Педагогикалық зерттеудің логикалық құрылымы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогикалық зерттеудің логикалық құрылымы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерттеушілердің көбі педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізін педагогикалық орта және жоғары оқу орындарындағы мұғалімдер даярлаудың кәсіптік құрылымы деп түсндіреді. Бұлай деп айтуының себебі қазіргі әдіснама педагогикалық зерттеулерге, оның педагогикада қолдана білуге, оны оқып меңгеруге зерттеушілік іс-әрекетке бағытталуын көздейді. Сондықтан педагогика әдіснамасы практиканы қолдану негізінде оның әдістері мен құралдарын зерттеу, оның теориялық және практикалық жақтарын қарастыру, педагогика саласындағы іс-әрекет түрлерін, нәтижесін зерттеу болып табылады. Педагогика саласы бойынша зерттеушінің профессиограммасы анықталады; педагог-ғалым педагогика саласы бойынша зерттеушілік жұмыстың (әдіснамалық рефлекция, белгілі бір көрсеткіштерге, сипаттамаларға сүйене отырып өзінің зерттеуін ұғыну және бағалау) нақты нормативті білімдері мен біліктерін меңгеру керек. Ғылым тану саласындағы өзіндік іс-әрекет критерийлері анықталған. (мақсаттылық, зертеудің арнайы объектісі анықталады, таным
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогикалық зерттеудің логикалық құрылымы.


Адильбекова Замира Жаңабекқызы

Тараз қ.
№69 келешек мектептің бастауыш сынып мұғалімі



Зерттеушілердің көбі педагогикалық зерттеудің әдіснамалық негізін педагогикалық орта және жоғары оқу орындарындағы мұғалімдер даярлаудың кәсіптік құрылымы деп түсндіреді. Бұлай деп айтуының себебі қазіргі әдіснама педагогикалық зерттеулерге, оның педагогикада қолдана білуге, оны оқып меңгеруге зерттеушілік іс-әрекетке бағытталуын көздейді. Сондықтан педагогика әдіснамасы практиканы қолдану негізінде оның әдістері мен құралдарын зерттеу, оның теориялық және практикалық жақтарын қарастыру, педагогика саласындағы іс-әрекет түрлерін, нәтижесін зерттеу болып табылады. Педагогика саласы бойынша зерттеушінің профессиограммасы анықталады; педагог-ғалым педагогика саласы бойынша зерттеушілік жұмыстың (әдіснамалық рефлекция, белгілі бір көрсеткіштерге, сипаттамаларға сүйене отырып өзінің зерттеуін ұғыну және бағалау) нақты нормативті білімдері мен біліктерін меңгеру керек. Ғылым тану саласындағы өзіндік іс-әрекет критерийлері анықталған. (мақсаттылық, зертеудің арнайы объектісі анықталады, таным құралын арнайы пайдалану, терминдердің бірмағыналығы, зерттуші педагогтың педагогикалық зерттеуді сапалы орындауы байланысты әдіснамасының рефлексиясының мазмұны)

Әдіснамалық және педагогикалық зерттеудің әдістері мәселесі төңірегінде көптеген ғылыми еңбектер, монографиялар жарық көрген. (М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, Я.Скалькова және т.б.) Бұл еңбектердің әрқасысының өзіндік ерекшеліктері, құндылықтарымен бағалана алады және педагогикалық ғылыми-зерттеу әдістері, педагогикалық методология мәселері бойынша ғылымға өз үлестерін қосты. М.Н.Скаткиннің «Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері» атты монографиясында әдіснамалық зерттеудің пәні мен міндеттері негізделіп, педагогикалық мәселе, оның педагогикалық зерттеулерді теориялық және әдіснамалық жағынан деңгейін көтеру, жас зерттеушілерге, мұғалімдерге ұсыныстар айтылады.

Я.Скальковская және чех педагогтары ұжымның «Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері» атты монографиясында педагогикалық зерттеулердің теориялық және әдіснамалық аспектілері қарастырылады, ғылымтанудың жалпы негіздері мен педагогикалық зерттеулердің нақты әдістерінің арасындағы байланыс, зерттеу пәні мен әдістерінің бір-біріне тәуелділігі қарастырыла келе, зерттеудің әр түрлі әдістері ұсынылады, тәрбие құбылыстарына жүйелі бағыт жасау ұсынылады.

Зерттеушілер педагогикалық зерттеудің әдіснамасының теориялық моделін құра отырып, бір-бірімен тығыз байланысты екі компонентті қарастырады. Бұл нормативті әдіснама ғылыми жұмыста құрылымдық міндеттерді шешуге көмектеседі: а) мәселені дұрыс жағнан қойылуын, оның мазмұндық және формальдық жақтарын қамтамасыз етеді; ә) мәселе бойынша қойылған міндетердің адекватты құралдарын анықтайды (ғылыми іс-әрекеттегі интеллектуалдық техника); б) зерттеуді ұйымдастыруды көздейді. Нормативті әдіснаманың қызметі осылай анықталады. Ол педагогикада танымның тенденциясы мен формаларын оқып-үйренуді қамтамасыз етеді және педагогикадағы кез-келген құбылыстың даму этаптарын нақтылап сипаттайды.

Украиндық ғалым-педагогтар А.В.Клименюк, А.А.Калит, Э.П.Бережна еңбектерінде «педагогикалық зерттеудің әдіснамасы мен әдістері: зерттеудің мақсаты мен міндеттерін қою» (Киев, 1988 ж) еңбегінде педагогикалық зерттеудің әдіснамасы терең зерттелген: оның әдістері мен техникасы, әдіснамалық анализдің үш деңгейлік элементтері: нақты-ғылыми әдіснама, жалпы ғылыми әдіснама және диалектикалық материализм. Зерттеудің әр түрлі типтеріне орай оның кезеңдері, зерттеу объектісі мен болжамының құрылымдық байланысы, педагогикалық зерттеудің мазмұндық алгоритмі, оның міндеттерін қою мәселелеріне көңіл бөлінген. Бұл материалдар сол зерттеудің тақырыбына байланысты анықталған.

Педагогика және әдістеме бойынша диссертацияларды оқуда педагогикалық зерттеу логикасының өзіндік белгісі бар екендігін анықтауға болады. Диссертацияның әдіснамалық аппараты оның («педагогикалық зерттеу», «мәселе және тақырып», «мақсат», «объект», «пәні», «болжамы», «міндеттері», «әдіснамалық негізі», «негізгі идея», «қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар», «жаңалық», «теориялық мәні», «практикалық мәні», «зерттеу кезеңдері», «зерттеу әдістері», «зерттеу нәтижелері», «зерттеудің дәйектілігі», «нәтижені практикаға енгізу», «құжат түрі», «қолданушы адресі»). (21 атау) мазмұндық ерекшелігін нақтылап, жүйелеп көрсетуге септігін тигізеді.


Педагогикалық зерттеудің ғылыми аппаратына кіретін мазмұндық көрсеткіштерге қысқаша шолу жасап өтейік:

  1. Педагогикалық зерттеу. Педагогикалық зерттеудің мәнін В.М.Плонский, В.Г.Воробьев, В.И.Загвязинскийлер анықтады. В.И.Загвязинский өзінің педагогикалық зерттеуге берген анықтамасында былай деді: «педагогикалық зерттеудің қатаң құрылуы оның зерттелінетін құбылыстың мәнімен байланысты» (). В.Г.Воробьев педагогикалық зерттеудің өзгеше ерекшелігін атап көрсетеді. Ол ойша экспериментті педагогикалық объект пен құбылыстың сипатына қарай соңынан алынған принциптер мен заңдар және заңдылықтар жөнінде зерттеулерге сүйенеді. Зерттеу арқылы ғылыми іс-әрекеттің негізінде жаңа бір идея, жаңалық, оқыту мен тәрбиенің заңдлықтарын, оның құрылымының, механизмінің, теориясы мен практикасы жөнінде жаңа мәліметтерге қол жеткізе отырып, педагогикалық әдіснаманың жалпы педагогика ғылымының мазмұны, құрылымы, принциптері, әдіс-тәсілдері жаңарып отырады.

  2. Мәселе. В.Г.Воробьев. В.М.Плонский. В.И.Загвязинский, Ю.К.Бабанский және тағы басқалар зерттеу пәнінің нақты жағдайына қоғам талабы мен практиканың қайшылығын анықтап көрсетті. Педагогикалық зерттеудің мәселесі адамдардың оқу-білімге, тәрбиеге қажеттілігі мен білімсіздік жолы мен оларды шешудегі әдістер мен құралдар арасындағы қайшылықты көрсетеді.

  3. Тақырып. Тақырып дегеніміз зерттеу жұмысының, зерттеу мәселесінің мәнін сипаттайтын қысқаша тұжырымды ой, сөйлем.

  4. Мақсат. Зерттеу жұмысының тақырыбына қарай оның мақсаты анықталады. Зерттеу мақсаты жұмыстың жалпы сипатына қарай, оның нендей мәселені көздеп отырғандығы туралы айтылатын ой, іске асырылатын жоспар. Мақсат зерттеу ойы, зерттеу соңынан алынатын ғылыми нәтиже.

  5. Зерттеу объектісі. Педагогикалық зерттеудің объектісі жалпы түрде педагогикалық әрекет аймағы деп қарастыруға болады. Ол арқылы ғылым тану мен практикада әр түрлі мәселелердің қашылықтары анықталады. Педагогикалық ғылыми зерттеудің объектісі болып көбінде педагогикалық жүйе, пройестің пайда болуы (тәрбие, білім, даму, тұлғаның алыптасуы, ұжымның қалыптасуы).

  6. Зерттеу пәні. Зерттеуге арналған объектінің жақтарын, ерекшеліктерді, заңдылықтарды қамтиды. Зерттеу пәні нақты педагогикалық объект аймағындағы тармақталуының, шешім талап ету элементтерінің байланысы.

  7. Болжам. Ғылыми негіздеме арқылы зерттелініп отырған мәселенің шешімін алдын-ала болжау.

  8. Зерттеудің міндетері. Зерттеу міндеттері зерттеу пәнінен туындайды. Зерттеу міндеттері 3-4 немесе одан да көп мәселелерді міндет етіп қояды. Міндеттердің брінші пункті бойынша зерттелініп отырған мәселенің мәні, құрылғысы туралы мәселелер қарастырылады. Екініші міндет бойынша оның жалпы мәнін ашуға бағыталған, зерттеу пәнінің моделімен байланысты болады. Үшінші міндет нақты әдістемелер, педагогикалық бағыттар, практикалық ұсыныстар айтылады.

  9. Зерттеудің әдіснамалық негізі (1.2.1)

  10. Жетекші идея. Ғылыми-зерттеу логикасының маңызды категориясы болып табылады. Ол мәселені оқып меңгеру қандай бақыт бойынша жүретіндігін, болжам қалай жоспарға асатынын, зерттеу бағытының мәнін ашады.

  11. Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар.

  12. Жаңалық.

  13. Зерттеудің теориялық мәні.

  14. Зерттеудің практикалық мәні.

  15. Зерттеудің кезеңдері.

  16. Зерттеудің әдістері.

  17. Зерттеудің нәтижелері.

  18. Зерттеудің дәйектілігі.

  19. Нәтижені практикаға енгізу.

  20. Құжат түрі.

  21. Қолданушыың мекен-жайы.


Мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары қалыптасуының логикалық-құрылымдық кестесі

DrawObject1

Студенттердің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары. Мұғалім тұлғасының қалыптасуының теориялық-әдіснамалық негізін педагогикалық білім жүйесінде А.М.Арсенова, С.И.Архангельский, А.Е.Абылқасымова, А.К.Ахметов, С.А.Абдыманапов, Е.Н.Блозорцев, В.П.Беспалько, И.Д.Багаева, З.И.Васильева, Г.Н.Волков, Г.С.Гершунский, С.М.Годник, Ф.Н.Гоноболина, Д.М.Жусубалиев, К.А.Дүйсенбаев, В.И.Загвязинский, К.Х.Закирянова, В.И.Журавлев, В.С.Ильина, С.Т.Каргина, М.Ж.Қозыбақова, В.В.Краевский, Н.В.Кузьмина, М.А.Құдайқұлова, Ю.Н.Колюткина, Б.Т.Лихачев, К.С.Мусин, Н.Д.Никандров, И.Т.Огородникова, Ф.Г.Паначин, З.И.Равкин, А.И.Пискунова, В.К.Розова, М.Н.Сарыбеков, В.А.Сластенин, В.В.Трифанов, К.С.Успанов, Г.Т.Хайруллина, Н.Д.Хмель, А.И.Шербакова, Д.С.Ягафарова және т.б.ғалымдар зерттеді.

Жоғарыда көрсетілген ғалымдар зерттеулеріне сүйене келе, жалпы тұтас педагогикалық процесті, оның мәнін, заңдылықтарын, педагогикалық құбылыстар мен жағдайларды анықтап білу үшін мұғалім үшін зерттеудің қарапайым дағдыларын меңгеру керектігі анықталып отыр.

«Мұғалінің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары» түсінігінің мәні.


Педагогикалық білім теориясында тұлғалық, іс-әрекеттік және қарым-қатынас мәселелері бойынша көптеген еңбектердің зерттелініп келе жатқаны мәлім.

Соңғы жылдардағы ғылыми басылымдарда педагогикалық білімнің теориясы, мақсаты, оның мазмұны және технологиясы бүгінгі күн талаптарына сәйкес өзгеріс енгізуді талап етіп отыр. Соңғы өткен педагогикалық жүйедегі зерттеушілер (Е.П.Белозорцев, Г.Г.Воробьев, В.Н.Гончаров, А.А.Греков, И.А.Колесникова, Л.В.Левчук, В.М.Лопаткин, В.М.Матросов, П.К.Одинцов, К.Б.Сейталиев, В.А.Сластенин, А.Тажмаганбетов және т.б.) еңбектері принциптік сипатта оны өзгертуге алып келіп соқты. Бұл мәселе әсіресе 90-жылдары білім беру саласында инновациялық қозғалыс жүрген кезде анық көріне бастады. Қазақстанда 90-жылдары педагогикалық блім беру саласында позитивті өзгерістер жүреді, дегенмен ол бірден сапалы өзгерістерге ауыса қойған жоқ. Сонымен қатар ғалым (В.А.Болотов, Е.И.Исаев, А.И.Пискунов, К.Б.Сейталиев, А.П.Сейтешов, В.И.Слободчиков, А.Т.Тажмаганбетов және Н.А.Шайденко пікірлері «Педагогика», «Қазақстан мектебі» журналдарында жарияланған. Олар мұғалім даярлау ісін оның ғылыми білімділігіне, жаңалықты іздеу мүмкіндігі мен қабілетіне, педагог, кадрлар даярлаудағы оның түпкілікті өзгерістерді қажет екендігін анықтап берді.

Мұндай ереже Қазақстандағы білім беру жүйесіндегі объективтік қажеттіліктерге қарама-қайшы келеді.

Педагогикалық білімнің негізін салушылардың бірі А.И.Пискунов мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларын қалыптасырудың теориялық моделі.


DrawObject2

Мұғалімнің кәсіптік
-педагогикалық моделі:

  1. Аксиологиялық педагогикалық, психологиялық білім, педагогиканың дамуы, педагогикалық рефлексияның жоғары деңгейі, педагогикалық такт, кәсіптік-педагогикалық жетілуге мұқтаждық, педагогикалық импровизация, педагогикалық іс-әрекеттің шығармашылық сипаты, ғылыми және педагогикалық әрекеттің ұштасу мүмкіндігі, педагогикалық этика, педагогикалық еңбекке қанағаттану, мұғалімнің сөйлесу мәдениеті.

  2. Технолгиялық оқытушының педагогикалық техникасы; педагогикалық қарым-қатынас технологиясы; сыныптағы және сыныптан тыс сабақтарды ұйымдастыру және жүргізу технологиясы; оқушының өзіндік жеке жұмыстарын ұйымдастыру және басшылық жасау технологиясы.

  3. Эвристикалық педагогикалық міндеттерді шешуге бағытталған педагогикалық ойды өңдеу, іс-әрекетте және қарым-қатынаста ойды жүйелеу, шығармашылыққа нәтижесін анализдеу және бағалау.

  4. Тұлғалық тұлғалық компонент мұғалімнің кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің мәндік ерекшеліктерін анықтайды. Ол (өзін тану, өзін бағалау, өзіндік қатынас, өзіндік талдау арқылы жүреді.


Мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларының теориялық моделі.


Мұғалімнің инновациялық белсенділігін (зерттеушілік, ғылыми, нәтиже енгізу, ұғыну, қолдану, озық тәжірибелер қарастыра келе «мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары» түсінігі қалыптасады. Бұл ұғымның теориялық құндылығы оның зерттеушілік әрекетінің барлық аспектісін қамтуында, оның бүкіл мағынасы инновациялық белсенділік береді.

Мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары мұғалім белсенділігінің түрлі формаларын қамтиды. «зерттеуші», «зерттеушілік жоба», «экспериментші», «әдіснама», «басқарушы» позициялары зерттеушінің іскерліктері мен дағдыларының қалыптасуы үшін маңызды.

Жоғарыдағы позицияларды ескере отырып, мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары мыналар:

Мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары бұл оқытудағы мұғалімнің кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің жүйелілік құрылымы. Ол іс-әрекеттілік шеберлік, озық тәжірибе, гностикалық әрекетермен байланыса отырып, жаңа білім алуға бағытталған, ғылыми білімді практикада қолдана білуге деген машығы және оқытудың тиімді формаларын ұйымдастыра алу мақсатында жүреді.

Мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары мұғалімнің зерттеушілік әрекетімен байланыса отырып, инновациялық-дидактикалық әрекеттегі мәдениет, шеберлік, іскерлік позицияларын қамтиды.

Мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары мұғалім жұмысының зерттешілік сипаты. Ол дәстүр, шығармашылық бастау, мұғалімнің алға ұтылушылығы мен өзіндік жұмысын жүргізуі, пән мұғалімінің кәсіптік-дидактикалық прогресін қамтиды. Егер іс-әрекет, дағды адамзат әрекетімен байланысты болса, мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары инновациялық-дидактикалық әрекетімен байланысты болып табылады.

Мұндай түсініктер мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларының келесі функцияларын анықтап береді.

Мұғалім іс-әрекеті оның ұйымдастырушылық-реттеушілік немесе дидактикалық функцияларымен байланысты.

Түсініктілік функция мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларының түсініктілік функциясы инновациялық мәселе жүйесінің адекватты түрі.


Болжамдық-басқарушылық функция мұғалімнің зерттеушілік жұмысындағы бұл функция мұғалімге мүмкін деген прогрестік өзгерістерді ұғынуға, оны басқаруға оқытудың жағдайларын басқару критерийлерін ұғынады.


Мұғалімнің эвристикалық-танымдық функциясы. Мұғалімнің инновациялық мәселелерді шешуі, оның өзекті мәселені тауып шешуі, жаңалау іс-әрекеті.


Коммуникативтік-тасымалдаушы функция бұл мұғалімнің ұжымдық ойлау, мониторинг, ұйымдастыру, инновациялық дидактикалық әрекетегі өнім мен ж..................................


Мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары мұғалім жұмысының бүкіл әрекетімен (оқыту, тәрбиелеу, дамыту) байланысты және ол пән мұғалімнің қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып жаңа қоғамның өзгермелі жағдайындағы мәселелерге көңіл аударуға үйретеді.

Мұғалімнің зерттеушілік жұмысы оқыту процесінің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз ете отырып, оның жинақтаған озық педагогикалық тәжірибесін, дидактика және оқыту әдістерінің дамуы үшін қолдану.

Зерттеушілік әрекеттің негізі дидактикалық жаңалыққа ол оның басты функциясы ......... 247-бет[ ]


Мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мұғалімнің педагогикалық әрекетте, сонымен қатар оқушыға оқу материалын ұғындыру үшін қажет.

Мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мұғалімге оның әрекеті шеберліктері айтыла келе мына топтарды ұсынамыз.


  1. Операциялық зерттеушілік іскерлік (ғылыми таным әдістерін қолдану, болжамға жету, зерттеудің мақсат-міндеттерін белгілеу, алынған нәтижеден қорытынды шығару және теориялық анализ жасау.

  2. Ұйымдастырушылық-зерттеушілік іскерлік. (зерттеушілік әрекетте өзін-өзі ұйымдастыру тәсілдерін қолдану, ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлау, өзіндік талдау, өзіндік бақылау жүргізу, жұмыс барысында оның нәтижесін анықтау)

  3. Практикалық зерттеушілік іскерлік (әдебиетпен жұмыс істей білу, эксперименттің зерттеу жүргізу, фактілер мен құбылыстарды бақылау, мәліметтерді жинау және құбылыстарды бақылау, практикалық іс-әрекетке алынған нәтижені енгізу)

  4. Коммуникативтік зерттеушілік іскерлік. (зерттеу жұмысының қызметтік тәсілдерін қолдану, ұжымдық зерттеу жұмыстарында, оны талқылауларға, міндеттемелерін бөлуге қатысу, өзара көмек, өзара бақылауды ұйымдастыру)


Зерттеушілердің пікірінше зерттеушілік біліктіліктің құрылымдық компоненті, білім, білік, тұлғаның дағдысы және сапасы тәптіп ретінде әр түрлі қалыптасулармен сипатталады. Осыған орай зерттеушілік біліктілігінің бес деңгейін анықтай аламыз:

І деңгей төменгі деңгей: кәсіптік біліктілік;

ІІ деңгей ортадан төменгі: біліктіліктің қалыптасуының алғашқы дағдылары;

ІІІ деңгей орта деңгей: біліктіліктің қалыптасу кезеңі;

ІҮ деңгей ортадан жоғары: біліктліктің жеткілікті қалыптасқан деңгейі;

Ү деңгей жоғары: зерттешілік іскерліктердің қалыптасу жетістігі.


Мұндай қалыптасу деңгейі педагогикалық жүйедегі жаңа педагогикалық білім, мәдениет, жаңа технология үрдісін қалыптастырады.


Әдіснамалық құрылым (компонент) гуманизм философиясы, ғылыми философия, ғылым әдіснамасы, педагогикалық әдіснама, жаңалықтану әдіснамасы.


Пәндік-теориялық құрылым оқытылатын педагогика, психология, дидактика, педагогикалық\ инноватика пәндерінің теориясы мен тарихынан тұрады.


Әдістемелік құрылым моделіне оқу пәнінің әдістемесі, оқу пәні әдістемесінің тарихы кіреді.


Технололгиялық компонент нақты пән бойынша педагогикалық технология, оқыту технологиясн қарастырады.


Осыған орай пән білімнің түрлерін құрайды: пәндік білім: (білім-сипаты-білім түсінігі, білім позитивті және т.б.), әдіснамалық білім, әдістемелік білім, технологиялық білім (білім сипаты, нормативтік білім)

«Болашақ мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары» моделінің құрылымы мен мазмұны

Мұғалім өскелең ұрпақты тәрбиелей отырып шәкіртін оқытып, тәрбиелеп, дамытады, қалыптастырады, әлеуметтік өмірге, болашаққа дайындайды. Сонымен қатар мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдылары оның кәсіптік қабілеттерімен де тікелей байланысты болып келеді. Мұғалім кәсіптік сапалары мен қабілеттері: ғылыми-зерттеуді ұйымдастырушылық қабілеті; конструктивтік қабілеті, коммуникаивтік қабілеті, экспрессивті қабілеті, перцептивті қабілеті, академиялық қабілеті.

Ұйымдастуршылық қабілеті мұғалімнің ғылыми-зерттеу жұмыстарына ұйымдастыруда оған көп күш жасамай, оларды тиімді, әр әдеттегі үйреншікті түрде жүзеге асырып отыруы. Оқу материалының мазмұнын, жеке оқушының даралық қасиеттерін, оның оқуға деген ынта-ықыласын зерттеу барысында, оны оқу-тәрбие процесімен байланыстыра отырып жүргізу.

Конструктивті қабілет конструкция латын сөзі. Мағынасы құрылымы, түзілісі, үйлесімі деген түсінікті білдіреді. Зерттеуші мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларының тағы бір сапасы болып абылады. Кез-келген зерттеу жұмысын оқу-тәрбие процесімен байланыстыра отырып, оны жоспарлы түрде іріктеп алып, оларды тәлім-тәрбие ісінде жүзеге асырудың өнімді жолдарын іздестіреді. Шәкірттермен дұрыс қатым-қатынас орнатып, олардың білімін өрістетіп отыруды көздейді. Конструктивтік қабілеті мұғалімнің зерттеушілік жұмысындағы дербестік ісі мен әдісі айқын көрініс табуы тиіс. Мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларының конструктивті қабілетпен байланысы оқу-тәрбие процесін жүйелі түрде үйлестіруі, оқу бағдарламасы мен жоспарлы түрде шәкірттерге білім негіздерін үйретуі, олардың мазмұнын тиянақты меңгертуді ұстаздық мамандық даярлығының жоғары сапада екенін көрсетеді.

Коммуникативтік қабілет коммуникациялық қарым-қатынас жасау мен қатынас орнату ғылыми-зерттеу жұмыстарында зерттеуші мен оқушылардың өзара түсінісу, «оқушы-мұғалім-оқушы» арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктері зерттеуде дұрыс нәтиже береді. Мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты тұрақтандырып отыруы мына мәселелерге көңіл аударуды қажет етеді: хабар түрінде оқушыларға жеткізілетін оқу материалдарының мазмұны мен түр сипаты; Оқушылардың меңгеруге тиісті оқу материалдарына ықылас-ынта қоюы; Оқушылардың оқу материалын тыңдап, одан әсер алуы, көңіл-күйінің тебіреністері; Мұғалім мен оқушы арасындағы үздіксіз байланыс.

Мұғалімнің зерттеушілік жұмысындағы коммуникативтік қабілеті оқушылармен қарым-қатынас орнатумен ғана шектелмейді. Мұғалім әлеуметтік жауапкершілікті атқарушы маман ретінде оқушылардың ата-аналарымен, олардың туыстарымен , өзімен қызметтес әріптестерімен, ұжымдағы өзге де адамдармен үздіксіз қарым-қатынас жасайды. Бұл мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларын, ұстаздық өнерін, қабілетін шыңдап, қат-қабат қасиеттерді жетілдіре түседі.

Экспрессивтік қабілеті ұстаздың сырт пішіні, бет құбылысы, қимыл-қозғалысы, сияқты сыртқы бейне мәдениеті жатады. Экспрессия француз сөзі. Мағынасы айқындық, бейнелік, мәнерлілік дегенді білдіреді. Ұстаздың бұл қабілеті оны сөз қолданысы, сөйлеу жүйесі арқылы оқушыларға ойын әсерлі, мәнерлі түрде жеткізе алуы.

Перцептивтік қабілет қабілеттіктің бұл түрін мұғаімнің сергектік қабілеті деп атайды. Перцепция латын сөзі, мағынасы қабылдау. Мұғалімнің сергектік қабілеті сабақ үстінде, зерттеу барысында оқушыларды бақылай отырып, олардың жай-күйін айқын аңғарып, түсіне білуі, мұғалім оқушылардың оқу материалын қалай қабылдап, мазмұнын ұғу жайын үнемі байқап отыруы керек. Мұндайда мұғалім әрбір оқушының сабақ үстінде жеке-жеке бақылап, олардың ынта-ықыласын, зейіні мен ойлау әрекеттерін өрістетіп бағдарлайды, оқушы мұғалімнің бақылауында болады.

Академиялық қабілет бұл атау оқу процесіндегі сабақтың уақыт мөлшерімен байланысты. Оқу процесіндегі сабақтың академиялық уақыты 45 минут. Мұғалім белгіленген академиялық уақыт мөлшеріне сәйкес сабақ жүргізе отырып, сол уақытта өзінің бүкіл с-әрекеті мен сабақ құрылымының кезеңдерін жоспарлай отырып, жүргізеді. Бұл мұғалімнің зерттеу жұмысы болсын, оқу жұмысы болсын шеберлігіне, іс-тәжірибесіне және қабілеттік ұйымдастырушылық, перцептивтік, коммуникативтік түрлеріне байланысты іске асады.

Дидактикалық қабілет мұғалімнің адамгершілік тұлғасының, этикалық мәдениетінің сапалық жақтары Н.К.Крупскаяның, М.К.Калининнің, С.Т.Шацскийдің, А.Жақыповтың, С.Ұзақбаеваның, Л.И.Рувинскийдің, А.С.Макаренконың, Н.И.Болдырев және т.б. жаңашыл педагогтардың еңбектерінде этикалық тәрбиенің аса маңызды факторлары ретінде қарастыралады.

Сондай-ақ мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі, басқару техникасы туралы сөз болғанда мұғалімнің моралдық қасиеттеріне қойылатын талаптар да оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен сипатына қарай күн өткен сайын өзгеріп, жаңарып, жаңа сипат алып отыратындығын естен шығармауымыз керек. Мұның өз қоғамның үздіксіз дамуынан ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыратын нәрсе.


Мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру әдістері.


Мұғалімнің зерттеушілік іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру үрдісі педагогикалық колледждер мен институт, университет қабырғаларында жүргенде жалпы кәсіптік дайындық, арнаулы пәндер, кәсіптік цикл пәндері, жеке пән әдістемелері, кәсіптік практика барысында дамып, қалыптасады. Болашақ мұғалім, яғни студент педагогикалық зерттеудің әдіс-тәсілдерін, оқытудың дидактикалық әдіс-тәсілдерін, тәрбие әәдістерін меңгере отырып, оны өз практикасында қолдану барысында ғылыми-зерттеудің негізі туралы түсінігі толысып, зерттеушілік қызметтегі алғашқы икемділіктері мен дағдылары қалыптасады. Мұғалімнің кез-келген шығармашылық жұмысы мұғалімнен ғылыми-зерттеушілікті талап етеді. Мұғалімнің зерттеушілік әрекеті туралы көптеген ғалмдар өз зерттеулерінде оны түрлі салаларға жіктей отырып зерттеді.




















11


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
23.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі