400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Педагогтардың кәсіби дамуына бағытталған мектепішілік жобалардың тиімділігі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, әлеуметтік прогресс педогог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді. Сол педагог-маманның кәсіби білімі мен шеберлігін шыңдауға, оқу-тәрбие процесінің нәтижесін мониторингілеуге, білім беру ұйымы қызметкерлерінің шығармашылық құзіреттілігінің дамуын қалыптастыруға, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға көмектесетін оңтайлы оқу-әдістерінің бірі мектепішілік жобалар маңызды рөл атқарады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Педагогтардың кәсіби дамуына бағытталған мектепішілік жобалардың тиімділігі


Муханова Диана Жанболатовна Мұнайлы ауданы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін мектептің директордың әдістемелік істер жөніндегі орынбасары


Қоғамдық қарым-қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы, әлеуметтік прогресс педогог қызметінің мазмұндық сипатын өзгертуді талап етеді. Сол педагог-маманның кәсіби білімі мен шеберлігін шыңдауға, оқу-тәрбие процесінің нәтижесін мониторингілеуге, білім беру ұйымы қызметкерлерінің шығармашылық құзіреттілігінің дамуын қалыптастыруға, бәсекеге қабілетті мамандарды даярлауға көмектесетін оңтайлы оқу-әдістерінің бірі мектепішілік жобалар маңызды рөл атқарады.

Қазіргі таңда мектебімізде «Мұғалімдер рейтингісі» жобасының нәтижесінде жекеленген бағыттар бойынша олқылықтарды жою мақсатында мұғалімдерді дамытуға бағытталған «Білім экспресі», «Ізденіс. Нәтиже» жобалары, білім сапасын арттыруға бағытталған «Нәтижеге бағытталған сыныптар» жобасы жүзеге асырылуда. Педагогтер арасында ұжымдық мәдениетті қалыптастыруда, өзара кәсіби диалог орнатуда, мұғалімдерді ынталандыру, марапаттауды ұйымдастыруда, бәсекеге қабілетті маман мен кәсіби педагогикалық білімін жетілдіруде мектепішілік жобаларды енгізу тиімді. Педагогтер жобаға қатыса отырып, өз-өздерін дамытады, әрі жұмыс нәтижелері бағаланады. Ең бастысы, қай жоба болмасын білім сапасына оң әсерін тигізуде.

Мектептің жаны - мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім” деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай, ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны қалыптастыру – білім берудің басты міндеті.

«Білім негізі – бастауышта» демекші, сапалы білімнің негізгі іргетасы 1-сыныптан басталады. Педагогтердің кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге жетуге ұмтылысын арттыру, өзін-өзі дамытуына ықпал жасау, кәсіби дағдыларын жетілдіру, бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдерді анықтау, оларды қолдау және ынталандыру, мұғалімдердің өзін-өзі дамытуына ықпал жасау, мұғалім мамандығының мәртебесін өсіру мақсатында 1-сынып мұғалімдеріне арналған «БІЛІМ ЭКСПРЕСІ» жобасы өткізіліп келеді.

Жоба 5 кезеңнен тұрады. Жоба барысында мұғалімдерге сабақ беретін пәндеріне қарай әр түрлі тапсырмалар беріледі. Тапсырмаларды пән мұғалімдерінен тұратын шығармашылық топ құрастырады. Шығармашылық топ құрамына мектебіміздің жоғарғы санатты, педагог-шебер, педагог-зерттеуші мұғалімдері енді. Әр кезеңнің қорытынды нәтижесі (әр мұғалімнің жеке өзіне) жіберіліп отырады. Әр кезең соңында қажеттілігіне қарай шығармашылық топ координациялық жұмыс жүргізіп отырады. Әр мектеп өз қажеттіліктеріне қарай жоба қатысушыларын анықтап, әр кезең тапсырмаларын түрлендіріп қолдануға болады.

Жобаға 1-сынып мұғалімдері қатысқандықтан, бастауыш сыныпта оқытылатын негізгі пәндер бойынша тапсырмалар алынды.

І кезең – тест сұрақтары (қазақ тілі, әдебиеттік оқу, математика);

ІІ кезең – пән бойынша тапсырмалар (теория, грамматика);

ІІІ кезең – Эссе (жазылым);

ІV кезеңі – мәтінмен жұмыс (оқылым, жазылым);

V кезеңі – логикалық тапсырмалар (олимпиадалық тапсырмалар)

Жобаға нәтижесінде жалпы ұпайдың 70% жинай алған мұғалімдер ЖҮЛДЕГЕР атанып, мектептің Қамқоршылық Кеңесі мен кәсіподақ ұйымының қолдауымен ЖҮЛДЕГЕР сертификаты мен бағалы сыйлық («Абайдың қара сөздері» және «Қазақ есімдерінің энцеклопедиясы» кітаптары) беріледі.

“БІЛІМ ЭКСПРЕСІ” жобасының қорытындысы не берді? Әр жоба соңында бұндай сауалдың туындауы орынды. Өйткені «не ексең, соны орасың» демекші, әрбір жасалған жұмыс нәтижесі өнім бермесе, оны әрі қарай жасаудың қажеттілігі жоқ. Ал біздің тәжірибеміздегі бұл жоба нәтижесінде:

  • мұғалімдер арасындағы бәсекелестік артты;

  • шығармашылықпен жұмыс жасайтын мұғалімдер анықталды;

  • үздіксіз білімін жетілдіру дағдысы қалыптасты;

  • жекеленген мұғалімдердің басым бағыттары айқындалды.

Жоба шығармашылық топ құрамындағы мұғалімдерге де өз ықпалын тигізді. Жобаның әр бір кезеңіне тапсырма дайындау арқылы

  • түрлі деңгейде тапсырма құрастыру арқылы ІЗДЕНІСІ артты;

  • координациялық жұмыстар жүргізу арқылы КӨПШІЛІК АЛДЫҢДА СӨЙЛЕУ шеберлігін қалыптасты;

  • Тапсырмаларды тексеру арқылы КРИТЕРИЙ ҚҰРУДЫ үйренді.

Қорыта айтқанда, ұстаз еңбегін дұрыс бағалау мектеп және мұғалімге деген жұртшылық пен ата-аналардың көзқарасын өзгертіп қана қоймай, оның қоғамдағы орнын да айқандап береді.

Біздің халқымыз «Ұстаздық ету – талабы қашанда таусылмайтын, заманы ешқашан ескірмейтін кәсіп» деп санаған. Сондықтан кез келген мұғалім «Өмір бойы оқу, үйрену» қағидасын ұстанғаны жөн.

Қандай жоба болмасын барлығында бір мақсат – сапалы білім беру. Еңбегіміз жемісті, мектебіміз табысты болсын.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
09.09.2026
4
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12