Материалдар / Өз тіліңді құрметте
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өз тіліңді құрметте

Материал туралы қысқаша түсінік
өз ана тілінің қадір-қасиетің, сөз құдыретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету; мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың тіл көркемдігін, байлығын, дүниетанымын, ой-өрісін дамыту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Желтоқсан 2018
529
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бастауыш сынып мұғалімі:

Аязбай Күмісбек Нөптуллаұлы

3 сынып



Өз тіліңді құрметте

Мақсаты: өз ана тілінің қадір-қасиетің, сөз құдыретін түсініп, оның адам өміріндегі маңызын ұғуға үйрету; мақал-мәтелдер арқылы оқушылардың тіл көркемдігін, байлығын, дүниетанымын, ой-өрісін дамыту.

Көрнекілігі: Microfost Power Point бағдарламысында безендірілген тақырыптық пре – зентация, музыкалық фонограмма, тіл мерекесіне орай шығарылған қабырға газеттері, шарлар, ақын-жазушылардың тіл туралы нақыл сөздері, тіл туралы шыққан бағдарла – малар.

Барысы

1-жүргізуші: Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

2-жүргізуші: Елім десе еміреніп арқалы ақын,

Халқым десе тілінен бал таматын.

Қош келдіңіз, қадірлі көрермендер,

Көруге бүгінгі күн салатанатын!

1-жүргізуші: Қазақстан Республикасының «Тілдер күніне» арналған «Өз тіліңді құр-метте!» әдеби-сазды мерекелік бағдарламасына қой келдіңіздер!(Әнұран орындалады)



2-жүргізуші: 1989 жылдың 22-қыркүйегінде Қазақ ССР-ында «Тілдер туралы» заң қабылданып, қазақ тілі «Мемлекеттік тілі мәртебесіне ие болды. 1993 жылдың 28-қаңтар күні Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Онда «Қазақ тілі- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі» болып бекітілді.

1-жүргізуші:

Туған тілім – тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сыр ойдағы. Өссе тілім мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

Қазақстан Республикасының «Тілдер күніне» арналған тілек сөз директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары ... беріледі.

2-жүргізуші:

Жайнасың көңілдердің жасыл бағы, Құтты болсын мереке шашулары. Бар өнер, ән биіміз сіздер үшін, Сіздер үшін әншінің асыл әні.

Ән: «Қанеки тілім, сөйлеші»

1-жүргізуші: Біздің бүкіл тарихымыздың жеткен жетістіктерінің бірі – ата-бабалары – мыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қанын төгіп жүріп қорғап қалған қа – сиетті жеріміз болса, екіншісі – сол ата-бабалардың арқасында бар бояуымен кестедей өрнектелген, сылы сазымен осы күнге аман-есен жеткен қазақ тілі. Бұның өзі қазақ ті – лінің мәртебелі де қасиетті тіл екендігіне дәлел бола алады.

2-жүргізуші:

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың. Алтын күннен бағасыз бір белгі боп, Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың.

Бейнебаян: «Тіл-тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз!»

1-жүргізуші:

Ана тілмен өмір жолы жалғанады, Бақытты күндер күтер алдан әлі. Қазақтың би атасы «Қара жорға» Мерекеде сіздерге арналады.

Би: «Қара жорға»

2-жүргізуші: Қазақстанда 140 ұлт өкілдері, 17 конфессиясының өкілдері тұрып жатыр. Әрине, бұл қаза халқының ұлылығынан. «Кең болсаң, кем болмайсың» деген қазақ халқының пейілінің кеңдігінен басқа ұлт өкілдерінің тұрып жатқан жайы бар.

1-жүргізуші:

«Қазақ осы – айтатұғын елге сыр, О, ағайын, халық емес ол кесір. Қазақ осы – аңғал-саңғал, жабусыз, Қазақ осы – ағыл-тегіл, көл-көсір. Қазақ осы – дала дейтін, күн дейтін. Қазақ осы – «Өнер алды – тіл» дейтін. Қазақ осы – қарасың ба, ақсың ба, Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін» деп жырлаған Қадыр Мырзаәлі. Ұлы қазақ даласында өзге ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында татулықта, сыйластықта өмір сүруде. Ендеше сол басқа ұлт өкілдері Қазақстанға деген жүрекжарды ізгі ниеттерін білдіру үшін тілектерін жолдайды.

2-жүргізуші: Тіл мәселесінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев үлкен бағыт-ты белгіледі: мемлекеттік тіл халықты біріктіруші фактор болуы керек. «Тілі бірдің –

тілегі бір, тілегі бірдің - жүрегі бір». Осы елдің мемлекеттік тілін білу арқылы халық бір-бірін түсінеді, тағдырлары мен тарихы ортақ екенін сезінеді. Тілін түсінген халықтың мәдениеті мен салт-дәстүріне де құрметпен қарайды.

1-жүргізуші:

Тілім менің – тірегім, дінім менің, Тілсіз қандай болады күнім менің?! Өз халқыма жетеді өз мәнінде Өз тілімде оқылса жырым менің.

Мұхтар Шаханов «Рух пен тіл» Мағжан Жұмабаев «Қазақ тілі» Сұлтанмахмұт Торайғыров «Сүйемін тіған тілді анам тілін» Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым»

2-жүргізуші: Ана тілі – халықтың өткен ұрпағын, қазіргі және келешек ұрпағын тари-хи біртұтастық, мызғымас бірлік, ажырамас туыстықжағдайда мәңгілік біріктіретін ең сенімді құрал. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Халық рухының сарқылмас бастауы да сонда жатыр. Ел-жұртымызды, туған жерімізді, оның өзен-көлдерін, бораны мен найзағайын ана тіліміз ғана қабылдап, соларға деген перзенттік махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз.

1-жүргізуші:

Екі шектің бірін қатты, Бірін сәл-сәл кем бұра. Нағыз қазақ, қазақ емес, Нағыз қазақ – домбыра.

Күй: «Балбырауын».

1-жүргізуші:

Көп тіл білсең көкжиегің кең болар, Құрметтейді жан екен деп төрге озар. Қай тілде де сөйлесең де дұрысы: Мемлекеттік тілді үйренген жан болар.

2-жүргізуші: Қытайдың ұлы ойшылы «Бір тіл білсең – бір адамсың, екі тіл білсең –екі адамсың» деп айтқан екен. Елбасының «Тілдің үщтұғырлығы» идеясынан халықтың келешегін көрегендікпен ойлағандығынан көруге болады. Сондықтан мемлекеттік тілді білу – әрбір қазақстандықтың міндеті, ал шет тілін білу – ол жетістіктің, табыс-тың кілті.



1-жүргізуші: Келесі кезекте тіл жайлы қанатты сөздер айтылады.

  1. «Ұлттың тілі – сол ұлттың жаны, жан-дүниесі. Ол жүректі соқтырып тұрған қан тамыры сияқты. Егер де қан тамыры жабылып қалса, жүрек те соғуын тоқтатпай ма?»

Мұхтар Әуезов

  1. Ана тілі – жүректің терең сырларын, басынан кешкен дәуірлерін, қысқасы жанның барлық толқындарын ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп сақтап отыратын қазына...

Жүсіпбек Аймауытов

  1. Ана тілінсіз халық болмайды. Тілінен айырылған ұлт – тарихынан, түп-тамыры-нан айырылған ұлт. Тілсізді ұлт деуге болмайды. Тілінен айырылған халық – ата-бабасының, туған әкесі мен анасының атын ұмытқан халық. Ол ондайларды мәңгүрт деп атайды.

Шерхан Мұртаза

2-жүргізуші:

Жер бетінде адам өмір өткізер, Бар нәрсеге білім қолды жеткізер. Бар ізгілік тек білімнен алынар, Білімменен аспанға жол салынар.

1-жүргізуші: Келесі «Жеті жұрттың тілін біл» сайысы. Бұл сайыстың шарты – мақал-мәтелдердің жауабын айту.

1-топ:

  1. Тіл тас жарады, тас жармаса ... жарады.

  2. Дәлелсіз сөз ... тең.

  3. Ине көзінен сынады, шешен ... сынады.

  4. Піл көтермегенді... көтереді.

  5. Көз қорқақ, ... батыл.

  6. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ... біл.

  7. Шешеннің сөзі ортақ, ... қолы ортақ.

  8. Қаһарлы сөз қамал ...

  9. Бас кеспек болса да, ... кеспек жоқ

  10. Айтылған сөз атылған ... тең.

2-топ:

  1. Бал тамған тілден ... да тамар

  2. Тауды, тасты жел бұзар, ... сөз бұзар.

  3. Жақсы сөз ... ырыс

  4. Жақсы байқап ..., жаман шайқап ...

  5. Тіл қылыштан да ...

  6. Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ... өсіреді.

  7. ... уы тісінде, адамның уы тілінде

  8. Сөйлей-сөйлей шешен боларсың, ... көсем боларсың.

  9. Тілден артық ... жоқ.

  10. Сүңгі жарасы бітер, тіл ... бітпес.

2-жүргізуші:

Жігіттері дүр сілкінтсе күйімен, Арулары аққу құстай билеген. Қазақ қызы билегенде бейне бір Қалқып ұшып, жерге аяғы тимеген

1-жүргізуші: Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазған жұрттың ұлттығы еш уақытта адамы құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады.

2-жүргізуші: өзге ұлт өкілдерін жаңылтпаштар жарысы арқылы сынап көрейік.

  1. Көп көкек

Көкектеп

Көктен келді

Көкек кеп

Көктеп көк

Көктем келді.

  1. Ықсан ұста – ұстаз ұста,

Үш ұстаға ұстаз ұста,

Үш ұстаға тұтас ұста.

  1. Жақсының жақсысы жақсы,

Жақсының тапшысы жақсы.

Қазір жақсы зат тапшы.

  1. Кітаптың кей беттерінің

Айырылғаны – айырылған,

Қайырылғаны – қайырылған,

Майырылғаны – майырылған.

  1. Бала не қылып отыр?

Қағазды қырық қиып,

Қиық қылып отыр.

Жөн-жосынсыз, сиықсыз

Қылық қылып отыр.

  1. Есеннің шешесін көрдім,

Шешесін кеше көрдім.

Кеше көшеде көрдім,

Көшеде нешеде көрдім?

  1. Дала балалары қала аралады,

Қалай аралады?

Қарай-қарай аралады,

Талай аралады.

  1. Қарыңдашынның ұшын

Үшкірлеп ұшта.

Үшкірлеп ұштап,

Сақтап ұста.

  1. Лұқпанды Құтпан құптап,

Құтпанды Лұқпан құптап,

Бір-бірін ұққан –

Құтпан, Лұқпан.

  1. Екпе шөп неткен көп?

Көп еңбек еткен екен,

Екпе шөп көп еккен екен.

1-жүргізуші:

Әнді айту әркімге де өнер ғой, Өнер деген түбі шексіз әлем ғой. Әрбір жастың қабілеті әр қилы, Әсем әнді орындаған шебер ғой.

Ән: «Көк тудың желбірегені».

2-жүргізуші:

Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып, Ана тілін білмеу – қандай заңдылық?! Өсер балаң байтақ далаң тұрғанда Қазақ тілі жасау керек мәңгілік.

1-жүргізуші:

Тілім менің – ғасырлардан аманат, Аманатқа адал болсын қолғанат, Ар-намысқа келтірмейік жаман ат. Қазақ болып туылдың ба, Ендеше Өз тіліңді өзгелерге бағалат.

2-жүргізуші: Осы мақсатта біз өз өңірімізді мекендеген басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін құрметтете білуіміз қажет.

Ән: «Отан ана»

1-жүргізуші:

Бұл жанды тіл – менің азат тілім, Жадымда талмай самғар қанат тілім. Жыры қуат, сөзі ана уызындай Жасай бер, Ана тілім, Қазақ тілім!

2-жүргізуші: Ана тіліміздің мәртебесі асқақтай берсін! Ана тілін білу, оның қасиетін түсіну – біздің парызымыз. Өз еліңе, ұлтыңа деген махаббаттың, құрмет пен ізеттің бастауы ол өз тіліңді құрметтеуден басталады.

Ана тіліміз тек биіктерден көрініп өркендей берсін.

«Өз тіліңді құрметте» атты әдеби-сазды бағдарламамызды аяқтаймыз.

Келесі кездескенше, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!