Отбасы күні қысқа мерзімді жоспар

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы күні қысқа мерзімді жоспар

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)


Қайратқызы Б.

Күні: 02.09.2024

5

Сынып:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие тақырыбы

«Менің Отаным – Қазақстан»

Құндылық

«Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік », «Бірлік және Ынтымақ»

-Өзара сыйластық пен ынтымақтастықты көрсете отырып,өз көзқарастарын білдіре алу

-Отбасында, мектепте,туған өлкеде әлеуметтік маңызы бар еңбек қызметіне қатысуға дайын болу



  • Оқушылардың отбасы туралы түсініктерін кеңейту .Өз жанұясы туралы әңгімелеуге үйрету. Оқушыларды ұйымшылдыққа,жауапкершілікке, өз ойын жеткізе білуге тәрбиелеу.



Сабақтың барысы:


Сабақтың кезені/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Құрметті ұстаздар, ата-аналар, өткелі отырған «Отбасым – бақыт мекенім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

-Балалар, біз бүгін керемет бір ғажайып әлем туралы әңгімелесеміз. Қалай ойлайсыздар, ол әлем қандай әлем болуы мүмкін? Қане ойлап көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет.

Жауап: «Менің жанұям» ,«Отбасы».

-Ол мемлекет қандай болуы мүмкін?

Жауап: Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.


« Жүректен — жүрекке» шеңбері.

Ал, ендеше оқушылар ортаға шығып, шеңберге тұрып өз жанұяларыңның жақсы бір қасиеті жайлы айтып өтіңіздер.

Отбасы — адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер  жетеді.

Отбасының екі тірегі — әлпештеген әке мен аялаған ана. Ата-анаға үлкенге қызмет етіп, әкеңнің еңбегін, анаңның ақ сүтін өтеу — біздің борышымыз. Ата — ана — отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке туралы айтсақ, әке отбасының асыраушысы, қамқоршысы. Ана — отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы.



презентация

Сабақтың ортасы

Келесі кезеңіміз «Ашық микрофон» деп аталады. Бұл кезеңде оқушылар сіздерге отбасы туралы бірнеше сұрақтар қойылады. Ойларыңызды ашық, еркін айтуларыңыз сұралады.

Сұрақтар:
1. Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер?

2. Отбасының басшысы кім?
3. Отбасы қандай болуы керек?
4. Барлық отбасы бірдей болады деп ойлайсыңдар ма?
5. Сен қандай отбасын армандайсың?
5. Өз отбасыңа көңілің тола ма?
7. Отбасын неліктен жақсы көресіңдер?


Oтбасым — менің жүрегім
Отбасым — менің тірегім
Отбасым – менің Отаным
Тек сен деп соғар жүрегім – дегендей, отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы.
Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы.


Интербелсенді тақта/ компьютер

Сабақтың соңы

Отбасында көрген жақсы-жаман қылықтардың бәрі бала өміріне әсеретеді. Қазақ салтында отбасы тәлімі – ерекше дәстүр. Отан отбасынан басталады, – деген нақыл сөз бекер емес. Адам өзінің ұрпағынан елді сүйсіндірер ұлы істерді тыңдырса деген мақсатты нысана етеді, үміт артады. Сол нитепен жақсылыққа баулиды. Отбасы қоғамның негізгі бөлігі, ұрпақтар тарихи сабақтастығының, мәдениеттің, рухани құндылықтардың қазынасы болып саналады. Өнегелі отбасы арақсында мемлекет те өркендейді, халықтың әл-ауқаты жақсарады.


Кері байланыс: «Тілек ағашы». Ал енді оқушылар алдарыңыздағы түрлі- түсті үй түріндегі стикерлерге отбасыларыңызға тілектеріңді жазып, тілек ағашына жапсыруларыңыз сұралады.



презентация





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.02.2025
103
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі