ОҚУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Абишева Куралай Куандыковна
Алматы қаласы, Алатау ауданы №26ЖББМ КММ
Ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог- модератор
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Себебі ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» — деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұр.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Оқушының тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасында білім алушының тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшесінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді. Отбасы тәрбиесінде білім алушыларды білімді, ізгілікті, жан-жақты жетілген, өз өмірінің құндылығын жете түсінетін етіп тәрбиелеуді қажет етеді. Ата-ана баланың мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірге қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрі болса да атқаруға психологиялық даяр болуға, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет. Сол себепті халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.
Ата-аналар оқушылардың тұлғалық қасиеттерін ескеріп, еркін дамуына, ішкі қабілеттерін ашуға жағдай жасаулары қажет. Ата-аналар үшін қарым-қатынас өнерін меңгерулері білім алушыларды ашық әңгімеге шақыруларына, олардың сырларын, құпияларын сақтай алуларына байланысты болады. Осындай сенімді қарым-қатынастар ата-аналардың өз оқушыларының ерекшеліктерін дұрыс білуге оған артқан сеніммен негізделеді.
Әрбір ата-ана өз баласын «Менің қуанышым, бақытым» дейді, өз махаббатының нұрына бөлейді. Бала үшін олар барлық күш жігерін жұмсайды. Сондықтан, әке мен ана баласының келешегін ойлап, отбасындағы сабырлы мінез үлгісін еңбектегі қол жеткен табыстар нәтижелерін көрсете отырып, оны адалдыққа, шындыққа, еңбексүйгіштікке, ұжымдылыққа тәрбиелейді. Салмақты, ілтипатты,тәртіпті, еңбекқор, білімдар әке мен ананы бала жанындай жақсы көреді, бас иеді, сыйлайды.
Кейде баласын орынсыз сөгіп, «Сен топастан ештеңе шықпайды»,-деп сағын қайтаратын ата-аналар да болады. Бұндай теріс ұғымдар баланың келешегіне зиян келтіреді, ал орынсыз балағаттап баланың абыройын төгу ата-аналардың беделін түсіреді.
Өз тәжірибемде ата-аналармен кездескен кезде міндетті түрде отбасы тәрбиесіне, бала мен ата-ана қарым қатынасына, мектеп өмірі жайлы баяндамалар оқылып, талданады, тренингтер өткізіледі. Ата-аналар өз ойларымен бөліседі. Мысалы: «Бақытты жанұя» моделін құру, «Тілек шамы», «Кері байланыс» жаттығуы.
Қорыта келе айтарымыз Отбасы — ең үлкен, мықты тәрбие ошағы. Себебі, келешек әулет барыстары сонда тәрбиеленеді, адамның жеке басының бастапқы басқышы пайда болады, мінездің негізі қаланады, және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады. Оқушының келешекте қандай болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты болады. Отбасылық тәрбие – оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі құрамдас бөлігі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Педагогика тағылымдары Б. Айтмамбетова, А. Бейсенова – Алматы 1993
-
Балаларға адамгершілік тәрбие дәстүрі С. А. Ұзақбаева – Алматы 1990
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ
ОҚУШЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ДАМЫТУ МАҚСАТЫНДА ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Абишева Куралай Куандыковна
Алматы қаласы, Алатау ауданы №26ЖББМ КММ
Ағылшын тілі пәні мұғалімі, педагог- модератор
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі. Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Себебі ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алмайды. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» — деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындап тұр.
Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.
Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Оқушының тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасында білім алушының тұлғалық қасиетіне ықпал ететін көптеген жағдайлар болады. Мәселен, отбасы мүшесінің мәдени деңгейі баланың түрлі әлеуметтік құндылықтарды игеруіне игі әсерін тигізеді. Отбасы тәрбиесінде білім алушыларды білімді, ізгілікті, жан-жақты жетілген, өз өмірінің құндылығын жете түсінетін етіп тәрбиелеуді қажет етеді. Ата-ана баланың мүмкіндіктерін барынша дамытып, оны өмірге қолдана білуге, еңбек етуге, еңбектің қандай түрі болса да атқаруға психологиялық даяр болуға, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп отыруға тәрбиелеу қажет. Сол себепті халқымыз «Бала ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» деп текке айтпаған.
Ата-аналар оқушылардың тұлғалық қасиеттерін ескеріп, еркін дамуына, ішкі қабілеттерін ашуға жағдай жасаулары қажет. Ата-аналар үшін қарым-қатынас өнерін меңгерулері білім алушыларды ашық әңгімеге шақыруларына, олардың сырларын, құпияларын сақтай алуларына байланысты болады. Осындай сенімді қарым-қатынастар ата-аналардың өз оқушыларының ерекшеліктерін дұрыс білуге оған артқан сеніммен негізделеді.
Әрбір ата-ана өз баласын «Менің қуанышым, бақытым» дейді, өз махаббатының нұрына бөлейді. Бала үшін олар барлық күш жігерін жұмсайды. Сондықтан, әке мен ана баласының келешегін ойлап, отбасындағы сабырлы мінез үлгісін еңбектегі қол жеткен табыстар нәтижелерін көрсете отырып, оны адалдыққа, шындыққа, еңбексүйгіштікке, ұжымдылыққа тәрбиелейді. Салмақты, ілтипатты,тәртіпті, еңбекқор, білімдар әке мен ананы бала жанындай жақсы көреді, бас иеді, сыйлайды.
Кейде баласын орынсыз сөгіп, «Сен топастан ештеңе шықпайды»,-деп сағын қайтаратын ата-аналар да болады. Бұндай теріс ұғымдар баланың келешегіне зиян келтіреді, ал орынсыз балағаттап баланың абыройын төгу ата-аналардың беделін түсіреді.
Өз тәжірибемде ата-аналармен кездескен кезде міндетті түрде отбасы тәрбиесіне, бала мен ата-ана қарым қатынасына, мектеп өмірі жайлы баяндамалар оқылып, талданады, тренингтер өткізіледі. Ата-аналар өз ойларымен бөліседі. Мысалы: «Бақытты жанұя» моделін құру, «Тілек шамы», «Кері байланыс» жаттығуы.
Қорыта келе айтарымыз Отбасы — ең үлкен, мықты тәрбие ошағы. Себебі, келешек әулет барыстары сонда тәрбиеленеді, адамның жеке басының бастапқы басқышы пайда болады, мінездің негізі қаланады, және адами қасиеттер мен әдептілік қалыптасады. Оқушының келешекте қандай болуы өзі туылған отбасында алған тәлім-тәрбиесі мен ондағы қарым-қатынасқа байланысты болады. Отбасылық тәрбие – оқушы тұлғасын қалыптастырудың негізгі құрамдас бөлігі.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Педагогика тағылымдары Б. Айтмамбетова, А. Бейсенова – Алматы 1993
-
Балаларға адамгершілік тәрбие дәстүрі С. А. Ұзақбаева – Алматы 1990
шағым қалдыра аласыз


