Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Озат тәжірибе
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Көркем шығарманы сыныпта және үйде оқытудың тиімді жолдары
Мақсаты – Оқушыларға халқымыздың бай ауыз әдебиеті үлгілері мен қазақ әдебиеті тарихының ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі кезеңдерін жүйелі оқыту. Ұлттық фольклор мұрлары арқылы оның басты идеялық бағытын, тақырыптық, мазмұндық мақсатын саралай білетін және өз халқының тарихын дәстүрін әдебиеті мен мәдениетін ұлттық құндылық ретінде бағалай алатын ұлттық әдеби мұраны терең игеріп сол негізде қызмет ете алатын танымы жоғары, білімі орнықты шығармашылықпен ойлай алатын, өркениетті қоғамға сай парасатты тұлға қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Әдеби көркем туынды арқылы оқушының ұлттық танымын қалыптастыру;
-
Көркем әдебиетті оқытуда шығарманың идеялық – тақрыптық мәнін меңгерту;
-
Оқушылардың әдеби – теориялық білімдерін тереңдетіп шығарманың мазмұндық, жанырлық стилдік ерекшеліктерін таныту;
-
Әдеби пәндер жүйесіне тән білім мен іскерлік дағдыларды меңгерту;
Күтілетін нәтиже:
-
Сабақта оқушының белсенділігі артады.
-
Шығармашылық қабілеті танылады.
-
Топпен және жұппен жұмыс жасауға үйренеді.
-
Өзін-өзі реттеу барысында өз білімін бағалауға дағланады.
-
Сыни көзқарастары жүйелі дамиды.
-
Диолог құрастыра алады.
Кіріспе:
Қай заманда да өз ойын еркін әрі көркем жеткізе алған сөз шеберлерін қадірлеп келген. Қазақ әдебиеті сабақтарында көркем шығарманы оқытуға талаптар қойылады. Ана сүтімен бойға даритын ана тіліндегі жазылған көркем шығармалар оқушы ойын ұштап қиялына ерік беріп қияндарға самғататыны анық .
Сабақ барысында кіріспе жұмыстар жүргізіліп болғаннан кейін әдеби шығарманы өту кезеңі басталады.
Оқушылардың әдеби шығарманы сыныпта және үйде оқуы олардың емле, тыныс белгілері жөніндегі сауаттылығын арттырады, сөзді дұрыс қолданып, сөйлемді дұрыс құрай білуге баулиды.
Оқушылардың әдеби шығармаларды үйде және сыныпта оқуын дұрыс ұйымдастыру үшін, мұғалім оқушымен бірге сынып бойынша оқушылармен әңгіме жасап, олардың іштен және дауыстап оқу жөнінде қаншалықты дағдысы барын анықтайды. Бұл әдеби шығарманы сыныпта және үйде дұрыс оқуды дұрыс ұйымдастыруға жауапты кезең болып саналады.
Көлемі шағын шығармалар мен үзінділер сыныпта, ал көлемді шығармалар мен үзінділер үйде оқылады.
Үйде оқуға – берілетін шығарма тақырыбы, мазмұны және идеялық көркемдік жақтарынан оқушыларға түсінікті, жеңіл болуы көлемі жағынан өлшеніп берілуі шарт. Шығарма үйге түгелдей оқып келуге немесе үзінділері оқылуға тапсырылады. Оқушылар ұғымына ауыр соғатын текстер үйде оқып келуге тапсырылмайды, ондай текст мұғалімнің басшылығымен сыныпта оқылады.
Үйде оқылатын шығарманы мұғалім кейде тапсырма берер алдында оқып беруі мүмкін. Себебі, мұғалімнің оқуы оқушылар үшін үлгі –өнеге.Ал қалған үзінді талданып, мазмұны , мағынасы түсіндіріледі. Сонан соң оқушылар шығарманың тиісті бөлігін үйде оқып келуге тапсырма алады. Кейде мұғалім шығарманың ерекшелігіне қарай текспен жасалатын жұмыспен байланысты түрлі сұрақтар арнаулы түсініктер беріп жібереді.
Сыныпта әдеби шығарманы ауызша,жазбаша тіл дамыту талдау сияқты жұмыстармен байланысты жерлері ғана оқылады.
Көркем шығарманы мұғалім бірде кітаптан оқып берсе,бірде оны жатқа оқиды.
Ал, оқушыларға көркем шығарманы оқытудың әр алуан түрлері бар.Олар:
Дара оқу(бұл кейде диологпен немесе рөлмен оқу деп те аталады)
Мұнда тексті жеке оқушы оқиды. Ол үшін көлемі өте шағын шығармалар алынады. Оқушыларға дұрыс оқуды үйрету үшін кейде текесті бірнеше оқушы бөліп оқу әдісі қолданылады. Мұнда текст тиянақты текстерге бөлінеді де ,әр бөлігін жеке оқушылар оқиды.Оқуға мысал өлеңдер,прозалық шығармалардың диалогтары алынады.оқушылар текст рөлмен бөліп оқитын болады.
Тексті дұрыс оқудың мынадай шарттары бар:
- Тексті оқығанды сөйлемнен сөз, сөзден дыбыс пен буын қалдырмау ;
- Жеке әріптер мен буындарды сөздерді қайталамау;
- Сөз ішіндегі дыбыстарды алмастырмау немесе өзі жаңадан дыбыстар қосып, сөз мағынасын бұзбау ;
- Сөйлемге жаңадан сөз қоспау ;
- Сөз екпінін дұрыс қойып айту ;
Оқушыларды дұрыс оқуға жаттықтырудың тәсілдері:
1. Оқушы оқып тұрғанда мұғалім мен оқушылар бақылап отырады бұрыс,жаңылыс жерлерін түзетеді.
2. Дұрыс оқудың екінші бір амалы оқушының тексті оқу қарқынын дұрыс жолға қою болып табылады. Яғни,оқушылар тексті оқығанда мөлшерлі оқу қарқынын сақтау керек. Дұрыс оқудың ережесін бұзбауға үйрету керек.
3. Дұрыс оқуға дағдыландырудың бір жолы – жөндеп оқу, қиындық келтіретін кейбір сөздерді буынға немесе дыбысқа жіктеп оқыту.
4. Дұрыс оқуға машықтанудың кезекті амалы –күні бұрын дайындалып келген оқу арқылы жүргізіледі. Оқушылар мұғалімнің тапсыруы бойынша үйде дұрыстап оқып жаттығады да,сыныпта келістіріп оқып беруге дайындалып келеді. Үйде оқып әзірленіп келуге мазмұны жеңіл, көлемі шағын текст беріледі.
Шығарманы келістіріп оқу мәселелері
Келістіріп оқу дегеніміз- әдеби шығарманы сазына келтіріп, мәнерлеп оқу. Бұл үшін көркем сөз тексін дұрыс оқу, түсініп оқу және белгілі бір дәрежеде жылдам оқу шарттарын сақтап оқу керек. Оқушылар осы шарттарды толық орындап,оқу техникасын меңгергенде ғана әдебиеттік шығарманы келістіріп оқи алатын болады.
Сабақтың алғашқы күнінен бастап мұғалім көркем сөз тексін оқыған кезде оқушыларды демін дұрыс алуға,дыбысты айқын, анық айтуға сөзге дұрыс екпін қоя білуге сазына келтіріп айта білуге дағдыландыру керек.
Оқушыларды келістіріп оқудың техникасына жаттықтырудың негізгі бір жолы текстің мазмұны ой-сезімнің әр түрі болып келу өзгешелігіне қарай дауыс сазын құбылта білуге үйрету.ол үшін дауысты ретті жерінде көтере де, баяулата да, күшейте де білуге үйрету қажет.
Оқушыларды келістіріп оқуға үйреу үшін бағдарламаға енген шығарманы кез келген жанрын алуға болады. Бірақ алынатын шығарманың көлемі шағын болуы керек.
Шығармада қажет болған жерде кідірісті сақтап оқу келістіріп оқу шарттарының бірі дауыс кідірістері үшке бөлінеді.Олар:
1.Граматикалық кідіріс деп текстегі тыныс белгілеріне тоқталып оқуды айтады.бірақ тыныс белгілерің бәріне кідіріс жасала бермейді.
2. Логиалық кідіріс деп сөйлемнің мағынасына бірден тез түсіне қалу үшін ондағыкейбір жеке сөздерді немесе белгілі сөз тізбегін өзге сөздерден бөлінкіреп нығырақ ой екпінінің сазын бере кідіріс жасап оқуды айтады.
3. Психологиялық кідіріс көркем шығарманы әрбір бөлімінің бірінен бірін көңіл күйіне мысалы шаттық қуаныш,күйініш, сықақ,келеке түріне қарай жіктеу,айыру үшін де қызмет етеді.
Жасалатын кідірс дұрыс болу үшін шығарма алдын ала оқылып,талданып идеялық мазмұны анықталады.
Көркем шығарманы кірістіріп оқудың бірі шарты – оның эмоциялық жақтарын дұрыс бере біліп оқу. Ол үшін көркем сөз текісін оқыған уақытта, ондағы автордың және кейіпкерлердің ой сезімін білдіре оқу керек. Шығарманың мазмұнына қарай текстің бір жері - қуанышты, шаттық сезіммен оқылса, бір жері – ызғарлы, ашулы дауыспен оқылады. Қорқыныш сүйсіну таңданушылық т.б. сияқты сезімдер де дауыс реңкі арқылы беріледі.
Өлең сөзді оқудың қара сөзді оқуға қарағанда өзіне тән ерекшеліктері бар. Ол еркшелік өлеңнің, буын, бунақ, тармақ, ұйқас, шумақ, ырғақ сияқты құрылыс жақтарындағы өзгешеліктерге байланысты.
Оқушыларды келістіріп оқуға үйретіп жаттықтыырудың жолдары әртүрлі. Мектеп тәжірибесіде оның мынадай үш түрі кездеседі.
-
Дара оқу.
-
Рольлге бөліп оқу.
-
Хорға бөліп оқу
Бұлардың ең негізгісі – дара оқу 5-8 сыныптарда – бұл сияқты өте маңызды жұмыстарға ерекше көңіл бөліп келістіріп оқудың қай түрін бола да оқушылардың игеріп шығуына уақыт беру керек. Сыныпта оқылатын шығарманы оқуға бір сабақтың өзінде бірнеше оқушыны қамту керек.
Оқушыларға жаттауға берілген қысқа өлеңдер, ұзақ өлеңдер мен қара сөздің үзінділері келістіріп оқытылады. Оқыған шыарманың мазмұнын айтқанда да тексттен мысал, үзінді келтіргенде де оқушылардың нақышына келтіріп айтып беруі талап етіледі.
Рольмен келістіріп оқу
Рольмен келістіріп оқуға диологты текстер, пьесаныңүзінділері, мысал өлеңдер пайдаланылады. Мұндай шығарма немесе үзінді кейде оқушылардың үйде оқып, жаттығып келуіне тапсырылады. Ол үшін мұғалім сыныпта өзі бір- екі рет қалай оқу керектігін көрсетеді. Сосын оқушылардың әрқайсыына рөль бөлініп беріледі. Оқушы өз рөлін қандай дауыспен оқитынын, ой екпіні, кідіріс, дауыс ырғағы сияқты мәселелердіқарастырып келеді.
Хорға қосылып оқу
Хорға қосылып оқу оқушыларды қызықтырып, сабақтың мазмұнды өтуіне көмектеседі. Хорға қосылып оқылатын текст өзінің мазмұнын, құрылыс ерекшелігіне қарай оқушыларға беріледі. Текстің бір жерін жеке оқушылар, екінші бір жерін барлық оқушы, үшінші жерін барлық оқушы қосылып оқуы мүмкін. Тексті оқушыларға бөлгенде, әр оқуышының дауыс ерекшелігі ескеріледі. Оқушылар дауыстарының жуан – жіңішкелігіне қарай екі – үш топқа бөлінеді. Текстің қай жері дара хормен, қандай дауыспен оқылатыны күні бұрын белгіленеді.
Мұғалімнің міндеті – шығармаларды оқудың қай түрімен оқылатынын сұрыптап ала білу.
Шығарманың талдауы жататын құрамды элементері және оларды талдаудың әдіс – амалдары.
Әдебиеттік шығарманы талдау жұмысы шығарма оқылып, мазмұны ұғынылғаннан кейін жүргізіледі. Шығарманы талдаудағы негізгі мақсат – шығарманың идеялық тақырыптық мазмұнын ашу, көркемдік өзгешеліктерін түсіне білу. Шығарманы талдаудағы басты принцип – шығарманың мазмұны мен формасын өзара бірлікте талдау.
Шығарманың талдауға жататын мәселелері мыналар: тақырыбы, идеялық мазмұны, кейіпкерлері,сюжеті мен композициясы, тіл ерекшелігі, табиғат, зат, жағдай, тұрмыс- салт бейнелері т.б.
5-8 сыныптарда әдебиеттік шығарманы талдауда мынадай әдістер қолданылады.
-
Мәнерлеп оқу әдісі
-
Сұрақ – жауап түріндегі әңгіме әдісі.
-
Мұғалімнің түсіндіру (әңгімелеуі)
-
Шығарманы талдау жасай отырып оқу әдісі.
Әдебиеттік шығарманы оқып үйренуінде, талдауда ең жиі қолданылатын әдіс – әңгіме әдісі.
Шығарманы әңгіме әдісімен талдау екі түрлі жолмен жүргізіледі.
Бірінші жолы. Шығарманы дыңдауға арналған сұрақтар оқушыларға күні бұрын беріледі де олар әдебиет пәніне арналған дәптеріне жазылады. Бұл сұрақтар сабақтың соңында үй тапсырмасы ретінде беріледі. Кейде сабақтың қолайлы кезеңдерінің бірінде беріледі. Сұрақтар келесі әдебет сабағында талдауға жататын мәселелерді түгел қамтитын болуы керек.
Әңгіме – әдісінің 2-ші түрінде талдау сұрақтары оқушыларға күні бұрыны берілмейді. Мұғалім талдауды үйден дайындап келген сұрақтар, бойынша бірден жүргізе бастайды. Бұл сұрақтар сабақтың жоспар – конспектісіне жазылыып келеді. Әдістің бұл түрі көбінесе талдауға жататын мәселелері аса күрделі (қиын) емес шығармаларға қолайлы.
Талдау сұрақтарына мынадай талаптар қойылады: олар жүйелі, құрылысы жөнінен ықшам мазмұны түсінікті, мағнасы айқын және оқушыларды сөйлетерлікей дәл қойылуы шарт.
5-8 – сыныптарда шығарманы талдауда қолданылатын негізгі әдістерің бірі – мәнерлеп оқу әдісі. Бұс әдіс оқушылардың сөйлеу тілін дамытып, тексті сазына ырғағына келтіріп оқуға төселдіріп шығарманы идеялық көркемдік мағынасын түсінуге көмектеседі.
Көркем шығарманы талдауда қолданылатын әдістің бірі – баяндау әдісі. Бұл әдіспен талдауға жататын мәселелері қиын, күрделі шығармалалар талданады.
Жалпы алғанда бұл әдістің қолданатын жерлері толып жатыр. Мысалы: ақын жазушының өмірбаянын әңгімелеп айтып беру. Оқушы өзі ізденіп тапқан қосымша мәліметтерді баяндап беру жатады.
Қорыта келгенде көркем шығарма жас буынның ұлттық тілі мен әдебиетін тереңірек ұғынуға, тарихын таразылап, болашақты бағамдауға септігін тигізеді деп сенеміз. Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін шыңдайтын құндылықтарын үйретуден бастау алады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті.
-
З. Қабдолов Таңдамалы шығармалар. Сөз өнері.
-
Қазақ әдебиетінің қысқаша тарихы
-
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық.
-
Қазақ тілі мен әдебиеті журналы
Тақырыбы |
«Мәңгілік елдің ұлы Абайы » |
|||
Мақсаты |
Абай Құнанбайұлы туралы білгенін тиянақтай отырып, түсініп оқуға ,түсінгенін әңгімелеуге, ойын толық жеткізе білуге үйренеді,тапсырманы топпен орындауға дағдыланады |
|||
Жалпы мақсат |
Тақырыпты түсініп оқи білуге баулу. Тілін, сөздік қорларын дамыту арқылы сабаққа деген қызығушылығын арттыру |
|||
Күтілетін нәтиже |
Сыни тұрғыдан ойлау арқылы жаңа білімді ұштай біледі. Топта жұмыс жасауға қалыптасады |
|||
7 модульдің қолданылуы |
АКТ”, “Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер”, “Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау”, “Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету”, “Оқытуды басқару және көшбасшылық”. |
|||
Қолданылатын әдіс-тәсілдер |
Миға шабуыл,Дөңгелек үстел, Ойлан бірік. Бөліс,Эссе |
|||
Қолданылатын ресурстар |
Флипчарт, маркерлер, портреттер, тақта, стикерлер, ноутбук |
|||
Ұйымдастыру кезеңі Тренинг |
Өлең шумақтары арқылы топқа бөлу. |
Оқушылардың мұндағы мақсаты өлең шумақтары арқылы өз жұптарын тауып, бір топ болып құралу |
||
Сабақ кезеңдері |
Тапсырма |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
Оқушылардың іс-әрекеті |
|
Білім Қызығушылық тарын ояту |
Миға шабуыл әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасына қатысты сұрақтар |
Үйге берілген тапсырманы сұрақ-жауап арқылы диалогқа түсіру Слайдта берілген сұрақтарға жауап беру, топпен тапсырманы орындау |
Оқушы берген тапсырманы орындау |
|
Түсіну |
Жигсо әдіс бойынша тақырыптарды қайталау арқылы: Ақынның шығармашылығына жалпы шолу жасалады. Әр топ топ атауы бойынша мәлімет беріп өтеді. |
Өткен тақырыпты толық мңгеріп жаңа тақырыпқа қадам Жигсо әдісі пайдалану Ол үшін әр топқа арнайы тапсырмалар беріп, сол тапсырмалар төңірегінде оқушылар талдайды, пікір-аласау арқылы тапсырманы орындап түсінгендерін бір-біріне жеткізеді |
Оқушылардың мұндағы мақсаты берілген тапсырмаларды дұрыс түсіне отырып мағанасын ашу, түсіні білу Топпен жұмыс жасау |
|
Қолдану |
Мағынаны ашу арқылы Дөңгелек үстел әдісін қолдану |
Ақын шығармашылығына жалпы шолу жасау үшін әр топқа арнайы ресурстар мен тапсырмалар тарату жаңа тақырып төңірегінде, жаңа тақырыпты түсіну үшін арнайы Дөңгелек үстел әдісін пайдалану |
Оқушылардың мақсаты мұғалімді тыңдау, өз ойлары мен пікірлерін айту Әдіс бойынша жаңа тақырыпты меңгереді және өз пікірлерін ортаға салады, әр топтан оқушы шеңбер жасап отырған ортаға шығып өз ойын жеткізеді |
|
Сергіту сәті |
«Қара жорға» атты жаттығу жасау |
Оқушылармен бірге сергіту сәтін жасау |
Интербелсеңді тақтадағы бейнероликтегідей жаттығулар жасайды. |
|
Талдау |
«Ойлан бірік. бөліс » арқылы тақырыпты талдау |
Ақын өлеңдерінің мағынасы мен идеясын талдау үшін әр топқа тапсырма беріледі, әр топ өз тапсырмасын орындаған соң екінші топқа ұсынады |
Берілген тапсырманы уақытылы орындау, сұрақтарға нақты жауап беру керек.Тапсырмаларын бір –біріне көрсету арқылы ой бөліседі, тақырыптың мағанасын аша отырып өзара топпен талалдайды |
|
Жинақтау |
Эссе жазу арқылы сабақты жинақтайды |
Топ бойынша тақырыпты жинақтау үшін тақырыпқа қатысты әңгіме құрастыру арқылы тақырыпты жинақтайды |
Әр топ өзара тақырыпқа қатысты қысқаша шағын әнгіме құрастырады ортаға шығып оқиды |
|
Бағалау |
Өзін-өзі бағалау (2 мин) Бағдарша, бағалау парақшалары |
Фишкалар арқылы бағалау |
Өзін өзі топпен бағалайды |
|
Рефлексия |
Стикерлерді толтыру |
Оқушыларға стикер толтыруды ұсыну |
Ұсынылған стикерді толтыру |
«А. Тұяқбаев атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемелкеттік мекемесі
«Көркем шығарманы сыныпта және үйде оқытудың тиімді жодары»
Дайындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Шынтаева Роза Әбілдақызы
2016 оқу жылы