Отбасы –өнеге айнасы
Оразбаева Мархаббат Балталиевна –
«№33»Күншуақ бөбекжай-балабақшасы» КМҚК тәрбиешісі
Ел Президентi мемлекет - отбасыдан басталатынын және бiздiң қоғамда негiзгi отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап өтуіміз керек. Отбасы - адамзат баласының дүниеге шыр етіп келгенде, есігін айқара ашып енетін үйі, өсіп ержететін, тәрбие алатын аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі. Қай заманда, қай елде болмаса да отбасының адамзат ұрпағына ықпал мен әсерін өмірдегі басқа еш нәрсені еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Бала тәрбиесі – мәңгілік мәселе, әрі қиын, әрі күрделі үрдіс. Тіпті ол соғып тұрған жүрегің сияқты. Қоғамымыздың ертеңі, болашағы – бүгінгі жас ұрпақ. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үйретіп отырған. Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дегендей ұрпақ тәрбиесі бесіктен басталатыны баршаға аян. Өркениетті елдер көшіне қосылуды мұрат тұтқан әрбір ұлт ұрпақ тәрбиесіне айрықша ден қояды. Өйткені бала – өміріңіздің жалғасы, ертеңі, жарқын болашағымыз, ел мен жердің иесі. Өсер ел бірінші кезекте ұрпағын ойлайды. Жас бала дүниеге келгенде – алға қойған арман – мақсаты болмайды. Оны есіне салатын, ой туғызып, арманға жетелейтін – ата -ана, қоғамдық орта, дос-жаран, біздер үлкендер. Ең дұрысы баламен жақын қарым -қатынаста болу. Тәрбиелеу бір сөзбен ғана емес, немесе айтқанын істеу арқылы емес, жанұя мүшелерінің өзара сыйластығы, тума-туысқан, көрші-қолаңмен түсіністік сыйластықта болу, сөйлеу мәнерінің мәнді болуы. Бала-жанұя тәрбиесінің айнасы. Отбасы қоғамның алғашқы ұясы болғандықтан оны нығайту, тәрбиелік мәнін арттыру, сол қоғамның басты назарында болуы керек. Барлық өнеге отбасынан тарайды. Әр отбасы кішкене тәрбие мектебі болуы тиіс. Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Ересектер тарапынан ұлттық, халықтық тәрбиеге баулу жетіспей жатады. Ана сүтімен бірге даритын, үлкенді сыйлап, ізет көрсету, кішіге қамқорлық жасау секілді асыл қасиеттерді дәріптеуде кемшілік тұстар көп.
Баланың бас ұстазы – ата-ана. Әр отбасында ата-ананың орны бөлек. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «балапан қыран болып өсуі үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болуы керек» деп текке айтылмаған. Бала әкеден - ақыл, анадан – мейірім алады. Әке – отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білеміз. Қазақ халық болып қалыптасқаннан әкені қорған, әкені пір санаған. Әке назары, әке мейірімі бала өмірінің бағдарын түзетуші құрал болған. Ал ана – отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы. Жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді. «Әке тұрып ұл сөйлегеннен, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без» деген халық даналығында. Сондықтан әр шаңырақ көтерілгенде от анасы әйел, от ағасы еріне құрметпен қарап, дүниеге келген сәбиге алып қорған әке екенін сезіндіре тәрбиелеу қажет. Сондықтанда отбасы – тәрбие тірегі болады.
Отбасы- шағын әлеументтік топ, ол бала үшін өмір мектебі. Бала тәрбиесіне отбасының әсер ету жақтарын сөз еткенде, оны үш топқа бөліп қарастыруға болады.
Отбасы топтары:
1-топ – баланы қалай тәрбиелеу керектігін біледі және дәл солай тәрбилейді. Олар көп емес, алайда, өздерінің сапалы өмірі мен сапалы іс-әрекетін тек өз балаларына тәрбие беріп қана қоймай, білім беру мекемелеріндегі қоғамдық жұмыстарына қолғабыс етіп, басқа ата-аналарға үлгі көрсетеді.
2-топ – өз балаларына өнегелі тәрбие бергісі келеді, бірақ қалай тәрбие беру керек екенін білмейді. Олар білмегендіктен балаларына кері әсер етуі мүмкін.
- топ – балаларын тәрбиелеудің жолдарын білмейді. Бұлар соншалықты көп болмағанымен «қиын» балаларды беретін отбасылар.
Атақты физиолог И.Павлов «Әрбір баланың мінез құлқы отбасы мен ата-ананың жағымды іс-әрекетінен үлгі алу барысында қалыптасады» деп тұжырымдайды. Моральдік жағынан азғындаған отбасында әдетте балаға жеткілікті көңіл бөлмейді.Балалар ата-анасының қамқорлығы мен сүйіспеншілігін сещінбегендіктен, олар ертеңгі күннің қуанышын жоғалта бастайды. Сондықтан олар отбасында жоқшылық пен қайырымдылықты сырттан, көшеден іздейді. Өкінішке орай көп жағдайда олар жат топтардың ықпалына түсіп кетеді.
«Жігіттің тентек болмағы –биінен, баланың тентек болмағы – үйінен, өнеге күші өлшеусіз» деп бала тәрбиесінің өскен ортаға байланысты екенін көрсетеді.Адамға көбінесе үш алуан мінез адамнан жұғады. Бірінші – ата-анадан, екінші – ұстазынан, үшінші –құрбысынан деп ойшыл Абай да өте дұрыс айтқан.
Заманға сай отбасында бала тәрбиелеу аса үлкен жауапкершілік пен білімді талап етеді. Қазақ үшін отбасынан киелі ештеңе жоқ. Өмірге келген нәрестеге ана махаббаты мен кіршіксіз таза көңілі ауадай қажет. Отбасы –сыйластық, жарастық орнаған орта. М.Жұмабаев былай деген екен: «Ата-аналар баланы тәрбиелегенде дәл өзіндей етіп тәрбиелеуге тырыспау керек,олар баланы өзінен күшті етіп тәрбиелеуі тиіс. Өйткені олардың заманы ата-аналарының өмір сүріп отырған заманына қарағанда анағұрлым күрделі талабы жоғары болатынын ұмытпаған жөн». Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының ең маңызды қызметтерінің бірі – тәрбие беру. Тәрбие тал бесіктен басталады.
Бала тәрбиелеуде отбасылық жақсы дәстүрлер қалыптастыру - ата-ананың бала тәрбиесіндегі қажетті құралы. Отбасы мүшелерінің туған күндерін жақсы істермен атап өту, бірлесіп еңбек ету, үй шаруаларын атқару жөнінде күнделікті ақылдасып отыру секілді істер бұл баланың жақсы азамат болып өсуіне, салауатты өмір сүруге жетелейді. Барлық ата-ананың үлкен мақсаты – балаларын үлкен әріппен жазылатын азамат етіп тәрбиелеу. Осы істе табысқа жету үшін баланы өз ісіне есеп беруге, заңды сыйлауға, өз құқығын қорғай білуге, соңында өзін-өзі тәрбиелей білуге уйретуіміз керек. Осындай мақсатты өмірлік ісі деп түсінетін ата-аналар балаларын қоршаған ортамен, айналадағы қоғамдық құбылыстармен, тарихпен, әдеби жаңалықтармен таныстырып, ерінбей еңбек етуге үйретіп, сыпайы қарым-қатынас жасап, күнделікті өмірінде, сырлас бола біледі.
Осы тарапта ата-аналарға біз, педагогдар барынша көмек көрсетуіміз қажет. Бүгінгі таңда болып жатқан өмірдегі өзгерістерге байланысты педагогтар мен ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігі арта түсуде. Балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасының басым рөлін мойындай отырып, бірлесе жұмыс жасау қажет. Әрбір педагог ата-аналармен қарым-қатынас жасауда түрлі тәсілдерді, қазіргі жаңа технологияларды пайдалана отыры, ата-ананың қызығушылығын арттыру мақсатында жұмыс жасаса, ата-ананың балабақшаға деген, тәрбиешіге деген көз қарасы өзгереді.
Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты:
- ата-ананың өмірге деген көз қарасын өзгерту,
- баланың бүгінгі жасаған қадамы ертеңгі тұлға қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту;
- ата-аналармен жұмыс жасаған кезде бірізділік қағидасын басшылыққа алу.
Ал міндеттері:
Бала өміріне қолдау жасау, келешекте өз жемісін береді.
Қоғам тарапынан көрсетілген қолдау, ата-ананың өміріндегі тұрақтылық пен болашаққа деген сенімін нығайтады.
Өз тәжірибемде ата-аналармен бірігіп жұмыс істеудің әр түрлі формаларын жемісті түрде қолданамын. Олар ата-аналармен жекелеп және ұжымдық жұмыстар жүргізілді. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлерін ұйымдастырылды?
Бастапқыда ата-аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын, отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі ролі анықталып, ата-аналардың ұсыныс-пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алынды. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата-аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді. Себебі, ата-аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата - аналардың ұсыныс-пікірлермен санаса отырып отбасы мен балабақша арасындағы байланысты күшейтіп, бағытты жұмыс жүргіздім, ұйымдастырылатын мерекелік іс-шараларға, ата-аналар және топ жиналыстарына ата-аналарды тарту тиімді.
Сонымен қатар ата-аналарға тәрбиеші сөзі әсерлі, отбасы қажеттіліктеріне байланысты екендігін түсіндіріп толық тыңдату үшін;
- сиқырлы сөздер айту;
- баласының жетістігін айту;
- сенімді болу;
- көңіл - күйіне қарау;
- намысына тимеу;
- материал арқылы сөйлесу ( анкета, тест, т.б)
- қарапайымдылық;
- пікірін сыйлау.
Ата-аналармен жұмыс жүргізудің негізгі алғы шарттары:
- Әрбір отбасыны мықты жақтары болады әр адам жақсы ата-ана болғысы келеді; Барлық отбасы көмекті қажет етеді, көмек түрі отбасының нақты қажеттіліктеріне байланысты болады;
- Ата-анамен жұмысты ұйымдастыру барысында ата-ананы, яғни отбасын тәуелді ету емес, оның қиыншылықтарды жеңу мүмкіндігін нығайтуды көздеу;
- Баланың дамуы туралы ақпарат ата-аналарға бал тәрбиелеуде өз ролін жүзеге асыруға ықпал етеді;
- Әрбір отбасы көрсетілген көмектің тиімділігіне көзі жеткенде ғана, қоғамдық жұмыстарғ белсене араласады;
- Тәрбиеші мен баланың оқуға деген қызығушылығын арттыру жолдарын түсіндіреді;
- Ата-анамен баланың ортақ қарым-қатынастары жөнінде кеңес беру.
Ата-аналармен жүргізілген жүмыстар:
Тақырыптық кеңес: «ата-аналарды психологиялық педагогикалық білім және тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, кеңес беру, ой қозғау, ой қорыту».
Педагогикалық семинар:«Отбасылық тәрбиенің әдіс-тәсілдеріне арналады. Семинарға тәрбиешілер де, ата-аналар да жан-жақты дайындықпен қатысуы қажет».
Шығармашылық кештер: «Балабақшаішілік және топішілік болып, озық қабілетті, танымал ата-аналарды үлгі тұту, насихаттау мақсатында ұйымдастырылды».
Сонымен қатар жүргізілген жұмыстар қатары - топішілік ата-аналар жиналысы, балабақшаішілік ата-аналар жиналысы, ата-аналармен жеке кездесу, ата-аналар үшін ашық есік күн, мерекелік кештерге шақыру, ата-аналарды тренинг ойындарға қатыстыру, отбасылық жарыстарға қатыстыру болып табылады.
Ата-аналармен өткізілген тренинг-ойындар:
1. « Мен күнмін » ойыны
Мені балам не үшін сыйлау керек? Осы сұрақ төңірегінде екі топ мүшелері бірігіп отырып өз пікірлерін жасады. Содан кейін әр топтан бір мүшесі шығып таныстырады.
2. Сіздердің балаларыңызда сіздерді мақтан тұтады. Олар өздерінің жанұясы туралы былй дейді:
- менің жанұям менің бақытым;
- мен папммен, мамаммен бақыттымын;
- мен мамамды өте жақсы көремін;
- мен, ше папамды;
- мен үйдегілердің барлығын сыйлаймын.
3. Біздің балаларымызға кейде онша көңіл бөлінбейді. Балаларымыз шеттеп, көңілі жабырқаулы күйде жүреді. Сол кезеңдердегі балаларымыздын ойы:
- мен олардың ұрысқанын қаламаймын,
- алысқа кеткенін жақсы көремін;
- маған папам көп ұрсады;
- менің істеген ісімді дұрыс емес дейді.
4 . Не себепті көңілі толмайды?
Гүлдің сусырап, шөлдейтіні сияқты, бала да ынта ықыласқа шөлдейді. Өйткені ата-ананың балаға бар жағдайды жасаудан басқа, мейірімі, жылуы, қамқорлығы қажет.
Бала ата-ана мен тәрбиешіден қандай өнеге ала алады? Әке мен шеше өзін тәрбиешімін дей отырып, өздері де тәрбиеге енуі қажет. Ата-ана жауапкершілігі бәрінен биік болмақ. Сондықтан ата-ана басты талапты өздеріне қойғандары жөн. Баланың тәрбие алуына қоғамнан өз орнын табуына жағдай жасауына әрбір ата-ана педагогикалық әдіс-тәсілдерге сүйенгені дұрыс.
Ата-анасы тәрбиелі болса, адамдық ары биік азамат болады, ұстазы білімді болса - шәкіртінен озық ойлы азамат шығады. Ең басты тәрбие құралы – халықтық педагогика. Ғұлама ойшылдарды ақиық ақындарды, әділ билерді, шешендерді, ел қорғаған батырларды, халқын біріктірген хандарды, халқының тарихын ұрпақтан – ұрпаққа жеткізе жырлаған жырауларды халық тәрбиелеген. «Еменді ій, иілетін кезінде, баланы тый, тыйылатын кезінде» дейді халық даналығында. Егер ата – ана баласын дұрыс тәрбиелемесе – қисық ағаш болып өседі. Сондықтан тәрбиенің негізі ата – ана, мектеп, қоғамдық орта болып – дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар – ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында адами қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу.
Қорытып айтқанда, ұлы педагог Макаренко: «Тәрбие ішінде ешбір ұсақ-түйек нәрсе жоқ. Өз өмірімізде немесе балаңыздың өмірінде бір нәрсені ерекше деп бөлек алып, сөған қатты зер салып, қалғандарын елемей қалдырсаңыз қателіктің ең зоры сол болып шығады. Ұсақ-түйектер үздіксіз, күнбе-күн, сағат сайын кездесіп отырады және өмірдің өзі сол ұсақ-түйектен құралады, өмірдің бұл жағына басшылық көрсету және оны ұйымдастыру сіздің және біздің ең жауапты міндетіміз» деген.
Міне осы міндеттерін мүлтіксіз атқаруда балабақша ұжымымен ата-аналар қоян-қолтық тығыз байланысты болуы керек.
Әкенің «батырым», шешенің «құлыным» деген сөзін естіген балада жақсы сезім туатыны белгілі. Ғ.Мустафинның «Ата-ананың міндеті - тәрбиелеу және жақсылықты үйрету» деген сөзінде көп тәрбие жатыр. Бала тәрбиесі ол дүниеге келген алғашқы күннен басталады. Өнеглі ұрпақ тәрбиелеу әр ата-ананың арманы және борышы екені даусыз. Әрқашан отбасымыз аман, босағамыз берік болғай.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
"Отбасы-өнеге айнасы"

шағым қалдыра аласыз