Патриотизм
-
құр
сөз емес
«Отан -
отбасынан
басталады» дейді халқымыз. Бұл сөздің
астарында үлкен мән жатыр. Себебі елге
деген сүйіспеншілік ең алдымен туған
жерді, ана тілді, ата-ананы құрметтеуден
басталады. Менің ойымша, патриотизм -
тек биік мінберден айтылатын әдемі сөз
емес. Ол күнделікті өмірдегі іс-әрекетімізден
көрінетін қасиет.
Бүгінде «Мен елімді
сүйемін» деп айту оңай. Бірақ сол сөздің
дәлелін ісімізбен көрсету әлдеқайда
маңызды. Нағыз патриот өз елінің заңын
сыйлайды, табиғатын қорғайды, ана тілін
құрметтейді, білім алып, ертең елінің
дамуына үлес қосуды мақсат етеді. Өйткені
Отанға қызмет ету тек әскери киім киюмен
шектелмейді. Әр адам өз ісін адал атқарса,
сол елге қызмет.Ұлт ұстазы Ахмет
Байтұрсынұлы: «Ел бүгіншіл, менікі ертең
үшін» деген еді. Бұл сөз әр жастың өмірлік
ұстанымына айналуы керек деп ойлаймын.
Себебі бүгінгі еңбегіміз -
ертеңгі Қазақстанның болашағы.Ал
Бауыржан Момышұлы: «Отан үшін отқа түс
-
күймейсің» деп бекер айтпаған. Бұл
Отанды сүюдің ең биік өлшемі. Әрине,
бүгін бізге майданға барудың қажеті
жоқ. Бірақ білім алып, адал еңбек етіп,
елдің абыройын асқақтату – бүгінгі
жастардың майданы.
Қазақтың ұлы ақыны
Абай Құнанбайұлы: «Сен де бір кірпіш
дүниеге, кетігін тап та, бар қалан»
дейді. Осы бір сөз мені әрдайым ойландырады.
Әр адам қоғамнан өз орнын тауып, еліне
пайдасын тигізуі керек. Патриотизм де
дәл осыдан басталады.Қазіргі таңда
жастарға үлкен мүмкіндік беріліп отыр.
Білім алуға, жаңа мамандық меңгеруге,
әлемнің кез келген елінен тәжірибе
жинауға жол ашық. Бірақ қай жерде жүрсек
те, туған жерімізді, тілімізді, ұлттық
құндылықтарымызды ұмытпауымыз керек.
Өйткені өз тамырын ұмытқан адамның
болашағы да баянды болмайды.Мен үшін
патриотизм мемлекеттік мерекеде ғана
Ту ұстап шығу емес. Ол көшеде қоқыс
тастамау, қазақ тілінде еркін сөйлеу,
ата-бабамыздың тарихын білу, елдің
жетістігіне қуанып, кемшілігін түзетуге
атсалысу. Осындай қарапайым істердің
өзі үлкен отансүйгіштіктің белгісі.
«Туған жерге
туыңды тік» деген дана сөз бар. Әрбір
жас туған еліне пайдасын тигізуді мақсат
етсе, мемлекетіміздің де болашағы жарқын
болады. Себебі елді өзгертетін-
жалғыз адам емес, саналы азаматтардың
бірлігі мен еңбегі.Қорытындылай келе,
патриотизм -айтылатын
ұран емес, атқарылатын іс. Ол жүректе
ғана сақталмай, әрекетте көрінуі тиіс.
Біз Отанымызды сөзбен емес, білімімізбен,
еңбегімізбен, адалдығымызбен және
жауапкершілігімізбен сүйе білсек,
еліміздің ертеңі де нұрлы болмақ. Өйткені
Отанның болашағы -бүгінгі
жастардың қолында.
::