|
|
Қазақстан
Республикасы |
|
|
Қазақстан
Республикасы |
Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 1-4 сыныптары үшін "Өзіне-өзі қызмет көрсету" пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамызда №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес және орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың ерекше білім алу қажеттіліктерін ескере отырып әзірленген.
2. Оқу бағдарламасы әр пән бойынша білім алушылардың танымдық ерекшеліктеріне сәйкес білім, білік және дағдының мазмұны мен көлемін анықтайтын нормативтік-оқу құжаты болып табылады.
3. Оқу бағдарламасы әр пәннің әдістемелік әлеуетін қолдануға оқу процесін бағыттайды, ол білім алушылардың пән бойынша білім алып және дағдыларды меңгеруге, оқу әрекеттерін меңгеруде білім алушылардың дербестігін дамытуға, әлеуметтік мәдени ортада бағдарлау икемін қалыптастыруға септігін тигізеді.
4. Оқу бағдарламасында заманауи мектептегі білім беру процесін ұйымдастыруға арналған инновациялық педагогикалық жолдарын сипаттайтын оқу-нормативтік құжаттың дәстүрлі түрімен үйлесім тапқан. Оқуға көзқарас оқу пәні бойынша бағдарламаны құрылымдаудың негізгі бағдары болып табылады.
5. Білім берудің классикалық негізі ретінде құндылық-бағдарлы, іс-әрекеттік, тұлғалық-бағдарлы, коммуникативті тәсілдері оқу мақсаттары жүйесінің басымдылығын және білім беру процесінің нәтижесін нығайту үшін қолданған және ол жаңа оқу бағдарламасының құрылымында көрініс тапқан.
6. Заманауи деңгейдегі оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі білім алушылардың белсенді әрекетін ұйымдастыру. Білім алушылардың белсенді танымдық әрекеті мұғалімнің қолдауымен және серіктес, кеңесші ретінде шығармашылық бірлесу жағдайында тұрақты сипатқа ие болады.
7. Тұлғалық-бағдарлы білім беруді күшейту өзара қарым-қатынаста авторитарлыққа жол берілмейтін, білім беру процесіне қатысушы барлық білім алушылар арасындағы ынтымақтастық үшін түрлі үйлесімдегі алғышарттарды жасайтын оқытудың интербелсенді әдістерін қолданған кезде жүзеге асырылады.
8. Білім беру процесін ұйымдастырудағы барлық инновациялық тәсілдер оқытуды білім алушылардың біліммен, идеялармен, әрекет тәсілдерімен белсенді алмасуға мүмкіндік беретін шынайы шығармашылық процестегі қарым-қатынас моделіне айналдырады.
9. Нақты бір пәннің оқу бағдарламасы аумақтық сипаттағы материалдарды (нысандар, кәсіпорындар, ақпарат көздері) пайдалануға бағытталған оқу-жобалау әрекетін ұйымдастыру арқылы танымдық және әлеуметтік тұрғыдан білім алушының белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді. Осы пәнді оқытудың мақсатына қол жеткізуде жүзеге асырылатын оқу және тәрбиелік сипаттағы жобалау әрекеті ата-аналармен, жергілікті қауымдастық өкілдерімен серіктестікте ұйымдастырылады.
10. Оқу бағдарламасында оқу пәнінің мазмұнын анықтау үшін негізгі бағдар болатын және мектеп білім алушыларын оқытудың жеке бағдарламасын жасау кезінде мұғалім басшылыққа алатын болжамды оқытудың мақсаттар жүйесі тұжырымдалған. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылар үшін бағдарламаның мазмұны ұсыныс беру сипатына ие, педагог бағдарлама мазмұнына өзгеріс енгізуге және сыныптағы әрбір білім алушының мүмкіндіктері мен ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес оқытудың қарқынын өзгертуге құқығы бар.
11. Пән бойынша білім беру процесінің күнделікті мазмұны жеке білім беру мақсатына бағынады және әрбір білім алушының сыныптағы және мектептегі ұжымдық әрекетке қатысу мүмкіндігін ескереді.
12. Орташа ақыл-ой кемістігі бар мектеп білім алушыларын оқыту бұл сөздің кең мағынасында түсініліп, оларда байқалатын мүмкіндіктердің аз қорына қатысты пәндік білімді қалыптастыруға ғана емес, осы санаттағы білім алушылар үшін анағұрлым маңызды өмірлік дағдыларды қалыптастыруға да бағытталады.
2-тарау. "Өзіне-өзі қызмет көрсету" пәнін оқытудың мақсаты мен міндеттері
13. "Өзіне-өзі қызмет көрсету" пәнінің мақсаты – білім алушылардың тұрмыста жақсы бейімделіп, қолжетімді шаруашылық-еңбек әрекетін меңгеруге көмектесетін қарапайым икем және дағдыларын қалыптастыру.
1) білім алушыларда тұрмыстық және еңбек дағдыларын қалыптастыру: жеке тазалық, тамақтану, киімін, аяқ-киімін күту және өзге де тұрмыс саласында;
2) үнемдеу-тұрмыстық икемдерін қалыптастыру (қоршаған ортадағы заттарды, өз киімін, аяқ-киімін, азық-түлік және дайын асты, су көздерін пайдаланғанда ұқыпты болу);
3) әдемі және дұрыс қабылдауды үйрету;
4) еңбексүйгіштік, төзімділік, жұмысқа деген қабілет, бастаған жұмысын соңына дейін жеткізуді тәрбиелеу;
5) танымдык әрекеттерінің дамуындағы кемшіліктерді түзету;
6) сабаққа деген қызығушылық, білімқұмарлығын дамыту;
7) басқа білім алушылармен және үлкендермен қарым-қатынас жасауды үйрету.
15. "Өзіне-өзі қызмет көрсету" пәнінің мазмұнында білім алушыларды қолжетімді еңбекке және дербес өмір сүруге дайындауға ықпал ететін мәліметтері бар және оқытылуы практикалық бағытталған орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың Үлгілік оқу жоспарының жалпы білім беру пәндерінің қатарына жатады. Оқытудың бастапқы сатысының бағдарлама мазмұны, біріншіден, білім алушыларды дамыту құралы болып табылады.
16. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларда танымдық әрекеттерінің терең дамымауы байқалып, практикалық әрекеттерді меңгергенде күрделі қиындықтар туындатады.
3-тарау. Оқу процесін ұйымдастырудағы педагогикалық тәсілдер
17. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу процесін ұйымдастыру тәсілдерінің негізінде бүкіл әлемде айқын ақыл-ой кемістігі бар тұлғалар өмірін ұйымдастырудың негізгі идеясы ретінде қабылданған "қалыпқа келтіру" педагогикалық тұжырымдамасы жатыр. Осы тұжырымдамаға сәйкес білім алушылар барлық түзету педогогикалық іс-шаралар жүйесін жобалауда негіз және жалғыз бастапқы нүкте болып табылады. Жоспарланатын педагогикалық іс-шаралар білім алушылармен өткізілетін жұмыспен қатар, оларды ортаға бейімдеуге, өздігімен әрекет жасауға ынталандыратын орта қалыптастыруға арналады.
18. Оқу әрекетінің мазмұны жеке оқу бағдарламаларын әзірлеу үшін бағдар болып табылатын оқу бағдарламаларында ашылады. Жеке оқу бағдарламасын әзірлеу үшін білім алушыны бақылап, оның қажеттілігі мен мүмкіндігінен хабар беретін әрбір белгілерді байқап отырған жөн.
19. "Қалыпқа келтіру" тұжырымдамасының негізінде орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту және тәрбиелеу процесін арнайы мектеп жағдайында ұйымдастыру ұстанымы тұжырымдалған.
20. Өзінің бірегей ерекшеліктерін сақтай отырып, білім алушылардың жеке қарқында даму құқығын мойындау ұстанымы. Бұл ұстанымды сақтау оқытудың жеке бағдарламасына тән мазмұнды анықтау мақсатында білім алушының мүмкіндіктері мен ілгері дамуын үнемі зерттеуді бағамдайды. Дамудағы және дағдыларды меңгерудегі кез келген, тіпті ең аз ілгерілеуді мойындау оқытудағы оң нәтиже ретінде қарастырылады.
21. Әр білім алушының жеке дара мүмкіндіктерін және білім беру және жеке жетістіктерін мониторингтеу нәтижелерін ескере отырып мұғалімнің оқыту мазмұнын, әдістерін, түрлерін, дидактикалық құралдарын өздігінен таңдау ұстанымы.
22. Білім алушылардың практикалық әрекетін және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға арналған сәйкес мектеп ортасын құру ұстанымы:
1) икем және дағдыларды қалыптастыру, оларды қолданатын жағдайға барынша жақын және ұқсас мағынада жүзеге асырылады. Бұл білім және дағдыларды жаңа жағдайға ауыстыру қиындығымен байланысты;
2) түрлі өмірлік жағдайларды көрсететін аймақ және заттық орта білім алушылардың қажеттіліктеріне сәйкес ауыстырылып отырады;
3) мектептегі ыңғайлы әлеуметтік-тұрмыстық және заттық-дамыту ортасы орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жас ерекшелігі және физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес құрылады (демалуға арналған, қимыл белсенділігіне, тазалық-гигиеналық әрекеттерге арналып жабдықталған аймақтар).
23. Білім алушылардың мектептегі күнделікті әрекеттерінің кіріктендірілген сипаты ұстанымы. Мектепте алғашқы 3-4 жыл пәнсіз оқыту идеясымен жүзеге асатын, оқу жоспарының бірнеше пәндерінің мазмұнын кіріктендіруді меңзейді. Оқу бағдарламасының мазмұнын пайдалана отырып, барлық сабақтар, біріншіден білім алушының жалпы дамуын жақсартуға бағытталады (қарым-қатынас, іс-қимыл, сөйлеу тілі, сенсорлы). Білім алушылардың жеке дара дамуына қарай пәндік оқытуға көшу жүзеге асады.
24. Пәнсіз оқыту тақырыпты кіріктендіре жоспарлау арқылы жүзеге асады. Кіріктендіру тақырыптары ретінде "Айналадағы әлем" пәнінің тақырыптарын алуға болады. Таңдалған тақырып негізінде 1-2 апта білім алушылардың түрлі әрекеттері ұйымдастырылады. Оқытудың сол кезеңінде таңдалған тақырып танымдық мақсатта ғана емес, білім алушылардың мектептегі күнделікті өмірін ұйымдастыру құралы болып табылады.
25. Әлеуметтендіру құралы ретінде ойлауды, тілді және коммуникацияны дамыту ұстанымы. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларда сөйлеуді (оның мүлдем жоқ болу жағдайларына дейін), ойлауды, қарым-қатынасты дамытуда ерекше мәселелер орын алады, бұлардың орнын нақты жағдаяттарда бар мүмкіндігінше педагогикалық құралдармен толтыру қарастырылады. Сөйлеу тілін түсінуді кеңейту, вербалды және вербалды емес қарым-қатынас құралдарын қалыптастыру, білім алушылардың көрнекілік-әрекеттік ойлауын дамыту бойынша жұмыстардың реті нақтыланады. Педагог тарапынан білім алушылардың әрекетін сөйлеу тілі арқылы сүйемелдеу мөлшерленген және мектеп білім алушысына түсінуге қолжетімді түрде болады.
26. Оқу-тәрбие процесін әлеуметтендіру бағыты ұстанымы. Білім алушылардың ерекшеліктеріне барынша бейімделген және дені сау құрдастарымен өзара әрекет етуін шектейтін оқыту және тәрбиелеу ортасындағы шарасыз жалаңдықпен байланысты білім алушыны анағұрлым күрделі әлеуметтік ортаға енгізу бойынша арнайы жұмыстар талап етіледі:
1) білім алушылардың өмірлік тәжірибесін және әлеуметтік қатынастарын кезең-кезеңімен және жоспарлы түрде олар үшін қолжетімді деңгейде кеңейту;
2) мектеп білім алушысының қоғамға ауырсынбай енуі үшін төзімді және игі ниетті ортаны қалыптастыру. Осы мақсатта мектеп ұжымы білім алушының отбасымен және қауымдастықпен жоспарлы түрде жұмыс істейтін болады.
27. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқыту процесі мазмұнды және ұйымдастыру жағынан қатал шектеле алмайды. Топтық оқыту жағдайында танымдық қызығушылықтың төмендігі; топтық жұмыста түрткіге төмен реакция; бір пәннің мазмұнында қырық бес минут бойы білім алушылардың белсенділігін ұстау тұрудың қиындығы дәстүрлі академиялық мақсатта құрылған сабақтың тиімділігінің төмендігіне әкеліп соқтырады.
28. Білім алушылар өзіне қажет кезде іс-әрекетті ауыстыра алатын, жеке дара жұмысын орындап (басқа білім алушылардың жұмыстарынан өзге) және мұғалімнің жеке көмегін ала алатын, сондай түрде ұйымдастырылған сабақтарға мұқтаж. Сынып бөлмесінде еркін қозғалу мүмкіндігі беріледі.
29. Арнайы ұстанымдарға сәйкес құрылған педагогикалық іс-шаралар, білім алушылардың жеке белсенділігін, олардың бастамалары мен дербестігін дамытуға бағытталатын болады.
30. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың белсенділігі көрініп және дербестігін дамыту мүмкін болатын іс-әрекеттердің сабақтарда кездесетін негізгі түрлері:
1) тірі және өлі табиғатты және әлеуметтік өмір құбылыстарын бақылау;
2) заттық-тәжірибелік әрекеттер;
3) ойын қимылдары және ойын әрекеттері;
4) білім алушылардың шаруашылық-еңбек әрекеттері;
5) әлеуметтік-тұрмыстық әрекеттер.
31. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларды оқытудың барлық кезеңдерінде оқу-тәрбие процесі заттық әрекеттер негізінде құрылады.
32. Көрнекі-тәжірибелік әдістердің практикалық маңызы зор. Олар оқытудың көрнекі әдістерін және білім алушылардың практикалық әрекеттерін толықтырады. Мұғалім нақты жаттығуларды, оларды сынып бөлмесінде өткізу орнын және тәсілін тыңғылықты ойлайды (жұмыс үстелі үстінде, тақтаның алдында, ойын бұрышында, кілемнің үстінде). Бір сыныптағы білім алушылардың танымдық мүмкіндіктерінде айырмашылықтар болады, сондықтан, оларды оқыту мүмкіндігінше жеке дара жүргізіледі.
33. Дидактикалық ойындар кеңінен қолданылады. Ойын өткізгенде белгілі бір қарқында сақталады, ойын жаттығуларында сұрақтар көп болмауы ескеріледі. Білім алушыларды жауаптарына мұқият болып сыныптастарының іс-әрекеттерін бақылау дағдылары үйретіледі.
34. Сабақтар қажетті көрнекті құралдармен, топтық және жеке жұмысқа арналған үлестірмелі заттық материалдармен қамтамасыз етіледі.
35. Мұғалімнің басқаруымен практикалық әрекеттерді орындағанда қарапайым дербестік және өз күшіне сенімділік қалыптастырылады.
4-тарау. Оқу жетістіктерін бағалау тәсілдері
36. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың оқу процесін бағалау тәртібінің талабы ізгілендіру идеясынан және осы санаттағы білім алушыларды мектепте оқыту ісіне табиғи лайықтылық тұрғысынан туындайды.
37. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау мектеп білім алушысын оқытудың жеке бағдарламасында тұжырымдалған міндеттерден басталады.
38. Орташа ақыл-ой кемістігі бар мектеп білім алушысын оқытудың жеке бағдарламасын құру оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктерін әуелі педагогикалық бағалаумен ескертіледі. Бағалау межелері мектеп білім алушыларын дамыту мен оқытудың негізгі даму сызығының онтогенезімен сәйкес анықталады.
39. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау ішкі бағалау құралдарымен жүзеге асырылады. Оқытудың жеке бағдарламаларын жүзеге асыру нәтижелері сабақта тікелей мұғалім тарапынан білім беру процесі барысында бағаланады.
40. Орташа ақыл-ой кемістігі бар мектеп білім алушыларымен барлық педагогикалық процесті құрайтын арнайы педагогиканың – "диагностикалау мен түзете-дамыту жұмыстарының бірлігі" ұстанымына сүйене отырып, педагогтар бақылау-бағалау әрекетін жүйелі түрде жүзеге асырады.
41. Бағалау әрекеті бақылау, білім алушылардың іс-әрекеті өнімін зерттеу, ауызша жауаптарын оқыту және тәрбиелеудің жеке міндеттерімен салыстыру болып танылады.
42. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау процесі келесі кезектіліктен құрылады:
1) білім алушылардың білімін, даму деңгейін, дағдысын алдын ала бағалау. Жеке оқу бағдарламасын құрудың негізі ретінде білім алушының даму бағдарын құру;
2) білім алушылардың жетістіктерімен дамуын ағымдағы бағалау. Ол оқытудың мазмұны мен тәсілдерін түзетіп отыру мақсатында білім алушылардың сабақ барысындағы жұмысын күнделікті бақылау арқылы жүзеге асырылады;
3) аралық бағалау бірінші жарты жылдықтан кейін жүзеге асырылады. Жеке оқу бағдарламасына сәйкес оқу барысында тиімді қалыптастырылған дағды жеке бағдарламада тіркеледі;
4) жетістіктердің қорытынды бағалау оқу жылының соңында жүзеге асырылады.
43. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалауда, білім алушының жетістігінің сапалы көрсеткіші болып табылатын - сипаттап бағалау пайдаланылады. Сипаттап бағалау дегеніміз - білім алушыны сипаттау оқыту мен жетілдірудің жеке оқыту процесінде жүзеге асырылатын өзгеше педагогикалық есеп. Оқу кезеңінде бұл - әлеуметтік даму, өзіне- өзі қызмет көрсету, физикалық, танымдық, сөздік сондай-ақ оқу жылының басында және аяғындағы білім алушының бағдарында бейнеленген білім алушының қызметі. Білім алушыны пәндік оқуға ауыстырғанда - бұл білім алушының әр оқу сабағындағы және өмірлік дағдысындағы жетістіктері ретінде сипатталады.
5-тарау. "Өзіне-өзі қызмет көрсету" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру
44. "Өзіне-өзі қызмет көрсету" пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
1) 1-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 66 сағат;
2) 2-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында –68 сағат;
3) 3-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында –68 сағат;
4) 4-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында –68 сағат.
45. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру үшін оқу кабинеттері санитарлық-гигеналық нормалар ескеріле отырып жабдықталады.
46. Түрлі формадағы (жеке, жұп немесе топтық) және әртүрлі жұмыстарды (ойын және белсенді оқыту әдістерін қолдануды) ұйымдастыру үшін қозғалмалы жиһаз қарастырылады. Білім алушылардың жұмыстарын және көрнекілік құралдарды қоюға арналған стендтер, кітап сөрелерін орналастыратын орындарды қарастырылады.
1) оқу пәнінің мазмұны оқу бөліміне сәйкес ұйымдастырылған: "Денсаулық және оны сақтауға жолдары", "Киім және аяқ киім", "Тамақтану", "Менің үйім, мектеп", "Тұрғындарға қызмет көрсету саласы";
2) бөлімдер өз кезегінде оқу мақсатын және білім, немесе түсінік, дағды немесе икем ретінде күтілетін нәтижелерді құрайтын бөлімшелерге бөлінген;
3) әр бөлімшенің ішінде кезегімен көрсетілген оқу мақсаты, оқытушыға өзінің жұмысын жоспарлауға және білім алушының жетістіктерін бағалауға мүмкіндік береді;
4) "Өзіне-өзі қызмет көрсету" бағдарламасы ақыл-ой кемістігі бар әр білім алушыға оқу материалдарын дара қарқында және көлемде оқу, меңгеру құқығын жүзеге асыруға көмектеседі. Оқытушы әр білім алушыға оқу тақырыбын, бөлімін меңгеруге қажетті сағат санын өзі нақтылайды. Келесі тақырыпқа көшу үшін бағдарлама материалдарын меңгеру негіз болады.
48. "Өзіне-өзі қызмет көрсету" пәнінің мазмұны келесі бөлімдер мен бөлімшелерді қамтиды:
|
.№ |
Бөлімдер |
Бөлімшелер |
|
1 |
Денсаулық және оны сақтау жолдары |
1.1 Адам дене мүшелері және оның функциясы |
|
1.2 Жеке тазалық құралдары және заттары |
||
|
1.3 Тәнді күту, денсаулықты сақтау |
||
|
2 |
Киім және аяқ киім |
2.1 Маусымдық киімдер және аяқ киімдер |
|
2.2 Киімді күту |
||
|
2.3 Аяқ киімді күту |
||
|
2.4 Киініп шешіну дағдысы |
||
|
3 |
Тамақтану |
3.1 Азық-түлік |
|
3.2 Тамақтану тәртібі |
||
|
3.3 Ыдыс-аяқ және оны күту, асханалық киім |
||
|
3.4 Асханалық жиһаз және оның күтімі |
||
|
4 |
Менің үйім, мектеп |
4.1 Мектеп, мектеп бөлмелері, мектеп жиһазы және оған күтім |
|
4.2 Көп қабатты үйдегі пәтер, тұрғылықты ғимарат, жиһаз және оларға күтім |
||
|
5 |
Тұрғындарға қызмет көрсету саласы |
5.1 Дүкен |
49. Оқу бағдарламасында оқыту мақсатттарын қолдану ыңғайлы болуы үшін кодпен белгілеу енгізілген. Кодтың бірінші саны сыныпты, екінші саны – бөлімді, үшінші сан бөлімшені және төртінші саны оқыту мақсатының нөмірін білдіреді. Мысалы: 1.2.1.4 "1" - сынып, "2.1" - бөлімше, "4" - оқы
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өз өзіне қызмет көрсету

шағым қалдыра аласыз