400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Пәнаралық интеграцияда оқушылардың пәндік және жеке құзыреттіліктерін қалыптастырудағы аспектілер

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақалада қазіргі таңда барлық білім беру мекемелерінің білім алушылары мен педагогтерінің алдында өзекті болып отырған мәселе – бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы, жаһандану заманында өзіндік «МЕН-дігі» мен дағдыларын қалыптастырудағы пәндік, пәнаралық интергацияның өзектілігі, оны жетілдірудегі педагогикалық және психологиялық аспектілер мәселелері қарастырылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәнаралық интеграцияда оқушылардың пәндік және жеке құзыреттіліктерін қалыптастырудағы аспектілер


Аюпова Назым Алиятовна «Өрлеу» БАҰО» АҚФ ББЖ ҚБАРИ «Инновациялық білім беру және ақпараттық технологиялар» кафедрасының аға оқытушысы, бастауыш сынып пәндері бойынша ЖББМ тренері


Аңдатпа: бұл мақалада қазіргі таңда барлық білім беру мекемелерінің білім алушылары мен педагогтерінің алдында өзекті болып отырған мәселе – бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастырудағы, жаһандану заманында өзіндік «МЕН-дігі» мен дағдыларын қалыптастырудағы пәндік, пәнаралық интергацияның өзектілігі, оны жетілдірудегі педагогикалық және психологиялық аспектілер мәселелері қарастырылады.

Кілт сөздер: интеграция, аксиология, эпистемиялық субъект, когнитивті психология, ассимиляция, аффективтік теория


Интеграция (лат. Integration - қалпына келтіру, толықтыру, integer – тұтас, бүтін) біріктіру, кіріктіру, ықпалдастыру деген мағынаны білдіреді. [1] Интеграция, пәндік интеграцияға негіздемес бұрын оқу мен оқытудың аксиологиясын негіздеп алу қажет етіледі. Оқыту дегеніміз не? Оқытудағы тиімділік пен табыстылық деген не? Оқытуды ұйымдастырудағы тиімділік пен табыстылық «қалай істейміз?» деген сұрақты алға тартады, тіпті оқытуды басқару мен көшбасшылықтағы маңызды сұрақтың бірі «қалай?» оқытамыз дегенге басымдылық беріледі. Сондықтан оқытуды ұйымдастыруда тек көзге көрінетін оқытумен шектелмей, көзге көрінбейтін факторларды алға жетелеу өте маңызды.


Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Көзге көрінбейтін оқыту (эмпатия)

Көзге көрінетін оқыту (симпатия)


Айсбергтың көрінетін мұз – көзге көрініп, ол жердегі кездесіп қалатын «соқтығысудың, апаттың» алдын алуға болады, ал айсергтың түбіндегі мұзға соғылу «апаттан» аман қалу екіталай. Сондықтан көзге көрінбейтін оқушының оқуын зерделеп алмай оқытуды ұйымдастыруда табыстылыққа жету мүмкін емес. Ол үшін «Оқу» ұғымының мазмұнын ашып қарасақ, зерттеу жұмыстарына жүргізілген талдау оқу нәтижелерінің бес түрін анықтауға мүмкіндік берді:

1. Оқу білімнің сандық ұлғаюы ретінде. Оның нәтижесі алынған ақпарат болып табылады (негізгі міндет – «көп білу»).

2. Оқу есте сақтау ретінде. Нәтиже – қайта өндіруге болатын есте сақталған көлемді ақпарат.

3. Оқу ақпарат жинақтау ретінде. Нәтиже – есте сақталып, қажет болған жағдайда қолдануға да болатын дерек, дағды және әдістердің айтарлықтай мөлшердегі жиынтығы.

4. Оқу мағынаны ұғыну және оның мәнін анықтау ретінде. Бұның нәтижесі – оқушының пәннің құраушы бөліктері мен шынайы өмір арасындағы өзара байланыстарды анықтай алуы.

5. Оқу шынайылықты өзгеше түсіну және түсіндіру тәсілі ретінде. Нәтижесі –әлемді өзгеше қырынан қарастыру арқылы танып-білу.

4 және 5-тұжырымдамалар анағұрлым күрделі, жаңа түсіндірмелерге негізделген және бұл ретте оқу деген ұғымның аясы оқушының ақпаратты қабылдау мен сақтауынан әлдеқайда кең. Бұл тұжырымдамалар оқудың «ішкі» немесе жеке тұлғалық аспектісіне бағдарланған. Оқу оқушының шынайы өмірді түсінуіне көмек беретін құбылыс ретінде қарастырылады. Соңғы жылдардағы зерттеулерде оқу адамның білім алудағы нақты мүмкіндіктерін пайдалану сипатын қалыптастыратын жиынтық, яғни бастан кешкен тәжірибе, әлеуметтік қарым-қатынастар, құндылықтар, амал-тәсілдер мен ұстанымдарының кешенді үйлесімі ретінде анықталған. [2] Яғни осы тұжырымдардан кейін пәндік және пәнаралық интеграцияда оқушының құзіреттілігін арттыруда педагогтің ролі қандай болмақ деген сұрақ туындайды? Педагог тек қана болмысында ғана емес бір сабақ жоспарын құрастыруда да құзыретті болу тиіс. Құзіреттілікті формуламен шығарсақ:

педагогикалық аспект + психологиялық аспект = құзыреттілік

Осы формуладан педагогтың құзыреттілі арқылы ұйымдастырлыған, жоспарланған әрбір сабақ нәтижесінде білім алушылардың тақырыпта айтылған құзыреттіліктерін арттыруға қол жеткізе аламыз. Сондықтан ең алдымен осы аспектілерге тоқталсақ.

Когнитивті психологтар (Жан Пиаже) белгілі бір материалды қабылдауға қатысты адамдардың санасында болып жатқан үдеріс мәселелерін зерттейді. Танымдық үдерістерді (есте сақтау, қабылдау), зиятты және даму кезеңдерін анықтау. Зерттеуші Жан Пиаже ортаның әсерін мойындап, ішкі танымдық құрылымдағы өзгерістерді зерттеді. Ол психикалық дамудың төрт сатысын (сенсорлы-моторлық, оперативтінің алдындағы, оперативті және оперативтіден кейінгі) айқындады.

Жан Пиаженің зияттың даму тұжырымдамасында ассимиляция бар дағдыларды жаңа жағдаятқа бейімдей алу қабілеті деп түсіндіріледі. Көптік зият (зияттың қырлары) теориясы / Теория множественного интеллекта / Theory of multiple intelligences - 1983 жылы Говард Гарднер ұсынған және зиятты әртүрлі нақты жағдайларда қарастыратын, бір нәрсе жасауда жалғыз жалпы қабілеттілік болады дегенді жоққа шығаратын теория. Гарднердің айтуынша, зият «нәрсе» емес, ол субъектінің басында орналасқан белгілі бір құрылғы, оның әлеуеті индивидке мәнмәтінге нақты сәйкес келетін ойлау түрлерін пайдалануға мүмкіндік береді. Гарднер зияттың бір бірімен байланыспайтын, әрқайсысы жеке жүйе (немесе модуль) сияқты және өз ережелері бойынша жұмыс істейтін алты түрін анықтаған. Олар:

а) лингвистикалық;

ә) логика-математикалық;

б) кеңістіктік;

в) музыкалық;

г) дене-кинетикалық;

ғ) жеке тұлғалық.

Түйіндеме. Білім берумен тығыз байланысты салаларда танымдық нейроғылым қарқынды дамуда. Алайда, қазіргі заманғы ғылым мен оны сабақта тікелей қолдану арасында іргесі ажыраған «құз-шыңырау» бар. Көптеген ғалымдар бұл аралықтағы бос кеңістікті жою әлі ерте деп дау тудыруы мүмкін. Бұған қарамастан Кембридж университетінің Госвами және Саймонс сияқты зерттеушілері «құз жиектерін жалғастыратын көпір тұрғызу» үшін әрекет етуде.

Аффекттік теориялар бойынша зерттеген психологтар: Авраам Маслоу (Қажеттіліктер иерархиясы), Карл Роджерс («Мен» тұжырымдамасы) т.б. болды. Аффекттік фактор / Аффективный фактор / Affective (лат. affectus – жан толқуы) – адамның өмірі мен қызметіне әсер ететін, жоғары эмоционалдылықпен, терең күйзеліспен сипатталатын, күшті, айқын пайда болатын және қызуқанды өтетін психикалық жағдаймен байланысты фактор.

Аффекттік теория / Аффективная теория / Affective theory – педагогика мен психология саласындағы теория, ол жай ғана қабылдау, қызығушылық білдіру, қам жеуден бастап құндылықтар бағдарын игеру мен олардың қызметте көрініс табуы сияқты қоршаған орта құбылыстарына эмоционалдық-адами қарым-қатынас қалыптастыруға негізделеді. Бұл тәсілде өсу үшін адам әлеуетіне ерекше назар аударылады. Өзіне деген қарым-қатынас – «гуманистік психологияның негізгі белгісі» (Tennent, 1977). Мұндай әдіс оқу мен рационализм объектілері ретінде адамға деген қарым-қатынаста теріс көзқарасқа әкеліп соқты және эмоционалдды әрі субъектівті әлем жеке бостандықты, таңдауды, ынталандыруды және сезімдерді қамтитынын растады.

Оқытудағы әлеуметтік-жағдаяттық тәсіл – оқушылар әлемді түсінуі үшін құрылымдар мен модельдерді игеріп қана қоймай, өз құрылымы бар ортаға қатысады. Оқу сан алуан тәжірибелік қызметке қатысуды қамтиды. Зерттеуші Альберт Бандура өзара әрекеттестікті және танымдық үдерісті зерттеді: субъектілерге басқалардың мінез-құлқының салдарын көруге, әртүрлі мінез-құлықтың салдары туралы белгілі түсінік алуға мүмкіндік бетерін тәсілдің бірі – бақылау. Әлеуметтік-мәдени теориядағы зерттеуші Л.Выготский (Жада) жақын арадағы даму аймағы бойынша оқушының өз бетінше шешкен міндеттердің көмегімен анықталған өзекті даму деңгейі мен үлкендердің басшылығымен және анағұрлым қабілетті жолдастарымен бірігіп шешілген міндеттер арқылы анықталатын болжамды даму деңгейі арасындағы қашықтық. [2]

Қазіргі заманғы педагогикадағы алға қойған негізгі міндеттердің бірі – оқушының қабылдауында әрбір пәннен алған негізгі білімдерін тұтас бір әлемдік бейне тұрғысынан қабылдауға, өскелең ұрпаққа табиғат туралы, қоғам мен ондағы өзінің орны туралы түсінік беру. Орта мектепте пәндерді байланыстыра оқыту арқылы түлектерге келешектегі алатын мамандығына қарамастан жан-жақты білім беруге болады. Ол үшін мектепте оқытылатын пәндерді өзара сабақтастыра білу қажет. Педагогикада оқушыларға бұл үшін оқушыға әдетте үш түрлі талап қойылады:

мұғалімнің бағыт-бағдар беруімен ұсынылған тапсырмаларды оқушының ізденімдік көзқараспен оқып –үйрене білуі;

қарапайым зерттеушілік жұмыс түрлерін орындай алуы;

тұтас әдеби контекске енгізілген шығармалардың байланысын ажырата білуі.

Пәндерді интеграциялау жүйелі тәсілді пайдалануды қажет ететін, оқушының ойын дамытуды жетілдіруге бағытталған пәндік іс-әрекетті ұйымдастыру болып табылатындықтан интеграцияланған сабақта қойылған мәселені бөліктерге бөліп алу негізгі рөл атқарады. Ұсынылған тапсырмалар жүйелі, өмірден алынған, әлеуметтік мәні бар мәселе болуы тиіс. Оқушы өзі үшін өте маңызды болып есептелетін мәселені шешу үшін барын салып кіріседі, мұғалім оған бағыт-бағдар береді. Интеграция пәнішілік және пәнаралық байланыс деңгейінде қолданылып келеді. Мектептегі мазмұны немесе түрі жағынан бір-біріне ұқсас пәндерді біріктіру ғана емес, бұл бір тақырыпты оқыту барысында әр түрлі пәндерді тұтас бір блокты біртұтас ортақ бір жалпы тәсілге біріктіру мағынасында да қолданылады. [3]

География пәнен бір мысал келтіретін болсақ: 9.1.1.1 География ғылымының дамуына үлес қосқан қазақстандықтардың зерттеулері туралы баяндайды. (Ш.Уалиханов зерттеулерін ерекшеліктерін картада баяндайды) оқу және сабақ мақсатындағы пәнаралық байланыста Өлкетану, Қазақстан тарихы сабақтасады. Мұғалім шеберлігіне сай пәндік интеграция сабақ барысындағы тапысырмада орын алады:

- 1-топ «саяхатшылар» ретінде Жигсо бойынша топтардан ақпарат алмасады;

- 2-топ «ғалымдар» ретінде Жигсо бойынша топтардан ақпарат алмасады;

- 3-топ «жазушылар» ретінде Жигсо бойынша топтардан ақпарат алмасады;

- оқушылар өз топтарында қайтып келіп, топта талдап ой қортындылайды.

1-топ қалған екі топта саяхатшы ретінде бір сөйлем; 2-топ ғалым ретінде екі топқа бір сөйлем, 3-топ қалған екі топқа жазушылар ретінде бір сөйлеммен бағалау. (Абдуллина Д.С. қорғаудағы ҚМЖ үлгісінен). Осы жерде оқушылар тек Ш.Уалиханов саяхаты мен еңбектері туралы ақпарат алып қоймай саяхатшы ретінде, ғалым және жазушы ретінде рольдік тапсырманы орындаудан рационалды таным қалыптасады, жазушы, зерттеуші, ғалым ретінде метатанымы артып пәндік дағды жане қызығушылықтары артады, бұл тек танымдық емес психологиялық тұрғыдағы эмоционалдық пен әлеуметтік аймағынынң өсуіне алып келеді. 9.3.3.1 Қазақстанның ішкі суларын топтастырады, көрсеткіштерін талдайды, сипаттайды (өзендер мен көлдер, мұздықтар, мәңгі тоң, жер асты сулары) мақсатына сәйкес берілген бір тапсырмада (Бадамбекова Д.Т ҚМЖ қорғауынан үлгісінен) оқушылар


Арал теңізінің тартылуы жергілікті тұрғындардың өмірі мен денсаулығына қалай әсер етті.


Арал теңізінің тартылу себептері мен оның табиғат пен адам өміріне тигізетін әсері


Арал теңізінің қазіргі деңгейінде сақтау және қалпына келтіру шаралары



медицина, әлеуметтанушы, экология ғылымдарымен сабақтастырып тақырыпты түсінумен қатар өлкетану пәнемен байланстыра отырып патриоттық сана қалыптастырады. Бұл мысал тек мектеп пәндері арасындағы байланыс болса, келесі сабақ жоспарында мамандық таңдауға бейімдеуге жетелейді: 9.3.5.3-Антропогендік факторлардың табиғат кешендеріне әсерін зерттейді (жергілікті компонент негізінде); технологиялық дизайнмен сабақтасады, яғни оқушылар дизайн жасай отырып оны жарнамалау дағдылары да қалыптасады: Антропогендік факторларды талдау мақсатында әр топтарға тапсырма бөлініп беріледі. Оқушылар мәтінді оқиды, тақырыпқа негізделген бейне таспа көрсетіледі.

I-топ.Антропогендік ландшафт (жарнама жасау арқылы, адам әрекетімен ландшафтың біршама өзгеріске үшырағанын анықтайды.)

II-топ.Өзгертілген ланшафт .(эссе жазу арқылыадам бір кешенді өзгерткен жағдайда,ол аз өзгеріске ұшырауы мұмкін екендігін түсіндіреді)

III-топ. Антропогендік жер бедері (постер қорғау арқылы жер бедерінің адам әрекетінің өзгерген немесе жаңадан пайда болғанын айтады) жұмыстарын қорғайды. (Бейсенгалиева А.С. қорғаудағы ҚМЖ үлгісінен). 9.6.1.5. Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпартты түрлі мақсатта аудиториялар үшін дайындайды – оқу мақсатына дайындалған тапсырмада: Алған мәліметтеріне сүйене отырып, оқушылар топ атауларына байланысты «Рөлдік ойын» дайындайды. Мұғалім топтарға өз атауларына байланысты тапсырма береді Топтар берілген тапсырма бойынша дайындалып, аудиторияға өз рөлінде ұсынады.

І топқа Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпартты сонын ішінде ландшафтанудағы архитекторлардың рөлінде ұсынады

ІІ топқа Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпартты сонын ішінде ландшафтанудағы жол кешен қызметкерлерінің рөлінде ұсынады.

ІІІ топқа Қазақстан Республикасы туралы кешенді географиялық ақпартты сонын ішінде ландшафтанудағы демалыс орын қызметкерлерінің рөлінде ұсынады. (Кокебаева Д.Қ. қорғаудағы ҚМЖ үлгісінен). Тапсырмадан көріп отырғанымыздай тақырып толық мақсатына жетіп қана қоймай оқушылардың болашақта дұрыс мамандық таңдауына да септігін тиігізіп, ынтасын арттырады. Дұрыс мамандық таңдау әр жеке тұлғаның бәскеге қабілетті болуына бірден-бір себепші. Сондықтан педагог шеберлігі, құзыреттілігі тек өз пәнін жетік мекңгерумен ғана шектелмей пәнаралық интеграцияны педагогикалық және психологиялық тұрғыда кіріктіре алуы басты мақсат. Яғни сыртқы интеграциялау (өз пәнінің әдістемелік әдіс-тәсілдерін қолдану) мен ішкі интеграциялауды (дүниетанымдық, мазмұны, мағынасы) тиімді қолдану дағдысы арқылы оқушылардың пәндік және жеке құзыреттіліктерін қалыптастыруға қол жеткіземіз.

Педагогикалық аспекті - мазмұнды педагогикалық ықпалды формаларға айналдыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен педагогикалық білімдердің біртұтастығы болып табылады. Оқушыларға ғылымды түсінікті жолмен көрсету әрі ұсыну тәсілі болып табылады. Сонымен қатар білімдердің педагогикалық аспектісі мұғалімге оқушылардың жекелеген тақырыптарды оңай не қиын меңгеруінің себептерін түсінуге көмектеседі.

Психологиялык аспект — белсенділік адамның жаңа қарым — қатынасына айналады, бұл адам жеке тұлға ретінде көрінгенде және  белсенді әрекет қарым-қатынас иесі болған жағдайда болады. С.Л.Рубенштейн адамның белсенділігін былай түсіндіреді:«Сыртқы себептер мен сыртқы әсерлер әрқашан ішкі шарттар арқылы әрекет жасайды». [5]

Педагогикалық, психологиялык көзқарастан - құзыреттілік деген ұғым шығады. Педагогикалық көзқарас - олар реформалар, түрлі әдістер. Психологиялык көзқарас - уәж, қызығушылық, ынта, жады, зейін, ми қыртысы, есте сақтау қабілеті т.б жатады. Яғни көзге көрінетін оқу және көзге көрінбейтін оқу тұжырымы пайда болады.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Уикипедия ақпараты;

  2. Тренерге арналған нұсқаулық, 2017 жыл Астана;

  3. http://www.rusnauka.com/15_NNM_2012/Pedagogica/5_110791.doc.htm

  4. Уикипедия ақпараты.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18 ақпан
404
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі