Материалдар / PISA оқу сауаттылығын зерттеу
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

PISA оқу сауаттылығын зерттеу

Материал туралы қысқаша түсінік
PISA оқу сауаттылығын зерттеу тақырыбында "Өрлеу" оқыту орталығының курсынан кейінгі баяндама жасауға арналған материал. Орта білім беру мұғалімдеріне қолдануға ұсынылады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2023
437
6 рет жүктелген
250 ₸
Бүгін алсаңыз
+13 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +13 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқушыларды дағдарысқа ұшыратқан мәселелер

(PISA оқу сауаттылығын зерттеу)


Қазіргі қоғамда жаңа технологиялар ақпаратты оқу және беру сипатын өзгертті, бізге өзгермелі контекстке тез бейімделетін және әртүрлі ақпарат көздерін пайдалана отырып жұмыс істей алатын және үйренетін тұлғалар қажет.

Оқу сауаттылығы туралы түсінік өзгеруде, неліктен?

Білім берудің мақсаттары өзгеруде,ол мақсаттар: білім жүйесін меңгеруден әр түрлі мәселелерді шешу үшін білімді пайдалана білу, қажетті ақпаратты табу, жаңа білім мен технологияларды құру үшін ақпаратты түрлендіру қабілетін қалыптастыру.

  • Талдау, бағалау, жалпылау кезіндегі қиындықтар.

  • Құбылыстар мен оқиғаларға әртүрлі көзқарастарды білдіру, олардың мағынасының өзіндік нұсқасын көрсету кезіндегі қиындықтар.

  • Тапсырмада (мәтінде) тікелей қамтылмаған ақпаратты айта алмау, мысалы, болжам жасау кезіндегі қиындықтар.

  • Мәтін мен мәтіннен тыс білім арасындағы байланыс, яғни шынайы өмірмен байланыстыру кезіндегі қиындықтар.

Оқу сауаттылығы – адамның алдына қойған мақсатына жету, білімі мен мүмкіндіктерін кеңейту, қоғамдық өмірге қатысу үшін мәтінді түсіну және пайдалану, олар туралы ой елегінен өткізу және оқумен айналысу қабілеті. Ұғымның мәні мына белгілерден тұрады:

Түсіну

Оқыған ақпаратты түсіну қабілеті

Рефлексия

Рефлексия мәтіннің мазмұны немесе құрылымы туралы ойлауды қамтиды.

Қолдану

мәтіннен алынған ақпаратты белгілі бір өмірлік тапсырманы шешуде қолдану.

PISA зерттеулері аясындағы оқу сауаттылығының ерекшеліктері :

Жағдаяттар (жеке, оқу, әлеуметтік, іскерлік)

Мәтін (форматы: тұтас, жадағай, аралас, құрамдас мәтіндер; түрі: сипаттау, баяндау, дәлелдеу, түсіндіру, нұсқау, пікір айту).

Оқу дағдылары (іштей оқу, дауыстап оқу, көз жүгіртіп оқу, түсініп оқу т.б.)




PISA зерттеулері аясындағы оқу дағдыларының диагностикасы :

Негізгі 3 дағдының қалыптасуын талдау.

  1. Оқу арқылы қажетті ақпаратты тауып, түсініп, белгілеп алу ,

  2. Ақпаратты өз сөзімен баяндау, түсіндіру

  3. Ақпаратты бағалау .



Оқу сауаттылығын дамытудағы стратегиялар:

- Шолып оқу: мәтін тақырыпшасын, бөлімдер аттарын, абзац сандарын шолу.

- Болжап оқу: мәтіннің құрылымдық бөліктерін жекелеп оқып, ары қарай не болатынын, автор ойын болжау.

- Детальді түрде оқу: әрбір сөздің мағынасын түсіну үшін мәтінді сөзбе-сөз оқу.

- Рөлге бөліп оқу стратегиясы арқылы мәтін ойын образға еніп оқу арқылы саралау.

-Комментарий жасап оқу стратегиясы арқылы автордың айтпақ болған ойына өзіндік үн қосу.

Оқу сауаттылығы бойынша қарастырылатын мәтін түрлері .

Мәтіннің (формасы) нысаны 4 – ке бөлінеді. Олар:


1.Тұтас мәтін ( көркем әдебиет мәтіндері, репортаж, өлең, пьеса, мақала, жұлдыз жорамал, техникалық мәтін, заң, ғылыми негіздемелер, нұсқау).

2. Жадағай (тұтас емес) мәтін  (графика, кесте, сурет, диаграмма, жарнама, сканворд, хабарландыру, карта, анкета, құттықтау, комментарий).

3. Аралас мәтін (тұтас және тұтас емес мәтіндердің сипатын біріктіреді, авторлық   веб – парақтар, ғылыми диссертациялар мәтіні, өмірбаян).

4. Құрамдас мәтін (бір тақырып, бірақ әр автордың пікірі, ойы. Мысалы, ана тақырыбына жазылған әрбір ақынның  туындысы немесе әр газеттегі бірдей тақырыпқа жазылған материал және бірнеше тақырыпты қамтитын үзік –үзік мәтіндер).

Қорытынды:

Жоғарыда айтылған кемшіліктерді жою үшін әрбір сабақта мәтінмен жұмысқа үлкен көңіл бөліну керек!























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!