Материалдар / педагогикалық жоба
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ
Осы тақырыптағы материалдардың барлығын көріңіз!

педагогикалық жоба

Материал туралы қысқаша түсінік
ғылыми жоба
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2024
31
0 рет жүктелген
4900 ₸
Бүгін алсаңыз
+245 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +245 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЖОМ











Педагогикалық жобаның тақырыбы: Заманауи оқыту : педагогика, технология,оқыту ортасының біртұтастығы.



























КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Жаппай ақпараттандыру ғасырында мектептерде бірлескен жұмыстарды ұйымдастыруда АКТ-ның қажеттілігі
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Ғылыми - техникалық әлеумет және оның өзін - өзі дамытуға қабілеттілігі жалпыға бірдей бәсекелестік жағдайында басты фактор ретінде қарастырылуда. Бұл орайда Қазақстанда қарышты қадаммен жүзеге асырылып отырған ғарыштық бағдарлама экономикадағы әр тараптандыру үдерісінің қуатты әрі тиімді қозғаушы күші болары сөзсіз. Ақпараттық технология – экономиканың және бүкіл қоғам мен мемлекеттің «ілгерілеуінің» белгісі. Біздің өркениетті дамуымыздың барлық маңызды өмірлік салалары бүгінде ақпараттық технологиялармен және жасалымдармен тікелей байланысты десек, асыра айтқанымыз емес.
Қазіргі кезде біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық - коммуникативтік технологиялар педагогтар қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі ақпараттық - коммуникативтік технологиялар» ұғымы «оқытудың жаңа инновациялық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т. б. тіркестермен тығыз байланысты.
Инновациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, ғаламторда жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар коммуникативтік байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді жетілдіруді көздейді. Заманауи ақпараттық қоғамның қалыптасуы мен дамуына жаһандық телефония, ғаламтор желісіне қол жеткізудің спутниктік жүйелері, тікелей сандық теле және радиохабар тарату, шұғыл корпоративтік және кең жолақты байланыс, навигация жәрдемдесіп отырғаны жасырын емес. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез - келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Зерттеудің жұмысының мақсаты: бұл жоба оқу орындарындағы білім алушылар үшін

АКТ-ны пайдалануда оқу кеңістігінің жабдықталуының маңыздылығын анықтау.

Зерттеудің міндеті:
1. Бірлескен жұмыстарды ұйымдастыруда оқу бөлмесінің АКТ-ны қолдану талабына сай жабдықталуы маңызды рөл ойнайтынын анықтау
Біздің күнделікті өмірімізге байланысты ақпараттарды алудағы маңызды құрал ол - Ғаламтор. Адамзаттың интелектуалдық өмірі үшін ол аз мағына бермейді. Ғаламтордың ақпараттық қуатты мүмкіншілігін біз әлі тереңірек ұғына қойған жоқпыз.
Егер біз барлық мүмкіндіктерімізді толық пайдалана алатын болсақ, онда біздің келешек ұрпағымыз компьютерлік технологиямен толыққанды білім ала алады.

Негізі бөлім
«Қазақстан - 2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.

XXI ғасыр - ақпараттық қоғам дәуірі. Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры»деп аталады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы да ғылыми – техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезеңіне енді. Визуалдық ақпараттар, ақпараттық технологиялар, компьютерлік, техникалық жабдықтардың дамуы, біріншіден, жаңа қадамдар, теориялық және педагогикалық тәжірибе жетістіктерінде заманауи білім берудегі болып жатқан өзгерістер.
Ал, екіншіден оқу ақпараттарында, жұмыс істеудің жаңа мәдениетті қалыптастырудың қажеттілігінің артқандығына келісуге мүмкіндік береді
Ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану арқылы тұлғаны қалыптастыру
Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және видео құралдар, компьютерлер, телекоммуникациялық желілер).
Оқытудың ақпараттық технологиясы – білімді жаңаша беру мүмкіндіктерін жасау (педагогикалық іс-әрекетті өзгерту), білімді қабылдау, білім сапасын бағалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін ақпараттық технологияның қосымшасы деп түсіну керек.
Жаңа технологиясы меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптастыруына игі әсерін тигізді.Жаңа ақпараттық технология құралдарын қолдау адамзаттың әртүрлі сферасында, соның ішінде білім беру саласында көптеген өзекті маңыздылыққа қол жеткізіп отырғаны белгілі.

Білім беруді ақпараттандыру :
• Әр бір адамға білім алудың өзіне тиімді жолын таңдауға мүмкіндік беретін білім берудің ашық жүйесін орнықтыруға;
• Білім алудың техникасын түбірімен өзгертуге ;
• Оқыту үрдісінде оқушылардың танымдық іс-әрекетін тиімді ұйымдастыру;
• Электрондық білім беру пайдалану арқылы даралап оқытуға
Ақпараттық – коммуникациялық технологиялар артықшылықтар басым болды.
1. Мультимедиялық мүмкіндіктерді қолдау: музыкалық немесе дикторлық дайындау, анимация бейне клиптер, слайд шоу.
2. Жүйенің басқару құрылымы – оқытушы өз ойын, көзқарасын, өз кезегіндегі материалдық ұсынылыным, әртүрлі аудиторияға бір ғана оқу мәліметтерін ұсынуға мүмкіндік алды .
3. Жүйенің білімді бақылаумен тез арада нәтиже алуы, орындалған жаттығулардың бағалануы.
Бұл технология негізінде білім сапасын арттыру жұмыстарының мысалы ретінде тек білім беру саласында басқаруды автоматтандыру болды.

Ақпараттық технологияның негізгі мақсаты – қолданушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни ізденімпаздыққа үйрету. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгертуде ақпараттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.

Оқушыларға білім беруде жаңашыл технологияларын қолдану инновациялық бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Оқу үрдісінде осындай жаңарған озық тәжірибелерді белсенді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Бүгінде қоғамның жеке тұлғалы, дамыған адамын тәрбиелейтін маманға өзінің үздіксіз шығармашылық ізденуі, оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет.Тұтас дүние қалыптастыру мен қоғамдастықтар, жеке адам мен бүкіл дүниежүзілік қоғамдастықтың өмір сүруі үшін жаңа жағдайларды қамтамасыз етуде ақпараттық – коммуникативтік технологиялар маңызды роль атқарады.
Ақпараттық технологиялардың ішіндегі мультимедиялық құралдарда сабақ кезеңдерінде пайдалану кезіндегі бұл құралдардың тиімді тұстарын атап көрсетсек, олар:
- Оқушының пәнге деген жеке қызығушылығын оятады;
- Тынымдық қабілетін қалыптастырады;
- Этнопедагогикалық тәрбие береді;
- Оқушыны шығармашылық жұмысқа баулиды;
- Оқытушының уақытын үнемдейді;
- Оқулықтан тыс, қосымша мәліметтер береді;

Оқыту компоненттері өзара байланыстағы тқмендегідей компоненттерден тұрады:

-мектеп тапсырмалары мен арнайы типтегі оқу ортасы

-оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесі

- оқытушылардың кәсіби дайындығы

- ақпараттық қызметтер

-желілік инфрақұрылым

- техникалық құрылғылар

Білім беруде ақпараттық,коммуникациялық технологияларды екіге бөледі: ақпараттық және бағдарламалық.

Осы технологияны пайдалана отырып , жобалау әдісімен жұмыс жасау-оңтайлы білім беруде таптырмайтын әдіс.

1.Телекоммуникациялық жобалар.

Оларға зерттеушілік,шығармашылық,ойын,әдеби-шығармашылық,ғылыми-жаратылыстану,экологиялықмәдени,спорттық,музыкалық мазмұнды жобалар жатады.

1) Лингвистикалық жобалау

-тілдік ерекшеліктерді үйрену

- фольклорды үйрену

-сөздердің тарихын үйрену

-әдеби зерттеулер

2) Мәдени жобалар

-ел тарихын,географиясын,салт-дәстүрін

- түрлі халықтар мәдениетін

-меклекеттік құрылымын

- қоғамдық құрылымын үйренуде өте зор рөл ойнайды.

Рөлдік –ойын жобалары:

- әлеуметтік

-іскерлік

-драмалық

- саяхаттар

Осы аталған технологиялық жобалар барлық пәндерді оқытуда тиміді қолданылса зор нәтиже береді .

Ал қазіргі оқушылардың технологияны пайдалануда тәжірибелері бар. Жоқ дегенде әрқайсысында мобильді телефоны болады. «Сандық ұрпақтың» өзіндік ерекшеліктері-олар өз мәселелерін әлеуметтік желілерде талқылайды, жұмыстарын хабарламалар арқылы реттеп отырады.Сондықтан қазіргі оқушылар технологиялық шектеулер болмауын қалайды.Бірлескен жұмыстың білім алуда үлкен рөл ойнайтыны білеміз. Сондықтан технологияны тек қана ақпараттық ресурстарға қол жеткізуде ғана емес, бірлескен жұмысты ынталандыру мен оқытуды тәжірибелік ортасын қалыптастыруда қолдану маңызды.

Ал мектептер АКТ-ны сабақтың кейбір бөлімдерінде ғана қолданып жүр. Мельбурндағы (Австралия) бастауыш сыныптарда бес жастан бастап оқушылар көптеген құрылғыларға: фотоаппарат,видеокамера,мобильді компьютер,МР3 плеер, керек құралдарды қолдана алады екен.

Сондықтан «жаңаша оқытатын» мектепте оқушы тақтаға қарсы отырмауы тиіс.Әрбір оқушы қажетті кеңістікте ,қажетті құралдарды пайдалана алатындай , оқу бөлмесінде еркін жүріп тұра алатындай жағдай жаратылуы тиіс.Және де бұл құрал, қондырғылар үнемі жұмысқа дайын, барлық жерде қолжетімді болуы тиіс.Ал бұл дегеніміз-мүмкіндігінше технология мобильді және бір орынға бекітілген болмауы тиіс.

Ал егерде технологияны оқытудың катализаторы болуын қаласақ,оның оқыту кеңістігі,оқыту бағдарламасы,бағалау жүйесі және оқытушының кәсіби өсуі –технологияны сауатты енгізуде үлкен рөл ойнайды.Сондықтан оқыту кеңістігін жобалау өте маңызды.

Ал жобалауда мынадай мәселелер туындауы мүмкін:

Мектепте немесе класта орнатылған түрлі технологияларда оқушылар қалай жұмыс жасайды?

АКТ құралдарын пайдалану барысында оқушылар партада отырама,әлде қолайлы кресло,еден немесе тағы да басқа ыңғайлы жерлерде отыруы тиіс пе?

Технологиялық,технологиялық емес құралдарын қоюға оқушының партасы немесе столы қолайлы ма?

Мектеп бірлескен жұмыс жүргізу үшін жабдықталған ба?

Керекті АКТ құралдарын зарядтауға бөлмеде розеткалар жеткілікті ме?


Қорытынды.

Қорыта келгенде ,пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыру,оқыту ортасын оңтайлы ұйымдастыру оқудың үш аспектісін өзара байланыста қолданылуына сай кіріктірілген болуы тиіс .Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалылығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі білім жүйесін  ақпараттандыру  экономика,  ғылым  және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр.   Ендеше   қазіргі   заманауи оқытуда педагогика, технология,оқу кеңістігінің әрекеттесуінің маңызы зор.




Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Апатова Н. В. Информационные технологии в школьном образовании. - М., 1994

2. Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. - М., 2003

3. Использование современных информационных и коммуникационных технологий в учебном процессе: учебно-методическое пособие/ Авторы-составители: Д.П. Тевс, В. Н. Подковырова, Е. И. Апольских, М. В. Афонина. - Барнаул: БГПУ, 2006

4. Кораблёв А. А. Информационно-телекоммуникационные технологии в образовательном процессе// Школа. - 2006. - №2. - с. 37-39

5. Кораблёв А. А. Информационно-телекоммуникационные технологии в образовательном процессе// Школа. - 2006. - №2. - с. 37-39

6. Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании: дидактические проблемы, перспективы использования. - М.: Школа-Пресс, 1994.- 204 с.

7.  Стратегия развития системы образования Сенкт-Петербурга 2011-2020 гг. "Петербургская Школа 20220".

8. Клоков Е. В., Денисов А. В. Технология проектного обучения // Школа. – 2006. - №2. – с. 29-36

9. Коноплева И. С., Чубова А. П. Компьютерные обучающие системы // Учитель. – 2007. – № 5. – с. 16-17

10. Кораблёв А. А. Информационно-телекоммуникационные технологии в образовательном процессе// Школа. – 2006. - №2. – с. 37-39

11. Кораблёв А. А. Непрерывное образование // Школа. – 2006. - №2. – с. 34-36

12. Кораблёв А. А. Сила. Второй закон Ньютона // Школа. – 2006. - №2. – с. 31-33

13. Пименова И. М. Слайд-фильм по обществознанию «Человек. Индивид. Личность» // Учитель. – 2007. - № 4. – с. 16-17

14. Полат Е. С., Бухаркина М. Ю., Моисеева М. В., Петров А. Е. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования. – М., 2001

15. Сергеева М. Э. Новые информационные технологии в обучении английскому языку // Педагог. – 2005. - № 2. – с .162-166

16. Синегубова Н. М. Информационные технологии на уроках английского языка // Школа. – 2006. - № 2. – с. 43-44

17. Судаков А. В. Формирование информационно-образовательной среды // Школа. – 2006. - №2. – с. 49-59

18. Угринович Н. Д. Информатика и информационные технологии: Примерное поурочное планирование с примерами интерактивных средств обучения / Н. Д. Угринович, Д. В. Новенко. – М., 1999

19. Шампанер Г. Обучающие компьютерные системы // Высшее образование в России.- 1998. - № 3. – с. 95-96

20. Шаронов А. С. На рубеже столетия // Школа. – 2006. - №2. – с. 61-63

Апатова Н. В. Информационные технологии в школьном образовании. – М., 1994

21. Галишникова Е. М. Использование интерактивной Smart-доски в процессе обучения // Учитель. – 2007. - № 4. – с. 8-10

22. Гордиенко Г. А. Система тестовых технологий на уроках истории и обществознания // Учитель. – 2007. - № 3. – с. 9-10

23. Горина М. В. Информационные технологии на уроках русского языка // Учитель. – 2007. - № 5. – с. 11-15

24. Захарова И. Г. Информационные технологии в образовании: Учеб. пособие для студ. высш. пед. учеб. заведений. – М., 2003

25. Зубов А. В. Информационные технологии в лингвистике. – М., 2004

26. Использование современных информационных и коммуникационных технологий в учебном процессе: учебно-методическое пособие / Авторы-составители: Д.П. Тевс, В. Н. Подковырова, Е. И. Апольских, М. В, Афонина. – Барнаул: БГПУ, 2006













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!