Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация жариялап
2 млн. ₸ табыс табыңыз!
0 / 1
Материалға шағымдану
Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Шағым жылдам қаралу үшін барынша толық ақпарат жіберіңіз
Сіздің сұранысыңыз сәтті жіберілді!
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
1 бонус = 1 теңге
Бонусты сайттағы қызметтерге жұмсай аласыз. Мысалы келесі материалды жеңілдікпен алуға болады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Түсінікті
2024-2025 оқу жылына арналған
қысқа мерзімді сабақ жоспарларын
Жүктеп алғыңыз келеді ме?
Өткеніміз өнеге
Материал туралы қысқаша түсінік
Шардара қаласы № 2 Ж. Жабаев аындығы бастауыш мектеп кітапхана меңгерушісі Бибігүл Бердешованың ұстаздармен өткізілген сайыс сабағының жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады.
Толығырақ
08 Желтоқсан 2018
555
0 рет жүктелген
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Өткеніміз өнеге
Шардара қаласы № 2 Ж. Жабаев аындығы бастауыш мектеп кітапхана меңгерушісі Бибігүл Бердешованың ұстаздармен өткізілген сайыс сабағының жоспары
Әдебиеттер:1. Сейдінбек, А. Күңгір - күңгір күмбездер / А.Сейдінбек.-Алматы: Жалын, 1981.-240 б2.Қасымхан, Б. Этнографпен әңгіме / Б.Қасымхан.-и Алматы: Дәстүр, 2010.-500 б
Жауаптары:1.Тәсілім әңгіме кілттері.І. - Әрқайсысыңда олжаның үлкен бөлігі бола тұрып, титтей бөлігіне таласқандарың не? Сендердің бұларың ұят. Мен үйректі өзіме аламын деп дауласқанша,сен ал деп бір-біріңе ұсынбайсыңдар ма.Бұл жердегі үтыс - бір - біріңе деген мейірімде, ақ жүректілікте, бір-біріне деген сыйластықта болар еді.ІІ. - Біз не істесек - те, бұнымызды ұнатпайтын әйтеуір біреу табылады. Барлығының көңілінен шығалмайсың, сондықтан біз өз дегенімізбен жүрейік.ІІІ. Ең алдымен ол өз заттарын қапқа салып, алып шығады. Қайта оралып, ол баласын иығына отырғызып алып шығады. Үшіншісінде ол ханзаданың өзін арқалап әкетеді.2."Халқымыз неткен тәлімгер" І- Егер құмырсқа кеуде қағар шидің басына көп шықса, онда бидай биік те бітік шығады. Ортаңғыға шықса - орташа, ал тізе қағар аласа шиге көбірек аялдаса, астық шығымы да аз болады!- дейді.2.- Кешке қарай құмрсқа илеуінде құлақтар жым-жылас болса.Қариялар малымыз құмырсқадай көп болады, қарнымыз тоқ болады!- дейді.3.- Шамды үрлеп сөндірген адам ұмытшақ болады.3."Қазақтың халық жұмбағы"Шешуі:І.- Шәй ішетін шәйнек.ІІ-1. - Қасқыр, 2. - Сүлік, 3. - Қауын - қарбыз, 4. - Сүмаляк (жыл басы Наурызда пісіретін тағам)ІІІ - Үркер, Жетіқарақшы, Босаға жұлдыздары, Айдың орта және толық кезі, күндіз бен түн, жаңа шыққан күн.
Шардара қаласы № 2 Ж. Жабаев аындығы бастауыш мектеп кітапхана меңгерушісі Бибігүл Бердешованың ұстаздармен өткізілген сайыс сабағының жоспары
Мақсаты: | Сайыстың мақсаты: Мыңдаған жылдар халықтың өмірі мен тұрмысына алтын арқау болған, әдет-ғұрып, салт - дәстүр, ұғым мен ырым сияқты қазақ мінезі мен тіршілігімен таныстыру. |
Негізгі идея: | Міндеттері: - Оқырмандарды адалдыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу. Мәтін мағынасын ұғыну арқылы ойлау қабілетін, байқағыштығын жетілдіру. |
Күтілетін нәтиже: | Әңгіме мазмұнымен танысады. Өз ойын жүйелі айтуға үйренеді. Топпен жұмысты орындау барысында шығармашылық қабілеті кеңейіп, еркін ойлау дағдысы қалыптасады. |
Түрі: | Стратегиялық іс - әрекет: "Ой қозғау", "Ой талқы" |
Тапсырмалар | 1."Тәсілім әңгіме "(астарлы әңгіме, мысал)2."Халқымыз неткен тәлімгер!" 3. "Қазақтың халық жұмбағы" |
Ұйымдастыру кезеңі | Амандасу. Психологиялық дайындық. Ұстаз болу - сезімнің ақындығы, Ұстаз болу - жүркетің батылдығы. Ұстаз болу - өмірдің күн шуағы, Азбайтұғын адамның асылдығы, - деп ақын Ғафу Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні - ән ұстаздарымыздың бар болғанын мақтаныш етеміз. "Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар , мінез деген қасиеттермен озады" - деген ұлы Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар ұстаздар - заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай білімдар, озық тәжірибелі, заманның да қоғамның да дамуына өз үлесін қосып, талай шәкірттері биіктерден көрініп жүрген, сан жүректің тілін тапқан ұстаздар арамызда бар. Ендеше сол ұстаздарымыздың тәжірибелерінен, ой - пікірлерінен үлгі алмақ ойымыз бар. Трениг жасау. (жел әдісімен)Топқа бірігеді:1. "Әпсана" тобы2. "Дастан" тобы3. "Мұрагер" тобыӘр топта берілген мәтін бойынша жұмыс жасау. Постерге салу және оны қорғау. |
І-тапсырма | Тәсілім әңгіменің ең маңызды ерекшелігі- мұнда кім не істеу керек, кімдікі дұрыс, ақихат қайда екендігі ашық түрде айтылмайды. Тәсілім әңгімеде бұл ақпарат жасырылған. Оқырмандарды тәсілім әңгіме тыңдауға, сезінуге, ойлануға үйретеді."Моншақ" әдісі арқылы ұжымдық жұмыс орындайды. Әңгімені түсініп, оқып шығады. Оқиғаның мазмұнын анықтайды, сосын болжайды, кілтін табады. * Үш адам аңға шықпақшы болыпты. Біреуінің садағы, екіншісінің жебесі болған, бірақ олар аңды аулай алмайды екен. Үшіншісінің не садағы, не жебесі болмаған, есесіне ол өте епті, мерген аңшы екен. Үшеуі аңға бірге барып, мерген аңшы жүз үйрек атып түсіріпті. Олар үйректі үш теңдей бөлікке бөлген, бірақ бір үйрек артылып қалады. Үшеуі осы үйрекке таласып, дауласыпты. -Бұл үйректі маған беріңдер, өйткені садақ мепнікі,-депті біріншісі.- Жоқ, бұл менің үйрегім, өйткені оны шаншып өлтірген менің жебем, - деп, екіншісі таласыпты.- Үйрек менікі, өйткені оны мен атып өлтірдім, - депті үшіншісі.Ой қозғау: Егер бұл үш аңшы сізге дауды шешіп беруге өтініш жасаса, сіз қандай кеңес берер едіңіз? *Бір күні ханзада кедейдің қызын кездестіріпті. Ол қыздың ақылдылығы мен сұлулығына қайран қапты. Ханзада қызға ғашық болып, оған тұрмысқа шығуды өтініпті. Бірақ кедейдің қызы көнбепті, өйткені күндердің күнінде ханзада оны ашу үстінде хан сарайынан қуып шығады деп қорқыпты. Ханзада ешқашан мұндай жасамайтынына серт беріпті. Ақыры қыз тұрмысқа шығуға келісім беріп, бірақ ханзадаға ерекше шарт қойыпты. Егер бір күні ханзада оны шынымен сарайдан қуып жіберсе, онда ол әйеліне әлі келгенше үш рет осы сарайдан керегін көтеріп әкетуіне рұқсат беруін өтініпті. Уақыт өтіп, олар ұлды болады. Бірнеше жыл бақытты өмір сүріпті. Бір күні әйелі ханзадаға құлын қамшымен ұруға қарсы болды. Ханзада ашуланып, әйелін сарайдан қуып шығады. Сонда әйелі...Ой қозғау: Әйел хан сарайынан не алып кетеді? * Әкесі баласымен көшеде келе жатты. Әкесі есек үстінде, ал баласы есекті жетектеп келе жатыпты. "Бейшара бала, - деді алдынан шыққан жолаушы. -Кіп - кішкентай екен, жаяу жүріп, әбден шаршапты ғой." Әкесі бұл сөзді көңіліне алып, есектен түсіп, орнына баласын отырғызады. Басқа жолаушы: "Ұят емес пе! Баласы есек үстінде, ал кәрі әкесі әрең жаяу келеді,"-деді. Баласы ұялып, әкесін өзнің артына отырғызады. "О, халайық! Мұндайды көрдіңдер ме? Бейшара жануарды сонша қинап, не жаны қалды оның?"-деген алдарынан шыққан әйелдің жан дауысы шықты. Әкесі мен баласы үнсіз есектен түсті де, жаяу жүрді.Әрең екі-үш қадам басқан еді, келесі жолаушы: "Сендердің есектерің ерке есек пе еді? Еш болмаса сендерді тасымайды ма?"-депті. Әкесі есекке жем беріп, бабасының иығына қолын қойып, былай деді:...Ой қозғау: Әкесі баласына не деді? |
ІІ-тапсырма | "SMS хабарлама" тәсілі бойынша Қазақ халқының ұлы данышпаны Абай: "Баламды медрессеге біл деп бердім, қызмет қылсын, шен алсын деп бердім", - деп айтқан. Қазақ халқы балаларын тек үйретіп қана қоймай, белгілі адамдарды, би - шешендердің, ақын - жыраулардың өзін көрсетіп, сөзін тыңдатқан. Молда алдында апарып, тіл сындыртқан, араб тілін үйреткен. Әр бала ата - бабамыздың өнегелі тағлымдарын басшылыққа ала отырып, тек ғылым негіздерін алып қоймай, тұрмыс түйіткілдерін, шаруа сырлары мен тәсілдерін білуі керек болған.*Көктемде құмырсқа илеуіне диқан ата үш тал ши шаншыды. Оның бірі ұзын - кеуде қағар. Екіншісі,- орташа - кіндіктен аспайды. Үшіншісі - тізеден ғана келетін қысқа ши.Ой талқы: Диқан не үшін үш тал шиды құмырсқа илеуіне шаншыған?*Ақ найзасы болмаса , Ерді қайдан танырсың. Ен-таңбасы болмаса, Малды қайдан танырсың?- дегендей көшпелі елдің тіршілік-тынысымен тамырлас бұл дәстүр тым ерте кезден-ақ қалыптасқан.Қазақ арасында ен салудың түрлері өте көп.Ой талқы: Ен -таңба түрлерін малға салу кезінде кесілген қанды құлақтардың үстіне ақ тамызып, құмырсқаның илеуіне тастайтын ырым болған. Не үшін?*Бұрынғы кездері қазақ отбасыларында май шам болатын.Ұйқыға кетер кезде май шамның отын үрлеп өшіргізбейтін.Ой талқы:Білігін басып сөндіретін болған. Неліктен? |
ІІІ-тапсырма | "Конверттегі сұрақ" әдісі бойынша.1.Аузы бар арқасында егі жоқ, құмнан болған денесінде сүйегі жоқ, су ішеді жапырақ жейді. Одан басқа татитын қорегі жоқ.2. Тауда талайман, Суда Сүлеймен. Домалап жатқан тасты көрдім, Тұзсыз піскен асты көрдім.3.Алты асқар, жеті қаз, төрт бөдене, Кейде толы, кейде орта бір тегене. Тұнық пенен лайдың арасынан, Бір аққу шыға келді құсқа төре. |
"Қарлы кесек" | Мұғалімдер бүгінгі сайыс бойынша бір - біріне сұрақтар қою арқылы қорытындылайды. |
Әдебиеттер:1. Сейдінбек, А. Күңгір - күңгір күмбездер / А.Сейдінбек.-Алматы: Жалын, 1981.-240 б2.Қасымхан, Б. Этнографпен әңгіме / Б.Қасымхан.-и Алматы: Дәстүр, 2010.-500 б
Жауаптары:1.Тәсілім әңгіме кілттері.І. - Әрқайсысыңда олжаның үлкен бөлігі бола тұрып, титтей бөлігіне таласқандарың не? Сендердің бұларың ұят. Мен үйректі өзіме аламын деп дауласқанша,сен ал деп бір-біріңе ұсынбайсыңдар ма.Бұл жердегі үтыс - бір - біріңе деген мейірімде, ақ жүректілікте, бір-біріне деген сыйластықта болар еді.ІІ. - Біз не істесек - те, бұнымызды ұнатпайтын әйтеуір біреу табылады. Барлығының көңілінен шығалмайсың, сондықтан біз өз дегенімізбен жүрейік.ІІІ. Ең алдымен ол өз заттарын қапқа салып, алып шығады. Қайта оралып, ол баласын иығына отырғызып алып шығады. Үшіншісінде ол ханзаданың өзін арқалап әкетеді.2."Халқымыз неткен тәлімгер" І- Егер құмырсқа кеуде қағар шидің басына көп шықса, онда бидай биік те бітік шығады. Ортаңғыға шықса - орташа, ал тізе қағар аласа шиге көбірек аялдаса, астық шығымы да аз болады!- дейді.2.- Кешке қарай құмрсқа илеуінде құлақтар жым-жылас болса.Қариялар малымыз құмырсқадай көп болады, қарнымыз тоқ болады!- дейді.3.- Шамды үрлеп сөндірген адам ұмытшақ болады.3."Қазақтың халық жұмбағы"Шешуі:І.- Шәй ішетін шәйнек.ІІ-1. - Қасқыр, 2. - Сүлік, 3. - Қауын - қарбыз, 4. - Сүмаляк (жыл басы Наурызда пісіретін тағам)ІІІ - Үркер, Жетіқарақшы, Босаға жұлдыздары, Айдың орта және толық кезі, күндіз бен түн, жаңа шыққан күн.
Материал ұнаса әріптестеріңізбен бөлісіңіз
Ашық сабақ, ҚМЖ, көрнекілік, презентация
жариялап табыс табыңыз!
Материалдарыңызды сатып, ақша табыңыз.
(kaspi Gold, Halyk bank)