Материалдар / Открытый урок на тему "У природы нет плохой погоды "
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Открытый урок на тему "У природы нет плохой погоды "

Материал туралы қысқаша түсінік
Открытый урок по обновленной программе на тему "У природы нет плохой погоды Художественная тема: Ф. И. Тютчев. Стихотворения о природе". 5-класс. Учащиеся обращаются друг к другу по имени, говорят комплимент, применяя слова, которое начинается с начальной буквы имени собеседника. Ученики делится на три группы «Весенние деньки».
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
326
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алматы облысы

Еңбекшіқазақ ауданы

«Екпінді орталау мектебі»

коммуналдық мемлекеттік мекемесі

«Бекітемін»

.........................................

Мектеп директоры

М. Жайлыбай

Тақырыбы:

«Абайдың қара сөздері»

(конференция)

Пән мұғалімі Стамбекова Жанар Тасыгановна

2017-2018

Тақырыбы: «Абайдың қара сөздері» (конференция)

Мақсаты:
- Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;

- «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту,

- Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау.

1 - оқушы:

- Армысыздар, қадірменді ұстаздар, әдебиет сүйер қауым, білім нәріне құмар оқушылар!

2 - оқушы:

- Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға А. Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абайдың қара сөздері» атты конференцияға қош келдіңіздер!

Эпиграф: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс».

1 - оқушы:

- Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.
Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі - бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.

2 - оқушы:

- Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді.
Слайд: Абайдың Балалық және жастық шағы.
Абайдың аналары (көрініс).

1 - оқушы:

- Ақын шығармалары - оның қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар классик ақын екендігін дәлелдейді. М. Әуезов Абайды «Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп атауы да жайдан жай емес.

2 - оқушы:

- 80 жылдардың орта кезінен бастап Абай ақындық жолға біржола бет бұрады. Бұл кездегі өлеңдері - толысқан ой - сананың жемісі.
Слайд: «Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз»
Ғылым, білім туралы көзқарасы
- «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
- «Интернатта оқып жүр»
- «Ғылым таппай мақтанба»

1 - оқушы:

- Абай – озық мәдениетті насихаттаумен қатар, әлеуметтік - азаматтық санасы өскен, халықтың үлкен қайраткері.
Слайд: «Қалың елім, қазағым,
Қайран жұртым»
Халық, замана, адам
• Сабырсыз, арсыз, еріншек»
• «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»
• «Өлсем орным қара жер»
• «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»

Музыкалық номер: Абайдың «Көзімнің қарасы» әні.

2 - оқушы:

Абайдың қара сөзін оқып көрші, 
Беріліп жан тәніңмен көңіл бөлші. 
Әрбір сөзінде терең ой бар, 
Тереңін сен бақылап ,байқап көрші. 
1890-91 жылдары 18 өлеңді дүниеге әкелген ақын қаламы бұдан кейін саябыр тартты. Оның себебі 1890 жылдан бастап, ұлы ойшыл өзінің қарасөздерін жазуға кірісті. 

1 - оқушы:

- Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері.
Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл - өнеге, өсиет, ғибрат сөздер. Жалпы қара сөздер саны 46. Оның 46 - сы аяқталмаған. Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де, бүгін де бағасы зор.
Абайдың 17 қара сөзі (көрініс)

2 - оқушы:

  • Келесі кезекте Абайдың қара сөздерін талдап келген оқушыларға сөз берейік.

Талқамбаева Ақжүніс:

  • Абай Құнанбайұлының 25-қарасөзі басқа да қарасөздері сияқты әлі күнге дейін

өзектілігін жоғалтқан емес.  Аталған қарасөзде Абай атамыз оқу-білімге байлық аямау керек дегенді айтады. "Мал тапса, қарын тояды. Онан соң, білім түгіл өнер керек екен. Соны үйренейін не балама үйретейін деп ойына жақсы түседі", - дейді ол.  "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген қазақтыкі болып кеткен Қадыр атамыздың сөзін дана Абай да айтып кеткен. "Жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренген" халықты көкірек көзді ашуға шақырады ол. "Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де, ғылым да - бәрі орыста тұр", - дей келіп, өзге жұрттың тілін білген адам терезесі тең тұрып сұхбат құра алады дегенді айтады.  Дәулет әр адамға өз несібесімен келеді. Қазір оқу-білімге жұмсалған ақша болашақта қайтарымы бар берекелі ақшаға айналмақ. "Өз келешегін ойлаған әр адам орыс ғылымын үйренсін" деген тұжырым бүгін де өзекті болып тұр. "Турасын ойлағанда, балаңа қатын әперме, енші берме, барыңды салсаң да, балаңа орыстың ғылымын үйрет! Мына мен айтқан жол - мал аяр жол емес. Құдайдан қорық, пендеден ұял, балаң бала болсын десең - оқыт, мал аяма! Әйтпесе, бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?". Назар салсақ, оқуға қолын бір сілтеген адамның көкірек көзі қараңғы болып, тұмшаланып, ішіп-жеп қана өмір кешетін төрт аяқты хайуаннан еш айырмасы болмайтыны айтылған, "бір ит қазақ болып қалған соң, саған рахат көрсете ме, өзі рахат көре ме, я жұртқа рахат көрсете ме?" деген жолдар – осы сөзіміздің куәсі. Оқу-білімнің қажеттілігін сөз құдіретін жіті түсінген халқымыздың мақтамен бауыздау тәсілін қолдана отырып жеткізген ғұламадан асырып ешкім айта алмаса хақ-ты...  

Руслан Мади:

  • Абай Құнанбайұлының 6-қарасөзіне талдау Абай атамыз кезекті қарасөзінде қазақтың мінезіндегі дүниеқорлық, мал үшін жақынды да, ағайын, іні, досты да сатып кете беретін мерез мінезді жеріне жеткізе сынаған. «Малыңды беріп отырсаң, атасы басқа, діні басқа, күні басқалар да жалданып бірлік қылады» дейді. «Бірлік малға сатылса, антұрғандықтың басы осы» дейді. «Жанын қорғалап жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады», - делінген. Адам мінезіндегі жалқаулық, кертартпалық, еріншектік, ездіктің бәрін айта келіп, осы кері құлықты ақтап алар қазақтың қитұрқы мақалы екені айтылады. Ұлттың мінезіндегі осындай жалпыға ортақ қасиеттерді айпарадай аша отырып, Абай бұл жараның сыздап тұрған тұсын көзге бадырайтып көрсетеді. Алтыншы қара сөздің астарында "Егер адамдықтан азып, кісілік қасиеттен жұрдай болсаң, сенің қай жерің адам? Қалай адам болып өмір сүрмексің?" деген сұрақтар жатады. Оны түзетуге итермелейді, оны болдырмауға шақырады. Өз кемшілігін адамға білдіреді. Кемшілігін білген адамның ақылды адам екенін айтады. Жалпы, Абайдың «Алтыншы қара сөзі» – хакім шығармашаларының ішіндегі шоқтығы биік туындыларының бірі.

Айымбек Думан:

  • Абайдың 29-шы қара сөзі. Абай жиырма тоғызыншы қара сөзінде қазақ халқы ішінде қалыптасып қалған кейбір түсініктерді мақал-мәтелдері арқылы сынайды. "Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар", – дейді ол. Ақын осылайша сол кездегі қазақ қоғамындағы моральдік құндылықтарды сөз етіп, сынайды. «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе?і», – деп елдің материалдық құндылықтарды бірінші орынға қойғанына налиды. Қара сөзде Абай елді тіленшіліктен қайтарып, адал жолмен еңбек етіп, арамдықтан алыс болуға шақырады.

    Сарсанов Хайрулла:

  • Отыз үшінші сөз. - Егер де мал керек болса, қолөнер үйренбек керек. Мал

жұтайды, өнер жұтамайды. Алдау қоспай адал еңбегін сатқан қолөнерлі - қазақтың әулиесі сол. Бірақ Құдай Тағала қолына аз-маз өнер берген қазақтардың кеселдері болады. Әуелі — бұл ісімді ол ісімнен асырайын деп, артық ісмерлер іздеп жүріп, көріп, біраз істес болып, өнер арттырайын деп, түзден өнер іздемейді. Осы қолындағы аз-мұзына мақтанып, осы да болады деп, баяғы қазақтың талапсыздығына тартып, жатып алады. Екінші — ерінбей істей беру керек қой. Бір-екі қара тапса, малға бөге қалған кісімсіп, «маған мал жоқ па?» дегендей қылып, еріншектік, салдау-салғырттыққа, кербездікке салынады. Үшінші — «дарқансың ғой, өнерлісің ғой, шырағым», немесе «ағеке, нең кетеді, осы ғанамды істеп бер!» дегенде «маған да біреу жалынарлыққа жеткен екенмін» деп мақтанып кетіп, пайдасыз алдауға, қу тілге алданып, өзінің уақытын өткізеді. Және анаған дүниенің қызығы алдауды білген дегізіп, көңілін де мақтандырып кетеді. Төртінші — тамыршылдау келеді. Бағанағы алдамшы шайтан тамыр болалық деп, бір болымсыз нәрсені берген болып, артынан үйтемін-бүйтемін, қарық қыламын дегенге мәз болып, тамырым, досым десе, мен де керектінің бірі болып қалыппын ғой деп, және жасынан іс істеп, үйден шықпағандық қылып, жоқ-барға тырысып, алдағанды білмей, дереу оның жетпегенін жеткіземін деп, тіпті жетпесе өзінен қосып, қылып бер дегенінің бәрін қылып беріп, күні өтіп, еңбек қылар уақытынан айрылып, «жоғары шыққа» қарық болып, тамақ, киім, борыш есінен шығып кетіп, енді олар қысқан күні біреудің малын бұлдап қарызға алады. Оны қылып берейін, мұны қылып берейін деп, соныменен табыс құралмай, борышы асып, дауға айналып, адамшылықтан айрылып, қор болып кетеді. Осы несі екен. Қазақтың баласының өзі алдағыш бола тұрып және өзі біреуге алдатқыш болатұғыны қалай? Абайдың қай қара сөзі болмасын, жүрекпен түсініп, көңілге түйетін нақылдарға бай. Бұл қара сөзінде де, арам ойдан алшақ болуға шақырады хакім. Барлық адамзаттың өзге тіршілік иелерінен сөйлей алатын қабілетімен ерекшеленіп тұратын қасиеті бар. Сондай қасиеттерінің бірі де бірегейі — бір іске икемді болуы. Ішкен тамаққа тойып алып, бүк түсіп жата беру адам баласына үлкен сын болмақ. Ал Абай атамыздың бұл ретте айтқысы келген ойы қандай? «Өнері бардың кеселі бар» деген ойды ұстанып, оның төрт түрін көрсетеді. «Бойымдағы өнерім өзіме жетеді» деп білім-ғылым қумай, тым асыра қанағатшылдыққа салынып, талапсыздыққа бой алдыру — пендені кері бағытқа салады десе, екінші бір айтар ойы — еріншектік. Бауыржан Момышұлы атамыз «Адамды үш нәрсе бүлдіреді: арақ, ақша, атақ» деп айтқан екен. Малға мастанып, қит ете қалса, көп жұмыс бітіргендей ақысын сұрап тұруы — қателік. Бұл ретте, «сыйға – сый, сыраға – бал» деген халық нақылын айтсақ, артық етпес. Еңбегіне қарай, ақысын да береді емес пе? Әр зат өз шамасымен болуы керек дегенді ұстанған ұлт ғұламасы үшінші кемшілігінде нендей ой айтты екен? Мақтаған сиырдың күйін кешіп, арзан мақтаудың артынан еріп, аса дандайсып кету өмірден адасудың бір сорақысы екенін айтпақшы. Ақырғы кемшілігі – қарызға бату. «Жасап берші» деген бір ауыз сөзін «мен де біреудің пайдасына керек екенмін» деп жерге тастамай, мойнына алып, шектелген уақытына дейін бітіріп бере алмай жүрсе ше? Басқадан қарыз алып айыбын жуып-шаятынын қайтесің? Сөйтіп, анда тартса, мында жетпей, мында тартса, анда жетпей, «екі қолын мұрнына қыстырдының» күйін кешпек. Тоқ етері, артылған істің жауапкершілігін сезіне білу керек. Өз заманының жайын айтып отырса да, бұның жалғасы қазіргі өмірде көрініс беріп жатқаны жалған емес. Сондықтан, ардың жүгін арқалаған 550 жылдық тарихы бар ұлттың болашағына жалқаулық, салғырттық, боямашылдық деген кері пиғылдар жараспасы хақ. 

Сман Айнур:

  • Абай қара сөздеріндегі адамгершілік мәселесі:

Абай шығармалары, қара сөздері тақырыбы жағынан айрықша дараланып, адамгершілік мәселесіне назар аудартып, өшпес мұра ретінде жырланғандығы мені ғана емес, қазақ деп жүрегі соққан әрбір жастың көңілін қуантарлығы шындық . Абайдың «Қара сөздеріне » өзіндік көзқарас тұрғысынан талдау жасасақ, оның қазақ қоғамындағы көптеген өзекті мәселелерді қозғағанын көреміз . Әрине, бір ғана қара сөзді мақала көлемінде Абай шығармашылығын талдап , сараптап шығу мүмкін емес! Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр. 1 . Бейбітшілік, 2 . Руханияттылық, 3 .

Табиғатты қорғау Бұлардың қай -қайсысы да біздің тіршілігіміздің қайнар көзі. Басты бағдары десек те артық айтқандық емес . Бірін – бірі толықтырып тұрған ұғымдар . Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес бүкіл әлемнің болашағы байлаулы деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» – ең маңыздысы . Себебі адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы әлемдегі кез – келген халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім – тәрбиеге , білімге , адамгершілікке үндейді. Болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азықты сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім- тәрбиенің адам өмірінен алатын орны ерекше (1). Атақты ғұлама ғалым әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берген білім адамзатты улайды» деген аталы сөзі бар. Осы тұрғыда келгенде, қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбайұлы өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді . Оңайдан қиынға қарай , жақынан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жіктейді . Қара сөздерге көңіл аударайық . Кім үшін болса да тәрбиелік мәні зор . Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды . Өйткені ғылым да , өнер де жастар үшін Абайдың « алтыншы, сегізінші, он бірінші » қара сөзінде білімге ұмтылуға бөгет жасайтын адамның мінездерін шенеуге арналады . «Алтыншы» қара сөзінде қазақ мақалдарының мән – мағынасын кеңінен талқыға салады . Өзің тірі болсаң да , көкірегің өлі болса , ақыл табуға сөз ұға алмайсың . Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың . Кеселді жалқау , қылжақбас , Әзір тамақ ,әзір ас , Сыртың – пысық , ішің – нас , Артын ойлап ұялмас , — болып жүріп тірімін деме , онан да Алла жіберген ақ бұйрықтың өлімнің өзі артық екенін ашып айтады . «Сегізінші» қара сөзінде болыс пен биді салыстыра отырып екеуінің ақыл тыңдайтын жағдайы жоқ , бар ойы биліктегілерге жазалы болып қаламыз ба , өзіміз шығынданып, шығынымызды толтыра аламыз ба? Деген ойлардан қолы тимейді. Көңілдері көкте, көздері аспанда ,адалдық, арамдық ақыл, ғылым ,білім – еш нәрсе малдан қымбат демейді . Мал болса бәрін паралап алуға болады дейді . Оның діні , құдайы , халқы , жұрты , ары, жақыны – бәрі мал . Сөзді қайтіп ұқсын , ұғайын десе де , қолы тие ме?

Аналар анадай болып тұрғанда , білім , ғылым ,ақылды не қылсын ? Және де білім, ғылым кедейге керек жоқтай –ақ: «Бізді не қыласың ана сөзді ұғарлыққа айт !» дейді . Оның өзгемен ісі жоқ , соған қарағанда мұның да ешбір қайғысы , мұңы болмаса керек . «Он бірінші » қара сөзінде ұрлық пен бұзақылықтан тыйылып дұрыс жолға жүруді меңзеп көрсетеді . Осы бір ұры бұзақы жоғалса жұртқа ой да түсер еді. Шаруа да қылар еді. Бай барын бағып, кедей жоғын жоқтап, ел секілденіп талапқа , тілеуге кірісер еді . Енді жұрттың бәрі осы бүлік екі іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бәрі тоқтаусыз кеткені ме? Ұрыны тыюға болатын еді , бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын , азатұғын байларды кім тыяды? Қарап отырсақ, осы үш қара сөзінің өзі адамға терең ой салары хақ! Қорытындылай келе , біз ұлы ақынымыз А . Құнанбайұлының дәуірінде айтып кеткен сөздерінің әлі күнге дейін өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған , тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық . Демек, бұл – ақынның халықпен бірге жасағандығы . Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас қазынасы . Иә, Абай поэзиясы – өзгеше өлең , өзгеше өнер.Халқын сүйген қаламгерді біз арманына жеткен ақын десек қателеспейміз . Әр қазақта тәлім алар ғибратты сөздер көп болғай.

1 - оқушы:
- Өмірінің соңында ақын трагедиясы ұлғая түсті. 1904 жылы Абайдың болашағынан мол үміт күттірген баласы Мағауия ауыр науқастан қайтыс болды. Ауыр қайғы, жанын жегідей жеп, улы ой, шер үстіне түсіп кеткен Абайдың тіршілікпен қоштасар сәті жақындай түсті. 

2 - оқушы:
- Осылайша ұлы ақын 1904 жылы 23 маусым күні «Бала шақ» деп аталатын кең қоныс жайлауда дүниеден өтті. Өлерінде айтқан мына бір өлең ең соңғы лебізі болса керек. 
Сарыарқаның самалы-ай, 
Самалда өскен дүние-ай. 
Қорлықта өткен өмір-ай, 
Өтті деген осы ма ай! 

1 - оқушы:

  • Кешімізді Сағынғали Сейітовтың «Кім»-өлеңімен аяқтағым келеді. 
    Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? 
    Жырымен жан сусынын қандырған кім? 
    Өзіне өзі орнатып ескерткішті 
    Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім? 
    Ерте оянып, ойланып ержеткен кім? 
    Талабын тас қияға өрлеткен кім? 
    Құба жон, құбақан құм құла қырды 
    Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? 
    Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 
    Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 
    Арманын аттандырған келешекке 
    Біздермен осы күнгі тербеткен кім? 
    Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім? 
    Өзендей құйған барып көк теңізге 
    Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? 
    Көрікті көңілде жыр, қолда қалам 
    Өмірдің өріне өрлей басқан қадам 
    Қазақтың өлеңінің ұлы атасы, 
    Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты –Адам. 
    - Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай

тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қой-ғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан , білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық.Абай поэзиясы - сарқылмас бұлақ. Сөз шебері - Абай ата, сізге әрқашан борыштымыз, өсиетіңді нық ұстаймыз – деп «Абайдың қара сөздері» атты Абай Құнанбаевқа арналған конференциямызды аяқтаймыз. 

1 - оқушы:

Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!

  • Абайдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған А. Байтұрсынов: «Абай

қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы, 
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 
Азбайтұғын адамның алтындығы – 
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! 
Олай болса мектебіміздің директоры Г.А.Есентаева, Эксперимент алаңының әдіскері Г.Т.Қошқарбаеваға сөз кезегін берелік.

Абайдың 29-шы қара сөзіне талдау Абай жиырма тоғызыншы қара сөзінде қазақ халқы ішінде қалыптасып қалған кейбір түсініктерді мақал-мәтелдері арқылы сынайды. "Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар", – дейді ол. Ақын осылайша сол кездегі қазақ қоғамындағы моральдік құндылықтарды сөз етіп, сынайды. «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе?і», – деп елдің материалдық құндылықтарды бірінші орынға қойғанына налиды. Қара сөзде Абай елді тіленшіліктен қайтарып, адал жолмен еңбек етіп, арамдықтан алыс болуға шақырады.

2 - оқушы: Абай - сазгер. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған 30 - дан астам әні бар, 3 күйі бар. Бүгінгі таңда нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.
Слайд: Абай – сазгер.
«Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әнді сүйсең, менше сүй»
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні

Абай қара сөздеріндегі адамгершілік мәселесі

2 - оқушы: Абайдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған А. Байтұрсынов: «Абай – қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды.

Абайдың 29-шы қара сөзіне талдау Абай жиырма тоғызыншы қара сөзінде қазақ халқы ішінде қалыптасып қалған кейбір түсініктерді мақал-мәтелдері арқылы сынайды. "Біздің қазақтың мақалдарының көбінің іске татырлығы да бар, іске татымақ түгіл, не құдайшылыққа, не адамшылыққа жарамайтұғыны да бар", – дейді ол. Ақын осылайша сол кездегі қазақ қоғамындағы моральдік құндылықтарды сөз етіп, сынайды. «Ата-анадан мал тәтті, алтынды үйден жан тәтті» дейді. Ата-анасынан мал тәтті көрінетұғын антұрғанның тәтті дерлік не жаны бар. Бұлардың бәрінен де қымбат ата-анасын малға сатпақ ең арсыздың ісі емес пе? Ата-ана шамасы келсе, михнаттанып мал жиса да, дүниелік жиса да, артымда балаларыма қалсын дейді. Ол ата-ананы малға сатқан соң, құдайға дұшпандық іс емес пе?і», – деп елдің материалдық құндылықтарды бірінші орынға қойғанына налиды. Қара сөзде Абай елді тіленшіліктен қайтарып, адал жолмен еңбек етіп, арамдықтан алыс болуға шақырады.

«Абайдың қара сөздері» (конференция)

Мақсаты:
- Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту;

- «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, - Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау

1 - оқушы: Армысыздар, қадірменді ұстаздар, әдебиет сүйер қауым,
білім нәріне құмар студенттер!

2 - оқушы: Қазақ халқының ұлы ақыны, әдеби тілінің негізін салушы, аудармашы, сазгер, дана, дара тұлға А. Құнанбаевтың шығармашылығына арналған
«Абайдың қара сөздері» атты конференцияға қош келдіңіздер!
Эпиграф: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз. Абай біздің ұлттық ұранымыз болуға тиіс».

1 - оқушы: Абай мұрасы - қазақтың ең қасиетті, теңдесі жоқ, алтын қазынасы.
Заман ауысып, уақыт өткен сайын халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі. Абай өзінің туған халқымен мәңгі - бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.

2 - оқушы: Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосып келеді.
Слайд: Абайдың Балалық және жастық шағы.
Абайдың аналары (көрініс).

1 - оқушы: Ақын шығармалары - оның қазақ әдебиеті тарихында ерекше орны бар классик ақын екендігін дәлелдейді.
М. Әуезов Абайды «Қазақтың классик әдебиетінің атасы, қазақ поэзиясының күн шуақты асқар биігі» деп атауы да жайдан жай емес.

2 - оқушы: 80 - жылдардың орта кезінен бастап Абай ақындық жолға біржола бет бұрады. Бұл кездегі өлеңдері - толысқан ой - сананың жемісі.
Слайд: «Дүние де өзі, мал да өзі,
Ғылымға көңіл бөлсеңіз»
Ғылым, білім туралы көзқарасы
- «Жасымда ғылым бар деп ескермедім»
- «Интернатта оқып жүр»
- «Ғылым таппай мақтанба»
Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған ән: «Есіңде бар ма, жас күнім»

1 - оқушы: Абай – озық мәдениетті насихаттаумен қатар, әлеуметтік - азаматтық санасы өскен, халықтың үлкен қайраткері.
Слайд: «Қалың елім, қазағым,
Қайран жұртым»
Халық, замана, адам
• Сабырсыз, арсыз, еріншек»
• «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ»
• «Өлсем орным қара жер»
• «Өлсе өлер табиғат, адам өлмес»

2 - оқушы: Абай жас ұрпаққа айтар ақылы да, уағызы да аз болмаған. Ол халық тәжірбиесін танытқан шындықты айта отырып, жастарды адамгершілік жолға, адал достыққа үгіттейді.
Слайд: «Кемді күн қырық дәурен тату өткіз,
Жетпесе біріңдікін бірін жеткіз»
Махаббат, достық лирикасы
• «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат»
• «Есіңде бар ма жас күнің»
• «Ұяламын дегені көңіл үшін»

Музыкалық номер: Абайдың «Көзімнің қарасы» әні.
1 - оқушы: Абай өзінің поэзиясымен қазақтың көркем әдебиетін өлшеусіз биікке көтерді, әдеби тілді дамытып, қалыптастыруда аса үлкен еңбек сіңірді.
«Көркем сөздің асылы - поэзия» деп жоғары бағалай отырып, ақын мен ақындықтың мұрат - мақсаты жайлы жаңа көзқарасын білдіреді.
Слайд: «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы»
Ақындық, ән, өнер адамы
• «Біреудің кісісі өлсе, қаралы ел»
• «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»
• «Өлең сөздің патшасы»

2 - оқушы: Абай - сазгер. Оның көп өлеңдері өз әнімен тараған 30 - дан астам әні бар, 3 күйі бар. Бүгінгі таңда нотаға түскен, орындалып жүрген классикалық туындылар.
Слайд: Абай – сазгер.
«Құлақтан кіріп, бойды алар,
Әнді сүйсең, менше сүй»
Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні

2 - оқушы: Табиғат лирикасы – Абайдың дүниежүзілік озық поэзиядан алған бір үлгісі.
Ақын неғұрлым данышпан болса, соғұрлым табиғатпен терең араласып, оның құшағына тұтас қамтып алады. Табиғатты адаммен, ортамен барынша байланыстыра көрсетеді.
Слайд: «Табиғат лирикасы»
• «Жаз» (1886 ж)
• «Қыс» (1888 ж)
• «Күз»
1 - оқушы: Абай – данышпан, Абай – кемеңгер. Ол орыс әдебиеті классиктерінің, Европаның бірталай ақындары мен ғалымдарының, ежелгі заман даналарының туындыларымен танысады. Солар арқылы әдеби білімін, дүниетанымын кеңейте түседі.

2 - оқушы: Абай – әдебиеттегі шебер аударма жасаудың үлгісін көрсетті. 70 - 80 шақты аудармалары өзге тілден дәл, нақ аударылған.
Слайд: Ұлылар үндестігі
• А. С. Пушкин және Абай. «Евгений Онегиннен» 8 өлең аударған, көбі – Онегин мен Татьяна хаттары.
• М. Ю. Лермонтов пен Абай.
• Крылов және Абай.
«Татьянаның хаты» өлеңі
Аудармасы - «Құмырсқа мен Шегіртке» (көрініс)
1 - оқушы: Абайдың поэмалары: «Масғұт», «Ескендір», «Әзім әңгімесі».
Бұл поэмалары қазақ өмірінің шындығын суреттеуге құрылмаған. Шығыстық оқиғалар сарынында жазылған. Идеясы – ұстаздық, тәрбиелік ой - мақсаттарға бейімдеп, көпке үлгі көрсету.
Слайд: «Масғұт» поэма – достықты қадір тұтады, ер мен әйел теңдігін жақтайды.
«Ескендір» поэмасы (көрініс)

2 - оқушы: Абайға дейін қазақ әдебиетінде болмаған үлгі – ол Абайдың қара сөздері.
Абайдың қара сөздері – көркем шығарма түрінде емес, ақынның өмір сабақтары туралы ойларын, содан туындайтын даналық, философиялық түйіндерді жинақтаған публицистикалық үлгіде жазылған ақыл - өнеге, өсиет, ғибрат сөздер. Жалпы қара сөздер саны 46. Оның 46 - сы аяқталмаған. Абайдың қара сөздері өз кезі үшін де, бүгін де бағасы зор.
Абайдың 17 қара сөзі (көрініс)
1 - оқушы: Абайдың шығармашылығын аса жоғары бағалаған А. Байтұрсынов: «Абай – қазақтың бас ақыны. Онан асқан бұрын - соңғы заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ» деп жазды.

2 - оқушы: Парасатты болып туған,
Шыңғыстаудың Абайы.
Ән мен жырын мұра қылған,
Сарыарқаның Абайы.
Нақылымен сана құйған,
Қазағымның Абайы.
Ақылымен дана болған,
Бүкіл әлем Абайы!

Абай қара сөздеріндегі адамгершілік мәселесі

Главная » Рефераттар » Абай қара сөздеріндегі адамгершілік мәселесі

Абай шығармалары, қара сөздері тақырыбы жағынан айрықша дараланып, адамгершілік мәселесіне назар аудартып, өшпес мұра ретінде жырланғандығы мені ғана емес, қазақ деп жүрегі соққан әрбір жастың көңілін қуантарлығы шындық . Абайдың «Қара сөздеріне » өзіндік көзқарас тұрғысынан талдау жасасақ, оның қазақ қоғамындағы көптеген өзекті мәселелерді қозғағанын көреміз . Әрине, бір ғана қара сөзді мақала көлемінде Абай шығармашылығын талдап , сараптап шығу мүмкін емес! Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр. 1 . Бейбітшілік, 2 . Руханияттылық, 3 .

Табиғатты қорғау Бұлардың қай -қайсысы да біздің тіршілігіміздің қайнар көзі. Басты бағдары десек те артық айтқандық емес . Бірін – бірі толықтырып тұрған ұғымдар . Осы үш бастауға Қазақстанның ғана емес бүкіл әлемнің болашағы байлаулы деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» – ең маңыздысы . Себебі адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы әлемдегі кез – келген халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім – тәрбиеге , білімге , адамгершілікке үндейді. Болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азықты сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім- тәрбиенің адам өмірінен алатын орны ерекше (1). Атақты ғұлама ғалым әлемнің екінші ұстазы Әл-Фарабидің де «Тәрбиесіз берген білім адамзатты улайды» деген аталы сөзі бар. Осы тұрғыда келгенде, қазақ халқының ұлы ақыны А.Құнанбайұлы өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді . Оңайдан қиынға қарай , жақынан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жіктейді . Қара сөздерге көңіл аударайық . Кім үшін болса да тәрбиелік мәні зор . Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды . Өйткені ғылым да , өнер де жастар үшін Абайдың « алтыншы, сегізінші, он бірінші » қара сөзінде білімге ұмтылуға бөгет жасайтын адамның мінездерін шенеуге арналады . «Алтыншы» қара сөзінде қазақ мақалдарының мән – мағынасын кеңінен талқыға салады . Өзің тірі болсаң да , көкірегің өлі болса , ақыл табуға сөз ұға алмайсың . Адал еңбекпен ерінбей жүріп мал табуға жігер қыла алмайсың . Кеселді жалқау , қылжақбас , Әзір тамақ ,әзір ас , Сыртың – пысық , ішің – нас , Артын ойлап ұялмас , — болып жүріп тірімін деме , онан да Алла жіберген ақ бұйрықтың өлімнің өзі артық екенін ашып айтады . «Сегізінші» қара сөзінде болыс пен биді салыстыра отырып екеуінің ақыл тыңдайтын жағдайы жоқ , бар ойы биліктегілерге жазалы болып қаламыз ба , өзіміз шығынданып, шығынымызды толтыра аламыз ба? Деген ойлардан қолы тимейді. Көңілдері көкте, көздері аспанда ,адалдық, арамдық ақыл, ғылым ,білім – еш нәрсе малдан қымбат демейді . Мал болса бәрін паралап алуға болады дейді . Оның діні , құдайы , халқы , жұрты , ары, жақыны – бәрі мал . Сөзді қайтіп ұқсын , ұғайын десе де , қолы тие ме?Аналар анадай болып тұрғанда , білім , ғылым ,ақылды не қылсын ? Және де білім, ғылым кедейге керек жоқтай –ақ: «Бізді не қыласың ана сөзді ұғарлыққа айт !» дейді . Оның өзгемен ісі жоқ , соған қарағанда мұның да ешбір қайғысы , мұңы болмаса керек . «Он бірінші » қара сөзінде ұрлық пен бұзақылықтан тыйылып дұрыс жолға жүруді меңзеп көрсетеді . Осы бір ұры бұзақы жоғалса жұртқа ой да түсер еді. Шаруа да қылар еді. Бай барын бағып, кедей жоғын жоқтап, ел секілденіп талапқа , тілеуге кірісер еді . Енді жұрттың бәрі осы бүлік екі іске ортақ, мұны кім түзейді? Анттың, серттің, адалдықтың, ұяттың бәрі тоқтаусыз кеткені ме? Ұрыны тыюға болатын еді , бірақ осы бұзақының тіліне еретұғын , азатұғын байларды кім тыяды? Қарап отырсақ, осы үш қара сөзінің өзі адамға терең ой салары хақ! Қорытындылай келе , біз ұлы ақынымыз А . Құнанбайұлының дәуірінде айтып кеткен сөздерінің әлі күнге дейін өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған , тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық . Демек, бұл – ақынның халықпен бірге жасағандығы . Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас қазынасы . Иә,Абай поэзиясы – өзгеше өлең ,өзгеше өнер.Халқын сүйген қаламгерді біз арманына жеткен ақын десек қателеспейміз . Әр қазақта тәлім алар ғибратты сөздер көп болғай.

КІРІСПЕ

Зерттеудің  көкейкестілігі. Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болғалы ғылым, мәдениет салаларында жасалып жаткан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттың игіліктер негізінен тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде.

Бүгінгі таңда қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшеліктерімізді айқындайтын рухани мәдениетінімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр. Тәуелсіздік жолына түсіп, өркениетті елу елдің қатарына қосылу мақсатын жүзеге асыруға кіріскен Қазақстан үшін халқымыздың ұлттық сана-сезімі мен ұлттың дүниетанымын қалыптастыру бүгінгі таңда аса маңызды міндеттердің бірі болып отыр. Сондықтан елімізде жасалып жатқан шаралардың барлығы жастарға жалпы адамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін неғұрлым жоғары деңгейге көтеруге ықпал етуде. Қоғамдық өмірді демократияландыру және ізгілендіру жағдайында ұлттық ерекшелігімізді айқындайтын рухани мәдениетімізді жетілдіру қажеттілігі туындап отыр.

Қазіргі кезде рухани мәдениетіміздің тарихына айрықша назар аударылып отырғанының себебі де осы.  Жастар тәрбиесінде халқымыздың рухани мұраларын пайдаланып, жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отыр. Сондықтан да ұлттық мәдениетіміздің дамуына зор үлесін қосқан ұлы дала ақыны, ағартушысы Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасын зерделеу ешуақытты маңыздылығын жоймайды. Ал бұл мәселені зерттеу педагогикалық пәндер курсының мазмұнын кеңейтіп, онан әрі байыта түсетіні хақ.

Рухани мәдениетіміздің  тарихына айрықша назар аударуымыздың  себебі де осы. Бұл процеске қоғам танушы ғалымдар–тарихшылар, филологтар, философтар, психологтар мен қатар педагогтарда жан-жақты зерттеп келеді. Бәрінің мақсаты – тамыры тереңде жатқан ұлттық философиялық ой-санасының ерте дәуірлерден күні бүгінге дейінгі тарихын зерделеу,  оның дамуына өріндік үлес қосу. Қазір ұлттық сананың көтерілуіне байланысты тарихтың "ақтаңдақ" беттеріде ашылып рухани байлықтарымызбен төл мәдениетімізге және білім мен тәрбие беруге жаңаша көзқарас тұрғысынан қарауға мүмкіндік туып отырғаны белгілі [1. 5].

Қазіргі уақытта әр саладағы Қазақстанның көрнекті ғалымдары Т.Қ.Айтқазин, Ж.Молдабеков, Т.Есімов, Д.Кішібеков, Ә.Нысанбаев, ғалым-педагогтар Т.Ә.Әлсатов, С.Қалиев, К.Қожахметова, С.Ғаббасов, Қ.Жарықбаев, К.Құнантаева, К.Шәймерденова, І.Халитова, Н.Әлқожаева, І.И.Төретаева, А.Елемесовалардың ғылыми зерттеулері мен жекелеген мақалаларында зерттелген.

Тек тәуелсіз Қазақстанда  ғана ғұлама ойшылдар мен гуманистер көзқарастары жүйелі түрде зерттеуге  мүмкіндік туды.

Өткен тарихымыздың шынайы бейнесін жасау – жалпы ұлттық бірлігіміздің, Қазақстан Республикасының мемлекеттік байланысын қалыптастырудың, оның егемендігін нығайтудың, азаматтық пен отаншылдықты, ұлттық сананы тәрбиелеудің ең басты факторларының бірі. Тарих – халықтың зердесі, ол содан сусындап, әлеуметтік шығармашылыққа, жарқын болашаққа бастайтын күш-қуат алады. Сондықтан да Абай мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер жас ұрпақ бойында адамгершілік, имандылық т.б. қасиеттерді қалыптастырып дамытуға, қадірлеуге, ұлттық мәдениетті дамытуға зор ықпал етеді. Ал бұл мәселені зерттеу педагогикалық пәндер курсының мазмұнын кеңейтіп, байыта түсетіні хақ.

Абай Құнанбаев мұрасы халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасатын, уақыт өткен  сайын маңызын жоймайтын зерттеудің көзі болып табылады.

Абай шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін ұлттық тәрбие тұрғысынан қарастырып, оларды бүгінгі күнде жастардың адами  қасиеттерін қалыптастырудың кәдесіне жаратуды көздедік.

А.Құдиярова, І.Халитова, А.Елемесов, Н.Әлқожаева зерттеулерінде Абай мұрасының тәлім-тәрбиелік жақтары туралы небір құнды пікірлер берілген. Оларды біз негізге алып, талдай келе, ғалым-педагогтардың еңбектерінде әлі де болса жеткіліксіз зерттеле қоймаған мәселені байқадық. Ол – «Абай мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану».

Дегенмен, жоғарыда аталған  ғалымдардың ғылыми еңбектерімен таныса келе, біз зерттеп отырған мәселе жеке-жеке қарастырылуы әлде де жеткіліксіз  деп есептеп, жоғары оқу орындарындағы студенттерді Абай құндылықтарын пайдалану негізінде білім беріп, оларды кәсіби жағынан дайындауды көздедік. Бүгінгі күнде болашақ педагогтардың этнопедагогикалық білімін жетілдіру және олардың соның негізінде жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беруде Абай тағылымдарын тиімді пайдалану қажеттілігі арасында белгілі бір дәрежеде қайшылықтар туып отыр. Сондықтан біздің зерттеу проблемамызды айқындауға себеп болды. Аталған қайшылықтың шешімін зерттеуіміздің тақырыбын «Абай Құнанбаев мұрасындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану» деп, таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің  мақсаты: Абай Құнанбаев еңбектеріндегі тәлім-тәрбиелік ой-пікірлерді мүмкіндігімізше ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеп, оларды педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде тиімді пайдалану.

Зерттеудің  нысаны: жоғарғы оқу орындарындағы оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеудің  пәні: Абай Құнанбаев шығармаларын зерттеп,  талдап педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану.

Зерттеудің  міндеттері:

Абай Құнанбаевтің әлеуметтік-қоғамдық көзқарастары және шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие мәселелерін педагогикалық пәндердің әрбір тақырыптарына пайдалануға іріктеу;

Абайдың педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану жолдарын анықтау;

«Абайдың тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану» атты арнаулы курс бағдарламасын жасау, оны өткізу, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар беру.

Зерттеудің  болжамы: егер А.Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлері ғылыми-әдістемелік жағынан негізделсе, педагогикалық пәндерді оқыту үдерісінде пайдаланылса, онда келешек маманның кәсіби дайындығының тиімділігіне белгілі бір дәрежеде оң ықпалын тигізеді.

Зерттеудің  теориялық-әдіснамалық негізі: жеке тұлға, іс-әрекет теориясы, А.Құнанбаевтің философиялық, психологиялық, педагогикалық ой-пікірлері, зерттеу проблемасына қатысты отандық және шетел педагог

ғалымдарының еңбектері, Қазақстан Республикасының заңы, білім беру,

тәрбие тұжырымдары  мен бағдарламалары.

Зерттеудің  әдістері: зерттеу мәселесіне байланысты философиялық, педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерге талдау жасау, А.Құнанбаев шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой пікірлерді оқу-тәрбиеде пайдаланудың жағдайын зерттеу, сауалнама, бақылау, эксперимент ұйымдастыру және нәтижесін қорыту.

Зерттеу көздері: А.Құнанбаевтің өлеңдері, қара сөздері, оқу орындарындағы іс-шаралар; (конференция, сұхбат, тәрбие жұмыстары т.б.)

Зерттеудің  кезеңдері: тақырып анықталып, ғылыми-педагогикалық еңбектерге талдау жасалынып, педагогикалық әдістеме бойынша педагогикалық эксперимент өткізілді.(2011);

2012 жылы – эксперименттің  қорытындысы жасалды, методикалық  ұсыныстар жасалынып, диссертация  мәтіні әдеби тұрғыда баяндау  аяқталды.

Зерттеудің  базасы: Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті.

Зерттеудің  теориялық және тәжірибелік мәнділігі: А.Құнанбаев шығармаларындағы философиялық, ағартушылық, діни және гуманистік ой-пікірлер талданып, оларды педагогикалық пәндерді оқытуда пайдаланудың мүмкіндіктері анықталды. Зерттеу материалдарындағы жоғары оқу орындарында, педагогика және психология, филология, тарих мамандығында оқытуда педагог кадрлардың біліктілігін жетілдіру институттарында пайдалануға болады.

Жұмыстың құрылымы: диссертация жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.   

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, тұжырымдамалық аппараты негізделеді. «Абай Құнанбаевтың педагогикалық мұрасы» деп аталатын бірінші тарауда Абай мұрасындағы дидактикалық ой-пікірлер; Абай шығармаларындағы тәрбие мәселелері жөнінде ой қозғалады.

Біз өз зерттеуімізде Абай мұраларын зерттеуге үлкен үлес қосқан ғұламалар Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, М.Әуезов, ғалым-педагогтар Т.Тәжібаев, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, К.Шәймерденова, Б.Ұзақбаева, С.Ғаббасов, К.Құнантаева, Л.Халитова, А.Елемесовалардың еңбектеріне сүйендік. Аталған ғалымдар еңбектерінде ұлы ұстаздың тәлім-тәрбиелік ойлары туралы ғылыми тұжырымдар белгілі дәрежеде түрде қарастырылғандықтан, біз бұл зерттеуімізде Абайдың нақты шығармаларындағы білім, ғылым, тәрбие туралы ой-пікірлерін болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдаланудың әдістемелік жолдарына тоқталуды жөн көрдік.

Абайдың дүниетанымы  зерттеушілер назарын аударып, оқырман  қауымның рухани қазынасына айналды. Профессор  Т. Тәжібаевтың еңбектерінде Абайдың ақыл-ой, адамгершілік, еңбек тәрбиесі жайлы тұжырымдарына талдау жасалған. Ол Абайдың педагогикалық, психолиялық көзқарасын тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан жан-жақты ашып берді. Ақынның ағартушылық түрғыдағы ой-пікірлері туралы бірқатар зерттеулер жазылып, диссертациялар қорғалды. Абайдың педагогикалық көзқарасы мәселелерін арнайы тақырып етіп қозғамаса да М. О. Әуезов, Қ. Б. Жарықбаев, X. Сүйіншәлиев еңбектерінде ақынның ағартушылық тұжырымдары жайлы біршама құнды пікірлер ұшырасады. Абай педагогика саласынан арнайы ғылыми- теориялық шығармалар жазып, тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қарасөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі-өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады. 

Абай еңбектерін педагогика, философия, психология, әдебиет, тарих  тұрғысынан зерттеуші белгілі Қазақстандық ғалымдар С.Қирабаев, Х.Сүйіншәлиев, Г.Есімов, З.Ахметов, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев т.б. тәлім-тәрбиелік  ой-пікірлердің бар екендігін жан-жақты көрсетсе, Ш.Әлжанұлы, А.Көбесов, А.Дайрабаева, Т.Төретаева ақын мұрасындағы оқыту, оқу, яғни дидактика мәселелері де орын алғанын атап көрсеткен.

Абай шығармаларындағы оқу, оқыту, ғылым, білім мәселелерін  бүгінгі дидактиканың талаптарымен сабақтастыруға тырыстық.

Абайдың қара сөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына дейміз. Абайдың өз тұсында болған тарихи шындықпен, қоғамдық құрылыспен, күнделік сан алуан надандық, қанаушылық, озбыр зұлымдық атаулының барлығымен байланысты туған шығармаларды көрдік. Қарасөздердің бағасы - Абай заманындағы жағдайды, тарихтық шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып береді.      

     Абайдың қара сөздері - оның ақындық мұраларына қосылған бағалы қазына деуге болады. Бұл қарасөздердің құндылығы сол замандағы жағдайды, тарихтың шындықты өз қалпында бұлжытпай толық танытып беруінде. Әрине, қазіргі заман үшін Абай сынап, суреттеп отырған ортаның барлық болмысы және Абайдың сол кездегі күнделік өмірмен байланысты атап отырған мақсаттары, кейбір ұсыныстары - ескірген. Қазіргі Бұл тұрғыдан қарасақ қарасөздердің мазмұны мен мұраттары тек тарихи жағынан бағалы болмақ. Ал, Абайдың адамгершілік жөніндегі моральдық өсиеттерін алсақ, олардың ішінде біздің заманға да бағасы зор шындықтары, тәрбиелік ойлары аз емес.

Абайдың қара сөздері  жалпы тақырып мазмұны жағынан  алғанда, оның ақындық мұрасымен  тығыз байланысты. Көп сөздеріндегі ойлар, пікірлер өлеңдерімен ұштасып, солардың мән-мағынасын кейде қайталап, пысықтап, әрі қарай жалғастыра дамытып  отырады.

Бұл қара сөздер жанрлық, стильдік жағынан әр алуан. Мұнда  терең публицистикалық тебіреністер де, жүйелі философиялық толғаулар  да, ойға оралымды нақыл сөздер де, ғибрат ретінде жазылған аңыз-хикая да, тарихи эссе-очерк те табылады. Қара сөздерді алғаш жазуға кіріскенде ақын: «...Ойыма келген нәрселерді жаза берейін... кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым» - деп қарапайымдылық білдірсе де, бұл жазбалар ғылыми-танымдық және әдеби көркемдік мәні өте зор, ақынның жалпы ақыл-ой өрісін, дүниеге көзқарасын танытуға баға жетпес мағлұмат беретін аса құнды қазына болып табылады.

«Абай Құнанбаевтың педагогикалық ой-пікірлерін болашақ  педагогтардың кәсіби дайындығында пайдалану» деп аталатын екінші тарауда Абайдың педагогикалық ой-пікірлерін оқыту үдерісінде пайдалану; тәжірибелік зерттеу жұмыстарының нәтижелері берілді.

Абай шығармаларынан туған халқының жан дүниесі мен  салт-санасы, әдет-ғұрпы дәстүрінің лебі аңқып тұрады. Соның ішінде заманына қарай жаңадан енген халқының санасына, әдет пен ғұрпына жат қылықтармен бірге ғасырлардан бері келе жатқан кертартпалық, керенаулықты да өлтіре сынайды. Сөйтіп, халқын ілгері дамыған жұрттардың қатарына жетуге, өнер, білім, ғылымды меңгеруге шақырады.

Ақын мұрасының өміршеңдігін, замана озған сайын маңызы, әсері  қаншалықты күшейе түскенін зер салып  байыптап қарасақ, оның өз заманының  озық тілек-қасиеттерін айқынырақ  танимыз. Сол замандағы қоғамдық өмір салтының ой-сана, ұғым-түсініктерінің бірнеше ғасыр бойы қалыптасқанын, түп-тамыры арыда жатқанын ескерсек, Абайдың өнегелі өсиет сөздері қай заманда да мәнін жоймайтындығын және қанша заман ауысып, уақыт жағдай өзгерді дегенмен халықтық ұлттық ерекшеліктері, адамгершілік қасиеттері жаңғырып жаңаша сипат алып, жалғасын тауып өрістеп, дами беретінін ескерсек, Абай мұралары кейінгі дәуірдің, соның ішінде бүгінгі замандағы өмір-шындығын танып-білуге үлкен себеп болатындығын мойындауымыз қажет.

Абай Құнанбаев шығармалары  педагогика ғылымының көптеген салаларына қатысты пікірлерге бай, сондықтан  әлі де болса, ақын мұраларының оқу  – тәрбие процесіне енгізу  мәселелері  жеткіліксіз есептейміз. Бұл мәселе аумағында Қ.Құнантаева, І.Халитовалар Абай мұрасы арқылы жас ұрпақтарды оқыту және тәрбиелеудің теориялық - әдіснамалық тұжырымдамасын жасады. Аталмыш ғалымдар ақын мұрасының мектепті оқытылуы мен ондағы тәрбие процесінде қолданылуын теориялық - әдіснамалық, тарихи – педагогикалық негізде қарастырған. Бұл зерттеудің құндылығын  атай отырып, оның кейбір тұстарының әсіресе, жоғары оқу орнында болашақ педагогтарды кәсіби жағынан дайындалуда жеткіліксіз зерттелгендігін байқадық.

Абай педагогика саласынан  арнайы ғылыми-теориялық шығармалар жазып, тікелей педагогикалық қызметпен шұғылданбаса да, оның өлеңдері мен қара сөздерінен жастарды тәрбиелеу мен оқытудың кейбір дидактикалық мәселелері жөнінде үлгі -өнеге тұтарлық салиқалы ойлар мен тұжырымдарды көп кездестіруге болады.

Ақынның қарасөздері  мен нақылдары- ақын творчествосының  елеулі саласы, өлеңдері мен мұңдас, идеялас, бірін-бірі толықтыра түсетін  маңызды шығармалары. Абайдың қарасөздерін негізінен прозаның шағын түрі деп  атау керек.

Болашақ педагогтарды мектепті оқу - тәрбие жұмысына дайындалуда педагогикалық пәндерді оқыту барысында Абайдың тәлім – тәрбиелік тағылымдарын тиімді пайдалану жолдарын анықтаудың мәні зор. Мұны төмендегі кесте арқылы бердік.

1-кесте. Педагогикалық пәндерді оқытуда пайдаланылатын Абай шығармаларындағы тәлім-тәрбиелік ой-пікірлер

Р/с

Педагогика-лық пәндердің аттары

Пән бойынша тақырыптар

Абайдың еңбектерінің аттары

Абайдың тәлім-тәрбиелік  ой-пікірлері

Абай тағылымдарын оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану жолдары

1

2

3

4

5

1

Педагогика-лық мамандыққа кіріспе

- «Педагоги-калық мамандық-тың  пайда болуы»;

- «педагоги-калық іс-әрекетке  кәсіби дайындық»;

- «педагог тұлғасы  және оның кәсіби қасиеттері»

«Сегіз аяқ», «Жас өспірім  замандас қапы қалма», «Әсемпаз болма әрнеге»

- ұстаздық еткен жалықпас  үйретуден балаға;

- әрбір ғұламаның басқан  ізінде бір-бір медресе жатыр;

- білімдіден шыққан  сөз, талаптыға болсын кез;

- әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан, сенде  бір кірпіш дүниеге тетігін  тапта бар қалан.

Эссе жазу:

«Маманды-ғым – мақтаны-шым»

Абай өлеңдерін жатқа  айтып, талдау жасау.

1

2

3

4

5

2

Педагогика

«Тұлға қалыптас-тыруға әсер ететін факторлар», «тәрбие мақсаттары, «эстетика-лық, адамгерші-

лік, имандылық, еңбек,

отбасы, экология тәрбиесі», «ғылым, білім, оқыту», «ақыл-ой тәрбиесі, патриоттық тәрбие», «тәрбие принцип-тері», «дидактика-ның принцип-тері», «отбасы тәрбиесі»

«Сегіз аяқ»,  «ғылым таппай мақтанба», «бірінші қара сөз», «он жетінші қара сөз», «он сегізінші  қара сөз», «қалың елім, қазағым», «интернатта оқып жүр талай қазақ баласы», «насихат», «қыс», «жаз», «жазғы-тұрым», «ауылдың маңы терең сай», «желсіз түнде жарық ай», «жиырма жетінші қара сөзі», «оныншы қара сөзі»

- «Еңбек етсең ерінбей  тояды қарның тіленбей,

- ондай болмақ қайда деп айтпа ғылым сүйсеңіз.

- талаптан да білімнен  өнер үйрен;

- білімсіз, өнерсіз болады  ақыл тұл

- білімдіден шыққан  сөз, талаптығы болсын кез;

- есектің артын жусаң  да, мал тап;

- болмасаңда ұқсап  бақ, бір ғалымды көрсеңіз,

- дүние де өзі малда өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз;

- махаббат, әділет, сезім

- кімнің ұяты жоқ  болса, оның иманы жоқ.

- баланың жақсысы –  қызық, жаманы – күйік.

17-ші, 18-ші, бірінші қара  сөздеріне талдау жасау. 

Пікірталас өткізу:

«ондай болмақ

қайда деп айтпа ғылым  сүйсеңіз».

1-кесте (жалғасы)

1

2

3

4

5

3

Педагогика тарихы

«ХІХ ғасырдың екінші жартысын-дағы ағартушы-лар мұраларын-дағы педагогика-лық ойлар»;

«Әл-Фараби және Абай»

«10-шы қара сөзі», «37-ші қара сөзі», «25 сөз», «19-шы сөз»

- әкесінің баласы-адамның  дұшпаны, адамның баласы - бауырың;

- құдайдан қорық, пендеден  ұял, балаң бала болсын десең  – оқыт, мал аяма;

- адам ата-анадан туғанда  есті болмайды: естіп, көріп, ұстап,  татып адам болады.

«Адам баласы болса - бауырың» (пікірталас).

«Әл-Фараби мен Абайдың  тәлім-тәрбиелік ойларының сабақтас-тығы» (реферат)

1-кесте (жалғасы)

1

2

3

4

5

4

Әлеуметтік педагогика

- «Адамдар-ды әлеумет-тендіру»;

- «балалар-ды отбасын-да  тәрбие-леудің негізгі шарттары»;

-«тұлғаны әлеуметтен-дірудегі  мектептің рөлі»;

- «баланы еңбекке баулу».

«Сегіз аяқ», «жігіттер  ойын арзан, күлкі қымбат», «қалың елім, қазағым, қайран жұртым».

«түзу жолға мәдени прогрестік даму жолына шығу қажет», «адам баласын  заман өсіреді, кімде кім жаман  болса, оның өзінің замандастарының  бәрі виноват»,

«атаның баласы болма, адамның баласы бол, жақсы көпке ортақ, пайдаң еліңе, халқыңа тисін»

«Елдің сиқын кімдер бұзады» (пікірталас).

«Дін – адамгерші-лік  құралы» (шығарма).

1-кесте (жалғасы)

1

2

3

4

5

5

Педагогика-лық менеджмент

-  «Мектепті басқарудың  қағида-лары»;

- «білім беру жүйесіне  басшылық жасау»;

- мектеп ісін басқаруға   қойылатын талаптар т.б.

«24-шы сөз», «39-шы сөз», «38-шы сөз».

- Егер ісім өнсін  десең ретін тап.

- биік мансап –  биік жартас, ерінбей еңбектеп  жылан да шағады, екпіндеп ұшып  қыран да шығады.

- адамның адамшылығы  істі бастағанды-ғынан білінеді;

- әрбір ғалым, хакім  емес, әрбір хакім-ғалым;

- бас басыңа би болсаң, манар тауға симассың, басалқыңыз  бар болса, жанған отқа күймессің.

«Ағайын тату болса аспандағы  келер» (эссе жазу).

Тезисті аяқтау. «егер  мен мектеп директоры болсам...» 

Тренинг «педагоги-калық  кеңес»

1-кесте (жалғасы)

1

2

3

4

5

6

Этнопедаго-гика

- «Абай шығарма-ларындағы  этнопеда-гогикалық идеялар»;

- «этнопеда-гогиканың  даму кезеңдері»;

-«этнопеда-гогикадағы тәрбие мақсаты, қағидалары» т.б.

- қазақтың мақал-мәтелдері

«44-шы сөз»,

«29-шы сөз»,

«24-шы сөз»,

«7-ші сөз»,

«6-шы сөз».

- Мал тапқан елдің  жазығы жоқ;

- бірлік бар жерде,  тірлік бар;

- ұят кімде болса,  иман сонда;

- жүз күн атан болғанша, бір күн бура бол;

- ата-анадан мал тәтті,  алтын үйден жан тәтті;

- бақпен асқан патшадан, мимен асқан қара артық;

- кісі ақылымен бай  болғанша, өз ақылыңмен жарлы  бол;

- өнер алды-бірлік,

- ырыс алды-тірлік.

«Қазақтың тыйым сөздері» (реферат).

«адамгер-шілік, еңбек, иманды-лық, отансүй-гіштік» тақырып-тарына арналған шағын конкурс ұйымдас-тыру.

Болашақ мұғалімдердің  Абай тәлім – тәрбиелік ойларын  пайдалануға даярлықтарының деңгейін анықтау үшін қазақ тілі мен әдебиет, педагогика және психология мамандықтарында оқитын студенттерге төмендегідей сұрақтар қойдық:

1.Абай қай өлеңдерінде  ғылым, білім, оқу туралы ойлар  бар және олардың бірнешеуін  атаңыз?

2. Абай қара сөздеріндегі  тәрбие туралы ойлары қандай?

3.Абай адам мінезі  туралы не деген?

4.Ұлы ақынның махаббат, табиғат, білімнің пайдасы туралы ойларына байланысты тәрбиелік іс-шаралар өткізуге даярлығыңыз қандай?

5.Абай айтқан «Толық  адам» қандай болу керек?

Сауалнама арнаулы курс оқылмай тұрғанда және оқытылғаннан кейін өткізілді.

2-кесте. Болашақ мұғалімнің  арнайы курстар мен семинарлар, тәрбиелік іс-шаралар бойынша  оқу-тәрбие жұмысына даярлықтарының  көрсеткіштері.       

(Кестенің сұлбасы  ғалым К.Бөлеевтің кітабынан алынды)

Педагогика және психология

Қазақ тілі және әдебиеті

Сұрақтар

Оқытылғанға дейін %

Оқытылған соң %

Оқытылғанға дейін %

Оқытылған соң %

1

11

80

17

87

2

4

74

13

91

3

6

64

14

79

4

2

77

11

86

5

7

71

11

82

"Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы тәлім – тәрбиелік ойларды педагогикалық пәндерді оқытуда пайдалану " атты арнаулы курс

Ж О С П А Р  Ы

Д/с

Пәндердің аттары

Тақырыптар

лекция

Семи-нар

1

Педагогикалық мамандыққа кіріспе

Абай шығармаларындағы педагогикалық идеялардың маңызы ақын ұстаз және оған қойылатын талаптар туралы

2

1

2

Жалпы педагогика

Абай Құнанбаев өлеңдеріндегі, қара сөздеріндегі адамгершілік, имандылық, еңбек,ақыл-ой тәрбиесі мәселелері.  

2

2

3

Әлеуметтік педагогика

Абай шығармаларындағы отбасы тәрбиесі, қоршаған ортаның  тәрбиеге  әсері.

2

2

4

Педагогика тарихы

Абай шығармаларындағы оқу – тәрбиелік ойлардың бүгінгі  ғылыми педагогиканың талаптарымен сабақтастығы.

2

2

Барлығы:

8 с

ҚОРЫТЫНДЫ

Зерттеу барысында қол жеткен нәтиже бізге төмендегідей қорытындылар мен ұсыныстар жасауға мүмкіндіктер берді:

жаңа қоғамымыздың әлеуметтік  - саяси, экономикалық және рухани

дамуы өскелең ұрпақтың оқу мен тәрбие сапасын түпкілікті өзгертіп,

жақсартуды талап етеді;

 ● Абай ұстанған оқу, тәрбиелік қағидалардың қазіргі қоғам талаптарымен үндестігін байқап, жастарға ұлттық тәрбие беруді имандылық, адамгершілік, еңбек, эстетикалық тәрбиесін бүгінгі жас ұрпақ қажетіне жаратуды жүйелілікпен пайдалану қажет;

зерттеу нәтижесінде  Абайдың тәлім – тәрбиелік  ойларын болашақ мұғалімдерді мектептегі  оқу – тәрбие жұмысына дайындаудың жолдары көрсетілді;

ақынның діни көзқарастарының  тек «өз заманы үшін» ғана емес бүгінде де үлкен тәрбиелік мәні зор. М.Әуезов сөзімен айтсақ Абай діні – ол адамгершілік діні;

ғұлама, ағартушы өзінің бүкіл өмірін қазақ елінің бірлігіне, әділдік орнатуға, зорлық – зомбылыққа жол бермеуге жұмсады десек артық айтқандық болмас;

Абай еңбектеріндегі имандылық  идеялар және ортағасырлық  ойшылдар мұралармен сабақтасып, бастау алады;

Абайша ақыл, ғылым, ар, мінез кімде басым – сол адам артық және бағалы;

ақын оқу, өнер – білімнін маңызын тек адамгершілік қасиет үшін керекті нәрсе деп қоймай, сонымен бірге, олардың адам тұрмысына, халықтың өмірі мен шаруасын керек  нәрсе деп тұжырымдай, «құдайдан қорлық,пенделерден ұял, балам бала болсын десен оқыт»

қазіргі қоғам жағдайында өзінің ата – тарихын, мәдениетін терең білетін жеке тұлғаны жан  –жақты қалыптастыруда тарии білім  мен тәрбие беру қажеттілігі айқындалады;

ғұлама ақын Абай Құнанбаевтың өлеңдері мен қара сөздерінде дидактикалық ойлар мен тәрбиелік тұжырымдары талданып, оны болашақ педагогтардың кәсіби дайындығында пайдаланудың жолдары көрсетілді;

Абайдың педагогикалық  ой – пікірлерін жоғары оқу орындарының  оқу – тәрбие процесінде жүзеге асыру мақсатында студенттер үшін «Абай Құнанбаев шығармаларындағы тәлім – тәрбиелік ойларды оқу  тәрбие процесіне ендіру» атты арнайы курс бағдарламасы жасалады,ондағы тапсырмалар жүйесі студенттердің педагогикадан,психологиядан және тарихи педагогикадан алған теориялық білімдерін  тәжірбием ен үйлесімді ұштастыруға мүмкіндік береді;

«Абай Құнанбаевтың шығармаларындағы педагогикалық ойларды жүзеге асыру бағдарламасы» оқу процесінде (проблемалық оқыту, іскерлік, рөлдік, т.б.), аудиториядан тыс ұйымдастырылатын іс - әрекеттерде, педагогикалық тәжірибе жинақтауда, кездесулер,дөңгелек стол, интерактивті (диалог, пікірталастар) жұмыс формасы мен әдістерін пайдалану, курстық жұмыстар, рефераттар студенттерге Абайдың педагогкалық еңбектерінен білім мен тәрбие берудегі кәсіби даярлығын қалыптастыруға және ғылыми зерттеу жұмыстарын жандандыруға ықпал етеді;

зерттеу жұмысымызда Абай Құнанбаевтың еңбектерінде айқындалған тарихи – педагогикалық ой – пікірлерін бүгінгі педагогика тарихында саралап, жоғары оқу орындарында студенттердің кәсіби даярлығына пайдалану мүмкіндігі бар екендігіне көзіміз жетті;

келешекте Абай Құнанбаевтың педагогикалық идеяларындағы эстетикалық  тәрбие, құқықтық және отбасы тәрбиенің  проблемалары өз алдына зерттеуді талап  етеді, бұлар жөнінде жұмыстар жазылып, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі мәні, маңызы жете зерттелер деген үміттеміз;

сөз соңында миллиардтан  асып кеткен Қытай халқы өздерінің  ұлы ғұламасы Конфуцийдің бір  өсиетін жоғалтпай елінің ұлттық саясаты етіп, ұстап отырғанда  егемендкітің көк байрағы желбіреген елімізде қазақ халқы әрі ғұлама ақын, философ, әрі психолог Абай тағылымдарын ұлттық идеология етіп ұстаса артық болмас демекпіз, себебі, ақын мұрасындағы философиялық, педагогикалық, психологиялық ойлар бүгінгі күн талабымен сабақтасып жатыр.

РЕЗЮМЕ

Баидиллаева Жансая Коишибаевна

Использовать  воспитывающие мысли и идеи наследия Абая в профессиональной подготовке будущих педагогов

6М010300-педагогика и  психология

Актуальность иселедования

Возросший  интерес к прошлому выдвинул перед историко – педагогической наукой глубокого изучения культурного наследия казахского народа, отражающего многовеновые наследия национальные традиции.

В настоящее время  нам возврашены имено представителей литературных деятелей, педагогов, внесших большой вклад в дело обучения и воспитания подрастающего поколения.

По теме нашего иселедования имеется немало иссследований, которые  посьяшены разным аспектам наследия выдающегося поэта казахского народа Абая Кунанбаева. Вместе с том, богатые возможносты его произведений в  изучении педагогических крайне недостаточно используются в учебно – воспитательном процессе высших учебных заведениях;  это опеределило выбор тему нашего исследывания.

 Цель исследования: заключается в разработке теоретически обоснованной и практической опробированной методики использования педагогических идей  выдающегося поэта второй половины XIX века в изучении педагогических дисциплин в вузе.

Предмет иселедования – педагогические дело – условия использования педагогического наследия Абая Кунанбаева в изучении педагогических дисциплин.

Научная новизна иселедования и теоретическая значимость исследования:

Значимость исселедования:

Анализированы философские, гуманистические и просветительские взгляды Абая и их возможносты воспользования в изучении педагогических дисциплин;

разработан спецкурс, определены и систематизированы педагогические идеи в поэзии и «словах назидания» А.Кунанбаева, их роль и значимость в педагогической теории.

     Практическая значимость исследования:

- Результаты исселедования  и литературное наследие Абая  Кунанбаева можно использовать  в профессиональной подготовке  будущего педагога;

- Преподаватели вуза  может использовать разработанный  нами спецкурс в обучении и  воспитании будущих педагогов.

RESUME

Baidillaeva ZHansaya Koishibaevna

To use nurturing thought and idea legacy Абая in professional preparation future teachers.

6М010300-pedagogy and psychology

Relevance of the study. Increased interest in the past put forward before the historical-pedagogical science study of the cultural heritage of Kazakh people, reflecting the mnogovenovye heritage of national traditions.

Now we vozvraseny owned by representatives of literary personalities, teachers who have made significant contributions to education and upbringing of the younger generation.

On our iseledovania there are many studies that pos′aseny different aspects of the heritage of an outstanding poet of the Kazakh people Abai Kunanbayev. However, the rich vozmoznosty of his works in the study of teaching very underused in the training and educational process of higher education;  This is our issledyvaniâ operedelilo Select topic.

Objective: is grounded and practical methodology using oprobirovannoj pedagogical ideas of an outstanding poet of the second half of the XIX century in the study of teaching of disciplines in the University.

Object of study: teaching case-terms of use of the pedagogical heritage of Abai Kunanbayev in studying pedagogical disciplines.

Scientific novelty and theoretical significance of the study of iseledovania:

Significance of the study:

Analyzed the philosophical, humanistic and educational views of Abai vozmoznosty and vospol′zovania in the study of teaching of disciplines;

a special course, identified and systematized the teaching ideas in poetry and edifying words "A. Kunanbayev, their role and importance in pedagogical theory.

The practical significance of the study:

The results of a study and literary heritage of Abai Kunanbayev can be used in the training of future teachers;

High school teachers can use developed by us special course in teaching and educating future teachers.

Абаймен кемел білімге 
(әдеби кеш) 
(Фанфар ойнатылады) 

Армысыңдар,ақын ұрпақтары 
Қабыл ал босағанды жыр аттады. 
Тербеткен Абай әні бесігінде 
Әрқайсын бір-бір бұлбұл бұтақтағы 

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен оқушылар. 
Қадірлі өнер сүйер қауым. 
Бүгін мектебімізде халқымыздың перзенті, қазақ халқының ұлы ақыны, ойшылы, данышпаны Абай Құнанбайұлына арналған «Абаймен кемел білімге» атты әдеби кешке қош келіпсіздер. 
Мұндағы мақсатымыз Абай өлеңдері мен қара сөздерін болашақ жас ұрпаққа үлгі өнегесін насихаттау. 

Шын хакім, сөзің асыл баға жетпес, 
Бір сөзің мың жыл жүрсе дәмі кетпес. 
Қарадан хәкім болған сендей жанның, 
Әлемнің құлағынан әні кетпес. 

Қадірлі жыр сүйер қауым. 
Ұлы Абай тағылымдарымен толығып, кемелденейік. Абайша сабырмен, ақылмен іс қылайық. Абай өнегесі әрдайым көз алдымызда болғай. Қай ісіміз де Абай армандаған биіктен көріне берсін! 
Жүргізуші сөзі: (Бейнефильм көрсетіледі) 
Абайдың дүниеге келуі турасында ел аузынан жеткен ең көне әңгімелердің бірі - Абай туарда әкесі Құнанбайдың түс көруі. 
Құнанбайдың түсіне 18 ғасырда өмір сүрген Тобықты руынан шыққан, қазақтың кемеңгер биі Әнет баба кіріп, «Ибрахим» деп қана пайғамбардың атын атап, аян беріп, ғайып болады. Осы түстен көп ұзамай, Құнанбайдың әйелі Ұлжанның босанғаны жайында хабар келеді. Көрген түсін ырым көрген Құнанбай азан шақырып, жас нәрестеге «Ибрахим» есімін бергізеді. 
Көрініс: «Абайдың дүниеге келуі» 

Жүргізуші сөзі: (слайд көрсетіледі) 
Абайдың дүниеге келуі қазақ арасында ислам дінінің кең қанат жаюымен тұспа-тұс келді. Ол тұс жаңа туған нәрестеге арабша ат қоюдың белең алған кезі еді. Бірақ жат тілден енген бөгде есімдерге тілдері келмеген, яки діни есімдерді қастерлі санап, мұсылмандық 
атауларды баттида атауды бейәдеп санаған қазақ әйелдері сәбилеріне жұртқа ұғымды, құлаққа жылы естілетін, қазақы есімдерді өздері тауып, қойып алушы еді. 

Көрініс: Зере мен Абай 
Жүргізуші: (слайд көрсетіледі) 
Құнанбайдың бәйбішесі Күңкеден кейін, әмеңгерлік жолмен алған әйелі Ұлжан сабырлы, ақылды, дана әйелдің санатынан еді. Құнанбай қойған Ибрахим аты Зере мен Ұлжан сияқты парасатты аналардың арқасында ел ішіне Абай болып жайылды. Бұрын-соңды қазақ арасына ешкімге қойылмаған, осынау ұлы есімнің болашақ данышпанға тұңғыш рет берілуінде тылсым сыр бардай. Осылайша дүниеге сол уақытта басынан түрлі аласапыран, қым-қуыт, алмағайып заман кешкен қазақ қоғамының іші-сыртын жегідей жеген, әртүрлі рухани әлеуметтік кеселдердің Абай болуды данышпандық тұрғыда ең алғаш ескерткен, сақтандырған Абай келді. Қазақ сахарасында Абай дәуірі басталды. 
Жүргізуші сөзі: (туған жері видео) 
Абайдың балалық шағы өзі дүниеге келген Қасқабұлақ жотасында өтті. Қасқабұлақ атанған мына бұлақтың суы көктеу мен күзеу мезгілінде Құнанбай ауылы қоныс қылатын, ауылға жиі келетін. Ақын-жыраулардың жыр-дастандары әжесі мен Ұлжанның қоңыр үнмен ықыластана айтатын ертегі, қиссалары сәби Абайдың ұшқыр қиялына қанат бітіріп, балаң ойын шарықтататын. 
Ән: Желсіз түнде жарық ай (Аякөз) 
Жүргізуші сөзі: 
Абай 15 жасқа толғанда әкесі оған қазақтың ұлы билерінің бірі Қаз дауысты Қазыбектің шөбересі Алшынбай бидің Жүсіп деген баласының 17 жасар қызы Ділданы алып берді. Сөйтіп Құнанбай арғын жұртының ең ықпалды руының бірі Қаракесек елімен, жеті атасынан бері билік үзілмеген Қара көк тұқым Қаз дауысты Қазыбек бидің әулетімен құда болысу арқылы соңғы жылдары жалаңаштана бастаған іргесін бекітті. Осылайша Абайдың нағашылары енді оның қайынжұртына айналды. 
Әкелер тарапынан жүзеге асырылған құдалық Абайдың жас жүрегіне тағы бір жазылмас жараны салғандай болады. Өйткені оның жас жүрегі бір көргеннен іңкәр болған сүйіктісі Тоғжан деп соғатын. Бірақ Тоғжанды өзінің аяулы жары етуге Абайдың еш мүмкіншілігі қалмаған-ды. Ғашығы Тоғжан ежелгі дала заңымен әлдеқашан басқа біреуге атастырылып қойған еді. Алғашқы көргенде Абайдың Ділданы жатырқауында, оған үйренісе алмауының астарында осынау мұңлы сыр бар еді. 
Көрініс: «Абай мен Тоғжан» (Желсіз түнде жарық ай орындалып тұрады) 
Ән: «Айттым, сәлем Қаламқас» (Эльмира) 
Жүргізуші: 
Өмір Абайды ерте есейтті. 15 жасында үйленіп, 16 жасында әке болған Абай 21 жасында болыс болды. Енді ол халықтың мұң-зарын, арман-тілегін өз құлағымен естіп, өз көзімен көретін болды. Халық өмірімен әдет-ғұрпын жетік білетін, оның үстіне шығыс пен батыс ілімінен де мол хабардар зиялы Абай дау шарларда ескі билерді оңай тосылдырып, өзінің жаңа заманның басы екенін анық танытып үлгерді. «Баласының басқа шауып, төске өрлеп» бара жатқаны Құнанбайды ойландырмай қоймады. 
Көрініс: «Құнанбай мен Абай» 

Жүргізуші: 
Жасынан соқтықпалы, соқпақсыз жерде өсіп, өзі айтқандай мыңмен жалғыз алысқан Абайдың ұлы өкініштерінің бірі ғылымға қолын кеш сермегені. Озбырлық пен әділетсіздікпен алысам деп жүріп, оқу білімнен шеттеу қалғаны. Өкініштісі өлеңдерін ерте 9 жасынан шығара бастаған ақынның 40 жасқа дейінгі жазған өлеңдерінің көбісі сақталмаған. Әркімнің қолында жүріп жоғалып кеткендігі. 1870 жылдың ерте шенінен бастап Абай айналасында үлкен өнерпаздық мектеп ақындық орта қалыптаса бастады. 
Өлеңдері: 
1. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім» ( Жазира ) 
2. «Қалың елім, қазағым қайран жұртым» ( Сүндетова Ақшолпан ) 
3. «Қансонарда бүркітші шығады аңға» (Еңлік) 
4. «Сабырсыз, арсыз еріншек» (Асылбек) 
5. «Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы» (Айнұр) 
6. «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап» (Досымжан) 
7. «Патша құдай сыйындым» (Айсұлу ) 
8. «Біреудің кісісі өлсе қаралы ол» (Арайлым) 
Абайдың 1 қарасөзі (көрініс) 
Ән: «Көзімнің қарасы» 
Жүргізуші: Қазақтың төл мәдениетімен шығыс дүниетанымын батыс ілімімен меңгерген Абай енді өз туындыларын дүниеге әкеле бастады. Алғашында оның өлеңдері Көкбай Жанатайұлының атынан тарады. Тек 1886 жылдан бастап Абай өлеңдерін өз атынан жариялай бастады. 
1886 жыл Абай өміріндегі ең танымал өткен жыл болды. Дәл осы жыл ақынның ең өнімді еңбек жылы ретінде де тарихта қалды. Аталған жылы ақын 22 өлең жазса, 1888 жылы небәрі 7-еу.Ал 1889 жылы 20 өлең жазды. 
Өлеңдері: 
1. «Білімдіден шыққан сөз» ( Сымбат ) 
2. «Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да» (Ш.Балнұр) 
3. «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» (Шолпан) 
4. «Қажымас дос халықта жоқ ( Ерұлан ) 
5. «Өзгеге көңілім тоярсың» (Ұлдана) 
6. «Заман ақыр жастары» ( Жайна ) 
7. «Көзінен басқа ойы жоқ» (Дамежан) 
8. «Жақсылық ұзақ тұрмайды» (Ықылас) 
Жүргізуші сөзі: 
Абайтанушы Зарқын Тайшыбай өз зерттеуінде былай дейді: «Абайдың екі өлеңі шыққан кезде газеттің бетінде үлкен қозғалыс, сілкініс пайда болады. Ол сілкіністі бастап берген қазақтың көсемі, алаштың көсемі Әлихан Бөкейханұлы. Екінші оған үн қосушы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы. Сонда Мәшһүр былай деген: «Құнекеңнің жақсы бір баласы осындай өлеңі шығыпты. Ал біз сол Құнекеңнің өлі тірісін білмей жүрміз. Себебі, ас берілмеді деп». Кәдімгідей бұл іштегі қыжыл, наз. Мүмкін әйтпесе, енді сын. Онымен Абай кішірейіп қалмайды, мұнымен Мәшһүр Жүсіп кішірейіп қалмайды. Мұны айтуымыз керек» 
Көрініс: 

Абайдың қара сөзін оқып көрші, 
Беріліп жан тәніңмен көңіл бөлші. 
Әрбір сөзінде терең ой бар, 
Тереңін сен бақылап ,байқап көрші. 
1890-91 жылдары 18 өлеңді дүниеге әкелген ақын қаламы бұдан кейін саябыр тартты. Оның себебі 1890 жылдан бастап, ұлы ойшыл өзінің қарасөздерін жазуға кірісті. 
Қарасөздері 

1. Ықылас 
2. Әлімхан 
3.Ұлбике 
4.Эльмира 
5. Назым 
6.Гүлнар 
Орыс достары Абайды Пушкин,Лермонтов, Толстой, Достоевскиий, Белинский, Салтыков Шедрин, Добролюбов т.б 
Орыс ақын-жазушыларының шығармаларымен таныстырды.Бұл жылдары Семей кітапханасы Абайдың екінші үйіндей болды.Аталған кітапханада ол 19 ғасырдың прогрессивті ойшылдары Брепер,Люц, Миль, Дикенц, Спиноза, Бред,Скот, Спенсер, Дарвин еңбектерімен қауышты. 
Аударма (көрініс) «Татьяна мен Онегин» 
Жүргізуші: 
Атымды адам қойған соң, 
Қайтіп надан болайын? 
Халқым надан болған соң, 
Қайда барып оңайын? 
Бұл дүние ісінен тыйылған Абай тек таза шығармашылыққа ден қойды. Ел ішіне тарап кеткен өлеңдерін жината бастады. Өзіне ой еңбегін ғана серік еткен ол, енді бірыңғай ол ғылым ісімен айналысты. 
Өлеңдері: 
1. «Ауру жүрек ақырын соғады жай» (Алімхан) 
2. «Алла деген сөз жеңіл» (Назым) 
3. «Жапырағы қуарған ескі үмітпен» (Кәусар) 
4. «Өлсе өлер табиғат адам өлмес» (Аякөз) 
5. «Талай сөз бұдан бұрын көп айтқанмын» (Қалдықыз) 
6. «Өлсем орным қара жер сыз болмай ма» (Сенім) 
7. «Адамның кейбір кездері» (Гүлнар) 
8. «Абдырахман өліміне» ( Замира ) 
9. «Мен сәлем жазамын» ( Айгерім ) 
10. «Жүректе қайрат болмаса» ( Мейірбек ) 
11. «Осы қымыз қазаққа» ( Қаныбек ) 

Жүргізуші: 
Өмірінің соңында ақын трагедиясы ұлғая түсті. 1904 жылы Абайдың болашағынан мол үміт күттірген баласы Мағауия ауыр науқастан қайтыс болды. Ауыр қайғы, жанын жегідей жеп, улы ой, шер үстіне түсіп кеткен Абайдың тіршілікпен қоштасар сәті жақындай түсті. 
Көрініс: «Абайдың дүниеден өтуі» 

Жүргізуші: 
Осылайша ұлы ақын 1904 жылы 23 маусым күні «Бала шақ» деп аталатын кең қоныс жайлауда дүниеден өтті. Өлерінде айтқан мына бір өлең ең соңғы лебізі болса керек. 
Сарыарқаның самалы-ай, 
Самалда өскен дүние-ай. 
Қорлықта өткен өмір-ай, 
Өтті деген осы ма ай! 
Жүргізуші сөзі: «Болмасаң да, ұқсап бақ» — дегендей, ақын болуға құлшынысы бар, өлеңнің қадір қасиетін тереңінен ұғынатын артында жас буын өкілдері өсіп келе жатыр. Соларға кезек берелік: 
Арнаулары. 

Тоты .Ақмерей. Гүлнар. 

Жүргізуші сөзі: 
Абай өмір бойы сүйіп өткен, тамашалап сүйіп өткен саналы сұлу жар Әйгерім еді. Әйгерім айтқан сөз бұл өңірде , бұл шаққа дейін Абай жөнінде әлі күнге қазақ баласы айтпаған сөз. Асыл жардың аузымен, халық ұлы Дәрмен Абайға халық атынан үн қатады. Несімен қымбат! Қандай қадірлісі еді халықтың Абай! Оның тілімен зарлы, шерлі аналар жылап еді. Саналы ата, ойлы азамат ой таратып еді. Оның үні мен өрісі бар, үміті бар жас буын жамандықтан жиренгенін, жақсы күнді көксегенін таратып айтып еді. Сол үшін Абай өлген жоқ бүгін. 
«Өлді деуге бола ма ойлаңдаршы, 
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған!» - деген өзіңсің, Абай аға! 
Монолог: Ұлбике 
«Алтын терек, арсыға құлаш ұрған ардақты азамат, сен өлмейсің! Еліңнің жалғыз жан, ең соңғы ұлы ма, қызы ма, ең кейінгі нәсілі бірде-бір жан болса, соның да кеудесінде сенің атың бірге кетеді. Сенің тірлігің бірге жасайды, сенің нұрың бірге жарқырайды! ... Алдың жарқын, өзің солай сеніп ең ... Ана жұртың сені өлді демейді! Жарық дүниеге жаңа келіп,шырылдап туғаныңда осы Жидебайда, осы Ши-Қорықта сені аялап бауырына алған анаң бар еді. Ол алғашқы жалғыз анаң сені ақ құшағы , адал мейірімен бауырына басқан. Бүгін сені одан да ұлы өлмес анаң, ұмытылмас ұлым деп бауырына алады. Алдағы ұзақ дәурен, жарқын заман сапарына сені жүрегіне баса мәңгіге ала кетпек! Өлім де жеңбес жан бар. Олар аз болса, соның бірі сенсің. Бұл өңірде өткендердің ішінде ол жалғыз болса, соның өзі сенсің 
Жүргізуші: 
Кешімізді Сағынғали Сейітовтың «Кім»-өлеңімен аяқтағым келеді. 
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? 
Жырымен жан сусынын қандырған кім? 
Өзіне өзі орнатып ескерткішті 
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім? 
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім? 
Талабын тас қияға өрлеткен кім? 
Құба жон, құбақан құм құла қырды 
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? 

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 

Арманын аттандырған келешекке 
Біздермен осы күнгі тербеткен кім? 
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім? 
Өзендей құйған барып көк теңізге 
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? 
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам 
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам 
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы, 
Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты Адам. 
Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан , білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық. Абай поэзиясы сарқылмас бұлақ. Сөз шебері- Абай ата, сізге әрқашан борыштымыз, өсиетіңді нық ұстаймыз деп «Абаймен кемел білімге» атты Абай Құнанбаевқа арналған кешімізді аяқтаймыз. 
Ұстаз болу жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу сезімнің ақындығы, 
Ұстаз болу мінездің күн шуағы, 
Азбайтұғын адамның алтындығы  
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу бұл нағыз шеберлік емес пе?! 

«Алтын терек, арсыға құлаш ұрған ардақты азамат, сен өлмейсің! Еліңнің жалғыз жан, ең соңғы ұыл ма, қызы ма, ең кейінгі нәсілі бірде-бір жан болса, соның да кеудесінде сенің атың бірге кетеді. Сенің тірлігің бірге жасайды, сенің нұрың бірге жарқырайды! ... Алдың жарқын, ө-зің солай сеніп ең ... Ана жұртың сені өлді демейді! Жарық дүниеге жаңа келіп,шырылдап туғаныңда осы Жидебайда, осы Ши-Қорықта сені аялап бауырына алған анаң бар еді. Ол алғашқы жалғыз анаң сені ақ құшағы , адал мейірімен бауырына басқан. Бүгін сені одан да ұлы өлмес анаң, ұмытылмас ұлым деп бауырына алады. Алдағы ұзақ дәурен, жарқын заман сапарына сені жүрегіне баса мәңгіге ала кетпек! Өлім де жеңбес жан бар. Олар аз болса, соның бірі сенсің. Бұл өңірде өткендердің ішінде ол жалғыз болса, соның өзі сенсің 
Жүргізуші: 
Кешімізді Сағынғали Сейітовтың «Кім»-өлеңімен аяқтағым келеді. 
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім? 
Жырымен жан сусынын қандырған кім? 
Өзіне өзі орнатып ескерткішті 
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім? 
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім? 
Талабын тас қияға өрлеткен кім? 
Құба жон, құбақан құм құла қырды 
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім? 

Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім? 
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім? 

Арманын аттандырған келешекке 
Біздермен осы күнгі тербеткен кім? 
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім? 
Өзендей құйған барып көк теңізге 
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім? 
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам 
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам 
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы, 
Ол-Абай, Ұлты-қазақ, Аты Адам. 
Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан , білуге ұмтушылықтан, ізденуден жалықпайық. Абай поэзиясы сарқылмас бұлақ. Сөз шебері- Абай ата, сізге әрқашан борыштымыз, өсиетіңді нық ұстаймыз деп «Абаймен кемел білімге» атты Абай Құнанбаевқа арналған кешімізді аяқтаймыз. 
Ұстаз болу жүректің батырлығы, 
Ұстаз болу сезімнің ақындығы, 
Ұстаз болу мінездің күн шуағы, 
Азбайтұғын адамның алтындығы  
деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай. Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу бұл нағыз шеберлік емес пе?! 
Олай болса мектебіміздің директоры Г.А.Есентаева, Эксперимент алаңының әдіскері Г.Т.Қошқарбаеваға сөз кезегін берелік.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!