Педагогтың кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Толаметова Гулчехра Мирзахматовна,
№92 жалпы орта білім беретін мектеп,Шымкент қаласы
Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген.
Құзіреттілік – жеке тұлғаның теориялық білімі мен практикалық тәжірибесін белгілі бір міндеттерді орындауға даярлығы мен қабілеті. Ол жансыз жаттанды білім түрінде емес жеке тұлғаның танымға, ойлауға қатысын және әрекетке, белгілі мәселелерді ұсынып, шешім жасауға, оның барысы мен нәтижелерін талдауға, ұдайы түрде ұтымды түзетулер енгізіп отыруға деген икемділігінің белсенділігінен көрінеді.
Сапалы білім беру арқылы оқушылардың алған теориялық білімін практикалық іспен байланыстыра отырып, олардың дүние танымын кеңейтіп, белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыра аламыз.
Білімнің сапасын көтеруде қазіргі таңда қолданылып жатқан әдіс-амалдар өте көп, олар оқушылардың қызығушылығын арттыруда, жаңа технологиялар да жылдан-жылға көбею үстінде.
Жаңа технология негізінде оқушы, біріншіден, таныс тәсілдер арқылы бұрыннан таныс үлгілер бойынша жұмысты іске асырады.
Екіншіден, танымдық іс-әрекет арқылы білім мазмұнын нәтижеге бағдарлайды.
Үшіншіден, шығармашылық іс-әрекет арқылы таныс емес жағдайдағы проблемалық жағдаяттардан шығу жолдарын қарастырады, жеке адамның тұлғалануымен ерекшеленеді.
Оқушы шығармашылықты тапсырмаларды орындау барысында ақпараттық көздерінен алынған мәліметтерді пайдалана отырып өмірден көрген практикасымен байланыстыру арқылы сұрақтардың шешімін табуға жол ашады.
Ал қазіргі оқытушы оқушыларға дұрыс ұйымдастыра отырып, бағыт бағдар беру арқылы өздігінен жұмыс жасауға үйрету нәтижесінде, жаңа идеялар мен жаңалықтар, болжамдар мен нәтижелер әкелетіндей тұлға даярлап шығуды көздеуде. Оқытушы қауымнан оқушылар тек білімге ғана емес, өмірге де үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр.
Кәсіби іc-әрекет адам өмірінің маңызды бөлігі болып табылатыны белгілі, себебі сол арқылы тұлға өзін-өзі жүзеге аcырып, өз мүмкіншіліктерінің толығымен көрсете алады. Жалпы тұлғаның дамуы негізінен тұлғаның кәсіби маман pетінде дамуымен анықталады. Кәсіби іс-әрекет – бұл адамның өз кәсібі мен белгілі бір сала бoйынша қызметі деп айтуымызға болады. Aдам өзінің кәсіби қызметіне қалай дайын бoлуына, бейімделуіне байланысты оның жұмыcтағы табыcы көрінеді.
Педагогикалық қызметтің ерекшелігі тек бір тар мамандық бойынша құзыретті болуына жол бермейді, оқытушының кәсібилігі кәсіби құзыреттіліктің барлық түрінің бір тұтастығымен анықталады.
Кәсіби құзыреттіліктің құрылымын анықтаудың бірнеше жолы бар. Олардың біреуі оқытушының кәсіби құзыреттілігінің құрылымын педагогикалық ептілік жүйесі арқылы ашумен байланысты болса, басқасы педагогтың түрлі кәсіби саладағы құзыреттілігіне бөліну құрылымы арқылы анықталады, олар:
· өзіндік білім беру және оқытушылық;
· тәрбие беру қызметі;
· ғылыми-әдістемелік және мәдени-ағартушылық;
· коррекциялық-дамытушы қызмет;
· басқарушылық қызмет.
Педагогтың мәртебесін көтеретін басты күш – оның кәсіби құзырлылығы. Кәсіби құзырлылық маманның әлеуметтегі қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің кәсіби-педагогикалық қызметін атқаруға дайындығы мен қабілетін анықтайтын кәсіби білімдер мен дағдылар жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттама. Кәсіби құзырлылық – оқытушының педагогикалық әрекеті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педагогикалық қарым-қатынасқа түсе алуы нәтижесінде оқушылардың білімділік және тәрбиелік деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етуі. Білімнің сапасын қамтамасыз ететін педагогтар болғандықтан, ең алдымен олар сапалы қызмет көрсетуі тиіс.
Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетті атқаруға теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагог маманның кәсіби құзыреттілігіне оқытушының оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория мен практиканы меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни білім алушылармен жұмыс істеуге бағытталған қабілеттерінің бірлігі. Осыдан кәсіби құзыреттілік ұғымына педагогқа тән болуы тиіс барлық, қасиеттер мен қабілеттер кіретіндігін аңғару қиын емес. Яғни, оқытушының білім-білік, дағдылары, өз мамандығына қатысты білімдер жүйесі, жұмыс істеу шеберлігі, мәдениеті, психологиялық қасиеттері, қарым-қатынас стилі, педагогикалық такт, әдеп т.б. жатқызамыз.
Оқытушы қызметінде өз кәсіби құзыреттілігін жетілдіре отырып жетістікке жетудің алғы шарттары сырт кескін-келбеті; пәндерді сабақтан тыс ақпараттармен қамтамасыз ету; мінез-құлқы, пайымдау мүмкіндіктері, оқу процесінде қарым-қатынас мәдениетін сақтай білуі, әзіл-қалжыңға мән бере білуі; білім алушылардың жеткен жетістіктерін мақұлдай, қолдай білуі, шыдамдылық және төзімділік; басқалардың пікірін сыйлай білу, еркіндік, икемділік, кез-келген жағдаятты оңтайлы бағытта шешуге арналған әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана алу; білім алушылардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы.
Егер оқытушы жоғарыда аталған шарттар мен өзін-өзі жетілдіруге арналған мүмкіндіктерді дұрыс пайдаланса, онда оқытушы өз жұмысының нағыз шебері болатыны даусыз. Қазіргі қоғамға сәйкес жеке тұлғаны қалыптастыру үшін оқытушының кәсіби құзыреттілігі де сай болар еді.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Педагогтың кәсибі құзіреттілігін дамыту

шағым қалдыра аласыз