Түркістан облысы, Түркістан
қаласы, Шорнақ ауылы
Тұрсынхан Айтжанов атындағы
жалпы орта мектебі.
Қазақ тілі және әдебиеті
пәні мұғалімі
Айтимбетова Фариза
Рахатовна
17.11.1990
жыл
Еңбек өтілі 4
жыл
farizka.90@bk.ru
Отаным-тағдырым
Менің Отаным –Алтайдан сонау
Атырауға дейін көсілген,
Батысында Жайық, шығысында
Ертіс есілген,
Тарихын шертсе тұсауы тілдің
шешілген,
Жұртының ыстық жүрегінен
жұлдыз тұтанған
Отаным осы- Қазақстан болып
атанған? –
деп ақындар жырлағандай,
тарихы шексіоз, дәстүрі шетсіз Атыраудан Алтайға дейін созылған
менің Отаным ұлан-ғайыр кең өлке. Менің Отаным түбі бір төрткүл
дүниеге танымал ,мен үшін аса қымбат жер Оңтүстік Қазақстан облысы,
Түркістан қаласынан басталады. Дәл осы жерде менің көңілді де,
шаттықты уайымсыз балалық шағым өтті. Талай қас батырлар жанын
қиып, бірталай батырлар жерленген,талай тіршілік иесі нәр алып алып
жаралған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі
жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған, қасиетті туған
өлкем-Түркістан. «Отан оттан да ыстық» - деген дана халқымыз , адам
баласының жүрегінде , ең бірінші, ақ сүт берген туған анасына деген
сезім орын алса, екінші Отанға деген жалынды, ыстық сезім орын
алады екен. Біз өмір сүреміз, өлеміз, кетеміз, ал біздің Отанымыз
мәңгі өмір сүреді. Отан ол менің - тағдырым, күш қуатым, тыныс
тіршілігім, отбасым. Иә, Отан,туған жер, туған ел өз үйіңнің
табалдырығынан бастау алатын дүние . Содан шексіз, шетсіз қияға
өрлеп кете барады, оның жұпар атқан жусаны, оның кеудеңе құйылған
мөлдір ауасы, жотаға өрлеген жалғыз аяқ жолдары бәрі-бәрі –туған
жердің көрінісі.Туған жерің,Отаның сенің өміріңдегі киелі орын
алатын нәрсе. Нақты осы Отан,туған жер оны елімен, өткенімен және
болашағымен байланыстырады. Міне, сондықтан да тіпті балалық шақтан
бастап-ақ адамда Отанға деген махаббат сезімі оянады. Мен үшін
Отан- құндылықтарды материалды тасымалдаушы емес, ол- жан сезімі!
Сенің әрқашан оймен болса да оралғың келетін жердің рухани
бұрышы!
Ел ертеңі жас ұрпақтың
қолында. Менде сол жас ұрпақтың,жас маманның
бірімін. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы өз сөзінде былай
дейді: «Еркін елде өскен ұрпақтың рухы әрдайым биік болуы тиіс.
Жастары жалын жүректі, өршіл намысты, биік рухты болса – ол елдің
еңсесі де биік болады. Өршіл, намысшыл жас отаншыл, патриот келеді,
халқына, өз ұлтына адал қызмет етуге ұмтылады »
-дейді. Мен өз Отанымды, туған жерімді
,құдіретті елімді сүйемін және мақтан етемін. Өз елімнің дамуына
теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесімді қосамын деп ойлаймын.
Қазақтың жүрегіне тек қазақтың баласы емес,бүкіл әлем сиып кетеді.
Даласындай дархан,жазирадай жомарт Елбасымызды бағалай білсек
болғаны... Менің елім... Менің халқым... Менің туған жерім... Менің
Елбасым... Менің Отаным... Менің Республикам... Менің
Қазақстаным... -деген жүрегімнен шыққан асыл сөздермен өз эссемді
аяқтаймын.