Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ОРЫС СЫНЫПТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ОРЫС СЫНЫПТАРЫНЫҢ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
САБАҚТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Кушерханова Жанна Нурмагамбетовна
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
ШҚО Семей қаласы
«Н.Г.Чернышевский атындағы №1 жалпы
білім беретін орта мектеп» КММ
Ата–бабамыздың ұрпағына мұра еткен бар асылының қаншама ғасырлар бойы өшпейтіндей етіп, артына із қалдыруы - көрегенділіктің көрінісі. Адамзат баласының өз тіршілігінде көрген–білгенін, тоқып–түйгенін, қорытып келешек ұрпағына мирас етіп қалдырғаны-табиғи заңдылық. «Мәңгілік Ел-жалпы Қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы болатын. Ендігі ұрпақ-Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің ұлттық идеясы-Мәңгілік Ел!» деп елбасымыз нақты атап өткендей, әлеуметтік маңызы зор құндылықтың мән-мағынасын ұғындыру, баланың санасына, сезіміне, түйсігіне, мінез-құлқына әсер ететіндей дәрежеде жеткізу ұстаздық шеберлікті талап етеді. Атадан балаға ұласатын ұлттық құндылықтар үлкендердің ұлағатты сөздерінен, іс-қимылынан танылып, сезім арқылы жүректен-жүрекке беріліп отырған. Егеменді ел жастарының санасына ұлттық ұлағатты қасиеттерді сіңіре білудің маңызы зор.
Қазақстан Республикасының баянды тәуелсіз ел болуы үшін ұлттық құндылықтар, тәрбие арқылы халық педагогикасынан нәр алып адами құндылықтардың барлық саласын бойына сіңірген, таза елжанды азаматтар қажет. Қазақ елі үшін бар білімі мен қабілетін сарып ететін, елін, туып өскен жерін, тілін, халқының салт-дәстүрін, тарихын, дінін, мәдениетін құрметтейтін жеке тұлға тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу дегеніміз-халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған тәжірибесі мен ізгілік қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру. Бүгінгі таңда жаhандану үрдісі жүріп жатқан жағдайда ұлттық мүдде, ұлттық тәрбие, ұлттық құндылық, ұлттық рухымызды сақтап қалу - алдымызда тұрған үлкен міндет. Ұлттық тәрбие дегеніміз - сана сезім мен сенім қалыптастыру. Бүгінгі ұрпағымызды бірнеше ғасырлардан жинақталған ата-бабамыздың мол мұрасымен, ұлттық құндылықтарымен сусындату - біздің басты парызымыз. Қазіргі қоғамда құндылықтардың алар орны ерекше. Халықтың тәлім-тәрбиесі ұлттық құндылықтың маңызды белгісі. Оқушының ұлттық қасиеттері: меймандостық, кісілік, сыйластық, имандылық, кішіпейілділік, салауаттылық, инабаттылық, қайырымдылық, ізгілік, еркіндік, өнерпаздық, шешендік, ақынжандылық, сыпайлылық, мәдениеттілік, шығармашылық, рухани-байлық, ұлттық өнерді дәріптеуге, махаббат т.б сияқты қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Бала тәрбиесіндегі ата – анадан кейінгі жауапты адам -мұғалім. Сондықтан қоғамға пайдалы жеке тұлғаларды әкелу, өз ұлтының өнері мен салт-дәстүрін оқушы бойына сіңіру ұстазға, мұғалімге байланысты. Оқушының мектеп қабырғасынан әрі білім, әрі тәрбие алып шығуы да мұғалімнің еңбегі, қайраткерлік қызметі. Ұлағатты ұстаз – ең алдымен шәкіртіне өмірді, білімді үйретуші, өзі туған елін, тұрған жерін, осы елдің тілін насихаттап қана қоймай үйретуге міндетті. Өйткені, ол шәкіртіне үйрететін нәрсесін өзі жан – жақты терең біледі және қалай үйретудің тәсілдері мен әдістерін жақсы меңгереді де, шәкіртін білімге қызықтыра, ынталандыра түсіндіріп, оның сезімін, әсемдік, сұлулықты түйсіндіретін эстет. Әр шәкірттің бойына өз халқының салт-дәстүрін, өнерін дәріптеп қана қоймай осыларды бойына сіңіре отырып, елінің тарихымен таныса отырып құрметтеуге тәрбиелеу ұстаздың басты міндеті. Сын тұрғысынан ойлау модулін қолдана отырып орыс сыныптарында қазақ әдебиеті сабағында елін, салтын, ерлерін, қазақтың болмысын мақтан етуге тәрбиелеймін. Қазақ әдебиеті сабағында ұлы жазушылардың шығармаларымен қатар қазақ ұлтының атадан балаға мирас болып келе жатқан өнерінің өлмес қазына екенін үйретемін. Осы мақсатта 6 сыныпта қазақ әдебиеті сабағында «Сырмақ шерткен сыр» әңгімесін сыныптан тыс оқу арқылы оқытып, алдыма мынадай мақсат қойдым: оқушыларға ұлттық ою-өрнектер туралы тереңірек мағлұмат беру арқылы салт-дәстүрді дәріптеуге, өнерге деген сүйіспеншілікке, өз ойларын еркін жеткізе білуге, ой қозғау арқылы танымдылықтарын, өз бетімен әрекет ету дағдысына тәрбиелеп, ұлттық өнерді құрметтеу.
Сабақ басында оқушыларға «Ою-өрнектер» сөзіне ассосациялық карта құрғысу арқылы ой туғыздым да, мынадай сұрақ қойдым: «Ою-өрнектер сыр шерте ала ма?» әрине оқушылар әртурлі жауап берді.
Оқушыларды мына аңыз ертегінің әр бөлімімен бағыттап оқу әдісі бойынша оқыта отырып өз ойларын, тілдерін жаттықтыру мақсатында «диалогты оқу» тәсілін қолдандым. Мәтіннің бірінші бөлімі оқушыларға таратып, келесі бөлімде не болатын оқушылардан сұрау арқылы жалғастырдым.
І-бөлім: Ертеде бір әділ хан болыпты. Соның жарлығы бойынша қол астындағы елдің ою, өрнек, кесте, тоқыма, оймыш, бәдіз, шекіме, күйме өнерлерін меңгергені сонша, үйлерінің іші сырты, киім кешектері, жиһаздары мен бұйымдары, құрал саймандары түгелдей оюланған әрі өрнектелген әсемм де көрңктң еді. Сол себептен бұл ел басқарушысы Ою хан аталып кетіпті. Жылдардың бір жылында бөтент елдің ханы соғыс ашып, Ою ханды орнынан алып, билікті өзі жүргізеді. Ол ескі салт, көне дәстүр, байырғы әдеп, ежелгі өнер, бұғанға дейінгі мәдениет белгілерінің бәрін жойып, жаңаша құрмақ болыпты. Жаңа дегеннің бәрі ұзаққа бармай ұмыт бола беріпті. Бұрынғы өнердің, сол өнерді жасаушы шеберлердің көзі азайып, азы жоғалыпты. «Уа, хан-ием! Мына райыңыздан қайтыңыз, теріс жолмен кетіп барасыз» деп айтыпты.
ІІ-бөлім: Жөн айтқанның да, айтпақ болғанның да көзін жоя беріпті. Сондықтан да халық оны Жою деп атап кетіпті. Бұл кезде зынданда жатқан Ою хан бәрін естіп біліп жатыпты.
Бір күні Жою ханның ұлы аңға шығады. Жолындағы аң атаулыны түгел қырып, еті мен терісіне қарық болмақ ниетпен ойына алғанын істеп келе жатқанда, бір үкі мұның бетіне шапшиды. Бала жанталасып ажырап үлгергенше үкі оның екі көзін ойып жібереді. Еш нәрсе көрме алмай тентіреп келе жатып бір жардың басынан құлап, көлге батып өледі. Бұл кезде Жою хан баласына іздеу салып жатқан еді. «Кімде кім баламның өлімін естіртер болса, соның басын аламын» деп жарлық берген соң ешкімнің батылы бармайды.
ІІІ-бөлім: Мұны естіген Ою хан баланы іздеуге өзінің баратынын хабарлайды. Ою хан дәрі-дәрмегін, құрал-сайманын алып орманды аралап келе жатып бір тастың астынан: «Жойылсын, Жою хан» -деп қиналған дауыс естиді. Тасты көтеріп қалса жанбасына оқ тиіп күйреген сұртышқан жатады. Ою хан дереу аяғын танып, дәрі құйып жөніне жібереді.Осылайша жолында кездескен жаралы аң-құстың бәрін емдейді. Ең соңында қанаты сынған үкіні дәрілеп: - Жою ханның баласын көрдің бе?- деп сұрайды. «Қаныпезер хан баласы жолында кездескен сұртышқанды, арқарды, бұғыны, қодасты, жолбарысты жаралап, балықты құрғаққа тастап, бәрін қайта айналып келіп сойып алмақ болғанда мен оның екі көзін шығардым.. Хан баласы қазір көл түбінде өліп жатыр» - дейді үкі. Өйткені ол жараланғанның бәрі Ою хан еккен орманның ең соңғы аңдар еді
Осы бөлімде мына сұрақты: Ою хан Жою ханның баласының өлімін қалай естірткенін білгілерің келе ме, ендеше мәтіннің келесі бөлімін оқиық.
ІV-бөлім: Болған жайдың шындығына көзі жеткен Ою хан үйіне оралып, оқиға желісін сырмақ бетіне түсіреді де әлгі сырмақты Жою ханға алып жүреді. Мұны көрген аш-жалаңаш халық соңынан ереді. Хан сарайына келген соң Ою хан сырмақты Жою ханның алдына жайып тастайды. Сырмақтың оюы көз жауын алатын көрікті, бояулары адам жанын баурап алатын сиқырлы болады. Жою хан сырмақтың оюына қарап ойланып, ұзақ отырып, ондағы оқиғаны былай тарқатыпты деп бөлімді оқып аяқтағаннан кейін топ оқушыларына сырмақтың оюларының бөліктері таратылып бердім, әр оюдың өзінің белгілі бір мағынаны білдіретінін оқушылардың өздеріне табуды ұсындым. Оқушылардың ойларын білгеннен кейін ол сырмақтың сырын былай аяқтай келе оқушыларға ұлттық өнер ешуақытта ұмытылмайтынын оның ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалатынын айта кеттім.
V-бөлім: Мына сырмақ не дейді...
Балам тау асып,
өзен бойлап,
ну орманнан өтіп,
күн демей түн демей аңшылық жасапты ғой.
құсты да атып жаралапты,
бұғыны да аяғынан атыпты,
қодаспен де кездесіпті,
жолбарысты жаралап,
балықты құрғаққа тастапты,
Ойпырмай мына ою не дейді баламның өзі көл түбінде, жаны ұшып кетті дей ме? О, жалған! Менің жалғыз ұлымның шынымен өлгені ме? Өлтірем!!!-деп қылышын суырып алып Ою ханға төнеді. Сонда Ою хан:
-Дат, тақсыр! Сенің «кім де кім баламның өлімін естіртсе, соның басын аламын» деген жарлығың бар емес пе еді- дейді.
-Иә, бар! -дейді қаһарлы хан.
-Ендеше балаңның өлгенін мен де, мына халық та сенің аузыңнан естіп тұрмыз. «Ханның екі айтқаны өлгені» алынса сенің басың алынуы керек.- деді Ою хан. Сөйтіп, Жою ханның өз жарлығы өзінің басын алуға себепкер болыпты. Ою ханды ел жұрты ақ киізге отырғызып хан көтеріпті. Көп ұзамай ел еңсесін көтеріп, төл өнер қайта жанданыпты.
Бұл сабақта оқушылар тек ұлттық өнер ғана емес әділдік пен шындықтың да өзіндік орын алғанына көңіл аудардым. Осындай сабақтарда оқушылардың ұлт болашағымен ұштасып та, астасып та, бірігіп те, кірігіп те жататын ұлы мұраттардың бірі – ұлттық мүдде мен ұлтжандылыққа дәріптейді. Сондықтан бүгінгі салт – санамыз өзгерген заманымыз түрленген кезеңде, қатпарлы нарықтың қалтарысындағы қалған құндылықтарымыздың кейбірінің ұмытыла бастауы қазіргі ұстаздар қауымын алаңдатып отыр. Әркімнің өмір – тіршілігіне ықпал етпей қоймайтын түрлі әлуметтік жағдайлар. Оның көлеңке жақтары, теледидардан көрсетіліп жатқан ұлтымызға жат хабарлар т.б. ақпарат ағымдары санамызға сыналып еніп, небір біз күтпеген кешегі тал бесіктен тарайтын тәрбиемізге де өз әсерін тигізуде. Жас ұрпақ атадан қалған асыл сөзді, Төле, Қазбек, Әйтеке сөйлеген шешен тілді, Абай, Мұхтар, Мұқағали түрлендірген тілді танып өссе, маржан сөзді Мағжанды, Сұңқар жырды Сәкенді, поэзия дүлдүлі Ілиясты біліп өссе, рухани сабақтастықтың тамыры тереңдей, ұлт мерейі арта түсері хақ.
Қолданылған әдебиеттер
• Қазақ халқының аңыз әңгімелер жинағы. Алматы баспасы
• Мұғалімдерге арналған көмекші құрал. Деңгейлік бағдарламалар жинағы.