Материалдар / Педагогтармен мастер класс Тақырыбы:"Көпқызметті трансформер ойыншығы"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогтармен мастер класс Тақырыбы:"Көпқызметті трансформер ойыншығы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл мақала балабақша әдіскерлеріне арналған.Мақалада педагогтармен жаңа инновациялық технология трансформер ойыншықтарының маңызы туралы мастер кластың өткізілу әдісі берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2021
611
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Атырау қаласы

«Зейнеп-Амина және балапандар» бөбекжай-балабақшасы

әдіскер, Куанышкалиева Айжан Кенжешқызы



Педагогтармен мастер класс

Тақырыбы:"Көпқызметті трансформер ойыншығы"

Мақсаты:

- Трансформер ойыншығы арқылы педагогтардың кәсіби құзырлығын арттыру. Тапсырмалар беру арқылы педагогтардың білімдерін жан-жақты жетілдіру. Педагогтардың түйсігіне «трансформер ойыншығы» туралы ұғымды түсіндіріп жеткізу.

Керекті құралдар:

Трансформер ойыншықтары


Мастер класстың барысы:

Кіріспе бөлім:

1. Мастер класстың тақырыбымен,мақсатымен түсінік.

2. Мастер класстың жүргізілу жоспарымен таныстыру.


8 педагог шақырылады.

Ша - Әріптестер, бір-бірімізбен танысып алайық және өзіңіздің қандай қасиеттеріңіздің бар екенін және немен шұғылданғанды жақсы көресіз. Бүгінгі шеберлік сыныбымыз сәтті өтсін деп бір-бірімізге жылы лебіз-тілектерімізді білдірейікші (әр тәрбиешінің бір-біріне тілек білдіруі).


Педагогтарға екі түсті гүлдерді беру,педагогтар алған гүлдеріне қарай екі командаға бөліну, әр командада 4 мүше.

1-команда – қызыл түс

2-команда – сары түс

Қызыл түс – өмірлік күшті,белсенділікті,талпынысты,жеңіске деген жігерді білдіреді.

Сары түс – қуанышты,жеңілдікті,жаңалыққа құштарлылықты білдіреді.



Негізгі бөлім:

1-тапсырма:

«Тапсырманы орында»

Керекті құралдар: Трансформер ойыншықтары:робот,кубик,поезд,сиқырлы аяқ киім

Шарты:

Екі топқа әр түрлі трансформер ойыншықтарды береді. Тапсырма:

- Осы трансформер ойыншықтарын қандай білім беру салаларында қолданар едіңіз?

-Баламен осы ойыншықты қолдану арқылы қандай дидактикалық ойын түрлерін ұйымдастыруға болады?

Қорытынды:

Қазақстан Республикасының «Білім беру» жүйесінің негізгі бес білім беру салаларының ішінде «Қатынас», «Таным», «Әлеуметтік орта» білім беру салалары бойынша балалардың жас шамасына сай қолдануға болады және бұл трансформер ойыншығы балаларды жан-жақты дамытып жетілуіне әсері зор.

Трансформер ойыншығы арқылы «Кім тез атайды», «Түстерді ажырат», «Км алғыр» т..с.с ойындар ойнауға болады.


2-тапсырма:

Ассоциация кластері - «Жаңа көпқызметті ойыншықты дайындау»

Керекті құралдар: ғажайып кілемше,желім, қайшы, геометриялық пішіндер, әр түрлі бейнедегі суреттер,стикерлер,түрлі-түсті қағаздар.

Шарты:

Екі бірдей ғажайып кілемшені қызыл түсті педагогтарға, сары түсті педагогтарға беріледі, құралдар ұсынылады, сол құралдардан «Жаңа көпқызметті ойыншық даярлау» тапсырылады. Командалардың лидері өздері шығарған ойыншықтарын мақтап және сол ойыншық туралы әңгімелейді. Тапсырманың ұзақтығы 2 минут.

Қорытынды:

Ойыншық кез келген баланың серігі. Ойыншық арқылы баланың ойлау қабілетіартады, сол арқылы өмірге бейімделеді.
Ойыншық баланың жұбанышы,қуанышы.Көпқызметті дидактикалық ойыншық бала сана- сезімінің,миының және коммуникативтік қабілетінің жетілуіне әсер етеді.


3-тапсырма:

«Ойыншықты жандандыр»

Керекті құралдар:Трансформер ойыншықтары: түйе,ұлу

Шарты:

Әр командаға жануар аты жазылған қағаз беріледі, Команда мүшелері қағазды оқып, сол қағазда жазылған жануарды келесі командаға қимыл көрсету арқылы жасырып,ал келесі команда мүшелері оның қандай 15 секунд тез, шапшаң ойыншық жануарды тауып,оны бейнелеуі тиіс.Сол ойыншық жануар туралы тақпақтар оқып,жұмбақтар айту және әр команда келесі команданың жұмбағын шешеді.

Қорытынды:

«Жобадағы жандандыру әр қатысушының тиімді бір-біріне қарым-қатынасынан басталады» .Ойыншық бала үшін ермек қана емес,сонымен қатар ол оның дамуына да тиімді құрал,қимыл-қозғалысты,сезім ағзаларын,танымдық,коммуникативтік қабілеттерін жетілдірудің де бастамасы.Баланың сенімді серігіне айналған ойыншықтың сапасынан бөлек, тәрбиелік мәніне терең мән беруді әр педагог бір сәт ойланса игі.


Қорытынды бөлім.

Үлкен жиында Жетес шешеннің тапқырлығын сынамақ болған бір беделді ақсақал:

Адамның,жердің,сөздің,пікірдің сәні неде?деп сауал қойыпты.

Сонда Жетес шешен би:

Адамның сәні- өнер,білім,ақыл.

Жердің сәні-жеміс,өнім,дақыл

Сөздің сәні-өнегелі нақыл

Пікірдің сәні-ойландырар мақұл,-деп жауап берген екен.

Осы Жетес шешеннің ақылды сөзімен бүгінгі мастер классты аяқтаймын.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!