Отбасы және балабақша

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Отбасы және балабақша

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбишілерге ата-аналармен жұмыс жүргізуде
Материалдың қысқаша нұсқасы

Отбасы және балабақша

«Алпамыс батыр» бөбекжай балабақшасының жоғары санаты тәрбиешісі Н.Исахова

Бала – біздің болашағымыз. Ал олардың болашағын дұрыс қалыптастыру, ата-анамен педагогтың қолында. Халқымыз ұлт болып қалыптасқаннан бері, болашақ ұрпақ тәрбиесіне үлкен мән берген. Елін, жерін қорғайтын, ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуде дала перзентіне тән еркіндік пен тәуелсіздік, қайсарлық пен қайырымдылық, ақ ниеттілік, парасаттылық тәрізді асыл қасиеттерді дарыта білген. Осы аталған қасиеттерді өскелең ұрпақ ата-бабадан қалған өнеге деп қабылдаса, ертеңгі күннің жарқын болашағына сеніміміз арта түсері анық. Тәрбие – жеке тұлғаны мақсатты түрде қалыптастыру әдістерінің жиынтығы, шәкірт тұлғасын сомдайтын ұстаз болса, ал тұлғалық қасиетін қалыптастырып дамытатын отбасы. Бала болашағы бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңмен жалғайтын алтын көпірі тәрізді. Олай болса, баланың тұлға ретінде қалыптасуына ықпал ететін рухани құндылықтарды, адамгершілікті бойына сіңіртетін, этноәлемділік құндылықтарды тәрбие үрдісінде пайдалана отырып, отбасы, мектеп, жұртшылық өзара бірлікте, педагогикалық ынтымақтастықта болуы балаларды дұрыс тәрбиелеуге жетелейді. Отбасы - адамзат қоғамының ең шағын бейнесі, отбасы - ең үлкен мықты тәрбие ошағы. Бала отбасынан жақсыны да, жаманды да бойына сіңіреді. Сондықтан да халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дейді. Қай бала болса да құрбысы мен ұстазынан гөрі отбасында көбірек болатындықтан, атаанасынан үйдегі өнегесі, мәдениеті мен ішкі жан дүниесі балаға зор ықпал ететіні белгілі. Отбасындағы тәрбиенің тиімді болуы ондағы қарым-қатынас түрлеріне байланысты: -ынтымақтастық қарым-қатынас; -ортақ мүддеге негізделген бірыңғай қарым-қатынас; -өзара жетістікке жетуді көздеген қарым-қатынас; -бәсекелестік қарым-қатынас; -отбасындағы қайшылықты қарым-қатынас.

Демек, әр отбасында түрлі қарым-қатынастың орнығуынан баланың жеке тұлғалық қасиеті қалыптасады. Бала негізгі тәрбиені алдымен отбасында ата-анадан алады. Данышпан, ойшыл ғалым Әбу Насыр әл-Фараби «Балаға білім беру үшін, алдымен оны тәрбиелеген жөн, тәрбиесіз берілген білім, ол ертең бір апатқа әкеліп соғады» - деген.

Балабақша тәрбие - білім берудің алғашқы ошағы. Алайда, баланы балабақшаға беріп тәрбие, білім алады деп бар жауапкершілікті тәрбиешіге жүктеп қоюда жеткіліксіз. Баланы балабақшаға берген соң, ата-ана тәрбиешімен тығыз қарым-қатынаста болып, оның дұрыс тәрбие мен білім алуына бірлесе әрекет етуі керек. Мұндай әрекет баланың даму деңгейіне әсер етіп, тәрбиеші жұмысының сапасын арттырады. Бір-бірімен серіктестік барлық қатысушыларға жағымды әсер ететіндей болуы тиіс, сонда ғана тәрбие мен білім нәтижелі болады. Қазіргі балабақша мен отбасы бір-бірімен ынтымақтастықта болған жағдайда ғана бала тәрбиесіне оң ықпал етеді. Ата-аналар балабақшаның тәрбие-білім беру процесіне, тыныс-тіршілігіне белсенді қатыспайынша, атаанамен тәрбиешінің қарым-қатынас принциптеріне қол жеткізуі мүмкін емес. Қарым-қатынас принциптері: - өзара сенім мен құрмет; - өзара сыйластық; - өзара қолдау мен көмек; - бір-біріне төзімділік пен шыдамдылық таныту; -әлемге деген түсіністік көзқарасының тиімділігі мен ықпалын ұзақ уақыт бойы сезіну.

Тәрбиешілердің отбасымен қарым-қатынас сипаты жіктелім жүйесіне негізделеді.Тәрбиеші ата-аналардың барлығына бірдей қарым-қатынас формасын артпайды, керсінше қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбие ерекшелігіне бағытталады. Ата-аналарды балабақшаның, топтың ісшараларына араласуына барынша күш сала отырып, тәрбиелік іс-шаралардың түрлі формаларымен таныстырады. Отбасымен жұмыс жасаудың негізгі формалары – топтық және даралық болып екіге бөлінеді: Даралық формалары: бала тәрбиесі мәселелеріне байланысты әңгімелесу, кеңес беру, сауалнама. Толық формалары: ата-аналар жиналысы, ата-аналар клубы, дөңгелек үстел, семинарлар, пікір алмасу, дискуссиялар, кездесулер, ашық есік күндері т.с.с. Дегенмен ағарту жұмыстары мұнымен шектелмейді.Себебі отбасы мен мектепке дейінгі тәрбие білім беру ұйымдары-баланы әлеуметтендірудің маңызды екі институты. Балабақшада ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың формасы мен әдістері олардың педагогикалық мәдениетін көтеруге, балабақша мен отбасының өзара ынтымақтастығына және тәрбие жұмысының әлеуметін арттыруға бағытталады. Атап айтсақ, ата- аналар бұрышын безендіру, ата-аналар жиналыстарын өткізу, педагогикалық, психологиялық ақыл кеңестер беру, ата-аналармен бірге тәрбиелік іс шараларды өткізу. «Мен және менің отбасым», «Отбасы тәрбиесіндегі ұлттық құндылықтар», «Қырсықтық пен қыңырлықтың алдын алу», «Мен баламды қалай тәрбиелеймін?», «Отбасы алтын діңгек», «Әкем, шешем және мен», «Мың бір мақал,жүз бір жұмбақ» сайыстары сонымен бірге ашық есік күндері, осы тақырыптарда тәрбиешілердің жетекшілігімен ата-аналармен семинар-тренингтер, сауалнама, ата-ана жиналыстарында баяндама жасап, жеке тұлғаны тәрбиелеуге дұрыс ықпалын тигізе отырып, ата-ананың тәрбиелік тұрғыдан көзделген мақсатқа жетуіне көмектеседі. Тәрбиешілер бала тәрбиесіне көмектесу үшін сол отбасына қатысты барлық ақпараттармен танысып, баланың отбасы туралы білуі қажет. Сонда ешқандай қиындықсыз баланың отбасылық тәрбиесіне көмектесе алады. Тәрбиешілердің көмегі арқылы ата-аналардың педагогикалық сауаттылықтары дамып, балаларына дұрыс жолды таңдай білуіне септіктерін тигізері сөзсіз. Ата-ана да тәрбиешінің, психологтың көмегіне, берген кеңестеріне үнемі назар аударып, бала болашағына жауапкершілікпен қараған жағдайда ғана балаға дұрыс тәрбие бере алады. Сонымен қатар тәрбиеші өзінің жұмысын әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы, ата-анамен байланыс жасауы қажет.

Қорыта айтқанда, педагогикалық ұжымының мақсаты ата-аналармен бірлесіп баланы өсіріп-тәрбиелеуде қоғамдық өмірге «түзу кірпіш қалау» екенін ескере отырып, болашақта дені сау, рухы таза, ана тілін толық меңгерген ұрпақ тәрбиелеу.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.05.2021
587
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі