Материалдар / Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Қара шаңырақ. 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер. Қара шаңырақ. 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Отбасы құндылықтары. Отбасы тәрбиесінің дұрыс берілуі. Кенже ұлдың міндеттері. Шаңырақ - қазақ танымында киелі ұғым. Қара шаңырақ - үлкен үй, ата-ананың үйі. Баршамызға белгілі шаңырақ сөзі үй, отбасы деген мағынаны білдіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Мамыр 2018
749
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Пәні:Қазақ тілі


Мектеп: Қ. Бекқожин атындағы №12 ЖОББМ


Бөлім атауы

3-бөлім: Отбасындағы дәстүрлер мен мерекелер

Сабақ тақырыбы

1-бөлімше

Қара шаңырақ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Мальшубаева Шынаргуль Сагиндыковна

Сынып:5-сынып

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспа

ғандар:

Сабақтың оқу

мақсаты:

Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжау (5.Т/А1.)

Сабақтың мақсаттары:


Барлық оқушылар орындай алады:

Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпты болжайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Тақырыпқа қатысты ойын білдіреді, сұрақтарға жауап береді.

Кейбір оқушылар орындай алады:Тақырыпқа қатысты өз ойларын жүйелеп,өмірмен байланыстырып пікірлерін айта алады

Бағалау критерийлері

  1. Тірек сөздерді анықтай алады.

  2. Ұсынылған иллюстрациялар арқылы

тақырыпты болжайды

Тілдік мақсат:

Тірек сөздер мен ұсынылған иллюстрациялар арқылы тақырыпқа болжау жасай алады.

Әдеби тіл нормаларын сақтайды.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Ата, әже,ана, әке, бала, аға,іні, қарындас,бауыр,немере,отбасы.

Диалог және жазылым үшінқажетті сөз тіркестер:

Қара шаңырақ, үлкен үй, туыс бауыр, дастарқан басы, үлкенді құрметтеу, жеті ата, кіші ұл т.б

1) Менің ойымша …

2) Себебі мен оны … деп түсіндіремін.

3) Оны мен … деген мысалдармен дәлелдей аламын.

4) Осыған байланысты мен … деген шешімге келдім.

Құндылықтарға баулу

Отбасы құндылықтары. Отбасы тәрбиесінің дұрыс берілуі. Кенже ұлдың міндеттері

Пәнаралық байланыс

Өзін-өзі тану,әдебиет

АКТ-ны қолдану дағдылары

Суреттер, бейнефильм

Алдыңғы оқу:

Тірек сөздерді анықтай алады, иллюстрациялық суреттерді реттей алады.

Ойлау дағдылары:

Білу, түсіну, қолдану, талдау

Жоспар

Жоспарланғануақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

1 мин



Тыңдалым алдында

Білу, түсіну

6 мин

Психологиялық ахуал туғызу.

Шаттық шеңберіне тұрып, ата-аналарының еркелетіпайтатын сөздерін айтып шығады. (Күнім, Айым, Еркем, Ботақаным, Құлыным)


Ой қозғау.

  • Мозайка суреттерді құрастыру

арқылы топтарға бөлінеді.

  • Суреттер бойынша сабақ тақырыбына

шығады.

  • Әр топ суреттерге қатысты тірек сөздер

айтады.


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Берілген суреттер бойынша тірек сөздер арқылы сабақ тақырыбына болжам жасай алады.

1. Суреттерді

дұрыс құрастырады

2. Суреттерге ортақ тақырып береді;

3. Әр сурет бойынша үш тірек сөз ұсынады.







Қима суреттер





















Қалыптастырушы бағалау

Ұшақ ішіне жазылатын сөздер

(Жарайсыңдар. Өте жақсы. Керемет.Жақсы.

Алайда...,дегенмен...)

Тыңдалым

кезінде

Қолдану, талдау


6 мин




















































Саралау.

6 мин












6 мин

























ЖЖ. Конверт әдісі.Топтар таңдап алған әр түсті конверт ішіндегі тапсырмаларды орындайды.

Қара шаңырақ

Шаңырақ – қазақ танымында киелі ұғым. Қара шаңырақ – үлкен үй, ата-ананың үйі. Баршамызға белгілі «шаңырақ» сөзі «үй, отбасы» деген мағынаны білдіреді. Қазақ отбасында кенже ұл – қара шаңырақ иесі. Қазақта кенже ұл ерекше мейіріммен өседі. Оған бала күнінен «шаңырақтың иесі» деген ұғымды құлағына құйып өсіреді. Атадан қалған ұяның жылылығын ұстау шаңырақ иесі – кенже балаға жүктелер міндет. Шетте жүрген, қонысы басқа сол қара шаңырақ ұрпақтары мен жек-жаттары қара шаңыраққа сәлем бере келiп, арнайы сыбағалар әкеледi. Жасы үлкендерi еншiлерiн алып бөлек үй болып кеткенде әкенiң кенжесi (сүткенжесi) әке қолында қарашаңырақ иесi боп қалады. Қара шаңырақ – үлкен үй, әке-шеше үйі, сондықтан қара шаңыраққа барлық осы отбасының балалары, туыстары жиналады. Жаңадан отбасын құрып, өмірге қол ұстасып бірге аттанған жастарға «Шаңырағың биік болсын!» деп бата береді. Бұл – құрған отбасыңның тұғыры берік, мәртебесі жоғары болсын деген сөз. Қазақ шаңырағында әуелі әке, сосын ана осы отбасының ұстазы болмақ. Ата-анасы отбасында имандылыққа тәрбиелесе, ол бала тіл алғыш, адал, үлкен-кішіге қамқор болып өседі. Адамгершілік қасиет отбасы мүшелерінің бірін-бірі сыйлауынан, қадірлеуінен, әсіресе, баланың қартайған әке-шешелеріне қамқор болуынан көрінеді. Қара шаңырақ, үлкен үй деп атайтын әкенің үйіне болашақта кенже ұл ие болып, қарттарды бағып қағатын, көне салт бүгінгі Қазақ отбасыларында да сақталған. Ал үлкендері үйленіп үй болысымен еншілерін алып, бөлек шыққан. Жасы кіші болса да кенже иеленген үлкен үй басқа жасы үлкен туыстары үшін де қадірлі, қасиетті үй ретінде саналған. Әке-шешені асырау кенже ұлдың міндеті. Әкесі бар кезінде де немесе ол қайтыс болғаннан кейін де осы үй «қара шаңырақ» деп аталады. Бұл «үлкен үй» деген мағынаны білдіреді.

Графикалық органайзер

Қара шаңырақ сөзінің

тұжырымдамалық картасын жасау.

Өз сөзімен анықтау Синонимдер


Қара шаңырақ





Сөйлемдегі мысал Мақал-мәтел


Ерекше қажеттілігі бар оқушылар

Сөздік кестесі.

Мәтіндегі қарамен жазылған сөздердің

мағынасын түсіндіру.


Түйінді сөздер

Анықтамасы

Қара шаңырақ


Сыбаға


Сүткенже


Тұғыры берік


Мәртебесі жоғары


Енші



  • Хикая картасы мен ақпараттық олқылықтарды толтыру.

Оқушылар берілген суреттердімәтін ретімен орналастырып, отбасындағы кенже ұлдың міндеттерін кеңірек талқылап,олқылықтарды толықтырады.



  1. Кенже баланы ... дейміз.

  2. Әке-шешені асырау ...

  3. Кенже баланың міндеті ...

  4. ... мұраны сақтау, қадірлеу керек.


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Мәтінді оқып, өз болжамдарын айта алады, дәлелдей алады;


1.Мәтінді оқиды;

2.Өз болжамдарын айтады, дәлелдейді;

3.Олқылықтарды толықтырады.





















































































Қалыптастырушы бағалау

Қызыл алма – мен не үйрендім.

Сары алма – маған ұнады/ұнамады.

Жасыл алма– менде әлі сұрақтар бар.

Тыңдалым

Соңында

Жинақтау

15 мин




Саралау

Ж. Кезбе микрофон әдісі арқылыпікір алмасу.

1.Бейнефильм тыңдалады.

2. Отбасы құндылықтарына нелер жатады?

  1. «Қара шаңырақ» деп неге атайды?

  1. Кенже баланың қара шаңырақ иесі болуы дұрыс па?

  2. Өз ойларын өмірмен байланыстырады.

Дарынды және талантты оқушылар.

1)Менің ойымша …

2)Себебі мен оны … деп түсіндіремін.

3)Оны мен … деген мысалдармен дәлелдей аламын.

4)Осыған байланысты мен … деген шешімге келдім.

Бағалау критерийлері

Дескриптор


Мәтін мазмұны мен бейнефильм негізінде өз ойын білдіріп,болжай алады.


1.Мәтіндегі,

бейнефильмдегі нақты ақпаратты анықтайды.

2.Өз ойын айтады.


https://www.youtube.com/watch?v=KDl0EBPDqjM















Қалыптастырушы бағалау

Өрмекшінің торы.

Сабақтан алған әсерлері, пікірлері, ұсыныстары,тілектері...


Үйге тапсырма:

Өз отбасылары туралы әңгіме жазып келу



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!