|
Өзін-өзі тану
|
Мұғалім
|
Сабақтың тақырыбы
|
Отбасы
- бақыт мекені
|
Сілтеме
|
Өзін-өзі
тану оқулығы,ғаламтор,әдістемелік құрал,МАН.
|
Жалпы
мақсаты
|
Оқушылардың алған білім деңгейін анықтау. Қойылған
сұрақтарға толық жауап беруге, сөздік қорын, тіл байлығын, ауызша
есептеулерін, нақты шапшаң жауап табуға үйрету,
тәрбиелеу. Көрнекілігі: парақшалар, схемалар,
суреттер.
|
Оқу
нәтижелері
|
Оқушылар
берілген тапсырмаларды орындауды, оларға сұрақ қоя білуді үйренеді,
сын тұрғысынан ойлай білуге дағдыланады, өз пікірлерін айтып,
қорытуға үйренеді. Өзін-өзі және
басқаларды бағалау дағдысы, топтық ынтымақтастық
қалыптасады.
|
Көрнекілігі
|
Ақ
қағаз, оқулық,үлестірме материалдар, жеке
суреттер.
|
Тапсырмалар
|
АКТ. «Жұбын тап» ойыны.
Топтық жұмыстар. Шығармашылық тапсырма. Венн
диаграммасы.
|
Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Топқа
бөлу
|
Алтын
балық.
Жаздың жайма-шуақ
керемет бір күні,мен судың жағасында дем алып отырмын.Күн қапырық
болып, ысып кетті. Суға секіріп түсіп, рахаттана шомылдым. Не деген
керемет!Өзімді судағы балықтай еркін, жайлы сезіндім.Су астына
сүңгіп тереңдей бердім. О, ғажап! Мына сұлулықты қалайша
көрмегенмін. Су асты патшалығына кез болдым. Айналам сондай әсем,
сұлу дүниеге толы. Өте әдемі өсімдіктер, ағаштар, көздің жауын
алатын лағыл тастар, інжу маржандар. Балықтың небір әдемі түрлерін
көрдім. Осынау сұлулыққа тоймай қарап тұрған кезімде, балықтардың
арасынан басына тәж киген, жан-жағына жарық шашып келе жатқан
«алтын балықты» байқадым.Қызығып кетіп, оны ұстап алдым. Мына
кереметті қара, дәл ертегідегідей сөйлеп қоя берді: «Әй, жас өркен,
мені жібер, айтқанымды істесең, үш тілегіңді орындаймын». Мен
ойланып, толғанып, алтын балықты жөніне жібердім. Ішімнен үш
тілегімді ойлап, су бетіне жүзе жөнелдім».
Қане, бәрімізкөзімізді
ашамыз. Ішімізден ойлаған тілектерімізді болашағымызға ала
кетейік. Тілеген
тілектеріңіздің толық орындалуын шын жүректен тілеймін!
|
Оқушылар
қимыл-
қозғалыстарды қайталайды.
|
АКТ
Топ
ережесі жазылған постер
|
Білу
|
Отбасы әлеміне
саяхат
Оқушылармен бірге жоба дайындау
|
Оқушылар
берілген тапсырмаларды орындайды
|
Тақта
Жеке
сөздер жазылған қағаздар
|
Түсіну
|
Мәнерлеп оқу
Мазмұнымен
танысу
|
Оқушылар
іштей, дауыстап, тізбектеп оқиды.
|
«Өзін-өзі»
оқулығы.
|
Қолдану
|
Жаңа тақырып бойынша
тапсырма
1 топ: сурет
салу
2 топ: өлең
жазу
3 топ: коллаж
|
Өлеңге
сүйеніп сурет салады.
|
«Өзін-өзі тану»
оқулығы
Ақ қағаз,
қарындаштар
|
Талдау
|
Отбасы - бақыт
мекені
Кестемен
жұмыс
|
Оқушылар топпен сол
сөздерді тауып жазады.
|
оқулық
|
Сергіту
сәті.
|
Ұшты-ұшты
құлын ұшты.
Ұшты-ұшты мұрын ұшты.
Ұшты-ұшты кептер ұшты.
Ұшты-ұшты дәптер ұшты. Ұшты-ұшты қарға ұшты.
Ұшты-ұшты арба ұшты.
|
Оқушылар
сергіту жаттығуларын жасайды
|
Сергіту
жаттығуы жазылған парақша
|
Жинақтау
|
«Жүрдек
пойыз» топ болып сабақта алған білімдерін, ойларын ортаға
салады.
|
Тақтаға
шығып тапсырманы орындайды
|
Тақта
|
Рефлексия
|
Тыныштықта
отыру.
Балалар көздерін
жұмады. Мұғалім сөйлейді. Сендердің жүректерің — сендердің кішкене
жарқыраған күндерің. Ол да күн сияқты жылытады. Сендердің күндерің
сендерге жылулық береді. Өздеріңнің жақсылықтарыңмен адамдармен
бөлісесіңдер. Ал, кәне жақсылық сезімдерімізді өздеріміздің
әке-шешемізге, аға-әпкелерімізге, өздеріміздің достарымызға, барлық
адамзатқа, келген қонақтарға, маған және өзіміздің кішкене
ғана әдемі жер шарымызға, бәріне-бәріне жіберейік, жақсылық
тілейік.
-Ал, енді көздеріңді ашыңдар, жымиыңдар және осы сезімдеріңді,
қуаныштарыңды күні бойы сақтауға тырысыңдар.
|
Оқушылар
пікір-
лерін
жазады.
|
Стикерлер
|
Келесі
тапсырма
|
Дәйексөзді жаттап алу
|
Мазмұнын
талдайды
|
«Өзін-өзі»
оқулығы.
|
Бағалау.
|
Жиынтық
бағалау: оқушыларды мадақтап, бағалау.
|
Смайликтерді санайды.
|
смайликтер
|