Материалдар / Озық педагогикалық тәжірибе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Озық педагогикалық тәжірибе

Материал туралы қысқаша түсінік
Сауат ашу дағдысы негізінде оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамытуға баса назар аударылып, тіл білімі саласының күрделі кезеңдеріне алғашқы баспалдақ ретінде қарастыру тақырып аясының бүгінгі таңдағы кезек күттірмес әдістемелік міндет ретінде дараланып отыр. Бұл кітапша қазақ тілі біліміндегі фонетика тарауының ішіндегі қазіргі уақытта белең алып кеткен кемшілігіміз - н, ң үнді дауыссыз дыбыстарының айтылуы мен жазылуында қиындық келтіретін мәселені қамтиды. Н мен Ң үнді дауыссыздарына байланысты барынша қысқартылып жазылған кітапшада сондай-ақ осы мәселеге қатысты материалдар жинақталып берілген және үйренушіге түсінікті етіп алынған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2021
1280
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«қазақ тілі мен әдебиет» пәнінің мұғалімі Адырбаева Гулим Айткожановна



АЛҒЫ СӨЗ


Ана тілін қадірлеу оның байлығы, қасиетін сақтау, тіл тазалығы үшін күрес – адамзаттың борышы.

Тіл тазалығы үшін күрес – бүкіл халықтық күрес. Қазіргі оқушыларды тіл мәдениетіне баулу, сөз өнеріне үйрету, тілін байыту – мектепте, әсіресе, тіл мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.

Сауат ашу мәселесі тіл білімінің және әдістеме ғылымының маңызды нысандарының бірі. Қазіргі тілтанудағы сауат ашу мәселесі туралы сөз қозғағанда нені басты назарда ұстауымыз қажет деген заңды сауал туындайды. Соңғы жылдары сауат ашу мәселесіне орай ғалымдардың зерттеу жұмыстары жаңа сапаларға ие болып отыр. Оқушылардың сауат ашу үрдісі шеңберінде білім, білік, зейін, дағды сынды қабілеттерін дамытуға тың екпіндер түсіріліп отыр. Әдістемелік құралда сауат ашу кезеңінің оқушылардың орфография, орфоэпия заңдылықтарын, дыбыс үндестігінің ерекшеліктерін меңгертуді жаңа технология негізінде іске асыру зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды.

Сауат ашу дағдысы негізінде оқушылардың ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамытуға баса назар аударылып, тіл білімі саласының күрделі кезеңдеріне алғашқы баспалдақ ретінде қарастыру тақырып аясының бүгінгі таңдағы кезек күттірмес әдістемелік міндет ретінде дараланып отыр.

Бұл кітапша қазақ тілі біліміндегі фонетика тарауының ішіндегі қазіргі уақытта белең алып кеткен кемшілігіміз - н, ң үнді дауыссыз дыбыстарының айтылуы мен жазылуында қиындық келтіретін мәселені қамтиды. Н мен Ң үнді дауыссыздарына байланысты барынша қысқартылып жазылған кітапшада сондай-ақ осы мәселеге қатысты материалдар жинақталып берілген және үйренушіге түсінікті етіп алынған.

Сауат ашу әдістемесі тілдің жазба түрі мен ауызша түрінің арасындағы айырмашылықтар мен күрделі байланыстарды бірдей ескерген жағдайда ғана нәтижелі болмақ. Тілдің орфографиясы мен орфоэпиясына қатысты алуан түрлі мәселерді оқып меңгеру – ең алдымен тілдің дыбыстық жүйесін, ондағы жеке дыбыстардың табиғаты мен фонетикалық заңдарын жете білуді қажет етеді.

Бұл кітапша н мен ң үнді дауыссыз дыбысының емлесінен қиындық көріп жүргендерге көмекші құрал ретінде ұсынылады.

І. ТІЛ ДАМЫТУ

DrawObject1

СӨЗЖАСАМ ТАҚЫРЫБЫН ОҚЫТУҒА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАТТЫҒУЛАР


Төмендегі өлең шумақтарын оқып,түсінгеніңді өз сөзіңмен әңгімелеп бер. Өлеңнің 3-ші шумағын оқып, ң дауыссыз дыбысы бар жуан буынды сөздерді бір, бөлек, жіңішке буынды сөздерді бір бөлек, теріп жаз, оларға дыбыстық талдау жаса.

Мәңгүрттіктің біріншісі – ана тілін сыйламау,

Екіншісі – ана тілін басқа тілмен шұбарлау.

Үшіншісі - біле тұра өз тіліңді, қарағым,

Жалқаулық әрі немқұрайлылықпен

Н мен Ң - ды ажырата алмау.


Бала тұрмақ үлкендер де

Ажырата алмай арасын

«Ң»-ды «н» деп міңгірлейді,

Еріксіз таң қаласың…

..

Қазақ бола тұрып өзің

Парқын білмей тіліңнің.

Сауатсыздық, тіл шұбарлау,

Белең алып барады.


Дұрыс айта білмеу «ң»-ды,

Ұят болады, қарағым.

Үйреніп алсаң төл дыбысты,

Азаматқа жарадың!


Білмей жүрсең - өзіңе мін,

Ата - анаңа, ұстазға.

Қиындықты жеңе біл, сен

Бізді ұятқа қалдырма.

ҮНДІ ДЫБЫСТАРДЫҢ ФОНЕТИКАЛЫҚ ТАБИҒАТЫ


Фонетика –тіл дыбыстары туралы ғылым, оның негізгі объектісі – тіл дыбыстары.

Тіл дыбыстарының пайда болуы да, жасалуы да табиғатта ,өмірде кездесетін дыбыстардың жасалуымен ұқсас.

Сауат ашу барысында оқу мен жазу үрдісінің психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеру қажеттілігі орын алады. Адамның психикасы ақыл, сезім және ерік қызметтерінің түрліше формаларынан көрініс табатындықтан, оны психофизиологиялық үрдіс деп атайды. Дүниетануға қажет ақыл – ой қызметі үшін түйсік пен қабылдау, ес пен ойлау, сезім мен қиял, зейін мен еріктің үлкен мәні бар. баланың психикалық даму дегеніміз не? Баланың қуануы, шаттануы, қиялдануы, ренжуі, ашулануы, жылауы, сөйлеуі – осылардың барлығы баланың әлеуметтік өмір тіршілігіне байланысты ішкі дүниесін, психикасын сипаттайды. Баланың нәзік, өскелең табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік, естілік тағы басқа сол сынды қасиеттер оның өскен ортасындағы тәлім мен тәрбие негізінде және қайшылықтарды жеңу арқылы қаыптасары белгілі, өйткені психикалық дамудың өзі баланың ұмытылуы мен оған жету жолындағы мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылықтардың салдарынан туындайды.

Тіл дыбыстары да өкпеден шыққан ауаның дыбыстау мүшелеріне қақтығысуынан, соқтығысуынан, дыбыстау мүшелерінің вибрациялық қимылының нәтижесінде пайда болады. Тіл дыбыстау мүшелері арқылы жасалады. Оларға өкпе дауыс шымылдығы (желбезек), таңдай, тіл, тіс, ерін, т.б. мүшелер жатады. Оларды күрделі үш топқа бөлеміз: тыныс мүшелері, тамақ қуысы, ауыз қуысы.

Тамақ қуысы, ауыз қуысы, мұрын қуысы дегендер бір сөзбен қуыс мүшелері деп аталады. Тамақ қуысы ауыз қуысының арт жағында орналасқан. Мұның екі түрлі қызметі бар. Мәселен, дауыссыз дыбыстарды айтқанда, тамақ қуысы таралып, дыбысқа салдыр қосады, ал дауыстыларды айтқанда әуен, тембр жасауға көмектеседі.

Ауыз қуысында тіл, таңдай, тіс, қызыл иек, ерін сияқты мүшелер бар. Н, Ң дыбыстары ауыз қуысында жасалады. Алайда ауа мұрын қуысы арқылы өтетіндіктен, олар мұрын жолды деп аталады. Дыбыстардың жасалуына ұйтқы болып тұратын мүше – тіл. Дыбыстарды жасауда тіл арты, ортасы, ұшы өзгеріп тұруына байланысты дыбыстарды сол мүшенің атымен тіл арты, тіл ортасы, тіл ұшы дыбыстары деп топтастырамыз.

Қазіргі қазақ тілінде 25 дауыссыз дыбыс бар болса, солардың ішінде айтылуы мен жазылуында бірден-бір қиындық туғызатын Н мен Ң дауыссыз дыбыстары.

Н мен Ң салдырдан үні басым дыбыстардың қатарына жатады., сондықтан бұларды үнді деп атаймыз.

Дауыссыздардың жасалу орнына қарай Н тіл ұшы дауыссыздарына (альвеоляр), ал Ң тіл арты дауыссыздарына (веоляр) жатады.


«Н» ДЫБЫСЫНЫҢ АРТЕКУЛЯЦИЯСЫ


Н үнді дауыссыз дыбысын айтқанда тілдің алды (ұшы) күрек тіске (не қызыл иекке) нық тиіп, тез ажырауынан жасалады.

  • Н үнді дауыссыз дыбысы барлық буындарда қалай естілсе солай

жазылады.

  • Н дыбысы сөздің басында келеді. Мысалы: нан, наубайхана, нөсер, нар, намыс,нысана,найза,нұр,нақыш,назар,найман,т.б.


  • Н дыбысы сөздің ортасында келеді.Мысалы :наным, реніш, әнші, сандық қанат,тыныс,жауынгер,інген,қуаныш,зиянды,иманды т.б.

  • Н дыбысы сөздің соңында келеді. Мысалы: зейін, ән, жауын, қауын, алтын,ұлан,қыран,өзен,тоқсан,сексен,арзан,түн т.

Ң үнді дауыссыз дыбысын айтқанда тілдің арт жағы жұмсақ тандаймен жымдасады да,тез ажырайды,ауа мұрын жол арқылы шығады.


«Ң» ДЫБЫСЫНЫҢ АРТЕКУЛЯЦИЯСЫ

  • Ң әрпі сөздің басында еш уақытта жазылмайды.


  • Ң дауыссыз дыбысы сөздің ортасында келеді. Мысалы:

аңыз, аңшы, доңыз, саңырауқұлақ, т.б.


  • Ң дауыссызы сөздің соңында да келеді. Мысалы: аң,таң, шың,қалың,қайың т.б.


  • Ң әрпінің жазылуында да, айтылуында да қиындық бар. Жеке сөздердің соңындағы Ң дыбысы естілуі бойынша ғана жазылады. Ал қалған жағдайда жіктік жалғауының, тәуелдік жалғауының ІІ жағынан кейін келеді. Мәселен, сен оқушысың, сен дәрігерсің, сендер жас ұрпақсыңдар, сенің дәптерің, сенің дәрігерің т.б.


  • Сондай-ақ, ілік септігінің жалғаулары Ң дыбысына аяқталады. Мысалы: сенің үйлерің, ағаларың, әкелерің т.б.


1-жаттығу.


  • Керекті сөздерді мағыналарына қарай тиістісін қойып жазыңдар

  • н дауыссыздың астын екі сызықпен, ң дауыссыздың астын бір

сызықпен сыз.

  • Сөздердегі н мен ң дауыссыз дыбысына көңіл аудар.


Өзендерде
....... жүре бастады. ....... кітапханадан келдің бе? ...... қалаға барып келдім. Айжанның дәл маңдайында қап-қара, әдемі ...... болатын. Таудың ұшар басы ..... деп аталады. Менің айтып отырғаным өтірік емес, ..... деймін. Қазақстан жері .... байтақ ел емес пе?Ол – алтын өндіретін .... орны. Балам, ..... жаққа қарай жүрсең, іздеген үйіңді табасың. Әкем қаладан ...... түп алма ағашын әкелді.


Керекті сөздер: он,оң,кен,кең,мен,мең,сен,сең,шын,шың


2-жаттығу

  • Мына өлеңнің ішіндегі н дауыссызы бар сөздерді бір бөлек, ң дауыссызы бар сөздерді бір бөлек көшіріп жазып, жазылуын есіңе сақта.

  • Өлеңді оқып,нені түсіндіңіз,өз сөзіңізбен әңгімелеңіз.



АТА ТОЛҒАУ


Ей, ұланым үмітім!

Ер-тұрманың сайлаулы,

Алдаспаның қайраулы.

Байшұбарың байлаулы.

Ержеттім де он үште

Ұмтылып өс жеңіске.

Кертартпамен келіспе

Безбүйрекке беріспе.

Аярлыққа алданба

Жарамасаққа жалданба

Қараулықты қолданба.

Жау іздеме жалғанда.

Иілгенге иілгін

Шүйілгенге шүйілгін.

Ақсауытты киінген

Қорған болғын қазаққа

Опа болсын сөзіңде

Қасиеттен безінбе

Қалыптасқын төзімге

Құлақ түрме сыбырға

Сүрінсең де жығылма.

Жүнбастарша тығылма,

Туың тұрсын тұғырда.

Шашып алма барыңды

Арзандатпа арыңды

Аялағын аруды

Бағалағын дарынды.

Жөн көрсетпе туысқа,

Мөлдірлікпен тыныста.

Тізгініңді нық ұста.

Қорған болғын қазаққа!

Мақтануды малданба.

Қанат бітсін арманға

Бақытыңнан көз жазбай

Бағыт түзе таңдарға

Шалқаймағын шаттықта,

Шалағайлап аптықпа

Майыспағын жоқтыққа

Масаймағын тоқтыққа,

Таптатпағын гүліңді

Жоқтатпағын тіліңді

Ластамағын үйіңді

Тастамағын күйіңді.

Ұрпақ үшін жи малды

Үркітпегін иманды.

Намысыңның жолына

Қажет болса қи жанды

Қорған болғын қазаққа!

Аумин! ( Батық Мәжитұлы)

3-жаттығу

Асты сызылған сөздерді сөз табына талда,жасалу жолдарын айт.

Н үнді дауыссызының емлесіне көңіл аудар.

Бүгін мектепте жиналыс болады. Дауысың анық шығатын болсын. Сен бұрынғы айтқаныңды қайталай бермесеңші.Мен мектептен әлдеқашан келгенмін.Үйдің бөлмелері кең әрі жарық. Арзан киім сатып алсаң, көп кимейсің ғой. Ол өзі сәнқой бала.Қалың орман қар жамылған.Біздің үйде он шақты қой бар. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні болады. Сексенде шал боларсың селкілдеген. Мен, мен, мен едім, Мен Нарында жүргенде еңіреп жүрген ер едім.


4-жаттығу

Өлеңді оқып, көп нүктенің орнына тиістісін қойып көшіріңдер.


Діни кітап – құра,

Шағатын улы - жыла

Ең суық ай – ақпа

Суығына қарамай

Қасқыр менен түлкіге

Атам құрды қақпа

Қақпан құрған жерде

Аюдың мекені –

Бар екен үлкен апа


Астық тазалайтын орынды

Дейді білсең қырма

Шетелден келген қандасты

Дейді бәрі оралма


Көбіміз тіпті білмейміз,

Мынау тұрған кө...ек.

Иленбеген жас теріден,

Жасалатын шелек.


Көлге барып біз кеше

Ұстадық үлкен шорта...

Орталық мұражайдан

Көрдік біз қалқа...

Балаларға ұнапты

Әжем берген талқа...


Болушы еді бұрын

Сыңсып тұрған орма...

Дүлей желден, суықтан,

Тоңдырмайтын қорға...

Қазір бәрі бұл күнде,

Болып қалды арма


Есте сақта,жасұла...

Елтаңбада бар қыра...

Біздің мына орманнан

Кездестірдік біз бұла...


Қар қалың жауғаннан

Болады тауда көшкі...

Білгенің жақсы өзіңе

Ат жабуы - өпші...


Әкем қа

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!