жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Өзгенің бақытын аялаған ұстаз
Өзгенің бақытын аялаған ұстаз
Әлемнің әміршісі – еңбек,
еңбек бәрін жеңбек деген бұлжымас қағиданы бал арасынан кейін берік
ұстанатын ұстаздар қауымы да тынымсыз еңбектенеді, еңбекпен жиған
бал «тәттілерін» өзгелердің балаларына ұсынады, олардың жаны мен
тәнінің сау болуын қалт жібермей қадағалайды, яғни еліміздің басты
құндылығы - ел болашағы жас ұрпақ тағдырына үнемі алаңдаумен
болады. Өзгенің бақыты үшін кірпік ілмей еңбектенетін сондай
ұстаздардың бірі – Мұсаева Қайыркүл
Мұсақызы.
Ол көп балалы отбасында ата-анасымен бірге тәрбиеленсе де, баланың үлкені ата-әженің ең сүйіктісі, олардың қойны-қоншына тыққандардың қожайыны болып қағу көрмей өссе де, етек жиып, ес білмей жатып іні-сіңлілерінің тәрбиешісі, қамқоршысы болуды алла оның маңдайына ерте бұйыртқан екен. Анасы аурушаң болып емізулі балаларды да әкесінің көмегімен қымқырулап екеулеп өсіреді. Осы бейнет бесіктен белі шықпаған Қайыркүлді мейірімді, бауырмал, айналасына қамқор болуға, келешек ұстаз болуға тәрбиелеген де шығар. №1 қазіргі Қ. Мұхамеджанв атындағы орта мектепті бітірісімен Шымкент кооператив техникумының сол кездегі филиалына оқуға түсіп, алғашқы еңбек жолын да осы жерден бастайды және күні бүгін де сол оқу орнының белді мұғалімі, ұжымның ауыр жүгін арқалауда көш басындағылардың бірегейі екені шындық. Бұл құрмет оның еңбегімен өлшенері де сөзсіз. Техникумда оқып жүргенде-ақ зерек те алғыр студент тез көзге түсіп, қоғамдық жұмыстарға араласа бастайды, бастауыш комсомол ұйымының жетекшісі қызметін сайдың тасындай мінсіз атқарады. Өз міндетіне жауапкершілікпен қарау, тапсырманы тиянақты орындау, ұқыпты болу балғын қыздың сүйегіне сіңгендей ол қашанда тәртіпті сүйеді, жастарды да жақсы әдеттерге баулудан жалықпайды. Жоғары білімді, өз пәнін жетік меңгерген ұстаз жыл сайын мастер класс өткізіп жас педагогтар қауымын тәрбиелеуге де өзіндік үлесін қосып келеді. Қайыркүл 40 жыл мұғалім болса да қашанда ізденуден жалықпайды, ақпарат көздерін пайдаланып, ақылы курс болса да білімін жетілдіруге ерінбейді, өзі де әдістемелік құралдар жазып, баспадан шығарып, маркетологтар мен қаржыгерлердің пайдалануына ұсынып әріптестерінің құрметіне бөленуде. Колледжішілік, облыстық, республикалық кәсіби шеберлік сайыстарында шыңдалған ұстаз өзінің тәжірибесімен бөлісіп, шығармашылық баяндамаларын бірнеше жинақтарда жариялап үлгірді, әрине оның берері әлі де мол болмақ. Ол өткізген ашық сабақтар мен ашық тәрбие сағаттарының өзі әдістемелік құрал болуға сұранып тұрғандай. Маркетолог студенттердің күшімен олардың өздері өндірген, қолынан жасаған өнімдерінің жәрмеңкесін ұйымдастырды, 90 минутта тәтті тоқаштар, қолөнер дезайын бұйымдары, дәрісхана толған дүниелер түгелдерлік сатылғаны әлі ұмытыла қойған жоқ. Бұл жәрмеңке қызу талқыланды және ұстаздар да сатуға да, сатып алуға да зор ықыласпен қатысты.
Қайыркүлдің бойында өзге әріптестеріне ұқсамайтын өзгешелік – өзі жетекшілік ететін топ балаларына туған анасындай қамқор болу, мейірім шуағын төгіп шын жанашырлық таныту, олардың жүзінен-ақ іштегісін оқи білу, жүріс-тұрысынан оның әлемін тап басып тану кез келгеннің еншісіне бұйырмаған бақыт, ауылдан келгенді «ап» деп аш жүретіндердің өзін олардың өздеріне де білдірмей асханадан бірге тамақтанып отырғанын жиі көресің. Бұл оның шәкірттеріне деген үлкен махаббаты, үлкен жүрегі. Сол шәкірттері оны араға жылдар салса да ұмытпай, сәлемін беріп тұруының өзі «елім дейтін» бала тәрбиелеуге әріптесімнің қосқан үлесі ғой деп ойлаймын. Осындай жанымызда жүрген жақсыларды қадірлей білсек, ғанибет емес пе!
Оспанова Рахия,
Қызылорда қаласы «Ұлағат колледжі»
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген