Материалдар / Өз елім – алтын бесігім
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өз елім – алтын бесігім

Материал туралы қысқаша түсінік
Өз елім, жерім туралы ой-толғау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
6229
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығармашылық жұмыс – эссе

Тақырыбы: «Өз елім – алтын бесігім »

Жарық дүниеге келген әр адамның асыл тегі, өскен ортасы, қимас та қымбат ата мекені болатыны белгілі. Басқаны да түсінемін, алайда менің ата-мекенім әсіресе қымбат сияқты. Өйткені, ол әлем тарихына кірді, әлем картасында белгілеулі. Абай, Мұхтар, Шәкәрімдей ұлыларды дүниеге әкелгені өз алдына, адам баласын қырып-жоюға арналған алапат қарудың дүниеге келуі де менің ата-қонысым, Абай еліне, байланысты...

Туған жердің топырағының табы табаныңа батқаннан бастап, оның бар қасиеті перзенттерінің бойына сіңірері шын, олай болса мына бір жүрекжарды сезім шапағатынан туған сырымды саған арнадым.

«Атамекен сағындырған кезде мен,

Жетегіне қиял ойдың лезде ерем.

Туған жердің тынбай алған тынысын,

Жан бар ма екен жүрегімен сезбеген»,-

дегендей, шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап кіндік қаным тамған, шыбығын ат қып мініп, шалғынына аунап өскен туған жерімнен артық жер жоқ-ау, сірә! Сенің ыстық құмың табанымды қарып, солқылдаған шеңгелің денемді тіліп жатса да, мен үшін сенің әрбір қиыршық тасың, жайқалған талың, әрбір самғаған құсың, кез келген таныс жаның айрықша ардақты, қастерлі де қымбат. «Туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деген рас. Туған ауылымның жайма-шуақ жазы ғана емес, ызғырық желі де, ақ түтек бораны мен сақылдаған сары аязы да жаныма жақын.

Осынау қасиетті, киелі өлкемнен аз уақыт болса да ұзап шықсам, өмірімнің бөлінбес бөлшегіндей сезініп, айрықша сағынамын, туған жерімнің өзіне тартар қуат-күшіне табынамын. Сол құдіретіне таңқалып, бір көргім келеді де турады. Өйткені, туған жер әрбір перзентін мәпелеп, мейір-қамқорлығын жаныңа құйған аяулы анаңдай. Түрлі ел мен жерді, қалалар мен ауылдарды аралап көріп жүрсем де, олардың барлығы менің осынау бір шағын ауылыма еш жетпейтін-ді. Мұндай мекенді мүлде көрмеген сияқты күй кешемін. Бәлкім, мен үшін солай шығар!

Уақыт деген ұшқыр ғой. Балалық бал дәуренім өткен, құлын-тайдай тебіскен, бірге асыр салған достарымнан, туған жерімнен сәл жырақтап, білім қуып, қызмет істеп қалада жүрмін. Бірақ сені бір сәт көңілден шығарған емеспін. Көзімді жұмсам көңіл елегінен, ұйықтасам түсімнен бір шықпайсың. Бүгін тағы түс көрдім. Түсіме туған ауылым кірді. Сонау шырқау аспанда ұшып жүр екенмін деймін. «Құлайсың, ботам!»- дейді әжем. «Құламаймын, апа!» - деймін мен. Дауысым ерекше үнді. Қарт Дегелеңнің тау-тасын жаңғырықтырып жібергендей. Ояна келсем, түсім екен. Бір асылымды жоғалтып алғандай күй кештім. Көзімді жұмып түндегі түсімді қайта көңіл елегінен өткіздім. Сары далада нардай шөккен Дегелең сырттай моп-момақан күйде көз алдыма кесе-көлденең келіп тура қалды. Сырттай сұлу көрінген дара тауым сенің жүрегіңде қаншалықты жара барын бауырында өскен перзентін ғана сезе алар.

Әлмисақтан бері қарай сенің көрмеген қасіретің жоқ шығар. Ақ қашып, қызыл қуған қырғынды, аштықты, Ұлы Отан соғысы кезінде ел басына түскен қиыншылықтың бәрін көрдің. Енді ғана бойыңды жазып, еңсеңді көтеріп келе жатқанда, төбеңді қара бұлт қайта басты. Қырық жыл ядролық қарудың зардабын тағы шектің...

Сенде талай адамның құмары қанып, қуанғаны да болды, жүрегі жанып, суалғаны да болды. Талай- талай талпынған жас жүрек мұратына да жетті. Талай бақытсыздың жарық күндей үміті үзіліп те кетті. Сенде неше түрлі ел дәурен сүріп, аң аулап, мал да бақты. Сенде талай-талай «Елім-айлаған» жұрттың етегі жасқа толды. Ай мен күндей ажарлы сұлу, қыршын жастарды да, арыстан жүректі айнымас батырларды да, мың дауды бір ауыз сөзбен шешкен шешен билерді де жерошақтай жер қазып, үңірейтіп бауырыңа басып жатсаң да, бақайыңнан келмей түк көрмегендей-ақ маңқиып тұра бересің-ау!

Ядролық қару сенің «тәніңе» адамзат қолымен жасалған, оңайлықпен жазылмайтын жара салды. Ең өкініштісі, Абай, Шәкәрімдей ақындарды туғызған, ХХ ғасырда әскери атом бомбасын жасайтын ошаққа айналған туған өлкемнің ХХІ ғасырда өмір сүруге қауіпті аймақ болғаны жанды жейді.

Міне, осының бәрі сенің көз алдыңда болған іс. Уақыттың қаншама зобалаңын көрсең де, аспанмен күмбезденіп таласып тұрасың-ау, қарт Дегелең! Алтын бесігім – ата-мекенімнің ұлылығы да осында шығар. Қайырым, қамқорлығы мәңгілік шексіз жерімнің өркені өсе түссе, менің де мерейім биіктей бермек. Құдіретіңнен айналайын, туған жерім!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!