Материалдар / ӨЗІН ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

ӨЗІН ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Әр адамның, тіпті ақыл-есі толыспаған сәбидің де түрлі арман-мақсаттары болады. Арман мен мақсат адам өмірінің басты қозғаушы күші. Адам сол ойына алған арман-мақсаттарына қол жеткізіп жатса, өзін бақытты сезінбек. Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі мақсат-тілектері орындалмағандықтан, өздерін өмірде жолымыз болмайтын бақытсызбыз деген түсінікпен тірлік кешеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
361
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ӨЗІН ӨЗІ ЖЕТІЛДІРУ

Мұхаметжан Назгүл Наурызбайқызы

Тулешова Нурсулу Камидуллиевна. «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі»


Әр адамның, тіпті ақыл-есі толыспаған сәбидің де түрлі арман-мақсаттары болады. Арман мен мақсат адам өмірінің басты қозғаушы күші. Адам сол ойына алған арман-мақсаттарына қол жеткізіп жатса, өзін бақытты сезінбек. Өкінішке орай, адамдардың басым көпшілігі мақсат-тілектері орындалмағандықтан, өздерін өмірде жолымыз болмайтын бақытсызбыз деген түсінікпен тірлік кешеді.

Арман-мақсаттың орындалуы үшін не қажет? Ең алдымен, білім, қарым-қабілет, дұрыс бағыт-бағдар, ынта мен құлшыныс керек. Осы аталғандардың бәрінің жиынтығы – адамның үнемі және үзбей өзін-өзі жетілдіруі арқылы келмек. Өзін-өзі жетілдіруге жете көңіл бөлетін адам ойлаған мақсатына міндетті түрде жетеді. Осыған орай, мақсатқа жетудің басты кілті – өзін-өзі жетілдіру десек, жаңылыспаймыз.

Жеке тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі.

Кез келген адам ерікті-еріксіз болсын, өзін-өзі жетілдірумен айналысады. Бойындағы жаман әдеттерден арылу, жақсы әдеттерді қалыптастыру, өзінің кәсіби біліктілігін көтеруге ұмтылу, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасын жақсартуға күш салу – осылардың бәрі де өзін-өзі жетілдірудің элементтері. Дегенмен де, өзін-өзі жетілдіру процесі өле-өлгенше және үздіксіз жүретін, ең бастысы саналы әрекет болуы тиіс. Сонда ғана нақты нәтижеге қол жеткізуге болады.

Өзін-өзі жетілдіру жолы ұзақ және көп тер төгуді қажет етеді. Содан болар, жұрттың көбі оның қиындығынан қорқып, қажет екендігін, маңыздылығын сезіне тұра онымен айналысудан қашқақтайды. Осыған орай, өзін-өзі жетілдіріп, ойына алған мақсаттарының әрдайым биіктерінен көріне білетін жандар өмірде сирек кезедеседі.

Егер сізді күнделікті бірсарынды ішпыстырарлық тірлік, ұдайы үрей мен қорқынышта болу, тапшылық пен қадам басқан сайын кездесетін қиындықтар жалықтырса, өміріңізді өзгертіп, жаныңыз қалаған іспен айналысуға, қаржылық тәуелсіздікке қол жеткізіп, молшылықта, уайымсыз жаймашуақ тірлік кешкіңіз келсе, онда сол мақсатыңызға жетуге мүмкіндік берер – өзін-өзі жетілдірумен айналысыңыз.

Ол үшін сіздің бойыңызда бірсарынды сұрғыл тірліктен жеріну ғана емес, сондай-ақ, өміріңізді жақсы бағытқа қарай өзгертуге деген үлкен құлшыныс сезімі де болуы шарт. Ынта-құлшыныссыз сіздің ойыңызға алған мақсатыңызды жүзеге асыруға қажетті ерік-жігер күші болмайды. Өйткені, өзін-өзі жетілдіру өле-өлгенше созылатын ұзақ және көп тер төгуді қажет ететін ауыр құбылыс.

Өзін-өзі жетілдірудің түрлері.

Өзін-өзі жетілдіру сан қырлы өте күрделі құбылыс. Сондықтан да, егер сіз осы жолға тәуекел етіп түскіңіз келсе, онда сол бағыттардың бәрін болмаса да, негізгі деген біразын кешенді түрде қамтуыңыз қажет.

Өзін-өзі жетілдірудің бір бағыты – адамгершілік жағынан жетілу. Адамның бойындағы қайрымдылық, кішіпейілдік, сабырлылық, төзімділік сияқты ізгі қасиеттердің бәрі оны айналасынадғылармен жақсы қарым-қатынаста болуына жағдай жасап қана қоймай, өмірде жолын ашып, жұмыста, бизнесте, немесе саясатта болсын, биіктерге көтерілуіне игі ықпалын тигізбек. Сондықтан, ізгі қасиеттерді бойыңызға жинап, жаман әдеттерден арылу – өзін-өзі жетілдірудің басты шарттарының бір екеніні естен шығармағаныңыз жөн.

Екінші бағдар – ақыл-ойды жетілдіру. Адам бала кезінде әрнәрсені білуге өте құштар болады және өмір бойы алатын ақпараттарының 90 пайызын 17 жасқа дейін игереді екен. 25 жастан кейін адамның танымға деген ынта-ықыласы азайып, ілім-білім үйренуге деген құлшынысы кемиді. Егер өзін-өзі жетілдіру бағытында ілгері жылжимын десеңіз, ақыл-ойыңызды дамытуға, яғни оқып-үйренуге үнемі көңіл бөлуіңіз шарт.

Үшінші бағдар – тәнді жетілдіру. 35 жастан кейін адам ағзаларының дамуы тоқталып, ескіріп-тозу, яғни қартаю процесі басталады. Әрдайым сергек, күшті сезініп, ауру-сырқаудан аулақ болғыңыз келсе, жұмысты барлық уақытта құлшына істеймін десеңіз, тәніңізді жетілдіруге, яғни салауатты өмір салтын ұстанып, дене жаттығуларымен шұғылдануға жеткілікті көңіл бөлуіңіз керек.

Тағы бір бағдар – бұл кәсіби біліктілікті жетілдіру. Қай салада, қандай іспен айналыспаңыз, табысқа жетудің кілті – кәсіби біліктілікті үнемі көтеруге көңіл бөлу болмақ. Сондықтан кәсіби біліктілігіңізді жетілдіруге уақытыңыз бен ақшаңызды, күш-қуатыңызды ешқашан аямаңыз.

Міне, осы аталған бағыттар бойынша өзіңізді дамытуға үзбей көңіл бөлетін болсаңыз, арман-мақсаттарыңызға жетуге жол ашылатыны даусыз.

Мектептерде бүгінде өзіндік даму деген пән оқытылады, ал интернетте өзін-өзі жетілдіру тақырыбындағы бейне-дыбыстық сабақтар жетіп артылады. Соңғы кезде бұл адамдар үшін аса маңызды тақырыпқа айналды. Десе де, алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің халқы үшін аса маңызды болып табылатын бұл мәселе қазақтар үшін оншалықты үлкен қажеттілік саналмай отырғанға ұқсайды. Өйткені, өзін-өзі жетілдіруге құлшынып, ұмтылып жүргендер аз.

Өзіндік даму адамға не береді?

Бұл сауалға нақты жауап қайтару үшін оны дәлелдеп қызылкеңірдек болудың еш қажеті жоқ. Өзіндік дамумен айналысып және соны кәсіби мамандығына айналдырған бүгінде әлемге танымал американдық Брайан Трейси, германиялық Бодо Шефер, ресейлік Алекс Яновский сияқты жандардың нақты өмірде қол жеткен жетістіктеріне назар аударсақ, бұл сауалға толыққанды жауап сол болады.

Мәселен, американдық Брайан Трейсиді алайық. Кедей отбасында туған, байлық адамдарды қанау арқылы, қылмыстық жолмен келеді деген түсінікті санасына сіңіріп өскен ол өзін-өзі жетілдіру ғылымына ден қойған сәттен бастап өмірі күрт өзгереді. Көп ұзамай тасы өрге домалап, мол байлыққа кенеледі және өзіндік даму ілімін насихаттау арқылы әлемге танылады.

Қазір ол шалқыған бай миллионер. Оның кітаптары ондаған тілге аударылып, миллиондаған дана болып таралуда. Ол әлемнің көп елдеріне арнайы шақырту арқылы барып, кең аудиторияларда лекциялар оқиды және сол үшін күректеп табыс табады. Брайаннан Батыстың миллиардер компанияларының басшылары ақыл-кеңес сұрайды.

Ісі алға баспай, қарызға белшеден батқан Бодо Шефер қиын жағдайдан құтылу үшін өзіндік даму ілімінің сарапшысына барып ақыл-кеңес сұрайды. Сонда әлгі сарапшы: жинаған ақшаңмен қанша уақыт өмір сүре аласың деп сұрапты. «Ау, менің жиған ақшам болса, осылай сізге келіп, ақыл сұрар ма едім» -дейді күйінген Шефер. Бірақ бұл сауалдың мәнін ол кейінірек ұғынады. Тәлімгерден сабақ алған ол көп ұзамай өзіндік даму ілімінің қағидаларын өмірде қолдану арқылы, байлыққа қол жеткізеді. Оның өзіндік даму туралы жазған кітаптары мен бейнесабақтары бүгінде миллиондарды жігерлендіріп, бауқатты болуға құлшындыруда.

АҚШ-қа барып, мейрамханада даяшы болған Алекс Яновский қайыршылықтан өзін-өзі жетілдіру ілімін игеру арқылы құтылып, бүгінде миллинерге айналды. Ол осы кезге дейін өзін-өзі жетілдіру туралы кітаптар мен аудио-видеосабақтарды сатып алуға 1 миллион доллардан астам қаржы жұмсаған екен. Ал оның қайтарымы ондаған, тіпті жүздеген есе асып түскен.

Өзіңді дамыту үшін не қажет?

Үйдің 4 қабырғасы болатыны сияқты, өзіндік дамудың да 4 тірегі болады. Ол: 1-интелектуалдық даму; 2-физикалық даму; 3-психологиялық даму; 4-рухани даму. Осы 4 негізді түгел игерген адам ғана шынайы бақытқа кенеле алады. Өкінішке орай, өзіндік дамумен айналысатындардың көбі 1 немесе 2 негізді ғана қамтып, қалғандарын назардан тыс қалдырып жатады.

Егер сіз интелектуалдық жағынан дамып, дүнияуи ғылымдарды жан-жақты меңгеретін болсаңыз, онда сіздің алдыңыздан кең мүмкіндіктер ашылатыны анық. Мәселен, таяуда әлемдік бір жарыста жүлдегер болған Көкшетау жоғары колледжінде IT технология саласында оқып жүрген жасөспірімді ірі компаниялар үй, қымбат автокөлік алып береміз, жоғары жалақы қоямыз бізге кел деп қолқа салғанын естідік. Осындай аса білікті және білімді маманға қай жерде де сұраныс өте жоғары. Ал білім мен біліктілік интелектуалдық дамудың жемісі екендігі даусыз.

Физикалық жағынан өзін-өзі жетілдірген Шварцнеггер сияқты бұлшық еттері бұлт-бұлт ойнаған, күш-қуаты бойына сыймайтын жігіттер де жерде қалып жатқан жоқ. Дене қуатының арқасында Головкин миллионер болды. Өздерін физикалық жағынан үнемі жетілдіретін ондайлардың денсаулықтары да темірдей мықты болады.

Психологиялық жағынан даму дегеніміз, негізінен ақыл-ойыңызды, сезімдеріңізді бақылап, басқаруды меңгеру деген сөз. Қазақ «ашу – дұшпан, ақыл – дос» дейді. Ашуға ілесіп, сезімге беріліп, түрлі қателіктер жасауға бейім тұратын адамның өмірде қырсықтан көз ашпайтынын көріп жүреміз. Таяуда пәтер ақысын сұрай келген қожайын әйелді ашуға шыдамай пышақтап өлтірген келіншектің соты өтті. Ол ұзақ мерзімге сотталды. Бұндай жайлар өкінішке орай, қай жерден де жиі кездесіп жатады. Ашуы мен сезімін тізгіндеп ұстайтын адам ешқашанда мұндай ақымақтыққа бармайды.

Ал рухани даму деген – бұл бойыңызға имандылық ұялататын діни парыздарды орындау, адамдарға қайыр жасау, дін ілімін меңгеру деген сөз. Мұндай адамдар әдетте, айналасына сыйлы, жүрген ортасына қадірлі болмақ. Үнемі жақсы, сауапты істер істейтіндіктен, олардың жолы болып, тірлікте де ойларына алған мақсаттарына жетіп, бақыт ауылының тұрақты тұрғыны болады.

Мен қазір ІІ курс студентімін. Өз-өзімді ғылыми, танымдық бағытта жетілдіру үшін – әртүрлі конференцияларға, мәдени тұрғыдан дамыту үшін – мәдени шараларға қатысып жүрмін. Сонымен қатар «Ақжол жастар» жастар қанатына мүшемін. Ол жерде де мен өз-өзімді рухани-танымдық тұрғыда шыңдап келемін. Алда әлі де жоғарыда айтылған өзін-өзі жетілдіру бағыттарын басшылыққа ала отырып, осы жолда биік белестерді бағындыруға тырысамын.


ТҮЙІН: Адам жақсы өмір сүру үшін адамға алдымен мынадай қасиеттер қажет: адал еңбек, ар – ұят, ақыл - ой, таза жүрек. Онсыз бұл өмірде тыныштық пен татулық болмас.

Осы жазылған жайлардан байқайтынымыз, бақытты, денсаулығыңыз жақсы болып, айналаңыздағы адамдармен жылы қарым-қатынас жасап, игілікке жеткіңіз келсе, өзіндік дамудың осы төрт бағытын түгел ұстанып, өзіңізді дамытуға ұдайы көңіл бөлгеніңіз жөн.

Яғни, қоғамға бейімделгіш, рухани бай, белсенді тұлға болып қалыптасуымыз керек.















Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Ашимбаев Д.Р. Кто есть кто в Казахстане: Биографическая энциклопедия. Алматы: Credo, 2003.

  2. «Адамның ғазиз жаны» (Ә. Мұқашбеков, Р. Құдіретоллақызы «Өз тағдырыңды өзің қалай өзгертуге болады?». 2009.

  3. Л.Хей. «Өзіңді өзің емде немесе біздің ішкі күшіміз». 2004.

  4. «Өзін – өзі тану» әдістемелік құралдары

  5. «Бастауыш мектеп» ғылыми – әдістемелік журнал«Өзін–өзі тану» тану оқулықтары. 2010

  6. «Өмір әдебі» С.А. Назарбаева




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!