"Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін" атты мақала

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін" атты мақала

Материал туралы қысқаша түсінік
Тіл туралы мақала, ұстаздарға ,оқушыларға керекті дүние .Бұл мақалада тілдің халқымыз үшін ,азаматтарымыз үшін маңызы қандлай екені көрсетілген
Материалдың қысқаша нұсқасы

Өз тілің - бірлік үшін, Өзге тілің - тірлік үшін

Тілден артық қазына жоқ

Тілден артық қасиет жоқ

Н.А.Назарбаев

Мемлекеттік тіл Тәуелсіз елдің негізгі рәміздерінің бірі. Кез келген өркениетті елдің өзінің Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, шекарасы болатыны секілді мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіл де — мемлекеттігіміздің негізгі атрибуттарының бірі. Біздің Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі» деп жазылған. Ал орыс тілін — ресми тіл және мемлекеттік тілмен бірдей қолданылады деп айтылған. Біз Конституция талаптарын мүлтіксіз орындауға міндеттіміз.

Білім беру саласында жүргізіліп отырған реформаның бір өзекті саласы- тіл мәселесі туралы елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің Мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға күш- жігерін жұмсауымыз керек» деген. Қазақстанда мемлекет тәуелсіздігін нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан шараларға қатысты ұлттық тілдің, мәдениеттің қайта өркендеуіне кеңінен жол ашылды. Қазіргі кезде Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекет алдында, озық дәстүрлерге сүйене отырып, жеткіншектер санасына туған халқының дүниетанымына деген құрметпен мақтаныш сезімін ұялатып, ұлттық рухты сіңіру, сондай-ақ ұлттық салт-дәстүрін меңгеру, тілі мен әдебиетін, тарихы мен өнерін қастерлеу тарихи қажеттілік болып отыр.

Қазақ халқының қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлы өз заманында: “Тіл байлығы – елдің елдігін, жұртшылығын, ғылыми әдебиетін, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғамдық құрылысын, салт-санасының, жауынгерлік дәстүрінің, мұрасының қай дәрежеде екенін көрсететін сөзсіз дәлелі, мөлшері” — деп тайға таңба басқандай анық та айқын көрсетіп берген болатын.

Тіл – халықтың даналығы, танымы мен талғамын тауып айтатын, шыншылдығын көрсететін, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келе жатқан баға жетпес қазынасы. Тіл кез келген танымдық іс-әрекеттердің құралы, ойлаудың формасы және оны дамытудың негізі болып саналады. Сондықтан да қоғам иелерін тәрбиелейтін мектептерде оқылатын қазақ тілі пәнінің маңызы зор.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйініне келер болсам, тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Қазақ халқының тілі бай, әрі көркем тіл екендігіне ешқандай да дау тумаса керек. Бұл тілде сөйлейтін қазақ халқы осынау сахара, сардалада көнезаманнан бері өмір сүріп, тіршілік жасап, осы тіл арқылы өмірлік қатынас жасап келеді.Ана тілі халқымыздың қоғамдағы қатынас тілі болып қана қойған жоқ. Сонымен бірге жан семіртер жан азығана айналды.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.00.2021
885
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі