Тақырып бойынша 11 материал табылды

Өтірік өлең

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып оқушыларына арналған сабақ. Бұл сабақта оқушылар өтірік өлең туралы мәлімет алады. Өтірік өлеңнің мағынасын талдауға, өз ойларымен түсіндіруге дағдыланады. Сабақта еркін сөйлеуге, ойларын ашық айтуға бағытталады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пән: Әдебиеттік оқу 4 сынып


Тақырыбы

Өтірік өлең

Мақсаты

Топта өлең мазмұнын түсіну арқылы өтірік өлең түрлерін ажырата білу және өтірік өлең туралы өз ойларын ауызша, жазбаша білдіруге үйрену;

Күтілетін нәтиже

1.Өтірік өлең арқылы сөздің астарты ойын түсінеді.

2.Мәнерлеп оқу дағдылары жетілді.

3.Өтірік өлеңді құрастырады.





Керекті жабдықтар

А3 форматы, түрлі түсті бояулар, флипчарт, оқулық.

Қолданылатын әдіс- тәсілдер

Диалогтік әдіс,постермен жұмыс,сын тұрғысынан ойлау.



Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кірісарпе

Байланыс орнату;

Білім деңгейін анықтау;

Психологиялық тұрғыдан дайындау;





Сұрақ қою арқылы оқушыны ойлауға жетелеу;

Топқа бөлу;


Топ ережесін сақтауды естеріне салу, қадағалау.




Қайырлы күн деп айтамыз

Бір болып кеште қайтамыз.

Отбасының гүліміз

Көңілді өтер күніміз.

Балалар өздерінің дайындаған тапсырмаларын көрсетеді.

Тұсаукесер

Сұрақ – жауап арқылы үй тапсырмасын сұрай отырып өткен сабақта өткен әңгімедегі кейіпкерлер қандай адамдар венн диограмасына салу арқылы оқушылардан кейіпкерлердің бойындағы қандай қасиеттері бар екенін сұрау.

Мысалы: І топқа Алдаркөсенің бойындағы қасиетті; ІІ топқа Шығайбайдың бойындағы қасиеттерді; ІІІ топқа Екеуінің бойындағы ортақ қасиеттерін сипаттау тапсырылады.



- Бүгінгі сабақ не туралы болуы мүмкін?

Оқушыларға тазша баланың өтірік өлеңінен бір шумақтан жазылған өтірік өлең жазылған стикер таратылады үлестіріп, оқып болған соң мағынасын сұрау.



Берілген өлең жолдарынан қалай түсінгендеріне байланысты көзқарастарын (нені байқағанын) өз ойымен айту;


Сабақтың тақырыбы не туралы екендігін пайымдап, балалар өз ойлары бойынша пайымдаулар айту.



І топ

ІІ топ

ІІІ топ



Оқушылар оқып, мағынасын тани отырып, оның өтірік өлең екенін айтады.



Негізгі бөлім



Бүгінгі өтетін сабағымыз «Өтірік өлең»тақырыбы.

1.Өлеңді болжау стратегиясы мен оқу.

1.Бұл шынымен де өтірік өлең бе?

2. Қандай өтіріктер айтылды?

3.Бұл өтірікті қандай деп айтуға болады?

2.Өлең жолдарындағы түсінбей қалған жерлерді түртіп отыру.


Тапсырмалар:

I.Ойларынан өтірік өлең жазу.

II. Ертегі құрастыру

ІІІ. Өлеңдегі оқиға бойынша сурет салу.







Бұл өтірік өлең жолдарында айтылған өтіріктер ешкімге зияны жоқ, қызықты, күлдіргі. Өтірік өлеңде суреттелетін оқиға желісі шындықтан алынғанымен, ондағы іс-әрекет шынайы өмірге жанаспайтынын дәлелдейді.


Қорытынды

Бағалау кретериалары:

1.Үй тапсырмасындағы эссені жаза білуі.

2.Қосымша сұрақтарға жауап беруі.




Үй тапсырмасы

Өлең мазмұнына сәйкес өмірмен байланыстырып шағын әңгіме жазып келу.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.11.2018
906
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12