400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Орта буынға бейімдеу тренингі

Материал туралы қысқаша түсінік
Орта буынға бейімдеу тренингі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Орта буынға бейімдеу тренингі

Санат: 5- сынып

Қатысушылар саны:

Шараның мақсаты: Мазасыздану деңгейлерін төмендету; орта буынға бейімдеу;ойларын ашық айтуға үйрету;танымдық қабілеттерін дамыту; жүйкелік-қысымды төмендету; топ болып жұмыс істеуге үйрету;мектеп ережелерімен таныстыру.

Барысы (құрлымы):

Тренинг ережесімен таныстыру .

«Тәртіп» жаттығуы

Нұсқау: Психолог ережелерді айтқан кезде, оған оқушылардың жауабы “иә” болса бір қолын көтереді, “жоқ” болса екі қолын айқастыра көтереді, “кейде” деген жауап болса ешқандай қимыл жасамайды.

Бұл жолы мен тақтаға үш тұрлі смайликтің суретін салдым. Ережелердің барлығын күнделікті орындап жүрсе «көңілді» смайликтің жанына барып тұрады.Үнемі орындамаса, арасында сақтамаса «бір қалыпты тұрған» смайликке барып тұрады. Ал, егер көбінесе ережені сақтамаса «көңілсіз» тұрған смайликтің жанына барып тұрады.

Дайын бол:

  • Қоңырау соғылғанда мен орныма отырамын;

  • Сабаққа керекті құралдардың бәрін әкелемін;

  • Сабақтағы тапсырманың бәрін орындап үлгеремін;

  • Үй тапсырмасын орындағанда ешқандай қиындық болмайды;

Сабақта белсенділік таныт:

  • Сабақта мұғалімді зейін қойып тыңдап, сұрақтарына жауап беремін;

  • Сыныппен бірге жұмыс жасаймын:

  • Сыныпта тапсырманы жылдам орындауға тырысамын;

Айналадағыларды сыйла:

  • Сабақта отырғанда бөгде әңгіме айтпаймын, бөгде іспен айналыспаймын;

  • Мектеп мүлкіне сақтықпен қараймын, Партаға сурет салмаймын;

  • Айналамдағылардың өзіме айтқан ақылына, ескертулеріне, кеңестеріне құлақ түремін;

  • Сыныптастарымның сабақ оқуына кедергі жасамаймын.

Талқылау сұрақтары:

  1. Бұл ережелерді не үшін орындай керек?

  2. Бұр ережелерді орындау қиын ба?

  3. Барлық оқушылар осы ережелерді ұстанса, орындаса, мектеп жағдайы қандай болар еді?

  4. Осы ережелерді орындау қолдарыннан келе ме?


«Мұғаліммен сұхбат» жаттығуы

Сынып жетекшілері ортаға отырады. Сұрақты психолог қояды. Артынан балаларда қоюларына болады.

1.Сыныбыңыздағы оқушыларға қандай талаптар қоясыз?

2.Мамандығыңыз ұнай ма? Несімен? Қиындығын да айтып өтсеңіз.

3.Мейірімдісіз бе?

4. Тәртібі нашар, мектепте үнемі тәртіпсіздік жасайтын балалар туралы ойыңыз.

5. Кір –қожалақ болып жүретін, үй тапсырмасын орындамай келетін оқушыларға көзқарасыңыз қандай?

Рефлексия

  1. Сын жетекшілерін туралы жаңа ақпарат білдіңдер ме?

  2. Таң қалдырған жауап болды ма?

  3. Өздеріңмен ұқсастық болды ма?

  4. Мұғалім болу қиын ба?



«Джунглидегі жаңбыр» жаттығуы

Қатысушылар шеңбер жасап тұрады.

Мынадай қимылдарды істеулері керек:

-жел соқты (алақынды ысқылау)

-жаңбыр сіркіреді (саусақпен бармақты сыртылдату)

- жаңбыр жауды (екі қолды айқастырып, білекті ұрғылау)

-жаңбыр қатты жауды (санды ұрдылау)

-бұршақ жауды (қолды шапалақтау)



«Толқын» ойыны

Әр баланың қолында 1,5 метрлік ленталар болады. Жеке –жеке шығып жүргізушінің айтқан көңіл-күйді, сезімді лентамен көрсетеді. «Қуаныш, реніш, ашу, байсалдылық, қорқыныш, ыза» көңіл күйі, сезімі.

  • Бұл сезімді лентамен қалай тауып көрсеттің?

  • Сол сезімді бейнелегенде өздерің қандай сезімде болдыңдар?

Кері байланыс

1. Қай ойын ерекше ұнады?

2.Қай ойын ұнаған жоқ?

3.Қай ойын ойнаған кезде қиындық тиғызды?

Соңында алдында істеген сезімдерді сынып оқушылары бірігіп істеулері керек. «Байсалдылық, қуаныш » сезімімен аяқтап, балаларға сол сөздермен байланыстырып, тілек тіленеді.Лентамен қоштасу қозғалысын салып, жоғары көтеріп , бұлғайды.


Мектеп психологі : Жакупова Г.Т.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
05.01.2024
392
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі