Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Орта мектепте оқушылардың физикалық білімін бағалауды жетілдіру әдістемесі
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Тақырыбы: Орта мектепте оқушылардың физикалық білімін бағалауды жетілдіру әдістемесі
Мазмұны
Кіріспе--------------------------------------------------------------------------------
Негізгі бөлім
1. Окушылардың білімін тексерудің ауызша тәсілі---------------------
2.Оқушылардың білімін тексерудің жазбаша тәсілі және түрлері
2.1Бақылау жұмысы арқылы---------------------------------------------
2.2 Физикалық диктант арқылы----------------------------------------
2.3 Білімді тест арқылы тексеру----------------------------------------
2.4Физика есептерін шығару арқылы----------------------------------
3.Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері,талаптар-------------------------------------------------------------
4.Баға қою мен бағалаудың қателіктері----------------------------------
Қорытынды-----------------------------------------------------------------------
Пайдаланылған әдебиеттер---------------------------------------------------
Кіріспе
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау мен бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мұ-ғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін,сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс.Бұл бағытта оқушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, білік-тілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады. Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және прак-тикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.
Оқушылардың білімдерін, біліктерін, ебдейліктерін тексеру –физика-ны оқытудың ең керекті элементі болып табылады. Оның мақсаты – мұға-лімнің қолданған әдісінің тиімділігін бағалауға, әр оқушының материалды қалай меңгергенін білуге және бүкіл сынып болып қалай түсіндіргенін бі-луге болады.
Негізгі бөлім
1.Окушылардың білімін тексерудің ауызша тәсілі
Ауызша тексеру оқушылардың білімін тексерудіц ең кең тараған тә-сілі. Оның көмегімен мұғалім мен оқушының арасында тікелей байланыс жүзеге асады. Білімдерді ауызша тексеруді сабақтың басында, қайталау уақытында және жаттығулар үрдісінде, жаңа материалды оқып-үйрену ке-зінде болады.
Білімдерді ауызша тексеру тәсілі мынадай формаларда өтуі мүм-кін:
1) жеке дара сұрау;
2) бір мезгілде 2-3 оқушыдан сұрау;
3) жаппай сұрау;
4) зачет алу.
Жеке дара сұрауды оқушылардың бірі тақтада физикалық құбылыс-ты, заң немесе құрылғыны, құралдың жұмыс істеу принципін, есептің ше-шуін жұйелеп түсіндіреді, тәжірибе жасайды. Басқа оқушылар тыңдайды.
Сұрау тәртібі мынадай болуы мүмкін. Мұғалім бүкіл сыныпқа сұрақ қояды және керек болса жауаптың жоспарын немесе нұсқауын береді, мы-салы сызба салу, тізбек құру, тәжірибені демонстрациялау. Сұрақ қойыл-ғаннан кейін оқытушы жауаптың мазмұны мен жоспарын ойластыруға сы-ныпқа 1-2 минут уақыт беріп, сонан соңоқушылардың бірін тақтаға шақы-рады. Сұрақтарды мұғалім логакалы айқын, оқушыларға түсінікті формада, оны тұжырымдай айтуы тиіс.
Бір мезгілде 2-3 оқушыдан сұрау. Мұнда сұрақ қойылғаннан кейін тақтаға 2-3 оқушы бірден шақырылып, әрқайсысы өзіне берілген тапсыр-маны орындайды. Мұндай сұрақ-тапсырмалар жаңа материалды оқып үй-ренгеннен кейін схемалар мен сызбалар сызуда, тәжірибелерді жасауда қолданылады. Дайын болған оқушылар бірінен кейін бірі жауап бере бас-тайды.
Ауызша сұраудың мұндай тәсілінде сұрақты негізгі және қосымша деп бөлуге болады. Негізгі сұраққа жауапты толық беруді қажет етеді. Оқушы негізгі сұраққа жауап беруге қиналған сәтте,қосымша сұрақтар қойылады.
Жаппай сұрауды сабақтың кез келген кезеңінде өткізуге болады. Материалды қайталағанда, жаңа материалды оқып-үйренуүрдісінде, өзін-дік жұмыстың түрліше формаларында. Бірақ оқушылардың білімдерін тек-серудің тек жаппай сұрау формасымен әуестенуге болмайды. Себебі оқу-шылар мұнда ұсақ-түйек сұрақтарға жауап беруге дағдыланады да, толық жауап беруге келгенде қиналады.
Жаппай сұрау кезінде оқушыға бағаны сұрау аяқталғанда, сондайақ сабақтың аяғында қояды.
Зачет алу оқушылардың бір бөлімдегі немесе бірнеше тараулардан алған білімдерін тексеру үшін тоқсанның-аяғында өткізіледі. Бұл көбінесе 10-11 сыныптарда қолданылады.
II.Оқушылардың білімін тексерудің жазбаша тәсілі және түрлері
Білімдерді тексерудің жазбаша тәсілі бақылау жұмыстары, тест, фи-зикалық диктант, эксперименттік бақылау жұмыстарын өткізу жолымен жүзеге асырылады. Бақылау жұмысында бақылау функциясы бірінші, тәр-биелеу функциясы шамалау, оқыту функциясы іс жүзінде байқалмайды, ал дамытушылық функциясы маңызды роль атқарады.
2.1 Бақылау жұмысы арқылы
Шынында, да бақылау жұмысы біршама қысқа уақыттың ішінде оқушылардың көлемі едәуір кең мәселелері бойынша білімін тексеріп шы-ғуға мүмкіндік беретін тексерудің өте тиімді формасы. Ауызша тексеруде шамадан тыс, қысылғандықтан кейбір оқушылар қойылған сұрақтарға дұ-рыс жауап бере алмай қалады, бұл тексерудің осы түрінің кемшілігі болып табылады. Ал, бақылау жұмысы кезінде сынып алдында жауап бергенде мазасызданатын, сасып-сасқалақтайтыноқушылар бақылау жұмысы кезін-де ойлануға уақыты жеткілікті болады және байсалдылықпен жұмыс істей отырып, жақсы нәтиже көрсетеді. Жұмыстың ұзақтағы түрліше болуы мүмкін 10-15 минуттан бір сабақ бойына дейін. Физикадан жазбаша бақы-лау жұмысын өткізудің негізгі мақсаты – оқушылардьщ білімдерін айқын-дау және оларды нақты есептерді шығаруға қолдана білуі.
Бақылау жұмыстарының түрі, оның мақсатына байланысты, оқушы-лардың білімі мен дағдыларын бекітуге, тиянақтауға және тексеруге байла-нысты қысқа мерзімді, өзіндік бақылау жұмысы, әр тақырыптың неме-се бөлімнің соңында оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеруге ар-налған бір сағаттық бақылау жұмыстары, эксперименттік ептілікте-рін тексеретін бақылау жұмыстары, бірінші жарты жылдық немесе жылдық қорытынды бақылау жұмысы, тест арқылы өткізілетін ба-қылау жұмысы, оқушылардың білімін деңгейге байланысты тексеріле-тін бақылау жұмысыболып бөлінеді. Жазбаша тексеру уақытты үнемдей-ді.
Жоғарғы сыныптарда мұғалім алдын-ала оқушыларға ескертпей бе-ретін 10-15 минуттық қысқаша бақылау жұмысы. (Мұнда 1-2 нұсқа ғана дайындаса болады, яғни көшіру мүмкіндігі өте аз). Күтпеген жерден өткі-зілетін мұндай бақылау жұмыстарының тәрбиелік үлкен маңызы бар. Бі-лімді тексерудің бұл түрі мұғалім мен оқушыдан жұмыс істеуді көп қажет етеді, өйткені сабақтан қайсысы болмасын, осындай бақылау жұмысының өткізілу мүмкіндігінің өзі оқушыны әрбір сабаққа жақсы дайындалуға мәж-бүр етуі мүмкін. Ал, мұғалім барлық жұмысты тексеріп қана қоймай, соны-мен бірге қателерді талдап, кейбір оқушылармен жеке жүргізілетін жұмыс жоспарын ойластырып алады.
Білімді бақылау жұмысының көмегімен тексерудің өзіне тән функ-цияларын толық атқару және педагогикалық жағынан дұрыс болуы үшін бірнеше жағдайды ескерген жөн. Бұлар: мұғалім оқушылардың көпшілігі материалды меңгерді, сондықтан бақылау жұмысы ойдағыдай өтеді деген сенім болғанда ғана бақылау жұмыстарын жұргізуте болады.
Бақылау жұмыстарын тоқсанның аяғында, сондай-ақ барлық пәннен бір аптаның ішінде, оның үстіне бір күнге шоғырландыруға тиым салына-ды. Мұндай жағдайға жол бермеу үшін мектепте бақылау жұмыстарын өт-кізудің арнаулы жоспар-графигі жасалады, онда жоғарыдан төмен қарай сыныптардың тізімі беріледі де, көлденеңінен аптаның жұмыс күні көрсе-тіледі. Мұнда мұғалім өзге пәндербойынша бұрын белгілеп қойған бақы-лау жұмыстарының мезгілін ескере отырып, өз пәні бойынша бақылау жұ-мысын өткізбек болған уақытын жазады. Мектептің оқу бөлімінің меңгеру-шісі жоспарды қарап шығып бекітеді.
Бақылау жұмыстары оқушылардың шамасы келетіндей болуы тиіс, тым қиын есептерден тұратын бақылау жұмыстары оқушылардың өз кү-шіне деген сенімсіздігін туғызады, бақылау сабағынан қорқыныш сезім пайда болады. Балалардың нерв жүйесіне зиянды әсерін тигізетін жағдай-ларды шиеленістіре түседі. Ал, екінші жағынан, тым оңай бақылау жұмыс-тары оқушыларды тоқмейілсітіп бақылау жұмысының аддында материал-ды үнемі және қарқынды түрде қайталамауға әкеледі.
Бір сағаттық бақылау жұмысын әдетте бір тоқсанда бір-екі рет өт-кізіледі. Мұндай жұмыстың өткізілуі жөнінде мұғалім алдын-ала ескертіп, оқушылар өтілген материалды қайталап, жүйеге түсіруін талап етеді. Бір сағаттық бақылау жұмысына 4-6 нұсқада есеп дайындау керек.
Бақылау жұмысына есептеу, графиктік есептер, сапалық есеп-сұрақ-тар енгізіледі. Есептерді олардың қиындығына қарай дұрыс реттеп алудың маңызы зор. Бақылау жұмысына тым күрделі есептер алмау керек. Қиын есептерді шығаруға барлық оқушылардың уақыты, шамасы жете бермейді.
Оқушылардың сабақ үстіндегі жұмысын ұйымдастыру мұқият ой-ластырылуы керек. Бақылау жұмысының нұсқалары тақтаға немесе жеке карточкаларға жазылып беріле ме, соңғы кезде оқушылардың дайын бақы-лау дәптерлері шығып жүр, солар бола ма, бәрін алдын-ала шешіп қою ке-рек. Мұғалім түсініксіз сұрақтарға, есептерді шығаруға кеңесті бақылау жұмысы басталғанға дейін жауап беруге тиіс. Оқушылар тапсырманы орындап отырған кезде, оларды асықтыруға болмайды, бірақ қоңырау со-ғыларға бес минуттай қалғанда сабақтың аяқталып қалғанын ескертуге бо-лады. Мұғалім оқушыларға алдымен өздері үшін онша қиын емес тапсыр-маларды орындау, тек содан кейін ғана әуел баста шешілместей қиын кө-рінген есептерге қайта оралу, оларды аспай-саспай ойластырып алу жөнін-де кеңес беруі мүмкін. Сабақтың аяғында бақылау жұмысын жинап алу тәртібі де, атап айтқанда, жұмысты алдымен бітіргендерге берілетін қо-сымша есептерді ойластырып қоюы тиіс.
Жұмыс қоңырау соғылысымен жиналып алынады, үзіліс кезігде жұ-мыс істеуге рұқсат етілмейді.
Жазбаша бақылау жұмысын келесі сабақта тексеру қажет, оқушылар оның мазмұнын есте жақсы сақтап тұрғанда. Оқушылар қандай жерден қа-те жібергенін және басқаша қандай жолдармен шығаруға болатынын көре-ді. Бақылау жұмысын бағалағанда алдымен оқушының қойылған сұрақтар-ға берген жауабының толықтығын және дұрыстығын, есептің шығару са-пасын тексереді.
Егер бақылау жұмысының барлық есептері дұрыс шығарылса және қажетті түсіндірумен берілсе, онда мұндай жұмысты “бес” деген бағамен бағалайды. Егер есептердің шығарылуы бойынша пайымдаулар барысы дұрыс, бірақ есептеулерде болмашы қателер кетсе, онда мұндай жұмысты “төрт” деген бағамен бағалайды. Тек жартылай ғана дұрыс орындалған жұмысты “үш” деген бағамен бағалайды. Тек есептердің біреуі де тура шығарылмаса және есептің дұрыс шешуінде жауапқа келтірілмеген өрескел қателер жіберілсе, мүндай жұмысты “екі” деген бағамен баға-лайды.
Бақылау жұмысының оқыту функциясы мұғалім бақылау жұмыста-рын тексеріп шыққаннан кейін, жіберілген қателерді талдап, талқылағанда барынша айқын байқалады. Бірде-бір бақылау жұмысы соңынан істелетін осындай жұмыссыз өтпеуге тиіс. Бақылау жұмыстарын бағалауды студент-тердің семинарлық сабақтарында талданып үйретіледі.
Эксперименттік іскерліктерін тексеретін бақылау жұмысы.
Эксперименттік іскерліктерін тексеретін бақылау жұмысы бірінші жарты жылдықта немесе оқу жылының соңында оқушылардың практика-лық іскерліктерін, ептіліктерін тексеру мақсатында өткізіледі. Әрбір оқу-шы арнаулы құрал-жабдықтардың (фронталь, зертханалық жұмыстардың құрадцары) көмегімен жұмысты өз бетінше орындайды.
Оқушылардың эксперименттік ептіліктерін тексеретін бақылау жұ-мысының мазмұны, нұсқа саны өтілген материалға және мектептегі физика кабинетіндегі құрал-жабдықтарға байланысты анықталады.
Эксперименттік іскерліктерін тексеретін бақылау жұмысын баға-лау.
Оқушылардың эксперименттік іскерліктерін тексеретін қорытынды бақылау жұмыстарын дайындау және өткізу барысында, мұғалім есептеу формуласына енетін барлық физикалық шамалардың физикалық магына-сының ашылуы және керекті физикалық шаманы өлшеу тәсіліне, оны өл-шейтін құралдарға сипаттама беруді талап етеді. Мысалы, қатаңдықты өл-шеу тәсілін сипаттау мынадай болуы мүмкін. Серіппенің қатаңдығын табу үшін Гук заңын қолданамыз.
мұндағы к-серіпленің қатандығы, х-ығысу шамасы. Егер де серіппеге массасы т жүкті іліп қойсақ, онда жүк аралықққа ығысады да, әсер ететін күш, ауырлық күші тg болады. Модулі бойынша бүл күш серпімділік кү-шіне тең, онда .
Егер ұзарту мен массасын өлшеуде жіберілген қателіктерді көрсету осындай сипаттамалармен қоса берілсе, онда ол жұмыс “өте жақсы” де-ген бағамен бағалануы мүмкін. Сипаттама түріндегі есептеу формуласын ғана үсынса, “қанағаттанарлық” деп есептеуге болмайды. Егер формула берілген соң әрқайсысына талдау жасап, яғни k-қатандық, -ұзару, Ғ-сер-пімділік күшінің модулі деп көрсетілген жағдайда ғана, ол жұмысты “қа-нағаттанарлық” депбағалауға болады. Ол жұмыстарды бағалау барысын-да абсолюттік және салыстырмалы қателіктерді есептеу нәтижелерін жазу-да оқушылардың іскерлігін, шеберлігін еске алу қажет.
Егер алған нәтижелердің тура немесе жанама өлшеу тәсілдері жақсы сипатталса, бірақ өлшеу қателіктері көрсетілмесе, онда ол жұмысты “қана-ғаттанарлық” деп бағалауға болады. Егерде тура өлшеудің қателіктері ғана ескерілсе, онда “4” деп бағалауға болады. Жоғарыдағы келтірілген мысал-да оқушы : “ тg анықтауда жіберілетін қателік 2% болатыны бізге белгілі, сондықтан датg= (1,00 ±0,02 Н); ұзаруды миллиметрлік сызғышпен өлше-генде, жіберілетін қателік 1 мм-ге тең болғандықтан, =(25 ± 1)мм = (2,5 ±01) см” деп жазса, ғана “4” -тік баға қойылады,
Ал, жанама өлшеу салыстырмалы және абсолюттік қателер арқылы беріліп аяқталатын болса, онда “5” -ке бағалауға болады.
Оқушылардың білімін әртурлі деңгейде тексеруге арналған бақылау жұмысы. Қазіргі кезде оқыту әдістеріне жаңа технологияларға байланыс-ты деңгейлеп оқыту әдісі жүзеге аса бастады. Оқушылардың кез келгені жеке түлға ретінде дамып жетілуге қалауы бар, бұл табиғи заңдылық. Осы-ған байланысты оқушылардың білімдік қабілетіне қарай деңгейлі тапсыр-малар арқылы оқыту мәселесі қолға алынуда. Деңгейлеп оқытуға сәйкес қазіргі кезде деңгеилік тестік тапсырмалар, деңгейлік бақылау жұмыста-ры жүргізілуде. Ең бастысы мұнда оқушыға берілетін материалдардың күрделілігіне немесе оның өте жақсы, жақсы, орташа, нашар оқушыларға арнап бөлінуінде емес, оқушыларға қабілетіне қарай көмек беру дәреже-сінде, оның дамыта оқытуға арналғаны болып табылады.
Әртүрлі деңгейдегі қорытынды бақылау жұмыстарын барлық тақы-рыптарға байланысты алғанда мына шарттарды еске алу керек:
– бірінші деңгейге тақырыпты меңгеруден алған білімдерін өзгеріссіз қолдана алатындай, яғни анықтамаларды, тұжырымдарды, формулалар мен зандарды білетіндігін анықтауға тапсырмалар, сұрақтар беріледі;
– екінші деңгейге оқыған материалдарын жүйелеуге, реттеуге арнал-ған, яғни меңгерген білімі негізінде есептерді шешу, сұрақтарға жауап бе-ру сияқты тапсырмалар алынады;
– ушінші деңгейге танымдық ізденіс (эвристикалық) түріндегі есеп-тер беріледі (мұнда есепті шығару барысында білімдерін жетілдіретіндей және терендетіндей болуы керек;
– төртінші деңгейге шығармашылық-танымдық формадағы есептер беріледі.
Мұндай деңгейлі бақылау тестеріндегі сұрақтар міндетті және қо-сымша деңгейдегі тапсырмалардан тұрады. Мысалы, 10 сыныпқа арналған «Электромагниттік индукция» тақырыбына арналған бақылау жұмысының бір нұсқасын алып көрелік (әдетте мұндай нұсқалар 6 болады).
Мысалдар: бақылау жұмыс түрлері
I-нұсқа
А.Міндетті деңгейдегі тапсырмалар.
1. Қандай физикалық шаманың өлшем бірлігі 1 Генри?
а) магниттік өріс индукциясы;
ә) электросыйымдылық;
б) өздік индукция;
в) индуктивтілік;
г) магнит ағыны;
2. Магнит ағыны арқылы контурда 3 секундта 9 Вб-ден 3 Вб-ге дейін біркелкі азая отырып, пайда болатын ЭҚК индукциясының шамасы қан-дай?
а) 27 В; ә) 9 В; б) 3 В; в) 2 В; г) 1 В;
3. 10 а токта 1 Вб магнит ағыны пайда болатын соленойдтағы магнит өрісінің энергиясы қанша?
а) 3,3 Дж; ә) 10 Дж; б) 2 Дж; в) 8 Дж; г) 5 Дж.
4. Индукциясы 8 мТл біртекті магнит өрісінде магнит индукциясы векторына 300 бұрыш жасай активті бөлігінің ұзындығы 25 см өткізгіш, 5 м/с жылдамдықпен орын ауыстырады. Индукцияның ЭҚК. табыңдар.
а) 2 мВ; ә) 4 мВ; б) 5 мВ; в)6 мВ; г) 8мВ;
5. Контурда 4 А ток 20 мВб магнит ағынын туғызады. Контурдың ин-дуктивтілігі қандай?
а) 80 Гн; ә) 5 мГн; б) 10 мГН; в) 40 мГн; г) 5 Гн.
6. Ток күші 10 А болғанда, индуктивтілігі 0,2 мГн контурда қандай магнит ағыны пайда болады?
а) 4 мВб; ә) 2 мВб; б) 1 мВб; в) 3 мВб; г) 5 мВб.
Б.Қосымша деңгейдегі тапсырмалар
7. Егер үзындығы L металл стержень индукциясы В вертикаль бағыт-талған біртекті магнит өрісінде горизонталь жазықтықпен стерженнің бір ұшы арқылы өтетін ось арқылы айналу жиілігі v жылдамдықпен айналатан болса, онда осы стерженьде пайда болатфн ЭҚК шамасыкандай?
а); ә); б); в) ; г);
Жауапты негіздеп дәлелдеңдер.
8. Радиусы 8 см орам ішіндегі магнит ағыны 5,9 мс-та 18,6мВб-ге өз-гереді. Орамдағы қйынды электр өрісінің кернеуін табыңдар.
а) 1 мВб; ә) 4 мВб; б) 4 Вб; в) 2Вб; г) 2мВб.
Тест түріндегі берілген деңгейлік бақылау жұмысы әр нүсқа бойын-ша сегіз сұрақтан түрады, егерде әрбір сұраққа-бір ұпайдан берілетін болса онда барлық жинаған ұпайы 8 болса, бағасы “5”, ұпайы 6-7 болса, бағасы “4”, ұпайы 4-5 болса, бағасы “3” болады.
Сондай-ақ оқушылардың білімін деңгейлеп тексеруге бақылау жұ-мыстарын өткізуге болады. Мысалы, 8 сыныпта “Жарық құбылыстарына арналған деңгейлік” бақылау жұмысының бір нұсқасын қарастырайық. Мұнда бастапқы деңгей, орташа деңгей, жеткілікті деңгей, жоғарғы деңгей (әр деңгейде 6 нұсқа бар).
Бастапқы деңгей
1-нұсқа
1. Сәуленің түсу бұрышы 25° тең. Түскен және шағылған сәулелер-дің арасындағы бұрыш нешеге тең?
2. Үш линзаның фокус аралығы 1,25 м; 0,5 м және 0,04 м-ге тең. Қай линзаның оптикалық күші көп?
3. Алыстан көрмейтін және жақыннан жақсы көрмейтін адамдарға қандай көзілдірік арналған? Егер линзаның оптикалық күштері мынандай болса: -1 дптр; +2 дптр; -1,5 дптр; -2,5 дптр.
Орташа деңгей
1-нұсқа
1. Нақты кескінді жорамал кескіннен қалай ажыратуға болады?
2. Көздің оптикалық күші қай кезде үлкен болады, денені алыстан немесе жақыннан қарағанда?
3. А1 және А2 екі жарық көзінен жарықталынған доптың көлеңкесін және шала көлеңкесін сызбада (суретке қарап) кескіндендер.
Жоғары деңгей
1-нұсқа
-
Айнадағы зат кескінін өзіне дәл ұқсас деп айтуға бола ма?
-
Фотоаппарат объективінің фокус аралығы 10,5см. Затты өз өл-шемінен 5 есе кішірейтіп түсіру үшін, объективтен зат қандай қашықтықта орналасуы керек?
-
Сіз көзілдірік таып алдыңыз. Оның иесінің алыстан немесе жа-қыннан көргіштігін анықтауға қандай тәсіл ұсынуға болады?
-
АВ – зат, А1В1- заттың кескіні, А1В1/АВ=5. Линзаның оптика-лық күші 40 дптр. Линзадан денеге дейінгі және линзадан кескінге дейінгі аралықты табыңдар. Есебін салу арқылы тексеріндер.
Әрине мұндай деңгейлік бақылау жұмысын оқушы міндетті түрде меңгеруге тиіс базалық деңгейдің (бастапқы деңгей) болуы, яғни оқушы-ның бағасы “3”. Оқушыға базалық деңгеймен қатар оқу мәнін, мазмұнын тереңдете меңгеруіне мүмкіндік жасалуы қажет. Ол үшін стандарт талап-тарынан асатын меңгертудің 3-4 деңгейі (орташа, жеткілікті, жоғары) қа-растырылады және оқушының қабілетіне қарай жеке бақылау жұмыстары жүргізіледі. Мұндағы 4 деңгей (жоғары) олимпиадаға қатысатын, шығар-машылықпен жұмыс істейтін дарынды оқушыларға арналған.
2.2.Физикалық диктант арқылы
Физикалық диктант – бұл жазбаша бақылаудың ең соңғы кездегі пайдаланып жүрген түрі. Физикалық диктант көбінесе 7-8 сынып оқушы-ларьша кенініен қолданылады. Физикалық диктант оқушыларды өтілген материалды бекіту, есептер шығару, өткенді қорытындылау, үй жұмысын тиянақты орындауын, оқушылардьщ ебдейліктерін жетілдірудің бір құра-лы болып табылады. Физиканы оқытуда физикалық диктант көмегімен мы-нандай дидактикалық мақсаттар орындалады: оқушылардың білімдерін са-раптау; оқу үрдісін жинақтау, оқыту нәтажесін тексеру.
Физикалық диктант жазу тақырыпты қайталау немесе оқып үйрену мақсатанда ұйымдастарылады және 10-20 минутқа созылады. Физикалық диктант мұғалімнің оқуымен оқушылар оған жалғастыратындай немесе жауап жазатындай сұрақтар тізбегін көрсетеді. Оқушылардың шамамен бірдей уақыттарын алатындай және қысқа болуы үшін мынандай сұрақтар жиыны берілуі тиіс:
-
физикалық шамалардың әріптік белгіленуі, олардың өлшем бірліктерінің аталуы (I деңгей);
-
физикалық шамалар мен олардың өлшем бірліктерінің анық-тамасы, өлшем бірліктер арасындағы қатынас (I және II деңгей);
-
физикалық құбылыстар мен физикалық заңдар, физикалық шамалар арасындағы математикалық байланысты қалыптастыру (І жә-не деңгей);
-
физикалық шамалардың географиялық орнына байланысты тә-уелділігі (ІІ және ІІІ деңгей);
-
физикалық құрал –жабдықтар, олармен жұмыс істеу ережелері (І және ІІІ деңгей).
Физикалық диктант көмегімен білім мазмұны мыналарға негізделеді; физикалық шамалардың анықтамасы мен олардың өлшем бірліктерін таға-йындау, физиканың барлық бөлімдеріне ортақ болғандықтан, жоғарыда келтірілген білім деңгейі әрбір оқушыда тексерілуі тиіс; физикалық шама-лар арасындағы байланыстың сипатын ажырата білуі, оны графикте кес-кіндей білу; оқытылған заңдылықтар мен олардың практикада қолданы-луын түсіндіру болып табылады.
Диктант көлемі, ондағы сұрақтар саны тексеріліп отырған физика бө-лімінің тақырыптарының ерекшеліктерімен, оқу мақсатымен, оқушылар-дың жас ерекшеліктерімен анықталады.
Физикалық диктант нұсқасының саны, оның мазмұны мен сұрақтар көлемінен тұрады.
Диктанттың мәтіні анық әрі қысқа болуы тиіс, бір немесе екі нұсқа дайындалады. Диктанттың мазмұны, яғни мәтіні алдын- ала магниттік тас-пада жазылып алынады немесе мұғалім ауызша оқиды. Диктантты тексеру жұмысын сыныпта жүргізуге болады.
Егер жауап анықтаманы тұжырымдайтын болса, онда диктантта екі нұсқаны қарастыру керек. Мысалы, механикалық қозғалыстың сипаттама-сы туралы білімін тексеру кезінде екі нұсқа болуы мүмкін.
Механикалық қозғалыстың сипаттамасына физикалық диктант
І нұсқа |
ІІ нұсқа |
1.Қозғалыс анықтамасы. |
1.Механикалық қозғалыс анықтамасы. |
2.Жолдың анықтамасы. |
2. Траекторияның анықтамасы. |
3.Орын ауыстырудың анықтамасы. |
3. Орын ауыстырудың суретінен жолдың айырмашылығын көрсету |
4. Жылдамдықтың анықтамасы. |
4.Жылдамдықтың өлшем бірлігінің анықтамасы |
5.Үдеудің өлшем бірлігінің анықтамасы. |
5.Үдеудің анықтамасы |
Егер диктант сұрақтары бірдей мағыналы болса, онда олардың әр-қайсысын ұпайлар үлесімен бағалаған дұрыс. Бұл мұғалімнің диктантты бағалауын жеңілдетеді. Мұғалім бағалау ережесін оқушыларға айтқан бол-са, онда диктантты жазып болғаннан кейін, оқушыларға дұрыс жауапты оқып, оларды түсіндіреді. Оқушылар өз жауаптарын тексеріп, түзетеді, со-дан кейін өздерін бағалайды. Содан кейін мұғалім әрбір сұраққа берілген ұпай санын атап, диктанттан кім қандай баға алғандығын ұйымдасқан түр-де айтуларын сұрайды.
Мұғалімнің диктантты талдап және бағалауды оқушылардың өздері-не сеніп тапсыруы, әр оқушының сынып алдындағы дәрежесін көтереді, әрі өзіне деген сенімін күшейтеді. Оқушы келесі диктантқа жақсы дайын-далып келуге тырысады. Ал диктанттың сынып алдында толық талқыла-нуы оқушының жіберген қатесінің себебін түсінуге мүмкіндік береді.
Диктанттан алған баға журналдың жеке графасына қойылады, ол мұ-ғалімге келешекте оқушылармен жекелей жұмыс ұйымдастыруға мүмкін-дік береді.
Физикалық диктантты жүйелі түрде өткізу оқушыларға психология-лық және тәрбиелік әсер етеді. Олар материалды тиянақты оқып-үйренуге қалыптасады. Сабаққа дайындалу кезінде оқушы мұғалім қандай сұрақты жаппай сұрайтынын, қайсысын жекелей, ал қайсысын физикалық диктант алу арқылы тексеретінін болжайды. Оқушылар өз білімдерінің жан-жақты, толық тексерілетініне, әділ бағаланатынына сенімді болады.
2.3.Білімді тест арқылы тексеру
Білімді тест арқылы тексеру. Мұнда оқушы тақырып бойынша ұсы-нылған тестік сұрақтар алады. Осы сұрақтарда әрбір сұраққа 3-4-5 жауап-тан келтірілген. Олардың ішінде тек біреуі ғана толық және дұрыс болып табылады. Оқушының міндеті қойылған сұраққа дұрыс жауаптарды табу. Тест кәбінесе екі нұсқадан, әр нұсқа 20-25 сұрақтан, әр сұраққа 4 жауаптан тұратындай етіп құрастырылады. Мұндай тестік тасырмалар бір сабаққа, яғни 40-45 минутқа есептеліп құрастырылады. Әр тапсырмадағы 18-19 сұ-раққа, әрбір мектеп оқушысы міндетті түрде жауап беретіндей сұрақтар тізбегі алынады, яғни олар I және II деңгейдегі сұрақтар болуы тиіс, 3-4 сұ-рақ III деңгейді, 2-3 сұрақ IV деңгейді қамтуы керек. Егер де оқушы осы сұрақтардың 70% берген жауабы дұрыс болса, онда өтілген материалдар меңгерілген деп есептеуге болады. 25 сұрақ болған кезде қойылатын баға-лар төмендегі кестеде көрсетілген.
Тестік тапсырмаларды бағалау
Дұрыс жауаптар саны |
0-5 |
6-10 |
11-15 |
16-19 |
20-25 |
Койылатын бағалар |
“1” |
“2” |
“3” |
“4” |
“5” |
Жетістікті тестілеу - бақылаудың әділ әдісі,
соңғы уақытта бастауыш сатыға көптеп еніп жатқан тест. Тест ағылшын
сөзі, қазақшасы сынақ, тек-серу. Тестілеу - білімді меңгеру
деңгейін анықтау үшін қолданылатын тап-сырмалардың жиынтығы.
Үлгерім тестілері жетістікті тестілеу – оқушы-ның оқыту және тәрбие
арқылы қандай деңгейге жеткенін
анықтау.
Дұрыс құрылған тестілер көптеген талаптарды
қанағаттандырып, оларды орындауға көп уақыт кетпейді, сұрақтары
қысқа, нұсқа болады.
Тестілердің
түрлері:
• Ақыл-ой қабілетін, дамуын
тестілеу.
• Арнайы қабілетті
тестілеу.
• Үлгерімді, тәрбиелікті
анықтауға бағытталған
тестілер.
• Жеке сапаларды есті,
ойлауды, мінезді анықтауға арналған
тестілер.
Үлгерім тестілерінің қорытындысы оқушылардың
даму деңгейін толық
сипаттамайды.
Тест құрастыруға қойылатын
талаптар:
• білім стандартына
сәйкестігі;
• қате жауаптарды
енгізу;
• дұрыс емес жауаптардың
шындыққа жақын болу керек;
• дұрыс жауаптарды қате
жауаптармен бірге беру;
• бір сұрақ жауабының басқа
сұрақтарға жауап беруге
көмектеспеуі.
2.4. Физика есептерін шығару арқылы
Физика есептерін: мазмұнына байланысты; берілу тәсіліне қарай; ше-шу тәсіліне қарай классификациялауға болады (2- кесте).
Есептердің осы түрдегі классификациясының өзі шартгы түрде, кей-де бірдей есептер классификациялау тәсіліне қарай түрлі топтарға жатқы-зылуы мүмкін.
Мазмұнына қарай физикада есептерді механика, молекулалық физи-ка, электрдинамика т.б. больп бөлінеді. Олар мәтінмен, суретпен, график-пен және сапалық-сұрақ есептермен берілген. Бұл есептер физиканы оқыту әдістемесіндегі қолданылуына, қиындық деңгейіне қарай бөлінеді. Олар жеңіл (жаттығу), орташа және қиын, шығармашылық болып бөлінеді, Же-ңіл есептер немесе жаттығу есептері деп бір немесе екі формула қолданып шығаратын, жеңіл тәжірибе жасау арқылы шығарылатын есептерді айтады. Бұл есептерді материалды бекіту үшін қолданады.
Физика есептердің классификациясы
Физика есептері |
|
Классификациясы |
Есеп түрлері |
1. Мазмұнына |
а) механикаә)молекулалық физика және термодинамика б) электродинамика в) кванттық физика
|
2. Берілу тәсіліне қарай |
а) мәтінмен берілгенә)суретпен берілген б) графикпен берілген в) сұрақ есептер
|
3. Қиындығына қарай |
а) жаттығуә) орташа б) қиын в) шығармашылық
|
4. Шыгару әдісте-месіне байланысты |
а) сапалықә) есептеу б) эксперименттік в) графиктік
|
Орташа және қиындау есептер деп бірнеше формуланы, кейде бір та-раудағы формулаларды немесе бірнеше бөлімнің формулаларын қолданып шығаратын есептер мен белгілі бір дағдыны керек ететін эксперименттік есептерді айтады. Мұндай есептерді толық тарауды немесе бөлімді қайта-ланған кезде, оқушылардың білімін нақтылап тереңдету үшін шығарған дұрыс.
Шығармашылық есептердің өзі іздену (яғни, неге деген сұраққа жа-уап іздейтін) есептер, конструкторлық (яғни қалай жасау керек) есептер болып болып бөлінеді.
Шығармашылық есептер есептер жинағында жұлдызша арқылы ерекшеленіп тұрады. Оларды сыныптағы физика пәнін жақсы оқитын оқу-шымен жұмыс істеген кезде, олимпиадаларға (мектептегі сынып аралық, мектеп аралық) қатысатын оқушыларға беріп, шығартып үйреткен кезде пайдалануға болады.
Есептің берілу тәсіліне қарай (4 түрге бөледі) мәтінді, графиктік, сұ-рақ-есептер, сурет-есептер болып бөлінеді. Мұндай бөлінудің өзі шартты түрде, себебі кей есептер суретімен, графиктерімен қоса жүреді.
Есептер шығарылу әдістемесіне байланысты сапалық, сандық немесе есептеу-есептері, графиктік, эксперименттік болып бөлінеді. Мүндай бөлі-ну қажетті және маңызды, себебі мұғалімнің оқушылардың математикалық дайындықтарына қарай есеп таңдауына көп септігін тигізеді.
Сапалық есептердің физикалық құбылыстар мен зандылықтарды оқып үйренуде маңызы өте зор. Мысалы, тербелісті оқып үйренгенде:
-
Алтыбақанға бір адам емес, екі адам отырса тербеліс периоды өзгере ме?
-
Серіппедегі дененің массасын екі есе арттырсақ, оның тербеліс периоды қалай өзгереді? 3. Егер де дене бекітілген серіппені қатаңдығы бұ-рынғыдан екі есе артық серіппемен ауыстырсақ, дененің тербеліс периоды қалай өзгереді? —деген сапалық есептерді шығару арқылы тербеліс пери-одын анықтауға берілген формулаларды оқушылардың естерінде қалды-рып, бекітуге болады. Әрі олар оның практикада күнделікті өмірде қолда-нылуымен танысады.
Сапалық есептердің ерекшелігі мұнда оқушылардың ойын жинақтап, белгілі бір физикалық құбылыстардың мағынасын ашуға көмектеседі. Оларды логикалық ойлау арқылы физиканың заңдылықтарына сүйене оты-рып шығарады. Мысалы: суға көлемдері бірдей мыс және алюминий куб-тар батырылған. Осы кубтарға шама жағынан бірдей кері итеруші күштер әсер ете ме? Есептеу есептеріне тән қасиет берілген сұраққа жауапты ,тек математикалық амалдарды қолдана отырып табуға болады. Мұндай есеп-терді көбінесе жоғарғы сыныптарда қолданады.
Шығарылудағы математикалық тәсілдерді қолдануға байланысты есептер арифметикалық, алгебралық, геометриялық болып бөлінеді. Осы-лардың ішінде көп қолданылатыны — алгебралық.
Есептеу есептері физикада жиі кездеседі. Соның ішінде шамалардың сан-мәнімен берілген есептер көп. Қазіргі кезде есептегіш құралдардың көптігін ескерсек, мұндай есептерді шығару көп қиындық туғызбайды. Әйтседе физика пәнінің мүғалімдері таза физикалық есептерді (шамалар-дыңщ сан-мәндері берілмеген есептер) уақыт үнемдеу үшін көптеп шыға-рылғаны дұрыс. Мысалы:
-
Сыйымдылықтары С1, және С2 жазық конденсаторлар U1 жә-не U2 потенциалдар айырымына дейін зарядталған (U1≠ U2). Осы конден-саторларды параллель қосқан кезде олардың электрстатикалық энергиясы кемитіндігін көрсетіңіздер. Неге олай болады?
-
Радиусы R және сыну көрсеткіпгі п мөлдір шарға бір диаметрі-нің бағыты бойынша жіңішке параллель жарық шоғы түседі. Жарық шоғы шар центрінен қандай f қашықтықта қиылысады?
-
Қатандығы k серіппеге ілінген массасы М ыдысқа һ биікгіктен массасы т дене құлайды да ыдыста қалады, яғни оның ыдыс түбіне соғы-луын абсолют серпімсіз деп есептеуте болады. Ыдыс пен дене тербеле бас-тайды. Тербеліс амплитудасын анықтаңыздар (1-сурет).
-
Массасы m, температурасы Т болатын бір атомды идеал газдың ішкі энергиясын есептеп табындар.
Мұндағы төртінші есепті идеал газдың ішкі энергиясы тақырыбын оқыи үйренгенде, жаңа материалды өткен кезде, яғни жаңа сабақты түсін-діруге қолдануға болады.
Эксперименттік есептерді шығару үшін, арнаулы құрал-жабдықтар-дың көмегімен тәжірибе жасап, нәтижесінде алынған шамалар арқылы есеп шығарылады. Эксперименттік есептерді шығару үрдісінде оқушылар-дың қызығушылығы артып, бақылағыштығы дамып, құрал-жабдықтармен жұмыс істеу дағдылары мен икемділіктері жетіледі. Оқушылар физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды тереңірек танып біледі.
Графиктік есептер деп график бойынша берілген есепке керекті ша-маларды анықтап шығаруға болатын есептерді айтады.
Графиктік есептерді шығару үрдісінде графиктерді салу, графиктер-ден қажетті шамаларды тауып, есептеулерде қолдана білуге дағдыланады. Графиктерді салу, тұрғызу кезінде оқушылар физикалық шамалар арасын-дағы функциялық тәуелділігін түсінуге, ұқыптылыққа уйренеді, яғни олар-дың танымдық және политехникалық мәні өте зор.
III.Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары.
Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
Атап айтқанда,
• тексерудің және бақылаудың жүйелілігі, тұрақтылығы, міндет-тілігі. Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын на-шарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
• әрбір оқушы өзінің білімінің, іскерлік дағдысының бағаланаты-нын түсіну керек. Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құ-рылымына тұрақты түрде енсе, онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тап-сырмаларына жауап беруге дайын болады.
• оқушылардың білім, іскерлік және дағдылары мемлекеттік .оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру - білімді ба-ғалаудың негізгі өлшемі. Мұғалім оқушының қосымша біліміне, оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес, нұсқау, беріп, баға қоймайды.
• оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және ба-ғалау арқылы, білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына, жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын, оқуға әсерін білу;
• білім, іскерлік, дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
• байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
• мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап, бағалауға, кемшілік-терді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
• бағаны әділ қойылуы;
• оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
• әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
• бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмен-демеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.
1. Білім мен дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндетте-рі. Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау – оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі оқушы-лардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді. Мұ-ғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды. Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқу-шылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық білімдердің меңгерілуі деңгейін анықтайды
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер білімді тексермесе, онда оқушы өз білімін терең, жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды. Оқушы баға алған соң өзінің мектептегі, үйдегі жұмыс-тарын жетілдіруге, жақсы сапаларын дамытуға, білім, іскерлік, дағдыла-рындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.Білім, іскерлік және дағ-дыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді. Оқушылардың өз оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиын-дықты жеңуге ұмтылады. Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар. Мектеп-тің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушы-лардың үлгеріміне қарап бағалайды. Мектеп әкімшілігі, қалалық, аудан-дық, облыстық білім беру ісін басқару органдары, Білім және ғылым ми-нистрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын, мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.
2. Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру. Бұл әдіс ар-қылы мұғалім оқушылардың төртібін, білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін, тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын, оқуға икемділігін, қызығушылы-ғын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп, мұғалім оқушылардың жеке ерекшіліктерін анықтап, оларды өз жұмысында қолданып, оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және ба-ғалауға мүмкіндік алады.
Ауызша жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап, кеңес-тер береді, міндеттер қояды.
Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп бағалау үшін жиі қол-данылады. Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойын-ша сұрақ беріп, жауаптарын бағалап, материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды. Кейде балалардың білімін ауызша тексеруді әң-гімелесу деп атайды. Мұғалім бір оқушыға барлық тақырыпты түгел баян-датады. Толық жауап білімінің тереңдігін, жүйесін көрсетеді. Бірақ оқушы-лардың білімін ауызша тексерудің кемшіліктері де бар, себебі оған көп уа-қыт кетіп, 45 минут ішінде 3-4 оқушының ғана білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Ауызша тексерудің жетілдірілген түрі жаппай
тексеру. Бұл әдіс ар-қылы мұғалім оқылған материалды ұсақ
бөліктерге бөліп, оларды оқушы-лардың қалай меңгергенін білу үшін
сыныпқа сұрақтар беріп, олардың бі-лімдерін тексеріп, көп
оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік ала-ды. Бірақ жаппай
тексеру арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын, себебі бір-екі шағын
сұраққа жауап берген оқушының толық білімін анықтау
қиын.
Ауызша сұрауға сабаққа үнемі қатысып отырған
оқушылардың біліміне ұпай беру де жатады. Мәселен, өз жолдасының
жауаптарын толықтырған, нақтыландырған және тереңдеткен оқушылар,
мысалдар келтірген, мұға-лімнің жаңа материалды баяндау кезінде
қойған сұрақтарына жауап бер-ген, жаңа тақырыпты тез түсінген
балалар ұпай ала алады. Сабақтың со-ңында аталған өлшемдер бойынша
4-8 оқушыға ұпай беріп, олардың танымдық белсенділігіне және
зейініне жақсы әсер етіп, баға қорын жи-науға
болады.
Баға 5 балдың шкала бойынша қойылады. Жақсы оқитын оқушылар оқу жұмысында үлкен белсенділік танытады, сондықтан оларды бағалау қиын емес, бірақ та басқа оқушыларға да сабақтың соңында баға қойыла-тыны ескертіледі.
Жазбаша сұрау бастауыш мектепте сирек қолданылады, 1-сыныптың алғашқы жарты жылында ол мүлдем қолданылмайды, себебі оқушылар әлі жазуға дұрыс үйренген жоқ. 2-3 сыныптарда жазбаша әдіс арқылы білімді тексеру жиі қолданылып, жалпы білім беретін мектептің негізгі және жоға-ры сатыларында білімді тексерудің негізгі әдістерінің біріне айналады. Жазбаша білім тексеру әдісін көбіне өздік жұмыс деп атайды. Бұл әдіс ар-қылы мұғалім тақтаға, парақтарға, карточкаларға 10-12 минут ішінде орын-далатын тапсырмаларды жазып қояды. Жауаптардың қорытындыларын сы-нып журналына белгілеп, бір сабақта көп оқушылардың білімдерін баға-лауға болады.
Жазба жұмыстары үйде және сыныпта орындалады.
Тарих, геогра-фия, биология, химия, физика пәндерінің мұғалімдері
оқушыларға сурет салдырады, сызба, диаграмма сыздырады, картамен
жұмысты бағалайды.
Бақылау жұмысы. Оқу бағдарламасының жекелеген
тақырыптарын және бөлімдерін өтіп болған соң жазбаша немесе
тәжірибелік бақылау жұмыс-тары
өткізіледі.
Бақылау жұмысының алдында мұғалім оқушылардың
оқылған мате-риалды меңгергенін анықтау мақсатымен жазба жұмыстарын
жүргізеді. Егер оқушылар тақырыпты не бөлімді жақсы меңгермесе,
онда бақылау жұмысы жүргізілмейді, оқу материалын меңгерту
бағытында еңбектенеді.
Оқушылар бақылау жұмысына дайындалу үшін,
мұғалім бақылау жұмысы болатынын бір-екі апта бұрын хабарлап,
дайындық жұмыстарын ұйымдас-тырады. Мысалы, бақылау жұмысына ұқсас
тапсырмалар орындау және жаттығулар жазу. Алдын ала бір бақылау
жұмысын жүргізіп, оқушылар-дың болашақтағы бақылау жұмысына
дайындығын тексереді.Бақылау жұ-мысы кезінде оқушылардың тәртіп
бұзбауы үшін оларға түрлі-түрлі тап-сырмалар
беріледі.
Бақылау-тексеру жұмыстары арқылы оқушылар жаңа есептер шыға-рады, олардың білімдері, оқиғаларды, хронологияны білуі тексеріліп, дик-танттар, мазмұндамалар, шығармалар жазылып, бұйымдар әзірленіп, сурет салынып, сызба жұмыстары жүргізіледі, баяндама, рефераттар оқылады.
Оқушылардың дайындығын зертханалық-тәжірибелік жұмыстар ар-қылы тексеру
3. Зертханалық жұмыстар арқылы тексеру физика, химия, биология, еңбек пәндерінде оқушыларға құралдар, қондырғылар арқылы тәжірибе жасатып, шамаларды өлшету үшін қолданылады.
Қысқаша зертханалық жұмыстар жасағанда оқушыларға өлшейтін құралдар арқылы өлшеу жұмыстарын жүргізеді.
Бақылау зертханалық жұмысы кезінде оқушылар екі топқа бөлінеді. Сыныптың бір тобы жазба жұмысын, екіншісі зертханалық жұмыс орын-дайды, олардың экспериментке керекті іскерліктері мен дағдылары тексе-ріледі. Зертхана түріндегі бақылау жұмыстарын бір немесе бірнеше тақы-рып бойынша өткізуге болады. Оқушыларға олардың қандай тәжірибелік іс-әрекеттері тексерілетінін алдын ала айту керек. Бақылау жұмыстарын әркім өз бетімен орындайды, жұмысқа керекті құралдарын әзірлейді, оны білетінін анықтау үшін, оларды үстелдің үстінен алғызуға болады. Оқушы қолданылатын құралдарды алып, құрастыру сызбасын сызады, тәжірибе өткізеді, тақтадағы сұрақтарға жауап береді. Әрбір сұрақ тәжірибеге керек іскерліктерді тексеруге бағытталған. Жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап, окушылардың деңгейлерін дәптерге жазып отырады.
Бақылау-зертханалық жұмысқа жазбаша есеп және мұғалімнің бақы-лауының нәтижелеріне қарап баға қойылады.
Оқушылардың құралдармен, қондырғылармен жұмысын көбейту үшін баспа әрпімен терілген дәптерлерді, микрокалькуляторлар қолданы-лады. Шеберханадағы, оқу-өндірістік бригадалардағы жұмыста оқушылар-дың тәжірибелік дайындығы тексеріледі.
Тексерудің негізгі әдісі – мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін жүйе-лі түрде бақылауы. Бөлшектерді дұрыс құрастыру, аспаптар мен қондыр-ғыларды дұрыс қолдану, мектеп жанындағы учаскеде тәжірибені дұрыс жүргізу бағаланады.
Тәжірибелік жұмыс мазмұнына жетіспейтін жабдықтарды, материал-дарды құралдарды өз бетімен табу, теорияны оқу және қайталау, жұмыс орнын ұйымдастыру, техниканы және технологияны есептеу, қондырғы-ларды жинақтау және өзірлеу, экспериментке, жұмысқа керекті құралдар әзірлеу, эксперимент өткізу, құрастыру жұмыстарын жасау, қауіпсіздік техникасын, еңбек гигиенасын сақтау, есеп жазу, еңбек төртібі енеді.
Әр оқушының тегі, аты-жөнінің тұсына жұмыс түрлерінен алған ба-ғалары қойылады, әрбір жұмысқа берілген бағадан қорытынды баға шыға-рылады. Мұғалім жұмыс кезінде жіберілген кемшіліктерді айтып, әр оқу-шыға дер кезінде, нақты көмек береді.
4. Машинамен тексеру әдістері. Кейбір мектептерде білімді автомат-ты түрде тексеретін сыныптар болады. Демонстрациялық үстелде сұраққа дұрыс жауап берілсе, қызыл шырақ жанады. Мұғалім оқушының білімін-дегі кемшіліктерді біліп отырады.
Кейбір мектептерде тексеруші оқу машиналары қолданылады. Ма-шинада бірнеше сұрақтардың жауаптары болады. Машина 3-5 жауаптың біреуінің дұрыс екенін хабарлап, оқушы қате жауап берсе, белгі бермейді, немесе жауаптың қате екенін айтады. Оқу процесіне электрондық-есеп-тейтін техникалар, компьютерлер көптеп енгізілуде. Оқушы пәндер бойын-ша тақырыптарды қалай меңгергенін тексере алады.
5. Өзін-өзі бақылау әдістері. Өзін-өзі бақылау әдістері – оқушылар-дың оқу жұмысының маңызды элементі. Үй жұмысын оқушының өзі тек-серетін тәсілдері: Оқулық мәтінін оқып, оның жоспарын құру, ол жоспар-мен мәтіннің негізгі ойын айтып беру, әр тақырып соңында бақылау сұ-рақтарымен жұмыс істеу, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, оған жауап беру.
Оқушылардың үй жұмысын тексеру – бастауыш мектептегі негізгі әдістердің бірі. Күнбе-күнгі тексеру жақсы нәтиже береді. Бұл әдіс арқылы мұғалім меңгерілген білімнің сапасын бақылап, оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап, келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгізеді. Дәстүрлісі және тиімдісі – оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәп-терлерді тексеру. Оқу үлгерімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тек-серіп, жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады. Кейде сабақтың соңында үй жұмысын тез тексеруге болады, ол үшін оқу-шылар жаттығу жазып, немесе шағын өздік жұмыс орындап жатқан кезді пайдаланған дұрыс. Оқушылар тек дұрыс жауапты айтады, мұғалімнің қате жауаптарды талдауға уақыты жетпейді. Сондықтан осындай тексеруден ке-йін нашар оқушылармен жұмыс істеледі.
Кейбір мұғалімдер оқушылардың үй жұмыстарын бір-біріне тексер-теді. Бұл тәсілдің екі нұсқасы қолданылады: 1) оқушылардың бір-бірінің дәптерлерін тексеруі; 2) бір оқушының тақтаға үй жұмысын жазуы (Бұл кезде сынып басқа тапсырмаларды орындайды: ауызша ережелерді қайта-лайды, басқа тапсырмаларды тексереді). Оқушының тақтадағы жұмысына қарап, басқалары өз жұмыстарындағы қателерді түзетеді.
Бастауыш сыныпты бітірер алдында басқа
тәсілдер қолданылады. Жаппай сұрау арқылы оқушылардың есептерінің
нәтижелері анықталады.
Сынақ-емтихан әдісі арқылы ірі тақырыптарды,
курстың бөлімдерін неме-се тұтас курсты оқып үйренудің
қорытындылары шығарылады. Оқушылар монолог түрінде жауап бере
алады. Сұрақ-жауап арқылы және алдын ала әзірленген сұрақтар,
тапсырмалар арқылы да оқушылардың білімдері
тек-серіледі.
Белгілі бір тақырып бойынша қосымша оқу ақпараттарын жинаған, оқу-тәжірибе учаскесінде өсімдік өсірген, шеберханада бұйым жасаған, өтілген курс бойынша реферат жазған оқушыларға сынақ қойылып, сапалы жұмыстар есептеледі. Жұмыстың түріне байланысты жеке оқушының, топ-тық немесе ұжымның жұмыстарына баға беріледі. Мәселен топ және ұжымға оқу-тәжірибе учаскесінен жақсы өнім алғаны үшін "есептелді" де-ген белгі қойылады.
Емтихан - мұғалімнің, мектептің жұмысына мемлекеттің бақылау жасау құралы. Емтихандар білім беру ұйымдарының бақылауымен және басшылығымен өткізіледі. Олар оқушылардың білімдерін қорытындылауға және жүйелеуге көмектесіп, оқытудың беріктілігі принципін жүзеге асы-рып, оқушыларды саналы тәртіпке үйретіп, оқуға ынталандырады. Сон-дықтан емтихандар оқу жұмысының сапасын көтерудің тиімді құралы болып табылады.
Емтихан жылы шырайлы жағдайда өту үшін барлық оқушыларға би-леттің сұрақтары беріледі. Тек қана практикалық тапсырмалардың, есеп-тердің мазмұны туралы айтылмайды.
6. Оқыту нәтижелерін бағалау. Бақылау –
білім, іскерліктерді анық-тау, өлшеу және бағалау. Тексеру –
бақылаудың бір бөлігі, негізгі дидак-тикалық қызметі мұғалім мен
оқушы арасындағы кері байланысты қамта-масыз ету, оқушылардың
материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалім-нің ақпарат алуы,
білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу. Бақылаудың жалпы қызметі;
тексеру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру. Тексе-рудің мақсаты
- оқушылардың білім деңгейін, оның сапасын, оқу еңбегінің көлемін
анықтау.
Бақылау арқылы процеске, оның нәтижелеріне
баға беріледі. Үлгерімнің табеліне, сынып журналына бағалар
қойылады. Әділ бағаның ықпалымен оқушылар дұрыс баға беруге
үйренеді. Үлгерімді диагностикалау мен ба-қылаудың маңызды принципі
әділдік, жүйелілік, көрнекілік. Баға әділ қо-йылу үшін
диагностикалық тестілердің (тапсырма, сұрақтардың) мазмұны ғылыми
әдістермен жасалып, мұғалімдер мен оқушылардың арасында дұ-рыс
қарым-қатынас болу керек.
Жүйелілік принципінің талабына сәйкес
диагностикалық бақылау бі-лімді қабылдаудан оны тәжірибеде
қолдануға дейін жүру керек.Көрнекілік принципіне сәйкес барлық
оқушыларды бір өлшеммен сынақтан өткізіп, бағаны талдап қойып,
тестілердің нәтижелері
талқыланады.
Тексеру жүйесіндегі бірінші звено-білім,
іскерліктерді алдын ала талдау. Ол оқу жылының басында өткізіліп,
оқушылардың өткен оқу жылындағы білімдері немесе 1-сыныпқа
қабылданған оқушылардың мектепке әзірлігі анықталады. Тексеру
нәтижелеріне сүйеніп, оқушылардың білім, іскерлік-теріндегі
кемшіліктерді жоюға бағытталған оқу жұмыстары
жүреді.
2-бөлім: әр тақырыпты меңгеру процесін күн сайын тексеру.
3-бөлім: жаңа материалды оқумен қатар бұрынғы оқылған материал-дарды қайталау, қайта тексеру, білімді бекіту.
4-бөлім: оқушылардың білім, іскерліктерін жүйелеу мақсатымен бө-лім, тақырыптар бойынша мезгіл-мезгіл тексеру.
5-бөлім: дидактикалық процестің барлық кезеңінде алынған білім, іс-керліктердің қорытындыларын әр тоқсанның аяғында, оқу жылының со-ңында тексеру.
Кешенді тексеру арқылы оқушылардың әр түрлі пәндерден алған бі-лімдерін қолдана білуі анықталады.
Алдын ала тексеру. Тақырыпты, бөлімді немесе
курсты түсіну бұ-рынғы оқу материалдарын білуге байланысты. Егер
мұғалімде ол туралы ақпарат жоқ болса, онда ол одан әрі оқыта
алмайды, қажетті ақпаратты мұ-ғалім бастапқы білімдерді тестілеу
арқылы алып, қол жеткен деңгейді анықтайды. Бұрынғы нәтиже мен
қазіргіні салыстырып, білім, іскерліктің қандай деңгейде екенін
біліп, процестің тиімділігін талдап, өз оқушылары-ның жетістігіне
қосқан үлесі туралы қорытынды
жасайды.
Ағымдағы бақылау. Тестілік бақылау үшін 6-8
тапсырма беріліп, 5-8 минут ішінде соңғы 2-3 сабақта алынған білім
мен іскерліктер тексеріледі. Жұ-мысты аяқтаған соң міндетті түрде
қателері талданады. Ең басты назар оқушының қатесінің себептерін
білуге аударылады.
Тақырыптық бақылау үшін оның жекелеген ұғымдарын олардың ара-сындағы байланыстарды қалай түсінгендігін анықтауға тапсырмалар бері-леді. Білімді тест арқылы тексеру үшін мамандардың тестілерін қолданған дұрыс.
Қорытындыны тексеру әрбір оқу тоқсаны және оқу жылы аяғында өтеді, оқу материалы жүйеленеді және талдап қорытылады.Білімді тек-серген кезде ең алдымен өз бетімен оқу үшін өте маңызды болып табыла-тын білімдегі кемшіліктер анықталады.
Әрине, білім, іскерлік, дағдылардың меңгерілгенін тесті арқылы то-лықтай анықтау мүмкін емес. Мысалы, өз жауабына мысалдар келтіру, өз ойын жүйелі, дәлелді етіп айту тест арқылы анықталмайды.Сондықтан тест әдісі басқа тексеру формалары және әдістерімен ұштасу керек. Жазбаша тестінің жауаптарын ауызша да сұрауға болады. Тесті білімді әділ бағалай-ды, бірақ нашар оқушыға бір балл артық, жақсы оқушыға бір балл төмен қоюға болмайды.
Сонымен балалардың бәрі балабақшадан бастап тестілік сынақтан өтеді. Мемлекеттік білім стандартына сай міндетті деңгейдегі білім, іскер-лік, дағдыларды тексеруге арналған әдістемелік нұсқау жаңа оқу бағдарла-маларында жазылған.
7. Оқушылардың үлгермеушілігін болдырмау шаралары: Үлгер-меушілікті болдырмау үшін оқу материалдарын түсінбеу себептерін анық-тау керек.
Үлгермеудің негізгі себептерінің бірі - жұмыс істеу қабілетінің, ын-таның, зейіннің жоқтығы. Егер бұл сапалар отбасында қалыптаспаса, онда балаға мектепте оқу қиынға түседі.
Екінші себеп - білімнің жүйесіздігі, жауапкершіліктің төмендігі. Оқушы бұрынғы оқу материалдарын түсінбегенін мұғалім уақытында бай-қамаса, онда оқушының оқуға қабілеті жеткіліксіз болады. Әдетте мұндай оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіліп, оларға кеңес беріледі. Үшінші себеп - материалдан мәнді белгілерді бөле алмау, негізгі мен негізгі емес мәселелерді ажырата алмау, оқушылардың жаттап оқып, бәрін есте сақтау-ға тырысуы. Мұндай оқушыларға абстрактілі ойлауларын дамыту үшін талдауға, қорытындылауға жаттығулар беріледі.
Төртінші себеп - пәнге деген қызығушылықтың жоқтығы. Нәтиже-сінде оқушының зейіні, білімге деген ықыласы төмендейді. Бұл тәжірибе-сіз мұғалімнің ашу-ызасын туғызып, түрлі дау-жанжалдарға себепші бо-лады. Оқушыларға талап қою, құрметтеу, оқушының жеке тұлғалық сапа-ларын ескеру, баланы қызықтыру оның оқу жұмысын белсенді етіп, кемші-ліктерін түзетуге ықпал етеді.
Бесінші себеп - оқушының отбасындағы қолайсыз жағдай, құрбы-ларымен тіл табыса алмау, оқушының оқу жұмысын атқара алмауы, "қи-ын" балаларға еліктеуі.
Үлгермеудің басқа да себептері бар. Ең бастысы – үлгермеу себебін анықтап, жеке жұмыстың жолдарын белгілеу. Мұғалімнің, мектептің мін-деті әрбір оқушының жақсы оқуына көмектесу.
IV.Баға қою мен бағалаудың қателіктері.
1935 жылдың қыркүйек айынан бастап, бес сөздік (вербалды) баға: “өте жақсы”, “жақсы”, “қанағаттанарлық”, “жаман”, “өте жаман” – енгізіл-ді. Бұл жүйе 1943 жылға дейін сақталды. 1944 жылдың қаңтарынан оқушы білімі мен тəртібін бағалаудың сөздік бағамен сандық баға жүйесімен ауыстыру жөнінде шешім қабылданды.
Баға оқушыға білімдік
стандарттарды меңгергені үшін
қойылады.
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі -
баланы өзіне баға беруге дағдылан-дыру үшін оған бағалау өлшемдерін
түсіндіру.
Дәстүрлі төрт баллдың бағалау жүйесі:
• толық біледі (өте жақсы);
• жеткілікті біледі (жақсы);
• жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық);
• білмейді (қанағаттанғысыз).
Бірінші тәсіл арқылы мұғалім баға туралы өз пікірін айтады, бірақ оған уақыт кететіндіктен, көп қолданбайды. Екінші тәсіл - бағаны, оны не-ліктен қойғаны жөнінде күнделікке жазу. Үшінші тәсіл - үлгерім экранын шығару. Білім, іскерлік, дағдыларды бақылау және бағалау жұмыстары:
• тексеру және бағалаудың пайдасын көрсететін жағдаяттар жасау;
• "Үйге не берілді?" деген сұраққа жауап алуға уақыт кетірмеу;
• жақсы көңіл-күйге бөлеу;
• оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу;
• оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау, мадақтау;
• жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жа-сау;
• оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру (жай, темперамент, тіл кемістігі);
• жеке тапсырмалар беру;
• оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасау:
• оқушының жауабын талдау, жеке тұлғасын сынамау;
• оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға талсырманы қайта беру;
• жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолда-нуға рұқсат беру;
• бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру;
• тестілік бақылауды жиі қолдану.
Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға -бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сы-ныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек. 1-сыныпта баға қоймауға болады, басқа сыныптарда байқау, жарыс, ойындар ұйымдастырып, әр баланың өз орнын анықтауына көмек-теседі.
"5" деген баға оқу бағдарламасының мазмұнын терең және толық бі-летін, оқу материалындағы теория мен фактіні ажырата алатын, жауабын өз бетімен жүйелі етіп құрастыратын, анықтама, ұғымдарды түсінетін, тіл-дік нормаларды сақтап сенімді, қатесіз, жауап беретін қосымша материал-дар қолдана алатын, ойы оралымды оқушыға қойылады.
"4" бағасы ұғым, ереже, анықтамаларды дұрыс түсініп, дәлелдей ала-тын, бірақ кейбір жерлерін нақты айтпайтын, жекелеген қате жіберетін оқушыға қойылады.
"3" бағасы оқу материалындағы негізгі ережелерді, тәуелділіктерді үстүрт түсінген, ой-пікірлерді талдай алмайтын, жауабы жүйесіз, мұғалім көмегімен жауап беретін оқушыға қойылады.
"2" бағасы білімі жүйесіз, негізгі мен көмекшіні, теория мен фактіні ажырата алмайтын, жаттанды сөйлейтін, бағдарламаны игеруге мүмкін-шілігі жоқ, бағдарламаның материалын түсінбейтін оқушыға қойылады.
Бағалаудағы қателіктеі:
Мектеп пен жоғары оқу орындарындағы баға қоюдың субъектив қа-теліктері төмендегідей:
– кең пейілділік, орынсыз жомарттық. Баға ретсіз көтеріңкі қойыла-ды. Оқушыларды бағалаудағы “жомарттықтың” шектен асқан, бүгінгі күн-де мектеп тəжірибесінен арылуы қиындық тудырып отырған формасы - “проценттікке” жүгіну (процентомания).
– оқушыға болған ұнамды не кері қарым-қатынас күйін бағалауға, бағаға өткізу;
– көңіл-күйге орай баға қоя салу;
– тұрақты да қатаң өлшем-шектердің болмауы (деңгейі төмен жауап үшін мұғалім жоғары не ұнамсыз баға қоя салуы);
– орташа бағалау ұстанымында болу (“екілік” не “бестік” бағаларды қоймау);
– жүйе тұрақсыздығы (оқытушы көп уақытқа дейін сұрақ жүргізбей, баға қоймай не бір сабақты түгелдей сұрақ қоюмен оқушылар бағасын тізіп салу);
– өткендегі бағаға жақындау бағаны қоя салу (мысалы, оқушының өткендегі “екілігінен” кейін оған бірден “бестік” баға беру мұғалім үшін қиын сияқты);
– əсіре (ореол) қателігі (оқытушы өзі ұнатқан оқушысына жаман, жек көрген шəкіртіне ұнамды баға қоюда тартыншақтыққа түседі);
– баланың тəртібіне қойылатын баға пəн үлгеріміне ауыстырылады;
– бағаны əсіре көтеру не
себепсіз төмендету жəне т.
б.
Дегенмен, əрқандай бағаны көтере түсу немесе
төмендей бағалау негізінде неше түрлі мəн болуы мүмкін. Мысалы,
үлгерімі төмен оқушыға көтеріңкі баға қою оған психологиялық қолдау
көрсетіп, алдағы оқуда ілгерілеуіне көмектесу ниетінен болуы
мүмкін. Сондықтан бағалаудағы субъектив ой-дың бəрін бірдей
қателікті деп қарастыру дұрыстыққа
келмейді. [6]
Пайдаланылған әдебиеттер
1.
Орехова
В.П., Усова А.В. Физиканы оқыту методикасы 6-7.
Алматы: Мектсп, 1978. ХІІ-тарау. 151-159 бб.
2. Акитай Б.Е. Физика пәнінен бақылау жұмыстары меи әдістемелік нұсқаулар. Талдықорған, 1988. 4-30 бб.
3. Қазақбаева Д. Физикадан тексеру жұмыстары. Алматы, 2000. 3-9 бб.
4. К.М.Бұзаубақова, «Инновациялық педагогика негіздері», Алматы, «Білім» 2009 ж. -424 б.
5.Е.Ы.Бидайбеков, Д.Н.Исабаева, Б.І.Бостанов «Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері». Алматы, 2014 ж.-352 б.
6. Ғаламтор желісі:
6.1https://kk.wikipedia.org/wiki/),
6.2 http://zkoipk.kz/b5/330-conf.html
6.3 http://www.physic.kz/?p=817
6.4 (http://kitaphana.kz/en/articles/abstracts-in-kazakh/236-pedagogika/3229-bilim-men-dagdini-bakilay.html)
27