Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Педагогикалық кеңес "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы бойынша жұмыстар 2024-2025 оқу жылы
Шиелі ауданды бойынша білім бөлімінің
«№155 Д. Шыныбеков атындағы орта мектеб» КММ
«БІРТҰТАС ТӘРБИЕ» БАҒДАРЛАМАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ҮЙЛЕСІМДІ ДАМЫҒАН ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУ БАҒЫТЫНДАҒЫ АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫСТАР
Тәрбие жұмысы жөнінідегі орынбасары Т. Кейқуатов
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев 2024 жылы Ұлттық құрылтайдың «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» атты үшінші отырысында елімізді дамытуға қатысты маңызды бастамалар көтерді. Еліміздің болашақтағы негізгі сұлбасын «Әділетті Қазақстан – Адал азамат – Озық ойлы ұлт» деген үштаған ұғым арқылы сипаттады. Үштаған – бір-бірінен бастау алатын және өзара тығыз байланысты ұғымдар, ел ішінде заң мен тәртіпті қатаң сақтауды қамтамасыз ету.
Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы Оқу-ағарту Министрінің 30 шілде 2024 жылғы №194 бұйрығы, Облыстық білім басқармасының Білім беру ұйымдарында «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын бекіту туралы 15 тамыз 2024 жылғы №73-нқ 11 бұйрығы бектілді.
Мемлекет басшысы Қ. Тоқаев ұлттың жаңа келбетін қалыптастыратын 6 құндылықты :
тәуелсіздік және отаншылдық
бірлік және ынтымақ
әділдік және жауапкершілік
заң және тәртіп
еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
жасампаздық және жаңашылдық,
бала тәрбиесіндегі басты бағдар ретінде көрсетті.
Сондықтан «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы елімізді жаңартатын «Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу» ұстанымына негізделеді.
Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;
Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;
Қаңтар – заң және тәртіп айы;
Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;
Наурыз –тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.
Құндылықтарды қалыптастырудағы жүйелі және кешенді жұмыс оқу-тәрбие процесінде күн сайын және апта сайын іске асырылатын іс-шараларды қамтыды.
күнделікті:
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» – үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын ойын түрінде ұйымдастыру үшін асық, тоғызқұмалақ ойындарынан Т. Икрамұлы және Ә.Ахметов оқушылармен ойындар ұйымдастырды. Т.Икрамұлы тоғызқұмалақтан аудандық кезеңінде 2-дәрежелі Диплом алса, Ә.Ахметов Аудандық мұғалімдер арасында өткен «Асық атудан» 2-дәрежелі Дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар «Ұлттық мектеп Лигасы» аудандық кезеңінен:
Асық атудан: 9-11 – сынып II орын
7-8 - сынып II орын
5-6 – сынып III орын
9-11 сынып облыстық біріншілікте жекелей есепте Тахир Нұртілек III орын алды.
Спорт саласында үздік көрсеткіштер көрсеткені үшін ауданы әкімінің «Алғыс хат» Ә.Ахметов марапатталды. «Алтын күз -2024» облыстық жарыста «Үздік ойыншы» номинациясымен Ә.Ахметов марапатталды. №7 Республикалық мұғалімдер арасында «Үздік төреші» номинациясымен Ә.Ахметов марапатталды.
Ұлтық Мектеп лигасының финалдық волейболдан 7-8 сынып ұлдар командасы жүлделі II орын алды. Жетекшісі: М.Молдахметов
«Өнегелі 15 минут» мектебіміздің оқушылары ата-аналарымен бірге баласымен мінез-құлық және адамгершілік туралы күнделікті 15 минут жеке әңгімелесуі өткізу барысында видеороликтер жасап, жас достарын еңбекқорлыққа шақырды. Шараға мектебіміздің 3 «А» сыныбы, 1 сыныбы, 3 «б» сыныбы және 4-6 сынып оқушылары белсенділік танытты.
«Үнемді тұтыну»–жадынамалар, нұсқаулықтар мен парақшалар арқылы суды, тамақты, энергияны және табиғи ресурстарды үнемді тұтынуды және іс-әрекет барысында табиғи ресурстарға (су, энергия және т.б.) ұқыпты қарауды қалыптастыру болып табылады. Осы орайда мектебіміздің 4 «а» сыныбында М. Алпыбай және 3 «а» сыныбында А. Таркешева «Су тіршілік көзі» тақырыбында сынып сағаттарын өтті. Ал 4 «Б» сыныбында М. Бекпейісова «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» табырыбында сынып сағатын өткізді.
«Күй күмбірі» –қоңыраудың орнына күйді пайдалану, сондай-ақ үлкен үзіліс кезінде арнайы күй тыңдалуда. Мектебімізде "Домбыра үйірмесінің" жұмысы жүйелі жүргізілуде. Оқушылар нотамен күй тартуда.
апта сайын:
«Менің Қазақстаным» – оқу аптасының басында бірінші сабақта білім алушылар Қазақстан Республикасының Әнұранын орындайды. Осы үрдіске айналған шараға білім алушылар белсене қатысады. Мектебіміздің оқушылары арасынан іріктелген жас патриоттарынан құралған «Тұран» балалар хоры да бар. Жетекшілері М. Әлиева аудандық Сыр Лигасының «Хор» сайысында «Алғыс хатпен» марапатталды.
Аптаның дәйексөздері–бүкіл
ұйымның сабақта және сабақтан тыс іс-әрекетінің лейтмотиві ретінде
қызмет ететін мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, халық даналығы,ұлы
тұлғалардың ұлағатты сөздері. Аптаның дәйексөздері ақпараттық
стендтерде, тақталарда және т.б. орналастырылып жүр.
«Қауіпсіздік сабағы» – жол қозғалысы ережелерін, өмір қауіпсіздігі негіздерін зерделеу, білім алушылардың жеке қауіпсіздігін, қауіпсіз мінез-құлқын және т.б. сақтауы туралы сынып сағаты шеңберінде 10 минут ақпарат беру мақсатында әңгіме өткізіліп жүр. Аталған шараға мектебіміздің барлық сынып жетекшілері белсене қатысады.
Апта сайын сынып сағаттарын өткізу шеңберінде білім алушылардың қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін және салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс іске асырылуда. Сынып сағаттарының мазмұнына келесі алдын алу шаралары біріктіріледі:
Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам;
Буллингтен қорған!
Ойынға салауатты көзқарас;
Өмірге салауатты қадам;
Қоғамдық мүлікті қорға!
Қауіпсіз қоғам.
«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»алдын алу шарасы сынып сағаттарында ақпараттық қауіпсіздік, кибермәдениет, кибергигиена, медиа сауаттылықты дамыту тиісті мүдделі мемлекеттік орган мамандарымен бірлесіп пікірталастар, кездесулер өткізілді. Шараға Ауылдық учаскелік полиция капитаны Бейсенов Қуаныш құқықбұзушылық профилактикасы бойынша түсіндіру жұмыстарымен қатар заң талаптарын баяндады.
Сынып сағаттарында «Буллингтен қорған!» алдын алу шарасын ұйымдастырылды. Бұл білім алушылардың басқалармен қарым-қатынас жасау, өз эмоцияларын басқару және қақтығыстық жағдайларды шешу дағдыларын дамытуға бағытталып, өткізілді. Аталған шараға мектеп оқушылары түгел қатысты. Осы тақырыпта челленждер түсіріп, ата-аналарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Ойынға салауатты көзқарас» – лудоманияның алдын-алуға бағытталды. Лудомания туралы бейнероликтер көрсетіліп, ойынға құмарлық, онлайн ойындарға ақша тігу т.б. зияны туралы топтық талқылаулар ұйымдастырылды және салауатты әдеттерді, баламалы қызығушылықтар мен хоббиді дамытуға бағытталған сынып сағаттары өткізілді. 5-9 сынып оқушылары аталған шараға белсене қатысты.
«Өмірге салауатты қадам» алдын-алу іс-шаралары шеңберінде синтетикалық есірткінің (Интернет-ресурстар арқылы) таралуының алдын алу және жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша сынып сағаттарында олардың зияны мен денсаулыққа теріс әсері туралы деректі фильмдер көрсетілді.Сыныптарда есірткіге қарсы плакаттар, бейнероликтер және т.б. әзірлеу, дұрыс тамақтану және салауатты өмір салты мәселелерін талқылау бойынша іс-шаралар өткізілді.7-11-сыныптар аралығында нашақорлықтың алды алуға бағытталған «Закладка» деректі фильмі көрсетіліп, талданды. Шараға 6 «А» сынып оқушылары белсене қатысып, сынып жетекшілері М.Бұрханмен бірге челлендж түсірді.
«Қоғамдық мүлікті қорға!» сынып сағаттарында вандализмге қарсы плакаттар, граффити немесе иллюстрациялар әзірлеу және/немесе қоғамдық мүлікті қиратудың, мәдени ескерткіштерді қиратудың зияны туралы топтық талқылауларды мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп өткізілді. Осы орайда мектебіміздің ұлдарымен жиналыс өткізіліп, тақырып кеңінен талқыланды.
«Қауіпсіз қоғам» Қылмыстық кодекстің зорлық-зомбылыққа, есірткі заттарын таратуға және т.б. құқықбұзушылық актілеріне байланысты негізгі нормаларды түсіндіру және адам бас бостандығынан айыру, заң бұзушылық жағдайлары, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстық істер туралы бейнероликтер қарау мүдделі мемлекеттік орган мамандарымен бірлескен шаралар өткізілді. Осы орайда мектебінің педагогикалық ұжымымен “Бала қауіпсіздігі - қоғам келешегі” тақырыбында жиналыс өткізілді. Жиналыста мектеп директоры А.Есім бала қауіпсіздігіне қатысты өзекті мәселелер мен оқу-тәрбие бағытында ұжыммен бірлесіп атқаратын жұмыстар жайында баяндай келе, бала қауіпсіздігін сақтауда назар аударуға тиісті, яғни балаларды мұқият бақылау, проблемаларды ерте анықтау, қауіпсіз ортаны құрудағы мұғалімнің рөлі, ата-аналармен ынтымақтастық секілді негізгі мәселелерге тоқталып өтті.
Нашақорлықтың алдын алу, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында 7-сыныпта Д. Бижанова «Толағай» отбасылық сайысын ұйымдастырды. Отбасыларымен спорттық сайысқа ата-аналармен балалары қатысып, тартысты сайыс өтті.
Қауіпсіз мінез-құлық және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру, буллинг, лудомания, вандализм, нашақорлықтың алдын алу жөніндегі іс-шараларды «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде сынып сағаттарын ұйымдастыру жоспарына сәйкес жүргізілді. (Бұйрыққа 2-қосымша).
Шиелі ауданды бойынша білім бөлімі,облыстық білім басқармасының 2024 жылдың 19 қараша күнгі 07-16/4970 санды хатына сәйкес,қылмыстық құқық бұзушылықтар және басқа да заң бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде ұсынысы бойынша оқушылар және мұғалімдер арасында кеңінен профилактикалық жұмыстар жүргізілді "Өз әрекеттерің үшін өзің жауаптысың" тақырыбында құқықбұзушылық туралы пікірталас өтті.
«Қамқор» әлеуметтік жобасын іске асыру шеңберінде білім алушыларды «Қоғамға қызмет ету» волонтерлікке ата-аналар қауымдастығы және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп қарттарға көмек көрсету, жануарларға қамқорлық жасау, табиғат элементтерінен қайта өңделген материалдарды пайдалана отырып құстарға ұя жасау жоспарланды. Білім алушылардың сана-сезіміне адамгершілік, қоғамға қажеттілік, қайырымдылық сияқты адами құндылықтарды ұялату мақсатындағы "Қоғамға қызмет ету" жобасы аясында мектебіміздің білім алушылары мектеп ауласына көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар жобаны іске асыру «Жер сағаты» экологиялық акциясын, «Түлектердің ағаш егуі» экочелленджін, «Табиғатқа қамқорлық жасаймыз» акциясын өткізуді қамтиды. «Жер сағаты» экологиялық акциясы климаттың өзгеруі мен ресурстарды үнемдеудің жаһандық мәселелеріне назар аударуға бағытталған бастама болып табылады. Акцияның негізгі элементі – жарық пен электр құрылғыларын бір сағатқа өшіру, бұл энергияны ұқыпты пайдалануға үндейді. Білім беру ұйымдары жыл бойы табиғи ресурстарды қорғаудың маңыздылығын көрсететін постер, жадынама әзірледі. Аталған шараға мектеп оқушылары үнемі белсене қатысып, мектеп ауласын көгалдандырып жүр.
«Еңбегі адал – жас өрен» – білім алушылардың түрлі мамандыққа деген қызығушылығын дамыту және еңбексүйгіштікке баулу арқылы еңбекқорлық және кәсіби біліктілік құндылығын қалыптастыруды көздейді. Жоба «Күзгі асар» жәрмеңкесін, «Мамандықтар әлемі» іс-шараларын, «Мамандықтар марафоны» байқауын, мектептің әлеуметтік желілерінежазбалар жариялау арқылы жүзеге асырылады. «Күзгі асар» жәрмеңкесінде білім алушылар күзгі егіннің табиғи материалдары мен табиғаттың орман өнімдерін пайдалана отырып, ата-аналарымен бірлесіп жасаған қолөнерлерін ұсынады. «Мамандық әлемі» шарасын өткізу мамандықтармен танысу үшін түрлі кәсіпорындарға немесе мекемелерге бару жоспарын әзірлеп, өңірдегі мамандықтармен танысады.
2024
жылдың 14 қазан күні мектебімізде 3-7-сынып білім алушыларымен
"Күзгі асар" жәрмеңкесі өткізілді.
«Шабыт» – білім алушылардың шығармашылығын дамыту арқылы түйінді құндылықтарды насихаттауға бағытталған жоба. Жобаны жүзеге асыру барысында «Даналық ұстаздан» челленджі, «Ұлттық мәдениет» көрмесін, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалін, «Ананың аялы алақаны» челленджін, «Әншуақ» фестивалін, «Домбыра күні» көрме және концерт, мектеп театры жұмысын ұйымдастыру жспарланған. «Даналық ұстаздан» челленджі, «Ұлттық мәдениет» көрмесі ұйымдастырылды.
"Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында "Әншуақ" бағдарламасына орай өткен "Балалар- ән әлемінде" атты мектеп оқушыларының аудандық фестивалінде үлкен топ арасында орындаушылық шеберлігімен танылып, ЖҮЛДЕЛІ ІІ ОРЫНДЫ МЕКТЕБІМІЗДІҢ 4 "А" СЫНЫП БІЛІМ АЛУШЫСЫ НӘБИ АЙСАНА ҰСТАЗЫ Л. Торғаевамен жанды дауыста ән шырқап, ИЕЛЕНДІ.
«Даналық ұстаздан» – мұғалімдер күні қарсаңында алғашқы мұғалімдеріне, сүйікті педагогтерге және құрметті тәлімгерлерге арналған челленджі өткізілді. Қатысушылар бейне хабарлама, мақалалар, өлеңдер, әндер, суреттер және басқа да шығармашылық формалар арқылы алғыстарын білдірді.
"Ұстаз- ұлы тұлға" тақырыбында ұстаздардың қатысуымен өткен мерекелік шарада мектепшілік, аудандық, облыстық марапаттармен ұстаздарымыз марапатталды. Мектеп директоры Асқар Есім әріптестерді мерекемен құттықтап, ұстаздардың еңбегінің маңызды екенін атап өтті.
«Ұлттық мәдениет» көрмесі білім алушылардың ұлттық атрибуттарды (ағаштан, металдан, матадан, киізден және басқа материалдардан жасалған бұйымдар) пайдалана отырып орындалған шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Мұғалімдерге, білім алушыларға және ата-аналарға аптасына бір рет мектепке ұлттық киіммен келуге немесе ұлттық мәдениетті дәріптеу үшін ұлттық атрибуттарды қолдануда.
Мектебімізде ұлттық мәдени-ағартушылық жобасы аясында технология пәні мұғалімдері Г.Ахаева мен Б.Сариевтің ұйымдастыруымен "Ұлттық өнер" көрмесі өткізілді.
«Жас Сарбаз» әскери-патриоттық әндер фестивалі саптық әндер конкурсын, әскери-патриоттық фестиваль, спорттық-далалық ойындарды өткізуді қамтиды. Білім беру ұйымдарына «Жас сарбаз» фестивалін өткізу кезінде қазақстандық авторлардың әндерін және Ұлттық әскери форманы пайдалануда.Осы орайда мектебімізде төмендегідей аудандық сайыс өтті Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мектебімізде Алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушы-ұйымдастырушылары арасында қолданбалы спорт түрлерінен дәстүрлі жарыс өтті.Білім бөлімінің әдіскері ШОХАЕВ ЖЕҢІС жетекшілік етті.Сайысқа қатысушылар төменгі кезеңдер бойынша бақ сынады.
1.АК - 74 оқу қаруын толық емес бөлшектеу және жинақтау;
2.АК - 74 оқу қаруының оқжатарын патрондармен жарақтау;
Пневматикалық винтовкадан нысанаға ату;
Дәстүрге айналған бұл жиын – отаншыл адал қызмет етуге, Ел қорғаны болуға тәрбиелейтін бірегей алаң. Аймахан Сарсеновтің ұйымдастрырылуымен өткізілді.
«Домбыра күні»–білім алушылардың, талантты музыканттар мен орындаушылардың қатысуымен түрлі ұлттық аспаптар көрмесімен сүйемелденетін концерт ұйымдастыру мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Мектебіміздің «Тәуелсіз елімнің – ерлік жолы» тақырыбында өткен меркелік шарада мектеп оқушыларынан құрылған "Домбыра үйірмесі" жетекшілері Ф.Ибадуллаевамен бірге күй тартты.
Мектеп театрының жұмысын ұйымдастыруда әдеби шығармалар, тарихи оқиғалар мен атаулы күндер, сонымен қатар жағымсыз әдеттердің алдын алу (лудомания, нашақорлық, кибергигиена т.б.) бойынша сыныптар арасында байқаулар мен театрландырылған қойылымдар фестивалін өткізу ұсынылды.
«Театр» жобасы аясында сынып жетекшісі М.Бекпейсованың ұйымдастыруымен 4 "б" сынып оқушылары қойылым көрсетті. "4 "Б- сынып оқушылары қойылымға Ы.Алтынсаринның "Мақта қыз бен мысық "ертегісін сахналады. Оқушылар өз кейіпкерлерінің рөлін жақсы ойнап шықты. 7-8-сынып оқушыларының ұймдаструымен «Әлімжеттік-әлсіздің ісі» тақырыбында театрландырылған қойылым ұйымдастарылды. Оқушылар бейнеролик жасап, әлеуметтік желіге ұсынды.
«Ұшқыр ой алаңы»– пікірталастар мен зияткерлік ойындар өткізу арқылы тақырыпты зерделеу және сөйлеу дағдыларын қалыптастыру негізінде түйінді құндылықтарды дамыту көзделеді. Мектебімізде Дебат жетекшісі П. Бәкірдің ұйымдастыруымен құндылықтарға, тарихи оқиғаларға, атаулы күндерге, адам құқығы мен заңдарды зерттеуге, жағымсыз әдеттердің алдын алуға (лудомания, нашақорлық, кибергигиена, зорлық-зомбылық, буллинг және т.б.) байланысты тақырыптық пікірталастар өткізіліп жүр. "Тәуелсіздік таңы" атты 8- сынып оқушылары арасында ұшқыр ой дебат ойындары Дебат жетекшісі П. Бәкірдің ұйымдастыруымен өткізілді. Мақсаты: Оқушылардың сөз мәнерін,ой дағдысын жетілдіру.Ұшқыр ой дебат ойынына "Дода" және "Шымыр","Алға","Айқын" фракциялары қатысып, тартысты ойын көрсетті.Нәтижесінде "Айқын" фракциясы жеңіске жетіп марапатталды. Оқушылар белсенділікпен қатысты.
Зияткерлік ойындарды тек мектеп пәндеріне ғана емес, сонымен қатар танымал тұлғаларға, атаулы күндерге, әлемдік және спорттық оқиғаларға байланысты зияткерлік ойындарды ұйымдастыруға және өткізуге ата-аналарды, танымал тұлғаларды, қоғам қайраткерлерін және т.б. тарту ұсынылды.
Мектебімізге Жастар практикасы жобасымен келген бастауыш пәні мұғалімі Алпысбай М. 4 "А" сынып оқушыларына "Білім әлеміне саяхат" атты зияткерлік сайыс өткізді. Шара барысында білім алушылар өткен сабақтардан алған білімдерін бекітті, сұрақтарға топтасып жауап беріп, тапсырмалар орындады, жұмбақтар шешті. Жарыс соңында жеңімпаз топтар марапатталды.
Мақсаты: Оқу тілін,ойлау қабілетін дамыту.Оқушылардың барлық сабақтан алған білімдерін тиянақтау.Оқушыларды топпен жұмыс жасауға дағдыландыру,ұжыммен жұмыс жасай білуге үйрету.
«Smartbala» жобасы – инновациялық жобалар байқауы арқылы құндылықты дамытуды көздейді.Жоба шеңберінде «Startup» және «Өнертапқышқа алғашқы қадам» конкурстары өткізіледі. «Startup» байқауы кәсіпкерлік және инновация саласында білім алушылардың қызығушылығын оятуға және дағдыларын дамытуға бағытталған. Мектебімізде "SMART BALA" жобасы аясында білім алушылары аралығында ғаламдық, экологиялық мәселелерді шешу жолдарын, қоршаған кеңістікті жақсарту жөніндегі идеяларын насихаттау мақсатында инновациялық идеялар тұсаукесері ретінде «Startup» байқауы өткізілді.
Мақсаты:
- инновациялық жобалар конкурсы арқылы
құндылықтарды дәріптеу
Нәтижесінде балалар1,2,3 дәрежелі дипломдармен марапатталды.
Ұйымдастырушы: информатика пән мұғалімі Бурханова Мақпал.
«Балалар кітапханасы» – оқу мен білімге деген қызығушылықты қалыптастыру. Жоба әдеби кеш, кітаптар жәрмеңкесі, кітап кейіпкерлерінің байқауы, «Кітаптар айналымы» акциясы, «Шын жүректен кітап сыйла!» челленджінен тұрады. Кітапханашы П. Бәкір отбасымен кітап оқу дағдысын қалыптастыру мақсатында «Отбасыммен оқимын» отбасылық оқу сағатын өтті. «Отбасыммен оқимын» отбасылық оқу сағатында Таспамбетовтер отбасы өздерінің оқыған кітаптарымен бөлісті.«Балалар кітапханасы» бағдарламасы аясында балалар әдебиеті айдарын дамыту мақсатында «Менің кітапханам- менің рухани мекенім» атты видеороликтер челленджі болып өтті. «Кітап оқы- жетістікке қадам бас» тақырыбында 3-4 сынып оқушылары арасында челлендж өтті. Әр сынып оқушылары өздерінің оқыған кітаптарын, достарына ұсынып кейіпкерлер жайлы айтып түсіндіреді. 4- сынып оқушысы Нәби Айсана оқушыларға өз оқыған «Қазақ ертегілері» кітабын ұсынатынын айтып, кітап оқысаң жеттікке жетесің деп достарын кітап оқуға шақырды. 3- сынып оқушысы Уәлихан Нұршуақ өзі оқыған «Ғажайып ертегілер» кітабын таныстырды.
Ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмысын жоспарға сәйкес ата-аналар жиналыстары жаңа форматта өткізілуде. Айталық, 1-сынып жетекшісі Ү Исабекова, 2-сынып жетекшісі А. Урманова , 7-сынып жетекшісі Д. Бижанова ата-аналар жиналысын АПКО жоспарына сәйкес жаңа форматта өткізді. Даналық мектебі жобасы аясында Әжелер даналығы мектебі жұмысының әлеуметтік желіде жариялануда . Даналық мектебі мен Ата-аналарды педагогикалық қолдау жұмысын жоспарға сәйкес жандандыру көзделуде. Әлеуметтік жобаларды іске асыру «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде тәрбие жұмысының жоспарына сәйкес өткізіледі (бұйрыққа 2-қосымша). Білім беру ұйымдары іс-шараларды өткізу уақытын, қатысушылардың санын, өтетін орнын дербес айқындайды. Әрбір іс-шараның мазмұнын әзірлеу кезінде білім алушылардың жас ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру қажет.
«№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі" КММ-нің Бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі А.Урманованың ұйымдастыруымен " Даналық" мектебін жүзеге асыру мақсатында " Атадан-өсиет, Әжеден-ақыл" тақырыбында іс-шара өтілді. Іс-шара барысында " Қолға не үшін су құйылады?"-деген бөлім бойынша Сүлеймен пайғамбардың батаның арқасында ұзақ өмір сүргені жөнінде айтылып, Астың батасы берілді.2-сынып оқушылары жеті аталарын, ата-әже, ана-әкеге арнаған тақпақтарын," Әже"туралы ән айтылып, " Келіншек" күйіне би биледі. Ата-әжелерге, жас ата'аналарға түрлі сұрақтар қойылды. Мектеп психологы Г.Манабаева бірнеше тренингтер өткізді. Іс-шара өз деңгейінде өтті.
"№155 Д.Шыныбеков атындағы орта мектебі" КММ-сінде «Даналық» мектебінің жұмысын жандандыру мақсатында 3«б»-сынып жетекшісі Махантаева Салтанат "Қыз - еркем ,қылығымен көркем!" атты қыз сыны байқауын өттім .Байқауға 3 а,б сынып оқушылары қатысты.
Мақсаты: Қыз баланың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыру.Көпшілік алдында өзін-өзі ұстай білуге,әдептілікке,мейірімділікке,сұлулыққа тәрбиелеу.
Сайыс:5 кезеңнен тұрады.
1 кезең: Таныстыру "Мен қазақтың қызымын "
2 кезең:"Қыздарға әсемдік жарасады " Шолпы әдісі арқылы берілген сөздерден көп сөз құрау.
3 кезең:"Қыз -еркем,ісімен көркем!"суретті бояу арқылы ептілікке және тазалыққа мән беру керек.
4 кезең:"Ақыл-білімнің,
даналық -өмірдің жемісі" салт-дәстүрге байланысты сұраққа -жауап беру.
5 кезең :"Өнерлі өрге жүзеді"өз өнерлерін көрсету (ән,би,көркем сөз оқу т.б)
Ойын :"Шертпек" асық ату арқылы ұпай жинау.
Әр қыз бала өз ойын еркін жеткізе білді.Әр қыз баланың бойынан, қазақтың ұлттық құндылықтары бар екенін білдік.
Осы орайда мектебімізде күнделікті өткізіліп жатқан шаралар www.facebook.com әлеуметтік желісіне салынып жатыр. Бұдан басқа www.instagram.com әлеуметтік желісінде де өз парақшамыз бар.
Ұсыныс: Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында жұмыстарды жүйелі жүргізуді жалғастыру.
Тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары: Т. Кейқуатов
8

