Материалдар / Өзіңді вирустық аурудан қалай сақтауға болады?
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Өзіңді вирустық аурудан қалай сақтауға болады?

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Қазіргі кезде вирусты анықтау жолында сынақтар жүргізіліп жатыр. Алайда, бұл инфекцияға тосқауыл қоятын вакцина әлі жасалған жоқ. Демек бұл ауру тұмаудан қатерлі болуы мүмкін. 2. ҚОЛ ЖУҒАННЫҢ КӨМЕГІ БАР МА? ГИГИЕНА ВИРУСПЕН КҮРЕСЕ АЛА МА? Қолдың 1 шаршы сантиметрінде шамамен 1500 микроб өмір сүреді екен! Ал қолды сабындап жуғанның шынымен көмегі бар ма? Вирус тірі нәрсе ме? Вирус қалай көбейеді? Сонда бізді не қорғай алады? Көктемде қандай вирустар оянады? Қандай антисептиктердің пайдасы жоқ? Қандай ережені әлі күнге дейін білмей жүрміз?
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2022
442
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сынып: 8

Жалпы сыныпта-29 оқушы; Қатысқандар саны: 26 Қатыспағандар саны: 3

Тәрбие сағаты тақырыбы:

Өзіңді вирустық аурудан қалай сақтауға болады?


Тәрбие сағат мақсаты

Оқушыларға короновирус ауруы жөнінде ақпарат беру және оның алдын алу жолдарымен таныстыру.

Сабақтың барысы


  1. Қазіргі кезде вирусты анықтау жолында сынақтар жүргізіліп жатыр. Алайда, бұл инфекцияға тосқауыл қоятын вакцина әлі жасалған жоқ. Демек бұл ауру тұмаудан қатерлі болуы мүмкін.

  2. ҚОЛ ЖУҒАННЫҢ КӨМЕГІ БАР МА? ГИГИЕНА ВИРУСПЕН КҮРЕСЕ АЛА МА? Қолдың 1 шаршы сантиметрінде шамамен 1500 микроб өмір сүреді екен! Ал қолды сабындап жуғанның шынымен көмегі бар ма? Вирус тірі нәрсе ме? Вирус қалай көбейеді? Сонда бізді не қорғай алады? Көктемде қандай вирустар оянады? Қандай антисептиктердің пайдасы жоқ? Қандай ережені әлі күнге дейін білмей жүрміз?
    Ойға шабуыл ( сұрақтар қойылады) 

1) короновирус деген не? 

Ғалымдар оған короновирус деген анықтама беріп отыр. Бұл латынның (тәж) немесе HALOS (шеңбер) деген сөздерден пайда болған атау.

Өйткені , короновирус микроскоппен қарағанда осы екеуінің қосындысын еске түсіреді. Бұл вирустар тобына адамға тигізетін бірнеше түр кіреді. Олардың бірі тұмауға шалдықтырса, өзгелері жарқанаттар мен түйелерден кездесіп, бүгінгі ғалымдар sars (ауыр әрі өткір респираторлық синдром) деген акрониммен белгілі болып тұр.

Вирус деген не?

Вирустар көзге көрінбейді. Оның мөлшері – орташа бактерияның  жүзден бір бөлігіндей. Негізінде вирустар бүкіл жер жүзіндегі тірі тіршілік иелерінен, соның ішінде бактериялардан әлдеқандай көп. Тұмау вирусының өзінің 2 мыңнан астам түрі бар. Вирус деген тірі нәрсе ме? Бұл жерде ғалымдардың пікірі әртүрлі. Вирустар паразиттік нуклеопротеиндік кешен деп аталады. Қарапайым тілмен айтқанда, бұл баса-көктеп кіріп, жаулап алатын микроорганизмдер. Вирустардың пішімі әртүрлі – шиыршық, көпбұрыш, сфера және т.б. Олардың жасушасы жоқ, олар тағамды энергияға айналдыра алмайды, ал қожайынсыз (ол жаулап алған ағза) химиялық заттардың кішкене ғана бөлігі. Сондықтан, бір жағынан, оны тірі деуге келмейді.

Екінші жағынан, «өлі» деген сөзге де сәйкес емес. Өйткені вирустарда көбейе алатын бірнеше ген бар. Вирустар қалай көбейеді? Вирус ұзақ уақыт тыныш күйде болып, қозғалмай «жата береді». Бірақ кенеттен «шошып оянып» өзіне қолайлы қожайынға кіріп алады. Вирустар барлық организмдерге жұғады – жануарлар мен өсімдіктерден бастап, ядросыз бір клеткалы микроорганизмдерге дейін.

Латыннан  аударғанда вирус «у» сөзін бекер білдірмесе керек. Вирус тірі ағзаға немесе бактерияға еніп алып, бұл паразиттер жасушаның органоидына (рибосомалар) вирустық ақуыздарды күштеп синтездей бастайды. Содан вирустың бірнеше көшірмесі жиналады. Яғни, бұл тура принтердің жұмысына ұқсайды. Қолайлы кеңістікке кіріп алған вирус өзін белсенді түрде көбейтіп, жаңа аумақтарды басып алады. Бізді не қорғай алады? Тек иммундық жүйе. Ол молекулалардан. жасушалардан, тіндерден және ағзалардан құралған. Иммундық жүйенің негізгі жасушаларын лейкоцит (қандағы ақ түйіршік) деп атайды.



2) 2019 жылы коронавирустың өршуі қалай басталды?

Аурыдың өршуі алғаш Қытайдың Ухань қаласы, Хубэй провинциясында пайда болды. Оны алғашқы болып жұқтырғандардың көбі теңіз өнімдерін сататын базарға барған немесе сонда жұмыс істеген. Бұл осы өршудің жануарлар коронавирус нұсқасы ретінде басталғанын көрсетеді. Содан бері вирус Қытайдың басқа бөліктерінде, Азия мен АҚШ-тың кейбір  елдеріндегі адамдардан табылды. Мамандар әуелі бұл аурудың жануардан адамға берілетіні ғана мәлімдесе, қазір оның адамнан адамға жұғатынын мойындауға мәжбүр.

3) Короновирус басталғанда адамның қай жері ауырады? 

Бұл вирустың белгілері пневмония белгілеріне өте ұқсас. Пневмония сияқты коронавирус та ауыр ауруды тудыруы мүмкін.  

Пневмония сияқты, коронавирустың ең маңызды белгілері:

* қызба және жөтел

Тағы да басқа мынандай белгілер тудыруы мүмкін:

* ентігу

* тамақтың ауруы

* мұрынның бітелуі

*  бұлшықет ауырсынуы

* бас ауруы

* нашар көңіл-күй


Короновирус қалай жұғады?

Короновирус жөтелгенде, түшкіргенде, осы инфекцияға шалдыққандарды ұстағанда жұғады. Адамнан адамға жақын байланыста болғанда, тыныс алу жолымен берілед

Мұғалім сөзі: Сонымен, біз короновирус ауруы туралы білгенімізді, білетінімізді ортаға салдық. Енді осы аурудан өзімізді қалай қорғап қаламыз? Осы төңірегінде ой қозғасақ.

  1. Ауруға шалдыққан адамдармен қарым-қатынаста болмау

  2. Қолды сабынмен жиі және мұқият жуу керк

  3. Жабайы жануарларға жақындамау

  4. Мұрынның бітелуі мен жөтел кезінде майлық пайдалану




 

Негізгі ереже – саусақтар мен оның арасына жақсылап жағып, бүкіл қолды 30 секунд бойы мұқият тазалау. Антисептик таңдағанда назар аударыңыз:

• Триклозан бактериялармен ғана күреседі. Тұрақты қолданғанда бактериялар триклозанға төзімділігін күшейтіп, сондықтан ол тиімсіз болып қалады.

• Парабендердің нейротоксикалық әсері бар. Ол теріні тітіркендіреді. Этил парабенімен, метил парабенімен, пропил парабенімен және пилил парабенімен көп қолданбаған жөн.

• Хош иістер жағымдылыққа бола қолданылады. Бірақ одан аллергия болуы мүмкін. Сондықтан иіссіз антисептикті таңдаған дұрыс. Тағы қандай ереже сақтау керек?

 • Жөтелгенде және түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды көлегейлеп жабыңыз. Майлықты қақпағы бар қоқыс контейнеріне лақтырыңыз да, қолыңызды спирті бар антисептикпен сүртіңіз немесе сабындап жуыңыз.

• Жуылмаған қолды бетіңізге, көзіңізге тигізбеңіз.

• Шашты жалбыратпай, жинап жүріңіз. Адам көп жерлерде жайылған шашыңыз біреудің бетіне тиіп, тағы заттарға тиіп, вирус жұқтыру қаупін арттырады.

• Жөтелген, түшкірген адамдардан кемінде 1 метр қашықтықта болыңыз. Сөйлесуді, сүйісуді, құшақтасуды, қол беріп амандасуды шектеңіз.  Бөлмені жиі желдетіңіз

. • Есік тұтқаларын, кіреберістегі баспалдақ ернеуін, қоғамдық орындарда тұтқалар мен т.б. заттарды ұстамауға тырысыңыз. Үйге келе сала, қолды жақсылап сабындап жуыңыз. Аурудың таралуы кезінде шикі немесе ысытылмаған тағамды жемеңіз, Әсіресе жақсылап қайнатылмаған мал етін.

• Дене қызуы көтеріліп, жөтел немесе тыныс алу қиындаса, мүмкіндігінше тезірек медициналық көмекке жүгініңіз. 

Короновирус ауруы туралы Не білдік? Не үйрендік?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады

Ресурстар



Мәліметтер, слайд , Видеобейнелер,


оқушылардың өздері түсірген бейнероликтері



http://1.poliklinika72.ru/files/p1/Documents/news/doktor-s-vami/kor/file_afaf3404a9f4326ca698ea5947879956.pdf




https://youtu.be/Z2Tb5HOlkpA


Қорытынды.

Сынып сағатымызды бір өлең шумақтарымен аяқтаймыз.



ҮЙДЕ БОЛ...

Жазатайым жығылғысы келер дейсің орға кім?

Сезінбесең секем алмай сыртқы жауды, сорладың.

Қабырғаң дүр болғанымен, қоғамың бір – бауырым,

Үйден шықпа, елді сақта!

Үй қазіргі – ҚОРҒАНЫҢ!


Кембағал да кешіп жатыр, байбалам сап бай да мұң,

Еуропа, Азия да таппай бірін айланың.

Өзіңе де, өзгеге де көмегің сол – бауырым,

Үйден шықпа, елді сақта!

Үй қазіргі – ЖАЙЛАУЫҢ!


Қабыл ал да риза бол, Жаратқанның сынағын,

Елге түскен өтер бастан сәл шыдасаң, мына күн!

Ошақ бөлек болғанымен, Отан ортақ – бауырлар,

Үйден шықпа, елді сақта!

Үй қазіргі – ЖҰМАҒЫҢ! 

Авторы Асқар Дүйсенбі






«О.Бөкей атындағы № 44 лицейі» КММ



Сынып сағаты

Өзіңді вирустық аурудан қалай сақтауға болады?






Сынып жетекшісі: Шуленова Қ.Б.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!