Отан отбасынан басталады (эссе)

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отан отбасынан басталады (эссе)

Материал туралы қысқаша түсінік
Жанр автордан тек өз білімін көрсетуді ғана емес, сонымен бірге өзінің сезіміне, толқу мен толғауларына және жазып жатқан тақырыпқа байланысты көзқарасына ерекше мән беруді талап етеді. Эссенің авторы – тек әңгімеші немесе баяндамашы ғана емес, сонымен бірге … кейіпкер де бола алуы қажет Сонымен бірге шығармашылық еркіндікке қарамастан, эссе жанрында ой қозғау оңай емес екенін ұмыптаған жөн. Ең бастысы – бірегей идеяны тауып және белгілі бір мәселеге байланысты қалыптан тыс көзқарасты білдіру керек. Өзіндік көзқарасты білдіру үшін эссе авторы аналогияларды таңдап, мысалдар келтіруі, салыстыру жасауы мен ассоциацияларды қолдануы қажет; Оқушыларды отансүйгіштікке баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ ызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Құттықожа ауылы

164 жалпы орта мектебінің

11-сынып оқушысы

Ерназар Алпамыс Оразалыұлы

Жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті

Курбаназарова Дариха Налибаевна


Отан отбасынан басталады

Эссе


Отан отбасынан басталады. Ал, отбасы неден басталады? Отбасы дегеніміз ол - әкең, анаң, бауырларың, жақын адамдарың. Шын мәнінде, әрбір отбасы өзінше бір Отан. Отбасы деген сөздің өзіне терең үңіліп көрейікші.

Ол- біздің жанымыз жабырқағанда, қуанышқа бөленгенде ішкі тебіреністерімізді бөлісетін және өзімізді ең еркін, жайлы сезінетін баспана, жылы ұямыз. Оның басшысы, отбасының қамқоршысы мен тіреуі – әкеміз. Әкем- отбасына қатысты бар мәселелерді шешіп, өз отбасының намысын қорғау жолында бар күш-жігерін салатын, намысын бірінші орынға қоятын жан. Бізді де солай тәрбиелеп келеді. Өтірік сөйлемеу, кісінің ала жібін аттамау сықылды қатал тәрбиені әкемізден алсақ, анамыздан мейірімділікті, қамқорлықты, бауырмалдықты, имандылықты бойымызға сіңіріп өсіп келеміз. Анам-мұғалім, ұстаз. Бізбен қатар елдің де баласын тәрбиелеп келеді. Сондай-ақ, отбасы мүшелерінің де өзіндік атқаратын міндеттері бар. Екі ағам өмірден өз жолдарын тауып еліне қызмет етіп жүрсе, інім екеуіміздің де алға қойған мақсатымыз бар. Баршамыздың осы ұядан ұшып шығатынымыз шындық. Отбасына деген сағыныштың жүрек түкпірінде мәңгілік сақталатыны, оның бізді ақ үрпек балапан шағымыздан жылы бауырына басатыны, бізді мәпелеп, өмірдің қатал заңына тәрбиелейтіні рас. Сондықтан отбасы мүшелері бір-бірі үшін жанын қиюға да даяр тұрады. Сол сияқты Отанды қорғау да әр азаматтың азаматтық парызы. Отанымыз алдындағы азаматтық борышымызды орындау мақсатында бар күш-жігерімізді салып аянбай еңбек етсек, бір-бірімізбен етене жақын болсақ, біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін дейтін тамаша бірлікті сақтай алсақ, онда біз бағындармайтын биік жоқ.«Бала тәрбиесі – басты байлығың, Кешіксең көретінің қайғы-мұң» деп қазақтың ұлы ақыны Абай атамыз өзінің 10-шы қарасөзінде айтып кеткен екен. Қай ата-ана да баласын жаман болсын демейді. Барлық ата-ана балам жақсы болып өссе екен, елінің қалаулы азаматы болса екен деп армандайды. Бала өскен сайын оның тәрбиесі де күрделеніп, оған қойылатын талаптар да күшейе түседі.Ұлы данамыз Ыбырай Алтынсарин «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады. Себебі ата-анасын сыйламайтын бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды»деген екен.

Қазіргі кезде көп жастар шет елдерде оқып, сол елдерде қалып қойып жатыр.Бұдан Отанға деген ешқандай ізгі ниетті байқамаймыз, олар жеке басын күйттеп, өзінің болашағына балта шауып жатқанын білмейді. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген ертеңгі өз ұрпағы қандай тәрбиені бойына сіңіріп өседі, кім болып өседі, оны да ойлаған жөн. Сондықтан да отбасын қалай қадірлейміз, дәл солай Отанды да қадірлеп, қолдан келгенше аялауымыз керек!





























Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Құттықожа ауылы

164 жалпы орта мектебінің

11-сынып оқушысы

Ерназар Алпамыс













Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2018
33198
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі