Материалдар / Панорамалық сабақ Есірткісіз болашақ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Панорамалық сабақ Есірткісіз болашақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұстаздарға әдістемелік құрал ретінде және өскелең жас ұрпаққа есірткінің зиянын түсіндіруге арналған көмекші құрал.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2020
477
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Есірткісіз өмір ғажайып» тақырыбындағы акция сценарийі

Өткізілетін орны: Оқушылар үйінің Акт залы

Өткізілетін уақыты: 05 қараша 2020 жыл, сағат 10.00

Фанфар беріледі. Сахнаға жүргізушлер шығады

І жүргізуші: Сәлем достар!

ІІ жүргізуші: «Есірткісіз өмір ғажайып» тақырыбындағы акциямызға қош келдіңіздер!

І жүргізуші: Бүгінгі күні адамзат арасында осы есірткі мәселесі жайлы толғанбайтын адам қалмаған болар. Әсіресе, қазіргі кезде жастар мен жеткіншектер арасындағы есірткі мәселесі аса күрделі мәселе болып отыр.

ІІ жүргізуші: Қазіргі уақытта нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы өткізіліп жатқан шаралар арқылы көп ой тоқуға болады. Елімізде ең көп етек алып жатқан  мәселе, ол - нашақорлық.Ол біздің мемлекетіміздің проблемасы ғана емес, дүниежүзілік проблемаға айналды.

І жүргізуші: Бүгінгі «Есірткісіз өмір ғажайып» тақырыбындағы акциямызда Есірткі заттарының , ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырып , келешек өміріне келтірер кеспаты туралы айтатын боламыз.

ІІ жүргізуші: Ғасыр дертіне айналып отырған кеселден, Зиянды әдеттерден аулақ болып, өзін де өзгені де зиянды әдеттердің қасіретінен қорғай білуге салауатты өмір сүруге шақырамыз !

І жүргізуші: Адамдар өз эмоциясын, өз ойын әр түрлі сипатта жеткізеді. Мысалы бірі музыкамен, бірі суретпен, бірі бимен ал енді бірі өлеңдер арқылы жеткізеді.

ІІ жүргізуші: Біздің Оқушыдар үйіміздің үйірме мүшелерінің ғасыр індеті, әлем індеті болып отырған есіркіге деген қарсылық пікірлерін «Мен есірткіге қарсымын!» ұранымен қарсы алыңыздар!

І жүргізуші: Би үйірмесінің оқушылары!

Біз есірткіге қарсымыз!

Есірткіге жол жоқ!

Есірткісіз өмір ғажайып!

Есірткісіз өмір сүр!

Би қимылдары арқылы ұранды сөздер айтады

ІІ жүргізуші: «Сурет» үйірмесінің оқушылары

Сурет үйірмесінің оқушылары «Мен есірткіге қарсымын! Тақырыбындағы суреттерін көрсетіп ұранды сөздер айтады.

Мен есірткіге қарсымын!

Менде есірткіге қарсымын!

Сенде есірткіге қарсы бол!

Біз есірткіге қарсымыз!

І жүргізуші: « Тоғызқұмалақ » үйірмесінің оқушылары

« Тоғызқұмалақ » үйірмесінің оқушылары спорттық жаттығуларын көрсетіп «Біз есірткіге қарсымыз! Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз! Ұранын айтады.

ІІ жүргізуші: «Жылдам оқыту» үйірмесінің «Біз есірткіге қарсымыз!» тақырыбында әдеби монтажы

І жүргізуші: Біздің үйірмелерге тұрақты түрде бір отбасының балалары көптеп қатысады. Сондай отбасылардың бірі Беркімбаевтар отбасы

Беркімбаев отбасының балалары ұранды сөздер айтады.

Біз өмірді сүйеміз!

Біз өмірді таңдаймыз!

Біз бақытты балалар

Есірткісіз өмірді қолдаймыз!

ІІ жүргізуші: Оқушылардың бойына салауатты өмір салтын қалыптастырып , есірткінің зияны жайлы айтып балалармен ойын жүргізу үшін Ақтоты апайды шақырамыз.





1.

2. аулақ болып,

3. Әдіс –тәсілі: түсіндіру сұрақ ,жауап т.б.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, плакаттар суреттер ,нақыл сөздер.

Психологиялық тренинг : «Мен өзіме сенемін!».

(Оқушылар арасында көңіл күй қалыптастыру)

Еңбек етсем ертеңгі бақытыма сенемін !

Мақсатыма жеткізер уақытыма сенемін!

Достық пенен қасты да жеңеріме сенемін!

Ақыл сана білім мен өнеріме сенемін!

Арым таза ақкөңіл адалдыққа сенемін !

Абыройлы ақниет адамдыққа сенемін!

Тәрбиеші сөзі:

-Енді назарымызды бейне материалға аударайық.

-Біздің болашағымыз неге байланысты?

-Бұл залалдан құтылатын ем, жолы бар ма?

ХХІ ғасырда адам баласының басына төнген қауіпті эпидемия –нашақорлық қанатын кең жайды. Оның ауқымды мөлшері әрлі –берлі Қазақстан арқылы өтеді. Қаншама бейкүнә адамдар осылардың құрығына түсіп , дүние салып , талай ауруларға ұшырады.

Есірткі-бұл адамның көңіл күйін , сана-сезімін , мінез құлқын бұзатын қауіпті , тыйым салынған химиялық зат. Ол адамның есін алып , құмарлық жиілігіне ұшыратады. Нашақор есірткісіз өмір сүре алмайтын бейшара халге түседі. Ағылшын тілінде « narkotik» деген сөзге айналып , ұйықтау,жансыздандыру, сезімсіздендіру деген мағынаны білдіреді.

Ей ,ұрпағым, есіңді жи, азбаңдар,

Қиыршық құмдай үгітіліп тозбаңдар.

Бойыңдағы қуатыңды жоғалтып ,

Жақсы үмітпен , сеніміңнен таймаңдар.

Салауатты өмір салтын сақтаңдар ,

Болашаққа нық қадам бастаңдар! –деп ендігі кезекте оқушыларды салауаттылыққа шақыратын 2 топқа бөлемін.

1-кезең: « Таныс болайық!»

1.«Болашақ тобы»

Ұстанымы: «Шылымқорлыққа қарсы»

Ұраны : Денсаулықты қорғауға,

Шықтық бізде топ жарып .

Кілең сайдың тасындай,

Бес ұланнан тұрамыз ,

Сөз сөйлейміз жасқанбай,

Осындай топ боламыз.

2. «Денсаулық» тобы

Ұстанымы: « Нашақорлыққа қарсы»

Ұраны: Салауатты мақсатымыз- өмір сүру,

Өмірдің мағынасын керек білу.

Жауымыз- ішімдік пен шашақорлық ,

Ұстанымыз-бұл жолдан аулақ жүру.

ІІ.кезең: «Бәйге»

Әр топқа сұрақтар беріледі.

Сұраққа жауап дайындауға 2 минут беріледі.

І топқа:

1-сұрақ: Жасөспірімдер арасында шылым шегу туралы не айтасыз?Шылым шегуді қоюға бола ма?

Жауап: Кей балалар темекі тартуды есею деп ойлайды.Еліктейді, бір-бірінен артық болып көрінгісі келеді, не біреу ықпал етеді.Бірақ, олар өз денсаулығына өздеріне зиян келтірушілер. Темекіні тастау үшін баланың қайраты мен қажырлығы керек. Бос уақытын қызықты өткізіп , спортпен шұғылданса , темекіні тастау оп –оңай. Сонда ғана өзіңді –өзің жаман ортаға итермейсің.

2-сұрақ. Адам денсаулығына қажетті зат не деп ойлайсыңдар?

ІІ. Есірткіге әуестенген адамның өмірі қысқа болады дейді Оның себебі неде?

Жауап: Нашақорлықпен ауыратындардың өмірі ұзаққа бармайды. Алғашқыда ләззат алу үшін , кейіннен ауырмау үшін ғана қолданатын болады. Сөйтіп денелерін улап тастайды, нәтижесінде мидың тыныс алу орталығы тоқтайды

2. Денсаулықтың қастарын атап шық.

ІІІ.кезең: « Көкпар тару». Мақал-мәтел жарысы.

Жігерің бар , талабың бар қайратың ,

Мақсат тұтсаң қанатың бар талмайтын .

Өз-өзіңді ұстай білсең тартынып ,

Өмірің бар алда әлі солмайтын,-дей отырып жаман әдеттерден жирендіретін , зиянды әдеттер , денсаулыққа байланысты мақалдар мен ұлағатты сөздердің жалғасын табуға кезек берейік.

(2-топ кезек –кезек айтады)

1.Ауырып ем іздегенше ,(Ауырмайтын жол ізде)

2.Шылымқор өзін ғана емес ,(Өзгелерді де улайды)

3.Темекінің көк түтіні (Екі өкпеңді ыстайды)

4.Ұзартқың келсе ғұмырды,(Таста арақпен ,шылымды)

5.Ішпеген ,шылым тартпаған-(Денсаулығын сақтаған)

6.Жасында темекісін будаттатқан –(Күркілдеп қартайғанда құлап жатқан)

7.Көзге түскен қауыз жаман,(Шылым шеккен ауыз жаман)

8.Шылымды жерге тастама,(Айналаңды ластама)

9.Түтіні тісіңді сарғайтады,(Уы ерте қартайтады)

10.Темекінің кермегі(Еріккеннің ермегі)

Қорытынды :

«Достық ағашы»

Тәрбиеші: Балалар,енді жылы жүректеріңнен шыққан тілектеріңді достық ағашына орналастырайық.

-Дені сау адам қандай болады?

-Денсаулығыңды сақтау үшін не істеу керек?

-«Достық ағашы» қандай әдемі болды.Достық ағашы тамырын кең жайып өсе берсін, дендерің сау болсын.

Тәрбиеші : «Ауырып ем іздегенше ауырмайтын жол ізде» дейді данышпан халқымыз. «Өмірімізді ұзарту да,қысқарту да өз қолыңда»

Өмірге адам бір-ақ рет келеді,

Жастық шағың өміріңнің кемелі.

Күте білсең саулығыңды өрел,

Табиғаттың бергеннен көп берері.

-Яғни , адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі- салауатты болашақ» деп, бүгінгі тәрбие сағатын аяқтаймыз.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!