Материалдар / Өзгелерді оқыта отырып, өзімде үйренемін...
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзгелерді оқыта отырып, өзімде үйренемін...

Материал туралы қысқаша түсінік
Коучинг қткізу тәжірибесімен бөлісемін
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2018
539
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Өзгелерді оқыта отырып, өзімде үйренемін...

Мақсаты: Мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамыту үшін оқытудың белсенді стратегияларын орындауға оқушыларды дайындау және өздігінен білім алу жолдарын үйрету. Оқушыларды алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету, топтағы өзіндік білім алу мен бірлескен оқуға талпындыру.

Міндеттері:

1) Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын ояту үшін олардың бойынан шығармашылын дамыту мен өздігінен білім алуға үйрету қажеттілігін қалыптастырудың бірден-бір жолы топтық жұмыстың дұрыс ұйымдастырылу жолдарын үйрету.

2) Топтық жұмыста оқушыларды бір-бірінің жауабын толықтыруға, пікір таласта талқылауға, топпен бірігіп ортақ шешім қабылдауға, топта орындалған жұмысты қорытындылап бағалауға қалыптастыру жолдарын анықтау

3) Сұрақтар тақырып бойынша күрделі түрде қойылуына көңіл аудару , оқушыларды алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету.

Қазіргі заман мұғалімі қоғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлуметтік парызына жауап беруді көздейтін, жаңалыққа сирек, өз ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі үрдістердің барысын

идеялық – адамгершілік тұрғысынан шеше алатын, жаңаша ойлау дағдысын меңгерген, балалардың талапкерлілігі мен қабілетін өздігінен еркінен дамуын ұйымдастыра алатын, және ата – аналармен педагогикалық ынтымақтастықты орнатуға бейімі бар әр шығармашылықпен еңбек ете алатын маман болуға тиіс. Ол шәкірт жүрегіне жол табарлық пәнін қызықтырарлық жол іздейді, өз білімін жетілдіреді, жаңа технология пайдаланады.Өйткені шәкірттен терең білімділікті, ұстамдылықты, еңбекқорлықты , мәдениеттілікті талап ету үшін мұғалімнің өзі сол қасиеттердің үлгісі боларлық дәрежеде болуы тиіс.Сөйтіп, өмір талабының артта қалмаған, үнемі шығармашылық іздену үстіндегі ұстаз ғана шәкірттердің сеніміне ие болып, сый – құрметіне бөленбек.

«Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады», - деген екен Қытайдың дана ойшылы Конфуций. Сонымен мұғалім өткен тәжрибесін жаңа мен ұштастыра алатын кәсіби қызығушылығы жоғары танымы биік, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын, ғылыми зерттеу жұмыстарын таңдай білетін, педагогикалық үрдістің заңдылықтарымен етене таныс, оқытудың әдістемелік жаңалықтарынан хабардар, оқыту үрдісін ізденімпаздық пен арттыратын өз ісінің шебері болуы керек.

Ең бастысы ұстаз адами қасиеті мол, басқаға қайырын тигізуден шаршамайтын, шалдықпайтын өмірінің әр шақтарын қиып, ұрпағының ертеңіне жол ашатын, шуағы мол шапағат иесі.

Оқушылардың білім алуға деген қызығушылығын ояту үшін олардың бойынан шығармашылын дамыту мен өздігінен білім алуға үйрету қажет. Осы жолдарды қалыптастырудың бірден-бір жолы топтық жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуында. Топтық жұмыста жолдастарының жауабын толықтыруға, пікірталаста талқылауға, топпен бірігіп ортақ шешім қабылдауға, топта орындалған жұмысты қорытындылап бағалауға қатысады. Топтағы жұмыстың әрі тиімді, әрі оқушыны қызықтыру үшін мына ерекшеліктерге баса назар аударамын:

Топтағы оқушылардың бір-бірімен еркін пікір алмасуын қадағалау.

Жаңа ақпарат алуына мүмкіндік беретін ресурстармен қамтамасыз ету.

Топтың әр мүшесінің өз ойын айтуға ықпал жасау.

Топтағы оқушыларды эмоцияналдық ынталандыру арқылы бағыт-бағдар

беру.

Сабақтың барлық өн бойында уақытты тиімді пайдалануға басты назар

аудару.

Әр топтағы оқушылардың пікірінің тыңдалып талқылануын басты назарда ұстау.

Жетекші сұрақтар қою арқылы қателерін топ мүшелерінің өздеріне анықтап табуына мүмкіндік туғызу.

Топқа берілген тапсырма нақты түрі мен орындалу тәртібін оқушылардың білуі - бұл сапалы жұмыстың басты кепілі, сондықтан сабақта оқушылар нені оқу керектігін және сабақтың мақсаты неде екендігін оқушыларға ұғындыра отырып өздеріне анықтатуға дағдыландыруды басты міндеті деп алдыма қойдым. Топтың әр мүшесінің алдына белгілі талаптарды қоя отырып негізгі ұғымды, нені оқу керектігін өздігінен анықтауға талаптандырдым. Негізгі талаптар: есеп шығару барысында өз ойын еркін жеткізу арқылы дәлелдеуге, ортақ іске өз үлесін қосуға, топпен теореманы немесе анықтаманы бірге шешуге, өзгелердің ойымен санасуға, жұмысты берілген мерзімде орындауға дағдыландыру. Математика сабағында топтағы жұмыстың нәтижелі болуының басты мақсаты әлеуеттік қарым-қатынастың болуында. Сынып оқушыларын бір топқа жинап, әңгімелесу мен талқылауға жағдай туғызу: оқушылардың өзара талқылау жасауы, пікірлесуі, ой бөлісуі, ой қорытуы олардың өз ойларын қысылып қымтырылмай еркін жеткізе білуі сыныптағы қарым қатынастың артуына және топтық жұмыстың толық өз дәрежесінде өтуіне оң әсер тигізеді. Топтық жұмыста мындай тиімді жетістікке жетуге болады:

Оқушылардың жеке тұлға болып қалыптасуы

Сыни тұрғыдан ойлап, салыстыра білуі

Сынып оқушылары арасында қарым – қатынастың дамуы

Ортақ бір пікірге, бір шешім таба білуі

Берілген тапсырмаға мақсат қою арқылы оны шешу жолдарын анықтауы

Өз іс әрекеттерін бақылай отырып өзіндік бағалай білуі

Оқуға деген қызығушылығының дамуы мен қалыптасуы;

Осындай жетістіктерге жетудің барысында топдағы бірлескен жұмыс оң нәтиже береді. Топтық жұмыс барысында теореманы дәлелдеуге қажетті салдар мен аксиомалар, анықтамалар мен негізгі қасиеттерді бірігіп шешуге, есеп шығаруда керекті формулаларды орынды қолдана білуге дағдыланады. Оқушы өзі ғана оқып қоймай өзгені де үйрету арқылы өздігінен білім алуғ аталпынады. Геометрия сабағында «Блум таксономиясын» қолдануды мақсат еттім. Геометрия сабағында «Конверттегі хат» немесе «хатқа жауап жазу» деп те атауға болатын стратегияны қолданған қайталау, сабақты бекіту кезеңінде тиімді себебі оқушы ең бірінші жекелей өз білімін көрсетеді де топқа барып талқылау кезінде дұрыс не бұрыс екенін тексереді.

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштың тамаша нүктелері.

Сабақтың мақсаты:

1)Тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау, жекелей және топтық жұмыс арқылы білімдерінт иянақтау.

2)Үшбұрыштың тамаша нүктелерінің қасиеттерін айыра білу арқылы негізгі ерекшеліктерін анықтай білу.

3) Оқушыларды өз білімдерін тиянақтай отырып, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Қолданылған стратегиялар: «конверттегі хат», «төрт сөйлем тәсілі»

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру.

1) «Шаттық шеңбері» психологиялық тренинг. Оқушылар сыныпта шеңбер бойымен тұрады, әр оқушы өзінің жанындағы оқушыға жақсы тілек айтуы керек.

2) Сынып оқушыларын 4 топқа бөліп отырғызу. Топқа бөлуде геометриялық фигураларды әркімнің таңдап алуына байланысты топқа бөлінеді.

3) Топтағы оқушыларды 1-ден 5-ке дейін санау арқылы нөмірлеу

ІІ Ой қозғау.

Оқушыларға интерактивті тақтадан үшбұрыштардың медианалары, орта перпендикулярлары, биссектрисалары және биіктіктері салынған слайд көрсетіледі.

Сұрақ: Біз үшбұрыштың тамаша нүктелерін айыра білеміз. Ендеше тақтада берілген сызбалардан әрқайсысын жекелей анықтап беріңіздер.

(оқушылар сызба бойынша анықтап береді)

Мұғалім: Сендер сызба бойынша анықтай алдыңдар, енді ережелерді қаншалықты білетіндеріңізді көрейік.

ІІ Мағынаны ашу.

Оқушылар топта 1-5 дейін нөмірленуіне байланысты өзіне тиісті конвертті алады да, сол конверттегі сұраққа жауап жазады.

  1. Тапсырма: Сұрақтар жазылған хатты 1-ші топтан бастап тарату, әр

топтағы нөмірленген оқушылар өздеріне келген хаттағы сұрақты қағазға жазып алады да келесі топқа хатты береді осылай барлық топтағы оқушылар өздеріне тиісті хаттағы сұрақты жазып алып, оған жауап жазады.

1конверт сұрағы: Үшбұрыш медианасының қасиетін тұжырымдап дәлелде.

2 конверт сұрағы:Қандай шеңбер үшбұрышқа сырттай ал қандай шеңбер іштей сызылған деп аталады?

3 конверт сұрағы:Сырттай сызылған шеңбер ценрі қалай анықталатынын дәлелде.

4 конверт сұрағы: Іштей сызылған шеңбер центрі қалай анықталатынын дәлелде.

5 конверт сұрағы: Үшбұрыш биіктіктерінің қасиетін тұжырымдап, дәлелде. Бұл тапсырмаларды оқушылар жекелеме орындайды, қағазға әркім өзінің атын жазып қоюы міндетті және тапсырманы орындауға арнайы уақыт беріледі, уақыт болған кезде 5-ші топтан бастап әр хаттың жауабын конвертке салып келесі топтарға береді.

2 тапсырма. №1-№5 топтар қайтадан нөмірлері бойынша 5 топқа бөлінеді де өздерінің хатқа жазған жауаптарын алып ортақ талқыға салады, жауапты толықтыра отырып, «төрт сөйлем тәсілі» бойынша жалпы топтың ортақ жауабын жазады.

Тапсырмаларды толық орындап талдағаннан кейін топ болып ортақ жауап жазып қорғайды.

ІІІ. Ойды қорыту.

«Төрт сөйлем тәсілі»

а) ПІКІР хаттағы тапсырма бойынша туындаған өзіндік пікірді бір сөйлеммен

келтіру

ә) ДӘЛЕЛ келтірілген өзіндік пікірді бір сөйлеммен дәлелдеп беру

б) МЫСАЛ өзіндік пікірді тағы да бір негіздеп кетуі үшін бір сөйлеммен

мысал келтіру

в) ҚОРЫТЫНДЫ қорытынды шешімді бір сөйлеммен келтіру.

Осы сабақ барысында оқушылар «Блум таксономиясының» мына этаптарын қамтыды:

Білу: фигураның негізгі басты қасиеттерін таба білуге, тарау бойынша берілген сұраққа қысқаша жауап жазуға, негізгі теорема мен анықтаманы жеке оқушылардың өздігінен орындауы қарастырылды. Берілген есептер әр оқушының логикалық ойлауына сәйкес талданды.

Түсіну: тараудың негізгі қасиеттерін геометриялық сөздер қолданып сипаттау арқылы белгілерін атай отырып өз сөздерімен баяндай отырып түсінгенін жаза білуі арқылы есептің берілуін түсінді.

Қолдану: тараудың негізгі идеясын айқын тұжырымдай отырып, жекелеме орындалған тапсырманы топ мүшелеріне түсіндіру арқылы оқушылар бір- біріне көмек көрсете біледі, тапсырмалардағы есептерді талқылай отырып өз ойын кеңейтіп, мәлімдей отырып өмірмен байланыстыра білуге үйренді.

Талдау: тарауды талдай отырып қорытындылауда негізгі идеяларды саралап, есеп шығару барысында әр оқушының шығарған есептерін салыстыра келе қарама-қарсы қоя отырып, негізгі тұжырымды қорытындылай, басымдылықты айыра білді.

Жинақтау: өтілген тақырыпты өмірде кездесетін жағдайлармен салыстыра отырып, өз ойларын білдіріп топ мүшелерінің есептерін сынады және ойларын қорытындылды. Геометрияда берілген теореманың негізгі түйінін анықтап, жинақтауды үйренді.

Бағалау: өтілген тақырыпты негізгі ойларды қорытындылай отырып, есептер құруға немесе теоремаларды басқа тәсілмен дәлелдеу жолдарын қарастыруға, өздіктерінен берілген есептерге сәйкес есептер құра отырып, оның шығару жолдарын өтілген тараумен сәйкестендіре білді.

Қорыта келе айтарым сабақ барысында оқушыларды өздігінен оқи отырып, талдау жасауға топтық жұмыстың берері көп. Біріншіден оқушы өзінің пікірін дәлелдей отырып өмірмен байланыстыра алады. Екіншіден мұғалім тек бағыттаушы ғана емес сонымен қатар бағалаушы да, көмекші де ролінде болады. Әрбір ұстаз өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, парасатты, мәдениетті жан-жақты жетілген ұрпақ дайындауға міндетті. Оқушының жеке басын құрметтей отырып білім беру-қазіргі оқытудың негізгі талабы.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!