400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы мен мектеп ынтымақтастығы
Материалдың қысқаша нұсқасы

ОТБАСЫ МЕН МЕКТЕПТІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ


Адам өмірінің ең маңызды кезеңі - бала шақта тұлға етене байланыста болатын екі үлкен орта бар. Бірі отбасы болса, бірі мектеп. 


Отбасы – қоғамға енудегі ең алғашқы баспалдақ. Отбасында бала алғашқы контакттарды жасайды, өз даралығына жол ашады.  Отбасы – бала болашағының, сонымен қатар даралығының бастау алатын негізгі ошағы. 


Адамның бала кезінде көрген барлық тәжірибелері  жылдар бойы адамның жадында сақталады. Сол себепті бала өзін мектепте жақсы сезінгені өте маңызды. Бұл тұрғыда екі жақты еңбектің қажеті өте зор. Ата - ана барлық жауапкершілікті педагогқа арта алмайды. Сол себепті педагог те өз кезегінде барлық міндетті ата - анаға жүктей алмайды. Қысқаша айтқанда, баланың жарқын болашағы үшін мектеп пен отбасының атқаратын рөлі өте зор. 


Отбасының және мектептің ең маңызды қызмет­те­рінің бірі – тәрбиелеушілік міндеті. Бала шақтан болашаққа нақты бағдар беріп, үлкен жоспарлар құруды үйрету, ақыл- парасатын толық жетілдіру, сан алуан білімдерді бала бойына сіңіру сынды сан түрлі тәрбиелік процесстерге екі орта да көп көңіл бөлсе - біздің балаларымыздың болашағы жарқын, мәртебесі жоғары. 


Сөз соңында, жоғарыдағы айтылған мәселелрдің барлығы болашағымыз үшін өте маңызды. Көргеннен тәлім алатын бүгінгі ұр­пақ санасының жақсы қалыптасуы үшін мектеп те, отбасы да аянбай тер төгу керек. Себебі тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болып, жарқын болашағымызда толағай табыстарға жету үшін жасалатын басты қадам- отбасы мен мектептің ынтымақтастығы. 



Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы

Екпінді ауылы, №166 орта мектебі


Ағылшын тілі пәні мұғалімі

Бекенова Жансая Қасымқызы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25.09.2023
183
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі