400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ РУХАНИ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне интеграцияны қолдануда және сабақтың тәрбиелік мақсатын ашуға көмегі тиеді. Сонымен қатар сабақта арт-терапия тиімділіг туралы айтылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ ПӘНІНІҢ РУХАНИ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ЕРЕКШЕЛІГІ


ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында: «Біз тұрақтылықты бағалай білгеніміздің арқасында бүгінгі табыстарға жеттік. Ешкімді кемсітпей, ешкімнің тілі мен ділін мансұқтамай, барлық азаматтарға тең мүмкіндік беру арқылы тұрақтылықты нығайтып келеміз. Біздің кейінгі ұрпаққа аманаттар ең басты байлығымыз – Ел бірлігі болуы керек. Осынау жалпыұлттық құндылықты біз әрбір жастың бойына сіңіре білуге тиіспіз» – деп атап көрсеткен еді [1].

Біз бүгін  рухани құндылықты насихаттап, оқытудың түрлі  әдіс-тәсілдерін  меңгеріп, өскелең ұрпақ бойына сіңіруге міндеттіміз. Тәуелсіз елдің тірегі – білімді, тәрбиелі ұрпақ, дейтін болсақ, осының барлығының бастауы – мектепте, сондықтан қазіргі жаһандану заманында мұғалім бәсекелестікке лайық тұлға ғана емес, рухани-адамгершілігі жоғары тұлға тәрбиелеу қажет. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Ұстаз білім беріп қана қоймай, баланың рухани құндылықтарын негізге алуға бағыт беруі қажет. [2].

Рухани байлық-игілік негізі Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Адамгершілік - адам бойындағы ең асыл қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Осы орайда өзін-өзі тану пәнінің балаға адамгершілік-рухани тәрбие берудегі атқарар маңызы өте зор. Өзін-өзі тану пәнінің жүргізілуі барысында оқушыларға рухани - адамгершілік тәрбиесі - өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды үйретеді. Рухани - адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет - дарынының ашыла түсуіне, ақыл - парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет ететінін ұғынады. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа - адамгершілік - рухани тәрбие беру.  Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани - адамгершілік тәрбие - екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады. Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіру ата - ана мен ұстаздардың басты міндеті.  [3].

Бала жаны жаңалыққа құмар, білмегенін білгісі келіп, белгісіз нәрсені ашуға тырысатын болғандықтан, мен олардың осы талпынысын дамытуға көңіл бөлуге тырысамын. Оқушылардың сүйіспеншілігін арттыру мақсатында сабақ барысында тиімді әдіс-тәсілдерді енгізіп, оны ұйымдастыру формасын түрлендіріп отырамын. Өзін-өзі тану сабағы мені сабақта жаңа технологияларды, жаңа әдіс тәсілдерді іздеуге және қолдануға итермелейді. Менің сабағымда қолданатын, сондай әдістердің бірі – Арт- терапия. Арт-терапия – бұл бейнелеу өнерімен емдеу дегенді білдіреді. “Арттерапия”– терминi (art – өнер, artterapy – өнер арқылы терапия жүргiзу). Сонымен адам сурет сала отырып, өзінің ішкі сезімін, көңіл-күйін білдіруге мүмкіндік алады, өзіне жағымсыз жайттарды жеңіл қабылдайды. Арттерапия арқылы тұлға бойындағы қабілетін көрсетіп, шығармашылығын шыңдайды. Ал шығармашылық қабілеттер қиялдың байлығымен, ойлаудың ерекшелігімен, заттарға деген сындарлы көзқараспен жаңа шешім және идеяларды ұсыну мүмкіндігімен, өз білімін, икемділігі мен дағдысын іске асыру барысында өмірлік белсенді ұстаным көрсете білуімен сипатталады. Демек тұлға шығармашылығын дамытуда арттерапиялық әдістемелерді қолдану маңызды. [4]. Балалардың өз сезімдері мен көңілдерін сөзбен жеткізу қиыншылығы жиі кездеседі. Есесіне олар сурет салуды,ән айтуды, билеуді жақсы көреді. Сондықтан бала өзінің ішкі сезімін, көңіл күйін сурет, ән, би арқылы жеткізе алады. Менің сабағым өзін-өзі тану ғана емес,өнер сабағы деп есептеймін. Себебі сабақта театр өнері, бейнелеу өнерін араластыра отырып, музыкаға және әдеби шығармаларға талдау да жасаймыз. Арт-терапия - кез келген оқушының ішкі жан дүниесі мен шығармашылығын көркемдік әдіспен жеткізетін ең жағымды, нәтиже беретін әдістемелік тәсіл деп есептеймін. Бұл тәсілді өзімнің сабақтарымда қолданумен қатар, бейнелеу өнері, еңбекке баулу сабақтары мұғалімдеріне ұсындым. Оқушылардың актерлық шеберліктерін, әншілік өнерін, жалпы шығармашылығын жеткізуге көмегі зор. Меніңше, бұл әдіс-тәсіл еш нәрсеге шектеу қоймайды және кері әсері де болмайды, сондықтан өз тәжірибемде жиі қолданамын!

Сондай-ақ өз тәжірибемде тақырыпқа байланысты өнегелі әңгімелер жинағын, тәрбиелік мәні зор бейнероликтер пайдаланамын. Атадан қалған асыл сөздерді түсіндіре отырып балалардың бойына адамгершілік қасиеттерді сіңіруге тырысамын. Өмірден мысалдар келтіріп, сөзімді дәмді етіп, сабақта оқушыларды үйіріп алатындай өткіземін. «Мен өз шәкірттерімді ешқашан үйреткен емеспін, тек олардың үйренуіне жағдай жасап отырдым» - деп ғұлама ғалым А.Эйнштейн айтқандай, мен оқушыларымның үйренуіне барынша жағдай жасап қана қоймай, рухани адамгершілік тәрбие беруге тырысамын. Оқушыларға сұрақтар қою арқылы дұрыс әрекет құндылығын ашамын. Әрбір оқушының бойында қай қырынан болмасын бір дарындылық байқалады. Сонымен қатар оқушылардың бойында сабақ барысында кешірімшіл болу,жанашырлық, шынайылық тағы да басқа қасиеттерін сіңіруге, қалыптастыруға тырысамын. Сонымен қатар сабақтарымда интеграцияны жиі қолданамын. Интеграциялық үдеріс (от лат. integratio – біріктіру, қалыпқа келтіру) бірін-бірі толықтыратын,  бір-бірімен  байланысты  жеке ұғымдарды біртұтас етіп біріктіру. Барлық пәндерді мәңгілік бүкіл адамзаттық құндылықтар негізінде алуан түрлі құбылыстарды бірлікте қарастыра отырып, тұтастай білім беруде жалпы адамзаттық құндылықтардың негізгі түп қазық болуы, яғни берілетін білім біртұтас, жүйелі болуы көзделеді. Рухани адамгершілік білім беруді мектептің тұтастай педагогикалық үдерісін интеграциялау арқылы жүзеге асыру қажет.  [5]. Сол себепті басқа пән мұғалімдерімен тәжірибелік байланыс жасадым. Сыртқы интеграциядан тыныштық сәтін, дәйек сөз, топпен өлең айту, сабақ соңындағы тыныштық сәтін енгіздім. Дәйек сөз бен топтық әнді де тақырыпқа сай алдым. Мұндай сабақтардың тәрбиелік мәні терең, қорытындылау барысында оқушылар өздерінің алған әсерімен, ойларымен,сүйіспеншіліктерімен бөліседі.

Интеграция сабақтарын басқа пән мұғалімдерімен бөлісу мақсатында семинар өткіздім. Семинар өте қызықты және сәтті өтті. Өйткені семинарда ынтымақтастық атмосферасы қалыптасты. Орындалып жатқан тапсырмалардан жаңа әдіс-тәсілдердің тиімді екенін және оны болашақта өз сабақтарында іске асыратындарына сенімді болды. Семинарға қатысқан мұғалімдер арасынан  өте қызығушылық танытқан бастауыш сынып мұғалімдері қатты қуантты. Әрбір адам күн сияқты, тек оған жарқырауға мүмкіндік беру керек» деп Ұлы Сократ айтқандай, әр оқушының жеке қабілетін анықтап, шығармашылығын арттыру, ұстаз парызы болғандықтан, өзімнің өзін-өзі тану курсынан алған білімім мен іс-тәжірибемді әріптестеріме түсіндіруден еш жалықпадым. Сонымен қатар семинар жүргізу нәтижесінде әріптестеріммен кеңесу, әңгімелесу арқылы көп нәрсеге қол жеткіздім. Берілген сауалнамаға да қызығушылықпен жауап беріп жатты. Семинарға дейінгі берілген сауалнамаларда мұғалімдер жауаптары сенімсіздеу болып, өзін-өзі тану пәнінің басқа пәнмен, әсіресе математикамен қалай ықпалдасуын түсінбейтіндіктерін жазды. Ал кейін тіпті сауалнамадағы құндылықтарға жеке тоқталып, сабақтарды қалай интеграциялау мен қажеттілігі туралы ойларын жазды. Мұғалімдердің осы семинарда құндылықтар мен интеграцияны меңгеруі арқылы білімдерін оқушыларға жеңіл меңгерте алады деген сенімім мол.

Алдағы уақытта осы тәжірибемді жетілдіріп және рухани –адамгершілік пен жалпыадамзаттық құндылықтарды әр сабағымызда ашатыныма сенімдімін. Өзін-өзі тану сабақтары барша балаға мейірімділік пен махаббат сыйлап, олардың жүректерінде болашаққа деген сенімділік пен күш-жігер ұялатары сөзсіз.                                         
Сондықтан Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, рухани деңгейі жоғары, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуіміз керек. Мұғалім оқушыға жаңа әлемнің есігін ашып беріп, рухани дүниесінің қалыптасуына негіз салу керек. Мектеп баланы әлі өзі де білмейтін өмірге дайындауга міндетті. Сондықтан баланы өз бетімен танымдық және жеке тұлғалық дамуға, білім алуға үйрету қажет.



Кульжабекова А.Б.

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

«Қарабалық ауданы әкімдігінің

білім бөлімінің Мұхамеджан Сералин

атындағы орта мектеп» КММ

Қарабалық ауданы

Қостанай облысы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
20 ақпан
384
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі