тікелей сабақтас болғандықтан, қашан да адамға жақын әрі түсінікті.

Қолөнер туындылары жастарды әдемілікке, сұлулықты көре білуге тәрбиелейді және эстетикалық талғамын ортаға деген көзқарасын қалыптастырады, ұлттық мәдениеттің дамуына ықпал жасайды. Өзіміздің туған Республикамыздан табылып отырған ежелгі дүние өнерлі ғалымға көп жаңалык әкелді. Қола, темір дәуірлерінде осы аймақты мекендеген біздің ата-бабаларымыздың қолынан шықан өнер шығармалары өзінің бейнелігімен, айтар ойының тереңдігімен ғалымдар мен археологтардың назарын аударып отыр. Осындай шығарманың бірі - қола дәуірінің шеберлері өмірге келтірген түрлі ою-өрнектер, әр түрлі бұйымдар, ожау, табақ, қасық сияқты олардың сыртқы беті өрнектен безендіріліп қажалып салынған. Сондықтан біз ерте дүние өнерін жай кездейсоқтықтан туған деп қарамай, оған көп көңіл бөліп, оны қастерлеуіміз қажет, тіпті солардан үйренуіміз керек. Өйткені, бұл - өнердің бастау - бұлағы, содан сусындап, содан нәр алып, қарыштадық емес пе?!

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ою-өрнек - адам баласының ақыл-ойларының толып-толқуымен, жүрегінің үлпілінен, өзін айнала қоршаған ортадан туған бейнелер. Гүлдің, жапырақтың, жан-жануардың бейнелері нақгы сол шыны қалпында берілмей, көшірілмей, бейнелер арқылы ою-өрнекке айналып, қолдану аясына ерекше мәнермен, үндестікпен, әуенмен жеткен. Бұл халықтың білімінің, шеберлігінің өсіп, ою-өрнек өнеріне қосқан үлесі, тапқырлығы, даныпшандығы. Ою-өрнекті зерттеген, қолдарынан сан-қилы өрнектің үлгі- түрлерін жасап көрермендерді паш етіп қуантқан зергер, ұста, шеберлерімізді, ән мен жырға қосқан әнші, ақындарымызды айтпаған күнде оларға талдау жасап тарихқа жазып, сызып кеткен қазақ колөнерінің, оюдың не екенін басқа елдерге жеткізген, көптеген шет елдердің саяхатшыларын, тарихшыларын, этнографтарын, археолог-ғалымдарын айтуға болады. Олардың ішінде В.В.Стасов, Г.Н.Потанин, П.С.Паласс, И.Георги, А.К.Гейнес, С.М.Дудин, В.Н.Чепелевті және т.б. қосып айтуға болады.

Қазақ елінің топырағынан таралып, суын ішіп жоғарғы дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген және қазақ қолөнерін жоғары бағалап, талдау жасап, оның ішіңде ою-өрнекті топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы ғалымдарымыз да бар. Олар Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, М.Мұқанов, Ө.Жәнібеков, Т.К.Бөсенов, Е.Масанов, Б.Тұяқбаева, Б.Әлмұхамбетов, Б.Ибраев, К.Ибраева, Т.Жанысбеков, Ж.Шәйкенов, Ұ.М.Әбдіғаппарова және т.б. ғалымдар зерттеген.

Қазақ ғалымы Т. Бәсенов былай дейді: "Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеушілер халық ою-өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, буржуазиялық жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілі мен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылықтарға, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды".

Аталмыш өнер кезеңіне академик Әлкей Марғұлан "Аңдабы мәнер" деп ат берген. Есік обасынан, Шығыс Қазақстаннан қазылып алынған "Алтын адам" киімі осы аңдабы мәнерінде жасалған өрнек. Міне, қазақ халқының ою-өрнек өнері осылайша түркі жосығымен, ол жосық ежелгі сақтар өнері зергерлік әшекейлермен тікелей сабақтасып отырады.  

Қазақ халқының кемеңгер ғалымы Шоқан Уәлиханов "Тәңірі" атты еңбегінде біздің ата-бабаларымыздың әдеттен тыс табиғат құбылыстарын қасиетті санайтындығын айта келе: "Айдалада дара өскен ағаш... тәу етіп, басына түнеуге жарап жатыр. Жанынан өткен әрбір жолаушы оларға ырым етіп, әлем байлап, жанына ыдыс-аяқ тастап кетеді... басына құрбандық шалады", - деп жазса, түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы саналатын "Қорқыт Ата кітабында" да тікелей ағашқа бағышталған айшықты сөз бар. Бұл жалғаннан біз ағаштың қазақ тұрмыс-тіршілігіндегі қолданыс орнымен қатар, оның ата-баба таным, түсінігінен алар жүйесін де өте айқын байқай аламыз.

Келе-келе ұлттық қолөнердің дамуында сәулет ғимараттар, мүсін, ағаштардан жасалған қазақтың музыкалық ұлттық аспаптары, күнделікті қажет тұтынатын үй жиһаздары, ыдыс аяқтар өмірге келді. Енді адамдар сәулетті  сарайлар, қалалар, ірі қорғаныс құрылыстарын салды,  ғажайып ою-өрнектермен безендіре бастады.

Зерттеу мақсаты: Ұлттық ою-өрнектерді пайдалану мен үйрету шарттарын анықтау, халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық мәдениетке баулу, ою-өрнектерді пайдалана отырып ұлттық тәрбие беру.

Зерттеу объектісі: Өрнек мотивтерін дизайн саласында қолдану еркшеліктерін заманауи талапқа сәйкес орындалу үдерісі.

Зерттеу пәні: Өрнек мотивтерін дизайн саласында қолдану еркшеліктері.

Зерттеу міндеттері:

- халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде қалыптастырылуы тиіс еңбектік іскерлік пен қабілет әрекеттерінің көрінісін айқындау;

- зерттеу тақырыбына сәйкес әдебиеттерді пайдалана отырып, ұлттық ою-өрнектерді пайдалану мен үйрету шарттарын сипаттау;

- өрнек мотивтерін дизайн саласында қолдану еркшеліктері құрылымдық – мазмұндық моделін жасау, компоненттерін, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау.

Зерттеу бағыты: Көркем, шығармашылық.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер өрнек мотивтерін дизайн саласында қолдану еркшеліктерін өскелең ұрпаққа толыққады жеткізсек, атадан балаға, көнеден жаңаға жаңғыртудың дәстүрімізге орасан зор үлесі болар еді.

Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бүгінгі таңда мәдени мұра мәселесі мемлекеттік саясат пәні болып табылуда. Н.А.Назарбаевтың пікірінше, «Мәдени мұра» атты арнайы ортажеделдік бағдарламасының бірінші кезектегі мақсаттарының бірі- «халықтың орасан мәдени мұрасын зерттеудің тұтас жүйесін құрастыру, оның ішіне қазіргі замаңғы ұлттық мәдениет, фольклор, салт-дәстүрлер де енгізілуі тиіс»[1]. Халықтардың мәдени игілігіндегі құндылықтарын тарихи тұрғыдан іске асыру көзқарасы тарапынан - мәдени мұра- сияқты маңызды құрамдасты бөлектеу қажет. Бұл уақыт тәлкегінен өткен және кейінгі ұрпақтарға ерекше құрметті, құнды болып берілетін материалдық мәдениеттің бөлігі болып табылады. Ұлттық игілік әлеуметтік маңызды – яғни ұлтты дағдарысты күндері біріктіру құралы ретіндегі қызметтің орнын алуы тиіс. Адамзаттың мәдени мұрасын сақтау- бұл біздің шақтағы және кейінгі ұрпақтардың өмірлік маңызды ісі болып табылып, ұлт үшін жүзеге асырылу тиіс. Осы өзекті ғылыми мәселе, декоративтік (әрі қарай сәндік(-қолданбалы өнердің қызметі мен орнын анықтау- өткен өмір мәдениетінің құбылыстарын жаңадан ұғынудың қазіргі замаңның күрделі жағдайында маңызды және өзекті мәселе болып табылуда. Осы аталған зерттеу жұмысы Қазақстан елінің сәндік-қолданбалы өнерінің семиотикасына, халықтық әшекей семантикасына, дәстүрлі халық өнерінің мәденитеттің ұлттіқ өзіндік тіршілігін бейнелеуге арналған. Қазақстан аумағында ғылыми сараптау мен бағалауды қажет ететін мәденитттік бірнеше орындар ашылды. Осы ұлттық салт-дәстүрлер мен көзқарастарды зерттей келе, біз адамзат мәдениетінің құбылыстар негізінде орын алған себептілік нақтылығы бар екенінде күмәніміз қалмайды. Және осы құбылыстар мәдениеттің бір-бірімен алмасатын кезеңдеріндегі қоғамдық өмірдің тұрақты, тән құрамдастары болып табылатын заңдар әрекетіне көзіміз жетеді. Дегенмен, қазақ ұлтының көркемдік мұрасына деген қызығушылық тек дәстүрлерді зерттеумен ғана шектелмей, көшпенділердің дүние-танымының көркемдік белгілерін, әдептік нормаларын ғылыми негіздеуге сүйенетін қолданбалы өнердегі эволюциялық жүйелерді тануға ұмтылады. Ұлттық дәстүрлерге, қазақ халқының рухани-мәдени құндылықтарына деген қызығушылықтың арттырылуы суретшілердің, дизайнер, зерттеушілердің әрекет алаңын кеңейтуде. Өз шығармашылығында өзіндік даралығын айқындау, дәстүрлі мәдени формаларды қалпына келтіру және құндылықтарды қалыптастырудың қазіргі идеясын толығымен көрсету, бабалар және қазіргі халықтың руханилығын салыстыру- осының барлығы халықтың өзіндік тұрмысын білдіруге, өз мұрасы туралы ұмытпауға мүмкіндік береді.

Тарихи тамырлардан бас тарту ұлттық мәдениеттің жоқ болуына келтіреді. Өзінің қайнарларымен байланысты үзу, мәселелерді шешуден бас тарту көркем мәдениетін бедеулікке ұшыратады. Сол себептен, қажетті және қайталанбас рухани құндылықтарды құрайтын және өткен ғасырлардың мұрасымен байюға мүмкіндігі бар мәдениет болашаққа деген құқыққа ие. Тәуелсіз Қазақстанның мемлекетті құрайтын ұлты ретіндегі қазақтардың ұлттық өзіндік танымын тұрақтатудағы рухани-адамгершілік құндылықтар, нормалар, идеалдарды қайта қалпына келтіру қажеттілігі идеясы бүгінгі таңда әсіресе маңызды. Адамзат өмірінің бүкіл жан-жағын қамтитын қазіргі қоғамның дағдарыстық ахуалы шектен шығуда: бір жағынан, бұрыңғы құндылықтардан бас тарту, басқасынан - өзгертілген жағдайларға қарама-стан оларды аса қорғау. Осы зерттеудің өзектілігі «социалистік қоғамның киреуінен кейін орын алған, және түрлі құралдармен руханилықтың дәстүрлі ұлттық құндылықтарына еркін қолдануды шектейтін қазіргі әлеуметтік-саяси өзгерістермен себептелген»[2]. Бүгінгі таңда қазақтардың рухани мәдениет мәселесіне түрлі ғылыми-теориялық деңгей-де жасалған көптеген еңбек арналған. Дегенмен, қазақстандық ғылым саласына бұл өз бетінше бастапқы жол болып табылады. Сонымен қатар, «адамға бүгінгі таңда даму үшін тек материалдық емес, рухани ұмтылыстар да қажет. Ескі идеологиялық жүйенің бұзылуымен, қоғамдық формацияның ауысуымен себептелген құндылықтардың қайта бағалануымен себептелген»[3] өнегелілік вакуум жағдайында адамға жоғары ұмтылыстар екпінін беріп, жас буынды халықтың, бүкіл әлемдік өркениеттің көпғасырлық рухани және мәдени мұрасына жақындастыру қажет. Қазақ ұлттық оюларын зерттеушілер қазақтар ою әлемінде тіршілік ететінін байқады. «Қоршаған орта өзіндік оюға толы. Ыдыс-аяқ, қару-жарақ, киім - барлығы оюлармен әшекейленген»[4]. Негізінде ою бастапқыда олардың көркемдік ойын білдіреді. «Ою көне дәуірінде жол-жора жасау маңызына ие болған... Бүкіл оюланған әшекейлер өз уақытысында басқаша түрде «берілетін». Ал бүгінгі таңдағы көптеген оюлардың сарындарының маңызды ойы жоғалған. Оны өркендету- болашақ зерттеушілердің мақсаты [5]. Дегенмен, халықтың сәндік - қолданбалы өнерін зерттеудегі жетістіктерге қарамастан, әрекет етудің аясы толы. Сол себептен халықтың сәндік-қолданбалы өнерінің заттарының тарихы мен туындауы туралы тереңдетілген зерттеулер жҥргізбей ғана, оның семантикалық және семиотикалық аспектілерін де қарастыру қажет. Көптеген ғалымдардың еңбектерінде көне және дәстүрлі қоғамның дүниетанымдық жүйесінің негіздері қарастырылған. Бірақ келесі қажеттіліктермен себептелген әлі көптеген шешімін таппаған мәселелер толы: яғни, номадтар ӛнерінің заңдылықтары мен ерекшелігін бекіту, ұлттық

ерекшелік жолын, оның мәндік семантикалық жағын, сәндік-қолданбалы өнердің түрік тайпалар өмірінің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық, рухани саласымен байланыстарын айқындау. Осы ұлттық мектептің бейнелеу өнеріндегі күрделі тұрақтану кезеңінде сәндік-халықтық өнердің іргелі негіздерін айқындау өте өзекті болып келуде. Адамның ғарыш туралы ұғымдарына белгілі ықпал және олардың дін, дүниетанымға, нақты шығармашылықта қамтылуы туралы қорытынды көнелердің көркемдік тәжірибесін дүние құрылымы, адамның орны және тіршілігі туралы негізгі ұғымдардың игерілуі арқылы нәтиже анық көрінуде. Көшпенділер құндылығының ерекше жүйесі дәстүрлі қазақ мәдениетін жариялау арқылы жүзеге асырылды. Себебі көне дәуірдің рухани және мәдени мұрасы біздің мемлекеттің халқының ұлттық танымы мен өзіндік танудың өсуіне айтарлықтай ықпал етті. Халық дәстурлерінің беталыстарын нығайтуда «адамзаттың биіктігінің өмірлік жолы, тұлға ішінде жаңарту, өзіндік тану және өзіндік іске асыру саласының кеңейтілуі салынған»[6]. Республика халықтарының барлық игілік бастамалары ұрпақтардың ішкі кҥшін пайдаланып, ұлттық өзіндік танудың өсуін қолдайды. Ол үшін адамның шығармашылық әрекеті мен ұлттық өзіндік танымға кешенді тәсілді қолдану талап етілуде. Халық өнерін сараптау және зерттеу дәстүрлердің түсінігін дамытады және тереңдетеді, өткен дәуір тәжірибесін, мәдениеттің сабақтастықтың өзектілік мәселесін жаңадан шешуге мүмкіндік береді. Халықтық шығармашылық дәстүрлеріне айналыс жасау қазақ халқының ұлттық өзіндіктен анықталу туралы мәселесінің өзектілігімен себептелген. Қыпшақ және басқа тайпалардың тұрмысы және әдебиеті туралы материал ІХ-ХIV ғасырлардың ортаазиаттық, араб және персиялық қайнарларында қамтылған. Оның біреуі, Ал-Йакубиның айтуынша, оғыз, қыпшақ және қаңғылдар (тҥріктер) - киізді дайындаудың нағыз ӛнерлі халықтары болып табылады дейді . [7]. XV-XVI ғасырлардағы қазақтардың тұрмысын бейнелейтін аса ертегі қайнар, бұл бухар тарихшысы Ф.Рузбиханның еңбегі. Мҧнда қазақтардың үй-тұрмысы, ат әбзелдері, зергерлік бұйымдар т.б. [8]. туралы ақпарат берілген. Қыпшақ халқының өнер ескерткіштері туралы еңбектер әлі XVIII ғасырдан бастап жариялана бастады (П.И.Лерх, В.В.Бартгольд, В.Храненко, Г.Ф.Миллер). Ал қыпшақ, қаңғыл және наймандар туралы мәлімет П.Каприни және В.Рубруктың еңбектерінде жинақталған. Сонымен қатар, қазақтардың этнографиялық суреттемесін XVIII-XIX ғасырлардағы келесі зерттеушілердің еңбектерінде айқындауға болады: П.И.Лерх, П.В.Маковецкий, Н.М.Ядринцев, Е.П.Ковалевский, А.И.Якоби, Э.Ю.Петри, П.П.Свиньин, Г.И.Спасский, А.Янушкевич, С.Большой, С.Б.Броневой, М.И.Минаев, И.Ф.Русанов, П.Медведский тағы басқалар.

Олардың еңбектері очерктік немесе өлкетанушылық сипатта болатын және мұнда қазақтардың тұрмысы, киімі, киізі туралы ақпарат қамтылған. Сонымен қатар, Қазақстанда ХІХ ғасырда болған суретшілердің суреттері де орасан этнографиялық құндылыққа ие. Мұндай суретшілер арасында И.Клапрот, Е.Корнеев, П.Орловский, П.Свиньин, А.Ф.Чернышев, Гейслер, А.Мартынов тағы басқалар ерекше ажыратылады. Және Қазақстанда 1847-1854 жж. болған ағылшын саяхатшысы және суретшісі Томас Аткинсонның «Oriental and Western» атты еңбегі қызығушылық тудыруда. Бұл тізімге украиндық поэт және суретші Т.Шевченконың, П.Кошаровтың көптеген суреттерін де қосуға болады. Ал ХХ ғасырдың басындағы суретшілер В.Н.Белослюдов, Г.Г.Гуркин, В.Н.Плотниковты қазақ халық өнерінің зерттеушілері деп атауға болады [9]. Ш.Уалихановтың да еңбектері қазақтардың халық өнері мен тұрмысын зерттеуде маңызды келеді[10]. Оның еңбектері нақты тарихи кезең – ХІХ ғасыр ортасындағы халық өнерін зерттеуде өте пайдалы орынға ие. Қазақ оюларының үлгілерін жинақтаған және оларды әйгілі өнер тарихшысы және сыншы В.В.Стасовқа жолдаған Г.П.Потанинның еңбектері де маңызды. Г.П.Потанин, сонымен қатар, қазақ халқының өткені туралы көптеген аңыз, қиял-ертегі, ертегілер жинақтаумен айналысты[11]. Қазақтардың халық өнері туралы этнографиялық материалдары мен бұйымдары ХІХ ғасырдың 60-70 жж. [12] көптеген суреттерімен бекітілген. Қазақ халық өнерінің тарихын зерттеуге маңызды үлесін ғалымдар В.В.Стасов, С.М.Дудин, Р.Карутц, А.Е.Фелькерзам қосты. В.М.Чепелев бойынша, қазақ халық өнерінің бастауы болып скифтік-ғұндық орта табылады, әсіресе өнердің алтайдық ортасы. Оның пікірінше, Қазақ халқы өз бабаларының көркем мәдениетін мұраға алған. В.Чепелев қазақ өрнектерінің бірізділігін байқайды, жеке алғанда, Ноин-улы және пазырық қорғандарының тоқыма және киіз бұйымдарынан жасалған оюлар. Сонымен қатар, қазақ халық өнерін түсінуге ағартушы-поэт Абай Құнанбаевтың да пікірлері зор. Оның пайымдауынша, қазақ қолданбалы өнері - халық дарындылығының айқындалуы. Осы қолданбалы өнер туралы мәлімет «Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу», «Қыз-Жібек», «Айман-Шолпан», «Қобланды-Батыр» т.б. поэмаларда қамтылған. Кілем оюларын Б.В.Веймарн және И.М.Сысоев та зерттеді. Және осы зерттеулер өз жалғасын қазақстандық ғалымдар У.Джанибеков, Н.А.Оразбаева, Т.К.Басенов, М.С.Муканов, М.Кадырбаев, А.Тажимуратов, К.А.Акишев, Л.Г.Ерзакович, Х.А.Аргынбаев, К.М.Байпаков, И.Захарова, Р.Ходжаева т.б. еңбектерінде жалғастырылған. Н.А.Оразбаева қазақтардың халықтық сәндік-қолданбалы өнерінің стилистикалық қоғамдастығының мәселелерін қарастырып, жергілікті қасиеттің ерекшеліктерін жеке аумақтар бойынша белгілейді [13].

8 Қазақстанның қолданбалы өнерге деген қысқаша тарихи-хронологиялық шолуы Т.К.Басеновтың еңбегінде берілген[14]. Семей қаласының суретшісі және фотографы Л.К.Полторацкая да қазақтардың тұрмыстық заттары мен киімдеріне қатысты этнографиялық материалдар мен салған суреттерін жинақтаумен айналысты. Әсіресе ерекше орын қалындықтың той бас киімі - сәукеле ісіне берілген. Академик А.Х.Марғұлан, 1986 жылы шығарылған «Қазақ халық қолданбалы өнер» фундаменталды еңбегінде сәндік-қолданбалы өнердің үлгілер материалдарын жүйелеп суреттеді. Сонымен қатар, бөлек және ерекше маңызды өнердің діни және семиотикалық аспектілерін зерттеуде ірі тіл маманы-түркітанушы, этнограф және археолог В.В.Радловтың зерттеулері иеленді[15]. Оның еңбектері бүгінгі күнге көне және ортағасырлық Қазақстанның тарихы, этнографиясы, діні және мәдениеті бойынша маңызды қайнартанушылық материал болып табылды. Келесі ұжымдық түрде жасалған монографияларды да атап өту қажет: «Оңтүстік сібір түріктерінің дәстүрлі дүниетанымы», мұнда түріктердің діни наным-сенімдері суреттелген- өлімнен кейінгі өмірге деген сенім, ата-бабалардың қорғаушылық көрсететініне сенім [16;17;18]; «Көшпенділер. Эстетика» [19], мұнда авторлар қазақ халқының көркем-әсемдік мұра материалдарында көшпенділердің әлемге деген көзқарас жүйесін анықтайды, көшпендінің әлемді тұтас түсініп қабылдағанын көрсетеді, және осымен дәстүрлі мәдениет негізінде қалыптасқан қарым-қатынастар әлемінің өзіндігі білінеді. Түріктердің дүниетанымына, олардың діни көзқарастарына қатысты зерттеулер (А.Ф.Лосев, М.Элиаде), батыстық философ-этнологтардың әдістемелері (Л.Леви-Брюль, К.Леви-Строс, В.Тэрнер т.б.), семиотикалық әдістер қолданған жаңашыл зерттеулер (В.Н.Топоров, В.В.Иванов) - архаикалық және дәстүрлі қоғам адамдарының дүниетанымдық жүйесінің негіздерін, олардың адам, оның табиғат және қоғамдағы орны туралы түсініктерін айқындайды. Э.Тайлордың «Ертедегі мәдениет» атты фундаменталды еңбегі қалыпты дамыған антропология ғылымының бастауы, жол-жораны зерттеудің бірінші тәжірибесі болды. «Бұл бағыттың жетістігі- осы жол-жораны таңдауда және оны адамзат мәдениетінің бірден - бір өзекті құбылысы ретінде түсінуі» [20, 31 б.]. Кейіннен осы мәселенің көптеген аспектілері Д.Фрэзердің еңбектерінде жарияланған [21]. Сонымен қатар, архаикалық жол-жора және оның Шығыстың фольклорлық және ертеәдеби ескерткіштерінің қалыптасуында алған қызметінің табиғатын зерттеуге бағытталған бірнеше зерттеулер бар (Л.Леви-Брюль, К.Леви-Строс, В.Н.Топоров, Е.Н.Мелетинский, Е.С.Новик, Ж.Дюмезиль, В.Тэрнер т.б.). Зерттеулердің авторлары өнердің архаикалық және

9 дәстүрлік қоғамындағы маңызды қызметін атап-өтуде- әсемдіктен басқа, нақты қызметін: «яғни аталған қоғамның барлық мүшелері сенетін материалды және өлімнен кейінгі әлем арасындағы байланысты іске асырады» [22]. Л.Н.Гумилевтың де еңбектері де үлкен қызығушылық тудырады, мұнда автор тарихи және философиялық жоспарларда көне түріктердің мәдениетінің өзіндігін негіздейді [23;24]. Сәндік өнердің әсемдік аспектісін зерттеу еңбегіне айтарлықтай үлесті М.Н. Некрасова [25], Б.А.Рыбаков [26], М.С.Каган [27] т.б. қосты. Олармен халық өнеріндегі жеке және ұжымдықтың, көне халық шығармашылығының қасиетті сипатының мәселелері жарықтандырылды. А.Ф.Лосев тереңдетіле сараптай берген «сәндік ұғымын» зерттеуде «рәміз», «бейне», «белгі» [28] секілді санаттар орасан зор маңызға ие. Рәміз деген ұғым ҥнемі өзінде бір идеяны жасыратынын және тікелей түрде түсінік талап етпейтінін атп өту қажет. Сәндік халық өнерінің бірқатар қазіргі замаңғы қазақстандық зерттеушілерін атауға болады: Ж.К.Каракузов, М.Ш.Хасанов, Р.Космагамбетова, Э.Шакенова, Б.Ибраев, Г.Елеукенов, К.Муратаев, Г.Шалабаев т.б. Сонымен қатар, осы диссертациялық зерттеуді дайындауға энциклопедиялық сипаттағы қайнарлар қолғабыс етті[29;30;31;32]. Оқу құралының негізгі мақсаты – сәндік-қолданбалы өнердің мәдениет феномені және оның қазақ халқының мәдени өзіндігін сақтауды қамсыздандыратын түрлері мен жолдарын мәдениеттанушылық сараптау зердемелер арқылы студенттерге меңгеруіне ұсыну. Зерттеудің белгіленген мақсаты- көне адамдардың ойлау заңдылықтарына еніп, өткен дәуір мәдениетінің ескерткіштерінің мазмұнын, мәнін, семантикалық мәнін ашуда сәндік-қолданбалы өнердің түрлі заттарының семантикалық, оюлық, композициялық белгілерін анықтау қажеттілігімен себептелген (тас мүсіндері, сәндік-қолданбалы өнер шығармалары т.б). Осы бекітпені қорытындылай келе, зерттеудің негізгі мақсаттары болып келесілер табылады: - туындаудың мәдени-тарихи және философиялық-дүниетанымдық жағдайларын анықтап, сәндік-қолданбалы өнерді басқа өнер түрлерінен ажырататын негізгі белгілерді жүйелеу: - этностың (халықтың( көркем мәдениетіндегі сәндік-қолданбалы өнердің дамуының табиғатын, ішкі қисынын қарастыру және оның бейнелеу өнері қатарындағы туындауының бастамасын дәлелдеу; - сәндік-қолданбалы өнердің негізгі тілін айқындаудың көптүрлілігі туралы ережені негіздеу-яғни оюды және оның негізгі түрлерін сипаттап, оюдың маңызды мазмұнын өзіне технологиялық, өрнектік, түстік-композициялық шешімнің ерекшеліктерін енгізетін факторлар жүйесімен өзара байланысын сараптау;

- қазақ сәндік-қолданбалы өнерге тән мифологиялық естің дүниетанымдық тұжырымдамаларымен байланысты қағидаларын анықтау; Зерттеудің мақсаты мен бағыты өнердің әр түрінде айқындалудың арнайы формаларын иеленетін, бірақ қағидалық тұрғыда өнердің бүкіл жүйесіне бірегей жалпы - әсемдік заңдылықтардың тіршілік ету идеясымен анықталады. Осы аталған зерттеуге теориялық-методологиялық негіз болып келесі табылды: яғни қазіргі мәдениеттану саласының адамның көркемдік әрекетін, мәдениеттің мәтіндік-маңыздық сипаттамалары. мен өмірдің рухани саласын түсіну саласындағы жетістіктер Ғылыми дамушылықтың қазіргі кезеңінде сәндік өнердің шығармаларын зерттеу әдістерін қайта ойластыру қажет, себебі көркем шығармашылық еңбектерін жеке нысандар ретінде емес, барлық тарихи, этнологиялық және мәдениеттанышылық контекстті есепке алып, сарапталу қажет. Әрине, бүгінгі таңда өнер кезеңдерін тарихи тарапынан қарау өз-өзін ақтай алмайды, себебі ол қоғамдық өмірдің саналы көріністеріне жатқызылатын бейнелердің маңызды құрамдастарынан құрастырылады, ал жүйелілік-құрылымдық зерттеу маңызды түрде зерттеуді толықтыра алады, себебі ол «бейнелеу мәтінінің» құрылымын анықтап, адамзат санасының маңыздылығына тереңделе ену үшін алғышарттар құрайды. Сонымен қатар, құрылымдық зерттеу әдістері өнер шығармасын ұзақ қалыпты даму нәтижесі ретінде түсінікті етіп, көнеліктен алынған және мұраға қалдырылған формаларды анықтауға мүмкіндік береді. Кешендік-жүйелілік тәсіл сәндік-қолданбалы өнер заттарын өзіне дүниетанымдық көзқарастардың кешенін, көркемдік-эстетикалық түсініктердің, рәсімдік және діни-сиқырлық әрекеттерді жинақтаған күрделі полиморфтық құбылыс ретінде қарауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зерттеудің кешендік әдісі Орта және Орталық Азияның көшпенді халықтарының қолданбалы өнерін құрылымдық бірлік көзқарасынан анықтауға мүмкіндік береді, және осы бірлік астында мифологиялық дүниені қабылдау ерекшелігі ықпалымен қалыптасқан және негізінде әсемдік заңдылықтар қамтылған болуы тиіс.






































І ҚАЗАҚ ҚОЛӨНЕРІНІҢ ДАМУ ТАРИХЫНА ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕ

    1. Ою-өрнек мотивтеріңің құрылымы, шығу және тарихи

даму кезеңдері


Өнер адамның дүниеге, болмысқа деген наным-сенімдерін дамытушы, саналылық пен білімділікке жетелеген қозғаушы күші және әсемдік пен сезімдердің қайнар көзі болды. Сондықтан да өнер адамның әлеуметтік дамуындағы бірден бір негізгі белгі болып табылады. Өнер адамды тұрпайы дөрекіліктен сезімталдыққа, сүйіспеншілікке баулып оны жоғары парасаттылық биігіне көтереді. Өнер адамды жан-жақтылыққа, әсемдік әлемін танып білуге тәрбиеледі. Өнер арқылы адам сұлулық пен дөрекіліктің ара жігін айыра білді, осыдан барып адамда эстетикалық талғам қалыптасты. Өнер адам тұлғасына, оның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін күшке ие. Өнер арқылы адамның адамға, табиғатқа, қоғамға деген эстетикалық қатынасын тәрбиеледі, әсемдікке деген сезімі қоршаған ортамен бірлігін сезінуі туындады. Қазақ халқының бейнелеу өнері шығармаларының көркемдік ерекшіліктері туралы бейнелеу өнерін зерттеушілер Г.Сарықұлова, М.Ғабитова, Н.Нұрмұханбетов, Ө.Көпбасынова, И.Рыбакова, А.Вандаровская, К.Ли сынды ғалымдар бағалы пікірлер айтқан. Өнер зерттеуші Г.Сарықұлованың «Қазақстан бейнелеу өнері шеберлері» атты монографиялық еңбегінде қазақ бейнелеу өнерінің даңықты шеберлері Ә.Қастеев, А.Ғалымбаева, Қ. Телжанов, М.Кенбаев, С.Мәмбеев, Х. Наурызбаев, Г.Исмайлова, Е.Сидоркин, Н.Нұрмұханбетов, С.Романов шығармаларына көркемдік тұрғыда талдау жасаған. Қазақ халқының бейнелеу өнерін зерттеушілер Г.Сарықұлова, Ш.Тұяқбаева, К.Ли еңбектерінде ұлттық бейнелеу өнері графика, кескіндеме, мүсін, сәндік қолданбалы өнер түрлеріне бөліп жіктелеген. Сонымен қатар олар осы аталған бейнелеу өнері түрлерін тарихи, тұрмыстық, портрет, пейзаж, анималистік жанрларға бөліп қарастырған. Қазақ бейнелеу өнерін бұлай етіп түрлерге жанрларға бөліп жіктеу, бұл аталған өнер шығармаларын тануға ерекше мүмкіндік туғызады. Өнер зерттеуш Г.Сарықұлованың жасаған өнертанымдық талдаулары өнерді тануға қажетті білімдер болып табылады. Ол талдауларда кескіндеме шығармаларын талдаудағы ең басты көрсеткіш ретінде шығарманың идеялық мазмұны алынады.

Өнер зерттеуші А.Болымбековтың өнертанымдық еңбектерінде ұлттық киім шығармашылығының көркемдік ерекшеліктерін тану барысында шығармалардың композициясына, ерекше мән беріп қарайтыны аңғарылады. Өнер зерттеуші К.Лидің бейнелеу өнері шығармаларын талдау барысында шығармалардың колориті мен түстер қатынастарына талдау жасаудың әдістерін қолдануға ерекше назар аударылған. Өнер зерттеушілер М.Мұхажанова, Қ.Ыбраевалардың еңбектерінде өнер шығармаларын талдау барысында оларды орындау техникасы мен технологиясына баса назар аударылады. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: қазақ бейнелеу өнерін зерттеушілер графика, кескіндеме, мүсін шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін талдау барысында негізінен төрт бағытты ұстағандығы анықталды. Олар, біріншіден, бейнелеу өнері шығармаларының идеялық мазмұнын талдау; екіншіден, бейнелеу өнері шығармаларының композициясын талдау; үшінші, бейнелеу өнері шығармаларының бояу түстерінің бірлігі мен оның шығарма мазмұнын ашудағы орны; төртіншіден, бейнелеу өнері шығармасының орындалу техникасы мен технологиясына талдау жасау болып табылады.

Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнеріне кіретін бұйымдардың көркемдік ерекшеліктері туралы Ә.Марғұланның, Ә.Тәжімұратовтың, С.Қасимановтың, Х.Арғынбаевтың, Ш.Тоқтабаеваның, М.Мұхановтың, С.Төленбаевтың, Ө.Жәнібековтың, Т.Бәсеновтың, Қ.Әмірғазиннің А.Ералинаның, еңбектерінде сипаттамалар берілген, бірақ қолөнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктеріне көркемдік өнертанымдық тұрғыдан талдау жасаудың бағыт бағдары айқын аңғарыла бермейді. Бұл еңбектерде көркем бұйымдарды талдау көбінесе этнографиялық сипатта беріліп, жеке көркем бұйымдардың формалары мен тұрмыстағы қолданылуына баса назар аударылады. Сонымен қатар қолөнерді тану барысында көркем өнер бұйымдары, сәндік, безендіру, интерьерге көрік беру, сыйлық ретінде ұсыну үшін жасалатындығы көрсетіледі. Этнограф ғалым Ә.Марғұлан қазақ қолөнері бұйымдарын дайындаған материалдарына қарай жіктеу қажеттігін көрсеткен. Ол қолөнер бұйымдарын, ағаш, метал, жүн, тері, қыш өңдеу негізінде жасалған бұйымдар, ою-өрнектер, киіз үй және оның жабдықтары, киім, құрал саймандар, ыдыс аяқтар, киіз үй жиһаздары деп бөліп қарастырады. Ә.Тәжімұратов, С.Қасиманов, Х.Арғынбаев, М.Мұхановтар колөнер бұйымдарының дамуы мен қалыптасуына ерекше мән беріп, олардың әлемдік көркем мәдениеттен алатын орнына тоқталады.

Қолөнер түрлері, материалдары мен жасау технологиясына анықтамалар беріп, атаулары мен ұғымдарын түсіндіреді. Қолөнерді халықтың көркем мұрасы ретінде бағалап, оның даму кезеңдеріне сипаттама береді. Оның дамуына әсер еткен факторлар ашып көрсетіледі. Олар көркем бұйымдардың көркемдік ерекшеліктерінің мәні заттың көркемдік сипатының тұтыну қажеттілігімен сәйкестенуін атап көрсетеді. Заттардың формалары мен түр түстері халықтың шаруашылығымен тұрмыс салтымен, салт дәстүрімен байланысты қалыптасатындығын айқындайды. Сондықтанда қолөнер бұйымдарын бағалау мазмұнының бір бағыты заттардың формалары мен түр түстері халықтың шаруашылығымен тұрмыс салтымен, салт дәстүрімен байланысты қалыптасатындығы туралы түсініктер болып анықталады. Ә.Тәжімұратов «Шебердің колы ортақ» атты кітабында колөнердің ағаштан, жүннен, металдан, қыштан және әр түрлі табиғи материалдардан жасалған, тоқу, шөку, балқыту арқылы дайындалған бұйымдардың жасалуындағы орындау технологиясына ерекше мен береді. Шебердің көркем бұйымды жасаудағы шеберлік деңгейін көркем бұйымның басты көркемдік ерекшелігі ретінде таниды. С.Қасимановтың «Қолөнер» деп аталатын еңбегінде колөнер бұйымдарының көркемдік ерекшелігін айқындауда көркемдік дәстүрге колөнер шеберлерінің көркем бұйымдар жасаудағы белгілі бір көркемдік дәстүрі болатындығына мән береді. Көркем бұйымның орындалу жасалу манеріне қарап, қандай шебер, кандай дәстүрлі мектептің туындысы екенін айқындауға болатындығын көрсетеді. Мұндай таным үлгісі бізге сәндік қолданбалы өнер бұйымдарының көркемдік ерекшелігін айқындаудың салмақты бір көрсеткіші ретінде тануымызға мүмкүндік береді.

М.Мұхановтың «Қазақстанның көркем кәсіпорындары» еңбегінде көркем бұйымдардың қанша данамен жасалғандығына мән беру қажеттігін көрсетеді. Сыйлық бұйымдардың, кілемдердің шығарылуы мен олардың сапасы арасындағы байланыс көрсеткіштеріне назар аударылады. Көркем бұйымдардың сапасы олардың тұтыну мәніне тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Мұнан шығатын қорытынды, қолөнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктерін талдау барысында сол бұйымды кім жасағандығы және оны қанша данамен жасағандығы, оның сұраныс бағыты болып табылады. Қолөнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктерінің бірі оны қандай шебер жасағандығына да байланысты. Қолөнерді зерттеу барысында А.Ералина қолөнер шеберлерін үш топқа бөледі. Оларды: халыққа белгілі «халық шебері», кәсіби білімі бар «кәсіби қолданбалы өнер шебері» және қолөнермен өз бетінше қызығушылықпен айналысып жүрген «қолөнер шебері» деп атаған. Әрине бұлардың шеберлік дәрежелері, жасаған бұйымдарының көркемдік сапалары бірдей бола бермейтіні белгілі, сондықтан да бұлар жасаған бұйымдардың көркемдік ерекшеліктерін талдау барысында бұйымды қандай дәрежедегі шебер жасағандығына көңіл аударылуы тиіс. Қолөнер шебері және ою-өрнек жасаушы шебер С.Төленбаев қазақ ою-өрнектерін үлкен төрт топқа бөледі. Олар: өсімдік тектес, аспан әлемі ұқсас, геометриялық формалар тектес және жануарлар әлеміне ұқсас ою - өрнектерге жіктейді. Қандайда бір көркем бұйым болмасын оның беті ою - өрнектермен безендіріледі. Сондықтанда қолөнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктерінің бір бағыты оның ою - өрнектермен безендірілуі болып табылады. Қолөнер зерттеушісі Ә.Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ» атты еңбегінде қолөнер шеберлерінің іс әрекетіне талдау жасай отырып, олардың кейбіреуі ағаш өңдеу, кейбіреуі металл өңдеу, кейбіреуі қыш өңдеу болып қолөнердің белгілі бір саласын жетік меңгерсе, кейбіреуі осы салалардың бірқатарымен жұмыс істеуге бейімделетіндігі туралы ой айтқан. Осыған сәйкес қолөнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктерін талдау барысында қолөнер бұйымын талдау барысындағы маңызды бір көрсеткіш ретінде оны жасаған шебердің сол бұйым кіретін салаға бейімделуі мен сол саладағы еңбек өтілі танылады. Қазақ колөнерін зерттеуші көрнекті ғалымдарымыздың бірі Ө.Жәнібеков қазақ қолөнері өзіндік ерекшелігі бар дәстүрлі өнер екендігін атап көрсетеді. Сан ғасырлар бойы ұрақтан ұрпаққа жалғасып, бұйымдардың жасалуы, формасы, ою - өрнектері, түр-түстерінің белгілі бір дәуірден, келесі бір дәуірге өтуде сабақтастығы жалғасып отырғандығын дәлелдеген. Сондықтан қолөнердегі көркемдік дәстүр сабақтастығы, қолөнердің жеке бұйымдарынан да көрініс тауып отырады. Осыған сәйкес, көркем бұйымдардағы дәстүр сабақтастығын қолөнер бұйымдарындағы көрсеткіштердің бірі ретінде тануға болады. Бұл талдаулардан шығатын қорытынды: қазақ сәндік қолданбалы өнерін зерттеушілер сәндік қолданбалы өнер бұйымдары мен шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін талдау барысында негізінен төрт бағытты ұстағандығы анықталды. Олар, біріншіден, сәндік қолданбалы өнер бұйымдары мен шығармаларының формасын талдау; екіншіден, сәндік қолданбалы өнер бұйымдары мен шығармаларының композициясына мән беру; үшінші, сәндік қолданбалы өнер бұйымдары мен шығармаларының бояу түстерінің бірлігі мен оның шығарма мазмұнын ашудағы орны; төртіншіден, сәндік қолданбалы өнер бұйымдары мен шығармаларының орындалу техникасы мен технологиясын бірлікте қарастыру болып табылады. Бұл өнердің де негізі адам, табиғат және заттық әлемді тұтастыққа, бірлікке қарастыруда жатыр.

Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы. Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының  алғашқы ою-өрнектерінің тарихы сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Мысал ретінде, қазба жұмыстарынан табылған құмыра мен ыдыстардағы өрнектер, тау-тасқа бейнеленген суреттер, сәулет өнерінде қолданған өрнектерді айтуға болады.

Дәлірек айтқанда, 1960 жылы Талдықорғанда табылған қазанда «ұлу» өрнегі бейнеленген. Алматы облысында табылған құмырада «лотос қауызы» тәріздес өрнектер болған. Бұл өрнектер неолит және  қола дәуірінен бастау алған деген болжам бар. Қазақ қолөнерінің ертеректе пайда болғанын Досбай тауларында бейнеленген суреттер мен Ұлытаудан табылған керамикалық ыдыстар да дәлел бола алады. Көне дәуірде өмір сүрген адамдардың кәсіптерінің бірі-саятшылық болғаны белгілі. Оның көріністері ретінде Қаратау жақпаларына салынған суреттерді айтуға болады. Ал орта ғасырларда өрнектер сәулет өнерінде пайдалана бастады. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде, Батыс Қазақстандағы  құлпытастарында, Тараз қаласының маңында тұрғызылған Айша-Бибі ескерткіштерінде, сонымен қатар қазақтардың баспанасы саналған киіз үйлерінде  көп бейнеленген.

Қазба жұмыстары кезінде сақ қорғандарынан алтыннан, ағаштан, қоладан, теріден, зергерлік бұйымдарынан, яғни жалры қолөнер туындыларынан  жасалған барлық ескерткіштеріне  ою-өрнек бейнеленген. Ол ою-өрнектер жан-жануарлар мен аңдардың, құстардың бейнелері болған. Сақтар зергерлік бұйымдарына (білезік, сақина, жүзік, алтыннан жасалған моншақтар) негізінен ғарыштық және геометриялық ою-өрнектердің қарапайым элементтерін бедерлеген. Олардың алғашқы оюларының бөлшектері ғарыш әлемінен туындаған деседі. Кейін келе, сақтарда сынық, жолақ, жіңішке, жуан сызықтар мен үшбұрыштар пайда бола бастады. Бұл сақтардың тұрмыс-тіршілігін айқындай бастады. Осындай ізденістің арқасында олардың сана сезімінде табиғатқа байланысты бейнелер (күн өрнегі, жапырақ өрнегі, жұлдыз өрнегі, крест бейнелері) туындап, оларда түстерді бояп, композиция жасап қолдана бастады.

Ғұн мәдениетінде сыртқы пішіні пирамидаға ұқсап жасалынған «үшбұрыш» өрнегі әйелдерінің алқасында бейленді. Ғұндар өнерінде киізге, былғарыға,, тастарға түрлі бейнелер салды. Бұл ата-бабаларымыздың тұмыс-тіршілігінен көптеген мағлұматтар алуға болады. Зергерлеі бұйымдарда жануарлар мен аңдардың бейнелері кездеседі.

Сақ тайпасының жалғасы болып табылатын үйсіндер мен қаңлылардың  мәдениеті  сақ мәдениетін одан ары қарай дамытты. Оларда темірден жасалған өрнектер көптеп кезедседі. Үйсіндер мен қаңлыларда бейнеленген ою-өрнектері басым бөлігі геометриялық элементтерден жасалынып отырды.

Түрік қағанаты өмір сүрген жәдігерлерге сүйенсек, қолөнер шеберлері үстем тап өкілдеріне арнап үй-жиһаздарын, ер-тұрман, киім-кешек, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдарына геометриялық және өсімдік тектес ою-өрнектерді салып отырды.

Қарлұқтар мен қараханидтер кезеңінде қазақ ою-өрнегінің стилі геометриялық және өсімдік тәріздес өрнек болды. Бұл кезеңде ою-өрнектерді әрлеу мен түрлі кескін берудің жаңа кезеңі пайда болды. Ою-өрнек салынған бұйымдарға қосымша фон беріп, көркемдік деңгейі өсіп отырды.

Қазақ ою-өрнек өнерін жан жақты зерттеуде ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар ат салысты. Ою-өрнек тарихын қазақ ғалымдарының саралай бастағанына небәрі 50 жылдан енді асыпты. Ғалымдардын пайымдауынша, пайда болуының бірнеше себептері бар. Адамзат ғасырлар бойы әсемдікке, сұлулыққа ұмтылған, сондықтан да ою-өрнектерді тұрмыстық заттарды безендіру үшін пайдаланған. Ою-өрнек өнерінде белгілі бір халыққа ғана тән негізгі көркемдік ерекшеліктері сақталады. Сондықтан ол халықтың бейнелеу, сұлулықты қабылдау мәдениетіліктің жоғарлылығымен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Ғалымдар халықтың өнеріне баға беру кезінде  жоғарыда аталған өлшемдерді  басшылыққа алады. Қай халықтың мәдиениетіне байыппен көз салсақта, сол халықтың өздеріне тән әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық ұстанымына сәйкес дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ою-өрнек қатыспайтын саласы жоқ  деуге де болады. Сондықтан да қолөнер саласының бәрінде де бұйымдарды көріктендіру үшін, әшекейлеу үшін ою-өрнекті молынан пайдаланған.

Халықтың тарихы, мәдениеті, дүние танымы құрылымы, тыныс-тіршідігі біртұтас дүние. Демек оның қолөнерінде зерттегенде осы тұтастықты аңғару керек. Ою-өрнекті көзбен көріп қана әсерленбей, оның атауларының мазмұнын, шығу тарихын білудің, тұспалды ойын түсінудің  маңызы өте зор. Өйткені, ою – өткен заманның хабаршысы, шежіресі  болып табылады.



1.2 Ою-өрнектің қазақ мәдениетіндегі алатын орны


Қазақ жеріндегі ежелгі түркі халықтарының көркем мұралары өзіндік көркемдік ерекшеліктері бар мәдениеттегі көңіл аударатын құбылыс. Көркем мұралардағы «Қазақтардың қайталанбас этникалық, психологиялық әлемі әлі зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние» екендігі туралы ел басшысы Н.Ә.Назарбаев ерекше атап өткені белгілі. Бұл мәселені дұрыс шешуде қазіргі ұлттық мәдениетіміз өзінің бастау көзі болып есептелетін ертедегі түркі халықтарының көркем мұраларын бүгінгі күн талаптарына сай пайдалана білу қажеттігін алға тартуда. Қазақ халқының өзіне тән қайталанбас сәндік қолөнерінің қалыптасып дамуына ертедегі түркі мәдениетінің қосқан үлесі зор.

Ежелгі 6-8 ғасырлардағы қазіргі түркі тілдес халықтардың ата бабалары төрткіл дүниенің тең жарытысын билегені тарихтан белгілі. Түркі қағанаты деген ұлы мемлекет құрып (552-745 ж.ж.), екі жүз жыл бойы әлемді таң қалдырған қоғамды басқару тәжірибелерін, дамыған экономика мен төл мәдениетін қалыптастырған іргелі ел болған. Олар тудырған мәдениет адамзат мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде дүние жүзілік өркенниеттің дамуына үлес қосқан рухани мәдени мұра болып табылады. Түркі мәдениетінің жалпы мазмұны туралы ғалымдар М.Н.Ядринцев, В.В.Радлов, С.Е.Малов А.Аманжолов айқын сипаттамалар беріп, бағалы пікірлер айтқан. Оның түрлі салаларын зерттеуде орыс ғалымдары В.В.Бартольд, А.Н.Берштам, Л.Н.Гумилев, қазақ ғалымдары Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, С.Қасқабасов, М.Жолдасбеков, А.Қ.Жұмабеков Ө.Әлеуов және т.б. ғалымдар үлес қосқан. Түркі қағанаты дәуіріндегі көркем мәдениетті зерттеу күрделі, қомақты мәселе. 6-8 ғасырларды өмір сүрген Түрік қағанатын құраған қазіргі түркі халықтарының ата бабалары бай мәдени, тарихи тұрмыс кешкен. Олар сақ дәуірлерінің өзінде алдыңғы өндіріс тәжірибелерін меңгерген. Шет ел мен қазіргі түркі халықтарының ғалымдарының зерттеулері мен «Қазақ тарихы» 1-томының деректеріне сүйенсек, түркі мемлекеті сол кезеңдегі экономикасы дамыған елдердің бірі болған. Сол кездердің өзінде-ақ мал мен ауыл шаруашылығының көзін тауып, мал етін азық етіп, терісінен неше түрлі өнім өңдеп, тұрлі бұйымдар жасап, киім кешек тіккендігі белгілі.

Түркі қағанатының халқы темір балқытып, онан сан алуан үй бұйымдары мен қару жарақтар жасаған. Ағаштан түйін түйіп, тұрмысқа қажетті құралдар соққан. Тастан қашап мүсіндер, құлыптастар, тас қақпалар, май шамдар жасап, балбал тастарды өңдеген. Қыштан әр түрлі құмыралар, көзелер, табақтар, сүт пен май, қымыз бен қымыран құйатын ыдыс бұйымдар жасау түркі елінің ізденімпаздығы мен көркемдік білімі болғандығын аңғартады. «Күлтегін» жырына қарағанда тұрік халықтары ұл баланы мал бағу мен қолөнер шеберлігіне, аң аулап, садақ тартуға әкесі баулыса, қыз балаларды үй жинап, ас пісіріп, кесте тігу мен өрнек тоқуға анасы тәрбиелеген.

Түркі халықтарының киіз үйлерді, жазғы тұратын шатырларды безендіруі адамдар өмір сүрген орта үшін әсемдіктің болуы шарт ескергендігін қалағандығын көрсетеді. Белгілі ғалым М.Аджидің «Полынь половецкого поля» деген еңбегінде түркі халықтары балаға жастайынан қоршаған орта құбылыстары арқылы білім беруге ұмтылғандығын көрсетеді. Ежелгі түркі халықтарының өзіне тән халықты білімдендіру жүйесі болған. Бұл жүйе бойынша баланы бесіктен бастап, отбасында тәрбиелеуге көңіл бөлінген.Олар балаларын Қытайға, Грецияға оқуға жіберген. Тастарға әдемі етіп өрнек салу үшін жазу, сызу өнерін меңгеру қажеттігі белгілі, сондықтан мектептерінде геометрия, математика, сурет сабақтары жүрген болуы мүмкін. Онымен қатар мемлекеттік деңгейдегі жеке қолөнершілікке үйрету мектептері болған. Бұларда балалар каллеграфиялық жазуға, музыкаға баулумен қатар темір мен ағаш ұсталығына, мүсін жасауға үйретілген. Темірден соғысқа қажетті қару жарақтарды, тастан, ағаштан, қыштан неше түрлі тұрмысқа қажетті бұйымдарды жоғары сапамен жасай білген. Үлкен сарайлар мен үйлер тұрғызып, жүк тасуға арналған арба мен көшіп қонуға лайықты арба үстіндегі үйлер жасаған. Түркі халықтарының көркем мәдениетінің бір бағыты бозбала мен бойжеткендерге арнап әшекейлеп жасалған жүзіктер мен белдіктер, бойтұмар мен шолпылар болған. Сонымен қатар әдемі қобдишалар мен сиясауыттар, алтыннан, күмістен, жезден, қыштан сәндендіре жасаған жүзік пен белдіктер, алқа мен сырға, бойтұмар мен шашбау, колайна, ыдыстар мен қару жарақтар түрік әлемінің озық көркем өнер туындылары ретінде танылады»[33,34].

Зергерлер мен ұсталардың өнерінен туындаған әшекейлі бұйымдар бойжеткен арулар бойына көрік пен ажар, жігіттерге жігер мен сенімділік берген. Түркі халықтарының көркем мәдениетінің ерекшеліктерінің бірі әшекей бұйымдарының бетіне жазылған өнегелік жазбалар мен өрнектер. Алтынан күмістен әшекейленген бозбала белдігіне: «Бойыңа қуат берсін» деген сөздер жазылса, қыз балаға арналған жалпақ белдікте «Бойың тік, қадамың нық болсын» деген тілектер жазылатын болған. Ертедегі түркілердің ұстанымы бойынша жастарға үлгі өнеге болатын сөздер көзге көрінетін жерлерге жазылған, ондағы жазулар тәлім тәрбиелік роль атқарған.Ежелгі түрік халықтары ақыл мен өнер тәрбиесі бірін бірі толықтырушы қасиетке ие деп түсінген. Темір өңдеу өнерінде құлып, қыш өнерінде айналмалы құрал осы кезде ойлап табылған. Түркі халықтарының көркем мәдени мұраларын сараптау нәтижелері қазақ сәндік қолөнері өз бастауын түркі халықтарының мәдениетінен алғандығын көрсетті. Түркі халықтарының көркем мәдениетінің мұралары болып табылатын сәндік қолөнерін мынандай топтарға бөліп жіктеуге болатындығы көрінді: олар ағаш өңдеу өнері; метал өңдеу өнері; зергерлік өнер; мүсін өнері; тері өңдеу өнері; қыш өңдеу өнері. Ағаш өңдеу өнерінің өнімдері ретінде киіз үй қаңқасы, ер, келі, келсап, түрлі ыдыс аяқтар т.б. бұйымдар мен щаруашылық заттары танылады; метал өңдеу өнерінің өнімдері ретінде қазан, ошақ, үзеңгі, ауыздық, садақ, найза, қалқан т.б. бұйымдар танылады; зергерлік өнерінің өнімдері ретінде шашбау, сақина, білезік, қапсырма, сырға, сәукеле мен ер тұрман ат әбзелдерінің әшекейлері т.б. бұйымдары анықталады; мүсін өнерінің өнімдері ретінде құлыптастар, балбал тастар, диірмендер, қақпалар, және т.б. бұйымдары танылады; тері өңдеу өнерінің өнімдері ретінде белдік, кемер белдік, өмілдірік құйысқан, торсықтар, тондар теріден жасалған киімдер, т.б. заттар жатады; қыш өңдеу өнерінің өнімдері қатарына құмыралар, көзелер, шырағдандар, табақтар кеселер, су, сүт, қымыз т.б. құятын ыдыстар кіреді.

Түркі халықтарының көркем мәдениетінің мұраларын сараптау нәтижелері бұл көркем мұралардың қазіргі қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері бұйымдарының формасымен, өлшемдерімен, технологиясымен, түр түсімен, жасау дәстүрімен, эргономикасымен ұқсастықтары көп. Бұл жағдай бізге қазіргі казақ қолөнерінің бастауы түрік халықтарының көркем мәдениеті екендігін дәлелдей түседі. Түркі халықтарының көркем мәдениетінің мұралары болып табылатын сәндік қолөнерін тану бағдарламасын мынандай бағыттарға бөлуге болатындығы айқындалды:

бірінші, түркі халықтарының көркем мәдениеті мен қоғамдық даму барысы;

екінші, түркі халықтарының көркем мәдениетіндегі қолөнер байланыстар;

үшінші, түркі халықтарының қолөнерінің түрлері мен оның дамуы;

төртінші, ежелгі түркі халықтарының қолөнері мен қазіргі қазақ қолөнері;

бесінші, түркі халықтарының көркем бұйымдары;

алтыншы, түркі халықтарының қолөнер бұйымдарын жасау технологиясы;

жетінші, түркі халықтарының қолөнерге жастарды тәрбиелеуі.

Осыған орай, қазақ халқымыздың көне дәуірлерден өшпес мұрасы болып ұрпақтан ұрпаққа, әкеден балаға сабақтасып, тізгінің ұшында өзіндік тарихынан әдет – ғұрыппен сәндік көркемдік жолмен көшпенді елімізді бүкіл әлемге өзіндік ерекшілігімен таныта білген – қолөнер.

Қолөнердің халықтың әлуметтік, салт-тұрмысында алатын орынының қаншалықтты  биік, жоғары екеніне сене алсаң – оның ішінде қол өнерді нақышына келтіріп әдемілік, әсемдік дүниенің ауқымын кеңейткен ол - ою-өрнек .

Ою-өрнек сөздері бір мағынаны білдіреді. Бедері түсірілген үлгіні ойып кесіп, қиып немесе екі затты ою кесіп, қиюластыру ою деп аталады.  Ал киім-кешекке, түскиізге, т.б. қолөнер  бұйымдарына кестелеп бейнеленетін бедер, сол сияқты тоқылатын алашаға, басқұрға және қоржынға түсірілген түрлі геометриялық бедерлерді өрнек дейді. Өрнекті тасқа, ағашқа күйдіріп қашап бояп түсіруге болады. Сонымен ою және өрнек деген сөзі бірігіп келіп, латынша «Орнамент» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз көп халықтың тіліне сіңген термин, мағынасы – сәндеу,  әсемдеу.

Қазақ ою-өрнегі — ғасырлар бойы дамып келе жатқан өнер туындысы. Халқымыздың қай қол өнері саласын алсақ та, ою-өрнектердің өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларындағы элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі.

Көне түркілердің түсінігі бойынша, құс — көктің, балық — судың, ағаш — жердің белгісі. Сол қазақ ою-өрнегінің мақұлық аты, нәубет аты, ғарыштағы, тіке сызықты, нышандық, танымдық т.б. сарындарының мазмұнын байыта түсті. Халқымыздың ғасырлар бойы мұра болып келе жатқан алпысқа жуық оюлардың мазмұны мен нұсқасын, атауларын жинақтап келеді

Бұйымдарда жан-жануарлардың мүйізі, дене мүшесі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, бөрінің құлағы немесе иттің құйрығы т.б. және өсімдіктердің түрлері кеңінен бейнеленген. Ою-өрнек өнері — қазақ халқының ауыз әдебиеті секілді мәдени шежіре. Мақсат, болашақ ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы өнерді таныстырып қана қоймай, оны қолөнер, сурет, сәулет өнері және өндіріс салаларына өндіре отырып осы өнерді қайта жаңғырту, оған жаңа мазмұн беру.

Қазақ халқының ою-өрнек өнерін жан-жақты зерттеуге ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар ат салысты. Ал еуропа, орыс өнертанушы ғалымдары бұл туындыларды XVIII ғасырға дейін зерттеп, көп ғылыми еңбек  қалдырды. Төл өнерімізді Зерттеуге В. Вансалов, А. Хедона, саяхатшы Джен-Кинсон, Р. Карутц, С. Дудин, В.Радлов, В. Бартольд, Е. Шнейдер, М.В. Рындин т.б. сол сияқты көптеген орыс және Еуропа ғалымдары мен жиһанкездері елеулі үлес қосты. Олар қазақтың ою-өрнектерін ғылыми тұрғыдан талдап, шығу тегіне сипаттама беруге тырысқанымен, олардың жасаған тұжырымның бәрі де қазақ ою-өрнектерінің ішкі ұлттық табиғатын, мазмұнын аша алмаған еді. Бұл орайда қазақ ою-өрнегін алғашқы рет зерттеген қазақ ғалымы Т. Бәсенов былай дейді: "Қазақ ою-өрнегін зерттеуде әр уақыттың, әр саланың ғалымдары көп еңбек етті. Бірақ бұл зерттеушілер халық ою-өрнегінің жұмбақ тілін жете түсіне, шынайы сырына үңіле алмады. Олар өз ойларын халқымыздың өнер кілтін ашатын тума тілде емес, буржуазиялық жат тілде, өзге халыққа деген астамшылық көзқараспен саралады. Өнерін зерттеп отырған халықтың тілі мен зерттеушінің ойы мен тілінің үндестік таппауы көптеген бұрмалаушылықтарға, тіпті елеулі ағаттықтарға әкеп соқтырды". Көптеген  зерттеушілер кеңестік кезеңге дейін. Қазақстанның халықтық өнерін, атап айтқанда, ою-өрнектерін зерттеуге экзотика немесе құрып бара жатқан мәдени мұра ретінде қарады. Мұның астарында жалпы алғанда, дамудың сарқылмас қайнарларын түсінбеу  жатқан еді.

Қазақ елінің топырағынан таралып, суын ішіп жоғарғы дәрежелі білім алып, сол білімдерін басқа ел мамандарына таныта білген және қазақ қолөнерін жоғары бағалап, талдау жасап, оның ішіңде ою-өрнекті топтастырып бір жүйеге келтірген этнограф, тарихшы, әдебиетші, өнертанушы ғалымдарымыз да бар. Олар Ш.Уәлиханов, Ә.Марғұлан,  Х.Арғынбаев,  С.Қасиманов, М.Мұқанов, Ө.Жәнібеков, Т.К.Бөсенов, Е.Масанов, Б.Тұяқбаева, Б.Әлмұхамбетов, Б.Ибраев, К.Ибраева, Т.Жанысбеков, Ж.Шәйкенов, Ұ.М.Әбдіғаппарова және т.б. ғалымдар зерттеген.

Қазақ халқы әсемдікті таңдай білген. Осындай әсемдікті таңдай білген хас шебер оюшы зергерлеріміз осы ою-өрнеке бояу түрлерін пайдалануды да, жете меңгерген. Халқымыздың ою-өрнектерінде басым түс ақ пен қара болып келеді. Бұл ою-өрнектердің ең шешімін тапқан жарасымды түрі болып есептелінеді. Ақ пен қара түс бір – бірін айқын ашып, қандай затқа пайдаланса да, анадайдан көздің жауын алып, сән беріп тұрады. Асқан шеберлер былғарын ақ күміспен әшекейлеп, түс киіз жасаған. Бұл түсті халқымыз ең жоғары бағалаған, қастерлеген»[35]. Әрбір түстің өз мән мағынасы бар. Мысалы: қазақ қолөнерінде қолданылатын түстердің символдық мәні бар: көк түс — аспанның, қызыл-оттың, күн көзінің, ақ түс — ақиқаттың, сары-ақыл-парасаттың, қайғы-мұңның, қара-жердің, жасыл-жастықтың, көктемнің символы. Бұйымдағы ою-өрнек осы түстердің бірімен бейнелегенде ғана оған белгілі мән беріледі. Сырмақ сыруда қара мен ақ түсті пайдалану қалыптасқан, сол сияқты көк пен сары түстің, көк пен жасыл, қара  мен ашық қызыл, түстің қатар пайдаланылуы ғасырлар бойы дәстүрге айналған. Көбінесе түстер нақ ортадан бастап шетке қарай түрленеді. Сонда ортада қара, ақ, қызыл, жасыл. Сары көк түс келеді. Бұл ұлт өрнегінде түстерді орналастырудың көне мәнері. Өрнек атауларын түгел қамтып, олардың әрқайсысына жеке атау беру мүмкін емес, әр шебер өзі жасаған ою-өрнекке өзі ат береді. Сол оюдың пайда болу тарихын оюшыдан артық ешкім білмейді. Ою-өрнек саласын зерттеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп, мынандай топтарға бөлген:

1. Өсімдік типтес ою-өрнек ("жапырақ", "үш-жапырақ", "шиыршық гүл", "ағаш" т. б.)
2. Зооморфтық ою-өрнек (жан-жануарлардың табиғи және мифтік бейнелері, "қошқармүйіз" жөне оның түрлі нұсқалары: "қосмүйіз" "сынықмүйіз", "қырықмүйіз", сондай-ақ "өркеш" "табан", "ботамойын", "кұсқанаты" т. б.)                        
3. Космогониялык өрнек («дөңгелек», шымай,төрткөз, айшық )
4. Геометриялық өрнек(«ирек», «қармақ», «балдақ» т.б)

Ою - өрнегінің атаулары. Ою - өрнектің көне атаулары – халықтың тарихы мен мәдениетінен, ұлттық ерекшелігінен, ертедегі дүниетанымынан мол мағлұмат беретін құндылық. Олар – халықтың өткен тарихы рухани, мәдени – материалдық өмірінң айнасы. Қазақтың «ою» және «өрнек» деген сөзі бірігіп келіп латынша «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Бұл сөз көп халықтың тіліне сінген термин, мағынасы – сәндеу, әсемдеу.

Қазақ ою - өрнегі әлі түбегейлі, жан – жақты толық зерттеле қойған жоқ, дегенмен, бұл өнер саласын белгілі бір жүйеге келтіруге этногграф, өнертанушы Садық Қасиимов пен архитектор – ғалым Тілеутай Бәсенов ою туралы біраз деректер қалдырды. Ою - өрнек саласын зерттеп жүрген ғалымдар оларды бір жүйеге түсіріп, мынадай топтарға бөлген.

  1. Өсімдік типтес ою - өрнек («жапырақ», «үш жапырақ», «шиыршық», «ағаш»);






2. Зооморфтық - ою – өрнек (жан – жануарлардың табиға және мифтік бейнелері) «қошқармүйіз», және оның түрлі нұсқалары «қосмүйыз», «сынық мүйіз», «қырықмүйіз», сондай – ақ «өркеш», «табан», «ботамойын», «құсқанаты».






  1. Космогониялық өрнек («дөңгелек», «ирек», «шимай», «торкөз»)






Бүгінгі таңда халқымыздың мәдени өзекті бір саласы – ою – өрнек өнері қайта дамып, бай мазмұнға ие болып жаңа түр тауыс, саналы өміріміздің кәдесіне жарауда.

Қазақ және қырғыз қолөнерінде аса бір айрықша көзге түсетіндей айырмашылық жоқ, бұл е кі халықтың түр тамырының бір екенің дәлелдейді.

Эпиограф Сауық Қасмонов пен сәулетші Төлеутай Бәсеновтың ою – өрнектері туралы жазбылған ғылыми еңбектері бұл өнер түрін өз тарихы, даму жолы, задылықтары бар тұтас сала ретінде таныпты. Осы салаға біріңші таңда үлкен үлес қосып жүрген білікті шебер, суретші Сапар Төленбаев шебердің оюлары ұлттық нақышты сақтай отырып, ғарытық, зооморфтық , жаңа өсімдік мәнерінде қиылған. Жаңа ою – өрнектрді мынандай топтарға бөлуге болмайды.

  1. Табиғат көріністері

  2. Күнделікті тұрмыста кездесетін заттардың сырт пішіні

  3. Еліміздің рәміздері

Бұл жаңа ою – өрнектер ежелгі ою – өрнектобынан анықтамай, тек кеңестің және тәуелсіздік кезеңдерінде қосымша пайда болған еліміздің рәміздері қазақ ою – өнерінің басты тақырыбына айналған.

Қазақ ою – өрнегінің арқауы болған «мүйіз» оюы заманымызға сай түрленіп, жаңа ұғымда, жаңа мазмұнда қолдануда. Демек, ою – өрнек көнермейді, ол заман ағымынына қарай өз дәуіріне сай өзгеріп, жаңарып, жаңа туынды ретінде өмір сүреді.

Ол сонау ғасырлыр қайнауымен жеткен жай танба белгі емес, бұл халқымыздың оюмен жазылған шежіре тарихы.

Ою – өрнек – халқымыздың қолтаңбасы, ол өшуге, жоғалуға а жатпайды,

Ою – өрнекте көңіл – күй мен сезім тереңдігі болады.


Қазақ дәстүрлі мәдениетінде жастарға өзімнің тұрмыс жағдайын, ақыл – парасаттың, әдептілік, адамгершілік, мейірімділік, тәлім – тәрбие ұғымдарын кілемшедегі ою – өрнек нақыштардың мағыналық ерекшеліктерімен жеткізіп отырған.

«Аққу қанаты», «жауқазын», «гүл», « жұлдызгүл» - бұл өрнектер «күнің ашық болсын» деген ізгі ниетпен салынған.







«Аққу қанаты» - өрнегі бақыттың, сұлулықтың, тазалықтың, ұлулық пен адалдықтың мағыналық белгісінде өрнектелген.

Сонымен қазақ халқының табиғат, кеңісітк жайынджағы дүниетанымы ертеден – ақ оның сырт пішінін кілем бетінде өрнектеу арқылы көрініс тапқан.

Ою - өрнектердің шежіресі. Ою - өрнек ертеден келе жатқан ою - өрнектерді түрлендіру арқылы мазмұнды ою - өрнектер жасау дәрежесіне көтеруге болады. өнер өлмейді, өнер көнермейді, өнер жеміс ағаштың бұтағындай гүлдеп, жемістене береді. Ою - өрнектермен танысып, олардың дүниетанымы, өз қоршаған орта және сұлулық туралы түсінігі артып, шеберлік қабілеті дамып отырады.

Қазақтың ұлттық ою - өрнектері мен оның атаулары көп. Ғаылымдар әзірше 200 – дей түрін ғана анықтады. Біз солардан халық арасында көп тараған мүйіз тектес ою - өрнектерді сөз етпекпіз.







2 тарау. ӨРНЕК МОТИВТЕРІНДЕГІ КОМПОЗИЦИЯ ЗАҢДЫЛЫҒЫ

2.1 Композицияның орындалу әдіс-тәсілдері және құрылымы


Өрнектер, арабеска, гротеск, оюлар ырғақты ұйымдастыру мотиві негізінде құралады. Ою-өрнек өнерінің тамыры өте тереңде. Жануарлардың терісінен, ішектерінен, өсімдік сабағынан тоқу, өру жұмыстары тоқымашылық ӛнерінің келіп шығуына, әр түрлі ӛрнекті суреттермен бейнелердің пайда болуына әсер етеді. Өрнектер бұйымының материялы, пішіні, функциясыменен байланысты, соныменен қатар көркем бейнені өзінің тілімен, өзіндік заңдылықтарымен, композициялық принциптерімен бере алатын ғажайып қасиеті бар. Кейбір жағдайда өрнек өзіндік құндылығы бар көркемдік феномен болып табылады. Өрнек түрлерінің бірқатар тобын жоғарыда көрсетілгендей қарап кӛрсетейік. Біріншісі фактуралық топ — бұл ӛрнек түрлерінің ең қара-пайым табиғи, табиғатта кездесетін (ағаштың, тастың, табиғи фактурасы) түрі, техникалық топ — бұл технологиялық қаракет-тердің нәтижесі (қамшы өру, арқан есу, жіп иіру) сондай- ақ суретшінің қалауыменен заттың, нәрсенің бетін көркемдеп әрлеу (ағаш, металл, керамика, тас, терінің фактуралық ӛңделуі). Символикалық ӛрнектер қазіргі заманда ӛте шапшаң дамып келе жатыр. Бұл фирмалық белгілер эмблемасы, сандар мен әріптердің информатикалық жүйесі және т.б.

Осыған байланысты өрнектердің құрылымы туралы зерттейтін композиция заңдылығын кеңінен қарастырайық.

... Композиция деген не? Композициямен құрылу белгілері қандай болады? Рецептуралық рама аясынан тыс болғанда оның мәні қандай болады?

Егер композиция әртүрлі уақыттардың синтезі болса, онда «бір сәтті» бейнелеу антикомпозиция болып табылады. Алайда бұл – айрықша тұтас образды құрудың өте қиын міндеті. Кез келген сәт уақыт қадамдарының арасындағы байланыс болып есептеледі.

Егер композицияның негізі суреттің тек қана жазықтықтағы факторлары болатын болса, онда композицияны түпсіз кеңістікке бағындыру талабын қою қисынсыз. Бірақ сонда жазықтық бетіне жазық емес фигуралар мен үш өлшемді әлемді бейнелеудің ежелден келе жатқан міндеті қандай?

Егер композиция дегеніміз түрлі қарау нүктесі синтезінің көрінісі болса, онда импрессионистік пейзаж да, әуесқойлардың аңғал «көшірмесі» секілді, композицияға қарсы болып шығады. Импрессионистерге жай ғана көшіру міндетін теліп қоюға бола ма екен? Басқа көпшілігіне қарағанда импрессионистік пейзаждың өзі өрнек болып табылады.

Тұтастық мәселелері. Композицияның анық белгілері. Сөзді композицияның тектік белгісі – тұтастықтан бастау өте орынды. Бұл белгіні маған таныс барлық анықтама ішінен ашық немесе жасырын түрде тауып алуға болады. В.А.Фаворскийдің түрлі кеңістік пен түрлі уақыттағы нәрсе тұтастығының көріну формасы, Б.А.Успенский мен Л.Ф.Жегиннің қарау позицияларының синтезі, К.Ф.Юонның тұтас конструкция мен құрылым туралы айтқандарын есімізге түсірейік.

Қазіргі уақытта қоғамдық ғылымдарға, соның ішінде өнертануға да, «синтез, конструкция, структура» деген сөздер дендеп енді. Өнер туралы әңгіме өрбігенде олар да «тұтастық, тұтасым» деген секілді қарапайым сөзге айналған және композиция туралы сөз қозғағанда жиі айтылады. Мұндай жерде бұл сөзге меже қою керек.

Структура, конструкция, композиция – туыстас ұғымдарды және түрлі ғылым мен құбылыстарға қатысты азды-көпті диффузиялық мәндерді білдіретін сөздер. Ғылым бір салаларында олар қатаң түрдегі терминге айналған. Мұндай жағдайда олар нақты түсінік береді. Мысалы, химиядағы «структура» (молекулаға байланысты) – термин, сондықтан оның мағынасы туралы ешқандай талас тумайды»[36,37,38]. Тіл білімінде де «структураны» термин қылуға тырысып жатыр. Алайда оның мағынасы әлі күнге дейін диффузиялық күйде қалып отыр. Бұл сөздің өнер теориясындағы мағынасы тіпті де анық емес. Қысқасы, «структура» сөзі мұнда алдымен мағыналары ашылуға тиіс түрлі түсініктердің түйіні деген ұғым береді. «Структура» сөзінің жалпы түсінігі әзірге жоқ. Және ол өнердің жекелеген түрлеріне қатысты алғанда шамадан тыс абстрактілі, тіпті, мағынасыздыққа дейін абстрактілі болып кетпес пе екен?

Тұрмыс пен техника аясында мағынасы белгілі бір деңгейде түсінікті болып «конструкция» сөзі де қолданбалы өнер саласына келгенде сырғымалы сөз болып шыға келеді де, «структура», «композиция» сөздерімен шатасады. «Конструкция» сөзі, тіпті, сәулет өнерінде де екіұшты мағына береді. Ол біресе ғимарат бөліктерінің статика заңдылығы бойынша және материал қасиеттеріне сәйкес құрылыстық жалғасымдары мағынасын берсе, енді бір жерінде адамның өмірі мен қызметіне арналған конструкция деп пайдаланылады. Суретшілер арасында жарық көлеңкелеріне қарсы мәнде қолданылатын конструкциялық сурет деген ұғым бар. Бір қарағанда, заттың құрылысын көрсететін сурет айтылып тұрған сияқты. Бірақ неге оның құрылысы жарық-көлеңкелер арқылы берілмеуі керек? «Конструкциялық» сурет деген не сонда – түсіндіруді қажет етеді.

«Композиция» сөзі музыка саласында терминге айналған. Алайда оның музыкатанудағы шығарманың жалпы планы ретінде, ірі бөліктерге бөлінетіні, шығарманың белгілі бір типі үшін дәстүрлі түрде (триптих бөліктері немесе драманың дәстүрлі бес әрекеті секілді) бөлінетіні туралы берілген анықтамасы тым жалпы, ол анықтаманы бөліктер арасын байланыстыратын нақты формалардың талдауымен толықтыру керек секілді. «Компоновка» сөзінің «мүшелеумен» қатар «байланыстыру» деген де мағынасы бар емес пе?

«Композиция» сөзі де әдебиет теориясында термин болып бекуге жақын қалған. Бірақ музыкатанудағыдан айырмашылығы – шығарманы дәстүрлі түрде белгіленген бөліктерге және жалпы ірі бөліктерге бөлуді, яғни туындының жалпы формалық планын мұнда архитектоника деп атайды. Әдебиеттегі композиция деп белгілі бір материалдың мәтіндегі орналасуын – жазушы шығарған сюжеттің баяндалу ретін немесе баяндау көзқарасының ауысуын айтады. Соңғы уақыттары осы «баяндау көзқарасының ауысуын» композицияның поэтикадағы басты принципі деп атап жүр, бұл – әрине, даулы мәселе.

«Структура», «конструкция», «композиция» сөздерінің тұтас, жалпы нәрселерге байланысты түсініктердің негізі болып, тұтастық пен бөліктердің қатынасын білдіретіні анық.

Жалпы алғанда, композиция деп тұтас нәрсенің құраушы бөліктері мен олардың орналасуын атауға болар еді, сонда олар мынадай шарттарды орындайды: 1) ешбір бөлшекті тұтастыққа зиян келтірмей алып тастауға немесе ауыстыруға болмайды; 2) бөлшектер өз орындарын тұтастыққа зиян келтірмей өзгерте алмайды; 3) ешбір жаңа элемент тұтастыққа зиян келтірмей қосыла алмайды. Эстетикаға байланысты әдебиеттерде осы тектес абстрактілі анықтамалар көп. Бір қарағанда олар шын көрінеді. Шындығына келгенде, абстрактілі анықтамалар кез келген көркем құбылыстарға келе береді, тіпті, бөлшектер шартты түрде тәуелсіз көрінетін тұстарда да (драма, симфония, триптих) солай болады.

Алайда, композицияның анықтамасы болу үшін келтірілген формула өте ауқымды. Ол тұтастықтың жалпы түсінігіне енуге қажетті белгілерін санамалайды да қояды. Осы формуланы пайдалана отырып, бір нақты құбылыстағы (атап айтқанда, картинадағы) композициялық бірлікті композициялық емес бірліктен ажыратуға болмайды.

Іс жүзінде, кадрдағы кез келген сызықтардың, көрсетілген кеңістіктегі кез келген заттардың орналасуы кадрмен шектелген тұтастықты білдіреді. Егер қандай бір элементтерін алып тастаса, орындарын өзгертсе немесе басқа элементпен алмастырса, кадрды кеңейтсе, тұтастық өзгереді. Мұндай өзгеріс тек картинаға ғана емес, суреттердің басқа да типтеріне тән.

Тұтас нәрсе картинаны айна көрсетілімімен көрсеткен кезде ғана емес, сонымен бірге осындай көрсетіліммен кез келген бейнені көрсеткенде және де картина бөлігінің қимасы кезінде емес, басқа да бейненің қимасы кезінде өзгереді. Жазықтық бетіне түскен бір уыс топырақ та тұтастықты көрсетеді. Ықтималдық заңы бойынша, топырақ түйірлері үнемі бірдей интервалмен немесе дұрыс топпен жатпайды, әрқашан да кездейсоқ топ құрайды. Енді осы топырақтың шамалы бөлігін алып тастаңыз. Тұтастық өзгереді. Топырақты сілкіп жіберіңіз. Олардың орналасуы да, тұтастық та өзгереді. Жаңа пайда болған тұтастықта да бірліктің абстрактілі формуласы сақталады. Алайда, біздің алдымыздағы бейкомпозициялық тұтастық болып саналады. Композиция құрау үшін немесе кездейсоқ топтардан композиция көру үшін барлық топтарды қандай да бір заңдылық немесе ішкі байланыспен біріктіру керек. Сол кезде ғана топтар кездейсоқ құралмайды. Біз топтың ритмін ұйымдастыру, өрнек салу, топырақ топтарын заттарға ұқсас қылу және картиналық бейне жолына түсу секілді әрекеттерге қол жеткізе аламыз. Осылай ете отырып, біз кездейсоқ тұтастық элементтерінің заңдылыққа бағынған бірлік құрауы мақсатын көздей аламыз.

Тұтастықты бөлшектерге бөлу заңдылығы, сол секілді бөлшектерден тұтастық құрау заңдылығы, бөлшектер мен байланыстардың сипаты – композиция, структура, конструкция түсініктерін ажыратып көрсетудің жалпы жолы. Бұл үш түсініктің ішіндегі ең жалпысы – структура ұғымы.

Структура. Конструкция. Композиция. «Структура» сөзін түрліше қолдану тұтастық пен бөлшек қатынастарының ерекше түрін бөліп көрсетуге негіз болады. Структура тұтастық ретінде заңдылықпен байланысқан бөлшектерден тұрады, кездейсоқ бөлшектерден ажырату үшін біз оларды тұтастықтың компоненттері немесе элементтері деп атайтын боламыз. Структура элементтер арасындағы біртекті байланыс сипатымен, форма қалыптастырудың бір заңдылығымен анықталады. Байланыстардың сипаты көрсетілмейді, яғни ол структураның типін (функциялық структура, композициялық структура, т.б.) белгілейді.

Структураның тек аяқталған тұтастықты көрсетуі міндетті емес. Ағаш структурасын сақтай отырып өседі, бұтақтарын көбейтеді. Суретті де структурасын сол күйде сақтай отырып ары қарай жалғастырып салуға болады. Структаның элементтері өзгере алады. Тек олардың арасындағы байланыстардың жалпы сипаты, «форма қалыптастырудың жалпы принципі» маңызды.

Конструкция дегеніміз – структураның типі. Оның элементтері функциялық байланыспен байланысқан. Конструкцияның тұтастығы функциялардың бірлігімен анықталады. Конструкцияның бөлшектері өздеріне тән қызметті атқарады: машиналардың түйіндері мен механизмдері, тірі ағзаның мүшелері мен органдары, пайдалануға қажетті тұрмыстық заттардың бөлшектері осы секілді. Тұтастықтың сырттай қарағанда машинаға ұқсауы конструкцияны көрсетпейді, тіпті конструкцияға қарсы да болуы мүмкін.

Конструкция дегеніміз де тұйықталған тұтастық емес. Оның тұйықталған (аяқталған) да, тұйықталмаған да болуы мүмкін. Конструкцияға жаңа түйін, байланыстар үстемелеу арқылы қосымша функциялар қосуға болады. Конструкцияның бөлшектерін оның қызметтік тұтастығын бұзбастан толықтыруға немесе алмастыруға болады. Конструкциялық байланыстар барлық жерде, кез келген структурада бар, себебі структуралар белгіленган нақты функцияларды атқарады.

Сонымен, конструкцияны тұтастық пен оның элементтері арасында ерекше сипатты байланысы бар структура секілді қарастыру керек. Конструкцияның элементтері өзара және тұтастықпен функциялық тұрғыда байланысады.

Тұтастық пен оның компоненттері арасындағы ерекше сипат композицияны да, атап айтқанда, өнер туындысының композициясын, структураның түрі ретінде анықтайды. Егер структура дегеніміз тұйықталмаған тұтастық, ал оның жөнділігі форма қалыптастырулың бірыңғай жүйесінде болса, онда композиция әрқашан тұйықталған структура болып табылады. Композицияның бөлшектері өзара байланысты, алайда олар тұтастыққа байланысты нәрселерімен де өзара байланысты.

Композициялық тұтастық құрайтын байланыстар дегеніміз – біріншіден, конструктивтік байланыстар. Картинада ол түстер мен сызықтардың аналогиясы мен контрасттары, негізгі түсті, затты, негізгі заттар қалпындағы қатарлар мен контрасттарды, кеңістіктік құрылымды, т.б. айрықшалап бөліп көрсету ретінде көрінеді.

Өнер туындысының композициясы, соның ішінде картина композициясы, екіншіден, мағыналық тұтастық болып табылады. Конструктивтік орталық дегеніміз де көп жағдайда мағыналық түйін болып табылады. Картинадағы конструктивтік байланыстардың функциялары – мағыналық байланыстарды құрып, бекіту.

Конструктивтік байланыстар аталған өнер түрінде кез келген құрал арқылы құрыла алады. Олардың функциясы – көріністі жеңілдетіп, қабылдау үшін ерекшелеу, ал кейде мағыналық, ішкі байланыстарды нұсқап көрсету. Өнер туындысының композициясы дегеніміз әрқашан түсінуге, мағынаға арналған конструкциялар болып табылады.

Ішкі мағыналық байланыстар – өнер туындыларына арналған байланыстардың спецификалық типі. Олар конструктивтік байланыстардың негізінде база құрайды және оларсыз көріне алмайды. Алайда олардың негізгі мәні композициялық тұтастығында.

Композиция теориясында конструктивтік және мағыналық байланыстар бірге қаралады. Алғашқысы жалпы сипатқа ие және біздің өнерді қабылдауымыздың табиғатынан туындайды, ал екіншісі нақты және белгілі бір өнер туындысына қатысты болады. Өзгелері басқалар үшін пайда болған.

Егер структураның элементтері алмастырылып, тек байланыстар типі мен форма қалыптастыру заңдылығы сақталатын болса, композицияда жекелеген компоненттер де тұтастыққа зиян келтірмей алмаспайды. Сонымен, өнер туындысының композициясы дегеніміз – элементтері тұрақтыланған, мағынаның тұтастығымен байланысты тұйықталған структура»[39,40].

Көріп отырғанымыздай, «композиция» түсінігі тұтастық мәселесінің аясындағы аралас ұғымдардың қатарына жатқызылған.

Картина композициясы. Картинаның композициясы деп рамамен шектелген жазықтық бетіне салынған сюжетті атаймыз. Картина композициясының мақсаты және форма қалыптастырушы принципі суреттің құрылымы емес, мағынасы болып табылады. Конструкция (құрылым) мағынаны беру функциясын атқарады.

Сонымен, картинаның композициясы шектелген жазықтықта суретпен берілген сюжеттің мағынаның бірлігінен туындайды. Өнертану жөніндегі әдебиеттерде әдетте форма мен мазмұнның бірлігі және олардың үндесімі туралы айтылады. Мазмұнның жекелеген компоненттері басқа компоненттердің формасы ретінде қызмет атқара алады. Геометриялық формаларға қатысты алғанда жазықтықта орналасқан түстер мағынаның орнына жұмсалады. Бірақ түстің өзі бейнеленетін заттардың, кеңістіктің, т.б. мазмұнымен бірге формасын да береді. Заттардың мазмұны өз кезегінде идеялық мазмұнның, дерексіз түсініктердің (аллегория) формасы болуы мүмкін.

Композиция анализін суреттің мағынасына байланыстырмастан сурет бөлшектерінің орналасуы мен құрамы және бейнелеу құралдарының жүйесі ретінде қарау жеткілікті деп санамау керек. Композиция заңдылықтарын сыртқы, конструктивтік формалар бірлігінің заңдылықтары ретінде стильдік тұрғыдан түсіну оның форма қалыптастырушы кодына енбейді.

Композицияға тек заттық-бейнелік мазмұн тұрғысынан анализ жасауды да жеткіліксіз болады деп есептеу қажет. Белгілі бір сюжетке заттарды таңдаудың өзінде-ақ мағыналық байланыс жатады. Мысалы, Рембрандтың «Адасқан ұлдың оралуы» атты картинасындағы баланың жалаң аяғының қасында жатқан сүйретпе аяқ киімінің тапталып, желініп жұқарған табанында образды мағына жатыр. Образды мағына алдыңғы пландағы баланың табанының қалпымен де, бояудың түнеріңкі ауыр түсімен де байи түскен. Көрермен табан мен аяқ киімге көз тоқтатып тұрып қарайды. Неліктен?

Заттық-бейнелік мазмұн – бейнелеу өнері ретіндегі картинаның маңызды компоненті. Бірақ картинаның мазмұнында міндетті түрде эмоциялық мазмұн да болады. Кейде мазмұн символдық сипатта болса, кейде картина тұспал сипатта салынады. Бір заттық бейне астарында басқа бір мазмұн жатады. Алайда мазмұн қанша күрделі болса да, ол бір образға құрылып, бір мағынаға байланысты болады да, ол байланыс өзінің бейнесін композициядан (мағынаға арналған конструкция) табады. Өкінішке орай, өнертану жөніндегі әдебиеттерде «композиция» тақырыбымен берілген, бірақ мазмұнмен байланыстырылмаған шектеулі формалды анализдер немесе тек заттық-бейнелік мазмұнға ғана қатысты алынған анализдер жиі кездеседі»[41,42].

Композициялық құралдардың сипаты мазмұнның сипатына тәуелді. Бейне, идея, эмоция, символдардың күрделі тұтастығында жекелеген компоненттер басты болса, кейбірі екінші кезекте тұрады немесе мүлдем болмауы да мүмкін. Мысалы, лирикалық пейзаждардан (Левитанның «Алтын күзінен») символдық мағына, астар іздеу – күлкілі әрекет. Егер пейзажда астар болса, онда композицияның типі де, композициялық байланыстар да басқаша болады. Сонымен қатар бейнеге пайыммен, сүйсініп қараудағы лирикалық үйлесім мен эмоциялық тон өз күштерін жоғалтады.

Егер суреттің мазмұны белгілі бір әрекет үстіндегі адамдардың қақтығысын көрсететін күрделі картина болса, оған тереңдікке бойлай ашылған мизансцена тән болып, шартты кеңістік өзіне ерекше себеп көрсетілуін талап еткен болар еді. Егер суретте жарық көлеңкелері болмаса немесе шартты түрде болса, онда жазықтықтың тенденциясы көрсетіліп, сурет мазмұнында символикаға деген ұмтылыс берілер еді. Ал енді суретші жарыққа құрал ретінде басымдық берген болса, онда міндетті түрде жарық ортасын, тереңдік кеңістігінің жарықпен өзара әрекетін көрсетуді жүзеге асыру қажет болады. Композицияның типологиясы мазмұн типологиясының негізінде құрылуы мүмкін.

Мазмұнға зиян келгендіктен композициялық құралдардың шектеулі болуының өте анық мысалын, кейде кейбір мағыналарды (экспрессивтік абстракционизм) беруге негізделген бейфигуративтік көркемсуреттен көруге болады.

Менің шеберханамда ілулі тұрған өзбек кілемшесінде алқызыл фонға жүйелі түрде орналастырылған басқа түспен күннің шартты бейнесі берілген. Тіпті, жасырын символикасын білмесек те, бұл сюзаненің эмоциялық реңкі көрініп тұр. Кілемше ашық түсті, қуанышқа толы. Бірақ оған композициялық орталық та, берілген формат та, тұрған қалпы да керек емес. Тек түс пен өрнектің өздері-ақ роль ойнайды. Дәл осы секілді бейфигуративтік көркемсурет туындыларында да композициялық түйін болмайды, себебі мағыналық түйін жоқ. Ең жақсы нәрсе – мағынаның автор берген тақырыппен анықталатыны. Жақсы ойластырылып салынған картинадан композициялық және мағыналық орталық (түйін) автор берген атауға тәуелсіз оңай анықталады. Себебі барлық байланыстарды мағына ұстап тұрады. Бейфигуративтік көркемсуреттің (Малевич, Мондриан) геометриялық нұсқаларының үлгілерінде композиция заңдылықтарын құру тәжірибелері композициялықты дұрыстыққа, жүйелілікке, біркелкілікке апарады. Картинаның композициясы күтпеген тұстан көрініп, қарапайым формалардың теңдігін талап етпейді, мазмұнның жаңалығына қарай жаңа шарттар тудырады. Түстің бейнелеуге жатпайтын дақтарының тұрақты орналасуы – алтын қима заңдылығы бойынша ма, кейбір ритмдердің заңдылығы бойынша ма немесе түс контрасттарының заңдылығы бойынша ма – симметриялық болып келіп, тек қана торды, тек қана «тұсқағазды» көрсетеді. Элементтер арасындағы байланыс бұл жерде қанша дұрыс болса да, олар ашылған композиция құра алмайды, тек мағына ұшқыны мен мазмұн эмоциясы ғана қалады. Бұл форманың өзіне тән «мазмұнның формасы болу» мәнін жоққа шығара отырып, мазмұнның формаға «ауысуы» ретінде таза формаға айналуы секілді жағдай болып табылады. Бұл – конструктивтік байланыстар мағынасыз болып, конструкция мағынаны беру үшін қажет болған жағдай.

Абстрактілі көркемсуретте қазіргі уақытта еш байланыссыздық культі пайда болды, онда жазықтық бетін түс дақтарымен, сурет бөлшектерімен, сызықтармен қатар немесе бірінің үстіне бірін сала салу жолымен, олардың орналасу орны мен араларындағы байланыс туралы бас ауыртпай, есінен ауысқан жандардың салған суреттері секілді, түстер мен сызықтар еш байланыспайтын туындылар пайда болады. Мұндай суретте заттық мазмұнның бөлшектері де болуы мүмкін, бірақ мағына болмайды. Бұл – сандырақ. Алайда сандырақтың да жасырын мағынасы болуы мүмкін.

Үшөлшемдік кеңістік құрылымы, перспектива мен пластика, заттар мен фигуралардың орналасуы, ишара мен қозғалыс – барлығы шығарманың мағынасымен байланыс құрағанда ғана композициялық мәнге ие болады.

Контраст және аналогия. Нақты бір шығармада белгілі бір факторлар басым болады. Алайда кез келген дербес композициялық факторға тән болатын және олардың кез келгенінің түпкі логикасын білдіретін композициялық негізгі екі принцип бар, олар: аналогия және контраст. Өнер образдарындағы бұл екеуі – тұрмыс пен таным диалектикасының көрінісі. Контраст қайшылықтарды бейнелі түрде суреттесе де, сол арқылы образдық тығыз байланыс орнатады. Жазықтықтың вертикаль деп аталатын факторы міндетті түрде горизонталь осьті немесе раманың көлденең жиегін сұрап тұрады. Горизонтальда да вертикальға деген ішкі қажеттілік бар. Тік болып көріну үшін сызыққа көлденең сызық қажет. Картина жазықтығындағы көзге ерекше түсетін фигура фон мен қоршаған фондылықты шақырады. Фон фигураның фигура болып айрықшалануы үшін керек. Картинадағы фигураның ірі масштабы контрасттық масштабпен салғастыруды талап етіп, іштей масштабтық салыстыру шартын иеленіп тұрады. Тереңдік пен жазықтықтың, ашық пен күңгірт түстердің, хроматикалық және ахроматикалық түстердің, үзік пен үздіксіздіктің контрасттары, ілгері шығып, кейін шегінген тобырдың сюжеттік контрасты, статика мен динамика, аяқталған уақыт пен аяқталмаған уақыттың контрасттары – бәрінде де контраст бар. Контраст – композицияның негізгі заңдылығы деген тұжырымда үлкен шындық бар. Аналогия болса, әмбебап байланыстың басқаша формасы. Ол жазықтық композициясының факторынан (біркелкі «теманың», т.б. сызықтық және түстік вариациялары) сюжеттік композиция факторларына дейінгі кез келген факторға жарайды. Эль Греко картиналарындағы формалардың вертикализмі аналогияның біріктіргіш функциясының көрінуі болып табылады. Джоттодағы фигуралардың ерекше жолмен жалпыланған пластикасы дегеніміз – олардың араларындағы аналогия. Қозғалыс пен қалып аналогиясы кейде варияциялы болса, кейде фигураларда, ағаштар мен құздардың формаларында, сәулет өнерінде қарапайым қайталау құрайды. Рубенс шығармаларында үйірулі сызықтар мен дөңгелек формалардың аналогиялары кездеседі.

Астарлы формалар аналогияларда жиі кездеседі. Контраст пен аналогия бір-бірін қолдап, бірге жүреді. Аналогияның дамуы контрастты күшейтеді. Ал жақсы контрасттардың дамыған жүйесінде аналогия ең мықты контраст ретінде көрінеді.

Картина жазықтығындағы бейненің құрылымы. Симметрия және ритм. Дәл осы рольді композицияда симметрия, нақты айтқанда, осьтік симметрия атқарады. Картинаның орталық осін симметрияның осі ретінде белгілеп алайық. Ол барлық бөліктерді негізгі фигураның, негізгі әрекеттің маңына жинап, біріктіреді. Бұл жерден қабылдаудың жалпылау функциясы да көрініп қалады.

Картинадағы симметриялық формалар айналық бейненің белгілі формулаларымен сипаттала алмайды. Бұлар әрқашан «шайылған», жобаланған сәйкестік болып көрінеді. Картина композициялары өрнекті композицияға қарама-қарсы түрде кездеседі, оларда бір заттың жартысын қатаң түрде айнадағыдай қайталау болмайды. Біздің алдымызда вариациялардың кейбір зонасы шегінде шеттердің сәйкестігі, геометриялық симметрияға жай ғана тартып тұратын сәйкестік тұрады (мұнда да өзіндік – образдық – геометриялық симметрия).

Көптеген симметриялық композицияларда тек «орталыққа бағытталу» сақталып, ол айна қайталауынан айтарлықтай алшақтайды.

Картинадағы ритмді образды геометрияның тарауларының бірі ретінде де қарастыруға болады»[43,44,45]. Музыкатану мен поэтикадағы жақсы әзірленген ритмнің анықтамасына арнайы ескертпе арналған. Ал көркемсуретте ритм деп нені айтады? Ритм уақыт бойынша бір қалыпты дамиды ғой. Бұл музыкаға да, поэзияға да, биге де байланысты. Көркемсуретте картинаның екіөлшемділігі мәселесіне келгенде міндетті түрде ритм түсінігі қолданылады. Картинаны біз жан-жақты бағытта қарастырамыз. Сызықтық ритмді, мәндер мен акценттердің бір бағыт бойынша кезектесуін бағалау оңай. Ал жазықтықтағы ритмикалық құрылым дегенді қалай түсінеміз? Өнертанушылар мен суретшілер композицияны олардың ритмділігі бойынша бағалап жүр.

Егер ритм қозғалысты уақыт ішінде, өзгерістердің біржақты бағыттық ағынында ұйымдастырады, сондықтан ұйымдастырудың ұқсас формаларын бірөлшемді дамудың кеңістіктік құбылыстарынан іздеу орынды болып саналады.

Кеңістік композициялық фактор ретінде. Жазықтық пен кеңістік. Картинаға немесе суретке қажетті композициялық міндеттердің ішінде кеңістікті құру міндеті ең маңыздылардың бірі болып саналады. Картинадағы кеңістік – әрі әрекет орны, әрі сол әрекеттің мәнді компоненті. Ол – физикалық және рухани күштердің түйісетін жері. Сонымен қатар ол – заттардың әрі қоршаған ортасы, әрі олардың сипаттамаларының маңызды компоненті. Бұл ортаның адамдар мен заттарға таршылық етуі немесе кең болуы, жайлы немесе қаңырап тұрғандай көрінуі мүмкін. Одан өмірді немесе оның бір дерексіз бейнесін көруге болады. Картинада біз ене алатын немесе біз үшін жабық, тек «ойлы» көзқарастарға ғана ашық болатын ерекше әлем суреттеледі. «Композициялық міндет» деген сөзде төмендегідей ой жатуы мүмкін, яғни сөз бейнедегі шынайы кеңістіктің сипаты туралы емес, ол кеңістіктің құрылымы (синтезі), образды кеңістік жөнінде болмақ.

Фактор ретіндегі уақыт және композиция міндеті. Қозғалысты бейнелеу және уақыт. Көркемсурет пен мүсін өнерінде қозғалысты бейнелеу мәселесі өнер теорияшылары мен суретшілерді үнемі ойландырған сұрақтар қатарына жатады. Суреттің қозғалмайтын сызықтары мен түстері арқылы қозғалысты беруге қарағанда жазықтық бетіне кеңістікті салу әлдеқайда оңай ғажайып секілді. Әрине «ғажап» сөзі негізінде «қозғалмайтын нәрсемен қозғалысты көрсету» тәрізді анық қарама-қайшылық жатқан мәселенің қиындығын айтып тұр. Қайшылық бейнені қабылдау кезіндегі ерекшеліктерді арнайы талдау нәтижесінде ғана шешілуі мүмкін. Алайда мұндай талдау әзірге жоқ, бірақ сұрақ түсінікті деген көзқарастар қалыптасып та үлгерді.

Роденнің белгілі пікірлері айтылған уақыттардан бастап қозғалысты бейнелеу оның екі түрлі сәтін (фаза) синтездеуге құрылады деп есептейді. Осы ойды В.Фаворский де қайталады. М.Сапаровтың «Көркем туынды структура ретінде» деген мақаласындағы жаңаша сипатпен айтқан контексінен де осы пікірді кездестіреміз. Ал Н.А.Дмитриева болса: «Роденнің мысалдарын тағы да ұқсас мысалдармен толықтыруға болар еді, бірақ оның қажеттілігі жоқ: бұл түсініктер өнер теориясында бекіп те қалған», - деп төтесін айтқан.

Роден «ат шабысының» әсерін Жериконың «Эпсомадағы жарыс» картинасымен түсіндіреді. Ол шауып келе жатқан ат бейнеленген осы картинада қозғалыстың екі сәті біріктірілген деп есептейді: 1) артқы аяқпен жерден серпілу және 2) корпус пен алдыңғы аяқтардың созылуы, алайда, сәттік фото бойынша, артқы аяқтар бұл кезде қарынның астына қарай жиналуы тиіс болатын. Сәттік фотоға түсіру кезіндегі келесі кадрлардың ешқайсысы шабыс әсерін бермейді. «Жериконың картинасындағы аттар шынымен де шауып келе жатыр, - дейді Роден, - себебі: олардың артынан қарасақ, біз ең бірінші артқы аяқтардың корпусты алға қарай лақтыратын соққысын көреміз, содан соң ат созылады да, алдыңғы аяқтары жерге жақындайды». Роденнің қозғалыс бейнесін шабысты қабылдаудағы алдын ала көрсетілген реттілікпен, оның сәттерін бөлек-бөлек қабылдаумен байланыстырғаны байқалады («Біз ең бірінші артқы аяқтардың корпусты алға қарай лақтыратын соққысын көреміз, содан соң...) »[46,47]. Алайда шынайы өмірде де, Жериконың картинасынан да біз қозғалыстың жеке сәттерін көре алмаймыз, тұтас қозғалысты көреміз.

Қозғалыс бейнесін беру мәселесін шешу үшін сәттік фотоны апелляцияға беру еш нәтиже бермейді. Бұл сұрақ бейнені қабылдау мәселесіне жатқызылады. Және бұл өз ішінде динамикалық потенция мен форманың ұмтылысын немесе тұрақсыздығын концентрациялайтын қозғалыстың бір фазасының мәнерлілігі секілді сұрақ болып қалады. Роденнің түсіндірмелерінде негізгі – бейнені қабылдау, уақытты «бір мезгілде» қабылдау мәселесі шешімін тапқан. Ал ол – қайта-қайта бас көтеретін мәселе. Шабыста қозғалыстың көзге көрінетін де белгілері байқалады: барлық аяқтары жерге тимеген; денесі, мойны, басы мен аяқтары алға қарай сүйірлене бағытталған; денесінің ауыр массасы жеңіл сезіледі; алдарында кедергі жоқ.

Н.А.Дмитриева Роден түсіндірмелеріне байланысты қозғалысты бейнелеу тәсілдеріне жеткілікті мысал табуға болатынын жазған. Бірақ мәселе мысалдардың санында емес (бұл мәселені зерттеу тәсіліне жатпайды), зерттеу өрісін кеңейтуде, суреттен қозғалыстың түрлі белгілерін, қозғалыстың жалпы сюжеттің образдық дамуымен байланысын іздеуде жатыр

Сонымен, тексерілген болса да, шынайы қозғалыстың әртүрлі фазаларын синтездеу фактісі өз бетінше картинадағы қозғалысты қабылдау сенімділігін қамтамасыз ете алмайды.

Учеллоның картинасындағы арғымақ ілгері ұмтылмақ па, әлде кері шегінбек пе? Сұлбаның формасы екіұшты және бұл сұраққа жауапты бір фигурадағы түрлі уақыт синтезі емес, бейнеленген барлық жағдай береді. Қозғалыс сипатының жағдаймен байланысы ғана уақыт мәселесін композицияның факторы ретінде өте маңызды етіп көрсетеді.

Қозғалыстың көзге көрінетін белгілері туралы мәселенің біржақты шешімі жоқ. Сәтті түсіндірілген жекелеген жағдайларды универсалдау әрекетінен гөрі түрлі композициялық шешімдерді кеңінен талдауға көшу керек.

Сонымен, біз картинадан қозғалысты көре аламыз ба немесе оның мағыналық байланыстарына сүйене отырып, көріп-түсінеміз бе? Жоғарыда келтірілген талдау екінші түсіндірменің дұрыстығына күман қалдырмайды.

Бейнелеу өнеріндегі композияция. Өрнек салушының тәжірибесі мол болса да, өз өмірінде көптеген ұрпақ буындарының ғасырлар бойы жинаған білімдерін меңгере алмайды. Адамзат баласының барлық тәжірибесі өнер теориясына жинақталған. Композиция – осы теорияның негізгі мәселелерінің бірі. Композицияның не екенін біліп, оның заңдылықтары мен принциптерін жұмыста қолдану – таңдалған жолдың дұрыстығына сеніп, саналы түрде, белгілі бір мақсатпен әрекет ету. Қолданбалы өнердегі, нақты айтқанда, ағаш ою өнеріндегі және теория мен практикадағы композиция – өте күрделі мәселе. Бейнелеу өнеріндегі композицияға қарағанда, ол көптеген аспектілер бойынша күрделі. Қолданбалы өнердегі композиция бейнелеу өнерінде шыңдалған ережелерге негізделеді, алайда оның барлық мүмкіндігін пайдаланбаса да, оны кеңейтіп, толықтырады. Сондықтан да барлық кәсіптік-көркемдік мекемелердегі композицияны оқыту сурет пен көркемсуреттен басталады. Композицияның көптеген мәселелерін түсіндіру барысында бейнелеу өнерінің жалпыға ортақ туындыларынан мысал келтіру бізге де тиімді.

Композициямен танысуды оның негізгі принциптерін (бұл жерде принциптер деп бастапқы қалыпты, мақсатқа жету тәсілдерін түсіну керек) санамалаумен бастаған дұрыс, олар: тұтастық, бірлесе бағыну, мөлшерлестік, тепе-теңдік, бірлік. Дәл осы принциптер композицияның мынадай анықтамаларынан көрінеді. Композиция дегеніміз – құрылымдық бөліктері өзара байланыстырылып, әрбір бөлігі тұтастыққа бағынған және жалпы тұтастық өзінің әрбір бөлшегімен байланысқан шығарма құру.

Алайда бұл анықтама соңғы анықтама емес, сондықтан кейде композицияны шығарманың құрылымы ретінде, аталған тақырыптың образдық, көркемдік шешімін табуға бағытталған барлық көркемдегіш құралдарын пайдалана отырып, жалпыланған формада береді.

Композицияның негізгі принциптерінің мәнін аша отырып және оны жүзеге асырудың басқа да көркемдік құралдарымен танысу арқылы жалпы композицияның не екенін түсініп қана қоймай, көрсетілген ережелерді шығармашылық жұмысымызға пайдалануға да болады. Композициядағы жекелеген тәсілдермен егжей-тегжейлі таныспас бұрын оның негізгі принциптерін сипаттап алайық.

Тұтастық – ең алдымен картина тақырыбын ашуға артық ештеме керек болмағанда және оған бір нәрселерді алып-қосу ынтасы болмаған кезде, сонымен бірге көрерменге түсінікті қарапайым да жай тәсілдер арқылы жеткізуде көркемдік құралдардың қажеттілігі мен жеткіліктілігі туралы мәселе қозғайды. Бейнелеу құралдарының қарапайымдылығына көрерменнің картина тақырыбын өз бетінше талдап, бейнеленген сәтке дейінгі және одан кейінгі жағдайларды өздерінше елестетуге мүмкіндік беретін «толық ашпау» тәсілі де жатады (ал бұл образдылау әдіс болып табылады). Мұнда композициялық тәсілдің тағы бір қыры – уақыт созылыңқылығы сөз болады.

Бірлесе бағыну – кез келген картинаның мағыналық орталығымен (идея, тақырып) сәйкес келетін композициялық орталығы болу керек деген түсінік. Картинаның қалған басқа құрылымдары тереңдікте де, жазықтықта да (пландар) композициялық орталыққа бағындырылып, тақырыпты ашуға көмектеседі.

Мөлшерлестік негізгі фигуралардың пропорциясы, өлшемі, масштабтылығымен қатар картинаның өлшемі мен форматын анықтаудан жазықтық және тереңдік құрылымдарына дейінгі қосымша фигуралардың да мәселесін қарайды. Мұндай кезде перспектива, оқшаулау, цезура (бос орын, аралық, қуыс), ритмика, линиялық композициялардың тәсілдері қолданылады.

Тепе-теңдік – картина кадрына орналастырылған фигураларды, түстік және контрасттық дақтарды, т.б. көіп қабылдаудағы тепе-теңдікті қарайтын принцип. Оған симметрия, алтын қима, музыкалық сандар принципі бойынша қатынас, ритмика, образды геометрия т.б. тәсілдері арқылы қол жеткізіледі.

Бірлік – композицияның барлық басқа принциптерін біріктіріп, оның жекелеген бөліктерінің (композиция анықтамасын қараңыз) өзара байланысындағы бірлік пен қарама-қарсылық ұғымын енгізетін синтездеуші принцип.

Жоғарыда аталған жекелеген түсініктердің мәнін ашып, композициядағы көркем бейненің басқа да формаларымен танысайық.

Толық ашпау (сипаттамау) – өнердегі ірі және жиі қызмет атқаратын факторлардың бірі. Суретшілер жағдайдың шешуші сәтін емес, оған дейінгі немесе одан кейінгі уақытты жиі суреттейді. Бұған мысалды И.Репиннің «Иван Грозный және ұлы Иван» картинасынан, Н.Генің «Христостың құпия кешкі астан кейінгі шығуы» суретінен немесе В.Суриковтың «Атқыштардың өлім жазасы алдындағы таң» және т.б. шығармаларынан көруге болады»[48,49,50].

Контрасттылық пластикалық өнердің кез келген шығармасына тән. Бұл картинаның хроматикалық (түрлі түсті) жерлерін қосымша түстер принципі бойынша салғастыру немесе ашық түсті жерлерін күңгірт жерлеріне (ең жиі қолданылатыны – 1:2 қатынасы), суық тондарды – жылы тондарға; детальға немесе фигураларға толы орындарды – бос кеңістікке (үздіксіздік және үзілістер); ірі рельефті формаларды – шағын рельефті формаларға (мүсіндеуде, ойып салуда) немесе бұдырлы беттерді – тегіс беттерге; ірі фигураларды – ұсақ фигураларға; фигураны – фонға; адамдардың статикасын динамикаларына қарсы қою болып табылады.

Алайда контрасттылық тиісті әсерге нюанстар мен ауысулар болған кезде ғана қол жеткізеді. Импрессионист-суретшілер хроматикалық түстердің үйлесімін пайдаланып, бояуларды аз араластыруға тырысу арқылы түсті бояу жақпаларының бір түстен өзін толықтырушы басқа түске, жылы тондардан – суық тондарға ауысуының тұтас көрінісін құрайтын модуляциясына жүгінген. Жартылай көлеңке рефлекстерінің дәл сол нюанстары форманы жарық көлеңкелерінің көмегімен беруге де тән. Осындай принцип суретшінің көзді қарықтырар максимал контрасттылықтан қашып, ең жақын тондарына дейін құбылту арқылы қалыптастырған әлсіз контрастты пайдаланған сәтінен көрінеді, бұл кейде түс мәдениеті деп те аталады. Мысалы қызыл түс көктен сарыға дейінгі контраст түстердің тұтас аймағына ие, ал мұндай кезде контраст максимум болып, толықтырушы түс жасыл болады.

Аналогия – композиция элементтерінің өзара байланысының басқаша формасы, ол элементтердің қайталануынан, мәндер мен акценттердің кезектесуінен көрінеді. Егер қатаң өрнектерде мұндай кезектесу бейне элементтерінің немесе мотивтерінің симметрия заңдылықтары бойынша дәл қайталануларынан көрінсе, станокты көркемсуреттерден, кейде ойып салынатын өрнектерден де мұндай қатаң тәртіп сақталмайды. Қайталану аналогиядан, ұқсастықтан байқалады, сондықтан соңғы уақыттары ол ритмика деп аталып жүр. Мұндай қайталануды біз фигулардың сұлбасының немесе бастарының контурларынан, киім қыртыстарынан, тондары бойынша бір-біріне жақын, кезектесіп келетін түс дақтарынан немесе жарық түсіру акценттерінен, цезуралардың динамикалық ритмінен және т.б. байқаймыз.

Композиция құру кезіндегі көркемдік шешімдердің басқа формалары жеке-жеке қарастырылады.

Осы тарауды аяқтай отырып, композицияның үш: фронтальды, тереңдік-кеңістікті және көлемдік-кеңістікті түрге бөлінетінін баса айтамыз. Фронтальды дегеніміз – сәндеу-қолдану өнерінде, маркетриде пайдаланылатын жазықтықтық композиция. Тереңдік-кеңістікті дегеніміз – станокты көркемсурет картинасының композициясы. Көлемдік-кеңістікті – мүсіндеу өнеріндегі үшөлшемді композиция. Біз басқа екеуінің негізінде жатқан станокты көркемсурет картинасының композициясына толығырақ тоқталамыз да, сызықтық және түстік композицияны ерекшелеп көрсетеміз.

Сызықтық композиция. Сызықтық композиция (кейде жазықтық деп аталады) – картинаны жақсы оқылу үшін жазықтық бетіне құру. Кадрмен (рамамен) шектелген ақ кенептің өзі-ақ форматқа байланысты мағына жүктеп тұрады. Тігінен қойылған формат картинаға сымбат пен биіктік, ал көлденең қойылғаны қозғалысқа толы массалық көрініске ыңғайлы кең ашылу қалпын береді. Алтын қима пропорциясына ие форматтар картинаға тұрақтылық пен тепе-теңдік сипат береді.

Тізу сызық кесіндісін таза жазықтыққа сызып алған соң, егер ол сызық тігінен немесе көлденеңінен орналасқан болса, тұрақтылықты, ал диагонал бағытында болса, қозғалысты көрсететінін байқаймыз. Картинаның жоғарғы жағына орналастырылған кесінді құлап келе жатқан секілді көрінсе, астыңғы жағындағысы көрерменге жақын, ал орта тұсында орналасқаны ең алыс та тұрған сияқты қабылданады. Мұның барлығы картинаны ұйымдастыру барысында ескеріледі.

Сонымен қатар, егер жалпақ үшбұрыштың табаны төмен ұшы жоғары тұрса, тұрақты, ал керісінше, ұшы төмен, табаны жоғары қараса, тұрақсыз секілді көрінетінін байқаймыз.

Картинаның көкжиектегі қалпы да осымен байланысты: көкжиек төмен орналасса, салтанаттылық мен монументтілік байқалады, ал тым төмен болса, театрлық көрінеді. Көкжиек сызығы жоғарыда болса, жерге жақындық, камералық түр, тұйықтық сезіледі. Көзге ең тартымды және тұрақты көрінетін – көкжиектің жазықтықты тігінен, алтын қима бойынша бөлетін сызығы.

Картина алаңын ұйымдастыру, сюжетті жазықтық бетіне бөліп орналастыру картинаның тақырыбын ашудың алғашқы қадамдары болып табылады (суретшінің алдын ала ойлап шығарып, ойша өңдеген тақырыбы). Ең алдымен композициялық орталыққа – картинаның қалған барлық бөліктерінің көрінуі мен мағынасын біріктіретін негізгі бөлігіне назар аударылады. Ол негізгі тұлға, әрекет, пейзаждың орталық түсі, натюрморттың негізгі заты, т.б. болуы мүмкін. Композициялық орталық орналасуы бойынша да, ол орталыққа көрермен назарын аударып, картинаны қарау барысында оған қайта айналып көз тоқтата бергізетін басқа барлық құрылым элементтерінің көмегімен де ерекшеленеді.

Кейде композициялық орталық картинаның орталығына орналасады, мұны Леонардо да Винчидің «Құпия кешкі ас», В.Васнецовтың «Аленушка», К.Брюлловтың «Шабандоз әйел», т.б. картиналарынан көруге болады. Егер композициялық орталық картинаның ортасынан жылжып кеткен болса немесе екінші планға орналастырылған болса, онда ол басқа құралдар арқылы ерекшеленеді. И.Репиннің «Күтпеп едік» картинасында орталық фигура болып табылатын жер аударылған адамның солға қарай жылжытылған бейнесі оқшаулау және жарық беру арқылы ерекшеленген. А.Ивановтың «Христостың халыққа көрінуі» картинасындағы Христостың үшінші планға орналастырылған фигурасы тек оқшаулау емес, оның перспективасына қатысты құрылымы бойынша кейбір ұлғайтулар арқылы да айрықшаланған. В.Суриковтың «Атқыштардың өлім жазасы алдындағы таң» картинасындағы екінші планға салынған І Петр мен оның қарсыласы – бас киімін шешпей, оған бағынбаған атқыш картинаның барлық алаңын өткір жанарларымен түйрейді. Бұл екі фигураның сұлбалары – І Петр қабырғаның тегіс фонымен, атқыш тон контрасты және ұсақ детальды фонмен салыстырғанда айтарлықтай ірі түспен ерекшеленген. Осы картинадағы тереңдікке қарай құрылу, перспектива сызықтары, арбалардың ағаш конструкциясының бағыты көрерменнің назарын үшінші планға – өлім жазасы орындалатын орынға аударады. Картинаның алаңы оның басқа да маңызды мағыналық бөліктеріне бөлінген: халықпен қоштасып жатқан атқыш пен жарлық оқып тұрған хатшының фигурасы жоғарылаған; қызыл телпекті қыздың фигурасы тікелей көрерменге қарауы арқылы ерекшеленген; атқышты дар ағашына жетелеп келе жатқан топ айрықшаланған»[51,52,53]. Бұл бөліктер композицияның күрделілігін көруге мәжбүрлейді, екінші жағынан, мақсатқа бағытталған талдауды ұйымдастыру арқылы тақырыпты түсінуді жеңілдетеді.

Осылайша, көрерменнің көзі картина алаңын шарлай отырып, қажетті ақпарат жинайды және картинасын мағынасының жұмбағын шешеді (картинаны суретші белгілеген бағыт бойынша жайлап кезегімен қарау емес, әр жерінен бір қарап шарлау тәжірибе түрінде дәлелденген).

Композициялық орталық пен картинаның оған қатысты басқа бөліктерінің орналасуы туралы сөз қозғағанда, орталыққа бағытталған және одан кері бағытталған композицияларды да атап өту керек, себебі әрекет пен оған әсер ететін композициялық трактовка осы бағыттарға байланысты дамиды. Орталықтан кері бағытталған композицияның мысалдары – Ф.Брунидің «Мыс жыланы» мен К.Брюлловтың «Помпейдің ақырғы күні» картинасы.

Картинаның орталық тұсының бос болуы (фигуралар арасындағы алшақтық) көркрменге шытырман әсерін тудырып, жұмбақ элементін енгізгендей болады. Суретшілер мұндай әдісті де пайдаланады.

Картина алаңын ұйымдастырудың конструктивтік міндеттерін (композициялық түйінді ерекшелеу, маңызды мағыналық бөліктер мен топтарға бөлу, ол бөліктердің бір-бірімен және композициялық орталықпен қатынасын қамтамасыз ету) белгілей отырып, суретші фигураларды немесе картина элементтерін үшбұрыш, шеңбер, овал, геометриялық фигураларға жақын басқа да контурлар түрінде топтастыру әдістерін қолданады. Үшбұрышқы құрылған классикалық композицияларды көптеген картиналардан көруге болады: Рафаэльдің «Сикстин мадоннасы», В.Серовтың «Шабдалы ұстаған қызы», К.Брюлловтың «Помпейдің ақырғы күні» картинасы (төмен қаратылған үшбұрыш), т.б. Италияға барып, ондағы шеберлердің, әсіресе, Рафаэльдің жұмыстарынан рухтанған Ренуар өзінің «Суға шомылған қыздар» атты картинасын үшбұрышты композициямен салып, өзінің кәсібін және бұрынғы шеберлердің көркемсуретке байланысты ережелерін білмейтіндігін айтып, өз-өзін кінәлайды. Алайда үшбұрыш немесе трапеция түріндегі композицияны барлық жерден іздеу қате болар еді. Мұндай әрекет екінші деңгейлі детальдарды үшбұрышты композицияға ретсіз енгізуге, суретшінің ойын бұрыс трактовкалауға әкелуі мүмкін. Геометриялық фигуралар түріндегі композициялық тәсілдер, сонымен бірге реттіліктің, ұйымдастырудың басқаша мәнерімен орындалған композициялар көпқырлы болады.

Өнертанушылар овал (кейде дөңгелек деп атайды) түріндегі композицияға мысал ретінде Д.Рублевтың «Үштік» картинасын жиі келтіреді. Картинаның фигуралар тобының диагонал бағытымен құрылуы негізінен қозғалысты көріністерге, қозғалыстарға тән, мысалы: В.Суриковтың «Бояр әйел Морозова», И.Репиннің «Курск губерниясына крест жол», В.Перовтың «Өлік шығару» картиналары, т.б.

Екіөлшемді картиналарды жазықтық бетіне сала отырып суретшінің кеңістік, тереңдік иллюзиясын тудыратынын ескеру керек. Ол фигуралар мен заттарды көлеммен орналасқандай көрсетеді. Егер сөз интерьер (П.Федотов «Майор құдалығы», Леонардо да Винчи «Құпия кешкі ас») туралы болатын болса, мұндай көлем төртқырлы қиық пирамида немесе оның бөліктері арқылы көрсетілуі мүмкін, ал пейзажда (Брейгель «Аңшылардың оралуы», Б.Кустодиев «Масленица»), тіпті, жер бетінің ішке қарай майысуы түрінде берілуі мүмкін. Мұндай тереңдік синтезі пландарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады.

План дегеніміз – көлденең жазықтықтың (жер, еден) жолағы үстіндегі бейнеленген кеңістіктің бөлігі. Әдетте, пландар жекелеген адамдар немесе кулисалар тобы (ағаштар тобы, орман массиві, ғимарат қабырғасы, т.б.) түріндегі қандай да бір фронтальді құрылымдармен бөлінеді. Тереңдігі бойынша пландар тондылығы, кейде салынатын заттардың шекаралары, түстік айырымдары, т.б. арқылы баса көрсетіледі. А.Ивановтың «Христостың халыққа көрінуі» картинасындағы пландар ретімен көрінеді: алдыңғы план – суға түсіп жатқан адамдар тобының тік көрінісімен аяқталса, екіншісі – ағаштар тобы және оң жақтағы адамдар тобымен, үшінші план – Христос фигурасымен, төртіншісі – тау тобымен аяқталады, ал таудың арғы бетінен екінші тау және аспан күмбезінің планын сезуге болады»[54].

Картинадағы пландардың шекаралары ерекшеленіп, көрерменге анық көрініп тұрмайды. Бір план екіншісіне баяу ауысып отырады және олар қатаң түрдегі фронтальділіктен аулақ болады. Картинадағы әрекеттер символды түрде болғанымен, шынайы әлемде жүзеге асып жатқан секілді әсер қалдырады. Суретті пландарға бөлу – шартты нәрсе және үнемі анық көріне бермейді. Бір суреттің өзінен үш-төрт ірі планды немесе (олардың орнына) бес-алты ұсақтау планды бөліп алуға болады. Пландарды құру барысындағы суретшінің негізгі міндеті – картина тереңдігінің иллюзиясын тудыруда. Бұған И.Шишкиннің «Орман қашықтықтары» атты жұмысы мысал бола алады.

Алдыңғы план фигураларын тұтастыра отырып, суретші көрерменнің қарау нүктесін, оның картинаға дейінгі ара қашықтығын ескеріп отырады. Осы мақсатта алдыңғы планда әдетте тыныштық алаңы немесе кеңістік орналастырылып, ол картинаның орталық бөлігін көрерменнен алшақтатады. И.Шишкин өз пейзаждарында осындай алаң ретінде бұлақтарды, шалшықтарды пайдаланса, В.Суриков «Бояр әйел Морозова» картинасында шананың қозғалысына қол жеткізу үшін оны полотноның төменгі бөлігіне орналастырған.

Маркетридегі композиция. Фронтальді композиция. Ритм – суреттегі кеңістік, түс, пластика заңдылықтарына бағынатын элементтердің кезектесуі. Ритм кемінде үш рет қайталанғаннан кейін сезіледі. Өрнек элементтері арасындағы дұрыс ара қашықтық (олар метрикалық қатар деп те аталады) тұрақтылық әсерін тудырса, заңдылық бойынша өзгеретіндері динамика мен қозғалысты көрсетеді. Бейнелеу өнерінде ритм кейде анық немесе математикалық қатаң ретпен көрінбейді, бұл туралы біз композиция туралы тарауда аналогия мен контраст мәселелерін талдағанда айтып өттік.

Раппорт – өрнекте қайталанатын элементтердің үйлесімді жиынтығы. Раппорт адымы – кезектесу интервалы (кейде мұны да раппорт деп атайды).

Симметрия – фигураның екі шеті бойынша бірдейлігі, үйлесім. Оған симметрия линиясы және оған сәйкес жазық фигураның айналық симметриясы; симметрия жазықтығы және оған сәйкес осьтік симметрия деген және басқа да түсініктер бар. Осьтік симметрия дегеніміз – өрнек құруда жиі қолданылатын термин, сондықтан оған мысал келтіріп (356, 357-сур.), анықтама береміз. Бұл жазық немесе көлемді фигураның белгілі бір бұрышқа бұрылған кезде симметрия осінің айналасындағы суреттің сәйкес келуі болса, ал толық айналым кезінде сәйкес келетін бейнелер саны осьтік симметрияның тәртібі туралы мәлім етеді. Мысалы, жазық фигура симметриясының линиясы екінші қатардың да симметриялық осі болып табылады, алтыбұрышты дұрыс призмада алтыншы қатардың бір симметриялық осі және екінші қатар симметриясының алты осі бар.

«Симметрия», «ритм», «метрикалық қатар», «раппорт» түсініктері суреттегі немесе қолдан жасалған көркем бұйымдағы аналогияны әр қырынан сипаттайды.

Оюшы немесе маркетрист үшін айтылған мәліметтерден шешім шығарамыз. Ең бірінші, аналогия принципі бойынша сәндеу әдісін қолданатын шебердің алдымен ағашпен жұмыс жасайтыны, екіншіден, сәндеу элементтерін трафаретпен емес, қолмен орындайтыны факторынан бастаймыз. Соңғысы суретшіні трафарет қолдану, яғни процесті машиналандыру кезінде (бордюр немесе карниз жасау, матаны толтыру, ойып жасалатын бұйымдарды өңдеу, т.б.) міндетті түрде орындалатын ритм элементтерін дәлме-дәл қайталаудан немесе қатаң симметрия құру қажеттілігінен құтқарады (немесе мұндайдан сақтануын оятады) »[55,56].

Бір заттың нұсқасы ретіндегі еркін қайталаудан дәлме-дәл көшірмені қолдай жасаудың қиындығына байланысты, әсіресе, ағашпен жұмыс жасаған уақытта, материалдың өзі (ағаш тіндерінің орналасуы, ықтимал ағаш нақышы, ақаулы жерлерін айналып өту) түрлендіруге жағдай туғызатынын ескерту өте маңызды.

Ритм, симметрия, өрнек құрылымы заңдылықтарын білу және ескеру, сонымен қатар композицияны негізгі бес принциппен үйлестіру арқылы ойып өрнектеуші мен маркетрист өз композициясының трактовкасын көркемдігі жағынан қызығырақ ете алады. Ойып өрнектеудегі немесе маркетридегі қатаң формалар қатаң ритм, симметрия, өрнектерді талап етеді, бірақ бейнелеу мотивтерімен жұмыс ритмді емес, ритмиканы, геометриялық симметрияны емес, теңдік немесе көру симметриясын қолданады. Ағаш шебері бейнеленетін мотивтер мен ою жұмысының сипатына: өрнегіне, сюжетіне немесе сюжетті өрнегіне қарай бірінші факторды да, екінші факторды да ескеріп отырады.

Ритм, симметрия, геометрияны дәл қайталамау мысалдарын біз рококо стиліндегі бейнелеу мотивтерінен, сонымен бірге түсті жапсырманың 13, 38-суреттерінен көре аламыз.

Осылайша, біз трафарет және штамп басатын құрал пайдаланылатын жерлерде, сонымен бірге сфералық ішке майысқан немесе сыртқа қарай томпиған элементтерді, торшаларды, белдікшелерді, т.б. орындау кезінде фрезбен ою механикаландырылатын геометриялық кесу жұмыстарында немесе маркетриде қатаң ритмнің, симметрияның және басқа да құрылымдардың өздерін ақтайтындарын білеміз. Алайда бейнелеу өнеріне жақын, бірақ сәндеу өнеріне тән ритмика мен симметрияны есептеп отыратын жануарлар мен өсімдіктер әлемінің мотивтерін қолдану кезінде трактовка әсерлілеу болады.



2.2 Ою-өрнектердегі реңдік және түстік қарым-қатынастар. Түс туралы түсінік.


Табиғаттағы заттарды адамның көріп, оның түсі мен көлемін ажырату ерекше физиологиялық құбылыс болып табылады. Адам көзі рецепторлары ақпараттарды сигнал түрінде миға жібереді. Мидағы саралау үрдісі қабылданған ақпаратты зерделей келе қоршаған ортадағы заттардың пішіні мен көлемін, түстерінің ерекшеліктерін ажырата алу қасиетіне ие. Түйсік арқылы адам табиғат құбылыстарын да ажырата алады. Қажетті жағдайда сай әрекет етеді – өрттен, су тасқынынан т.б. табиғи құбылыстардан сақтанады. Түс қасиеттерін жанжақты зерттеп, түстану ғылымының дамуына үлес қосқан белгілі ғалымдар мен мәдениет пен әдебиет қайраткерлері – Ньютон, Юнг-Гельмгольц, Оствальд, Шугаев, Гете, Ивенс және басқалардың еңбектерінің нәтижелері осы күнде де өздерінің көкейкестілігін жоғалтқан жоқ.

Түсті оптикалық аспаптар арқылы Ньютон жіктелу спектрын тәжірибе жүзінде дәлелдегенін біз мектеп қабырғасындағы физика пәнінен жақсы білеміз. Осындай тәжірибелер мен зерделеу арқылы бізге бүгінгі күнге дейін жеткен түстік спектрларымен, түс шеңберлерімен және схемаларымен жете танысу мүмкіншілігі бар. Юнг-Гельмгольц көрудің үштүстік теориясының негізінде басты үш түсті анықтаған: қызыл, көк және сары. Басқа түстерді осы бастапқы үш түсті белгілі бір мөлшерде араластыра отырып шығаруға болатынын дәлелдеген. Мысалы: қызыл мен көк түсті қосу арқылы күлгін түсті, қызыл мен сары түсті қосу арқылы қызғылт түсті, көк пен сары түсті қосу арқылы жасыл түсті шығаруға болатынын іс жүзінде көрсететін арнайы түстік спектрлар мен схемалар құрастырған. Негізгі және қосымша түстер. Алдыңғы тарауда аталған ғалымдардың тәжірибелеріне сүйене отырып, негізгі және қосымша түстермен толығырақ танысуымыз керек. Бейнелеу өнері мен дизайн саласында түстерді ұтымды пайдалана білу үшін олардың табиғи қасиеттерін жетік меңгеру кескіндеме пәнінің басты мақсаты болып табылады. Алдымен негізгі және қосымша түстермен жете танысуымыз қажет.

Негізгі түстер тобына жоғарыда аталған үш түс – қызыл, көк және сары түс жатады. Осы негізгі ҥш түсті қажетті мөлшерде араластырғанда қосымша түстер пайда болады. Қосымша түстерге – қызғылтсары, күлгін және жасыл түстер жатады. Сонымен қатар негізгі түстерді бір-бірімен араластыру кезінде біреуінің мөлшерін екіншісінен басымырық алатын болсақ, негізгі түстер мен қосымша түстердің арасында қосалқы түстер пайда болады. Мысалы, қызыл түспен сары түсті араластыру кезінде сары түсті мөлшері жағынан көбірек қоссақ – қызғышсары түс шығады. Осы әдісті қолданып, негізгі түстер мен қосымша түстер арасында орналасатын қосалқы түстер шығарып алуға болады. Іс жүзінде осы тәжірибені жасау барысында 12 түстік шеңбер құрастырамыз. Түс және пигмент атаулары түстің табиғи ерекшелігіне байланысты болады. Таза түстер деп негізгі үш түсті атаймыз. Басқа түстер негізгі түстердің қосындысы болғандықтан оларды реңіне қарай атаймыз. Мысалы, көк түстен шыққан қосалқы түстер – қанық көк, көкшіл, көгілдір; қызыл – қанық қызыл, қызғылт, қызғылт сары; сары – қанық сары, ашық сары, сарғыш т.б. Жалпы қосымша түстердің мыңдаған түрлері бар. Оларды ажырату үшін адамзат тарихында қалыптасқан атаулары өте көп. Ахроматикалық композицияларды орындау әдістері. Алдымен ахроматикалық түс ұғымына тоқталып кетейік. Жалпы түстер екі топқа бөлінеді: хроматикалық, яғни түсті және ахроматикалық, яғни түссіз. Хроматикалық түстерге алдыңғы тарауда аталып өткен негізгі түстер мен қосымша түстердің барлығы жатады. Хроматикалық түстер туралы толық мағлұмат берілгендіктен, кезекті дәрісімізді ахроматикалық түстерге арнаймыз. Ахроматикалық түстерге ең басты екі түс – ақ пен қара, қосымша ахроматикалық түстерге – сұр түстердің тобы жатады. Ақ, қара және сұр түстердің тобын нейтарльды түстер тобына жатқызады. Өйткені, басқа түстер суық және жылы топтарға бөлінеді. Суық түстер тобына көк түстер тобы, ал керісінше жылы түстер тобына сары мен қызыл түстер тобы жатады. Суық немесе жылы түстер ұғымын толағырақ түстік гамма тақырыбына байланысты қарастырамыз. Ақ түстің физикалық қасиетін атақты ғалым Ньютон оптикалық әдіспен жарық көзін призмаға шағылыстыру кезінде түстік спектр түрінде ыдырайтынын тәжірибе жүзінде дәлелдегенін білеміз.

Бейнелеу өнерінде ақ түс пен қара түстің алатын орны ерекше. Әсіресе графика өнерінде ақ-қара-сұр түстер басты түстер болып табылады. Көркемдік әдіс ретінде қолданылады. Сондықтан түстермен практика жүзінде жұмыс істеуді ахроматикалық түстерден бастаймыз»[57,58]. Ол үшін геометриялық фигуралардан композициялар құрастырып, ақ пен қара түстердің қарама-қарсы қайшылықта, яғни контрастық қатынаста болатынын есте ұстап, реңдік (тондық) шешім табуды үйренеміз. Өйткені қоршаған ортадағы заттардың көлемін, кеңістіктегі орнын, бір-бірімен салыстырғандағы реңдік қарым-қатынасын көркем әдіспен бере білу керек. Ол үшін әуелде ақ пен қара түстің аралығында орналасқан сұр түстердің градиенттік схемасын орындау міндетті. Осы жаттығу арқылы ақтан қараға ауысу аралығы қандай сұр түстерден тұратынын іс жүзінде жаттығу арқылы меңгеріп алу қажет. Келесі жаттығу осы алған тәжірибені іс жүзінде күрделі композицияларда қолдану машықтылығын игеруге арналады. Монохромды композиция – бір түсті композиция ұғымын білдіреді. Монохромды ахроматикалық композиция – белгілі-бір түске негізделген түссіз түстерден құралған композиция болып табылады. Біздің жаттығуға таңдаған түсіміз – қара түс. Қара бояуға ақ бояуды бірте-бірте қоса отырып аралық сұр түстерді табамыз. Осы аралық түстерді қолдана отырып алдында құрастырған геометриялық фигуралардан тұратын композициялардың реңдік шешімін табамыз. Бірінші нұсқада ақ түсті бояуларды басымырақ қолданып, ашық реңді композиция жасаймыз. Екінші нұсқада қара түсті бояуларды басымырақ қолданып, ауыр реңді композиция жасаймыз. Үшінші нұсқа аралас реңді композиция ретінде орындалады. Бұл жаттығулар келешекте жасалатын жұмыстардың реңдік шешімді дұрыс табуға себепкер болады. Мыңдаған түстерді бір композицияда үйлестіре білуде осы реңдік шешім жасай білу әдістері басты тірек болады. Сонымен қатар, түстерді зат пен кеңістіктегі көлемі мен жарықтың жазықтықпен жанасуын көркем әдістермен көрсете білу шеберлілігіне негіз болады. Ашықтық диапазоны – түстің реңінің ашық болу көрсеткішінің жоғары немесе төмен болуына байланысты.

Ашықтық диапазон түстің қанықтығымен де байланысты. Түстің қанықтығы немесе солғындығы түстің басқа түстермен араласу нәтижесіне байланысты. Мысалы, қанық қызыл түске қанық сары түсті қосқанда ғана қанық қызғылт түс алуға болса, қанық қызыл түске солғын сары түсті қосу арқылы түбінде ашық түс шығару мүмкін емес. Ашық диапазонды түстер адамның көңіл күйіне жағымды әсер етсе, керісінше солғын диапазонды түстер кері әсер етеді. Сондықтан дизайн салаларында, әсіресе жарнамалық жоба жұмыстарында ашық түстер қолданған орынды. Басты түске ақ түс неғұрлым көбірек қосылса нәтижесінде солғын түстер пайда болады. Олардың топтарына пастель түстер жатады. Бұл түстер қанықтығы жұмсақ әрі ақшыл реңді болғандықтан интерьердің ішкі дизайнында және ғимараттың сыртқы дизайнында әрлеу жұмыстарында жиірек қолданылады. Түстердің гармониялық қатынастары. Басты және қосалқы түстермен танысқанан кейінгі түс туралы білу керек жағдай – түстердің физикалық араласуы. Бұл ұғымды дұрыс түсіну үшін бейнелеу өнерінің белгілі бір ағымы болып есептелетін пуантализмді еске алайық. Пуантализм тәсілінде түстерді қатар қойып, белгілі бір қашықтықтан картинаға қарағанда қатар тұрған түстердің физикалық жолмен араласуы көрерменге жеткенше басқа түс болып қабылдануымен ерекшеленетін. Яғни, түсті бояуларды палитрада араластыру арқылы емес, екі түрлі түсті таза қалпында қатар алу әдісіне негізделеді. Түстердің бір-бірімен қарама-қарсы қатынаста болуын контрастты қатынас деп білеміз. Контрасты қатынаста болатын ең басты түстер – ақ пен қара екені бізге белгілі. Ендігі контрасты түстер осы ақ пен қараға қатар алынған кез келген таза түстер мен аралас түстердің бәрі болып табылады: – ақ пен қара, ақ пен қызыл, ақ пен көк, ақ пен сары; – қара мен қызыл, қара мен көк, қара мен сары; – ақ+күлгін, ақ+жасыл, ақ+қызғылтсары; – қара+күлгін, қара +жасыл, қара+қызғылтсары. Осы қатынастар контрастық қатынастардың ең бастылары болып есептеледі. Ендігі кезекте контрастық қатынастарды құрайтын хроматикалық түстер тізімін қарастырайық: негізгі түстерден:

қызыл + көк, қызыл + сары; – көк + қызыл, көк +сары, көк + қызғылтсары; – сары + қызыл, сары + көк; қосымша түстерден: – қызыл + жасыл, қызыл +күлгін, қызыл + қызғылтсары; – көк + жасыл, көк + күлгін, көк + қызғылтсары; – сары + жасыл, сары + күлгін, сары + қызғылтсары. Айта кететін бір жайт – негізгі түстерден тұратын контрасты қатынастар қосымша түстерге қарағанда ұтымды болып саналады және көркем өнер мен дизайнда жиірек қолданылады. Түстердің бір-бірімен ұтымды контрасты қатынаста болуын үйлесімділік яғни, гармониялық қатынас деп атайды. Жалпы көркем өнердегі гармония – үйлесімділік заңдылығы болып табылады. Жоғарыда қарастырылған мысалдар контрасты үйлесімділік болса, ендігі қарастыратынымыз – жақын (туыстас) түстер үйлесімділігі. Негізі бір түстен тұратын негізгі және қосымша түстер тобы: – көктен – көкжасыл, көгілдір, қанық көк, күлгін т.т.; – қызылдан – қанық қызыл, күлгін, қызғылт, т.т.; – сарыдан – қанық сары, ашық сары, жасыл сары, қызғылт сары. Аталмыш түстер өз топтарындағы түстердің түүбі белгілі-бір негізгі түс болғандықтан өз ара үйлесімді болып келеді. Сондықтан осы заңдылықты дұрыс қолданып жасалған көркемөнер және дизайн туындылары ұтымды шығады. Түстік гармония – түстік күштер тепе-теңдігі және нақты таңдалып алынған түстерге тәуелді, боялатын нұсқамен қарым-қатынасы, өзара салыстыру немесе қарсы қою. Гармония – өнердегі үйлесімділік заңдылығы. Фактурасын өзгерту арқылы әшейінде үйлеспейтін түстерді үйлестіруге болады. Қарама-қарсы түстерді сұр фонға орналастыру арқылы бір-бірімен үйлестіруге болады. Белсенді түстер – сары мен қызыл түстер тұйық көк пен жасыл түстерден басым болып келеді. Сондықтан оларды аз мөлшерде қолданған жөн. Түстер бір-біріне ықпал етеді. Мысалы:

қосалқы жасыл-көк түстің қасында қызыл түс барынша айқындалып көрінеді, ал сары түстің үстіндегі қызыл «айқайлап» көрінеді;

көк түстің үстіндегі қызыл қызғылт реңді;

сары-жасыл түстің ҥстіндегі қызыл түс пурпур түстес, яғни салқын реңді;

қара түстің үстіндегі түстердің бары айқын (ашық) болып көрінсе, керісінше ақ түстегілер бұяң болып көрінеді. Ең тұрақты гармонялық үйлесімді қарама-қарсы жұптар – түстік шеңбердегі қарама-қарсы орналасқан түстер болып табылады. Түстік шеңбердегі үшбұрышты немесе текшені айналдыру арқылы басқа (қосымша) түстердің қарапайым гармонясын құрастыруға болады. Түстік ауқымның мөлшері мен көлемі (формасы). Түстік гармонияның қасиетін айқындайтын маңызды факторлар – түстердің ауқымының көлемі мен мөлшері болып табылады. Қанықтығы мен жарықтығы бірдей түстердің бірегей және біртұтас түстік әсерді қалыптастыруға қажетті түс ауқымының көлемдері пропорциональдық мөлшерлі қарым-қатынасы болуы керек»[59,60]. Жарықтығы жағынан контрасты түстер ауқымы пропорционалдық мөлшерінің маңызы одан әрі артады. Мысалға, көлемі үлкен ағартылған түстік ауқымды теңестіру үшін оған контрасты қатынастағы ауыр реңді түстің көлемінің мөлшері жағынан бірнеше мәрте кіші болуы жеткілікті. Түстік ауқымдардың пропорциональдық қатынасын айқындайтын тағы бір жайт – жалпы түстік рең және гармония түрі (тип). Саны жағынын бірдей, бірақ көлемі жағынан әртүрлі 4 түстен тұратын топтамадағы текшелер мөлшерлері жағынан біреулері ірі, қалған біреулері ұсақ болғандықтан олардың үйлесімі әрқилы әсер етеді. Әртүрлі түстерден құралған композицияда бірегей гармониялық үйлесім табу қиындық туғызады. Мысалы, картина жазықтығын көлемі жағынан біркелкі шаршыларға бөліп, әртүрлі түстерге бояйтын болсақ, олардың арасында гармониялық қатынас құрастыру үшін ырғақ (ритм) заңдылығын қолдануымыз керек. Яғни түсті шаршыларды белгілі бір интервалда орналасуының қайталануынан белгілі бір ырғақ туындайды. Бұндай композицияларды неғұрлым алыстан қарасақ, соғұрлым үйлесімділік әсер (эффект) байқаймыз. Бұл жерде оптикалық араласу заңдылығы бар. Түстік гармонияның әсерін өсіре түсу үшін маңызды кезеңнің бірі – фонның түсі болып табылады. Себебі әртүрлі түстерге боялған фондағы композиция түсті бөлшектері әрқалай көрінеді. Мысалы, ауыр реңді фондағы түсті элементтер ашық (айқын) реңді болып көрінсе, керісінше ашық реңді фондағы сондай түсті элементтер реңі жағынан ауыр болып көрінеді.

Суық түсті фондағы түстер жылы реңді болып көрінсе, жылы фондағылары суық реңді болып, көрінеді. Түстік гармоняның түрлеріне туыстас түстердің үйлесімділігі жатады. Басты бір түстен алынған қосымша түстерден құралған композициялар ұтымды болып келеді. Себебі – түстік ауқымдардың арасында қайшылық жоқ. Суық, жылы немесе аралық түстік гаммалардан құралған композициялар бұған дәлел бола алады. Бұл жерде осы түстік гаммалардан құралған композицияларды ауыр немесе ашық реңде жасау варианттарын да айтып кенткен жөн. Брюкке ұсынған ең ежелгі түстік гармониялардың классификациясына жіктелу түрлері: – изохромия – бір түстік ауқымда (реңде) құралған композиция; – хомеохромия – кіші интервал ауқымындағы композиция; – мерохромия – басты бір түске бағынышты композиция; – пойкилохромия – түстердің көп түрлерінен немесе түстерді ұсақ бөлшектерге бөлу арқылы құрастырылған композиция. Кеңестік дәуір ғалымдары Б.М.Теплов пен П.А.Шеваровтардың гармониялық классификациялары: – бірреңді – басты бір түске негізделген немес жақын түстер тобынан құралған; – полярлы – қарама-қарсы екі түстен құрастырылған, екі бірреңді гармонияларды құрайтын; – үштүсті – қарама-қарсы үш түстен тұратын, интервал ауқымында орналасқан немесе солардың төңірегінде құрылған үш түстік гармониялар; – көптүсті – түстердің түрлерінің көптігінен басты түсті бөліп көрсету мүмкін болмайтын. Екі жіктеудегі бірінші мен төртінші пунктер сай келген, ал екінші мен үшіншілері ерекшеленген. Бірақ, біздің пайымдауымыз бойынша орынды болып табылатын пунктер. Осы жіктелулерді қоса отырып жалпы 6 түрін қабылдаймыз. Оларға дҥние жүзілік кескіндемеің орасан көптүрлі түстер шешімдерін түгелдей сыйғызуға болатынына сенім білдіреміз. Түстің жазықтықтық – кеңістіктік қасиеттері. Заттарды адамның көзбен көріп, санамен қабылдауы белгілі бір жағдайларға (алшақтығына, фактурасына, жарықтың түсуіне т.т.) байланысты әрқалай болып келеді және былай іріктеледі: жанасулық, жазықтықтық, кеңістіктік түстер.

Жанасулық түс – заттың фактурасына тікелей тиесілі. Заттың табиғи қасиетіне тәуелді. Мысылы: жез құмғанның түсі жездің табиғи түсіне, темір табақ, ағаш тостаған, мәрмәр мүсін т.т. Ендігі бір түрі затты қандай бояумен бояғандығына байланысты (қыш құмыралардың, маталардың түрлері). Кеңістіктік түс – заттардың кеңістікте алатын орнына байланысты түстері. Қоршаған ортаға тікелей байланыста, яғни табиғаттың құбылысына тәуелді болады. Мысалы: күн ашық болса заттардың түстері неғұрлым айқын әрі қанық, ал керісінше күн бұлтты болса, заттардың түсі солғын болып көрінеді. Кешкітұрым уақыттағы көріністі көз алдымызға елестетсек, күннің көк жиекке батар кезіндегі от шалғандай әсер беретін түстері қоршаған ортадағы заттардың бәрін сарғыш-қызғылт түстерге бояйтыны еске түседі. Ал, ымырт кезіндегі түстер қара-көк суық түстерімен ерекшеленеді. Заттардың кеністікте орналасу ретіне байланысты көкжиекке жақындаған сайын олардың түстері «кеңістіктк перспектива» заңдылығына сәйкес өзгереді. Алдыңғы қатардағы заттардың түстері қанық болып көрінсе артқы қатардағы заттардың тҥстері кеңістіктегі ауаның көгілдір түсіне сай бірте бірте өзгеріп, суық реңді болып көрінеді. Космостан қарағанда жер шарының түсі көкшіл болып көрінуі және аспанның көгілдір түсті болуы осының дәлелі. Түс пен форманың арақатынасы. Заттың көлемді-кеңістіктік формасын түс арқылы көрсетуге болады. Осы әдісті қолдана отырып, белгілі бір мөлшердегі заттың формасының көлемін ұлғайтып немесе керісінше кішірейтіп көрсетуге болады. Мысалы, қара түсті заттар дәл содай мөлшердегі ақ заттармен салыстырғанда көлемі жағынан біршама кіші болып көрінеді. Сондықтан ғимарат интерьерінде қабырғалардың түстерін ақшыл түске бояу ұсынылады. Дизайнда түстердің кеңістікті көрсету мүмкіншіліктерін практикалық жаттығулар жасау арқылы толығырақ игереміз. Жарықтың дизайн ортасын құрудағы ерекшеліктерін жете қарастырамыз. Түстің дизайнда қолданылуы. Қазіргі заманғы дизайн салаларында түстерді қолданудың әртүрлі ағымдары қатар кездесуде. Адамзат қоғамының дамуына байланысты адамның қоршаған ортаға деген көз қарасы елеулі өзгерістерге ұшырап отырғанын дизайн тарихы пәніндегі тарихи шолудан білеміз. Адамның талғамымен бірге түске деген көзқарасы да өзгеріп отыратыны заңдылық.

Тас дәуірінде адам тек табиғи түстерді ажырата білсе, әртүрлі технологиялардың дамуының нәтижесінде бояулардың сан алуан түрлері пайда болды. Кейінде қоршаған заттық ортада түстерді белгілі-бір ұғымдарға байланысты қолдану кезеңі пайда болды. Атап айтқанда діни көзқарастарға тікелей байланысты түстерді қолдану жүйелері әртүрлі діни ағымдарға тиесілі конондарды, яғни міндетті түрде ұстануға тиіс ережелерді қолдануды бақылау орта ғасырға тән құбылыс екені бәрімізге мәлім. Сонымен қатар, әр халықтың дәстүрлік сенім-нанымында қалыптасқан түстерге деген көзқарастар осы күнге дейін өміршеңдіктің дәлелі болып отыр. «Этностиль» деп аталатын заманауи дизайндық ағымдар осы күндері қайтадан жанданып, дизайнның әртүрлі салаларында кең қолданыс табуда»[61,62,63]. Осының дәлелі ретінде өзіміздің қазақи ұстанымдарымыз қайта жаңғырып, қалыс қалған жақтары ғылыми және тәжірибе жҥзінде жаңаша кӛзқараспен қайта қаралып, зерттелуде. Дизайн салаларында түстерді дұрыс қолдану олардың заңды-лықтарын жете білуге де байланысты. Сол заңдылықтардың бірі – контраст ұғымы. Контраст (фр. contraste < лат. contrarius – қарама-қарсы) – бұл айқын байқалатын қарама-қайшылық, бейненің кейбір бөліктерінің реңдік қатынасын айқын көрсету, ақ-қара немесе түрлі-түсті бейнелердің сипаттамасы т.т.. Түстік контраст – басқа түстің әсеріне байланысты түстің құбылуы, адам көзінің қабылдау ерекшелігіне негізделген заңдылық. Мысалы, сұр жазықтық ақ фонда қарайып, ал қара фонда ағарып көрінеді. Бірмезгілдік ашықтық контраст – реңдік сипаттамасы өзгеше, бірақ түбінде бір түстен шыққан түстер арасындағы болатын заңдылық. Бұндай екі түс бір-бірімен қатар орналасқанда бірі екіншісінің ашықтығын айқындай түседі. Контрастық құбылас жарық көзінің қуатына да байланысты болады. Мысалы, жарық терезеден қабырғаға тікелей түссе, сол қабырғаның түсі жарық жанама түскен қабырғаға қарағанда қараңғылау болып көрінетіндіктен негізі бір түспен боялған қабырғалар әртүрлі реңде қабылданады. Бұндай құбылыстар табиғаттағы болатын жыл мезгілдері мен күннің көкжиекпен салыстырғандағы орнымен де тікелей байланысты болады.

Жарықтың түсу бҧрышына байланысты заттардың көлемі де өзгеше көрінеді. Осы басты заңдылықтарды есте сақтай отырып, дизайн жобаларында түстерді ұтымды пайдалана білу үшін, бірқатар жаттығулар жасаймыз. Түс және кеңістік. Кеңістіктік түс – заттардың кеңістікте алатын орнына байланысты түстері. Қоршаған ортаға тікелей байланыста, яғни табиғаттың құбылысына тәуелді болады. Мысалы: күн ашық болса заттардың түстері неғұрлым айқын әрі қанық, ал керісінше күн бұлтты болса – заттардың түсі солғын болып көрінеді. Кешкітұрым уақыттағы көріністі көз алдымызға елестетсек, күннің көк жиекке батар кезіндегі от шалғандай әсер беретін түстері қоршаған ортадағы заттардың бәрін сарғыш-қызғылт түстерге бояйтыны еске түседі. Ал ымырт кезіндегі түстер қара-көк суық түстерімен ерекшеленеді. Заттардың кеністікте орналасу ретіне байланысты көкжиекке жақындаған сайын олардың түстері «кеңістіктк перспектива» заңдылығына сәйкес өзгереді. Алдыңғы қатардағы заттардың түстері қанық болып көрінсе артқы қатардағы заттардың тҥстері кеңістіктегі ауаның көгілдір түсіне сай бірте бірте өзгеріп, суық реңді болып көрінеді. Космостан қарағанда жер шарының түсі көкшіл болып көрінуі және аспанның көгілдір түсті болуы осының дәлелі. Заттың көлемді-кеңістіктік формасын түс арқылы көрсетуге болады. Осы әдісті қолдана отырып, белгілі бір мөлшердегі заттың формасының көлемін ұлғайтып немесе керісінше кішірейтіп көрсетуге болады. Мысалы, қара түсті заттар дәл содай мөлшердегі ақ заттармен салыстырғанда көлемі жағынан біршама болып көрінеді. Сондықтан ғимарат интерьерінде қабырғалардың түстерін ақшыл түске бояу ұсынылады. Дизайнда түстердің кеңістікті көрсету мүмкіншіліктерін практикалық жаттығулар жасау арқылы толығырақ игереміз. Түстің қабылдануы. Түсті көріп түйсіну заңдылықтарын зерттеу мәселесін физиология, психология, социология, философия ғылымдарының алатын орындары ерекше. Адам көзінің түстерді қабылдауы және оны түйсігіеде саралау қасиетінің механизімін физика және физиология ғылымдары зерттеген. Ғалымдардың пайымдауы бойынша адам мыңдаған түстерді ажырата біледі. Адамзат дамуы барысында әуелде қоршаған ортадағы табиғи түстерді қабылдау мүмкіншілігіне ие болғанын білеміз.

Табиғи құбалыстар, тау, тас, жер, су, өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі кездесетін табиғи түстерді ажырата білу адамның бастапқы түстану қаблеттерінің негізін қалаған. Табиғи ұқсастығына байланысты табиғатта кездесетін заттарға сәйкес түс атаулары әр халықта өзіндік мәдениетке сай қалыптасқан. Мысалы, металл түстерін сипаттайтын түстердің атаулары – күміс түстес, алтын түстес, қола түстес, темір түстес, мыс түстес т.т. Табиғи тастарға сай атаулар – інжу маржан, бирюза, малахит, сапфир, коралл т.б. жиі қолданылады. Қазақ халқында төрт түлік малды ажырату үшін қолданылатын түстік атаулар – күрең, жирен, ақ боз, сұр т.т. атап кетуге болады. Табиғи құбылыстарды сипаттайтын немесе балама түрінде қолданылытын түстерді атап өтетін болсақ – алтын күз, көгілдір аспан, жасыл шөп, қоңыр күз, ақ қар, теңіз толқыны, көк шалғын, ала тау, қызыл алма, лимон түстес, сұр жауын т.б. Дәріс оқу кезінде студеттерге өздері білетін табиғи түстерді атау ұсынылады. Болашақ дизайнерлердің бақылағыштық қасиетін дамыту үшін арнайы жаттығулар мен теориялық білімдерін толықтару мақсатында өзіндік жұмыс орындау ұсынылады. Алған білімдерін практикалық сабақта жаттығулар жасауда қолданады. Түс психологиясы. Түстің адам физиологиясына және психологиясына әсері зор. Сондықтан дизайнде түстерді осы қасиеттері мен сипаттамаларын орынды қолданған жөн. Өйткені бүгінгі күнде дизайнның адам тіршілігінің барлық орталарында алатын орны шексіз. Қызыл. Түс толқынының ұзындығы ең жоғары көрсеткішке ие болғандықтан адамға әсері де жоғары. Қоздырғыш, жылытқыш, белсенді және энергиялы түс. Сондықтан көру органы арқылы қабылданып, адам ағзасының барлық органдарының жұмысын жандандырады. Нерв орталығын жандандырып, бұлшық еттер мен бауырды энергиямен толықтырады. Қызылша ауруын және тері ауруларын емдеуде қолданылады. Белгілі бір уақытқа бұлшық етінің жиырылуын күшейтіп, қан қысымын көтереді және тыныс алуды жиілетеді. Медитация кезінде қызыл түстің энергиясын алуға, суық тиіп ауырғанда, өкпе қабынуына, астма және тағы басқа ауруларға септігі бар деп есептеледі. Кері әсер етеді – толық адамдарға, қан қысымы жоғары адамдарға, жҥйке ауруы барларға. Қабыну процестері өтіп жатқан кезеңде қолдануға тиым салынады, себебі оларды одан сайын үдететін болғандықтан.

Қызғылтсары. Жандандыратын түс. Қызыл түс әсер ететін бағытта әсер етеді. Бірақ, қызылға қарағанда саябырлау. Ас қорытуды жақсартады, жасаруға септік етеді, қажырлықты арттырады, еңсені көтереді, уайымнан арылтады. Өкпе тканын ширатады, антиспазматикалық қасиетке ие, қан айналымын және тері түсін жақсартады, бірақ қызғылтсары түстің мөлшерден тыс болуы ағзаның қызуын қөтеруі мүмкін (яғни ол қызылға қарағанда жылырақ түс). Сары. Жандандыратын түс. Физиологиялық тұрғыдан оптималды. Азырақ шаршататын, нерв және көру жүйелерінің жұмысын қозғалыс орталықтарын жандандыратын, көніл күйді көтеретін, бұлшық еттерді щуаттандыратын, диабет ауруын емдеуге қолданылытын, ас қорытуды жақсартады, қылилықты түзететін, қимыл-қозғалысты түзететін қасиеттері бар деп есептеледі. Медитациялық емдеу тәжірибесінде қолдану нәтижесінде интеллектуальды қаблеттерді арттырып, минеральды қажеттілікті толықтырады. Ағзадағы қышқылды азайтады. Жасыл. Физиологиялық тұрғыдан оптималды. Қан қысымын төмендетеді, капиллярды кеңейтеді, сақинаны (мигрень) тыныштандырып жеңілдетеді, бұлшықтардың жұмысын ұзақ уақытқа көтереді. Қызылға қарама-қарсы әсер етеді. «Жасыл түсті ұнатпайтын адам – өмірдегі болатын қиыншылықтарға төзгісі келмейтін, тағдыр тауқыметінен, күрт өзгерістерден қорқатын адам. Ал оны ұнататын адам, басқа біреудің ықпалында болудан қорыққандықтан ұдайы өзін өзі көтермелейтін адам» деген тұжырым бар. Жасыл түсті ұнататын адамдар қажырлығымен, қайраттылығымен, табандылығымен өмірдегі қиыншылықтарға қарсы тұратын қасиетке ие. Егер сізге ашық жасыл түс ұнайтын болса, сізге биязылық пен сезімталдық тиесілі, сіз жанды адамсыз, бірігіп іс-қимыл жасауға бейімсіз және де жақыныңызға әрдайым көмекке келуге даярсыз, сізде емшілік қасиет болуы мүмкін» деген Гетенің ой-тұжырымын осы сәтте айта кету орынды. Жасыл түс ағзаны сергітетін әрі тыныштандыратын қасиетке, сонымен қатар антисептикалық қасиетке ие, сондықтан жҥрек пен қан тамыры, астма, ұйқы қашу ауруларын емдеуге. Көгілдір. Тыныштыратын түс, бұлшық етіндегі қысымды тарқататын, қан қысымын түсіретін, жүрек соғысын және тыныс алуды саябырлататын, дене қызуын түсіретін, сергітетін, шыдамдылыққа баулитын, тәбетті түсіретін, ауырғанды басатын, ыстықты түсіріп, антисептикалық қасиеттерге ие. Ұйқы қашқанда және жүйке тозғанда көмектеседі. Сондықтан ауруханаларда жиі қолданылады. Көк. Тыныштыратын қасиеті ұнжырғаны түсіретінге ауысып, адамның физиологиялық жүйесінің жұмысын тежейді, антисептикалық және бактерияға қарсы қасиетке, өсуге септік ететін, ісікті емдейтін, күйікті, шаштың түсуі, ревматизм, бас ауруын, көздің қабынуын емдейтін қасиетке ие. Эмоциональды және жүйке ауруына душар болған адамдарды емдеуге бағытталған терапияда қолдануға ұсынылады. Көк түстің әсері тым ұзақ қолданылса адамды сары уайымға (депрессия) шалдықтырады. Күлгін. Қызыл мен көктің қоспасы. Жүйкеге ауыр әсер етеді. Бірақ та күлгін түстің ашық түрлері (сирень гүлдері) сергітетін әсер қалдырады. Ақ. Көңіл күйді жадыратытын, тазалық сезімін тудыратын қасиетке ие. Қара. Ұстамдылық, байыптылық сезімдерін тудырады. Қара түс тым көп болса көңіл күйге ауыр әсер етеді. Сұр. Тыныштық сезімін тудырады. Тым ұзақ қолданылса көңіл күйді түсіріп, амалсыздық сезімін тудырады. Қоңыр. Жайбарақаттық сезінеде, тым ұзақ әрі көп мөлшерде қалданылса қамсыздыққа әкеліп соқтырады. Түстің сипаттық әсерлілік мәнінің мәселелері. Қазақ халқының ежелден қалыптасқан түстерге деген өзіндік ұғымдары бар. Осы мәселеге қысқаша тоқтала кеткеніміз жөн. Ақ түс табиғатта жиі кездесетін түстердің бірі. Жұмыртқаның ағы, аққу, аққұтан, көздің ағы (белогі), ақ қар, ақ бұлт, ақ тастар, ақ әк (извест), ақ мақта, ақ гүлдер т.т. Жалпы ақ түс адамдар санасында тазалық пен пәктіктің символы ретінде қалыптасқан. Қазақ халқының дәстҥрінде жақсылықты ақ түспен салыстыру әдетке айналған. Молшылықты тілегенде «Ақ мол болсын!» десе, жас отауға тігілетін ақ үй тек жақсылық болсын деген ниетті білдіреді [64]. Ақ киізге отырғызып «Хан көтеру», яғни хан сайлау дәстүрі, жолы болсын деген ниетпен «Ақ жол!» тілеу, «Бірінші байлық денсаулық, екінші байлық ақ жаулық», «Ақсақалды аталар мен ақ жаулықты апалар» ұғымдары да осының айғағы. Керісінше «қара жамылу» - қаза болғандағы киінетін киім түсін білдіреді. «Қара бет», «қара ниет» деген сөз тіркестіктері жаманшылықты білдіреді.

Қара түс тек жағымсыз әсер еткен десек, бұл шындықты бұрмалау болар еді. «Қара көзі қарақаттай», «мойылдай қара шашы» деген сөз тіркестері әйел адамның сұлулығын сипаттауда жиі қолданылған. Жалпы «қара» сөзі түркі тілінде үлкен, зор мағынасында қолданылған. Тіл мамандарының пайымдауынша «Қара теңіз» атауы осыған негізделген. Қазақ тілінде осындай балама «қара нар» сөз тіркесінде қолданылады. «Қара бала» халкымыздың қазақ баласын сипаттауға үлкен сүйіспеншілікпен айтатын баламаларының бірі. Осы орайда айта кететін бір жайт – түстердің адам психологиясына әсер ету ерекшеліктерін ғылыми түрде зерттей келе, бір түске деген біржақты көзқарастың болуы қате түсінік екенін осы мәселе төңірегінде терең ізденіс жасаған психология, физиология, эстетика, социалогия және түстану ғылым салаларының зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып айтарымыз – түстің әсері мен қасиеті әлдеқайда кең ауқымды құбылыс. Түстік ассоциациялардың жіктелуі: 1) Салмаққа: жеңіл, ауыр, ауа тәріздес және т.б.. 2) Температураға: жылы, суық, ыстық, мұз тәріздес және т.б.. 3) Сезінуге: жұмсақ, қатты... 4) Кеңістікке: жақын, алыс,алға шығып тұрған, артқа кетіп қалған... 5) Дыбысқа: тыныш, шулы, айқайлаған, естілмейтін... 6) Дәмге: тәтті, дәмді, тым тәтті, ащы... 7) Жасына: балалардың, жастардың, қарттардың... 8) Мезгілге: көктемгі, жазғы, қысқы... 9) Этикалық: ер мінезді, батыл, сентиментальды... 10) Эмоциональды: позитивті (қуаныш, бақыт...), негативті және нейтральды (тыныш, байыпты, ұстамды...) 11) Мәдениетке: әртүрлі халықтардың колоритін еске салатын, өзіндік мәдениетіне тән. Жалпылама тұжырым: түс неғрлым таза болса, соғұрлым оған деген реакция тұрақты болып келеді. Ең қалыпты ассоциаялар – температуралық, салмақтық, дыбыстық. Қалыпты емес ассоциациялар: дәмдік, сезіну және эмоциональдық. Мысалы, көкшіл қызғылт (пурпур) қолданылу ретіне байланысты әртүрлі ассоциациялар тудырады, ал сары мен жасыл одан да көп ассоциациялар тудыратын қасиетке ие. Түстердің атаулары. Көптеген түстерге ассоцияларға байланысты атаулар беріледі. Төменде кейбір атаулар келтірілген. Қызыл: қызылша түстес, анар түстес, қан түстес, қызамық түстес, жидек түстес, коралл түстес, мыс түстес, раушан түстес... Қызғылтсары: от, сәбіз, кірпіш, қыш, апелсин, тат, бал, қола, шабдал түстес... Сары: охра, шабдал, алтын, янтарь, құм, шөп, қаймақ, піл сүйегі, адам денесі, крем, боз, шай раушаны, жүзім, банан түстес... Жасыл: горчица, шылым, зәйтҥн, хаки, бұршақ, батпақ, құты, салат, малахит, изумруд, теңіз толқыны, шырша, жусан, көгерген, мыс таты, купорос, шөп, бақа, фосфор түстес... Көгілдір: аспан түстес, бирюза, аквамарин, лазур, электрик... Көк: сапфир, ультрамарин, кобальт, индиго, өрік, баклажан түстес... Күлгін: аметист, сирень, лило, сия, гиацинт, Ренессанс, фанданго, орхидея, вербена...Көкшілқызыл: мальва, ашыған малина,жаншылғаншие, ескі бургунд, бұқақаны, каприз, портвейн, Веласкес, Медичи, Бахус, амарант... Ақшылсұр: ақ түн, аллюмин, болат, күміс, қорғасын, түтін, сүт, графит, лилия, сұлыұны, жұмыртқаныңқабы, перламутр, маржан, шаң, тұман, бұлт түстес... Қара: қарғақанаты, күйгентерек, антрацит, агат, маренго, асфальт, тропикалық түн, «ревизия алдындағы түн», «ұшуғаболмайтынауарайы»... Қоңыр: күрең, боз, жер, саз, жаңғақ, шоколад, кофе, каштан, қызылағаш, мокасин, Тонагро, Пикадили... Түстіліжәнесимволикасы. Кезкелген түс жағымды (позитивті) немесежағымсыз (негативті) мағаналыболуы мүмкін. Қызыл. Жағымдыассоциациялар: ассоциацияныңбасты көзі – тіршілікатаулығатиесілігіңде.Қан, гүлдер, жемістер, адамжаратылған саз балшық. Адам аударғандақызылжермағнасынбілдіреді. Қызыл түс – бұл күш, энергия, өмірдің көзі.

Жаратылыс символы. Қызылжамандықтықуатынсиқырлы түс, тіршіліккөзі күн мен жылылықтың, тұмарлардың, байламалардың, өрнектердің түсі. Сұлулық символы (қалыңдықкиімі). Аруқтар мен құдайлардың көпшілігінқызыл түспенбояған: қайрымдысын да, қайрымсызын да. Жағымсызассоциациялар: өлім, күнә, кекалу, соғыс символы, күрес, ыза, қаталдық, ашу, қарсытұружәнет.б. Ең таза түс – ақ түскеқарсықойылады. Қатер мен тиым салу белгісіретіндеқолданылады. Ақ.Жағымдыассоциациялар: Басым көпшілігіндежағымдымағналы түс ретіндеерекшеленіледі. Ырыстың, тазалықтың, қуаныштың, бейбітшіліктің, денсаулықтың, бітімгершіліктің, ұрпақтың көбеюінің символы. Күндізгімезгіл, күнніңжарығы, белсенділік түсі. Қара түскеқарсы, тазарудың, жуу, су, қаперсіздік, күнәсіздікжәнеқайрымдылықбелгісі. Өлі мен тірініңарасындағыкелісімбелгісі[65].

Құдайдың, қайрымды аруақтар және қайтыс болғандардың түстері. Тектіліктің, тәкәппарлықтың, ырыстылықтың белгісі. Жағымсыз ассоциациялар: қартаюдыңжақындағандығының, аурудың, суықтың, ақшаштың, өлімнің, қасіреттің, үнсіздіктің, ажырасудыңбелгісіретінде.

Қара. Жағымды ассоциациялар: мұсылмандарда сүйіспеншіліктің, ежелгіфилософовтарда – жаратқанныңқараңғылығының символы. Сұлулық (шығыста) тыныштық, демалыс. Жағымсызассоциациялар: көреалмаушылық, түн, қорқыныш, зұлымдық, қараңғылық, өлім, қайғы, күнә, ібілістің түсі, сатқындық...Жасыл. Жағымдыассоциациялар: өнім құдайларының түсі, христиан дініндеХристостыңжәнепірәдарларлардыңжердегіөмір символы, мұсылмандарда жұмақбағының шөлдегіоазистыңтүсі, әйел түсі. Жағымсызассоциациялар: христиан дініндеібіліс, һарам, есіненадасу, Адамдыазғырғанібілістің, ішімдік (жасылжылан), орыстарда шөптің тұнбасының, удыңсолсияқтылардың. Сары.Жағымдыассоциациялар: тірініңбәрі, күн, алтын. Көне Қытайда құдайлардың, патшалықтың, даңқтың, жердіңжәнеәйелдің түсі. Жағымсызассоциациялар:

Сатқындық, Иуданың күнәсі, суалу, алдау, ескерту, сарыуайымғасалыну. Көк.Жағымдыассоциациялар: Еңмаңызды, ұстамды түс. Судың, аспанның, шығыста – жоғарғыәлемнің, құдайдың, христиан дінінде – ашылмайтын құпияның символы. Руханитазалық, сенімгеберіктік, жоғарытектілік, дамудыңшырқаушегі, әділдік, тыныштық.

Жағымсыз ассоциациялар: зұлымдық, ібіліс, көне Қытайда – көк шыбын – жалақор, Нидерландыда көк жамылғы – опасыз әйел. Күнә, суық, кәрілік, қасірет шегу, Индияда – уайым мен қайғы. Күлгін. Жағымды ассоциациялар: Құпиялылық, есте сақтау, еске түсіру, ойланып тірлік жасау. Ағартылған кҥлгін руханилық, романтиктер тҥсі. Жағымсыз ассоциациялар: Үрей, қорқыныш, кәрілік, өмірдің өшуі. Көкшілқызыл. Жағымды ассоциациялар: байлық, патшалық, ең жоғарғы сұлулық, билік, руханилық, тәкәппарлық. Сұр. Жағымды ассоциациялар: сұлулық, тектілік, жақсы талғамның белгісі. Жағымды ассоциациялар: көнеде – кедейлік түсі, уайым, өшу, тұман, көре алмаушылық, бақытсыздық. Қызғылтсары. Жағымды ассоциациялар: көңілділік, қуаныш. Бала қуанышы. Жылылық пен жайлылық. Ағартылған немесе қарайтылған түрлері тек жағымсыз әсер етеді лайланған, тым тәтті, жиіркенішті.



3 тарау. ОЮ-ӨРНЕК МОТИВТЕРІ ЖӘНЕ БЕЗЕНДІРУ

3.1 Ою-өрнек және бұйым синтез компоненті ретінде


Жоғарыда айтып өткендей, қолөнер – ежелден келе жатқан кәсіп. Ол халықтың өмірімен, тұрмысы мен бірге дамып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Өнер туындыларының иесін шебер деп атаған. Қолөнер шеберлері табиғаттың әсем көріністерін қолөнер бұйымдарында жиі қолданған. Қолөнер дүниежүзінің әр халқында бар. Сонымен қатар әр елдің, әр халықтың тарихи дамуына, тұрымысына, тарихи ерекшелігіне және эстетикалық талғамына байланысты өзіндік ерекшелігімен өшпес із қалдырып келеді. Сәндік–қолданбалы өнерде қазақ қолөнерінің орны ерекше. Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын тоқу, өру, тігу, ою, қию және т.б. әртүрлі өнерлердің жиынтығын айтамыз. Бұл қолөнер түрлерінің әрқайсысының талай ғасырлық тарихы бар. Өткен тарихымызды білмей, бүгінгі күннің қадіріне жету, болашақты болжай білу өте қиын. Ата–бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан–теңіз. Бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Қазақстанда кілем және кілем бұйъімдары көшпенді қазақтың тұрмысында ерекше орын алды, әсіресе, киіз үй жиһазы ретінде ағаш бұйымдары маңызды болды. Жасалу әдістеріне байланысты киіз үйдің жылулығы және сәнділігі үшін кілемдердің түрлері, киіз үйдің алаша мен киізін тартып бекітуге арналған бау, басқұрлар; үй-ішілік сәндік бұйымдар: есік шымылдықтары. кереге басына ілінетін бұйымдар, сандыққап, теңқап, қоржын, түрлі тоқыма дорбалар мен заттар салып сақтау үшін қажетті бұйымдар, атка салатын қоржындар және тағы баска тоқыма бұйымдары дайындалды [66,67]. Ұлттық сәндік-қолданбалы өнері қаншама жылдар бойы жасалып, жетіле түскен аса кәсіби дағдылар мен амал-тәсілдерге негізделген. Олар арқылы карапайым да көркем мәнерлілікке қол жеткізуге болады. Оларды жұлдызша. айшық, ирек сызықтармен бедерленген керамикалык ыдыстардан; ағаштан ойып жасалған бұйымдардан; жіптерді өру, айқастыру, шатыстыру аркылы токыған токыма үлгілерінен; құю, бедерлеу, жапсыру тәсілдерімен, асыл тастарымен, бағалы металдарымен ерекшеленген зергерлік өнер туындыларынан көруге болады. Осы техникалық әдіс-амалдарды үйрену жас ұрпаққа тән және бұл олардың шығармашылық қабілеттерінің байқалуына, дамуына кең мүмкіндіктер береді. Қазіргі кезде қолөнер элементтерін үй интерьерінде, киім сәндеу кезінде, бас киімді әшекелегенде көп қолданып жүр. Оның орындалу технологиясына да ерекшеліктер енгізіп отыр.

Сәндік қолданбалы өнер түрлері:

ою-өрнектердің түрлері, олардың түстері мен бояулары;

жүн және одан ұқсатылатын заттар;

темір өңдеу өнері;

өрмек;

кестешілік пен көркем тігіс өнері;

зергерлік өнері сүйек пен мүйізден істелген әдемі заттар;

ағаш шеберлерінің жасаған әдемі заттары;

мал мен аң терілерін ұқсату;

былғары ұқсату;

ши орау өнері т.б.

Қазақ ұлттық ою-өрнегінің бірнеше ондаған ғасырлық тарихы бар. Қай халықтың да өнеріне, бейнелеу мәдениетіне байыптап, көз салсақ, сол халықтың әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық көзқарасына орай белгілі бір өнер түрлерінің басым дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда ою-өрнек өнері – қазақ халқының өмір тіршілігінде айрықша орын алып, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа жалғаса дамып келе жатқан өнер түрі десек те болады.

Қазақ халқының тұрмыс тіршілігінен ою-өрнек қатыспайтын саланы табу қиын.Ою-өрнек өнері адамның еңбек ету нәтижесінде айнала ортамен қарым-қатынасы негізінде пайда болған. Ою-өрнектермен күнделікті тұрмыста пайдаланылатын заттар және төсек-орын, киім-кешек, ыдыстар, ер-тұрман тағы басқалар әшекейленген. Кесте тігу, тоқымашылық, өру, құрақ құрау өнері, ағаш бетіне күйдіріп ою салу немесе зергерлік, керамикалық, т.б. кең түрде қолданылды. Ою-өрнектермен көне ғимараттарды, құлыптастарды да безендіріп отырғанын Ахмет Ясауи, Қарахан, Айша-бибі ғимараттарынан көруге болады. Ою-өрнек өнері барлық халықтарда да соншалық ескі дәуірден бері келе жатқан халықтық өнердің бір түрі. Демек, ою-өрнектердің шығу тарихы олардың сюжеттік мазмұны мен атаулары ата-бабаларымыздың жасаған дәуіріне байланысты екені анық. Көшпенділер өнері – скифтерден ежелгі түріктерге дейін жарқын із қалдырды.Қазақ сәндік өнерінің кейбір өрнек түрі б.э.д. 7-8 ғ. аралығында қаланды. Бұлар мүйіз тәрізді бұйра, үш жапырақ, жарты пальмет, пальмет, спираль, S-тәрізді, жүрек тәрізді мотивтер, толқын және шырмауық бұтағы бұтағы мотивтері ортағасырлық евразия көшпенділеріне тән. Ежелгі шығыс және орта ғасырлық өнерде әлем ағашын, (мировое дерево) ағаш төңірегінде аңдар, құстар бейнесін бейнелеген. Сонымен бірге пирамида түріндегі тұғыр үстінде әлем ағашы өсіп тұрғаны бейнеленген. Түрік мифологиясының дәстүрінде ағаш үлкен роль атқарады. Әлем ағашы аспанға жету биіктігі. Үш жапырақ, қызғалдақ, гүл қауызы (бутон), бес жапырақ және басқа пальметтер әлемдік ағаш идеясын (ойын) көрсетеді. Тәңір жаратқанда ең алдымен алтын жұмыртқа пайда болған. Жұмыртқаның үстіңгі қабығынан көк аспан, астыңғы қабығынан жер пайда болып, жерден ең бірінші өмір ағашы шықты деген сенім бар. Қазақтың шежіресінің өзі, халықтың өсіп өнуі ааштың тамырына баланады. Қазақ деген халықтың тамырынан үш жүздің баласы таралып жатыр. «Өмір ағашы» ұлттың діңі [68].





Скиф және түрік мифологиясында мүйізді жануарлар және жылқы аспанмен, жоғарғы әлем күшімен байланысты көрсетеді. Тау текелер және архарлар мүйізінің ішіндегі доғалар арасында күнді символдайтын солярлы шеңберді бейнелейтін болған. Мүйізді жануарлар күн мен аспан арасындағы байланысты бейнелеген. Осындай жағдайда мүйіздің өзі күннің атрибуты болды. Күнді архарлардың бұйраланған спираль тәрізді мүйізімен бейнеледі, ал доға тәрізді, арқасына иілген тау текелер мүйізі – аспан күмбезін, күн күркіреуін, ауа апат билеушісін көрсетеді.

Қасиетті қой – ежелде жарылқаушы және өмір қуатын символдайтын тынық мұхитынан Жерорта теңізіне дейінгі халық мәдениетіне тән қасиет. Мұсылмандар архарды және қойды таза, адал, құдайға жаратылған жануар деп санайды. Олар оттан, аспаннан жаратылған, сондықтан шейхтардың моласын мүйіз бейнесіндегі ою-өрнекпен әшекейлеген. Жер бетіндегі тірі жанның қайнар көзі – өмір дамуын символдайтын күн белгісі – спираль пайда болды. Сонымен, ою-өрнекті, негізінен, қол өнерінің бір элементі ретінде де, жеке алып, оның бөлек мағынасын рәміздік белгі ретінде де қарастыруымызға болады. Ою-өрнек құрылымының бөлінбейтін бірлігін элемент деп атаймыз. Элемент – бұл қарапайым фигура, одан басқа фигураны оның геометриялық формасын бұзбай бөлектеуге болмайды.

Мотив – барынша күрделі бөлім, екі одан да көп бірдей немесе түрлі элементтерден құралған, қандай да бір мәндік деңгейге ие және үйлесімділік негізінде ұйымдасқан бөлім. Мысалы: «қос мүйіз» мотиві екі элементтен тұрады – «мүйіз тәрізді бұйра». Бұл мотив спиральден құралуы мүмкін, сондықтан, мотивті түсіндіру дұрыстығына мүлде сенімділік жоқ болса, оны немқұрайды (формальді) белгісімен атаған жөн. Мысалы: қос спираль. Мотивтен күрделі өрнек бірлігін кейбір зерттеушілер «сюжет» деп атап жүр. Ою-өрнекте бұл терминді қолдану бізге 2 себеппен қолайсыз. 1) Ол әңгімелеп баяндайтын мағнасы бар, өрнекте болмайтын түсінік. 2) Өрнек сөзі латынша – ornamentum әшекей дегенді білдіреді. Ою-өрнек мүсін немесе картина сияқты өз бетінше өмір сүре алмайды, әрқашан қосалқы роль атқарады. Ою-өрнекті біз архитектураның фрагменті, мебель немесе тұрмысқа қажетті заттар болсын, киім-кешек, қару-жарақтың белгілі бір жеріне түсірілген бедер ретінде қабылдаймыз. Өрнектің әртүрлі декорациялық панноларды плакат, қабырға газет, грамматоларды безендіруде өзіндік роль бар. Ою-өрнекпен жұмыс істей отырып түс үйлесімін, ырғақты сезіну қабілеті дамиды.

Ырғақ (ритм) деп бір элементтердің қайталануынан немесе кездесуін, бір элементтердің ерекшеленіп көрінуін және белгілі бір қайталау негізінде оларға екінші бір элементтің бағындырылуын айтамыз. Белгілі бір ырғаққа бағындырылып орналасқан өрнек эстетикалық жағынан әсерлі болып шығады, сонымен бірге өрнекте әсерлілікке жетудің тағы бір жолы, құралы.

Симметрия – Осьтің орналасуына байланысты симметрия тік, көлбеу, қиғаш, шеңбер түрінде де болуы мүмкін. Өрнектің өзіндік ерекшелігі – ұқсас элементтердің ырғақты түрде орын алмасып отыруы. Бір элементтің немесе олардыңбір тобының сансыз қайталануын раппорт деп атаймыз. Қайталанатын элементтер әр түрлі болып, бір-бірімен кезектесіп отыруы мүмкін. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оякесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің, күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыпта пістеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан көбінесе ою-өрнек деп қосарланып айтыла береді. Ертедегі қазақ оюларын мазмұны жағынан іріктесек, негізінен 3 түрлі ұғымды бейнелейді. Олар: біріншіден, мал өсіру мен аңшылықты, екіншіден, жер-су, көшіп-қону көріністерін, үшіншіден, күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі заттардың сыртқы бейнесін береді. Шеберлер іске беріліп, жұмыс әдісіне төселе келе өздерінің көрген ою-үлгілерін жатқа жасап, оюға өзбетімен жаңа түрлер енгізу дәрежесіне жетті. Халық мұндай адамдарды «оюшы» деп атады. Әрбір елде, әрбір руда атағы шыққан таңдаулы оюшылар болды. Ондайлар өз өнерінің тамаша үлгісін өзінің руына, маңайындағы елдерге таратып отырды. Осыдан келіп әртүрлі ою-өрнектерде, киімдер мен кілемдерде, сырмақтар мен кестелерде және т. с. с. «арғын үлгісі», «керей үлгісі» немесе «ұлы жүздің үлгісі», «орта жүздің үлгісі», «кіші жүздің үлгісі» деген мәнерлер пайда болды. Осы ою-өрнектердің көп қолданылатындарына, сондықтан да халық шеберлерінің көпшілігіне белгілі атауларының кейбір түрлеріне әдей тоқтап өтейік.

Ою-өрнектердің түрлері:

 








«МҮЙІЗ» - қазақ оюының ең көне мәнері. Ою-өрнектің бұл  элементі мүйізді мегзеуден шыққан. «Мұйіз» ою-өрнек кейде ұсақ, кейде ірі болып келеді. Ұсақ түрлері ағаш, сүйек, мүйіз сияқты нәзік қолөнер саласында қолданады. Ірі түрлері сырмақ, текемет, алаша, кілем, сәулет өнерінде сан түрлі мәнерде қолданылады. Мүйіз элементтері «аймүйіз», «қосмүйіз», «сыңармүйіз», «сынықмүйіз», «қырықмүйіз», «маралмүйіз», «еркешмүйіз», «қошқармүйіз» т.б. түрлерге бөлінеді.

«Мүйіз» өрнегі үй жиһаздарында (кілем, сырмақ, текемет, алаша, көрпе, түскиіз, шымши), тұрмыстық заттарда (саба, шанаш, күбі, оқшантай, торсық, сандық т.б.), сондай-ақ қару-жарақтарда (қынап, оқшантай, торсық, садақ), киім-кешек, ат әбзелдерінде (ертоқым, айыл) қолданылады, жалпы бұл элементтің қолданбайтын жері жоқ десе де болады.









«ҚОСМҮЙІЗ» ою-өрнегі қойдың, ешкінің, сиырдың екі мүйізін ғана бейнелейді және кейде «ырғақ», кейде «ілмек» деп аталатын оюларды «қосмүйіз» дейді. Үй жиһаздары мен тұрмыстық заттарды, киім-кешек, қару-жарақтарды безендіру үшін пайдаланатын қой, ешкі, сиыр, бұғы, марал сияқты жануарлардың қос мүйізін бейнелейтін ою-өрнек. Қазіргі кезде «қосмүйіз» ою-өрнегін сәукелеге, айыр қалпақтың төбесіне, шетіне, қамзолдың алдыңғы жағына, етіктің қонышына салады.


 









«АРҚАРМҮЙІЗ» деп аталатын ою-өрнек қойдың мүйізін бейнелейтін оюдың түрі. Бұл элемент «қошқармүйізге» өте ұқсас, бірақ, оған қарағанда шиыршықтанып, тармағы одан көбірек болып келеді (кілем, тұскиіз, сыр- мақ, кесте, киім-кешек пен үй жиһаздарында кездеседі).

 








«ҚОШҚАРМҮЙІЗ» ою-өрнегі қойдың төбесі мен екі жаққа иіріле түскен мүйіз бейнесінде келіп, оның қолтық тұсынан қоидың құлағын долбарлайтын тағы бір шолақ мүйіз тәрізді екі буын шығып тұрады. Одан байқаған адамға қошқардың тұмсық бейнесі  аңғарылады. Текемет, сырмак, басқұр, алаша, кілем, былғары, сүйек, ағаш, зергерлік бұйымдардың барлық түрлерінде кездеседі. Киізден жасалған бұйымдарда бұл ою түсті шүберектермен ойылып, құрақ, яғни аппликациялық өрнек түрінде де тігіледі.

 







«ҚЫРЫҚМҮЙІЗ» ою-өрнегі біріне-бірі жалғаса, тармақтала қосылған, кеп мүйізден құралған ою-өрнектің бір түрі. Ол көбінесе дөңгелек не төртбұрыш ішінде бейнеленеді, кейде бұтақтың ағашы тәрізді тармақталып, жайылып бейнеленеді. Бір-бірімен қосылған бірнеше тармақты көп мүйізді оюлардан құралады. (Тұскиіз, тон, кежім, сырмақ, текемет, архитектура сәулет өнерінде молырақ кездеседі).











«СЫНЫҚМҮЙІЗ»  морт сынған тік төртбұрыш жасап, төрт рет ішке қарай иіледі. Бұл ою-өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр мен алашаларды, сондай-ақ әр түрлі қалталарды безендіру үшін пайдаланылады, ал сырт көрінісі малдың сынған мүйізіне ұқсайды








«ӨРКЕШ» ою-өрнегі түйенің қос өркешін бейнелейді. Сырмақ, текемет, тұскиіздерге салынатын ою-өрнек композициясында көбірек кездесетін элемент. Қазақ оюында мал мен аңның қос мүйізін, түйенің қос өркешін, биенің қос емшегін бейнелеу тек симметриялық тепе-теңдік үшін ғана емес, сонымен қатар береке-бірліктің, көбеюдің символын білдіреді.

 











«ШЫНЫГҮЛ» ою-өрнегі гүлді тұспалдап тұрады. Бұл өрнек «төртайшық», «итемшек» оюларына ұқсас келеді. «Шыныгүл» ою-өрнегі айға, мүйізге, жапыраққа ұқсас элементтерден құралған. Екі мүйіздің қайырылған екі ұшына жапырақ қондырылған, сол жапырақтар бірнеше рет сатыланып қайталанылып отырады.










«ГҮЛ»  ою-өрнегі гүл өсімдігінің барлық түрлерін тұспалдап тұрады. Бұл өрнектің түрі үш жапырақты ою-өрнектен басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін қолөнер бұйымдарында кездеседі. Кесте тоқуда және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады

 






«ШЫТЫРМАН»  ою-өрнегі көп жапырақты есімдік пен көп тармақты мүйіз және геометриялық фигуралар аралас келетін күрделі өрнек. Мұндай өрнектер заттардың бетіне көп тармақ болып желіленіп келуі бүтін бір сюжетті (жайлау, орман, жазық дала, кең сахара) мегзеп жасалады.

 


«ТҮЙЕТАБАН» ою-өрнегі түйенің басқан ізін долбарлайтын күрделі ою-өрнек. Ол кейде «қарта», «қарға», «қызылайыр» ою-өрнегіне ұқсайды. Қатар тұрған S тәрізді екі сызық қатарласып қосылмайды, түйенің табанына ұқсас екі жарты сопақша дөңгеленіп келетін ою. Түйетабан деп аталатын көп гүлді, үлпек басты тікені бар есімдік ол да түйенің табанына ұқсас екі жарты, оны кей жерлерде «табақ» өрнегі деп атайды.









«СЫҢАРӨКЕШ»  ою-өрнегі «сыңармүйіз» оюында айтылғандай, мүйіздің бір сыңары етіктің басына ұқсап, қайқиып, қайталанып, шексіздікке ұласа береді. Бұл өрнек негізінен «қошқармүйіз» элементінен жасалады.









«БАЛДАҚ»  ою-өрнегі бүркіт ұстаған қолдың білегіне киіліп тұратын жоғары басы балдақ сияқты жарты шығыр формасында келеді. Балдақ өрнегі бір-бірімен қосыла, шеңберге ілмелене келіп, күрделі өрнек түзейді. Бұл өрнек киіз бұйымдарын әшекейлеуде, кесте тігуде, зат бетіне оюлы бедер салуда қолданылады










«ҚАРМАҚ» ою-өрнегі кәдімгі балық аулайтын қармақтың ілмегін тұспалдайды. Қармақ өрнегінде екі-үш, кейде одан да көп тармақ болады, оны кейде «зәкір таңба» деп те атайды.













«ТАРАҚ» үлгідегі өрнек күнделікті тұрмыста пайдаланылып жүрген шаш тарайтын тараққа ұқсайды. Бұл өрнек нақышына келтіріліп алаша, басқұрларда қолданылады және тараққа ұқсас бірнеше жуан жолақтардан тұрады.









«ҚОСАЛҚА»  ою-өрнегі әшекейлі тізілген мойынға салатын моншаққа ұқсас болып келеді. Қазақ оюларының ішіндегі ең көп тараған оюдың түрі. Өте шебер келісім тауып құрастырылған «қосалқа» оюлары бір тұтас композиция өрнек жүйесін жасайды. Ою-өрнек алқаның, сырғаның, жүзіктің көзіне салынып, кебінесе зергерлік бұйымдарда қолданылады.






« СУ ӨРНЕГІ»  деп әрбір өрнекті беліп тұрған жолақты айтады. Су өрнегі екі қатар сызық аралығында ирек сызық арқылы дөңгелек, төртбұрыш бейнелерді жасайды. Бұл ою-өрнекті «бессаусақ», кейде «бесгүл» деп те атайды.







«АЛАША», «АЛАМЫШ» ою-өрнектері жарыса жасалған көп түрлі-түсті жолақтардан құралады. Кейде сол жолақтардың ішінде геометриялық фигуралар тектес не «мүйіз» өрнектерінің     желілі түрлерінен құралған түрлі-түсті оюлар болады. Бұл «аламыш» өрнегі шахмат тақтасының алаша сызығы сияқты жарыса салынған қысқа, кейде ұзын сызықтардан тұрады. Бұл өрнек ши орауда, терме бауларда, кілем, алаша, сүйек өрнектерінде кездеседі.









«АЙЫР» ою-өрнегі. «Ашатұяқ», «айыр-түяқ» өрнегі кейде «айыр» өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айыр құралға ұқсас болып келеді.










«Picture 37 БОТАКӨЗ» ою-өрнегі әшекейлі композициясының ортасына салынатын немесе бірнеше қайталанып келіп, шетін көмкеретін жиектеме түзейтін ою. Сырт пішіні ботаның көзіндей дөңгеленген ромбыға ұқсайтын геометриялық ою-өрнек. Бұл орамалдың шетін көмкеретін жиектеме түзейді.










«ҚАҢҚА» ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдың қурап қалған сүйегін тұспалдайды. Алаша, басқүр, бау, т.б. тоқыма бұйымдар негізіндегі өрнек ретінде салынады.








«ОМЫРТҚА» ою-өрнегін кестелерден, өрме шилерден, сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардан жиі көреміз. Бұл өрнек түрі омыртқаның түрін тұспалдайды, ол әр түрлі үйлесімде түрленіп, ою композиңиясының ортасына және жиегіне қолданылады.






«ЖІЛІНШІК» ою-өрнегі малдың жілік сүйектерінің негізінде туған атау. Жіліншік өрнегі қатар екі сызық бейнесінен құралатын буынды өрнек (алаша, киіз, тысқап, баулар, басқұрларды безендіруге қолданылады).








«ТІС» ою-өрнегі малдың, аңның тісіне ұқсас, аққара түсті шақпақтан құралатын, шахмат тақтасына ұқсас ою-өрнек. Кесте тігуде бұрыштарын қарама-қарсы түйістіріп отыратын тік сынық сирек тігістердің өрнегінде қолданылады. Мұны «тіс», «иттіс» деп те атай береді.












«ТАҢДАЙ» ою-өрнегі малдың таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан, диагональ тәрізді өрнек. Бұл өрнек ағаш, мұйіз, сүйек заттарының шетіне, киімдердің жағасына, кимешектің жақтауына салынады. Таңдай өрнегі басқа түркі тектес халықтарда да кездеседі.











«БӨРІКӨЗ» ою-өрнегі бөрінің көзін, қасқырдың басын, құлағын, сондай-ақ «бөріқұлак» деп аталатын жапырақты бейнелейді 










«ИТҚҰЙРЫҚ» ою-өрнегінің сырт көрінісі иттің қайқайып тұрған құйрығына ұқсас, көбінесе мұны сүйек пен ағаштан жасалған бұйымдардың (киіз үй есігі мен ағаш төсектің) бетін бедерлеу үшін, киіз бұйымдарды әшекейлеу үшін қолданады.



 






«ТҮЛКІБАС» ою-өрнегі мысықтың, түлкінің бас бейнесін тұспалдайтын, сопақша дөңгелектерден, алмұрт бейнелерінен құралады. Бұл ою-өрнек сүйекке, ағашқа, шиге, кестенің шетіне салынады. Сондықтан бұйымдарды сүйектен әшекейлегенде сүйекпен ойып «түлкібас» өрнегін түсіреді









«ЖЫЛАН», «жыланбас» ою-өрнегі балалардың тақия-сына  «көз тимесін» деп тағатын, жыланның бас сүйегіне ұқсас ою-өрнек. Бұл ою-өрнек жыланның бейнесін тұспалдап тұрады. 










«ҚҰСҚАНАТ» ою-өрнегі мүйіз оюымен не шахмат шақпақтарыньң ізімен бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек. Ал бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып, ұшып келе жатқан құсты тұспалдайды. Қазіргі кезде «құсқанаты» ою-өрнегін басқа өрнектермен аралас колдана береді.

 










«ҚҰСМОЙЫН» ою-өрнегі құстың мойнын тұспалдаудан туған.Бұлар көбінесе мүйіз мәнерімен жасалады. Ол иіле келген доғал тармақты мүйіздерден, ромбтардан, сызықтардан құралады. Құс атына байланысты өрнектердің бәрі қолөнер үлгілерінің барлық түрлеріне тән 









«ҚҰСТҰМСЫҚ» бұл өрнек құстың тұмсығын тұспалдаудан туған. «Құстұмсық» тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Ою-өрнекті қиғанда ортасындағы сызықтың ұшының басы құстың тұмсығына ұқсас қиылады. «Құстұмсық» жүзік немесе «топсалы» сәлемдеме ретінде, жүзігі туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған.Тұрмысқа шыққан қызынан







орамалға түйілген құстұмсық жүзік келсе, ата-анасы қуанып кершілерін шақырған. Құс бейнесі халық түсінігінде азаттықтың белгісі. Жүзікке қарап ата-анасы қызының ұзатылған жерінің жақсы екендігін біледі.


«ҚАЗТАБАН» ою-ернегі Маңғыстаудағы құл пытастарды өрнектеуде көп қолда- нылған, қаздың табанын тұспалдаған күрделі S элементтерінен тұрады. Бұл оюдың S үлгімен бейнеленетін «ботамойын» оюынан айырмашылығы екі қатар орналасқан SS екі қаздың бейнесін тұспалдайды. Қаздың басы, мойны анық байқалып тұрады.







«ШЕТОЮ» ою-өрнегін шексіздікке ұластыра ою деп те атайды. Берілген өрнектің бір элементі шексіз қайтапана береді.«Шетою» е с і кт і ң жақтауына, текемет, сырмақ, кебеже, киімкешек, ыдыс-аяқтың жиегіне сапынатын ою-өрнектер.







«ИРЕК», «ИРЕКСУ» өрнектері кейде түзу сызықтардың сынықтары, кейде доғал сынықтардың ұштасуы арқылы жасалады. Ондай сызықтар бірнеше қатар сызықтар түрінде қатарласа келеді. «Ирек», «ирексу» өрнегінің жасалуы кейде бір иректің іші екінші ирекке қарсы келіп «төртбұрыштар» мен «сағатбау», «саты» тәріздес өрнектер жүйесін түзейді.






Бұл өрнектер: бешпент, қамзол, шапан, тақияның жиегіне орнатылады. Зергерлік бұйымдарда: сақина, білезік, қапсырма, алқалардың жиегінде және






ши, сырмақ, кебеже, жүкаяқ, табақ ернеулерінде, әдіп тігісте көбірек кездеседі.


«ҚОС ДӨҢГЕЛЕК» ою-өрнегі мал таңбасына ұқсайды. «Қос дөңгелек» өрнегімен негізінен киіз бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді.








«ТҰМАРША» ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үшбұрыш - осындай тұмарлар тіл-көздөн сақтау үшін адамдарға ғана емөс, үй жануарларына бойтұмар ретінде де тағылады. Кілем бұйымдарының жиегін, киіз, кілем, текеметтің орта тұсын кәмкеруде кездеседі 








«ҚОСТҰМАРША» ою-өрнегі төбесінен түйістірілген екі тұмарша үшбұрыш өрнегі қосылады да, екі геометриялық үшбұрыш жасайды. Бұл өрнектің түрі «тұмарша» өрнегі секілді тіл-көздөн сақтау дегенді білдірмейді, тек эстетикалық тұрғыдан өшекей ретінде қолданылады.

 








«БАҒАНӨРНЕК» қора төбесінің арқалығын астына тіреп тұратын діңгек ағаш. Осы ағаш секілді ою-өрнөк салынатын заттың, бұйымның ортасына келтіріледі, оны негіз қылып алып, жан-жағын басқа өрнектермен бейнелейді. Бұл өрнек асадал, кебежелердің аяқтарында, қырларында, айна қойғыштың шетінде, піспек саптардың жоғарғы жақ басында, адалбақанның бойында жиі ұшырайды және текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.

Бұйымдардың көпшілігі ою-өрнектермен әсемделініп жасалынады. Жасаушылардан ерекше талғампаздықты, нәзіктікті, эстетикалык талғамды талап етеді. Қолөнер окушылардың өзіндік шеберлігін, әсемдікті сезіну қабілетін арттырып, ұлттық санасының қалыптасуына негіз калайды. Халық педагогикасы - оқушыларды колөнерге баули отырып, адамгершілікке, өнерді сүюге тәрбиелейді. Қазак халкының қолөнері оның тарихымен бірге өсіп, біте қайнасып келе жатқан бай қазына.

Ою-өрнектердің өзіндік шығу тарихы бар. Мысалы, «Белін таянған қыз» өрнегі әйел адамның белін таянып тұрган сәтін көз алдыңа елестетеді. Бүл ернек көбінесе кілем, шұлык пен колғап тоқымасында колданылған. Қазактардың оюын сипатына карай теңдеме, жүздеме, сыңар ою деп топқа бөлуге болады. Әр түрлі бұйымдардан кестелеу, зерлеу, сыру, шым кестелеу, өру, бедерлеп салу, кұю секілді бедерліктің үлгісі сезіліп тұрады. Жалпы қазақ колөнер шеберлері өлшеп-пішпей-ак екі заттың тең пропорциясын жасай білген. Әрбір қолөнерші жасап шығарған бұйымының ою-өрнегіне атау таба білген және оны халық түсінігіне лайыктай алған. Көненің көзі мен тарихының сөзіне айналған қүлпытастардың өзі ою-өрнексіз болмаған. Ескіден калған күмбез, мешіттердегі көркемдік те ою-өрнексіз жүзеге аспаған. Бұл ою-өрнектер тек қана көркемдік үшін алына салмаған. Оның астарында бүтіндей бір халықтың тұрмыс тіршілігі «жасырынып» жатыр. Аңшылық өнер, көшіп-қону көріністерінің бәрі нақышқа айналған халықпыз деп осы тұста түйін де жасауға болады. Қазак халкьның ою-өрнегіндегі ең негізгісі - «Қошқармүйіз» немесе «Мүйіз». Осы «Мүйіз» өрнегінің өзі бірнеше түрге бөлінеді.

«Сыңармүйіз», «Сынықмүйіз», «Қырықмүйіз» т.б. Бір сөзбен айтканда «Мүйіз» өрнегінің ел тұрмысында араласпайтын саласы жоқ. Өнертанушы ғалым В. Чепелев: «Қазақтар - тек ою-өрнек әлемінде өмір сүретін сияқты» деп текке айтпаса керек. Өйткені халық мұрасындағы ұлттық өрнектерінің үйлесімді реңдері ата-бабаларымыздың тұрмыс - салт-дәстүрін бейнелеген ғой. Анықтап айтқанда, халқымыздың тарихын, шежіресін, жағрапиясын, мінезін, ерлігін дәл бейнелейтін ою-өрнектен өзге құдіретті өнер жоқтың қасы. Бұл өнер әрбір халықтың болмысымен бірге туып, біте қайнасып келеді. Қазақ ою-өрнегінің табиғаты халық өнерінің тарихи дәуіріндегі сұлулық пен әсемдікті көре білетін, бакылай алатын зерделі азамат тәрбиелеуге айрықша ықпал ететіні анық. Тағы бір айта кететін нәрсе, казақ халқы ұлттық киімді әшекейлеуге барынша ықылас аударған. Әр өрнекке өзіне сай орын тандаған. Мәселен, бас киімде кездесетін ою-өрнектер сырт киімде немесе бұт киімдерде қолданылмаған. Мұның өзіндік себептері де бар «Ит құйрық» аталатын өрнек ешкашан бас киімдерге колданылмаған. Мұның астарында «Дұшпаның кеудеңнен жоғары өрлемесін» деген ырым жатыр. Бұл өрнек «Дұшпаның төмен болсын» деген ниетпен көбінесе ер адамдар шалбарының жырык балағына өрнектелген. Қыз балалардың бешпетіне, көйлегіне гүл тәрізді немесе қанатты қарлығаш секілді өрнектер бейнеленген. Ал ер баланың киіміне найзаның ұшы, бүркіт, қошқармүйіз секілді ою-өрнектер батыр, алғыр болсын деген ырыммен жиі қолданылатын болған. Ою-өрнектеде мазмұн бар. Ол халықтың салт-дәстүрімен үндесіп, сабақтасып жатады [69,70].

Қорыта айтқанда, халык мұрасындағы үлттық өрнек өнерінің танымдық, эстетикалык мәні ерекше демекпіз. Дәстүр жалғастығын ұрпақтан-ұрпакка аманаттау - ендігі жерде біздің міндетіміз. Бұйымдарға өрнектерді орналастыру үшін симметрия сақталу қажет. Симметрия дегеніміз - ою-өрнектің екі жағының тең болуы. Ою-өрнекте бір элемент қайталанып келсе мұны ритм дейміз. Бұйымға салынатын ою-өрнектің бояу түрлерінің бір-бірімен үйлесіп, жарасым табуы - колорит деп аталады.


1 кесте

Ою-өрнек түрлері

Мысалдары:

1.Зооморфтық

2. Өсімдік тектес

3. Геометриялық

4. Космогониялық

Қошқармүйіз, құсқанат Арпабас, сегізжапырақ Ирек, сызык, т.б Айшық, жұлдызша


Жалпы алғанда, ою-өрнек - әдемі ырғаққа арнаулы жүйемен құрылған өрнек бөлшектері.


2 кесте

Атауы

Қолданылатын орны

Оюдың мағынасы

Тоғызтөбе

«Тоғызтөбе» ою-өрнегін Айша — бибі күмбезін өрнектеу ушін қолданған

Бұл ою ең көне оюлардың бірі

Тіс

Кесте тігуде бұрыштарын қарама-қарсы түйістіріп отыратын тігістерді өрнегінде қолданылады

Тіс - малдың, аңның тісіне ұксас, молшылыктың белгісі

Иттабан

Киіз үйдің есігіне, қораның кақпасына салынады

Ит жеті казынаның бірі деп құрметтейді

Төртайшық

Тертайшық элементтерінен шексіздікке ұласатын ою-өрнектер киюға болады

Төртайшық - айды тұспалдайды

Таңдай

Бұл ағаш, мүйіз, сүйек заттарының шетіне, киімдердің, кимешектің жағасына салынады

Таңдай ою - өрнегі мал таңдайының бедерін бейнелеуден шыққан

Сынықмүйіз

Бұл ою - өрнек кілемдерді, шилерді, басқұр, алашаларды безендіреді

Малдын сынған мүйізіне ұксайды

Құсқанаты

Тұрмыста қолданылатын бұ-йымдардың барлығында кездеседі

Құсқанаты - мүйіз оюы немесе шахмат шаршылары бейнеленген кұстың қанаты тәріздес ою - өрнек

Қос дөңгелек

Бұл өрнекпен киіз бұйымдарын, текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді

Ежелгі көшпенділер дүниетанымында тұспалдайтын дөңгелек таңбасында тылсым күш бар деп сенген

Гүл

Кесте тіккенде және киім-кешектердің жағасына, қалтасына салады

Гүл ою - өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды


Нәтижелі еңбектің арқасында байқалатыны: - ең алдымен баланың қолөнерге деген қызығушылығы арта түседі;

- іске бейімділігі мен икемділігі қалыптасады; - шығармашылық қабілеті артады;

- өз қиялы, өз идеясы, өзіндік пікірі, өз көзқарасы қалыптасады;

- шығармашылық ізденіс пайда болады;

- өзіндік еңбек ету кабілеті ашылады;

- шеберлік, іскерлік дағдылары қалыптасады;

- кәсіби шеберлігі өседі.

Жүн өңдеу. Жүн өңдеу - төрт түлік малдың жүні қазақ халқының өмір тіршілігінде үлкен роль аткарған. Сапалы бұйым шығуы үшін шеберлеріміз жүнге оның сапасына көп көңіл бөлген. Жүн сапасы негізінен талшығының жуандығына байланысты болады. Жүн талшығы неғұрлым жіңішке болған сайын, оның сапасы да жоғары болады. Жүннің түсі ақ, сары, сұр, қара және т.б табиғи түсті болады, бірақ та оны әр түрлі түстерге бояуға болады. Жүн жылуды жақсы сақтайды, жүн талшығы иілгіш, созылғыш, серпімді келеді, жүн бояуды жақсы алады және оңбайды, жүннің салмағы жеңіл болып келеді. Жүн – ұйысуға бейім бірден-бір талшық. Жүннен бау-шу, арқан-жіп, киім-кешек, қазақ үйдің киізін, әртүрлі төсеніштер мен қап, шекпен сияқты ең қажетті мүліктер жасаған. Киіз – мал жүнінен дайындалады. Бірнеше рет тоғытылып, кірінен, шайырынан тазартылып қырқылған қойдың күзем жүнінен киіз басылады. Жүн сабау жұмысына керекті заттар – сабау мен тулақ. Сабауды бұтасыз түзу талдан, қара мойылдан майысқақ заттан, жыңғылдап маусым-шілде айларында дайындап, қабығын алып кептіреді. Киіз басу өнерінде халық арасында кең тарағаны– текемет басу, сырмақ ою түрлері. Киіз басу, текемет ойыстыру ісі алдымен жүн сұрыптауданбасталады. Негізінен, киіз басуға көбіне қойдың күзем жүні мен қозы жүні қолданылады. Осы орайда жүн түрлеріне қысқаша анықтама бере кеткен жөн секілді. Жабағы жүн қойдың күн жылып, мамыржай болғанда, яғни жазғытұрым қырқылады. Жабағы жүннің қырқылуы оны теріден тұтас көтеріле бастаған кезіне сай келу тиіс. Өйткені, қой терісінде жаңа түктердің өскіндей бастауы жабағы жүнді көтеріп, біріншіден, қырқым жұмысын оңайлатады, екіншіден, мал терісін зақымдаудан сақтайды, үшіншіден, ысырапқа жол берілмейді.

Күзем жүн қойдың күз мезгілінде қырқылып алынады. Тағы да жергілікті жердің ауа райын ескере отырып, қара суыққа ұрындырмай, қойды бірнеше рет тоғытып, жүні кепкеннен кейін қырқады. Қозы жүні – қозы туған жылғы бірінші қырқылған жүн. Сапасы жағынан талшықтары нәзік, ұйыспаған, күзем жүнге ұқсас келеді. Киіз бұйымдарының түрлері: текемет, сырмақ, сәндік панно, сәнді сөмке, киіз киімдер, т.б. Киізден бұйым жасау үшін қағаздан қиып алынған детальді шаблон деп атайды. Шаблон бойынша белгілейді және матаны пішеді. Шаблонды, қиықты, үлгі-сурет, сызық және сөзбен суреттеу бойынша дайындайды. Киізге орналасқан үлгіні контур бойымен бормен бастырады,бөлшектерін пішкенде дәл үлгі бойымен белгілеп, тігістерге 1-1,5 см артық тігуге қалдырады.

Пішілген детальдарды тігеді. Дайын сөмкені әшекейлейді.

Сырмақ. Сырмақ - киізден сырып, оюлап жасалған төсеніш. Сырмақты түрлі-түсті киізден ойып, өрнек салып та, сондай-ақ шымқай ақ киіздің бетіне ақ, қызыл, сары маталардан ою бастырып та тігеді. Сырмақ жасау үшін алдымен ою-өрнек салынған үлгісі дайындалады. Мұндай үлгілерді жасауға қалың қағазкартон, жұқа пластмассалар дайындалады, пластмассадан жасалған үлгілерді бірнеше рет пайдалануға болады. Сырмаққа керекті ақ, қара киіздер бөлек-бөлек дайындалады, сондай-ақ, олар жұқа, әрі тығыз басылуы керек. Киіз басылып біткен соң, ақ мен қара түрлерін бір-біріне беттестіріп, үстіне алдын ала дайындалған ою-өрнектері салып айналасын қарындашпен сызып, суреттің ізін түсіреді. Түсірілген із бойымен екі киізд бірден ойып шығады да, ақ киіздің ойылған оюын қараға, қарасын ақ киізге салып қиюластырып тігеді. Құрастырылған екі түсті киіздің оюын сол қалпымен тұтас үлкен киіздің үстіне салып жапсырады. Оюлардың құрастырылар жерінің үстін бастыра жиектейді. Біріншіден жіптің бояуы ақ, қара киіздің түсінен басқа ашық түсті болады, сонымен қатар жиек бірнеше жіптерден қабаталып иіріледі. Үй тұрмысында сырмақ, текеметтей емес, тұтынуғы мықты, төзімді болады. Сырмақтың оюларын құрастырып, үстінен басып тігіп болғаннан кейін, ақ киіздің үстін ақ жіппен, қара киізді қара жіппен жөрмеп тігеді. Осы әдіспен тігілген сырмақ шымыр, қатты болады. Сырмақ жасау өнерінде "қошқар мүйіз" ою-өрнегі көп қолданылады, олар өте дәлдікпен орналасып, бір-бірімен жалғасып ұласып жатады.

Қазақстанда жиі кездесетін сырмақтарда үш-төрт ою бірігеді де, бір квадрат немесе ромбы құрайды. Бірақ та "қошқар мүйізден" басқа өрнектер пайдаланылмайды деп кесіп айтуға болмайды, мысалы, Павлодар облысында жасалған сырмақтардың бетіндегі ою-өрнектерде әр түрлі гүлдердің бейнесі көп кездеседі. Сырып тігудің екі түрі болады:

жеке жіптің өзімен әрлі-берлі тік шаншып тігу

қос жіппен сырып тігу - инедегі жіптің астынан тағы бір жіпті бос төсей отырып сырып тігеді, тігістің бұл түрі іс машинаның тігісіне ұқсайды. Сырмақты сыру үнемі ою-өрнектердің бағытымен жүргізіледі, бұдан кейін сырмақтың шеттерін тегістеп қиып, шетіне айналдыра жиек бастырады. Сырмақтың жиегін бастыратын жіпті ақ жүннен иіреді. Жиекке арналған жіпті жалаң қабат түрінде біреуін оңқай, екіншісін солақай етіп иіреді, содан кейін оларды өзді-өзіне қосады да, екі қабаттап, екі бөлек етіп тағы иіріп, бояуға салу үшін төгеді де, жарты метр шамасындай етіп келептейді. Жиек жіптерді қазанға салып, суға ерітілген бояумен бірге аударыстыра отырып қайнатады, жіптердің қылшықтары бүріліп, сыптырылғанда жіптің бояуы қанды деуге болады. Халық арасында жіпке бояу жақсы сіңуі, бояудың түр-түстері ашық болу үшін, бояу мен суға ашудас, мүсәтір, тұз қосып, аздап май салып бояған. Бояу сіңіп, қайнап боялған жіпті сол келептеулі қалпында сөреге іліп, сағат сайын аудастырып кептіреді. Әбден кеуіп болған жиек жіптерді оңқай және солақайын бір-біріне қатар жарыстыра отырып, оны ширатпай-ақ домалақтап орайды. Сонда жиектің қатар түскен ширатындысындағы оңқай иірім мен солақай иірім қарсыласа келіп, біркелкі таңдай өрнегін жасайды. Текемет Текемет басу тәсілінің негізгі ұзынырғасы бір болғанымен, оның бетін әр түске боялған жүнмен оюлау әдісі әр елдің өзіне тән белгілі бір жүйемен жасалынады. Текемет - бетіне түрлі-түсті ою-өрнек басылған киіз. Оның күзем жүннен басылған талдырма бетіне ақтай немесе қызылға, көкке, қараға не басқа түске боялған жүнді әр түрлі өрнекпен тартады. Текемет басылатын жүнді де киіз басылатын жүн сияқты көпсітеді. Текеметті де киіз басқандай әдіспен басады. Алғашқы жартылай басылған түрі "талдырма" деп аталады. Бұл әлі толық басылып, қатаймаған кезі. Оны оюлы түр салуға негіз ретінде кептіріп, құрғатып дайындайды.

Текемет мықты болуы үшін жартылай басылған екі киізді беттестіріп білектейді. Ою-өрнек негізгі талдырмаға салынады. Текеметтің бірнеше түрі болады. Олардың ішінде шашақты текеметті қымбат маталармен безендіріп жасайды. Мұндай текеметті халық жоғары бағалаған. Текеметті түр ойыстырып басу немесе түрді шүйкелеп салу деп екі түрлі әдіспен басады. Түр ойыстырып басатын текеметтің астыңғы бетін киіз басудағыдай етіп бөлек дайындалады. Киізге қарағанда жүні тегіс әрі жұқалау болады. Бұл жұмысты кей жерлерде талдыру (жұқа киіз) деп атайды. Үстіңгі бетін, яғни түрін бөлек, алдын ала талдырып, кептіріп алады. Содан соң әркімнің қалауынша үлгілермен қиып дайындалған оюды (түрді) текеметтің астыңғы беті деп аталатын талдырылған киіздің үстіне рет - ретімен орналастырып, су себелеп, шиге орайды да киіз басу одан әрі жалғасытырылады.

Түрді шүйкелеп салу әдісінеде боялған жүнді күні бұрын біркелкі шүйкелеп созады. Текеметтің астыңғы бетін су бүркіп орап тастайды да қайта жайған кезде әлгі шүйкеленген түрден тездетіп қалаған ою-өрнекті келтіріп, су себелеп орайды [72,73,74]. Түр жайылып, бояу оңбас үшін ыстықтау су себіледі. Одан әрі қарай киіз басу процессі қайталанады. Далаға жайып кептірілген киізді шет-шетін тегістеп қияды да, қағып-сілкіп, төсеніш ретінде пайдалана беруге болады. Ал текеметті жайып кептіргеннен кейін боялған жүннен жіңішкелеп жіп есіп (әркім шеберлігі мен қалауына қарай), екі түрден қосарлап, оны ширатады. Екі тінді бір бағытта ширатса оң ширату дейді. Ал, есілген жіптің бағытын қарама-қарсы (бірі оңға, бірі солға) ширатса, солақай ширату деп аталады. Пайдаланған кезде солақай ширатылған жіп тек құстаңдай деп аталатын өрнек шығарады. Ол өрнек былай шығарылады. Шеті тегістеліп, қиылған текемет ширатылған жіппен жиектеледі. Жиектеуге, яғни ширатпаны текеметке бастырып тігуге боялған жіп немесе шуда жіп пайдалануға болады. Әуелі текеметті айналдыра жиектеп алады да содан кейін салынған ою-өрнектің шетін бастыра жиектейді. Жиектелген текемет әсемділігімен көз тартады әрі төзімді келеді. Сондай-ақ жиектеу салынған түрдің шетін түтеленіп, әлде көтеріліп кетуден сақтайды. Текемет басудағы біраз жұмыстар көбіне жалпы киіз басуда туырлық, үзік, түндік, ақ киіздер және сырмаққа арналған киіздерде қайталанылады. Түр салынбайтын киіздер бұл процестерден басқа кірлеу әдісі қолданылады. Мұнда киізді ұзынынан бір бүктеп, енінен дөңгелете 4-5 орап, тігінен қойып, үстінен қайнаған ыстық су құяды. Бұл киіздің әбден кірігіп, шымырлауында, бойындағы кір судан тазаруына, сөйтіп одан әрі кіріге түсуіне әсер етеді. Кірлеу әдісі ақ-қара түсті текеметтер басуда да қолданылады. Ал, боялған жүннен түр салған текеметтерге бұл әдістің қажеті жоқ. Себебі, химиялық бояулар (анилин) кірлеу кезінде ыстық сумен бірге ағып кетеді де тез оңады. Текеметке түр салуға негізінен қызыл, сары, жасыл, қара бояулар пайдланылады. Соңғы кезде көк түстер де араластырылып жүр. Текеметке түр салғанда оюды тек жиектеп салып, текеметтің негізгі фоны көрініп тұратын болса, ондай текеметтің түрі әбден ұсталғанша көмескі тарта береді. Оңтүстік облыстарда көп жағдайда текемттің ортаңғы бөлігін айқындап шымқай қызыл түске бояп, соның үстіне түр салады. Мұндай текеметтің негізгі түсі жарқырап айқын көрініп тұрады. Текемет бетіне өрнек орналастырудың бірнеше түрі бар. Бірінші түрі – ортаңғы бөлікті айқындап, жиек оюларын түсіру. Ол төмендегідей тәртіппен ораналасады. Текеметтің орталық бөлігіне бірнеше ромбы (екі-үш немесе төртке дейін) түсіріп өрнектеледі. Сондай-ақ осы орталық бөліктегі ромбы орнына дөңгелек шеңбер де түсіруге болады. Шеңбер іші бірнеше қатар кесте оюлары секілді сәл ұсақтау әр түрлі оюлармен толтырылады.

Қазақ кілемі Қазақ кілемі, қазақы кілем – ұлттық үй жиhазы. Кілемнің қазақтар тұрмысында көп тұтылатын түрлері тоқылу ерекшелігіне (түкті, тықыр, барақ), өндірілген орнына (Алматы кілемі), тоқылған материалына (жібек, масаты, қалы), ру үлгілеріне (адай кілемі, қоңырат кілемі, керей үлгі, найман үлгі), ою-өрнегі мен түріне (қос, үш, бес гүлді кілем), қосалқы белгілеріне (шашақты кілем, шашақсыз, ақалы) қарай бөлінеді.

Қазақ кілем өрнектерінде көбінде геометриялық өрнектер өте басым, ішінара “өсімдік” өрнектер қолданылады.Түксіз кілемнің оюларында қошқар мүйіз, құс тұмсық, ботакөз, тұмар, тарақ нұсқалар мол кездеседі. Кілем өрнегінде, әсіресе, қызыл фонға қара, көк, сары және ақ түсті өрнектер көбірек жүргізіледі немесе негізгі бір түстің бір-біріне жақын бірнеше өңдері де қолданылады. Мысалы, қызыл, алқызыл, қызылкүрең түстер. Қазақ кілемі өрнектерінің ішінде зооморфтық оюлар да көп. Мысалы, “сыңар мүйіз”, “иттабан”, “көбелек”. Мұнымен бірге геом. өрнектер де кездеседі. Қазақ тұрмысында: масаты кілем, жібек кілем, тықыр кілем, қалы кілем, қара кілем, бұхар кілем, терме кілем, түрікмен кілем, парсы кілем, алаша кілем, шешенгүл кілем, жолақ кілем, шатыргүл кілем, мәскеугүл кілем, мақпал кілем, қараман түр, талас кілемі, ақтаңлақ кілем, шашақты кілем түрлері көп тараған. КІЛЕМ Тықыр кілем Түкті кілем Гобелен тоқу Терме алаша тоқу Макраме тоқу Инемен тоқу Ілмекбізбен тоқу Станокпен тоқу

Түкті кілем тоқу технологиясы. Қазіргі уақытта тұрмысымызда қолданылып жүрген түкті кілем, тықыр кілем және гобелен сияқты тоқыма түрлері бар. Жалпы кілемге кез-келген өрнекті түсіруге мүмкіндік мол. Ол үшін өрнектің үлгісі қажет. Үлгі дегеніміз – кілемге түсіретін өрнекті тор көзді қағазға түсіріп алу. Өренекті тор көзді қағазға түсіріп алған соң , сол бойынша санап отырып кілемге шалынады. Кілем қолдан тоқылған және машинамен тоқылған болып екіге бөлінеді. Машинамен тоқылатын кілемдер сыртқы түрі мен ою-өрнегі жағынан қолдан тоқылған кілемдерден көп өзгешелігі болмаса да, беріктігі мен төзімділігі жағынан олардан төмендеу. Машиналармен тоқылатын кілемдер негізінен табиғи жіптермен қатар синтетикалық жасанды талшықтар, жүн тәрізді жіптер, химиялық пленка жіптері де пайдаланылады. Кілем негізгі өріс жібінен, астында матадан латексті астардан тұрады. Түкті кілем тоқуға жүн, мақта, жібек, зығыр, кендір жіптер пайдаланылады. Қолдан тоқылған ең бағалы кілемдердің отаны: Иран, Франция, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Түркменстан, Әзербайжан, Туркия, Польша, Армения.

Қолдан тоқылған кілем тоқыма станоктарында өндіріледі. Өте берік келеді, күтіп ұстағанда ондаған жылдар бойы, кейде жүз жылдан астам уақыт пайдалануға болады. Қолдан тоқылған түкті кілемді тоқуға жүн (қой, ешкі, түйе жүні), мақта-мата, жібек, зығыр, кендір жіптері пайдаланылады. Қолмен тоқылатын кілемнің түгі әр түрлі бояулы жіптерді әрбір екі өріс жібіне шалу арқылы жасалады [75,76,77]. Майда өрнек қажет болғанда бір ғана өріс жібіне түйіледі. Олар көбіне қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрінде болады да, ұшы бетіне шығарылып, қырқылып тасталады. Бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан кейін арқау жібін жүргізіп, алдыңғыларына қарай тарақпен нығыздай қағып отырады. Түк үшін жүннен иірілген жіп (кейде жібек жіп), ал өріс және арқау үшін мақта жіп қолданылады. Көбіне ұсақ өрнек жасау үшін өрістік мақта жіп жіңішке жібек жіппен алмастырылады. Қолмен тоқылған түкті кілемнің әр түрлі бояуы жіптерді әрбір екі өріс жібіне шалу, бір жарым түйінді шалу. Бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан кейін арқау жібін жүргізеді, алдыңғыларына қарай тарақпен нығыздай қағып отырады.

Кілем тоқуға қажетті құрал-саймандар – түрлі-түсті жіп, тоқпақ, пышақ, қайшы. Тоқпақ дегеніміз – темір тісі бар, ағаштан жасалған құрал. Тоқпақты жиде ағашынан сәл еңкіштеу етіп жасайды ұшына қатты сымнан, не шегеден арасын ірілеу етіп тіс жасайды. Қайшы – керілген желідегі жіпке түр шалынғаннан соң тегістеу үшін пайдаланылатын құрал. Осы қайшы арқылы түгі қырқылып тегістеледі. Кілем тоқу әдістері: 1. Бір жарым түйінді шалу 2. Екі түйінді шалу 3. Өру әдісі 4. Түзу тоқу әдіс

1. Бір жарым түйінді шалу үшін сол қолдағы түр жіпті ілгектеп іліп алып, негізгі жұп жіпті сол жағындағы жіптің астынан үстіне, ал оң жағындағы жіпті үстінен астына қарай орап аламыз да, жіптің екі ұшын теңестіре пышақпен кесеміз, түк жібінің биіктігіне сай осылайша түк шалынады.

2. Екі түйінді шалу ол үшін сол қолдағы жіпті жұп жіптің оң жағындағы жіптің астынан үстіне қарай іліп, тоқымашы түр жіптің ортасынан ілгекпен жұп жіптің сыңарын көтеріп, жұп ұшын іліп, шығарамыз да, түк биіктігіне байланысты пышақпен кесіледі. Осылайша түк негіз жіптеріне түгел бір қатар етіп шалынады.

3. Өру әдісі екі қос жіпті біріктіріп, бір жолын бір жаққа қарата орап, кері қайтқанда керісінше бір жаққа қарата оралынатын әдіс.

4. Түзу тоқу әдісі бір өріс жібінен бір қабатты екі жақты тығыз етіп тоқылады. Осылайша әр тоқу әдісін қондырғыдағы жіптер арқылы өзіммен бірге тоқытып отырдым. Қолдан тоқылған кілем тоқыма станоктарында өндіріледі. Өте берік келеді, күтіп ұстағанда ондаған жылдар бойы, кейде жүз жылдан астам уақыт пайдалануға болады. Қолдан тоқылған түкті кілемді тоқуға жүн (қой, ешкі, түйе жүні), мақта-мата, жібек, зығыр, кендір жіптері пайдаланылады. Қолмен тоқылатын кілемнің түгі әр түрлі бояулы жіптерді әрбір екі өріс жібіне шалу арқылы жасалады. Майда өрнек қажет болғанда бір ғана өріс жібіне түйіледі. Олар көбіне қос шалымды, кейде бір жарым шалымды тұзақша түрінде болады да, ұшы бетіне шығарылып, қырқылып тасталады. Бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан кейін арқау жібін жүргізіп, алдыңғыларына қарай тарақпен нығыздай қағып отырады. Түк үшін жүннен иірілген жіп (кейде жібек жіп), ал өріс және арқау үшін мақта жіп қолданылады. Көбіне ұсақ өрнек жасау үшін өрістік мақта жіп жіңішке жібек жіппен алмастырылады. Қолмен тоқылған түкті кілемнің әр түрлі бояуы жіптерді әрбір екі өріс жібіне шалу, бір жарым түйінді шалу. Бірыңғай қатар жатқан тұзақшалардан кейін арқау жібін жүргізеді, алдыңғыларына қарай тарақпен нығыздай қағып отырады.

Гобелен тоқу өнері. Гобелен- қолдан тоқылған кілем картина. 1662 жылы Францияда корольдің үй жиһаздарын жабдықтау барысында мануфактура құрылған болатын. Онда түрлі шеберлер жұмыс жасады. Бұл мануфактура тек шпалер орындайтын болды және Еуропалық өндіріс орталығына айналды. Мануфактура Париж түбіндегі кварталда орналасқан еді. Ол мануфактура осы өндірістің бұрынғы иелері ағайынды Гобелен семьясының атымен аталған. Ал кейін шығарылған бұйым да солай аталды. Қазіргі кезде «Гобелен» ескі терминді яғни «шпалер» атын ысырып тастады. Ерте кезеңдерде гобелендер түрлі-түсті шерст, шелк, кейде күміс, алтын жіптермен мануфактура басқарушысы Ш Лебреннің орындаған суреттерімен тоқылатын. Шпалерге (гобеленге) бейнеленетін бейне әртүрлі натюрморттан батальдық көрініске дейін және аллегориялық композицияға дейін жетті. ХVIII ғ. Францияның атақты суретшілері Ф.Буше, Ж.Б.Удри салған суреттері бойынша гобелендер орындалды. Гобелен арнайы қол станоктарында таңдаулы тоқыма әдісімен тоқылды. Гобеленнің өзіне тән ерекшелігі алдыңғы бұжыр беті, негізгі жіп арқылы жасалған, және ішкі түзу емес беті тігіспен орындалған. XVII-XVIII ғ.тарихи, діни, мифологиялық сюжетте орындалған гобелендер жоғары көркем дәрежеге жетті. ХІХ ғ. Гобеленнің көркемдік деңгейі төмендейді. ХХ ғ. 30 жылдары жаңа көркемдік стиль негізінде қайта жанданды. Картондарды ХІХғ аяғы ХХ ғ.б Ф.Жефруа, К.Моне, Ж.Ф.Рафаэлли деген суретшілер жасады. 1717 жылы Россияда алғаш шпалер (гобелен) мануфактурасы ашылды. Алғашында француз гобелен мануфактурасының бас суретшісі Лебренмен келген француз шеберлері жұмыс істеді. Олардың әр қайсысына орыс шәкірттері бекітіліп берілген. 5-6 жылдан кейін шәкірттері өндірісте өз ұстаздарының орнын басты. Петр I қайтыс болғаннан кейін гобелен өнері күйрей бастады. ХІХ ғ. Басында гобелен өнері Японияға жетті. Гобелен тоқу ісін Жапондықтар Француздардан үйренді. Ең алғаш гобелен тоқу өнері орта ғасырда Батыс Еуропада, әсіресе Францияда кең дамыды. Түкті кілемдер және шпалерлер әсемдік үшін ғана емес, олар үйдің тас қабырғаларына акустикалық дыбысты бәсеңдету және жылылықты сақтау үшін қолданылған. Салтанатты залдар мен демалыс орындарына ХІ-XV ғасырларда шпалерлер қабырға росьписін ауыстырды және орта ғасырлық қапас сарайларына мерекелік түр берді. Сонымен қатар шпалермен қолбасшының жорық шатырларын да сәндейтін болған. Соңғы бірнеше онжылдықта ұзақ үзілістен кейін гобелен суретшілердің көңілін қайта аударды.Үлкен гобелендермен театрларды, библиотека, институт фойелерін сәндейтін болды. Гобелен өнерінде тоқыма панносы, тоқыма пластикасы деген жаңа ат пайда болды. Кішігірім үй ішін сәндеу, сырласу интерьерін жасау үшін, сәндік қолданбалы өнер суретшілері кішігірім гобелендер тоқыды. Олар қабырғаға ілініп тұрады, немесе картина сияқты рамаға кигізіліп сәнделді[78].

Гобелен техникасы ғасырлар бойы өзгермеген. Қазірде Францияда XVII ғасырдағыдай гобелендер тоқылады. Онда аса нәзік негізгі жіптермен, жібек немесе шерст жіп арқаулармен тоқылады. Гобелен өнері Совет заманында Прибалтика- Латвия, Литвада жақсы дамыды. 50 жылдардағы интерьер қатаң «геометриялы» болды. Оны жандандыра алатын, даралай алатын, оған жылылық, жайлылық беретін заттар керек болды. Гобеленде осы ерекшеліктердің бәрі бар. Гобеленнің түсінің қанықтылығы оның қолмен жасалғандығы, материалдылығы мен фактурасының анықтылығы интерьерде әсерлі акцент беріп тұрады. Орта ғасырда Шпалер өнері рыцарь қамалының қатаң интерьерін жұмсарту үшін қолданса, қазіргі заман интерьерінде гобелен көркемдік мәнерліліктегі жетіспеушіліктің орнын толтырады. Қазіргі заман гобеленінің ерекшелігі-оның материалында, тоқу техникасының әр түрлілігінде. Ескі гобелен материалына жаңа ерекше материалдардың енгізілуі . Мысалы: сизаль, джуть (кендір), бау, биязы қой жүні, металл жіптер, синтетикалық иірілген жіп, лень, кенеп жіптер шығарманың фактуралық мәнерлігіне жетуге өзіндік әсерін тигізеді. Прибалтика суретшілері: Р.Хеймратс, Р.Богустова, Э.Вигнер т.б жаңа материалдарды шерстпен ұтымды үйлестіре білген. Тоқымада материалдың әртүрлігі қазіргі заманға сай жаңа әдістермен мысалы: аппликация, кестелеумен бірге жалғасып келеді. Гобелен техникасының ескі түрі: канондық шектеусіз аралас технологиямен алмасты.

Мұнда суретші әртүрлі материалдарды бір- бірімен үйлестіруде, таңдауда еркін болады, ол қызықты пластикалық құрылымды эффект құруға әкеледі.Мысалы: Н.В.Мельникованың жұмыстары. Онда аппликация кестемен, тоқыманың элементтерімен тоқу технологиясында үйлесімді орындалған. Бұл аппликация не шұғадан (сукно) немесе тығыз матадан қолмен тоқылғанға ұқсас орындалады. Гобелен беті рельефті болады.Ол қабырғадан бөлініп, жаңа функция құрады. Гобелен- интерьерде қалқа шымылдық, гобелен-текстильді пластика қызметін атқарады. Суретшілер гобеленнің дәстүрлі тікбұрышты формаларынан бас тартты.

Гобеленге қараңыз да, қазақтың тақыр кілемімен салыстырыңыз. Еш айырмасы жоқ. Айырмасы – тек француздар ертерек қимылдап, оны өздерінің өнерлері, бренд ретінде қалыптастыра алғандығында. Егер оны өзімізге сіңіріп алғымыз келсе, гобеленді «алашаның заманауи түрі» деп санауымыз қажет. Түкті кілемді тоқу барысында тоқу мәнеріндегідей техниканы қолдана отырып, сол түктерді кейбір жерлерде 10-15мм-дей ұзындықта қалдырып, кей жерлерінде тақырлай қысқартып үйлестіріп тоқуға болады . Халқымыздың көне мәдениетін әр сабақ жіпке сыйғызып, бүгінгі заманға жеткізуде гобелен өнерінің де үлесі жыл санап артып келе жатыр. Қазақ гобеленінің негізін қалаған марқұм суретші Құрасбек Тыныбеков десек, қазақ қыздарының ішінен осы салаға тұңғыш сара жол салған – Бәтима Зәуірбекова. «Ана», «Дала мадоннасы», «Сәукеле киген қыз», «Ұзату», «Күту» сынды туындылардың авторы. Гобелен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан Қазақстанда суретшілер қатарына: Қ.Тыныбеков, Б.Зәуірбекова, И.Ярема, Ә.Бапанов, С.Бапанова, Қ.Жұбаниязова, А.Ихонова, Н.Павленко т.б. атауға болады. Гобелен кілемі – сәндік бұйым. Оны қазіргі кезде тәжірибелі суретшілер қолға алып, жаңа өрнекпен тоқуда. Гобелен кілемінде белгілі бір тақырып бойынша қайталанбас суреттер көрініс береді, оның жай кілемдерден айырмашылығы суреті мен колориттік түстерінде.

Шым-ши тоқу технологиясы. Халқымыздың өнерінің бірі шиді жүнмен орап және оны өрнектеп тоқу ісі. Қолөнерінің барлық түрлері сияқты ши тоқу, оны түрлі өрнектермен безендіру әдісі өте ерте заманнан бері келе жатқан өнер мұрасы. Ши-астық тұқымдастыққа жататын өсімдік. Биіктігі 50-250см, сабағы кок, беті тегіс, мықты, шоғырланып тік өседі. Жапырақтары ұзын, жіңішке ені 3-5мм, өте қатты. Сыпырғысының ұзындығы 15-50см, маусым, шілде айларында гүлдейді. Ши өсімдігі шет елдердің Иран, Қытай, Монғолия, Тибет, Ресей жерлерінде өседі. Қазақстан аймағында әсіресе Семей, Жамбыл, Талдықорған, Жезқазған, Ақтөбе облыстарының тау бөктелерінде, дала, шөлейт айматарында, тау беткейлерінде, әдетте суға жақын жерлерде өседі. Ши қыста мал жайылымына жақсы, сабағынан ши бұйымдар тоқылады, гүл шоғыры мен қысқа сабағынан сыпыртқы жасауға немесе үйді әсемдеуге болады. Пайдалану үшін ши жинауды “Ши тарту ” деп атайды. Ши қоңыр күзде, таңғы шық кеппей тұрып немесе жаңбырдан соң немесе тұманды күні таңертең және кешкі мезгілде тартады. Өйткені дымқылданған ши сабағы майысқақ әрі мықты болады, ал қарақұсы яғни түбі жұмсақ болады да түбінен оңай үзіледі. Ши ешқашан тамырымен жұлынбайды, қарақұсынан тырс-тырс үзіледі. Тартылған шидің қабығын аршып, бумалап, көлеңке , жел тиіп тұратын жерде кептіреді. Ши тоқу өнерінде бұйымның көлемі өзгергенмен тоқылу ерекшеліктері сақталады. Бүгінгі ши өнері тоқылу, орау технологиясы жағынан өте нәзік нақыштар мен сәндене түрленген табиғи бояу түстерінің сан алуандығымен тартымды. Бұрынғы шиге салынатын өрнектер мүйіз өрнегі, шаршы өрнегі, таңдай немесе геометриялық сипаттағы өрнектер болса, қазір қолөнер шеберлері табиғат бейнесін, картиналар, аң, құс бейнесі сияқты көріністерді бейнелеуге тырысуда, қандай өрнек болса да орау жолы, оралған шиді тоқу технологиясы сақталып отырады.

- Ши тоқитын арқалыққа сәйкестендіріп, сұрыпталған ши біркелкі кесіп дайындалады. - Шиді орайтын түрлі түсті жіптер дайындалады; - Ши тоқитын жіпті арнайы шиіріп, ширатып, бірнеше домалақ етіп бөліп, әр жіпті ортасынан арқалыққа салып, екі ұшына салмақты тастар байланады. Арасы біркелкі етіп салынған бұл жіптердің үстінен алғашқы шиді салады да жіптерді әрлі-бері айқастырып, тастарды ауыстырады. Яғни арқалықтың арғы жағындағы жіпті бергі жағына, бергі жақтағысын арғы жағынан ауыстырады. Айқасып түскен жіп тастың салмағымен шиді орап қалады. Өрнек бойынша түрлі түсті жіппен оралған шилер осылайша жеке-жеке арқалық үстіне салынып, тоқылады [79]. Ши бұйымын жалпы сырт көрінісіне қарай 3 түрге бөлінеді: 1-ақ ши; 2-шым ши; 3-ораулы ши;

Мұндай ши түрлері халық арасында әр түрлі мақсатта өз орнымен пайдаланған. Мәселен: Ақ ши оралмай құр өзі тоқылатын балғындықтан киіз басуға, құрт, ірімшік жаюға, еттің астына салуға, үйдің төбесіне салуға пайдаланылады. Бойы тұтас оралмай, әр жерінен оралатын шиді орама ши немесе ораулы ши деп атайды. Ораулы ши-қабырғаға әдемілеп ілуге, ыдыс-аяқ тұрғын жерді қоршап бөлуге падаланылады. Ал, әдемі ою өрнектерімен оралып тоқылған шым - шиді киіз үйдің керегесі мен туырылығымен арасына ұстаған. Бұл біріншіден, сәнді көрінсе, екіншіден суықта жылылық үшін, ыстық күнде туырлықты түріп қойса салқындық үшін керек болған. Қазіргі кезде шым - ши үйдің, ғимараттың қабырғасына сән келтіріп, ұлттық өнерімізді дәріптейді.



3.2 Заманауи дизайындағы ою-өрнек арқылы іске асырылған қолөнер бұйымдары


Ұлттық ою - өрнектедің қазіргі заман талабына сай қолдану мен оларды күннен – күнге одан әрі дамып, ерекшеленіп, әртүрлі салаларда қолдану тәсілдерімен оларды тарихын зерттеу. Сонымен қатар үлкендердің арасында сауалнама жүргізу мен олның нәтижелерін тиянақтау мен шеберлермен, сән үйлермен кездесу кезіндегі сұхбаттарымызды айта кетсек. Мысалы: «арқармүйіз», «қырық мүйіз», « сыңармүйіз», «қармақ», «ырғақ», «қошқармүйіз», «жапырақ», «гүл», т. б.Әрбір ою - өрнектегі атау жай ғана атау емес, сол атаулар арқылы ою – өрнектің тал бойында жасырын жатқан сырды, маңызды да мағыналы ойды алуға болады. Мәселен, «орамал балдақ» - оюының атауында да мағыналы мән жатыр, «орамал» - әйелдер басына тартатын жаулық, «балдақ» - шымылдықтың бау өткізетін шығыршығы, ілгегі, яғни, орамал мен балдақ жаңа түскен келінге шымылдық тұту басына жаулық салу сияқты қазақ салтының шартты бейнесі ретінде бейнеленген.«Орамал балдақ» - өрнегінің жан - жағына «тұмар», «гүл оюы», «су оюлары» салынып, аққуларға қызыл, жасыл, көк түспен тоқылады. Мұнысы – «туған жердің гүліндей жайнап, сарқырап тоқтамай, ақпай судай, мәңгілік халқыңа қызмет ет» - деп халықтың жаңа түскен келінге айтатын арман тілегі.

Осының негізінде қазақтың қолөнерiнде қазақ даласының жарты миллион жылдық тарихы бар. Қазақ даласында алғашқы адамдар осыншама уақыт бұрын пайда болған. Осы уақыттан берi мал өсiрiп, терi өңдеген, құс өсiрiп, аң аулаған, соқа салып, егiн еккен адамдар қолөнердiң түр-түрiн ойлап тапты, бұйымдарға өзiнiң арман-ойын, қиял жемiстерiн ойып бедерледi. Мұражай әйнектерiнен жылтыраған пәлен ғасыр бұрынғы әшекей бұйымдардың өрнектерi зер салып қараған кiсiге сол дәуiрдегi адамдардың өмiр салтынан, тұрмысынан, эстетикалық талғамынан хабар бередi.

Ендеше, қолөнер тарихы – қазақтану тарихы деудiң де жаны бар. Қазақ оюы мен қолөнерін зерттеуде еңбегі сіңген Дәркембай Шоқпарұлының аталмыш салада ғылыми ізденістері көптеп саналады. Оның ұзақ жылдарғы зерттеуінен туындаған «Қазақтың қолөнерi» альбомы – осы бағыт барысынан жөн айтар, жол сiлтер үлкен көмекшi құралдың бірі.

Қол өнер ғасырлар бойы дамып, қалыптасып келе жатқан халық шығармашылықтың сарқылмас қайнар көзi, халық мәдениетiнiң айнасы. Ол талай ғасырлар кезеңiнен өтiп түрленiп, жаңарып келiп, атадан балаға мұра ретiнде бiзге жеткен дәстүрлi де қасиеттi өнер. Қандай халықтың қолөнерi болса да оның тарихымен, қоғамдық құрылысы, әдет-ғұрып, салт-санасымен астасып қатар өркендейдi. Қолөнер адам баласын әсемдiкке, нәзiктiкке деген ұмтылысын, сол бағытта табиғатты өзiнше таңбалап бедерлеуiн, сұлулықты iздеуге деген құштарлығын танытады. Ол арқылы үлкен рухани-эстетикалық тәлiм алып, өнер әлемiне қанат қағасындар. Қазақ шеберлерi ағаш, металл, терi, былғары, тарамыс, қайыс, жүн, жiп, ши, қамыс, киiз, мата, тас, бояу, сүйек, мүйiз материалдарын көп қолданады.

Ал бұл материалдарды өңдеп, әшекейлеу үшiн ою, қашау, құю, шеку, нақыш салу, өрнектеу, бояу, бұрау, ширату, кесу, тесу, илеу, өру, тоқу, иiру, бедерлеу, тiгу, сыру, шабу, қақтау, ыстау, лажылау, дәнекерлеу, құрсаулау т.б.тәсiлдер қолданылады. Көптеген халықаралық форумдар мен көрмелерде, байқауларда қазақтың қолөнер бұйымдары басқа халықтар қолөнер туындыларынан шоқтығы биiк түсiп жатпаса, кем түспейді. Қазақтың қолөнер тарихы – жастарға эстетикалық тәрбие беруде маңызы зор ғылым.

Туған халқының материалдық мәдениетiн қолөнер арқылы зерттеп-бiлiп, оның бүгiнгi тұрмысымен бiте қайнасып жатқан тұстарын қолмен ұстап, көзбен көрiп, сезiнуден артық қандай тағылым бар? Ою-өрнек – өнердiң өте көне әрi күрделi түрi. Халықтың сенiм-нанымы көкжиегi, дүниетаным көкжиегi мен қолөнердiң тығыз байланысының бiр дәлелi – қолөнерде жапырақ-өмiр бейнесiнiң жиi кездесуi.

Қазақтың ежелгi дiни наным-сенiмi бойынша жер астында өскен үлкен көк теректiң жапырақтарына жер бетiндегi адамдардың аты жазылған. Бiр жапырақ үзiлiп түссе, бiр адамның өмiрi қиылады. Қобыз, асатаяқ секiлдi саз аспаптарында сылдырмақ түрiнде iлiнген жапырақ бейнесiн талай рет көрген боларсыз. Тiптi, қазық, ат байлайтын мама ағаш, ұстын, тiреу тәрiздi шаншылған тiк заттардың бәрi көк теректiң символы iспеттес. Осы қобыздың өзi әлем бейнесiне ұқсайды. Қобыздың аржасы мен шанағы бөлiп қарағанда – көк өгiздiң басы, ал шанағы – жұмыр жер, мойыны мен басы – көк терек тәрiздес. Басындағы салпыншақтары көк жапырақ пен көк кептерлер. Жапырақ – тiрi адамдар, ал көк кептерлер – әруақтар. Қолөнер мен мәдени танымның бiртұтастығы мынадай. Қазақта «көзi ашық адам» деген тiркестiң мағынасын екiнiң бiрi бiлмейдi. Ал осы тiркестiң қолөнердегi «балықкөз» деп аталатын өрнек түрiмен астасып жатыр. Қазақ ұғымында бұл өрнектiң мағынасы «бiлiм», «ғылым» дегендi бiлдiредi екен. Ендеше, өрнек пен фразеологиялық тiркестiң жақындығы өзiнен-өзi байқалып тұр. Қарап отырсақ, қазақтың қолөнерiн зерттеу арқылы тiлдiк ерекшелiктердi, мәдени тарихымызды, дiни наным-сенiмдердiң даму жолын, халқымыздың салт-санасын зерттеп бiлуге болады. Ағашқа ою салу өнерi, әсiресе, солтүстiк аудандардан бастап, бүкiл Қазақстан аумағына кеңiнен таралған. Стилистикалық тұрғыда ол қазақтың халықтық қолөнерiнiң басқа да барлық түрлерiмен, ең бастысы, киiзден және былғарыдан оюлап көркем бұйымдар жасаумен тығыз байланысты.

Киiзден оюлап жасалған дүниелер, өрмелер мен тоқымалар кестелеу және халық өнерiнiң басқа да түрлерi тәрiздi ою-өрнек салынған ағаш бұйымдары киiз үй жиһазының сәнiн келтiрiп, үйге қажеттi тұтыну аспаптарын толықтырған, сөйтiп, өнер туындысына айналған. Қазақтардың ағашты өңдеп, пайдалануы ең алдымен, оның көшпендi өмiр салтының қажетiн өтеуге байланысты болған. Киiз үйдiң сүйегi мен есiгі, босағасы, керегесi ағаштан жасалған. Киiз үйдiң сүйегiне әдетте ою салынбаған, ал есiк пен жиналмалы босағаларға ою ойылып, олар түрлi бояулармен әшекейленiп отырған. Кейде, әсiресе, салтанатты ордалардың ағаштары сүйекпен, алтын, күмiс, мыс-жезбен оюлап безендiрiлген. Көшпендi өмiр салтына қарамастан қазақтардың ағаштан жасалған үй жиһазы болған, мысалы төсек, сандық, адалбақан, кебеже т.с.с. Ағаш сандықтың да, мысалы, азық-түлiк, киiм-кешек, төсек-орын салатын түр-түрi болған. Сондай-ақ, теңдер мен көрпе-жастық, кiлемдер мен текемет-сырмақтарды жинайтын жүкаяқтар болған. Ас бұйымдарынан ағаш табақ, астау, шара, тостаған, қымыз құятын тегене мен әшекейлi ожау, шынықап, келi-келсап, пiспек, қасыққа дейiн бәрi ағаштан ойылған [80,81]. Оларға және ою-өрнек салынып, сырланып, немесе сүйек, металдармен өрнектелiп безендiрiлетiн болған. Ағашқа ойылған оюлардың композициясы мен үлгiсi де қазақтың халықтық қолданбалы қолөнерiндегi тәрiздi қарапайымдылығы және көрнектiлiгiмен ерекшеленедi. Жалпы түс пен өрнектердiң теңдiгi, жекелеген бөлшектердiң жиi-жиi қайталанып отыруы да қазақы үлгi. Солардың арасында ең көбiрек кездесетiнi – қошқар мүйiз, екi басы тұйықталып келетiн иiр қайырма, S образды белгiлер мен шеңберлер, төртбұрыштар, ромбтар, жапырақ формалы иiрме орамдар, т.с.с. Ою салынған бұйымдардың әшекейлік шешiмi олардың үлкен-кiшiлi көлемiне қарамастан, оюдың жекелеген бөлiктерi мен элементтерiнiң бәрi жалпы сәннiң жарасым тұтастығына бағынған. Қазақ оюшылары оюдың түрлi тәсiлдерiн меңгерген, тесiп ою, бедерлеп ою, жанап қырлап ою, жалпақ ою, т.с.с. Кейде олар оюдың негiзгi жүйелерiн қосымша өңдеп отырған. Орта Азия халықтарынан, әсiресе, қырғыздардан ерекшелiгi, қазақтар ою үстiне металл жапсырып, не сүйек салып безендiрген.

Металл жапсырмаларын көбiне сандықтар, кебеже мен қобдишаларға, қымыз құятын тегенелер мен тостаған, әшекейлi ожауларға, киiм iлетiн адалбақан, не ат әбзелдерiн iлетiн iлгешектерге қолданған. Ал ою үстiн сүйекпен өрнектеу төсек пен есiк, жүкаяқтарға, кейде ағаш ердiң алдыңғы жағына орналастырған. Сүйекшiлер қажеттi оюды алдымен сүйектен кесiп, содан соң оны құрастырып, безендiрiлетiн бұйымның үстiне түймебас күмiс шегемен жапсыратын болған. Ағаштың ою салынатын бетi алдын-ала арнайы өңдеуден өтедi, оған салынған оюдың өзi кiрiгiп жапсырылатын металл кесiндiсiнiң қалыңдығына қарай ұңғыланады. Соның нәтижесiнде ою үстiне жапсырылған металл мен ағаштың бетi бедерсiз, бiркелкi жазық болып келедi.

Қазақ шеберлерi көбiне қаптамалы өрнектеудi қолданған, мұнда бұйымның бетiне оюланған сүйек тұтастай жапсырылып, қапталады. Ондағы сүйектен ойылған әрбiр өрнек жеке-жеке орналасқанда текемет-сырмаққа салынған оюдың композициясындай жалпы жарасым тауып, бiр-бiрiмен әдемi үйлеседi. Аса қымбат бағалы дүниелердi жасағанда сүйекке алтын-күмiс жапсырмаларын қосып безендiретiн болған. Сүйекшi шеберлердiң еңбегi өте жоғары бағаланған. Сондықтан сүйектен ойылған әдемi жиһаздар көбiне дәулеттi адамдардың төрiне көрiк берген. Қазақ шеберлерi қайыңның қатты безiнен қымыз iшетiн тостаған, саптаяқтар ойған. Қымыз құятын ожаулардың өзi де әр алуан қалыпта жасалған. Салтанатқа ұсталатын ыдыс-аяқтарға күмiстелген өрнектермен қоса iрi асыл тастар салынып зерленетiн болған. Қымыз құятын үлкен шаралар мен ет тартатын табақтар әдетте әшекейленбеген. Оның тек сирек қолданылатын кейбiр түрлерi ғана томпақ бедерлi, немесе түймебасты күмiс шегелермен әшекейленген. Күмiстiң өзi кейде қарайтылып, безендiрiлген. Ою салынған дүниелермен қатар станокта жонылған ыдыс-аяқтар кеңiнен қолданылған. Оларға әдетте әшекей, ою салынбайтын болған.

Ағаштан түйiн түйiп, ою ойған қазақ шеберлерi қолөнер туындыларының ең басты құндылығы олардың алуан түрлi ою өрнек үлгiлерiн кеңiнен қолдану арқылы сол көркем шығармаларында көшпендiлер өмiр-тiрлiгiнiң мәнi, дүниенiң жұмбақ сырлы жаратылысы жөнiнде ой түйген халық түйсiгiн поэтикалық тұрғыда тұлғаландырып отырғандығында. Бұл көркем туындылар жанды дүниенiң суретiн бейнемелеу жөнiндегi исламның қатаң қағидасы шеберлердiң шығармашылық еркiндiгiне шек қойып, оларды бейнелеу өнерiндегi шарттылық пен схематизмге мәжбүр еткендiгiнiң сөзсiз айғағы. Алайда халықтық хас шеберлер тапсырыс берушiлердiң қалауына орай, әрi қолдағы материалдарға икемделiп, белгiлi бiр қалыппен шектелген ою-өрнек өнерінiң өзiнде де дүние, тiршiлiк туралы өз тұжырымдарын төтенше қолтаңбаларымен қалдырды. Тiптi өздерiне ғана тән, өзгелер қайталай алмайтын орнаментация жүйесiн жасады. Табиғаттың бай қазынасы: темір, ағаш, бас, балшық, тері, жүн, аң мүйіздерін ата бабаларымыз кеңінен игерді. Өз істеріне жаратты. Тек, пайдаланып қоймай, жасаған бұйымдарына әр түрлі көркем әшекейлер мен оюлар, адамдар мен жануарлардың бейнелерін әсем безендіріп, өрнектей білді. Сол замандардан бастап, қазақ халқының тамаша көркем қолөнер дәстүрі қалыптасты. Өкініштісі, қазақ халқының бай қолөнерінің көбі бізге жетпеді. Олар біртіндеп ұмытыла бастады. Мақтаулы, құнды бұйымдар жасаған қолөнер шеберлерінің тәжирбиелері өздерімен бірге жоғалып отырды. Қазір қарапайым тігіншілердің өзі саусақпен санарлық. Үлгісі кейінге жете бермейді. Қазақ халқының көне дәуірден өшпес болып, ұрпақтан ұрпаққа, әкеден, балаға сабақтасып, өзіндік тарихымен, әдет, ғұрпымен, сәндік, көркемдік жолымен, кқшпенді елімізді бүкіл әлемге өзінің ерекшелігімен таныта білген – қолөнері.

Қөлөнердің халықтың әлеуметтік, салт, тұрмысында алатын орыны қаншалықты биік, жоғары екеніне сене алсақ, оның ішіндегі тігіншілікті нақышына келтіріп, әсемдік пен әдемілік дүниесінің ауқымын кеңейткен ою, өрнек. Олай болса, бұл бөлімде айтқалы отырғанымыз: өткен өмірімізбен бірге өшпей мұра болып, материалдық мүліктерімізбен қатарласып, сабақтасыпы келе жатқан тігіншілік турасында болмақ. Тігіншілік өнердің таралуы – қолөнер, тұрмыстық заттардың шығуымен, өркендеуімен тығыз байланысты. Бұл олардың ішінен орын ала білді. Олардың даму сатысына халықтың әлеуметтік сана сезімінің, болмыс тіршілігінің, жанданып, мәдениетінің өсіп, тұрмыс жағдайларының жақсаруына да әсері болды. Сонымен қатар, тігіншілік өнердің өркендеуіне ата бабаларымыздың сезімдік, талғампаздық дүниесі, қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы, туған жердің қасиетті топырағы мен толағай тауларының құлпырған бояуы мен түрі, шикізат байлықтары да көп ықпал етті. Әр халыққа, әр ұлтқа тән тігу мәнері мен үлгілер дәстүр алды.

Пішу, үлгі алу және басқа материалдарға көшіріп әсемдеу жолдары дамыды. Киімге, кілемге, сырмақ пен текеметке деген тігіншілік қөзқарас пен тігу түрлері қалыптасты. Сенім, сезім мен тұжырым бойынша, адам баласы аңды өлтіріп, етін жеп, терісінен киім тігіп, жүнін де пайдалана білді. Басында жүннен төсеніш, көрпелері болса, келе, келе жүннен арқан мен жіп жасауды, одан өзіне қажетті киімдерді жасауды үйренді. Осынау табиғи жүндерді қолданысқа енгізу халықтың жүннен түрлі қолөнер бұйымдарын жасауын туындатты. Соның бірі киіз еді. Киіз арқылы текемет, қазақ үйінің киіз бөліктері, туырлық, ізік, түңлік, баулар, басқұрды есуді үйренді. Міне, осындан кейін ғана өнер заттарына кірісті. Сырмақ, кілем, түскиіздер қымбатты, бағасы жоқ өнер туындылары болып есептелінеді. Олар ғасырлар бойы тәжірбиелерден туған, ұрпақтан, ұрпаққа жалғасқан көшпенділердің дала кеңістігіндегі көрмесінен өткен шығармалар еді. Қазақ тігіншілік өнері – бай, классикалық негіздегі іргелі өнер. Қазақстанда дін иелері бірнеше ғасырлар бойы бейнелеу өнеріне тиым салып келгені мәлім. Бұл тігіншілікке де әсер етті. Тек, оюлар мен өрнектер арқылы кестелеп тігуге тиым салынған жоқ. Он сегізінші, он тоғызыншы, жиырмасыншы ғасырдың басында халықтың таланаттылығы да, өнердің осы бір қиялға бай шеберлігі мол саласынан көрінеді. Өзінің талай тайпалардан құралған, ата, бабаларының ғасырлар бойығы дәстүрлерін бойына жиған қазақ халқы өз заңдығына, өз талғамына сай күнбе күнгі тұрмыста қажетті бұйымдарды өндіруді өрістеткен. Бұл бұйымдар алғашқы кездерде рудың, елдің, үй ішінің керегіне жараса, кейінірек, сауда алмасу қажеттілігі үшін өндіріліп отырды. Көпшелі және жартылай көшпелі тұрмыс жағдайында негізінде мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты өнерлердің мағызы зор болды. Мысалы, әйелдер қой жүнінен жіп иірген. Ол жіптен өрмек тоқып, шекпен, шалбар сыяқты сырт киімдер, қапшық, қоржын, киіз үйдің түрлі бауларын дайындаған. Қой жүнінен үйге жабатын түрлі түсті киіздер басылу дәстүрге енген. Киізді оюлап, түрлі текеметтер басты. Шидем, бас киім, аяқ киім секілді кейбір киімдер, тоқым секілді заттар дайындалды. Теріден саба, торсық секілді ыдыстар, аяқ киім, белбеу істелді.

Сүйектен де әр түрлі нәрселер жасалды. Сүйек сәндікке, түрлі бұйымдарды нақыштауға пайдаланды. Қазақтың халық шеберлері жасаған, үлкен талғаммен өрнектеліп істелген бұйымдарды зерттеудің, олардың нұсқаларын жариялап, отырудың ғылыми маңызы зор. Өйткені, бұл қазақ халқының этногенезисінің аса маңызды тың мәселелерін шешуге, оның ұлттық дәстүрлері мен өзгешеліктерін, тайпалар арасындағы айырмашылықтар мен өзара ықпалдарын анықтауға, сол секілді басқа халықтармен байланысын байқауға көмектеседі. Бүгінгі таңда біздің қолымызда жәдігер ретінде сақталған киізден жасалған әр түрлі бұйымдар бар. Соның ішінде сырмақ, текемет, тұскиіздің алуан түрлері, айшықтап кесте тіккен қоржын, әбдіре, сандық тыстары бар. Үй тұрмысында қолданылатын айна қап, аяқ қап, кереге қап секілді заттар кездеседі. Оюлар киіз басу тек қазақтың ғана еншісіне тиетін өнер емес. Мал шаруашылығымен айналысатын басқа да көшпелі елдерге тән, ортақ нәрсе. Киіз басумен еліміздің барлық бөлігінің тұрғындары айналысқан. Бір қызық жері пайдаланатын зат біреу, ол, жүн. Ал, осыдан жасалған киіздердің әр жүзге, әр руға тән өзіндік ерекшеліктерін анық байқауға болады. Өзгешеліктері киіздің жасалуында емес, безендірілуінде. Бірін бірі қайталамас өрнектерінде. Қайсібірінің аты жөні де белгісіз, бірақ іші мәшһүр талантты халық шеберлерінің затына таңдай қақпай қарай алмайсыз. Шебердің қолданар орынына қарай сырмақ па, текемет пе, түскиіз бе... сәндік әшекейді таңдап, оны бүгінгі ұрпақтың зор бағасына лайық, көркемдіктің ең бір жоғарғы сатысына дейін көтеріп, безендіре білгені бізді ғажап таң қалдырудан талмай келеді. Көріп көңіл толтырар мұралар бір күннің, бір жылдың емес, ғасырлар бойға халық мәдениетінің өнердің көрнісі. Мұнда әр түрлі ұрпақтың үлесі бар.

Көлемі жағынан киіз үйге тұтастай дерлік төсеуге жететін төсеніш киіздің бір түрі – текемет. Текемет – көлеміне қарай ірілі, уақты сәнді әшекей өрнектері болады. Әлбетте, өрнекті киіздің негізгі түрін ашатын басқа бір айшықты суретпен салады. Өрнекті басқа түсті жіптен созып салады. Өрнектің көріктілігі халық шеберлігінің ой, қиялына, суреткерліген байланысты әр жерде әр түрлі. Оюларды түсіріп балған соң киіз басуды әрі қарай жалғайды. Пісіре келген өрнектік жүндер киізбен бірігіп, белгілі бір нақтылығын, түзулігін жойып, әсем бір суретке айналады. Жоғарыда айтылғандай өрнектер, безендірудің бұл түрлері тәжік, қырғыз, әсіресе өзбек көркемөнерінде қазір де бар. Қатарлап тартылған әр түрлі жолақтар текеметке айшықты өң беретін болған. Сырмақ – әр түрлі киізден ойылып жасалатын киіздің бір түрі [82,83,84].

Сырмақ басу негізінде Орта жүзда арғын, керей, батыста қыпшақ руларында көп тараған. Сырмақ жасаудың атадан балаға таралып, дәстүр болып келе жатқан өзіндік салты бар. Әр ұрпақ өкілдері өздерінің жаңалықтары мен соны элементтерімен сырмақ сыру өнерін толықтырып, байытып отырған. Текеметті емес, сырмақ даярлауда алдын ала өлшеніп, нақты белгіленген үлгілері болады. Оюлар қатаң тәртіпппен орналастырады. Сырмақтың ақ киізі бір бөлеп, қара киізі бір бөлек басылып, екеуін беттестіріп, үстіне ою үлгілерін салып, бормен сызып үлгілейді. Бор орнына бұрындары тұз бен көмір, сабын қосып қайнатып, бор тектес зат дайындайтын болған. Ақ және қара түсті екі киізді бірден ойып, үлгілеп алатын болған. Сосын ойылған оюдың ағын қарасына апарып, қиюластырып тігеді. Құрастырылған оюды сол қалыппен тұтас үлкен киізге жапсырады. Оюлардың құрастырылар жерінің, тігістің үстін бастыра жиек басады. Жиектің жіптің иірілу де, қабатталуы да басқаша және оның түсі, бояуы да айшықтап тұратын ашық түсті болады. Текеметтей емес, сырмақ мықты келеді. Кейбір сырмақтарды жарты ғасырдан артық төсеуге жарайды. Жоғарыда айтылғандай оюларды құрастырып, үстінен басып тігу біткен соң оюларды тұтастай сырады. Ақ киіздің үстінен ақ жіппен, қара киіздің үстінен қара жіппен ұсақ етіп, түгелдей тігіп шығады. Сырмақ сонда шымыр да, қатты болады. Оның төзімділігі де осында болса керек. Қазақтар сырмақты қойдың табиғи, ақ не қара, қоңыр, боз, көңілді жүндерінен қарама қарсы деген екі түрін алып, оюлап жасайтын болған. Бертін келе бұл дәстүр бұзылып, Жетісу бойында сырмақтың киізі ашық түсті бояуға боялып оюланатын болды. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары шамасында сырмақты түсті киізден оюлау Шығыс Қазақстан өлкесінде белең алды. Қазақ сырмақтары бояулары бір бірімен үйлесімді, оюларының жатықтығымен ерекше көз тартады. Ақ пен қара оюдың қосылар тұсына қызыл жиек жүргізу де оюыда нәзіктендіре түседі. Жоғарыда жазылғандай, түрлі түске боялған киізден сырмақ сыру дәстүрі мен оюлар ұқсастығы қырғыз халқында бар. Ол қырғыз бен қыпшақтың аралас қонып отыруынан болар. Түрлі түсті киізден белгілі бір жүйеге келтіріп, құрап, оюлап түскиіз тігу дәстүрі де қазақта кеңінен қолданылған. Бертін келе киіз орынына мауыт, шұға, мақпал, барқыт пайдаланылды. Киізден құрап үй тұрмысына қажетті аяққа, ыдыс аяқ салатын қоржын, сандық қап, жастық қап, айна қап секілді бұйымдарды да қолдан әшекейлеп тігетін болды. Әр түрлі жіптен кестелеп тігетін өрнек басу дәл қазіргі кезеңде де халық көркемөнер шығармашылығының негізгі бір дамыған саласы болып есептелді. Қазақ қонақжай халық болғандықтан арнаулы бірбөлек қонақ үй болады. Оның жасау, жабдығы да күнделікті қолданылып жүргендей емес, өте сәндікпен безендірілген бұйымдар тұтылады. Тұсқа айшықты тұскиіз ілініп, төрге оюлы текемет төселеді. Оюлы текемет көздің жауын алардай айшықты өрнекпен өрнектеліп, әр түрлі шашақпен өте әсем безендірумен ерекшеленетін киіз бұйымдарының ішіндегі ең бір бағалы жасау. Оюлы текемет те өте сыйлы қонақтардың құрметіне ғана ұсталатын болған. Көбіне оюлы текеметті қызға жасау ретінде дайындайды. Мерекеге, тойға біртөселер төсеніш киіздер шаңқан ақ киізден басылып, өрнектері ашық түске, қызыл, көк түске малынған киізден тігілетін болды. Кейіннен өрнекті жібек немесе шұға тәрізді кездемелерден айшықты етіп басқан. Мұндай текеметтер өрнектерінің ерекше нәзіктілігімен, көз тартарлықтай әсемдігімен ерекше назар аударарлық болған. Он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысынан бергі жасалған бұйымдарда жаңа бір сипат көріне бастайды. Біз бұл жерден қазақ тігіншілік өнерінің де белең алғанын байқай аламыз. Ол Қазақстанның Ресей еліне қосылуына байланысты қазақ тіршілігіне фабрика кездемелерінің ене бастағаны. Күнделікті тұрмысқа қажетті заттар үшін кіиіз басып, одан жасау, жабдық дайындаудан гөрі дайын кездеменің жеңіл екенін жұрт айтырлықтай түсінді. Осы тұстағы жәдігерлер туралы айтсақ, музейлерде мақпал мен шұғадан жасалынған түскиізден көптеп ұшырасады. Сондай ақ жоғарыда аталған маталар мен киізді айшықтап безендіру де кеңінен тараған. Әлбетте, қазақта ыдыс, аяқ, табақ сақтайтын қазіргідей ағаш бұйым болмағанмен, діл сол кездің тұрмысына лайық аяқ қаптары өзіндік қызметімен қазіргіден еш кем түспейтінін көре аламыз. Сонымен бірге, әбдіре, сандық тыстары да бұйымды қорғау, сақтау ниетімен тігілгенімен, оның киіз үйдің ішін жабдықтап, безендіруде қосылар жасау екенін есте ұстаған жөн. Өйткені, олардың көркем ою, өрнегі киіз үйдің ішкі бояуларымен үндестік тауып, тұтасып жатады. Отбасының қарапайым мүлкінің көркем өрнектелуіне қарап, тап сол жихаздың иесін, оның жинақы бейнесін кестенің сыршыл түйінен аңғаруға болады. Аяқ қап атқарар міндеті бірдей болғанмен, формасы, сыртқы пішіні, көркемдік көрнісі еліміздің әр өлкесінде ір түрлі болды. Кейбіреулері төрт текше, қайсібірі доғал болып келеді. Ал, оған әр түрлі қиықтан құралып жапсырылған ою аяққаптың өн бойына, көлеміне өте шақ, жеңіл сипат алады. Сырмақ, текеметке қолданылатын күрделі оюдың мұнда кейбір ғана элементтері пайдаланады. Әрине, жүннен күнделікті тұрмыс қажетіне жарамды бұйым дайындауды тек қазақ табиғатына ғана тән нәрсе деуден аулақпыз. Соның ішінде қырғыздарға да ортақ екенін олардың тігіншілік өнерінен айқын көре аламыз. Ал, осылардың, Алтайдағы Скифтер ұрпағының обақорғандарынан табылған киіз бұйымдарымен белгілі бір дәрежеде ұқсастық, генетикалық, туыстық мән табуы бізді еш таңқалдырмайды. Алтайлық скиф тайпалары да киізді безендіріп, түрлі заттар жасауда қазақтар қолданған әдіс, тәслді қолданған. Әр түрлі киізді оюластыру, бірнеше кездеме қиықтарынан тұрған.

Құрап өрнектеу, ою шетін әр түрлі жіппен жиектеу оларда да кездеседі. Ал, қолданар әдіс ортақ болғанымен, дайындалар зат, пайдаланар орын әр басқа. Ауқатты үйлерде тұрмыс жағдайы көтеретіндер тұскиізді қымбат матадан, оның ішінде жұқа үлбіреген жібектен, бағалы шұғадан, қамқадан жасайтын болған. Осындай бағалы матадан тігілетін тұскиізді әр түрлі жібек жіптермен әдіптеп кестелейді де, қалың киізге жапсырып тігеді. Киіз мұнда астар ретінде пайдаланады. Ол көбіне керегеден жел, суық өткізбейтін қасиетін ескергендігінен болар. Бертінірек, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысынан бері қазақ жеріне де түрлі кездемелер тарай бастағанда астарға киіз ретінде қалың мақта маталар қолданылды. Бірақ, тұскиіз сол «тұскиіз» деген атауын сақтап қалды. Тұскиіз жасайтын қазақ ісмерлерінің кесте тігу мәнері де жалпы Орта Азия шеберлері қолданар тамбур тігісі болғанымен, өзіндік ерекшелікке бай, соңғы уақытта баспа, оқалап зер салып тігу кең қолданылады. Әлбетте, оқамен зерлеп, тек киім кешекті ғана сәндеген. Кейде бұл әдісті қымбат деген түскиізге пайдаланған. Осы тұста тамбур тәсілдері кесте туралы бірер сөз тарта кетсек: Ол жалпыхалықтық тілде «біз кесте» деп аталады.

Гүлшоғының үлгісін сырттай, жағалай шалып тігіп бейнелеген соң оның ішіне жаппай бізбен қатарлап, тігіс түсіріп, жапырақ бейнесін тігіспен бояп шығады. Сәнді көріну үшін кейде жапырақ ішін әр түрлі жіппен шалады. Ал, қара мақпал үстіне алтын түсті өрнекті зерлеп басқан. Ал, өрнектің орналасу тәсілі бір бірімен тұтас оюлар емес, жекелеген әдемі гүл шоқтарынан тұратын еді. Қара мақпалға тігілген алтын зерлі кесте айшықты өң береді. Тұскиіз шеті қымбат аң терісінен жұрындайтын да сәнді тұстары болды. Мұндай бағалы тұскиіздер қызға жасау ретінде немесе жаңа түскен келінге енші беру кезінде арнайы тапсырыспен жасалды. Отау үйдің көркі болатын мұндай жасаудың атқарар тағы бір міндетті бар. Ол жас келінді тіл мен көзден, жат пиғылдан қорғайды деген халық сенімінен туындаған. Осындай қорғаушы міндетті атқарар халық ұғымындағы тағы да бір қасиетті зат үкі. Қазақтар үкіні ырымдап, қыз бұрымына, сәукелеге, жаңа туған сәбидің бесігі мен жас келіннің шымылдық, тұскиізіне қадаған. Үкі он тоңызыншы ғасыдың соңында жасалған тұскиізден де кездеседі. Басқұр, алаша, тақыр кілем, түкті кілем секілді қолөнер бұйымдарының баршасының негізі бар. Бәрі де өрмек тоқуға негізделген. Ал, оның көркемдік жағынан байыту, мәнерлеп өрнектеу әр тұста айшықты бояу қолдану әр заттың сипатына, тоқушының өр қиялына, іскерлігіне байланысты әр жерде әр түрлі. Басқұр мен киіз бау үйдің керегесі мен уығының біріккен жерін жасыру мақсатымен жасалады. Ол екіншіден, сәндік жихаз есебімен де саналады. Сондықтан, оны термелеп, өрнек салып, әсемдеп тоқиды. Басқұрға өрнек тоқу кезінде салынып отырады. Ол үшін өрнектің тақтасының екі бетіне әр түрлі айшықты өң беретін сәнді жіптер жүргізіледі.

Тоқу кезінде осы жіптерді жұптап іліп алып, белгілі бір өрнек салып отырады. Бірнеше құлаш басқұрды теңдеп етіп бөліп, қатарынан құраса, әдемі терме алаша болып шығады. Көбіне, өрнектің көз тартар жағын қарастырып, тақтаның бір бетіне қызыл, бір бетіне көк жіп жүгіртеді. Сонда қызыл түсті көк, көк түс үстіне қызыл өрнек орын алады. Мұндай қарапайым әдісті пайдаланғанда өрнек те бір сарынды, екі түстің қайталануынан ғана жасалынып отырады. Мұндай тоқыма, алаша бұйымдар күнделікті тұрмыста көп қолданылып жүр. Бізді қатты қызықтырары: тұскиіздің жаппай кестеленіп, айшықты өрнектелуі. Әлбетте, қазақ әйелдерінің киім кешек, кимешек, жастық тысын, шымылдық сүлгі сыяқты шағын мүлікті баспалап, кестелеп тіккенін білеміз. Ал, түскиізді жаппай кестемен безендіру өнердің өнерін қажет етер нәрсе. Өрнектердің мүлтіксіз дәлме дәл орналасуы, қайталануы, тігілуі ғажап ақ. Қазақ түскиіздері мен қырғыздарда да кездесетін түскиіздер түрі кездемесі, өрнегі оюларының орналасуы, біз кестесі бір біріне өте жақын. Осылай бола тұра қазақ кестелерінің өзіне тән ерекшеліктері тағы бар. Ол – мың бұралған шиырлы, өсімдік тектес өрнегі, салтанатты мәнері, ашық түсті кесте жіптері, оқалы зерлі жиегі. Қырғыз халқының түскиіздерінде қолданылатын безендірудің бір түрі матадан тұскиіздің ұзын бойын бойлай салынатын үшбқрыштар қазақ шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарда кездеспейді. Мұндай түскиізді тек Жетісу жерінен бірді, екілі ғана көруге болады. Ол да қырғыздармен іргелес отырған оңтүстік аудандарда ішінара ғана ұшырасады. Қазақ халқы теріден, үй тұрмыс тіршілігіне, шаруашылық қажетіне жарайтын әр түрлі, ер кісінің сыртқы киімдері, ер тұрман, қамыт сайман, айыл әбзелдерін, азық түлік қаптарын, сұйық сақтайтын ыдыстарын жасаған. Әсіресе, көнек торсықтар өзіне лайық үлгілермен безендірілген.

Халық шеберлері табиғаттың мол байлығын өздерінің күнделікті тұрмысына жаратуға бойұсына бастағанын ертеден ақ білеміз. Соған кереге тұтылар киізді шимен ауыстарғаны қарапайым ғана мысал бола алады. Даланың шиін өріп, тоқып кәдеге жарату қиын да, күрделі жұмыс болғанымен, оны көркемдеп, мәнерлеп, әдемі кілем іспетті дүние ету оңай іс емес. Шиге салынар өрнек киіз бұйымдарына салынар мәндердей күрделі болмағанымен, бояуының ашық, өрнек оюларының анық, айшықтылығы көрушіге жақсы әсер берері сөзсіз. Шиді кереге мен киіз аралығына құрады. Жаздың ыстық күндері киіз үйдің керегесін түріп тастап, тек шимен ғана жауып қояды. Шиден ауа жаұсы өтетіндіктен, үйдегілерге даладан салқын леп соғуына мүмкіндік береді. Сондай ақ шиді қазақ, ошақ жаққа да пайдаланған.

Қазақ халқының атадан балаға таралып келе жатқан өнері зергерлік. Металдан түрлі әшекей бұйымдарын дайындауда қазақ шеберлері көп ғажап үлгілер қалдырып кетті. Халық таланттары – зергерлер металды әшекей бұйымдарына айналдыруда өте биік талғаммен қарап, қолданылар орнына қарай өзіндік нақыштарды таба білді. Әйелдердің түрлі жүзік, білезік, алқа, сырға, шолпы секілді сәндік әшекейлерімен қатар белбеу, аттың айыл, әбзелдері, төсек, әбдіре сынды үй мүліктері бәрі, бәрі алтын, күміс сүйекпен нақышталып, өрнектеліп, безендірілді. Соның ішінде әсіресе, күміс көп қолданылған. Талғамы биік, халық таланттылары күмістің қасиетін ескере отырып, орынын тауып қолдана білді. Қазақ зергерлерінің қолынан шыққан заттар қарапайым да сәнді оюлары мен нақыштарының анық, байсалды да, байыпты өрнектелуімен ерекшеленеді. Оларға, әсіресе, қызыл, арзанқол әшекей мен әлем, жәлем бояу жат. Күмісті көркемдік құралына айналдыруда зергерлер пайдаланар жеріне қарай нақыштау, бедерлеу, қалып арқылы дайындау, ойып күміс орнату, күміске ақық тас орнату, қарайту секілді түрлі әдіс тәсілдер қолданылған [85,86]. Бүгінгі әшекей бұымдарында кездеспейтін зергерлік көркем заттың бірі – құдағи жүзік. Бізге жеткен жәдігерлер арасында Адай руының зергерлері соққан неше түрлі бағалы жүзіктер бар. Ал, осындай құдағи жүзік Қазақстанның барлық жерінде бола бермеген. Құдағи жүзіктің атқарар міндеті, ерекше белгісі болған. Ол өте үлкен сый құрметтіғі, әлтипаттың айғағындай. Бұндай жүзіктің соғылуы да ерекше. Жүзік екі саусаққа қатар киілер, екі шеңберден тұрады. Оның көмкерілу де, ақық тастары да бағалы болған. Мұндай жүзіктер қазір сирек кездеседі. Ертеректе қолданғанда оның өзінің мәнісі болды. Мұндай жүзікті қалыңдықтың шешесі күйеу жігіттің шешесіне сыйлар еді. Екі жүзікті біріктірілуі жаңадан отау тіккен екі жастың ендігі жерде осы жүзіктей қатар баянды өмір сүруін тілейтіндей. Сондықтан да, бұл жүзік – құдағи жүзік деп аталады.

Әйелдер тағар әшекейдің бірі – сырға. Халық таланттылары қалдырған алуан үлгілері бар. Олар да таза алтын. Күмістен соғылып, әр түрлі нақышталып, гаухар, ақық тас орнатылып безендірілген. Оның қайсыбіреулері иыққа дейін түсіп тұрады. Ал, мұндай ауыр сырғаларды құлақтың артына, бұрымға тағып қоятын болған. Қазақ халқының ерте ғасырдан келе жатқан өзіндік көркем өнерінің тағы бір түрі сүйектен ойып, бедерлеп, өрнек түсіру. Қазақ даласынан табылған көне байлықтар, әшекейлі сәндік бұйымдар, аттың айыл, тұрман әбзелдері, тіпті тас дәуірінің соңғы кезеңінің мүліктері екенін білдіреді. Одан халқымыздың ою, өрнек өнерінің тамырының тереңінен алынатын, сүйектен өрнектеп, әшекейлеп бұйым жасаудың өте ертеден ақ келе жатқанын дәлелдейді. Сүйектен ойып өрнек салушыларды қазақтар «шебер» деп атаған. Шеберлердің есімі көпке әйгілі болып, қалаған заттарын жасатуға, жұрт күншілік жерлерден келіп жататын көрінеді. Сүйек пен ағаш бұйымдарының бетін, аттың қамыт, сайман, ер тұрманын, музыкалық аспаптарды безендіреді. Халық арасында сүйектен бұйым жасайтын шеберлердің жұмысы аса зор қолданысқа ие болған. Сүйекпен өрнектелген ағаш бұйымдары өте ауқатты үйлерден ғана кездесті. Ал, оның есесіне, ағаштан ойып, шебер көркемделіп істелетін нақыштар күнделікті үй, тұрмысы бұйымдарында, қазақ жерінің барлық бөлігінде дерлік ұшырасады.

Ағаштан ою жасау, яғни, ағаштан түйме түю де халқымыздың ертеден келе жатқан дәстүрі өнерінің бірі. Тіпті, киіз үйдің ағаш бұйымдарының бәрі жерлік үйдің сәндік жихаздарына сай көркемделген десек артық айтқандық емес. Ағашқа оюлар оюдың көркемдік мәнері үйге көрік берерліктей нәзік нақышталған. Басқа да бұйымдардағы ою, өрнектің түр түсі жағынан ұқсас, тіпті, толықтырып тұрушы әсем де, сәнді келеді. Ағаштан ою оятын шеберлерді халық «ағаш ұстасы» деп атайды. Халық арасынан шыққан сүйектен бұйым жасайтын шеберлер де, ағаш ұсталары да ер адамдар болған. Ағаштан ойылар оюдың да әдіс, тәсілдеріне байланысты түрлері болған. Халық шеберлері ағаштан ойып әр түрлі ыдыстар да дайындайтын. Астау, тостаған, ожаулардың алуан түрлерін жасаған. Соның бірі қайыңнан ойылып істелген қымыз ішетін тостақ.

Қорыта келе, қазақ халқының ою өрнек өнері ерекше бай, оның ашық та, анық бояулары, салтанатты, сәнді оюлары ерекше көз тартады. Айшықты сырмақ, текеметтері, мәнерлі өрнекті ағаш төсек, сандықтары, әр түрлі тақтадан тұратын алашалары, түскиіздерінің бояулары мен өрнектері үйлесіп, үндестік туып, бояулар симфониясын құрайды. Талай ғасырлар бойы даламен сырласып, көшіп, қонып жүрген халық табиғаттан сұлулық тани біліп, бояуларды табиғатпен астастыра қолданды. Ақ отаудың киізіне басылған қызыл ою халқымыздың ақжарқын бейнесіндей, сәнді де, көңілді рай танытады. Аты беймәлім көптеген халық шеберлерінің қолтаңбалары ғасырдан ғасырға мұра болып таралып келеді. Оны әрбір ұрпақ өкілдері көркемдік жағынан қолданылар орынына, формасына қарай сәндік бояудың, әшекей мен ою, өрнектің соны үлгілерімен байытып отыр.




































ҚОРЫТЫНДЫ


Жастарға кәсіптік білім беру, кәсіби бағдар беру мәселелерін оқу орындары барлық деңгейде шешіп келеді. Басты мақсат - еліміздің әрбір ұлы да, қызы да белгілі бір сала бойынша мамандық иесі, оның ішінде білікті маманы болып, нақты кәсіпті меңгеруі болып отыр. Бүгінгі күнгі білім беру саласы қызметкерлерінің алдындағы мәселе -мектеп оқушылары 12 жылдық мерзімде орта білім алады, ал келешек ұрпақтың білім алу мен тәрбие мәселесі жоғары білім деңгейінде күн тәртібіне қойылып отыр. Халыққа білім беру мекемелері әрбір оқушыны білімді, тәрбиелі, еңсесі биік өрелі, еңбектің қайсы түрі болсын аянбай еңбек ете білуге дайындауға күш жұмсауы тиіс. Бабаларымыздың ғасырлардан келе жатқан өнер салаларын зерттеп, іздену, әрі қарай дамыту дәстүрі қазақ халқына тән қасиет. Біздің іздену жұмыстарымызда ұлттық қол өнер туындылары арқылы жастарды әдемілікті сезе білуге, сұлулықты көре білуге, өнердің ашылмай жатқан қыр-сырын бағдарлап, олардың жан-жақты дамуына ықпал жасалуы тиіс. Біздің бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе – халқымыздың көнеден келе жатқан мұраларын, мәдениеті мен өнерін, салты мен дәстүрін, әдіті мен ғұрыпын жүйелі түрде меңгеруге, сонымен қатар жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге жастарды тарту болып отыр. Өнердің қайсы түрі болмасын өз ерекшелігіне сай жүйелі үйренуді, жан-жақты меңгеруді, тиянақты оқытуды талап етеді. Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқынын өзгеруімен қоса ұлттық технологияны игеріп оларды көптеп шығарып халық игілігіне жаратуды мақсат ету заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады. Себебі, қазақ халқының ұлттық технологиясын өзгелер үйреніп, қазір әлем нарығына шығаруда. Қорқыныштысы сол, жаһандану процесі қазақтың дәстүрлі технологиясын жалмап кету қаупі бар. Жасыратыны жоқ, қазақтың бүгінгі қалпы – аңыз-ертегілердегі үмітпенен жоқ қуып, тоғыз тарау түйіскен жолайрыққа тап болғандықтан, қай соқпақпенен кетерін білмей, дал болатын жалғыз атты жолаушының кебі. Самарқаулықтан ба, салақтықтан ба, әлдеәкімге бас иген жарамсақтықтан ба, мінсіздіктің тегінен көрінетін ата-баба мұрасы үлгілерінің біразынан көз жазып қалғанымыз өкінішіті-ақ. Оның кездейсоқ шешімінің жемтігі болып, «көлденең жүрген көк аттының» қанжығасында кеткені де аз емес. Ал қолөнерге қызығушылықты арттыру — мәдени мұрамызды сақтап, қайта түлету мүмкіндігі. Ендеше бұл саланы дамыту үшін қолөнер шеберлерін даярлауға назар аударып, оларды теория мен жаттығуды ұштастыруға машықтандыру қажет.

Халық қолөнерінің өнертанымы Көркем мәдениет мұраларын сараптау нәтижелері қазақ сәндік қолөнері өз бастауын түркі халықтарының мәдениетінен алғандығын көрсетті. Түркі халықтарының көркем мәдениетінің мұралары болып табылатын сәндік қолөнерін мынандай топтарға бөліп жіктеуге болады: олар ағаш өңдеу өнері; метал өңдеу өнері; зергерлік өнер; мүсін өнері; тері өңдеу өнері; қыш өңдеу өнері. Ағаш өңдеу өнерінің өнімдері ретінде киіз үй қаңқасы, ер, келі, келсап, түрлі ыдыс аяқтар т.б. бұйымдар мен заттар танылады; метал өңдеу өнерінің өнімдері ретінде қазан, ошақ, үзенгі, ауыздық, садақ, найза, қалқан т.б. заттар танылады; зергерлік өнерінің өнімдері ретінде шашбау, сақина, білезік, қапсырма, сырға, сәукеле мен ер тұрман ат әбзелдерінің әшекейлері т.б. бұйымдары танылады; мүсін өнерінің өнімдері ретінде құлыптастар, балбал тастар, диірмендер, қақпалар, және т.б. бұйымдары танылады; тері өңдеу өнерінің өнімдері ретінде белдік, кемер белдік, өмілдірік құйысқан, торсықтар, тондар теріден жасалған киімдер, т.б. заттар жатады; қыш өңдеу өнерінің өнімдері қатарына құмыралар, көзелер, шырағдандар, табақтар кеселер, су, сүт, қымыз т.б. құятын ыдыстар кіреді. Түркі халықтарының көркем мәдениетінің мұраларын сараптау нәтижелері бұл көркем мұралардың қазіргі қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері бұйымдарының формасымен, өлшемдерімен, технологиясымен, түр түсімен, жасау дәстүрімен, эргономикасымен ұқсастықтары көп екендігін көрсетеді. Бұл жағдай бізге қазіргі казақ қолөнерінің бастауы түрік халықтарының көркем мәдениеті екендігін дәлелдей түседі. Түркі халықтарының көркем мәдениетінің мұралары болып табылатын сәндік қолөнерін тану бағдарламасын мынандай бағыттарға бөлуге болатындығы айқындалды: бірінші, түркі халықтарының көркем мәдениеті мен қоғамдық даму барысы; екінші, түркі халықтарының көркем мәдениетіндегі қолөнердің дамуы; үшінші, түркі халықтарының қолөнерінің түрлері мен оның даму жолдары; төртінші, ежелгі түркі халықтарының қолөнері мен қазіргі қазақ қолөнері; бесінші, түркі халықтарының көркем бұйымдары; алтыншы, түркі халықтарының қолөнер бұйымдарын жасау технологиясы; жетінші, түркі халықтарының қолөнеріне жастарды тәрбиелеу. Өнер тарихы мен теориясы пәнінің негізгі міндеті бейнелеу өнерінің кеңістік пен уақыт аралығындағы көркемдік ырғағындағы форма мен образдың көріну сипатын ашу. Кеңістік – біз үшін геобиологиялық, әлеуметтік, рухани және мәдени орта. Уақыт – тарихи кезең.

Өнер - рухани-мәдени сананың, эстетикалық көзқарастың, философиялық танымның шығу көзі жәнe көрініс обьектісі. Сондықтан оның құндылықтарының бағалануы, оған айтылатын сыни көзқарасқа, әлеуметтік сұраныс талап-тілектерге, қоғамдық не жеке даралық позицияға байланысты айқындалады. Онымен қоғамның рухани-мәдени жетістіктері де байланысты. Ол суретшінің көркемдік іс-әрекетіне де тікелей әсерін тигізеді. Сонда көркемөнер ізденіс - тәжірибелері мен көркем образды түйсіну мүмкіндіктеріне рухани, мәдени, тарихи, табиғи, психологиялық және әлеуметтік алғышарттар рухани тұғыр қызметін атқарады. Сонымен бірге бейнелеу өнеріндегі образды сомдау және оны қабылдау барысында суреткердің немесе көрерменнің рухани-мәдени болмысы, көркем-эстетикалық, философиялық көзқарасы, мәдени деңгейі, табиғи дарыны жетекші орынға шығады. Өнер зерттеушілер Г.Мұхажанова, Қ.Ыбраевалардың еңбектерінде өнер шығармаларын талдау барысында оларды орындау техникасы мен технологиясына баса назар аударылады. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: қазақ бейнелеу өнерін зерттеушілер графика, кескіндеме, мүсін шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін талдау барысында негізінен төрт бағытты ұстағандығы анықталды. Олар, біріншіден, бейнелеу өнері шығармаларының идеялық мазмұнын талдау; екіншіден, бейнелеу өнері шығармаларының композициясын талдау; үшінші, бейнелеу өнері шығармаларының бояу түстерінің бірлігі мен оның шығарма мазмұнын ашудағы орнын талдау; төртіншіден, бейнелеу өнері шығармасының орындалу техникасы мен технологиясына талдау жасау болып табылады. Қолөнер түрлері, материалдары мен жасау технологиясына анықтамалар беріп, атаулары мен ұғымдарын түсіндіреді. Қолөнерді халықтың көркем мұрасы ретінде бағалап, оның даму кезеңдеріне сипаттама береді [87,88]. Оның дамуына әсер еткен факторлар ашып көрсетіледі. Олар көркем бұйымдардың көркемдік ерекшеліктерінің мәні заттың көркемдік сипатының тұтыну қажеттілігімен сәйкестенуін атап көрсетеді. Заттардың формалары мен түр түстері халықтың шаруашылығымен тұрмыс салтымен, салт дәстүрімен байланысты қалыптасатындығын айқындайды. Сондықтанда болашақ мұғалімдерді өнертанымдық білім беруге дайындау барысында дайындық мазмұнының бір бағыты заттардың формалары мен түр - түстері халықтың шаруашылығымен тұрмыс салтымен, салт - дәстүрімен байланыстылығы туралы түсініктер беру.

Ә.Тәжімұратов «Шебердің колы ортақ» атты кітабында колөнердің ағаштан, жүннен, металдан, қыштан және әр түрлі табиғи материалдардан жасалған, тоқу, шөку, балқыту арқылы дайындалған бұйымдардың жасалуындағы орындау технологиясына ерекше мен береді. Шебердің көркем бұйымды жасаудағы шеберлік деңгейін көркем бұйымның басты көркемдік ерекшелігі ретінде таниды. С.Қасимановтың «Қолөнер» деп аталатын еңбегінде колөнер бұйымдарының көркемдік ерекшелігін айқындауда көркемдік дәстүрге колөнер шеберлерінің көркем бұйымдар жасаудағы белгілі бір көркемдік дәстүрі болатындығына мән береді. Көркем бұйымның орындалу жасалу манеріне қарап, қандай шебер жасаған, кандай дәстүрлі мектептің туындысы екенін айқындауға болатындығын көрсетеді. Мұндай таным үлгісі бізге сәндік қолданбалы өнер бұйымдарының көркемдік ерекшелігін айқындаудың салмақты бір көрсеткіші ретінде тануымызға мүмкүндік береді.

М.Мұхановтың «Қазақстанның көркем кәсіпорындары» атты еңбегінде көркем бұйымдардың қанша данамен жасалғандығына мән беру қажеттігін көрсетеді. Сыйлық бұйымдардың, кілемдердің шығарылуы мен олардың сапасы арасындағы байланыс көрсеткіштері ескеріледі. Көркем бұйымдардың сапасы олардың қанша данамен жасалғандығына тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Сондықтан, қолөнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктерін талдау барысында сол бұйымды кім жасағандығы және оны қанша данамен жасағандығы маңызды. Қолөнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктері оны қандай шебер жасағандығына байланысты. А.Ералина қолөнер шеберлерін үш типке бөледі. Оларды: халыққа белгілі «халық шебері», кәсіби білімі бар «кәсіби қолданбалы өнер шебері» және қолөнермен айналысып жүрген әуесқой «қолөнер шебері» деп атаған. Әрине бұлардың шеберлік дәрежелері, жасаған бұйымдарының көркемдік сапалары бірдей бола бермейтіні белгілі, сондықтан да бұлар жасаған бұйымдардың көркемдік ерекшеліктерін талдау барысында бұйымды қандай дәрежедегі шебер жасағандығына көңіл аударылуы тиіс. Қолөнер шебері және ою-өрнек жасаушы шебер С.Төленбаев қазақ ою-өрнектерін үлкен төрт топқа бөледі. Олар: өсімдік тектес, аспан әлемі тектес, геометриялық формалар тектес және жануарлар әлеміне ұқсас ою өрнектерге жіктейді. Қандайда бір көркем бұйым болмасын оның беті ою өрнектермен безендіріледі. Сондықтанда қолөнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктерінің бір бағыты оның ою-өрнектермен безендірілуі болып табылады. Қолөнер зерттеушісі Ә.Тәжімұратов «Шебердің қолы ортақ» атты еңбегінде қолөнер шеберлерінің іс-әрекетіне талдау жасай отырып, олардың кейбіреуі ағаш өңдеу, кейбіреуі метал өңдеу, кейбіреуі қыш өңдеу болып қолөнердің белгілі бір саласын жетік меңгерсе, кейбіреуі осы салалардың бірқатарымен жұмысты қатар істеуге бейімделетіндігі туралы ой айтқан. Осыған сәйкес қолөнер бұйымдарының көркемдік ерекшеліктерін талдау барысында қолөнер саласына шебердің бейімделуі болып табылады. Сондықтан, қолөнер бұйымын талдау барысындағы маңызды бір көрсеткіш ретінде оны жасаған шебердің сол бұйым кіретін салаға бейімделуі мен сол саладағы еңбек тәжірибесі танылады. Қазақ колөнерін зерттеуші көрнекті ғалымдардың бірі Ө.Жәнібеков қазақ қолөнері өзіндік ерекшелігі бар дәстүрлі өнер екендігін атап көрсетеді. Сан ғасырлар бойы ұрақтан ұрпаққа жалғасып, бұйымдардың жасалуы, формасы, ою-өрнектері, түр-түстерінің белгілі бір дәуірден, келесі бір дәуірге дәстүр сабақтастығы жалғасып отырғандығын дәлелдеген. Сондықтан қолөнердегі көркемдік дәстүр сабақтастығы, қолөнердің жеке бұйымдарынан да көрініс тауып отырады. Осыған сәйкес, көркем бұйымдардағы дәстүр сабақтастығын қолөнер бұйымдарындағы маңызды көрсеткіштердің бірі ретінде тануға болады. Бұл талдаулардан шығатын қорытынды: қазақ сәндік қолданбалы өнерін зерттеушілер сәндік қолданбалы өнер бұйымдары мен шығармаларының көркемдік ерекшеліктерін талдау барысында негізінен төрт бағытты ұстағандығы анықталды. Олар, біріншіден, сәндік қолданбалы өнер бұйымдары мен шығармаларының формасын талдау; екіншіден, сәндік қолданбалы өнер бұйымдары мен шығармаларының композициясын талдау; үшінші, сәндік қолданбалы өнер бұйымдары мен шығармаларының бояу түстерінің бірлігі мен оның шығарма мазмұнын ашудағы орны; төртіншіден, сәндік қолданбалы өнер бұйымдары мен шығармаларының орындалу техникасы мен технологиясына талдау жасау болып табылады. Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің дамуы шартты түрде бірнеше кезеңдерге бөлінеді: олар алғашқы қауымдық өнер, ежелгі дәуір өнері, орта ғасыр өнері, қайта өркендеу дәуірі, жаңа дәуір өнері, қазіргі заманғы өнер.

Қазақстан аумағындағы алғашқы қауымдық өнердің ірі-ірі кешендік түрлері Тамғалыда, Ертіс аңғарында, Орталық Қазақстанда сақталған. Қазақ халқының бейнелеу өнері ертеден белгілі. Қарағанды облысындағы Беғазы бейітінен табылған қыш сауыттар (б.з.б. 10-8 ғ.), атақты Қарғалы алтын диадемасымен сырғалар (б.з.б. 2ғ. мен б.з. 2ғ.), т.б. көне дүниелер - шебер мүсінделген көне өнер туындылары. Қазақстан Республикасы Білім туралы заңында білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде қазіргі таңда жастарды халықтық тәрбие негізінде оқыту, ұлттық өнердің өркендеуіне жол ашу, қажеттігі көрсетілген. Себебі, өткен тарихтың сын негізінен өткен туындылары, ұлттық өнер мұралары жас ұрпақтың рухына негіз болып алынып, болашаққа бағыт беріп отырған жағдайда ғана ұрпақ арасында өнер сабақтастығы жалғасады. Осы тұрғыдан алып қарағанда халықтың дәстүрлі қол өнерін жинақтап, зерделеу, оның айналасындағы тәлім- тәрбиесі мен тәжірибесі негізінде оқушылардың өнертанымын қалыптастыруда болашақ мұғалімдерді дайындау бүгінгі күннің талабын көрсетеді. Сондықтанда мектептерде тәрбие процесін дидактикалық тұрғыдан қайта қарап, жергілікті халықтың ерекшеліктері мен өнер дәстүрлерін өнертанымдық білім беру мен тәрбие үрдісінде қолдану, оқушыларды ұлттық өнердің мүмкіндіктері арқылы рухани құндылықты бағалай білуге үйретудің маңыздылығы арта түсуде[89,90].

Елбасы Н.Назарбаевтың: «Мәдени дәстүр қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихы, мәдени тамырларына қайта оралу – бұл, әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық тілді, өнерді, мәдениетті... дамытуға барынша қолдау жасалып отыр»,- деген сөзі күн тәртібіне қойылған қай проблеманың да оң шешімін табуына мүмкіндік барын айғақтайды. Болашақ мұғалімдердің оқушыларға өнертанымдық білім берумен қатар эстетикалық тәрбие беруге, олардың мәдениетін қалыптастыруға қажетті дайындығы болуы тиіс. Себебі, қандай мұғалім болмасын оның бір қызмет саласы оқушыларға эстетикалық тәрбие беру, олардың әсемдік сезімдерін дамыту, өнерді тануға үйрету болып табылады. Мұндай іс-әрекетті нәтижелі жүзеге асыру үшін болашақ мұғалімді мектепте оқушыларды өнерді тануға дайындап жіберу қажет. Ол үшін дайындық барысында болашақ мұғалімдер өнертаным білімдерін меңгеріп өнертанымдық іс-әрекеттерді орындай білуі шарт. Өнертаным - өнерді зерттейтін қоғамдық ғылымдар жиынтығы. Өнертаным бүкіл көркем мәдениеттің бәрін тұтас зерттейтін және өнердің әр саласын өзінше жеке-жеке қарастыратын ғылым саласы. Өнердің пайда болуы өркендеуі, қалыптасуы сатыларының адамзат тарихынан алатын орны, атқаратын қызметі, мәдениетпен және басқа да құбылыстармен ара-қатынасын нақтылайды. Көркем шығармалардың мазмұны мен түр мәселелерін анықтайды. Сәндік өнер теориясы дәуір талабына эстетикалық талғам – тілекті ескере отырып, қоғамның өнер түрлері жөніндегі өнертанымдық көзқарастарды қорытып әрі дамытып отырды. Сәндік өнер теориясы өнердің идеялық мазмұны, танымдық мәні, көркемдік тәсілі, көркемдік формалары, бейнелеу құралы, өнер техникасы мен технологиясы, түр мен жанр ерекшелігі тағы басқа мәселелерді өзара байланыстыра зерттейді. Сонымен қатар сәндік өнердің жалпы заңдылықтарын объективтігіне логикалық дамуын қоғам мен арақатынасын ұжым мен жеке адамдарға әсерін жан-жақты қарастырады. Сәндік өнер тарихы сәндік өнердің даму жолын дүние жүзілік көлемде тұтас өз еліміздің немесе жеке дәуірдің өнерін де зерттеп бағалайды. Сәндік өнердің белгілі бір түрі немесе бүкіл бір бағыт пен ағымның пайда болу, жетілу – толысу себептерін түсіндіреді. Көркем сын әр заманда көркем өнер құбылыстарын, қазіргі өнердің жанрлары мен түрлерін, бағытын өнер шеберлерінің шығармалары мен туындыларын талдау жасап әрі бағалайды. Өнер құбылыстарының өмірмен, уақыттың идеалдық қатысын адам мүддесі тұрғысынан алып тексереді. Теориялық немесе тарихи мәселелерге арналған теориялық трактат суреттер парызы жөнінде толғаныс, теориялық немес тарихи зерттеу жалпы немесе арнаулы еңбектер, мақала немесе баяндама күнделікті көркем өнердің аталған басқа да мәселелерін қамтиды. Шолу–сын немесе этюд тағы да басқа өнертанымның негізгі салалары мен әдеби жанрлары ретінде айтылатын міндеттерді жүзеге асырады. Ғылымның жеке бір саласы ретінде өнертаным қоғамдық және нақтылы ғылымдар тәсілінде қолданады. Көркем шығармалар болғандықтан эстетикалық түйсік және талғам мен танымға көп бой ұрады. Өнер сыны, тарихы мен теориясы бір–бірімен және эстетикамен тығыз байланысты болып табылады. Қазба жұмыстарын жүргізу және экспедициялар шығару арқылы қалпына келтіру, өңдеу жұмыстан ұйымдастыру, ескерткіштерді анықтау, оларды тіркеу және жүйеге түсіру суреттер мен шығармалар жөнінде мәліметтер жинау, мұражайлық және көркемдік ғылымда, каталогта өмірбаяндық тағы басқа да анықтамалар жасау, суреттердің әдеби мұралары, естеліктері мен хаттары, мақалаларын бастырып шығару сияқты жұмыстар өнертану ғылымының өрісін кеңейте түседі. Ата – бабамыздың көркем мәдени мұрасының бір саласы қазақтың сәндік қолөнерінің бұйымдары болып табылады. Көркем бұйымдарының өзі тұтыну қажеттігімен жасалу технологиясына, безендірілуіне байланысты бірін - бірі қайталамайтын дара туынды ретінде қарастырылады. Сондықтан қолөнер бұйымдарының көркемдігін балаға меңгерту, түйсік, елестету, қабылдау ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Қолөнер бұйымдарын қабылдау өнер шеберінің іс - әрекетімен оқушыны таныстырумен тығыз байланысты. Суретшінің өнерді қабылдауы нәзік көріністердің сипатын тұтастай көріп, терең сезімдерді бейнелейді.

Қолөнер адамның қиялына әсер етіп, өмірді көркемдеп суреттейді, оны әсерлі бейнемен танытады. Сондықтан, қолөнерде түрлі көркем бейне, сезіммен сырдың әсері көп болуы әсерлі әрекеттерімен берілуінде. Яғни, әр адамның іс - әрекеті, өнер бұйымы арқылы көрініс табады. Қолөнердегі жасалған көркем бұйым –түрлі табиғи құбылыстар әсері ескеріліп жасалады. Қолөнер бұйымдарын қабылдаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Қолөнер бұйымдарын қабылдау үрдісі қабылдаудың мақсатына тікелей байланысты болып келеді. Мұндай қабылдау үш түрлі мақсатқа байланысты: Біріншіcі - өнер бұйымдарын әлеуметтік өнертанымдық қабылдау: Екіншісі- шығармашылық өнертанымдық. Үшіншісі – оқулық - өнертанымдық қабылдау. Қолөнер бұйымдарын әлеуметтік өнертанымдық қабылдау ол өнер бұйымдарының барлығы дерлік халықтың тұрмысында қолдану мақсатын көздейтіндігімен, олар тұрмыстағы белгілі – бір қажеттігінен туындап, соны қанағаттандыруды көздейтіндігімен сипатталады. Қолөнер бұйымдарының шығармашылық өнертану мақсатындағы қабылдау - өнер бұйымдарының форма, түр – түсін, материалын, орындау технологиясын қабылдау бағытын көздейді. Қолөнер бұйымдарын оқулық - өнертанымдық қабылдау өнер бұйымдарының тұрмыстағы қажеттілігі, шығу тарихы, жасалуы жолдары, эргономикасы, тұтынуы қажеттілігі және форма құрылымы, түрі – түсі, жасалған материалын талдау негізгі қабылдау мақсаты көзделеді.

Ғылыми - педагогикалық, психологиялық және өнертанымдық әдебиеттерді саралау мен тәжірибелік зерттеу нәтижелерін қорыту негізінде қолөнер бұйымдарын талдау негізінде танудың дидактикалық көрсеткіштері ретінде мыналар алынады: бұйымның көркем мұраға қатынасы; халықтың өнерге қатынасының болуы; халық өнеріне байланысы, көркемдік білім беру мен эстетикалық тәрбие беру мақсаты мен міндеттеріне байланыстылығы; халықтың мәдени дәстүрі ретінде бірізділікпен оқу қажеттігі; қолөнер бұйымдарының ұлттық әлеуметтік – психологиялық ерекшеліктері; оқу тәрбиелік мүмкіндіктерінің ерекшеліктері; жеке тұлғаны қалыптастырудағы ұлттық қолөнер бұйымдарын қолданудың принциптері; қабылдау кезеңдеріне байланысты қолөнер бұйымдарымен қарым – қатынасты ұйымдастыру. Дидактикалық мақсаттарға байланысты қолөнер бұйымдарын таңдап алудың көрсеткіштері мыналар болып табылады: оқу материалы ретінде таңдап алынған сәндік қолданбалы өнер бұйымдарының жоғары өнертанымдық білім берумен қатар орта білім беру жүйесінің мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес келуі; оқып үйренуге арналған қолөнер бойынша алынған оқу материалдарының типтік оқу бағдарламаларының талаптарын қанағаттандыратын болуы; оқып үйренуге арналған оқу материалдарының өзінің күрделілігіне байланысты, шәкірттің көркемдік интеллектуалдық дамуына сәйкес болуы; оқып үйренуге арналған сәндік қолөнер материалдарының халықтық көркемдік - мәдени құндылықтарының бірі ретінде, ұлттық өнердің пайда болуы мен дамуы туралы ғылыми – теориялық түсініктер беретін, түсініктерін қалыптастыруға ықпал ететін болуы тиіс; қазақ қолөнері бұйымдарын оқу материалы ретінде оқып ұйрену шәкірттердің қолөнер бұйымдарын қабылдау дағдыларын қалыптастыруға ықпалы болуға тиіс; ата – бабалар өнеріне деген жастардың сүйіспеншілігін қалыптастырып, оларды құрметтеп, ұқыпты сақтау қарым – қатынасын қалыптастыру мүмкіндігінің болуы; сәндік қолданбалы өнер бұйымдарын жасаудың іскерлік пен дағдыларын онан әрі жетілдіру жағдайының болуы. Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнерін көркемдік білім беру мен эстетикалық білім берудің педагогикалық шарттары болып мыналар табылады: қолөнер бұйымдары туралы ғылыми өнертанымдық түсініктерді меңгеру; қолөнер бұйымдарына ата – баба мұрасы ретінде қарастыру; шәкірттерге қолөнер бұйымдарын дұрыс қабылдай білуге, көркемдік ерекшеліктерін көре білуге үйрету; болашақ мұғалімдерді сәндік қолөнер арқылы өнертанымдық білім мен эстетикалық тәрбие және әдіс- тәсілдерін меңгерту; қазақ қолөнері бұйымдарын студенттердің педагогикалық практикада, курстық, дипломдық жұмыстарда міндетті түрде қолдану; қазақ қолөнері бұйымдарынан материалдарды мектептегі бейнелеу өнері мұғалімінің сабақтары мен тәрбие жұмыстарында қолдану болып табылады. Қазақ халқының сәндік өнері, өзінің тарихи мазмұны, көркемдік ерекшелігі мен қазіргі даму бағыты бар, қолданбалық сипаты бар өнер. Сондықтан мектеп оқушыларын сыныптан тыс жұмыстарда сәндік қолданбалы өнер үлгілерімен таныстыру, олардың қазіргі өндірістің ғылыми техникалық негізін түсінуге, оларда кең ауқымды өнертанымның қалыптасуына әсер етіп, жеке тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түсетіні сөзсіз. Оқушыларды өнермен танысу барысында өнерді тану процесі жүзеге асады. Өнерді біртұтас бірлікте сезініп, қабылдау нәтижесінде оның санасында өнер білімдерінің қоры жиналып, ой-өрісі кеңейеді.

Оқушыға ұлттық мәдениетті меңгерту ұлттық өнерді меңгеруден басталуы тиіс. Сондықтан оқушылардың өнертанымын қалыптастыруда болашақ мұғалімдерді дайындаудың ерекше мүмкіндігі сәндік қолданбалы өнер болып табылады. Оқушының өнертанымын қалыптастыруға болашақ мұғалімдерді дайындау, сәндік қолданбалы өнердің түрлерінің, материалдарының, өнер дәстүрлерінің, шеберлерінің, көркем бұйымдардың арасындағы байланыстар мен заңдылықтарды қарапайым да тұжырымды етіп ұғындыруда өнерді тану формалары мен әдістерін меңгеру ерекше рол атқарады. Өнерді тану мен қабылдауда жеке тұлғаның танымдық іс-әрекеті теориясы оқушылардың өнертанымын қалыптастыруда болашақ мұғалімдерді дайындаудың негізі болады. Сол арқылы, жеке тұлғаға сәндік қолданбалы өнер арқылы өнертану ғылымының негіздерін, қазақтың ұлттық салт дәстүрін қолөнер арқылы меңгерту қажет. Қазіргі таңда жастарымыздың батыс елдерінің мәдениетіне еліктеп, рухани құндылығымыздың құлдырап бара жатқандығы баршамызға мәлім. Сондықтан оқушыларға халқымыздың салт - дәстүрі мен өнерін яғни рухани байлығын жете меңгертіп, сәндік қолданбалы қолөнер арқылы жастардың өнертанымын қалыптастыру ұстаздың жеке парызы болмақ.

Қорытындылай келе, еліміз егемендік алғалы жас ұрпаққа өз халқының өнегесін, әдеп – ғұрпын насихаттау күн тәртібіндегі мәселе. Жалпы табиғи материалдардан бұйымдар жасаудың жаңаша әдіс-тәсілдерін енгізу өнерін зерттеу барысында оның түрлері, жасалу жолдары айтылған. Адам қоғам үшін табиғи материалдардан бұйымдар жасау өнерінің жасалуын зерттей келе, қолөнер байлығымыз екенің білдік. Табиғи заттардың адам баласына тигізер әсері мол. «Өнерлінің алтыны қолында, байлығы жатыр жолында» дегендей табиғи заттарды немесе тұтынуға жарамсыз заттарды пайдаға жарата білу қажет. Табиғи бір ғана нәрсені өңдеп сәндік бұйым шығару үшін ойын бір жүйеге келтіреді, жүйке қызметін ретке келтіруге, ашуды, қайғыны басуға ықпал етеді. Басқа да қасиеттері толып жатыр. Оқушының дарынын жоғалтпай, жұлдызын сөндіріп алмай уақытылы танып, дамытып, құрметтеу, ұлт мақтанышы боларлықтай болу – ол әрбіріміздің міндетіміз. Ұрпақтарымызға ұмыт болып бара жатқан осы қолөнер туындысын таныстырып, қолөнер, сурет, архитектура және өндіріс салаларына ендіріп қана қоймай, осы өнерді қайта жаңғырту біздің мақсатымыз.





































Пайдалылған әдебиеттер тізімі



  1. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

  2. Ералин Қ. Ералина А. Е64 Этнодизайн. /Қ.Ералин А.Ералина. Оқу құралы. Алматы: Эверо, 2017. - 240 бет

  3. Тасмағамбетова А.Р. Қазақ ұлттық киімі мен қолөнер тарихы: Оқу құралы. – Алматы, 2019. – 116 б.

  4. Жиенбекова А.А. Қазақстардың сәндік қолданбалы ӛнері. Оқу қҧралы./ А.А.Жиенбекова –Алматы: «Эверо» баспасы, 2018.- 268 б., суретті.

  5. Баубеков С.Д. Киіз үй және оның жабдықтары: оку құралы / С.Д. Баубеков.– Алматы: Эверо, 2018.– 276 б

  6. Әбдіғапбарова Ұ.М. Қазақтың ұлттық ою - өрнектері (Оқу құралы). – Алматы; Өнер, 1999 ж., 152 бет.

  7. Ақайқызы З. Ою - өрнек ой айтар... (Моңғолия қазақтарының ою-өрнектері ). – Алматы: Рауан, 1996. -48 бет, суреттер.

  8. Марғұлан Ә.,“Қазақстан сәндік-қолданбалы өнерлері” А, 1990 ж, 1 том.

  9. Марғұлан Ә “Қазақстан сәндік-қолданбалы өнерлері” А, 1992 ж, 2 том; Марғұлан Ә “Қазақстан сәндік-қолданбалы өнерлері” А, 1993 ж, 3 том.

  10. Ибраева Қ.Е. Казахский орнамент. –Алматы, 1994. –С.64.

  11. Сарыкулова Г.Очерк истории казахского изобразительного искусства. -Алматы: Қазақстан, 1990.-С.175.

  12. Джанибеков У. Эхо. По следам легенды о золотой домбре. –Алматы, 1991. –С.146.

  13. Алпатов В. История искусства. М.; Искусства. – 1989. – 348 С.

  14. Зингер Е.. О колорите. М.: Знание. – 1991. – С.156.

  15. Игнатьев Е. Психология художественного творчества. М.; Просв.1970.

  16. Назарбаев Н.А. Основные направления внутренней и внешней политики на 2004 год: Послание Президента народу Казахстана: Астана 4 апреля 2003 (Сохранение культурно-исторического наследия) // Казахстанская правда. 2003. - 5 апреля. - С.

  17. Ақатай С. Древние культы и традиционная культура казахского народа. Ал-маты: КазНИИКИ, 2001. - 365 с.

  18. Назарбаев Н.А. О положении в стране и основных направлениях внутренней и внешней политики на 1997 год /Пять лет независимости /. Алматы, 1996. -С. 576-577. 4. Чепелев В. Об искусстве казахского народа (Орнаментика) // Искусство. 1936.-№ 4.- С. 21.

  19. Марғулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Алма-Ата: Ӛнер, 1986.- Т. 1.- 251 с.

  20. Молдабеков Ж.Ж. Высокие измерения духовного воспитания // Білім- обра-зование. - 2003. - № 1 (11). -С. 116.

  21. Ал-Йакуби. Китаб ал-булдин (Книга стран). - Лейден, 1992- 206 с.

  22. Ибн Рузбихан (Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани). Михман-наме-йи Буха-ра. (Записки Бухарского гостя) / Перевод, предисловие и примечания Р. П. Джалиловой. - М.: Наука, 1996. - 182 с.

  23. Бежкович А.С. Этнографические рисунки Вл. Плотникова по быту казахов // Советская этнография. 1993.- №4. -С. 113-119.

  24. Маргулан А.Х. Валиханов как художник // «Вестник» AН КазССР. 1990. - № 8 (65). - С. 86.

  25. Потанин Г.Н. О необходимости собирания произведений народного творчества киргизов // Kирг. CГ.- 1994 . № 29, 31.

  26. Муренко А. Альбом фотографий во время путешествий в Хиву: Отчет РГО за 1993 г. - СПб., 1864.

  27. Оразбаева Н.К. Народное декоративно-прикладное искусство казахов. Л.: Аврора, 1990.-С. 5.

  28. Басенов Т.К. Прикладное искусство Казахстана. Алма-Ата: Казгослитиздат, 1998. 48 с.

  29. Радлов В.В. Из Сибири. Страницы дневника. -М.: Наука, 1999. 749с.

  30. Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири. Пространство и вре-мя. Вещный мир. - Новосибирск: Наука. Сибирское отделение, 1988.- 224с.

  31. Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири. Человек. Общество. -Новосибирск: Наука. Сибирское отделение, 1999. - 241с.

  32. Традиционное мировоззрение тюрков Южной Сибири. Знак и ритуал. Но-восибирск: Наука. Сибирское отделение, 1990. - 248с.

  33. Шакенова Э. Художественное освоение мира // Коллективная монография «Кочевники. Эстетика»: (Познание мира традиционным казахстанским ис-кусством). -Алматы: Ғылым, 1993.- 264с.

  34. Гумилев Л.Н. Древние тюрки.- М.: Мысль, 1993. -514с.

  35. Некрасова М.А. Народное искусство как часть культуры: теория и практи-ка. -М.: Изобразительное искусство, 1993.-343с.

  36. Рыбаков Б.А. Макрокосмос в микрокосмосе народного искусства // Декора-тивное искусство СССР. - 1975. - № 1. -С. 30.

  37. Каган М.С. О прикладном искусстве. Некоторые вопросы теории.-Л.: Ху-дожник РСФСР, 1961. - 160с.

  38. Лосев А.Ф. Проблема символа и реалистическое искусство.- М.: Искусство, 1976. - 368с. Проверить на совпадение

  39. Агапов П.В., Кадырбаев М. К. Сокровища древнего Казахстана.- Алма-Ата: Жалын, 1989.-252с.

  40. Моран А. История декоративно-прикладного искусства с древнейших вре-мен до наших дней. - М.: Искусство, 1999. -577с.

  41. Готтенрот Ф. Иллюстрированная история материальной культуры. –М.: Из-дательство АСТ, СПб.: Издательство «Полигои», 2001. -478с.

  42. Вейс Г. История культуры: Костюм. Украшения. Предметы быта. Вооруже-ние. Храмы и жилища. Обычаи и нравы. - М.: ЭКСМО, 2002.- 960с.

  43. Энциклопедический словарь по культурологии /Под ред. А.А. Радугина. - М.: Центр, 1997. - 479 с.

  44. 34.Свастьян К.А. Человек как творение и творец культуры // Вопросы филосо-фии. - 1987. - № 6. - С. 132-138.

  45. Забияко А.П. Образ // Культурология. XX век. Словарь. -СПб.: Универси-тетская книга, 1997.- С. 323.

  46. Гегель Г. Эстетика: в 4 томах. М.: Искусство. 1998. -Т. 1.- 312 с.

  47. 37. Ницше Ф. Сумерки богов // Сборник: Ф. Ницше, 3. Фрейд, Э. Фром и др. / Сост., общ. ред. и предисл. А.А. Яковлева.- М.: Политиздат, 1989. 396с.

  48. Выготский Л.С. Психология искусства. -М.: Искусство, 1996.- 572с.

  49. 39. Толстой Л.Н. Литература, искусство. -М.: Просвещение, 1978. Т.1.- 608 с.

  50. Шалабаева Г. Постижение культуры: мировоззренческие парадигмы и исто-рические реалии Казахстана. - Алматы: Ақыл кітабы, 2001. -420с

  51. Нуржанов Б.Г. Культурология. -Алматы: Университет «Кайнар», 1994-128с.

  52. Лихачев Д. Предисловие // В кн.: Некрасова М. Народное искусство как часть культуры. Теория и практика. - М.: Изобразительное искусство, 1993.- С. 5-6.

  53. Ванштейн С. Об орнаменте как историко-этнотрафическом источнике // В сб.: Народное прикладное искусство. Актуальные вопросы истории и разви-тия. Рига: Зинатне, 1999. -С. 79-89.

  54. Рождественская С.О народном искусстве в современном мире // В сб.: Народное прикладное искус-ство: Актуальные вопросы истории и разви-тия.- Рига: Зинатне, 1989.-С. 11-29.

  55. Бердяев Н.А. Смысл истории.- М.: Мысль, 1990.- С. 166.

  56. Борев Ю. Введение в эстетику. - М.: Советский художник, 1965. –С.247-.

  57. Ибрайшина Г.К. Декоративно-прикладное искусство в системе ценностей // Мысль. -2004-. № 6. -С. 73-79.

  58. Леви-Строс К. Структурная антропология. -М.: Наука, 1991. -С. 218.

  59. Соколов М.И. Стиль // Культурология. XX век. Словарь. СПб.: Универси-тетская книга, 1997. -С. 442

  60. Султанова Ж.Б. Массовая культура как обьект философского анализа: Ав-тореф. дис. канд. философ, наук: 24.00.01. Алматы Изд-во «Ценные бума-ги», 2003.- 31с.

  61. Флиер A.M. Рождение жилища: пространственное самоопределение перво-бытного человека // Общественные науки и современность. -1992.-№5.-С.96-101.

  62. Элиаде М.К. Космос и исюрия. - М.: Прогресс, 1987. -331с.

  63. Лукьянов А.Е. Становление философии на Востоке (Древний Китай и Ин-дия). - М.: Издательство Университета Дружбы народов, 1989. -С. 59, С. 84- 85.

  64. Мелетинский Е.М. Имир // Мифы народов мира. М.: Советская энциклопе-дия, 1987. -Т.1.- С. 87.

  65. Иванов В.В. Антропогонические мифы // Мифы народов мира. – М.: Совет-ская энциклопедия, 1987. -Т.1. С.- 87.

  66. Мукитанов НК. От Страбона до наших дней. – М.: Мысль, 1996-233с.

  67. Топоров В.Н. Гора // Мифы народов мира. - М.: Советская энциклопедия, 1987.-Т. 1.-С. 311.

  68. Топоров В.Н. Древо мировое // Мифы народов мира. М.: Советская эн-циклопедия, 1987.-Т. 1.-С. 398.

  69. Гуревич П.C. Культурология. Курс лекций. М.: Издательство «Проект», 2003. -С. 95.

  70. Быстров Я.В. Символические функции костюма в культуре \\Автореферат, дис. канд.филос.наук. Новгород.НГУ, 2003, С. 18.

  71. Фердинанд де Соссюр. Курс обшей лингвистики.- М.: Соцэкгиз, 1933.-С. 331.

  72. Эко У. Отсутствующая структура. Введение в семиологию. –СПб.: Петро-полис, 1998. -432с.

  73. Ибрайшина Г.К. Орнамент как объект семиотического анализа // Адам әлемі. - 2004.- №1. -С. 20-27.

  74. Арнхейм Р. Искусство и визуальное восприятие. М: Прогресс, 1974. - 392 с.

  75. Иванов С.В. Орнамент народов Сибири как исторический источник // ТИЭ. -M.-Л.: Наука, 1993.- Т. 81. -С. 76.

  76. Каракузова Ж. Логика казахского орнамента // Градиционная культура ко-чевников. Учебное пособие для студентов гуманитарных факультетов уни-верситетов, вузов культуры и искусства | Под ред. С.А. Узакбаевой. Алма-ты: Казахская Академия искусств им. Т. Жургенова, 2002. -172 с.

  77. Леруа-Гуран А. Древнейшие памятники искусства. -М.: Курьер. 1982.- ав-густ-сентябрь.

  78. Столяр А.Д. Происхождение изобразительного искусства. -М.: Искусство, 1995. -298 с.

  79. Якобсон П.М. Психология художественного восприятия. М. Искусство, 1964. -86 с.

  80. Малаев А. О философии орнамента // Вестник КазНУ. Серия политология. Серия философия. Серия культурология. 2003. № 2 (20) 178-182.

  81. Сепир Э. Избранные труды по языкознанию и культурологии. -М .: Про-гресс, 1993. -С. 223.

  82. Лотман Ю.М. О семиотическом механизме кулыуры. Таллин,1993. С. 22.

  83. Быстров Я.В. Символические функции костюма в культуре \\Автореферат, дис.к.филос.наук. Новгород.НГУ, 2003, С. 18.

  84. Тимофеев Л., Тураев В.С. Краткий словарь литературоведческих терминов, М.: Просвешение,1985.-208 с.

  85. Лосев А.Ф. Символ.\\ Филосовская энциклопедия, т.5. М.: Изд-во «Советская энциклопедия», 1970.- С.10-11 .

  86. Аверинцев С.С. Символ \\ Краткая литературная энциклопе-дия, т.6. М., 1971.- С.826-831 .

  87. Кассирер Э. Философия символических форм: введение и постановка проблемы \\ Культурология ХХ век: антология. М.: Юрист, 1995.-703 с.

  88. Кассирер Э. Понятие символической формы в структуре наук о духе \\ Культурология ХХ век Дайджест. Философия культуры ІІ(6). М.: 1998.-246 с.

  89. Лосев А.Ф. Античный космос и современная наука \\ Лосев А.Ф. Бытие.Имя.Космос. М.: Мысль, 1993.- 958 с.

  90. Лосев А.Ф. Диалектика мифа.\\ В кн.: лосев А.Ф. Миф. Число. Сущность. М.: Мысль, 1994.- 5 – 216 с.

  91. Өтеген-Тана Ә. Куптлеуова Г.А. \\ Педагогикалық жұмыста мата бойынша сурет салу технологиясын қолдану «Қазақ – Орыс Халықаралық университетінің хабаршысы» №4 (29), 2019

  92. Өтеген-Тана Ә. Куптлеуова Г.А. \\ Өрнекті мотивтердің өнерде өолданылуы және дамуы «Қазақ – Орыс Халықаралық университетінің хабаршысы» №1 (30), 2020























Қосымшалар


Қосымша 1


















Қосымша 2



























44


31 Наурыз 2025
59
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі