Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Пікірталас "Қазақ тарихындағы ең ірі тұлға" 8-11 сыныптар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Т араз қаласы әкімдігінің білім бөлімі
А.Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназия
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Қазақ тарихындағы
ең ірі тұлға»
пікірталас
Мерзімі: 30.11.2017ж.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Ромашева Л.Ы.
«Қазақ тарихындағы ең ірі тұлға»
атты қарарға ойнатылған пікірталас ойыны
Мақсаты:
Қазақ елінің тәуелсіздігі, бірлігі, тұтастығы, теңдігі, байлығы, ар-намысы, бостандығы үшін күрескен тарихи тұлғалардың ерен еңбегін атап көрсету.
Міндеттері:
-
оқушылардың жан-жақты білімін жетілдіру;
-
шешендік өнерге баулы;
-
сыни тұрғыдан ойлау қабілеттеріне машықтандыру;
-
сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;
-
көшбасшылық қасиеттерге дағдыландыру.
Қатысушылар: 8-10 сынып оқушылары
Барысы:
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Ұлағатты ұстаздар мен оқушылар!
Біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 26 жылдығына аяқ бастық. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Қазақ халқының өзінің жер бетінен жойылып кетпей, іргелі ел болып, дербестігін, тәуелсіздігін сақтап қалғаны тарихи тұлғалардың арқасы десек жаңылыспаймыз.
Еліміздің болашағы – жастар. Ел ертеңіне елеңдеушілікпен қарайтын жастарымыз көп болсын дейміз. Ортаға болашақ дебатшыларды шақырамын. (Өлеңді мәнерлеп оқиды)
7 «В» сынып оқушысы – Шумилина Алина «Төрт ана» (М.Шаханов)
7 «Г» сынып оқушысы – Таволдиев Руслан «Жігерлендіру» (М.Шаханов)
Сайысымыздың ережелерімен бөлімдерімен таныстырып өтейін.
Сайысымыздың бөлімдері:
І. Кіріспе
1. Екі фракцияда екі спикерден болады.
2. Екі фракцияның спикерлері өздерін, (кейсін, резолюциясын,
дефинициясын, критерийін, аргументтерімен) (дәлелдерін)
таныстырады.
ІІ.
Негізгі бөлім
1. Негізгі кезең бұнда спикерлер аргументпен (дәлелдемелермен)
мысалдар, статистикалық мәліметтермен таныстырады.
2. Екі фракцияның ұсыныстарымен қосымшалары.
ІІІ.
Қорытынды
1. Сарапшылар өздерінің сараптамаларын айтады. Төрешілер екі
фракцияның сайыста жинаған сараптамалық дауыстарын жариялайды.
2. Қорытынды.
С айысымыздың ережелерімен бөлімдерімен таныстырып өтейін.
Сайысымыздың бөлімдері:
І. Кіріспе
1. Екі фракцияда екі спикерден болады.
2. Екі фракцияның спикерлері өздерін, (кейсін, резолюциясын,
дефинициясын, критерийін, аргументтерімен) (дәлелдерін)
таныстырады.
Жалпы, дебат АПФ (американдық парламенттік) ЛД (Линкольн Дуглас) секілді форматтармен ойнатылады. Қазіргі таңда оқушылар мен студенттер арасында осы форматтағы ойындар көптеп ойнатылады.
Ал, бүгін біз АПФ форматы бойынша құндылық кейспен ойнайтын боламыз. Мұнда әр топта екі спикерден болады. Құндылық кейстің құрылымымен таныс болыңыздар.
Құндылық кейстің құрылымы:
1. Резолюция-Қарар (Дебаттың тақырыбы) (Бұл палата (БП) ақталады деп есептейді)
2. Дефиниция-Кілт сөздер (Кейсте қолданылатын сөздерге анықтамалар беріледі)
3. Status quo-Қалыптасқан жағдай(қалыптасқан жағдайға статистикалық мәліметтер(интернеттен,газеттен) айту)
4. Философия
5. Аргументтер
6. Қорытынды.
Сайысымыздың ережесі:
-
Сөйлеу мәдениеті;
-
Өзін-өзі ұстай білу, шыдамдылық;
-
Ойды тиянақты жеткізу;
-
Сыйластық;
-
Уақытты ұтымды пайдалану.
Қарсылықтар:
1. Жаңа аргумент – сараптамада жаңа аргумент
енгізілсе, қарсылас топ төрешіге осы туралы тұрып айту керек,
айтпаса, төреше бұл туралы жаза алмайды.
2. Уақыт лимиті – төреші уақыт аяқталғаны
туралы белгі берсе, ал спикер ары қарай сөйлей берсе, қарсылас топ
қарсы шығу керек, тек қана сонда қарсылық саналады.
3. Жеке басқа қолсұғушылық – спикерлердің біреуі
сіздің жеке басыңызға тиіссе, онда тұрып қарсылық білдіресіз.
Мысалы: сіз естіген жоқсыз – бұл қарсылық ретінде қабылдамайды;
Сіздің құлағыңыз естімейді – бұл қарсылық қабылданады. Сайысымыздың
сарапшылары
мен төрешілерін сайлап алып,
таныстырайық:
Сайысымызды бастамас бұрын жеребе таратылып қай фракцияның бірінші
бастайтыны белгілі болады. Алғаш болып бастайтын ол – үкімет, содан
оппозизия өзі дұрыс деген кейсті әкеліп ұсынады. Бұл ойында бірінші
үкіметтің бірінші спикері, содан соң оппозицияның бірінші спикері
сөз алады. Әрі қарай үкіметтің екінші спикері, оппозицияның екінші
спикері бірінші спикерлердің сөздерін жалғастырып, дәлелдеп,
барынша ашып кетеді. Оппозицияның екінші спикері сөйлеп біткен соң,
уақыт оздырмай сараптама жасауға оппозицияның бірінші спикері
шығады, содан соң ғана үкіметтің бірінші спикері сөз
алады.
Уақыт төрешісі:
Жүргізуші: Ендеше, пікірталасты бастайық.
Кейспен таныстыру. 1 спикер -3 минут
Үкіметтің бірінші спикері:(Ақиқат тобы) – Бердібекова Динара (9 ИМ)
Оппозицияның бірінші спикері: (Бауырсақтар тобы)- Ерболқызы Әнел (11 СГ)
Жүргізуші: Үкімет және оппозицияның бірінші спикерлері өздерінінің кейстерін ұсынды. Екі жақ та өздерінің қарарларын, кілт сөздерін, статистикасын, философиясын, аргументтерін ұсынды. Яғни, жақтаушы тарап қазақ тарихындағы ең ірі тұлға Н.Ә.Назарбаев деп санаса, даттаушы тарап Абылай хан деп есептейді.
Үкіметтің кейсі.1 спикер.
Динара: Армысыздар, құрметті дебат сүйер қауым! Мен, Бердібекова Динара, «Ақиқат» тобының биринші спикері.
Біздің (қарар) резолюция. Қазақ тарихындағы ең ірі тұлға – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев деп есептейміз.
Дефиниция. Нұрсұлтан Әбiшұлы Назарбаев (6 шілде 1940 жыл, Шамалған ауылы, Алматы облысы) — Қазақстанның мемлекет қайраткері, ғалым, Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті.
Status quo. 1991 ж. желтоқсанның 1-інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,78 %) жеңіске жетті.
1995 ж. сәуірдің 29-ында жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.
1999 ж. қаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президенті болып қайта сайланды.
2005 ж. желтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2011 ж. сәуірдің 3-інде сайлаушылардың 95,5 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
2015 ж. сәуірдің 26-ында сайлаушылардың 97,7 % дауысын алып, Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.
Философия. Елі сүйген, елін сүйген Елбасы
Аргументтер.
-
Егемендікті нығайтушы
-
Қызмет жолы
-
Реформалары
-
Сөз, дін бостандығы қалыптасты
-
Елдің ішкі және сыртқы саясаты
-
Әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайдың жақсаруы
-
Зиялы көшбасшылық
-
Жаңа идеялар генераторы
-
Креативті қадамдар
-
Басқарудың инновациялық стилі
-
Әр жолдау – болашаққа бастар жол
-
Қазақстандық үлгі
-
Білім саласындағы қолдаулар
-
Болашақтың инновациялық ойлары
-
Ұлтаралық келісім
-
Халықаралық ынтымақтастық
-
ядролық держава мәртебесінен бас тарту
-
жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Б ірінші спикер қысқаша айтқысы келген аргументтерді айтып кетеді. Ал, екінші спикер осы айтылған аргументтерді толығымен ашады.
Қорытынды.
Ортаға «Бауырсақтар» тобының бірінші спикері Әнел ханымды шақырамыз.
Армысыздар, бармысыздар, құрметті «дебат десе ішкен асын жерге қоятын» дебат сүйер қауым! Мен, Ерболқызы Әнел «Бауырсақтар» фракциясының бірінші спикері. Біздің қарар:
Резолюция. Қазақ тарихындағы ең ірі тұлға – Абылай хан
Дефиниция. Абылай хан (шын есімі Әбілмансұр) — 1771—1781 жылдар аралығында билік құрған Қазақ хандығының 18-ші ханы. Қазақ Ордасының тарихындағы ең ұлы хандардың бірі. Арғы тегі Ақ Орданың негізін қалаған Орда Ежен ханнан бастау алады. Абылай онымен қоса Ұрыс хан, Барақ хан, Әз-Жәнібек хан сияқты билеушілердің тікелей ұрпағы. Абылай хан қазақ тарихындағы бірегей тұлға Кенесары ханның атасы.
Status quo. 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтіреді. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30-40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді.
Философия. Бағына елдің туған ер, Алашқа айбар болған Абылай хан.
Аргументтер.
-
Әбілмансұрдың Абылай атануы
-
Азаттық күресті ұйымдастырушы
-
Жоңғар агрессиясы
-
Цин әскеріне қарсы соғыс
-
Орта Азия хандықтарымен күрес
-
Абылай – рухани қасиет иесі, күйші
-
Абылай ханның қазақ хандығын нығайтуы
-
Абылай – үш жүздің басын біріктіруші
-
Абылай хан -ерлік дәуірінің ерен тұлғасы
-
Абылай – саяси қайраткер
-
Абылай ханның ішкі саясаты
-
Абылай ханның сыртқы саясаты
-
Ресей мен Қытай империясы арасындағы саясат
Ендеше, аргументтерді нақты фактілермен дәлелдеу үшін ортаға екінші спикерді шақырамыз. Уақыттарыңыз 4 минут.
Үкімет жақтың 2 спикері: Ким Виолетта (9 СГ сынып оқушысы)
Оппозиция жақтың 2 спикері: Жұмабек Индира (10 СГ сынып оқушысы)
Жақтаушы мен даттаушы тараптың екінші спикерлері шығып, өздерінің аргументтерін дәлелдейді. Дәлелдеу барысында бір-бірінің айтылған аргументтеріне қарсы шығып, дәлелдеулеріне болады. Мысалы, аргументтегі көрсетілген әрбір тақырыпшалар жайында толық мәлімет береді, фактілермен дәлелдейді. Әрине, екінші спикердің мойнындағы жүгі ауыр.
-
Егемендікті нығайтушы
-
Қызмет жолы
-
Реформалары
-
Сөз, дін бостандығы қалыптасты
-
Елдің ішкі және сыртқы саясаты
-
Әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайдың жақсаруы
Жүргізуші: Екі тарап та өздерінің аргументтерін нақты дәлелдермен дәлелдеуге тырысты. Енді қорытындылай келе, кезекті сараптамаға берсек. «Сараптама – сараптамада қарап қалма». Өздерің білетіндей сараптамада ешқандай жаңа мәлімет енгізуге болмайды. Айтылған пікірлерге сараптама жасап, өз ойларыңызды жеткізесіздер.
Жүргізуші: Ендеше, ортаға сараптама жасауға 1 спикерді шақырамыз. Уақыт -3 минут. (Екі жақтың спикерлері шығып кезекпен сараптама жасайды).
Жүргізуші: Ертеде Батыр бабаларымыз Әйтеке бидің, Қаз дауысты Қазыбек бидің, Төле бидің тоқсан ауыздың тобықтай түйінін шешер төрелік сөздеріне тоқтаған, ендеше қорытынды бөлімде түйінді шешер төрелік сөзді төрешімізге береміз.
-
Міне, оқушылар, екі ірі тұлғалар, көрнекті мемлекет қайраткерлері Абылай хан мен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жөнінде өздерің жинаған мағлұмат бойынша талқылап өттіңдер.
-
Кәне оқушылар, екі ірі тұлғаның өз заманының қолбасшысы ұстанымдарының ұқсастығы, сәйкестігі неде деп ойлайсыңдар? (парламентарияға сөз беріледі, артта отырған оқушылар, қонақтар өз ойларын айтады және бұл ойлар төрешіліктің алдында айтылады)
- Екі қолбасшыға билік мұрагерлік ретінде қалған жоқ, билікті қолына жеңіп алу мақсатымен емес, тек өздерінің ақылдылығымен, аса мықты саясаткерлігімен, кең ойлы, дипломатиялық өнерге шеберлігімен, парасаттылығымен және қабілеттілігімен ерекшеленеді.
Қазақ халқының өзінің жер бетінен жойылып кетпей, іргелі ел болып, дербестігін, тәуелсіздігін сақтап қалғаны осы тұлғалардың арқасы десек жаңылыспаймыз.
Осы тұлғалар Қазақ ордасының тағына отырып елім, жерім, болашақ ұрпағым деп тәуелсіздік жолында аянбай күресті. Соның нәтижесінде тәуелсіздікке қол жеткіздік, ел шарушылығы мен экономикасы, сауда ісін дамыта түсуі, өзге елдермен дипломатиялық қарым-қатынасы, қазақ жерінің территориялық шекарасын белгілеп алуы, бүкіл әлемге танылуымыз осы қайраткерлердің арқасы. Ұстанымдарының ұқсастығы міне осында деп ойлаймын.
Міне, ата-бабаларымыздың ерлігі мен батырлығының арқасында ұлан ғайыр жеріміз болашақ ұрпаққа аманат есебінде қалды. Біз осы асыл мұраны ардақтап, оның бағасын салмақтап, бүгінгі еліміздің болашағы үшін бабаларымыз құрап берген қасиетті жерімізді мұрагерше иелік етіп отырайық және көздің қарашығындай сақтай білейік.
Төреші ойынға байланысты өз ойын айтып, төрелік етеді.
Жүргізуші: Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік! Көк байрағымыздағы алтын қырандай еліміз қанатын кеңге жайып, асқар биіктерден көрінсін! Барды бағалап, жоқты жасай білген жасампаз жұртымыздың көк байрағы әрдайым биікте желбіресін дей келе бүгінгі пікірталас ойынымызды аяқтаймыз.