Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Панорамалық сабақ:Қадыр Мырза Әлі "Кәрі қыран"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Қадыр Мырза Әлі «Кәрі қыран» өлеңі
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылық қызметіне шолу, «Кәрі қыран»өлеңін оқыту, идеясын таныту, қыранның өзіндік қасиеттерін таныту.
2. Дамытушылық:Оқушылардың поэзияға деген қызығушылықтарын арттырып,еркін тиянақты сөйлеу қабілеттерін, сатылай кешенді талдау дағдыларын дамыту;
3. Тәрбиелік: Сұлулық пен еркіндікті танытуға ,адамгершілік пен намысшылдыққа, қайсарлыққа баулу, қыран құс бойындағы тектілік қасиеттерден үлгі алуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу, іздену, талдау, салыстыру,
СТО т.б
Сабақтың көрнекілігі:ақынның портреті, фотосуреттер, сызбалар, кестелер,
қаламгердің шығармалары , бүркіт жасы туралы плакат т.б.
Пәнаралық байланыс: ән,бейнелеу өнері, биология
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Сәлеметсіздер ме, оқушылар?
Әзірміз бе, сабаққа?
Әдебиет – сөз өнері
Сай келейік талапқа.
Бар ма үйден дайындық?
Тапсырмаңыз дұрыс па?
Оқымасаң уайым қып,
Тығылмаңыз қуысқа!
Ойымызды айтайық,
Білімімізді байқайық.
Тексеруші ұстаздар,
Қалсын бір сәт марқайып.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Қалихан Ысқақ «Қоңыр күз еді».
Сұрақтар қою.
-
Қалихан Ысқақтың туған жылы(1935 жылы)
-
Туған жері (Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданындағы Топқайың ауылында туған)
-
Шығармаларын ата.(«Қоңыр күз еді», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны» повестері, «Тұйық», «Қараорман», «Ақсу – жер жәннаты» романдары)
-
«Қоңыр күз еді» повесінің кейіпкерлерін ата. (Қасым, Алтын, Жарықжұлдыз (Қомшабай), Алматай, )
-
«Отыздар шамасында орта бойлы, арық қара жігіт. Оның мөлдіреген тұнық көзінің тереңінде әлдебір мұң иіріліп жатқандай биік қабаттың астында мөлиетін де тұратын. Алқымында балық желбезегіндей қатпар-қатпар боп сыңсып жататын ескі жарадан қалған қызылшақа тыртығы бар еді...» Кімнің портреті?
-
Алматай ағай Қасымға қандай қызық кітап берді?(Латынша «Қазақ тілі», «Шұғаның белгісі»)
-
Алматай бұл кітапты неге жасырады?
-
«Қоңыр күз еді» повесіндегі оқиға қай кезеңді қамтиды?
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
-
Ой шақыру стратегиясы.
«Менің Қазақстаным» әнұраны. (Қазақстанның алғашқы әнұранын тыңдату.)
-
Балалар бұл ән сіздерге таныс па?
-
Бұл әннің авторы кім?
-
Дұрыс, бұл ән қазақ елі 1991 жылы тәуелсіздігін алып, егеменді мемлекет болып, жеке шаңырақ көтерген уақытында, яғни, мемлекетіміздің өтпелі кезеңінде дүниеге келген ән.
-
Келесі әнді тыңдайық.
(Үнтаспадан «Қазақтарды шетелдіктерге таныстыру» әнін тыңдату, балалар білсе қосылып орындауларына болады.)
-
Балалар бұл ән сіздерге таныс па?
-
Бұл әннің авторы кім?
-
Ендеше , осы екі әннің арасында қандай байланыс бар?
-
Екі әннің де авторы Қадыр Мырза Әлі.
2. Мағынаны тану
1.Кіріспе: Қазақ деп белі қайысқан ,қаңтарда туған қыран, балалық шағы КСРО-Германия соғысының қасіретті жылдарымен, жоқшылықпен тұспа-тұс келген Қалихан Ысқақтың құрдасы Қадыр Ғинаятұлының өмірімен, шығармашылығымен, «Кәрі қыран» атты өлеңімен танысамыз.
Хронологиялық кестемен жұмыс.Слайдпен жұмыс (фотосуреттер)
Сонымен, қаламгердің өмір жолы мен шығармашылығын қортындылайтын болсақ Қадыр Ғинаятұлы -ақын, жазушы, қоғам қайраткері, аудармашы, драмматург, ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі, қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан,халық даналығының білгірі, мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларына арналған ойлы да ойнақы жаңылтпаштары, жұмбақтары, мысалдары, санамақтары, ертегілері бар.Жалпы, Қадыр өлеңдерінсіз 1960-70 жылдардағы қазақ поэзиясын көз алдымызға елестету мүмкін емес.
Елуден аса кітаптың авторы. 200-дей өлеңіне ән жазылған
«Күміс қоңырау», «Дала дидары», «Ақ Жайық», «Атамекен»
«Бұлбұл бағы», «Ақ отау», «Көш», «Әже туралы ән» т.б.
«Ой орманы», «Домбыра», «Жер қыры»,
«Биік баспалдақтар».
3.Қызығушылықты ояту
Интервью
Қыран дегенде көз алдарыңа не елестейді? Не білеміз?
(Слайд қыран құстар)
(Дәптерге БҮҮ кестесінің бірінші бөлігін толтырту)
«Қыран жетпеген жерге қиял жетер» демекші, қыран құстар туралы оқушы пікірін тыңдау.
4. Түсінік беру.
Қыран - алғыр, әлі жететін, шамасы келетіндердің ішінен көзіне шалынғанын жібермейтін құс.Тез қимылдап, тез тұжыратын, жалынды, қайсар, табанды,жүректі құс. Құсбегілер осындайларды «қыран» деп атайды.
Біздің елімізде бүркіттің жеті түрі мекендейді. Олардың арасындағы ең бір ерекше ғажабы - қыран бүркіт. Ол - қасқырды да алатын, өте күшті, ірі денелі алып құс. Кавказды, Орта Азия мен Қазақстанды мекендейтін халықтар ежелден бүркіт салып, аң аулайды.
Қыран құстар табиғи туыстығы, қабілеті, түс өзгешелігі жағынан төрт-төрттен 16-ға бөлінеді екен.
Ендеше, қазір тақтадағы плакатқа назар аударыңыздар.
Қыран
Лашын тобы
Ителгі тобы
Қаршыға тобы
Бүркіт тобы
1. Байқасқа
2. Ақиық
3. Қараша
4. Көнтабан
шөгел
-
Тұйғын
-
Қаршыға
-
Шәулі
-
Қырғи
-
Сұңқар
-
Ителгі
-
Пәрім
-
Күйкентай
1.Бидайық
2. Лашын
3. Жағалтай
4. Тұрымтай
Сонымен қатар қазақ бүркіттің жасына қарай әр түрлі ат беріп отырған:
1 жас-балапан; 2 жас- жас түбіт; 3 жас- жас тірнек; 4 жас- жас түлек; 5 жас- мұзбалақ; 6 жас – көк түбіт; 7 жас –қана.
1. Қыранға қатысты қазақта қандай кәсіп бар?
Слайдпен жұмыс (құсбегілер)
2. Қайда тіршілік етеді, немен қоректенеді?
3. Қыранға қандай құстар жатады?
-
Енді өлеңді тыңдап көрейік.
-
«Кәрі қыран» өлеңін тыңдау.Өлеңнің мазмұнымен таныстырып, мәнерлеп оқу.
(Көзімізді жұмып, өлеңді тыңдай отырып көз алдарыңызға тауда отырғанкәрі бүркіттің іс-әрекеттерін елестетіңіздер. )
-
Енді балалар назарымызды мәтінге аударамыз.
5. «Рольдегі оқушылар»
Қазір өлеңді үш бөлікке бөлеміз де, «Рольдегі оқушылар» әдісімен жұмыс істейміз. Әр топтың әрбір мүшесі өзіне тиісті тапсырманы орындайды.
1-оқушы - мәнерлеп оқиды;
2-оқушы - мазмұнын айтады;
3-оқушы - көркемделген сөздерді табады;
4-оқушы - мағынасы түсініксіз сөздерді табады;
5-оқушы - жоспар (соңында)
Сонда әңгіме кәрі қыран мен жас қыран (мұзбалақ) жайында екен.
«Мұзбалаққа» түсінік беру.
Шығарма мазмұны меңгерілгеннен кейін өлеңге әдеби талдау жүргіземіз.
Әдеби талдау төмендегідей этаптан тұрады:
6 . Өлеңнің композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау.
Басталуы: Қияда қалғып отырған кәрі бүркіт
Байланысуы: Кәрі қыранның халі
Дамуы: Шау бүркіттің ойы
Шарықтау шегі: Көк тасқа қойып кеткен кәрі бүркіт
Шешімі: «Қандай бақыт қыранша өмір сүрген!»
7. Өлеңді құрылысына талдау.
Өлең - арнайы шумақ, тармақ, ұйқас, буын, бунақ қалпын сақтаған, кейіпкер көңіл-күйіне неғұрлым терең үңілетін поэзиялық жанр түрі.
Шумақ - өлең ішіндегі аяқталған бір ойды білдіретін топталған бөлшек.Шумақ әдетте төрт тармақтан тұрады, кейде екі, үш, бес, он тармақтан құрала береді.
Бунақ –өлеңнің ырғағын құрайды.
Буын - өлең жолындағы дауысты дыбыстар саны. Бунақ өлеңдегі дауыс толқындарының арасы.Әр бунақ екі, не үш немесе төрт буыннан құралады, кейде бес буыннан да тұрады.
Ұйқас - қазақ өлеңінде 8 түрлі ұйқас бар. Ұйқас деп тармақтың соңғы сөздеріндегі үндестікті айтамыз.
Қа-на-ты-нан // қаң-тар-дың// қа-ры бүр-кіп, //11а
Қа-ша-тұ-ғын// көр-ген-де// бә-рі де үр-кіп.//11а
Қы-ра-ғы көз// бү-гін-де// қа-ра-уы-тып, //11б
Қал-ғып о-тыр // қия-да// кә-рі бүр-кіт.//10а
(11 буынды қара өлең ұйқасы, өлеңде 11 шумақ, әр шумақта 4 тармақ, әр тармақта 11 буын, 3 бунақ)
8. Өлеңді көркемдік ерекшелігіне талдау. Өлеңді көркемдік ерекшелігіне талдау барысында мынадай тәсілдерді пайдалануға болады.
Конструкциялық кесте құру
Эпитет (айқындау) - заттың, құбылыстың өзгеше белгілерін көрсету.
Теңеу - көркемдеп суреттеуде затты, құбылысты екінші зат, құбылыспен салыстырып бейнелеу.
Синоним - мағыналары бір-біріне жақын, мағыналас сөздер.
Антоним - мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер.
Фразеологизм –екі немесе бірнеше сөздің тіркесуі арқылы бір ғана мағына білдіретін мөз тіркестері.
Аллитерация - өлеңдегі дауыссыз дыбыстардың қайталануы.
Көркемдік құрал |
Өлеңнен үзінді |
Эпитет |
Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт.
Қырдың қызыл түлкісін бұлтартпаған!
Қайрап-қайрап алғандай тас қырына!
Қалғаны ма енді оның тышқан аулап?!
Кәрі қыран осылай тапты өлімді. |
Теңеу |
Пай-пай, шіркін, көк тасың қақ бөлінді.
Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті.
Қалғаны ма енді оның тышқан аулап?!
Өрттенген самолеттей Қанатының астында от өрілді. |
Синонимдер |
|
Антоним дер |
|
Фразеологизм |
|
Аллитерация |
Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп. Қырағы көз бүгінде қарауытып, Қалғып отыр қияда кәрі бүркіп. |
-
Енді осы өлең мазмұны бойынша кәрі қыранның іс-әрекеті жинақтайық.
-
Топтастыру стратегиясы
зәбірі артып
қалғып отыр
Кәрі қыран
денесі ауыр тартқан
тәрк етіп
-
Поэзия минуты
Француз тілінен қазақ тіліне аударған жұмбақтарын шешу.
-
Кім әйнекті сындырмай көктеп өтеді (күннің сәулесі)
-
Баспана іздеп басын қатырмайтын бөбек (кенгурудың баласы)
-
Екеуі қатар тұрады, бірақ бірін-бірі көрмейді (екі көз)
-
Менің қалтам бос, бірақ ішінде бірдеңе бар. Ол не? (тесік)
-
Қандай ағаш өсуін тоқтатады? (жаңа жылдық шырша)
-
Өзі дыбыс шығармайды, дыбыстың бәрін жұтып жатады. Ол не?(құлақ)
-
Венн диаграммасы
-
Балалар, жас қыран мен кәрі қыран туралы бүгінгі сабақта алған білімімізді жинақтап, салыстырып көрейік.
Екеуін салыстыру (4 қасиеті)
Кәрі қыран
өжет, қайсар, сақ, қырағы
Жас қыран
жас , осал, аңғал, тәжірибесіз
қыран
құс
Білімді бекіту:
- Балалар, бүгінгі сабақта біз сіздермен қай ақынның өмірімен таныстық?
- Қадыр Мырза Әлі кім?
-
«Кім тапқыр?» ойыны.
жазушы
қоғам қайраткері
ақын
Қадыр Мырза Әлі
аудармашы
елуден астам кітаптың авторы
драматург
200-дей өлеңіне ән жазылған
қазақ балалар әдебиетінің дамуына елеулі үлес қосқан
ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі
халық даналығының білгірі
«Тарлан» сыйлығының иегері
«Балауса» баспасының директоры
«Балдырған» журналының әдеби қызметкері
-
Енді БҮҮ кестесін толтырамыз.
Білдім |
Үйрендім |
Үйренгім келеді? |
|
|
|
1. «Қыран қияда өледі» дегенді қалай түсінесіздер?
2. Қыран неге намыстанады? (Қыран қартайса тышқаншыл болады)
3. «Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті» қалай түсінесіз?
4. Қыранның соңғы шешіміне не себеп болды?
Қорытынды.
Қыранша өмір сүргенің
Қандай бақыт!
Қандай бақыт
Қыранша өле білген!
Осы жолдар төңірегінде ойланып көрейікші, - автор нендей ойды айтпақшы (оқыту)
Шынында осы өлең жолдарындағы «қ» әріпі аса бір қайсарлықты, қырағылық пен қайтпас қажырлықты көрсетіп тұр. Қазақ неге қыранды жеті қазынаға жатқызады. Бұл да оның киесін танытқандай.
Алтайдың «Ақиығы», «Ақшегір» деп атауы да тегін емес. Бірақ қалың жұртты қайран қалдырып,талайларды таңдай қақтырған осы наз өнердің соңғы кезде біртіндеп сиреп бара жатқаны,қайталанбастай болып жоғалып бара жатқанының куәсі болып отырмыз.
Керек десеңіз тәуелсіз еліміздің туында да осы қыран бейнеленген. Бұл еркін, ешкімге тәуелсіз елміз дегенмен қатар қайсармыз, мәртпіз, намысшыл халықпыз дегенді білдіреді.
Туымыз тұғырлы, еңсеміз биік болсын!
(кітап көрмесі туралы)
Табиғат ана осы құсқа қырағылық қасиетті аямай берген.
Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына,сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.
Бағалау парақшасы
|
Тапсырмалар |
Оқушылар тізімі |
||||||||||||
1 |
Үй тапсырмасын тексеру |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
Рольдегі оқушылар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
Өлеңнің композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
Өлеңді құрылысына талдау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
Өлеңді көркемдік ерешелігіне талдау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
Топтастыру стратегиясы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
Поэзия минуты |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
Венн диаграммасы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 |
БҮҮ кестесін толтыру |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10 |
«Кім тапқыр?» ойыны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Үйге тапсырма беру:
-
Қадыр Мырза Әлі өмірі мен шығармашылығын оқу.
-
«Кәрі қыран» өлеңі жаттау.
-
«Тауға ұшам, қуат алып қыранның қанатынан» тақырыбында эссе,өлең жазу,мазмұнына сәйкес сурет салу.
Бағалау парақшасы
|
Тапсырмалар |
Оқушылар тізімі |
||||||||||||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||
1 |
Үй тапсырмасын тексеру |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2 |
Рольдегі оқушылар |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3 |
Өлеңнің композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4 |
Өлеңді құрылысына талдау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5 |
Өлеңді көркемдік ерешелігіне талдау |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6 |
Топтастыру стратегиясы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 |
Поэзия минуты |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
8 |
Венн диаграммасы |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
9 |
БҮҮ кестесін толтыру |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
10 |
«Кім тапқыр?» ойыны |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7 сыныбында қазақ әдебиеті пәнінен Қадыр Мырза Әлі
«Кәрі қыран» өлеңі тақырыбына өткізілген ашық сабаққа өзіндік талдау
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылық қызметіне шолу, «Кәрі қыран»өлеңін оқыту, идеясын таныту, қыранның өзіндік қасиеттерін таныту.
2. Дамытушылық:Оқушылардың поэзияға деген қызығушылықтарын арттырып,еркін тиянақты сөйлеу қабілеттерін, сатылай кешенді талдау дағдыларын дамыту;
3. Тәрбиелік: Сұлулық пен еркіндікті танытуға ,адамгершілік пен намысшылдыққа, қайсарлыққа баулу, қыран құс бойындағы тектілік қасиеттерден үлгі алуға тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,мәнерлеп оқу, іздену, талдау, салыстыру,
СТО т.б
Сабақтың көрнекілігі:ақынның портреті, фотосуреттер, сызбалар, кестелер,
қаламгердің шығармалары , бүркіт жасы туралы плакат т.б.
Пәнаралық байланыс: ән,бейнелеу өнері, биология
Сабақтың жоспары:
-
Үй тапсырмасын тексеру
-
Жаңа сабақты түсіндіру
-
Рольдегі оқушылар
-
Өлеңнің композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау
-
Өлеңді құрылысына талдау
-
Өлеңді көркемдік ерекшелігіне талдау
-
Топтастыру стратегиясы
-
Поэзия минуты
-
Венн диаграммасы
-
«Кім тапқыр?» ойыны
-
БҮҮ кестесін толтыру
-
Қорытынды
Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуларын тексеру.
Оқушылардың назарын өлең шумақтарын оқу арқылы назар аударту. Бұл өлең жолы сабақты бастауда оқушылардың көңіл-күйіне ерекше әсер етеді.
Үй жұмысын тексеру. Өткен сабақ мазмұны бойынша оқушылардың түсінігін тексеруге үшін сұрақтар қойылды.
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі. Жаңа сабақтың тақырыбы «Ой қозғау стратегиясы" арқылы анықталды. Мұғалім жалпы түсінік бергеннен кейін оқушыларға тапсырмалар берілді. Рольдегі оқушылар кезеңі бойынша оқушылар өлеңнің композициялық құрылысына сатылай кешенді талдау, өлеңді құрылысына талдау, өлеңді көркемдік ерекшелігіне талдау жасады. Бұл тапсырмалар арқылы оқушылар өлең мазмұнын тез меңгеріп, ойлау қабілеттері артып, қарапайым тапсырмадан күрделі тапсырмаларды орындады. Поэзия минуты арқылы жұмбақтар шешіп, шапшаңдықты, тапқырлықты танытты. БҮҮ кестесін толтырып және Венн диаграммасы бойынша салыстыру, айырмашылықты табады.
Қорытынды кезеңі.«Кім тапқыр?» ойыны арқылы бүгінгі сабақта оқушылардың алған білімі жинақталып, қорытындыланды. Оқушылар өз бетімен жеке жұмыс істеп, өз білімін өзі тексерді.
Сабақ мақсатына жетіп, оқушылар білімі бағаланды.
Үйге тапсырма:
-
Қадыр Мырза Әлі өмірі мен шығармашылығын оқу.
-
«Кәрі қыран» өлеңі жаттау.
-
«Тауға ұшам, қуат алып қыранның қанатынан» тақырыбында эссе,өлең жазу,мазмұнына сәйкес сурет салу.