Сабақтың
басы
|
Оқушылармен
амандасу
Оқушылардың назарын
сабаққа аудару
Оқу мақсатымен
таныстыру
«Миға шабуыл»
әдісі
-
Ұлы Отан соғысы қай
жылдары болды?
-
Ұлы Отан соғысы туралы
не білесің?
-
Неліктен бұл соғыс «Ұлы
Отан соғысы» деп аталады?
-
Сенің ата-әжең немесе
туыстарың Ұлы Отан соғысына қатысқан
ба?
-
«Отан оттан да ыстық»
деген сөзді қалай түсінесің?
Тілдік
бағдар
Оқшау
сөздер - сөйлем құрамындағы
басқа сөздермен грамматикалық
байланысқа түспейтін сөздер мен
сөздер тіркесі. Оқшау сөздер сөйлемдегі басқа сөздермен
грамматикалық байланысқа түспейді дегенде оның (оқшау сөздердің)
сөйлем құрамындағы өзге сөздермен байланыспайтындығы ескеріледі.
Сондықтан да олар сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайды, сөйлемдегі
өзге мүшелерден оқшауланып тұрады. Оқшау сөздер арқылы сөйлемнің
мағынасы нақтыланады, автордың көзқарасы
аңғарылады.Мысалы: Бүгін Алматыда жаңбыр
жауады. Меніңше, бүгін Алматыда жаңбыр
жауады.
Бірінші сөйлемде бүгін Алматыда
жаңбырдың жауатындағы үзілді- кесілді, нақты айтылса, екінші
сөйлемде олай емес, ой топшылау, долбарлау ретінде беріліп тұр.
Ондай мағынаны беріп тұрған, меніңше
деген қыстырма
сөз. Оқшау
сөздерге қаратпа,
қыстырма, одағай сөздер жатады.Сөйлеуші
тыңдаушының назарын өзіне аудару үшін
қаратпа
сөздерді қолданады. Кейде сөйлеушінің
қарата айтып отырғаны адам болмай, жансыз заттар да болып келеді,
бұл - көбінесе көркем
әдебиетте кездесетін құбылыс.
Мысалы, Тыңда, дала, Жамбылды!
Тыңда, Қастек, Қаскелең, сөйлесін кәрі
бауырың (Жамбыл).
|
Мұғаліммен
амандасады
Назарын сабаққа
аударады
Оқу мақсатымен
танысады
Суретке назар аударып,
сұрақтарға жауап береді.
Тілдік бағдардан оқшау
сөздер туралы білім алады.
|
Жарай-сың!
Тамаша!
Керемет!
|
Интербел-сенді
тақта
|
Сабақтың
ортасы
|
1-тапсырма. Оқулықтағы
6-тапсырманы мұғалімнің оқуында
тыңдайды.
-
Жазушы қандай философиялық ой
айтады?
-
Соғысты қалай суреттеген?
-
Оның алдына қойған мақсаты қандай
еді?
-
Оның өз мақсатына жетуіне не кедергі
болды?
Дескриптор:
-
мәтінді мұқият тыңдайды;
-
мұрақтарға жауап береді;
-
оқшау сөздерді табады;
-
негізгі ойды анықтайды;
ҚБ: өзара бағалау
2-тапсырма. Төменде қарамен
берілген сөздердің қайсысы сөйлем мүшесі, қайсысы қаратпа сөз
екенін анықтау
Сөйлемдер
|
Қаратпа
сөз
|
Сөйлем
мүшесі
|
Сәуле иығын қомдап қойып жүріп
келеді.
|
|
|
Жанар айтқандарыңның бәрін орындап
қойдық.
|
|
|
Менен кейін келген
Әсет
не туралы айтқанымызды түсінбей
қалды.
|
|
|
Ертеңгі тапсырмаларды қайталап
оқып жіберіңізші апай түсінбей
қалдым
|
|
|
Дескриптор:
-қаратпа сөзді табады;
-сөйлем мүшесін табады.
ҚБ: мұғалімнің бағалауы
3-тапсырма. Сөйлемдердегі
бастауыштарын қаратпа сөзге айналдырып, тыныс белгісін қойып
көшіріп жазыңыздар.
ҮЛГІ: Мұратбек сахна жақтан
домбырасын әкелді.
Мұратбек, сахна жақтан
домбыраңды әкел.
1.Түс ауа үйге Рахат келді. 2.Сәуле тәтей апайдың айтқан
сөздерін жазып алды.3. Дәрігерлер мен санитарлар жолға
дайындалды.4.Оңалбек айтқан сөзінен танбады. 5. Айжан дүкенге барып
нан әкелді.6. Сабақтан келген Айнагүл тамағын
ішті
Дескриптор:
4-тапсырма. Отан туралы мақалды
жатқа жазу
1.Отан —
елдің анасы
Ел - ердің анасы
2.Туған
жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас.
3.Отанды
сүю отбасынан
басталады.
4.Отан
оттан да ыстық.
5.Ел іші
— алтын бесік.
Дескриптор:
-мақал-мәтелдерді жаттайды;
-көркем
жазады.
|
Сұрақтарға жауап бере отырып, негізгі ойды анықтайды. Оқшау
сөздерді теріп жазады.
Қаратпа сөз бен сөйлем мүшесін ажырата
алады
Бастауышты қаратпа сөзге айналдырады, тыныс белгісін дұрыс
қояды.
|
3 балл
2 балл
3 балл
2 балл
|
Оқулық
Таратпа материалдары
|