Материалдар / Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Педагогтердің кәсіби құзыреттілігін дамыту арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Тамыз кеңесіне дайндалған материал негізінде жіберіліп отыр.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Секция Тарих













Абушарипова Эльвира Уахитовна

Павлодар облысының білім беру басқармасы,

Баянауыл ауданы білім беру бөлімінің

«Мұхтар Әуезов атындағы жалпы орта білім беру мектебі» КММ


elvira-abusharipova@mail.ru




























Аннотация

Баяндамада педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылатын оқыту үрдісі, өзін өзі өзектендіруі, өзекті білімді меңгеруі, біліктілігі мен дағдысы жетілуінде біліктілікті арттыру курсы туралы сөз қозғалады. Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты жүйелі саралауды талап ететін кешенді құрылымдық жүйе екендігі белгілі. Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер кепілі екендігі айтылады.



Аннотация

В докладе речь пойдет о курсе повышения квалификации в процессе обучения, самоактуализации, овладении актуальными знаниями, совершенствовании квалификации и навыков, которые являются неотъемлемой частью формирования профессиональных компетенций педагогов. Известно, что категориальный аппарат метода Кейс-стади представляет собой комплексную структурную систему, требующую систематической дифференциации. Отмечается, что создание категориального аппарата метода помогает значительно повысить эффективность его применения, а также является залогом новых возможностей для метода технолизации в учебном процессе.



Abstract



The report will focus on the advanced training course in the learning process, self-actualization, mastering relevant knowledge, improving qualifications and skills that are an integral part of the formation of professional competencies of teachers. It is known that the categorical apparatus of the Case Study method is a complex structural system that requires systematic differentiation. It is noted that the creation of the categorical apparatus of the method helps to significantly increase the effectiveness of its application, and is also the key to new opportunities for the technolization method in the educational process.








Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 


1. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 8 том . Қазақстан тарихы энциклопедиялық анықтамалығы

2. http://ardaktylar.kz/persons/category/tarih/ тарихи тұлғалар. Өнегелі өмір иелері.

3. http://www.alash.kz/ . 4. А.Сейдімбеков, «Елтұтқа» кітабы, 2001ж, 356 бет

5. Жұлдызы жанған ғұлама. Академик Манаш Қозыбаев туралы естелік. – Алматы: Атамұра, 2003. – 288 б

6. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы IV том. Алматы 2002ж.

7. Айдарова А. Өлкетану жұмыстарының әсері мол // Қазақстан мектебі, 2006 жыл №6 10-15 бет.


























Түйінді сөздер: тарих, құндылық, кейс стади,case-study

Ключевые слова: история, ценность, кейс стади,case-study

Key words: story, value, case-study

















































Педагогтардың кәсіби құзіреттілігін дамыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру

Қазіргі кезде қоғамдық әлеуметтік өмірдің барлық саласында түбірлі өзгерістердің болуына байланысты білім жүйесінде де оның мазмұны мен оқыту әдістемесінде де біршама жаңалықтар болып жатыр.

Оқу бағдарламалары білім беру процесіне қойылатын негізгі талаптардың бірі - білім алушылардың өздігінен білім алуы үшін белсенді іс-әрекетін ұйымдастыруға бағытталған. Мұндай тәсілдеме пәндік білімді, әлеуметтік және коммуникативтік дағдыларды ғана емес, сонымен бірге өзінің жеке мүдделері мен болашағын ұғынуға, сындарлы шешімдер қабылдауына мүмкіндік беретін тұлғалық қасиеттерді де қалыптастыруға ықпал етеді.

Тұлғалық-бағдарлық білім беруді нығайту білім беру процесіне қатысушылардың өзара қарым-қатынасында өктемшілдікке жол бермей, ынтымақтастығына ықпал ететін оқытудың алуан түрлі интерактивті әдістерін қолдану арқылы жүзеге асады. Сондықтан да қазіргі қоғам мен мектеп оқытудың жаңа міндеттерін сапалы шешуге, шығармашылыққа қабілетті педагог қызметкерлеріне мұқтаж.

Педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастырудың ажырамас бөлігі болып табылатын оқыту үрдісі, өзін өзі өзектендіруі, өзекті білімді меңгеруі, біліктілігі мен дағдысы жетілуінде біліктілікті арттыру курсы маңызды рөл атқарады.

Педагогтарды оқытуда аталған курс тәжірибеге бағытталған белсенді оқу тәсілдерін қолданумен ерекшеленеді. Біліктілікті арттыру курсы аясында оқыту қызметі андрагогика ұстанымына негізделеді. Олар:

-білім алушылар оқу үрдісінде жетекші роль атқарады;

-білім алушылар, қалыптасқан тұлға ретінде алдарына нақты мақсат қоюға, өз бетімен, өзін өзі басқаруға, өзін өзі жүзеге асыруға ұмтылады.

-ересек адамдар меңгерген білім, білік, дағдыларын, өмірлік және кәсіби тәжірибелерін оқыту үрдісінде тиімді қолданады;

-оқу процесінде білім алушылар мен тренердің іс-әрекетінің барлық кезеңдерінде бірлесе ұйымдастыру

Біліктілікті арттыру курсының екі негізгі міндеттерін атап өтуге болады: білім алушыларды жаңа ақпаратпен қамтамасыз ету және кәсіби білік, дағдыларын қалыптастыру, жетілдіру. Жаңа ақпаратпен қамтамасыз ету негізінен дәріс түрінде жүзеге асырылады. Дәріс төмендегідей дидактикалық міндеттерді шешеді: дұрыс емес стереотиптерді жою, қызығушылық, сендіру, тәуелсіз іздеуге және интеллектуалды белсенділікті тудырады теориялық деңгейден ойдағыдай өтуге көмектеседі.

Теориялық деңгейден қолданбалы білімге ойдағыдай өтуде стреотиптерді жоюға, белсенді ойлауға және өз бетімен ізденуге қызықтыруға, сендіруге үйретеді. Дәрістің артықшылығы ұсынылған материалдың өзара байланысы мен логикалық қабылдаудың тұтастығында. Оқыту курстарындағы дәріс сағаттарының қысқартылуы шектеулі уақытта теориялық материалдарды нәтижелі меңгеруге, дәрісті өткізуде инновациялық тәсілдерді қолдануға мүмкіндіктер тудырады. Осындай жетістікке жетуге мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі- белсенді оқу дәрістері. Белсенді оқу білім алушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді.

Белсенді оқу барысында мұғалімдер:

- барлық оқушылардың оқу үдерісіне қатысуын қамтамасыз ететін жағымды оқу ортасын қалыптастыруға;

- сенімді, жауапты, белсенді, жаңалыққа ұмтылатын және өзінің іс-әрекетін талдап, рефлексия жасай білетін оқушыларды тәрбиелеуді мақсат етуге;

- оқушылардың дағдыларын дамытуға бағытталған тапсырмалар мен белсенді әдіс- тәсілдерлі қолдануға;

- алға қойылған оқу мақсаттарына қол жеткізу арқылы жоспарланған сабақты тиімді өткізу үшін материалдарды, ресурстарды және қосымша құралдарды пайдалана отырып, бүкіл сынып қатысатын, топтық немесе жұптық жұмыс түрлерін, оқушылардың жеке жұмыс істеуін ұйымдастыруға және уақытты басқаруға;

- оқушыларды мадақтап, оқуға еліктіре, қызықтыра отырып, ұғымдарды түсіндіруде.

Интерактивті дәріс ерекшеліктері: - қатысушылар бір-бірімен және оқытушымен байланысқа түсе алады;

-білім алушы дәріс презентациясын пайдаланады;

-білім алушылардан әруақытта ақпаратты өңдеу және дәріске белсенділік таныту талап етіледі;

- әруақытта дәріскерден және білім алушылардан тиімді кері байланыс ұсынуы талап етіледі;

- дәріскер білім алушылардың өзара қарым-қатынас деңгейін бақылап отырады;

Белсенді оқыту дәрістерінен алған ақпараттар ұзақ мерзімді есте сақтауға мүмкіндік береді.

Кейс амал-тәсілінде басты назар білім алушылардың ұсынылған нақты немесе қиялдық (алдын-ала құрастырылған) жағдаяттарды талдауы және осы жағдаятқа өзіндік баға беруі, өзінің ой-пікірін нақты әрі толық айтып беруі т.б. білім алушылардың жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіруге аударылады. Кейс әдісі нақты жағдайлар тұрғысынан академиялық теорияларды көрсетуге мүмкіндік беретін білім алушылардың материалды оқуға, білімді терең меңгеруге, ақпаратты өңдеуге және талдауға, әртүрлі жағдайларды саралауға мүмкіндігі мол білім беруі тәсілдерінің заманауи түрі.

Кейс әдісін тиімді қолдану арқылы білім алушылар бойында келесі дағдыларды қалыптастыруға және дамытуға болады:

- Аналитикалық дағдылар. Оларға келесілерді жатқызуға болады: деректердің мәліметтерден айыру шеберлігі, маңызды және маңызды емес ақпараттарды айыра білу, талдау, елестету және оларға қол жеткізу, жіберіп алған ақпаратарды тауып, оларды қалпына келтіру шеберлігі және т.б. Нақты және логикалық ойлау қабілеті. Бұл әсіресе, ақпарат сапасы төмен болған жағдайда өте маңызды.

- Тәжірибелік дағдылар. Кейсте көрсетілген нақты жағдайларымен салыстырғанда мәселенің күрделілігі төмен деңгейі экономикалық теорияларда, әдістер мен принциптерде қолданылатын тәжірибе дағдыларын жүйелеуге мүмкіндік береді.

- Шығармашылық дағдылар. Ережеге сай жалғыз CASE-пен мәселе шешілмейді. Мұнда, логикалық жолмен шешілмейтін, альтернативті шешу генерациясының шығармашылық дағдылары өте маңызды.

- Коммуникативті дағдылар. Олардың ішінен төмендегілерді атап айтуға болады: дискуссияны жүргізу шеберлігі, қоршаған адамдардың көзін жеткізу. Көрнекі материалды және басқа медиа заттарды қолдану – топтарға бірлесу, өз көзқарасын қорғау, оппоненттердің көзін жеткізу, қысқа да нұсқа есеп дайындау.

- Әлеуметтік дағдылар. Талқылау барысында CASE-те нақты әлеуметтік дағдылар қалыптасады: адамдардың өзін - өзі бағалау тәртібі, тыңдай білу, дискуссияны қолдау немесе қарама -қарсы көзқарасты дәлелдеу, яғни, өзін өзі ұстау және т.б.

- Өзіндік саралау. Пікірталас кезінде келіспеушілік басқалардың және өзінің пікірін жете түсінуге және талдауға септігін тигізеді. Туындаған моральдық және этикалық мәселелер оларды шешудің әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруды талап етеді. Бұл әдістің тиімділігі, ол басқа оқу әдістерімен оңай байланысуы мүмкін. Кейс-стади әдісінің категориялық аппараты жүйелі саралауды талап ететін кешенді құрылымдық жүйе екендігі белгілі. Әдістің категориялық аппаратын құру оны қолдану тиімділігін бірталай арттыруға көмектеседі, сонымен қатар оқу процесіндегі технолизациялау әдісі үшін, жаңа мүмкіндіктер ашады.

Аталған әдісті кәсіптік тәжірибемде қолдану арқылы төмендегідей қорытындыға келдік:

Сase-study әдісімен жұмыс жасаудағы артықшылықтар: әрбір қатысушы өзінің пікірін басқа қатысушының пікірімен салыстыра алады, шешіліп жатқан мәселенің өзектілігі және оны білім алушылар тәжірибесімен тығыз байланыста болғандықтан білім алушылар ынтасы мен белсенділігі жоғары болады.

Сase-study әдісімен жұмыс жасау барысындағы қиыншылықтар: нашар ұйымдастырылған талқылаулар ұзақ уақыт алуы мүмкін. Егер қатысушылар да қажетті білім мен дағдылар болмаса, жұмысты дұрыс ұйымдастыруда және талқылауға дұрыс бағыт беріп отыруда қатысушының кәсіби біліктілігіне жоғары талап қоймаса, жақсы нәтиже көрсете алмайды. Сонымен қатар, мұғалім практикалық жағдаяттарды талқылауда оқушыларда жиі кездесетін қателерді болдырмауға тырысу керек. Олар:

- Оқушылар берілген ақпараттардың ішінен қажеттісін ажыратам деп сол ақпараттарға көміліп, негізгісін анықтай алмайды;

- Жағдаятты тар көлемде қарастырады да, проблема көрінбей қал

- Оқушылар талқылауды аяқтамай-ақ, әрекет ету жоспарын құрады.

Біздің көзқарасымыз бойынша, белгілі мотив-мақсаттардың мазмұны болмасын, олардың алғашқы басқышында жетістіктің түрткісі орын алуы тиіс. Өзіндік даму мен өзіндік жетілуге деген қажеттіліктерден туындайтын түрткі саналылыққа ауысып, адамның әрекет ету ортасын кеңейтіп отыратын себептерін оятады тұлғаның әлеммен байланысын кеңейтіп, қорытындысында білім алушыны өзіндік кемелденуге жетелейді

Педагогтің кәсіби құзыреттілігі – оның кәсіби беделі орталықтан орын алатын мінез- құлықтың қасиеттерін қамтушы оң қасиеттердің ауқымын белгілейді. Мектебіміздегі өтетін әр іс-шара мұғалімдеріміздің шығармашылық дамуына үлкен әсері бар. Әр ұстаз баланы рухани дамуына да көп үлес қосуы керек. Ал, бұл бөлек тақырып....

К.Ушинскийдің пікірінше, бала өз оқуы тиіс, ал педагогтың қызметі – оған игерілуі қажет материалды ұсынып беру, оны оқу процесін басқару. Жаңа Қазақстан білім беру кеңістігінде реформалау бағыттары жалпы әлемдік бағдар мен үндес келетін фактілерінің іске асырылуында деп сөзімді аяқтаймын.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!